Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен



жүктеу 0.93 Mb.

бет7/10
Дата09.01.2017
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Нұрлыбек ӘУбӘкІрОв,

филология ғылымының кандидаты,

ҚарМТУ профессоры

Қарағанды облысы

жан үйірсек

Қ

Қ

Ақтөбеде Қазақстан Республикасы Президентінің 

Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан халқы 

Ассамблеясы Хатшылығының қолдауымен «Мемлекеттік 

этносаясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік-құқықтық 

тетіктер және халықаралық стандарттар» тақырыбындағы 

үш күндік аймақтық семинар-тренинг өз жұмысын 

бастады. 

Биыл Павлодар қаласында жергілікті билік 

өкілдері облыста 3 мыңға жуық жасөспірім 

жазғы демалысты киіз үй лагерьлерінде өткізеді 

деген болатын. Алайда әлі күнге дейін олардың 

санитарлық талапқа сәйкестігін растайтын ешбір 

ұйғарым берілмеген. Бұл туралы облыстық 

тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің 

басшысы Ермек Камелов мәлім етті.

мамандар ас мәзірін, тағамның дайындалу тәртібін 

қадағалауға баса мән беруде. Кеңес өкіметі тұсында­

ғыдай, балалардың тамақтануын қадағалайтын ком­

бинаттар, құнарлылығын ғылыми негізде сараптайтын 

қызмет жоқ. 

 Оқушылар денсаулығына компьютерлік сынып­

тардағы электр­магниттік өрістің шамадан тыс артық 

болуы да кері әсерін тигізеді. Биыл сот шешімі бойын­

ша Павлодар қаласындағы №41 орта мектептің 3 

компьютерлік сыныбының жұмысы тоқтатылған.

 Туристік маусым ашылатын уақыт жақындады. Бұл 

кезең санитарлық қызмет мамандары үшін жауапты 

болмақ. Е.Камеловтің ескертуінше, туристік компа­

ниялар тұтынушылардың барлық құқығын ескеруге 

міндетті. Бұл үшін туроператорлардың чартерлік әуе 

рейстерін ұйымдастыруы әлдеқайда тиімді. Мұндай 

ұсыныс туристік фирма өкілдеріне айтылған.

 Былтыр Баянауыл демалыс аймағында қызмет 

көрсетушілердің бірқатары санитарлық қауіпсіздік 

мәселесіне салғырт қарағаны белгілі. Бұған елде 

кәсіпкерлікті тексеруге байланысты енгізілген мора­

торий ықпал еткен. Әйтеуір, ешкім тексермейтініне 

сенген бәзбіреулер тұтынушылар құқығына шекесінен 

қарағанына демалушылар талай шағымданған. Биыл 

жағдай қандай болмақ?

 Ермек Жеңісұлының айтуынша, барлық тексеріс 

жоспарлы түрде жүргізіледі. Биыл 171 шара белгіленген. 

Жоспарсыз тексерудің дәуірі өткен. Сондықтан қандай 

да бір олқылық болса, тұтынушылар өздері тікелей 

мекемеге шағымдануға құқылы. Ондай жағдайда ма­

мандар тексеріс жүргізе алады. Жасыбай жағасында да 

осыны қаперде ұстаған жөн.

 Осы күнге дейін елімізде тұтынушылар құқығын 

қорғау мәселесі олқы соғып келгені мәлім. Көп 

жағдайда тұрғындар сатып алған тауарының 

сапасыздығын анықтаған соң кері қайтара алмай, 

саудагерлер тарапынан жапа шегеді. Соңғы енгізілген 

өзгертулерге сәйкес, енді бұл мәселемен аталмыш 

департамент мамандары айналысады. Жыл басынан 

бері 28 шағым сотқа жетпей, 6 оқиға соттың шешімі 

бойынша өз түйінін тапқан. Тауардың сапасыздығын 

анықтаған тұтынушы заңмен белгіленген14 күн ішінде 

шағым түсіре алады. Бұл ретте, өнімді сатып алғанын 

айғақтайтын чектің немесе саудагердің қолхаты болса 

жеткілікті.

 Брифинг барысында аймақта жұқпалы аурулардың 

көрсеткіштері тұрақты түрде кеміп келе жатқаны ай­

тылды.

Нұрбол ЖАйыҚбАев

ПАВЛОДАР


Қуандық ТҮМЕНБАЙ

55-інші жылы туғандар ерекше. олар тыңмен құрдас, болмысына бекем. Чехов 

айтқандай «...почтовое проводники просвещение» секілді. Алматыға келіп

Ауыл шаруашылығы институтын тастап, «райком» болмай, әдебиет деген 

майданның маңдайынан сипап, жазу деген жазмышқа ойыстық. Кәні, солар 

кімдер екен? Бұл көшті 1-қаңтарда сыншы Әмірхан Меңдеке бастап тұр. ол 

әдебиеттің «санын сан, бұтын бұт» қып бұтарлап жіберді. онан кейін ақын 

Әділғазы Қайырбекке Мұқанов пен Мүсірепов мұражайының мұрасын сеніп 

тапсырған жайымыз бар. Сосын Сейтқұл оспан мен Төрекелді Байтас дүниеден 

өтіп кетті. Ал Әшірбек Аманкелді деген азамат менімен бір жыл, бір ай, бір 

күнде дүниеге келіп, жазу деген жазмышқа обал болды-ау деп те ойлаймын.

әріптес турАлы сөЗ

Чилиде Президентке қарсы 

наразылық шарасы өтті. На-

разы жастар ел Президенті 

Мишель бачалет білім рефор-

масын бірінші орынға қою тура-

лы студенттерге берген уәдесін 

орындамағандығын алға тар-

туда. 

Білім алушы жастардың ай­

туына қарағанда, үкімет мем ­

лекеттік оқу орындарына қа ­

рағанда жекеменшік білім меке ме леріне басымдық 

беріп отырған көрінеді. Тәртіп сақ шылары ел 

астанасы Сантьягоның орталығында шу көтерген 

студенттерді тоқтата алмаған. Полицейлер көз жаса­

урататын газ бен резина оқтар пайдалануға мәжбүр 

болған. 


Айта кетейік, 2013 жылы Чилиде Президент 

сайлауы өткен болатын. Сонда ел басшысы болып 

сайланған Мишель Бачалет бірінші жоспарын 

білім жүйесіне бас ты назар аударудан бастайтынын 

мәлімдеген еді. 

АҚШ Президенті барак Обама ирактағы Ан-

бар провинциясына тағы 450 жауынгерді жіберуге 

рұқсатын берді. 

Америкалық сарбаздар мұнда «Ислам мемлекеті» 

лаңкестік ұйымымен күресіп жатқан әскерилерді 

дайындық жұмыстарынан өткізеді деп жоспарланған. 

Бұған дейін Иракта 3,1 мың АҚШ сарбазы әскери бо­

рышын өтеп жүрген болатын. Бұдан бөлек Б.Обама 

Ирак әскеріне, күрд жауынгерлеріне және Бағдаттың 

қоластында лаңкестерге қарсы күресіп жатқан 

еріктілерге қару­жарақ жеткізуді тездетуге бұйрық 

берді. Мұның алдында Ирак Премьер­министрі Хай­

дер әл­Абади АҚШ­тан «Ислам мемлекетіне» қарсы 

күресу үшін көмек сұраған болатын. Америкалық 

тарап көрсетіліп жатқан осынау көмектің арқасында 

Ирак Анбар провинциясының орталығы Рамада 

қаласын лаңкестерден босатады деп үміттенеді. 

біріккен Араб Әмірлігінің 

а с т а н а   с ы н д а ғ ы   М а с д а р 

экошаһа рын да күннен қуат ала-

тын ғимарат ашылды. 

Жан­жақты жабдықталған 

ж а ң а   ғ и м а р а т   к ү н   к ө з і 

арқылы 1000 шаршы метр 

аумаққа электр қуатын беруге 

қауқарлы. Оған қоса, сыртқы 

қаптаулар нысан ішіне сәуле 

өткізбейді. Сонымен қатар 

жылыту қондырғылары ғимараттың жыл сайынғы 

ыстық су сұранысының 75 пайызын өтейді. «IRENA» 

халықаралық агенттігі орталығының директоры 

Хеннинг Вустер әлем жасыл экономиканы дамы­

ту қажеттігін түсінгендігін атап өтті. Бұл агенттік 

сондай­ақ «Астана  ЭКСПО – 2017» көрмесін 

ұйымдастыру  жұмыстарына  да  ат са лы сатындығын 

мәлімдеді. 



Халықаралық футбол федерациясының (ФиФА) 

президентін сайлау биылғы жылдың 16-желтоқсанында 

өткізуді жоспарлап отыр. 

ФИФА Президенті Зепп Блаттер ұйымда орын 

алған сыбайлас жемқорлық жанжалға қатысты 

отставкаға кетуге шешім қабылдағанын айтқан бола­

тын. Оған әзірге ешқандай хабарлама берілген жоқ, 

алайда тергеу жалғасуда. З.Блаттер жаңа сайлауда өз 

кандидатурасын ұсынбайды, бірақ сайлауға дейін 

федерация президенті міндетін атқара береді. Бұдан 

бұрын белгілі болғандай, ФИФА­дағы сыбайлас 

жемқорлыққа қатысы бар делінген күдікті Алехандро 

Бурсако итальяндық сотқа ерікті түрде берілді.

венгриядағы Тисаерш елді 

мекенінде тұратын Пушкаш 

есімді фермер ағаштан ерекше 

көлік жасады.

Бұған дейін ол ерекше 

тәсілмен велосипед, мотоцикл, 

машина ойлап құрастырған 

болатын. Пускаш өмір бойы 

фермада тракторшы болған. 

Ал жұмыстан қолы қалт еткен­

де  ағаштан ойып, түрлі заттар 

жасаған. Қазіргі уақытта оның ең ауқымды жобасы 

трактор болып отыр. Бұл көліктің тек шинасы, фары 

және қозғалтқышынан басқасы түгелдей ағаштан 

құралған. Салмағы небәрі 300 келі. Шебер мұны сегіз 

айдың ішінде дайындапты.

заманДас


Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАр

Ж

аһанның жүрек лүпілі



Ж

аһанның жүрек лүпілі

оңтүстік амерИка 

ақ үй 


таяу Шығыс 

бақ пен тақ 

еуропа 

Уәде орындалмады деп...

Жауынгерлердің қатары артады 

Күннен қуат алатын ғимарат

Әлем футболын кім басқарады?

Ағаш трактор 

тағзым


білім көкжИегі

Өзімнің  таңғалып,  бас па  сөзде 

сырттай қайсар көң ілмен бақылап 

жүрген бір құр дасым бар, ол – Самат 

  Ибраим. Әскерге барған, онан келіп, 

«Аты рау», «Жас Алаш» пен «Заң 

және заман» – «Закон и времяға» 

әбден иін қандырып, баспасөздің 

«қара қазанында қайнаған», «ба­

лаларды тәрбиелеп», ел­жұртқа 

жаққан біреу болса, ол да Самат. 

Арасында республикалық деңгейде 

«Халық кеңесі» деген атпен ашы­

лып, қайта жабылып, ел­жұрттың 

есінде қалып, анда­санда аңдатпаға 

айғақ қып көрсетер біреу болса, ол 

да осы Самат. Қазақ баспасөзінің 

өткелектерінен именбей өткен 

«біреу» кім десе, Әшірбекке ұялмай 

көрсетер ұжым бастап отырған 

саңлақ, алпыстың асуына бет алған 

алғыр азамат. «Ақиқатты» Мұхитқа 

тап сырып кетіп, «Ана тілінің» бар 

аза бын арқалап жүрген де осы 

 Самат. Бірақ кейбіреу сияқты «Мен 

бас редактор кезімде...» деп сөз 

бас тағанын естімеппін. Алпысқа 

дейін айтпаған сөзді енді жетпісінде 

желпініп айта қоймас.

Біз «Ананың тілі – қуатым менің» 

деген сөзді айтқанымызға қуанамыз. 

Кезінде осы сөзді тіл ұшында үйіруге 

зар болдық. Ол бүгінде қаракөз қазақ 

баласын дегеніне жеткізіп, тілегін 

орындап, ұжым бастап жүр. Әрісін 

айтсақ, ауылдағы қазақ баласын 

мұратына жеткізуге жанын салып, 

жүрегі лүп­лүп соғатын сияқты.

Ол – проза деген майданға да 

бір кісідей үлес қосқан қаламдас. 

Б ә р і м і з   д е   с о л   қ а р а   с ө з д і ң 

«қарауында» жүрміз ғой, Саматтың 

прозаға қосқан сүбелі үлесі бар. 

Жа зушылар одағының мүшесі. 

«Ғұмырлық сағыныш», «Ататоры» 

әңгімелер жинақтарының, «Қазақ 

мұнайының ардақтылары» серия­

сымен шыққан «Асқар Құлыбаев», 

«Саламат Мұқашев», «Жетпісбай 

Е с е н ж а н о в »   т ә р і з д і   к ө р к е м ­

ғұмырнамалық эссе кітаптардың, 

«Сыр перне» публицистикалық 

мақалалар жи нағының авторы.

«Құспан қыстауы», «Жалғыз 

жаяу» мен «Ататоры» – қазақ әң­

гіме жанрына құрдас қосқан үлес 

еке нін мен қай мәжілісте де бе­

тім  нен отым шықпай айта ала­

мын. «Тұзға түсу» мен «Қонақтық», 

т.б. әңгімелерінен құм баласының 

көңіл­күйін көргендей боламын. 

«Құм баласының тісі ауырмайды, 

өйткені сағыздың емдік қасиеті бар. 

Ауылда тіс дәрігері жоқ, ондай жеке 

дәрі герлердің болатынын кейін 

қа лаға келгесін білдік қой. Тісті 

тұз бен шаяды, бұл емнің бастысы, 

ал қатты ауыра қалса меңдуана 

шөбін түтетеді. Ауыз уылса, ашудас 

жалатады» дегеніне қалай тәнті 

тұрмассың.

Оның өз оқырманы бар. Мен 

осы жұртқа таңғалам, бәрі  жабылып 

«мені неге оқымайды» дейді. Оу, біз 

Хемингуэй емеспіз ғой. Әшірбектің 

өзі Хемингуэйді әрең оқып,  саяси 

шолуға бет бұрған заманда әр­

кімнің өз оқырманы бар емес пе? 

Дүңгіршектен газет алып емес, сайт­

тан оқу сәнге айналған заманда 

Самат құрдастың да өз оқырманы 

жетіп артылатынына көзім анық 

жетеді. Оған тек көз жеткізіп, көңіл 

сүйіндіре білу керек.

Орыс тіліне де жетік. Соның 

арқасында біраз қаламгерді қазақша 

сөйлетті. О заманда әр ұлттың тілінде 

сөйлеген басқа ұлттың қаламгері 

бақытты болатын. Солардың біразы 

біздің Саматтың қаламына ілікті. Ол 

да социализмнің берген сыбағасы.

Аударма саласында тоқсаныншы 

жылдардың бас кезінде отандық 

заңдарды ана тілімізге аударуға 

қатысты. Қазақстан Республикасы 

Мәдениет және ақпарат министр­

лігі нің бағдарламасы бойынша 

«Н.Назарбаев – этносаралық және 

дінара лық келісімнің негізін қа­

лау шы» атты кітапты, «Каспий 

қайраңы» танымдық басылымын, 

«Мәдени мұра» кітап сериясымен 

«Қазақстанның қазіргі заманғы 

мәдениеттану парадигмалары» 

деп аталатын 10­томды, «Әлемдік 

философиялық мұра. ХХ ғасырдағы 

мәдениет философиясының» 17­то­

мын, т.б. тарих, заң саласындағы 

әдебиет пен  оқу құралдарын мем­

ле кеттік тілде сөйлетті.

Оның заңгерлік те білімі бар. 

Бойынан өмірге деген құштарлығы 

қол бұлғап көрініп тұрады. Қазақ 

баласына осы кәсіптің ешқайсысы 

көптік етпейді. Тек бәрін иге­

ре білейік. Жазу мен заңды қоса 

алып жүрген құрдасыма ырзамын. 

Петербург университетінде бірге 

оқып, Шиеліге қыдырып келген 

Мұстафа Шоқай мен Александр 

Керенскийдің құрдастығы да көз 

алдымда көлеңдейді. Жүрек шіркін 

дүрсілінен танбайды ғой.

Саматта батылдық бар. Ол тілші 

кезінде өмірдің барлық «соқ тық­

палы, соқпақты» шағын көзімен 

көріп, көңілімен дәл сипаттап берді. 

Соның арқасында редакторлық 

асуға жетіп, өзінің сөзін өзгеге өткізе 

білді.


М а р а п а т   п е н   м е р е й і н   н е г е 

айтпасқа? «Тәуелсіздікке – 20 жыл» 

медалін өңіріне таққанын, Елбасы­

ның Құрмет грамотасымен марапат­

талып, Қазақстан Респуб ликасының 

Мәдениет қайраткері атанғанын

Журналистика Академиясының 

академигі, ең бастысы, шәкірт тәр­

биелеген ұстаз екендігін жалпақ 

жұртқа жария қылмай тұра алмай­

мыз.

Алпыс аз жас емес. Мен де біраз 



жерге табан тигіздім. Байқап, бағам­

дасам, құрдасым қазақ бала сының 

болашағы үшін аз еңбек еткен жоқ. 

Оны қара сөздің қадірін түсінгендер 

айта жатар.

Бүгініміз – базына. Құрдастың 

тойы күні жақсы сөзді көтерген 

адамыңа ғана айтасың.

«Ананың тілі – қуатым менің» 

деп, ақ тілекті алға сап тұрып ай­

тасың.

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми 

кітапханасында ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұлы 

отан соғысының ардагері, гвардия капитаны, қоғам 

қайраткері Қонақбай Назаровтың рухына арналған 

«Ғасырлық ғұмыр ғибраты» кездесу кеші өтті.

Шара Отанымыздың болашағы мен тәуелсіз­

дігі жолында құрбан бол ған әкелеріміз бен ата­

ларымызды үнсіздікпен еске алумен басталып, 

жур налист Жанғабыл Қабақбаевтың «Әке ізі» 

атты кітабының тұсаукесері рәсі міне жалғасты. 

Кеште Қонақбай Назаров тың баласы Жалғас На­

заров пен кітап авторы Жанғабыл Қабақбаев Ұлы 

Отан соғысына бастан­аяқ қатысқан арда гердің 

ерліктері туралы әңгімелеп берді.

Қазақстан  Республикасы  про ку ратурасының 

құрметті қызметкері Шындәулет Алдияров, соғыс 

ардагерінің туыстары Ақбала Махамбетова, Олег 

Құрманғалиев ардагер атамыздың өмірі мен 

өнегелі істеріне тоқталса, үлкен қызы Галина 

Қарағұлова: «Әкеміз халық әндері «Япурайды», 

«Тілеуқабақты», Абайдың «Көзімнің қарасын» 

домбыраға қосылып шырқайтын. Сондықтан біз 

де өнерден кенде емеспіз»  деп тебірене сөйледі.

Абонемент бөлімінің қызмет кері Ақмарал 

Мұқа шева арнайы ұйымдастырылған «Құрыш 

қазақ» атты кітап көрмесіне библио гра фия­

лық шолу жасады. Ол Қ.Назаровтың балала­

ры Ресейдің Подольск қаласындағы Орталық 

мемлекеттік мұрағаттан әкелген құнды құжат­

тармен таныстырып, Рахымжан Қилы баев тың 

«Өмір өткелдері», Рахим Қойшыбаевтың «Галим 

Қойшыбаев – снайпер из Казахстана» атты 

кітаптары және Төлебай Құрма налиннің естелігі 

туралы сыр шертті.

Ақтөбе гуманитарлық колледжі нің студенттері 

Ардақ Айтуғанов, Таңшолпан Қуанышева, 

М.Құса йынов атындағы Ақтөбе облыстық да­

рынды балаларға арналған мамандандырылған 

мектеп­интернатының оқушысы Әлихан 

Жақсылық Ұлы Жеңіске арналған өлеңдерін 

оқыды, автоматтандыру бөлімінің қызметкерлері 

«Ғасырлық ғұмыр ғибраты» фото­шежіре слайд, 

Қонақбай Назаров туралы «Мұнар» атты деректі­

көркем фильмнен үзінділер көр сет ті.

Кітапхана директоры Несібелі Жұмағұл ізгі 

тілегін білдіріп, қонақтарға сый­сияпат тапсыр­

ды.

Ұлтжандылыққа баулитын шараға Ақтөбе 



қаласындағы №6655 әскери бө лімінің сарбазда­

ры, мектеп оқу шылары, кітапханашылар, БАҚ 

өкілдері қатысты.

рысжан ҚАрАҒҰлОвА,

кітапхана қызметкері 

АҚТӨБЕ


ғасырлық 

ғұмыр ғИБраты

Самат

Әшірбек


Қуандық

Әділғазы


Әмірхан

руханИят


Астанадағы «Шабыт» өнер сарайында 

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен 

және  Халықаралық Түркі академиясының 

ұйымдастыруымен алты Алаштың ардағы, 

арқалы ақын – Сүйінбай Аронұлының 

туғанына 200 жыл толуына арналған 

«Алатаудың ақиығы» атты мәдени-

танымдық кеш өтті.

«Нұр Отан» партиясымен қатар 

Алматы облысының Жамбыл ауда­

ны әкімдігі және Қазақ ұлттық өнер 

университеті қолдау көрсеткен кеш­

ке Қазақстанның, Қырғызстанның, 

Өзбекстанның танымал ғалымдары мен 

өнерпаздары қатысты. Жиынды «Нұр 

Отан» партия сы Төрағасының бірінші 

орынбасары Бауыржан Байбек құттықтау 

сөзімен ашты. Қырғызстан Ұлттық 

ғылым академиясының вице­президенті, 

академик Абдылдажан Ақматалиев, 

Халықаралық Түркі академиясының 

президенті Дархан Қыдырәлі баяндама 

жасады. Бұдан кейін кешті Сүйінбай 

мұраларын орындаушылар жалғастырды. 

Атап айтқанда, белгілі өнерпаздар 

Саят Медеуов, Ақан Әбдуәлі, Ерболат 

Шалдыбеков, Жылбек Тоқтасынов, 

Елікбай Иса, Дамир Абашев, сондай­ақ 

Өзбекстаннан келген жыршы Жәнібек 

Пиязовтың орындауындағы ән мен жыр­

ды көрермен жылы қабылдады. 



л.Н.гумилев атындағы еуразия ұлттық 

университетінде «Қазақ хандығы тұсындағы 

ханымдар мен арулар» атты республикалық 

ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Қазақ хандығының 550 жылдығына 

арналған шараны университет ректоры 

Е.Сыдықов ашты. Жиында Қа зақстан 

Республикасының Мем лекеттік хатшысы, 

Қазақстан Рес публикасы Президенті жа­

нын дағы Әйелдер істері және отба сылық­

демографиялық сая сат жөніндегі ұлттық 

комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова, 

Қазақстан Республикасы Пре зиденті 

жанындағы Әйелдер істері жөніндегі 

ұлттық комиссия мүшесі Л.Сүлейменова 

сөз сөйледі.  Белгілі қаламгер С.Ақтаев 

«Айғаным ханша: тарихы мен тағдыры», 

белгілі тарихшы ғалым Х.Әбжанов «Қазақ 

мемлекеттілігінің тарихы мен тағдырындағы 

әйелдер», тарих ғылымының докторы 

Б.Кәрібаев «Қазақ хандығы құбылысы және 

ханымдар рөлі», жазушы Ш.Бейсенова 

«Сүйімбике және Сүзге тағдырлары» де­

ген тақырыптарда баяндамалар жасады. 

Олар Отанға қалтқысыз қызмет етудің 

үлгісі және халқымыздың мақтанышына 

айналған, ұмыт қалған есімдерді қайта 

оралтуға бағытталған ғылыми зерттеулердің 

маңыздылығына тоқталды.



«Алатаудың ақиығы»

Келелі әңгіме 

қозғалды

1944 жылдың 15-тамызында сұрапыл соғыс  жылдарында іргеcі қаланған Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университеті – халқымыздың, ұлтымыздың қасиетті де, қастерлі білім 

шаңырақтарының бірі. Бүгін 70 жылдық тарихы бар қазақ қыздарының парасат мектебіне  

айналды. Қасиетті білім ордасының тәуелсіз Қазақстанның ғылымы мен мәдениетін 

өркендету жолында, ұлттық тәрбие мен білім беру саласында игілікті істер атқарып келе 

жатқаны аян.

Оқу орнының байырғы кафедрала ры ның 

бірі – қазақ тіл білімі кафед расы. Мұнда аға 

ұрпақтан, білікті ғалымдар мен ұстаздардан 

үлгі болып қалған игілікті іс, өрелі өнеге 

мен дәстүр жалғастығы бар. Негізі 1946 

жылы құрылған кафедраны Ж.Жолаева, 

академик Н.Сауранбаев, профессорлар 

А.Ысқақов, Т.Қордабаев, А.Аманжолов, 

С.Исаев, Ә.Аблақов сынды қазақ тіл 

білімінің көрнекті ғалымдары басқарды. 

«Тілдер кафедрасы» деп аталатын бұл кафед­

радан 1950 жылдары орыс тілі мен әдебиеті, 

1990 жылдары Қазақ әдебиеті, 2003 жылдары 

Тіл теориясы және оқыту әдістемесі кафед­

ралары жеке отау тігіп, бөлініп шықты. 

Кафедраның алғашқы жылдарындағы 

профессор­оқытушылар құрамында про­

фессор М.Балақаев, доцент И.Маманов, 

аға оқытушылар Д.Әлімжанов, Ғ.Әбуханов, 

оқытушылар Ж.Жолаева, Ә.Мәметова, 

З.Ахатова, Ғ.Мадина, М.Дүйсебаева, 

К.Барманқұлов, т.т. еңбек етті. 2004 жылдан 

ұжымды профессор Т.Ермекова басқарып 

келеді. 

Оқытушылардың негізгі қызметі жо­

ғары білімді филолог мамандарды даярлау 

мақсатына бағытталған. Осы ретте ұстаз­

дардың ғылыми­педагогикалық әлеуеті 

мен кәсіби біліктілігі жоғары дәрежеде 

екендігін айтуға болады. Кафедрада ғылым 

докторлары мен ғылым кандидаттары, 

бірқатар тәжірибелі оқытушылар мен ғылым 

магистрлері еңбек етеді. Олардың қатарында 

жемісті еңбек етіп келе жатқан Т.Ермекова, 

З.Бейсенбаева, О.Жұбаева, А.Жаңабекова, 

Ж.Отар бекова, Г.Абдирасилова, Г.Қайдарова 

тәрізді ғылым кандидаттары, филоло­

гия ғылымының кандидаттары, аға оқы ­

тушылардан  С.Оданова,  Ғ.Шой бе кова, 

Б.Сұлтанова, М.Қанабекова, А.Мамиева 

және т.б. бар. 

Кафедраның ұйымдастыруымен жыл 

сайын университет жоспарына сәйкес жас 

ғалымдардың, студенттер мен магистрант­

тардың дәстүрлі «Ә.Құрыш жанұлы оқулары» 

х а л ы қ а р а л ы қ   ғ ы л ы м и ­ п р а к   т и к а л ы қ 

конференциясы, «С.Исаев оқулары» 

республикалық ғылыми­практи калық кон­

ференциясы мен профессор С.Исаевтың 

құрметіне зияткерлік олимпиада өткізіліп 

тұрады. Ұжымның ұйытқы болуымен қазіргі 

заман талабына сай жабдықталған 5 атау­

лы дәрісхана ашылғанын айта кетуге бо­

лады. Қазақ тіл білімінің негізін салушы 

ғалым А.Байтұрсынұлының құрметіне Тіл 

білімі институты мамандарымен бірлесе 

ашылған зертхана, профессорлар С.Исаев 

пен Ә.Аблақов атындағы дәрісханалар, про­

фессор Ә.Құрышжанұлы атындағы түркітану 

және тіл тарихы кабинеті, «Академик 

Р.Сыздық және қазақтың ғалым қыздары» 

атты дәрісхана студенттердің жүйелі де 

сапалы білім алуы мен ғылыми­зерттеу 

жұмыстарымен айналысуын қамтамасыз 

етеді.


Кафедраның профессор­оқытушы­

лар құрамы шетелдік білім беру орын дары 

және ғылыми­зерттеу орталық тарымен 

халықаралық байланыс орнатып, өзара 

ғылыми шығарма шы лықта жұмыс істейді. 

Швециядағы Упсала университетінің про­

фессоры, белгілі түркітанушы ғалым Ева 

Чато Йохансон, Қытайдағы Шыңжаң 

университетінің профессоры, PhD  докторы 

Міркамал Айдар мен АҚШ­тағы Вашинг­

тон университетінің профессоры, PhD 

докторы  Талант Мауқанұлы, Висконсий 

университетінің профессоры,  түркітану 

ілімінің білгірі Юлай Шамилоглының фа­

культет оқытушылары мен студенттері үшін 

дәріс сағаттарын өткізді.

Тарихы терең білім ордасы – мемлекеттік 

тілдің тірегі және қаракөз қыздардың 

тағылымды шеберханасы болып еңбек етіп 

келеді. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал