Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен



жүктеу 0.93 Mb.

бет6/10
Дата09.01.2017
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Күнге әбден қақталған қараторы, өне 

бойы аласалау болғанымен денесі 

шымыр, апайтөс, қарапайымдығы 

бір қарағаннан-ақ көрініп тұрғандай. 

Қой аузынан шөп алмастың нақ 

өзі дерсің. «Осы қалпымен батыр 

атағына қалай ие болды екен?»  деген 

сауал бұрыннан ойымда жүретін. Сол 

сауалымды қойып, күмән-күдігімді 

сейілту тәсілі тап осы жолы түскен 

сыңайлы. Менімен бажа болып 

келетін батырымның есімі Садық та, 

әкесінің аты Әбдіжаппар. Яғни Садық 

Әбдіжаппаров. Мен есімін бадырайта 

қайталамай Сәкең аға дейтін ем. 

Қазақ қоғамында хандармен қатар билердің рөлі зор болды. олар далалық 

заңдылықтарын сақтай отырып хандықтағы іргелі істерге, көршілес елдермен орын 

алған дау-жанжалдарды шешіп, ханның мемлекетті дұрыс басқаруына ақылшы да.

Қазақ, қазақ болғалы аталы сөзге тоқтап, халық сайлаған билерді қастерлеп, 

олардың билік шешімдері мен кесімдеріне келіскен халық.

театр


Бас жүлдені жеңіп алды 

режиссері Мұқанғали Томанов бастап 

барды. «Троя арулары» қойылымы үшін 

батысқазақстандық театр аталмыш 

фестивальдің бас жүлдесі – «Боспор Ни­

касымен» марапатталды. Сонымен қатар 

Гекуба рөлінде ойнаған театр актрисасы, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Бибігүл Исалиева «Ең үздік әйел бейнесі 

үшін» аталымына ие болды. 



М.АМАНТАевА

Батыс Қазақстан облыстық қазақ 

драма театры Керчь қаласында  «Боспор­

ские агоны» халықаралық антикалық 

өнер фестивалінің бас жүлдесін жеңіп 

алды. 


Қырым жерінде осымен он жетінші 

рет ұйымдастырылып отырған айтулы 

додаға отандастарымыз Еврипидтің 

«Троя аруларын» сахналады. Жиырма 

алты адамнан тұратын топты театр ди­

ректоры Қуаныш Амандықов пен бас 



Бектұр ТӨлЕуҒАлИЕв, 

Қазақстан Жазушылар 

одағының мүшесі, Қазақстанның 

Құрметті журналисі

Сол кездердегі Маңғыстау қа зақ­

тарына Хиуа хандарының көрсеткен 

зорлығы мен зәбіріне қарсы күреске 

шыққан Қармыс, Төлеп,  Балуанияз, 

Қожалақ, Амантұрлы, Тұрманбет, 

Дәуіт, Балта батырлармен бірге бір 

қолында домбыра, бір қолында алдаспа­

ны бар Қалнияз да қатынасып, жауына 

алдаспанын сілтей жүріп, өзінің жыры­

Қалнияз осындай өлеңін айқайды 

салып тұрып айтады да, өзі бірінші 

болып жауға қарай салып қоя беретін 

болған. Сол кезде қазақ қолы ұйқыдан 

оянғандай серпіліп, жау әскерлерінің 

қарсылығына қарамастан жеңіске 

жетіп отырған деп айтылады.

Патша үкіметінің 1868 жылғы 

уақытша шығарылған ережесіне 

ақсақал бізге Қалнияз, оның балалары 

Қожа мен Қортан туралы мәліметтер 

берген еді. Әбдіғапар: «Қортан ала­

са бойлы, ақсары кісі еді. 1952 жылы 

84 жаста өлді, зираты Теректі тауын­

да» деген. Немесе 27.VIII.1982 жылы 

Байғанин кентінің тұрғыны Төлекбай 

Қарасаевтың бізге жолдаған дерегінде 

«Қалнияздың үніндей үн, дауысындай 

дауыс болмаған, оның толғаулары әкем 

Басшы көзінен жасы шұбырып, үнсіз 

отырып тыңдайтын»  дейді. Қазірде де 

«Ар жағымды сұрасаң, өртеніп жатқан 

кең қора, бер жағымды сұрасаң шыққыр 

қара домбыра» деп өзі айтқандай, 

Маңғыстау аймағында да Қалнияздың 

жырын, жыр сазын жақсы білетіндер 

аз емес.

Қолда бар деректерге жүгінсек, 

Қалнияз жырлары XIX ғасырдың екінші 

жартсынан бастап Қазақстанның ба­

тыс аймақтарына ақын­жыршылардың 

айтуымен кең тараған.

Ең бірінші «Балуанияз» дастаны 1908 

жылы Қазанда «Мұрат ақынның Ғұмар 

Қазыоғлына айтқаны» жинағында 

жарық көрді. «Ер Қармыс» жыры, 

Жаскілең ақынмен айтысы алғаш Таш­

кентте «Аламан» антологиясында жарық 

көрді. Орталық Ғылыми кітапхананың  

қ о л ж а з б а   қ о л ы н д а   Қ а л н и я з д ы ң 

«Көтібар ауылында айтқаны» дейтін 

өлеңі сақталған. Осымен бірге «Көтібар 

бөтен кісім бе» толғауы, «Сүгір батырға 

айтқаны», «Батырда Балуанияз, Қармыс 

бар» өлең­толғаулары, «Амантұрлы 

батыр қазасын шешесіне естіртуі», 

«Қожалақ батырға айтқаны», «Ер 

Көпей», «Билерге айтқаны», «Қара 

бір сөзге келгенде»  шығармалары 

Маңғыстау жерінде жарық көрген. «Хо­

резм өңірінде», «Аңсадым аға, жеңге, 

ағайынды», «Қалнияз едім күнінде», 

«Ата қоныс Нарында», т.б. көптеген 

өлеңдері тәжік жерінде шығарылған.

Маңғыстау қазақтарының Хиуа 

х а н ы   б а с қ ы н ш ы л ы ғ ы н а   қ а р с ы 

күресте ерлік істеріне сүйсінерліктей 

дәрежеде суреттеген XIX ғасырдың 

1840 жылдарындағы «Ер Қармыс» 

атты көлемді жыры нақты оқиғаны 

өлеңмен бейнелеген. «Ер Қармыста» 

Төлеп бейнесі ерекшеленіп көрінеді. 

Толғауда кейінгі қолды бастап келген 

18 жасар Төлептің – Ер Қармыстың 

елін қорғау жолында өмірінің де, 

Жалғыз шауып келеді.

Сұр бұлттай тырысып,

Жөн арқасы құрысып,

Езуінде егіз оқ,

Садағында сегіз оқ,

Астындағы құла аттың,

Танаулары талыстай,

Құлақтары қамыстай.

Екі көздің арасы

Салып қалсаң қарыстай,

Оралып жатқан түбектей.

Ерініне қарасаң,

Қақтап шапқан күректей.

Азу тісі балғадай,

Бауырлары аралдай,

Қабырғасы шеңбердей,

Омыртқасы отаудай,

Шоқтықтары шоңқалдай,

Толарсағы тоқпақтай,

Жіліншігі жіптіктей,

Ту сыртынан қарасаң,

Суға жүзген сазандай.

Шекесінен карасаң,

Он алты тілік қазандай.

Басқан ізі аймақтай,

Құйқылжып – келеді,

Жел аударған қаңбақтай...

Өз елінің намысын арқалап, ыза­

кек буып, қаһар­қайратқа мінген Төлеп 

батыр мен жер апшысын қуырып келе 

жатқан құла атты осылайша суреттейді. 

Қ о р ы т а   а й т қ а н д а ,   « Е р   Қ а р м ы с » 

– көркемдік, әлеуметтік құрылымы 

жөнінен Қалнияз атын халыққа кең 

танытқан елеулі шығарма. Немесе «Ба­

луанияз» дастаны Қалниязды қазақ 

деген халыққа 1854 жылы сол кездегі 

ақын жыраулардың айтуымен танытқан. 

Бұл дастанда да сол кездің көкейтесті 

мәселесі – басқыншыларға қарсы халық 

күресін паш етумен қатар, ел намысын 

ту ғып ұстап, өлімге бастарын тігіп

жасанған жауға шапқан жүрек жұтқан 

батырлардың ерлігін әйгілеп, халқын 

ерлікке шақырып, патриоттық рух сеуіп 

отырған. Мысалы, Балуаниязды сурет­

теген жырында:

Балуанияз мырзаңыз,

Басына қыдыр дарыған,

Уызына жарыған, 

Ежелден Құдай қалаған,

Аш, арыққа қараған,

Сырлы аяқтың түбінен,

Бал сапырып жалаған.

Жасынан – ақ жау көрсе, 

Ат құйрығын тараған.

Атам Бекет әулие,

Баяны жоқ фәнисің

Солардан қалған дүние!..

Немесе:

Аңсаймын аға­жеңге, ағайынды,



Қаумалап құрал қылған маңайымды.

Жетіру, Әлім, Шөмен, Кіші жүзде

Байұлы, сегіз арыс Адайымды.

Шыға алмай үйден ұзап мен жатырмын

Кетіріп науқас әлек жағдайымды...

Тайсойған және ойлаймын

 Нарынымды,

Оймауыт, Қызылқұдық, Жұрынымды.

Кешегі сауық етіп жүрген жерлер

ой салсақ» атты шығармасының мына 

бір жолдарының  өткен тарихқа айғақ 

болып тұрғандығы байқалады.

Көңілге қиял ой салсақ,

Сонау бір өткен заманнан.

Қазақ, Ноғай аралас,

Ел екен дұрыс азалдан.

Еділ, Жайық екі су,

Жағасын жайлап ұзыннан.

Жәнібек сұлтан хан болып,

Халқына қадыр танылған.

Әз­Жәнібек атанып,

Көрмесе жұрты сағынған.

Хан Ордасы Сарайшық,


8

9

№24 (1282) 



18 – 24 маусым 

2015 жыл


№24 (1282) 

18 – 24 маусым 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

ЖАҚСЫҒА


Жұмабек КЕНЖАЛИН,

«Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – 

Редакторлар кеңесінің төрағасы

тұғырлы тұлғаларды 

ұлықтау – ұрпақ парызы

Жазиралы Жаңаарқа жерінде Халықаралық «Қазақ 

тілі» қоғамы мен Халықаралық Түріктану орталығының 

ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына 

арналған «ХХ ғасырдың аумалы-төкпелі кезеңдері, қазақ 

қоғамының трансформациясы және жаңа заманға бейімделуі» 

атты тарихи-танымдық форум болып өтті. 

Жиынды халықаралық «Түркітану» орталығының төрағасы, 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, 

филология ғылымының докторы Ерден Қажыбек жүргізіп отырды. 

Ғылыми-практикалық конференция Жаңаарқа ауданының 

әкімі Ғабдірахман омаровтың беташар сөзімен ашылды.

азақ өз тарихында халықшыл 

қайраткер лер ден  кенде  болған 

емес. Біз білетін алдыңғы 

толқын ағалар Темірбек 

Жүргеновтің, ілияс омаровтың, 

Жұмабек Тәшеновтің, Нұртас 

оңдасыновтың, оразалы 

Қозыбаевтың, Өзбекәлі 

Жәнібековтің қадір-қасиетін

парасат-пайымын ел іші тамсана 

айтып отыратыны рас. Жылдар 

өте біз осы ауызға алып отырған 

перзенттер есімінің асқақтай 

беретіні, жадымызда қайта-қайта 

жаңғыра түсетіні тағы шындық. 

ол ненің құдіреті? Мұнда қандай 

сыр бар?

Біздің пайымдауымызша, ол 

сыр – асыл ағаларымыздың 

халықшылдығында, өз жұртын, 

өз елін шексіз сүйетіндігінде, 

кіршіксіз тазалығында дер едік. 

Жоғарыда есімдері аталған 

кісілердің ішінен оразалы 

Қозыбаевтың, Өзбекәлі 

Жәнібековтің қолына су құйып, 

ризашылығын алып әңгімесін 

есіткен шуақты бір сәттер 

болып еді.

Семинар­тренингке Ақтөбе, Атырау, 

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыс­

тарынан Қазақстан халқы  Ассамблея сы 

хатшылықтарының меңгерушілері мен 

мамандары, ғылыми­сараптамалық топ 

мүшелері, этномәдени, діни және жастар 

бірлестіктерінің жетекшілері, ғалымдар

республикалық «Қоғамдық келісім» 

мемлекеттік мекемесінің өкілдері 

қатысуда.

Маңызды басқосуды Қазақстан 

Рес публикасы Президенті жанын­

дағы Мемлекеттік басқару академия сы 

Орталық Азия өңіріндегі этноса ралық 

және конфессияаралық қаты настарды 

з е р т т е у   о р т а л ы ғ ы н ы ң   ж е т е к ш і с і , 

ҚХА ғылыми­сарапшы лық кеңесі 

төрағасының орынбасары, әлеуметтану 

ғылымының докторы Айгүл Сәдуақасова 

және Қазақстан халқы Ассамблеясы 

Ақтөбе облысы бойынша атқарушы 

хатшылығының меңгерушісі Жолдас 

Нұршин құттықтау сөзімен ашты.

Бағдарламаға сәйкес «Бес институттық 

реформаны жүзеге асыру бойынша 100 

нақты қадам: қоғамның бірегейлігі мен 

бірлігін қамтамасыз ету мәселелері» 

тақырыбына арналған дөңгелек үстелде 

ғалымдар өз ойларын ортаға салып, 

«Мәңгілік Ел» идеясының мәдени­

философиялық негіздері мен ұлттық 

және қоғамдық келі сім ді қамтамасыз ету 

те тіктерін тал қылау, құқықтық мәдениет 

пен толерант тылықты қалыптастыру 

бойын ша тренинг  өткізу жоспарлануда. 



Жанғабыл ҚАбАҚбАев,

журналист

Жасыбай жағасы талапқа сай бола ма?

Сарапшылар ой бөліседі

 Басшының айтуынша, жаңа қағида бойынша тек 

қана жоспарлы тексерістер өткізіледі. Басқа жағдайда, 

тиісті өтініш түсірілуі керек. Киіз үйлік лагерьлерді тек­

серу бойынша да осындай талап енгізілген. Әзірге білім 

беру мекемелері тарапынан ешқандай өтініш түспеген.

 Құзырлы мекеме таяуда Ұлттық бірыңғай тестілеу 

өткізілетін орындарда келіп түскен өтініштер бойынша 

тексерулер жүргізген. Ондағы мақсат – мұндағы ұялы 

байланыстың оқушылар денсаулығына әсерін анықтау. 

Тексеру нәтижесі ешқандай зиянның жоқтығын, 

барлығы талапқа сай екенін көрсетті.

 Е.Камеловтің сөзінше, бүгінгі таңда оқушылардың 

денсаулығын сақтау мәселесі аса өзекті. Дұрыс 

тамақтанбаудың салдарынан 14­15 жасар балалардың 

арасында гастрит секілді ас қорыту жүйелерінің ауруы­

нан зардап шегушілер қатары артуда. Бұған мектеп 

асханаларындағы жағдай бірден­бір себеп. Сондықтан 

көңіл күнделігінен

А

на бір жылдары Торғай жиі тасып, 



өзен жағалай қоныстанған жұрттың 

бе рекесін ала берген. Ол уақытта Оре­

кең ағамыз аупарткомның бірінші хатшысы еді.

Ел­жұртты тосыннан келетін тілсіз жау 

қатерінен аман алып қалу мақсатында ау­

дан ағалары ел ішінде болатын әркез. Міне,  

солардың басы­қасында үнемі Оразалы аға бо­

лар еді. Әлі күнге дейін көз алдымда вертолеттен 

қарғып түсіп, белуарына дейін қонышын тартқан 

резеңке етікпен су кешіп құтқарушылардың то­

бын өзі бастап жүретін еді ағамыз. 

Орекең ағайдың өнегесі оның кейінгі толқын 

ізбасарларының бойынан көрініс тапты. Мен 

білетін Жақсылық Ғайсин, Жақан Қосабаев,  

Мұхтар Шайкамалов, Орал Мұхамеджанов,  

Сабыржан Ахметов, Бауыржан Жанақов сынды 

азаматтардың өзі туып­өскен топырағы үшін 

жасаған жанқиярлық еңбегі әлі күнге дейін ел 

аузында. Олар шаруашылықтарға басшылық 

жасаған жылдарында дүние жиып байлықтың 

соңына түскен жоқ, халық үшін қалтқысыз 

қызмет қылды. Осы қасиетімен де аймүйіз 

азаматтар есімі әлі күнге дейін жұрт жадында. 

«Сабаз екі шамаданмен келіп, кетерінде екі Ка­

мазбен әрең көшті­ау...» деген сөзге қалмады. 

Жұрт жадында жалындаған азаматтар осындай 

кісілігімен, ірілігімен қалады! 

Міне, мен білетін осындай азаматтардың 

бірі Серік Әбікенұлы Үмбетов дер едім. Ал 

Серік Үмбетов кім? Ол ең алдымен асыл азамат, 

ардақты әке, асыл жар, айнымас дос. Ол мемле­

кет қайраткері, қабырғалы істің басы­қасында 

жүретін қоғамшыл тұлға.

Секеңнің осынау қасиеттерін тарқата баян­

дайтын мақалалар жазылды, ақ парақ бетінде 

эсселер өрнектелді. Жүрекжарды лебіздер легі 

мерзімді  баспасөз беттерінен көрініп жатады 

әркез. О да заңды. «Жақсы жүрген жерінде із 

қалады» дейтін болсақ, ел қамы үшін атқарылған 

әрбір игі істің адресаты көрініп тұруы қажет.

***

Менің Серік Әбікенұлымен таныстығым 



сонау 1992 жылдың күз айынан  басталады. Ол 

еліміз өз тәуелсіздігінің екінші жылының  мың 

сан қарбаласын бастан өткеріп, жариялылық 

пен демо кратияның нақ бел алып тұрған шағы­

тын. Ал мен бас редактордың бірінші орынба­

сары болып істейтін «Халық кеңесі» газеті сол 

өтпелі дәуірдің төл перзентіндей болған газет 

еді.


Ол шын мәнінде қарапайым оқырманның 

сөз алып, ойын еркін ортаға салар мінберге 

айналған­ды. Өзі алғаш шыға бастаған күннен­

ақ елді елең еткізкен газет аз уақыт ішінде 

жетпіс мыңға жуық тиражбен тарап  отырды. 

мәселенің мәнісі

жИын

тағзым


Газет таралымын ұлғайту шаруасымен ел 

ішіне жиі шығатынбыз. Әлгі тиражымыздың 

өсу деңгейінің көрінісі сол ел ішіндегі біздің 

кездесулеріміздің нәтижесі болса керек.

Кезекті іссапарымыздың бірінде жолымыз 

Алматы облысының Күрті  ауданына түсті. 

Жанымда газетіміздің парламент бөлімінің 

меңгерушісі, білікті қаламгер Мейрамбек 

Төлепберген. Екеуміз Алматы таңының 

алакеуімен Ақши қайдасың деп тартып кеттік. 

Қаладан жүз шақырымның о жақ бұ жағындағы 

аудан орталығына әп­сәтте жетіп бардық.

Біздің келетінімізден алдын ала құлақтанған 

әкімшілік басшылары  кеңседе күтіп отыр екен.

– Серік Үмбетов, – деп қолын созды таныс­

тық ишарасымен бидай өңді азамат. – Аудан әкімі 

қызметіне тағайындалғаныма онша көп уақыт 

бола қойған жоқ. Сондықтан мен  қарап үлгере 

қоймаған шаруашылықтардың ой­шұқырын 

сіздермен бірге аралап көретін боламыз.

Әкім мұны ерекше бір ілтипатты лебізбен, 

бізді өзіне іштарта ниеттестер іздеген кісінің 

пейілімен айтты. Талай атқа мінген азаматтарды 

көріп жүрміз ғой, ал мына әкімнің әңгімесінің 

әлқиссасы бізге ұнап қалды. Оң қабақ танытып, 

жылы­жылы сөйлегенді кім теріс көруші еді.

Сол кездесудің сәтті өткені соншалық 

ауданның о шеті мен бұ шетін әбден араладық. 

Осы сапарда алдында ғана Тоқаш Бокин 

атындағы шаруашылықтың директоры болып 

жүрген азаматтың аудан әкімінің лауазымына 

көтерілуінің бар сырына қаныққандай болдық. 

Ал ақиқатына келсек, оның түк те құпиясы 

жоқ екен. Бар мәселе Серік Әбікенұлының 

қарапайымдылығында, елмен етене араласуын­

да, әділдігінде, өзгені сыйлай білуінде, сонымен 

қоса өзін де өзгеге сыйлата білуінде.

1994 жылы қоңыр күзде Кербұлақта хал­

қымыз дың қайраткер перзенті Тұрар Рыс құлов­

тың 90 жылдығына арналған мерейтой лық іс­

шаралар өтті. Кербұлақтағы сол той кейін талай 

алқалы ортада айтылып жүрді.

– Жас әкімнің іскерлігін айтсаңшы, – десті 

біреулер сүйсініп.

– Аруақты сыйлағанның аты озады, – деді 

екіншілері.

– Бұл жігіт әлі талай биіктерді бағындырады, 

– деді дуалы ауыз ағалар.

Көп пікірі осылайша бір арнада тоқайласып 

жатты. Зымыраған жылдар бедері көп пікірінің 

ақиқатына көз жеткізді. Содан бергі уақытта 

Серік Әбікенұлы әр жылдары екі облысты – Ал­

маты және Жамбыл облыстарын басқарды. Ол 

қай қызметте жүрсе де көпшілік алдында бете­

геден биік, жусаннан аласа қасиетінен танбады. 

Бұл оның өмірлік кредосы еді.

***

Қызметтегі кісіде үнемі тақтайдай жол бола 



бермейтіні тағы шындық. Бұған Серік Әбі кен­

ұлының ғұмыр жолындағы бел­белестері дәлел.

Қайраткер кісіге қабырғалы іс сыншы дейміз. 

Қызылағаштағы су тасқыны  кісінің кісілігіне, 

мәрттігіне, іскерлігіне сын болған сәт еді. Міне, 

сол қылкөпірден біздің Секең соңынан сөз ерт­

пей, ел алдындағы сүйкімін жоғалтпай шықты. 

Ал ақиқатына келсек, сол бір аласапыран кезең 

асыл азаматтың бүкіл қайраткерлік таланты та­

разы басына түскен шақ болатын.

С

ол 2010 жылдың 13­22 наурыз 



аралығындағы әлемдік БАҚ ақпарат­

тарына, тіпті өзіміз шығарып 

отырған газет­журналдар материалдарына көз 

жүгірткенде су тасқыны облыс экономика­

сына қаншалықты зардап ала келгенін анық 

байқайсыз. Табиғат апаты болған алғашқы 

күндерден­ақ 700 отбасын Талдықорғанға 

көшіру, 300 отбасын  Сағабүйен ауылына 

қоныстандыру, қайтыс болған 34 адамның 

сүйегін жерлеу, хабар­ошарсыз кеткендерді лай 

үйіндінің астынан іздеу, тасқыннан аман қалған 

мал бастарын қауіпсіз аймаққа жеткізіп, жем­

шөппен қамтамасыз ету секілді кезек  күттірмес 

мәселелерді ұйымдастыру айтуға ғана жеңіл 

болғанымен шын мәнінде нағыз жанқиярлық 

қасиетті талап ететін жағдайлар еді.

Мұның сыртында төтенше жағдайлар сал­

дарын жою жөніндегі штаб жұмысын үйлестіріп 

отыру да қыруар күш­жігерді қажет еткені 

сөзсіз. Соның нәтижесінде апат салдарын жою 

жұмыстарына 600­дей адам тартылып, 137 ар­

найы техника мен авиация жұмылдырылған. 

Сөйтіп, білек біріктіріп қимылдағанда алын­

байтын асудың болмайтындығына жергілікті 

тұрғындардың көзі жетті.

Апаттан зардап шеккен адамдар үшін шұғыл 

түрде асханалар ашылып, ол халыққа тегін 

қызмет етті. Жедел дәрігерлік нүктесі қолға 

алынып, сырқат адамдарға ем­дом көрсете бас­

тады. Аймақтың сыртқы әлеммен байланысын 

қамтамасыз ету мақсатында телефон жүйесі 

қалпына келтіріліп, шұғыл арада электр желілері 

іске қосылған. 

Міне, осынау бірінен­бірі туындап жататын 

мәселелердің шешімі материалдық­қаржылық 

қолдаудың нәтижесінде жүзеге асатыны белгілі. 

Сондықтан зардап шеккендерге қайырымдылық 

қорын құру туралы шешім қабылданып, ол 

халықтың қолдауына ие болды. 

«Жалғыз ағаш орман емес». Азаматтыққа, 

қайраткерлікке сын болған өлара шақта 

Секең өзінің қанаттастарына арқа сүйемесе, 

жалғыз өзі ештеңе бітіре алмас еді. Баптап 

салса күрделі шаруаның күрмеуін шешетін 

Амандық Баталовтың, Аңсар Мұсахановтың, 

Серік Мұқанов тың іскерлігі, азаматтық борышқа 

адал дығы жарқырай көрінді.

Қызылағашта қат­қабат атқарылған  тірліктің 

бәрі ұдайы баспасөз беттерінен, өзге де ақпарат 

құралдарында шынайы көрініс тауып жатты. 

Газеттер мен журналдардың қызметкерлері 

өздерінің біркүндік жалақыларын көмек қорына 

аударды. Мерзімді басылымдардың беттерінен 

апатты аудандағы ахуал нөмір сайын көрініс 

тауып отырды. Мұның бір мәнісі журналист­

қаламгерлердің осы бір тұтқұйылдан келген 

апат жағдайын халыққа уақытылы  және анық­

қанығын шынайы жеткізіп отыру міндетімен 

ұштасса, екіншіден өздерімен сыйлас Серік 

Әбікенұлы сынды азаматқа қайтсек көмек 

қолын соза аламыз деген ниеттен туған шын 

жанашырлық құлшыныс болатын. 

К

езінде аудан басқарып, Жамбыл, Ал­



маты облысы секілді іргелі аймаққа 

басшылық жасаған Серік Үмбетов 

бертін Қазақстан Республикасы Президентінің 

Іс басқармасына жетекшілік етті. Ал қазір ол 

Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты. 

Халық қалаулысы ретінде Серік Әбікенұлы 

уақытпен үндес шаруаларға үнемі үн қосып, 

өзінің азаматтық көзқарастарын білдіріп келеді. 

Мәселен, ол бес институционалдық реформа 

мен содан туандайтын «100 қадамды» мер зі мінде 

әрі сапалы орындалуына байланыс ты бас пасөз 

беттерінде үнемі өз ой­толғамын білдіріп жүр.

– Қолданыстағы заңнамаға аса ауқымды 

өзгерістер мен толықтырулар топтамасын дайын­

дау қажет болса, олардың жаңа редакцияларын 

қабылдау талап етілетін де болар, – дейді ол. – 

Ондай жаңартулар мен өзгертулерді қажетсінетін 

заңдар қатарында бірінші кезекте «Мемлекеттік 

қызмет туралы» Заң мен Еңбек Кодексіне 

баса назар аударылуы қажет деп ойлаймын. 

Институционалдық реформаларды жүзеге асыру 

үшін ауқымды заң шығарушылық жұмыстарды 

бүгінгі өмірге қалтқысыз қызмет ететіндей етіп 

дайындаған дұрыс. 

Өзінің азаматтық парызына адал Секең жыл­

дар бойғы жинақталған ой­толғаныстары мен 

толғамды пікірлерге толы естеліктерін бас­аяғын 

жиыстырып оқырман қауымға кітап етіп ұсынды. 

«Ой иірімдері» деп аталатын бұл кітап тал  ғампаз 

қауымның көкейіндегісін дөп басары сөзсіз.

***

Секеңнің қаламгерлермен сыйластығы 



кеше­бүгін ғана басталған үрдіс емес, оның 

түп­тамырында  қайраткер азаматтың өзінің 

алдыңғы толқын ағалардан алған тағылымы, 

кісілігі жатыр.

Тәуелсіздіктің ұраншысы болған журналист 

ағайындар неден ұтты, неден ұтылды? Ұтқаны 

– шын таланттар жазу­сызу өнерінің мың­сан 

иірімдеріне бойлады. Нені жазам, қалай жазам 

деген сауал қаламгердің өз ықтиярында болды, 

ешкімді ноқталау болған жоқ, тек заң аясынан 

аспауың керек. 

Ал ұтылғаны – көпшілік қаламгер­ағайын 

өзгенің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаймын 

деп жүріп өзінің қарақан басының әлеуметтік­

тұрмыстық мәселелерін шешуге келгенде 

әкімқаралардан теперіш көрді. Баспана кезегіне 

тұра алмады, өзіне тиесілі жер телімін ала алмады, 

қошемет сый­сияпат шөмішінен қағылды.

Осының бәрі айналып келгенде жергілікті 

билік пен «төртінші билік» арасында көзге 

көрінбейтін қамал орнады.

Ал Секең өзі ес біліп етек жапқалы бері 

қай лауазымда жүрсе де әлеуметтік сала 

қызметкерлеріне, біздің қаламгер әріптестерге 

айрықша көңіл бөле отыруды бір сәтке де 

назардан тыс қалдырған жоқ. Олардың 

қуанышына ортақтасып, тіпті  тұрмыстық­

әлеуметтік мәселелеріне дейін қол ұшын беруді 

қаперінен шығарған емес. Сондықтан болу 

керек, Алматы­Талдықорған арасындағы тас 

жолда ақжарылқап көңілмен сапарлап жүрген 

қаламгер­ағайындарды, мәдениет пен өнер 

қайраткерлерін жиі көруге болады. Өйткені олар 

өздерін осы Жетісу өңірінде иненің жасуындай 

болса да жасалып жатқан игі істердің жаршыла­

ры, ақжолтай хабаршылары деп түсінеді.

Себебі мұның астарында «Жақсыға жан 

үйірсек» деген қанатты қағида жатыр!



Суретте: Секең аяулы жары Ермекгүлмен және 

немересі Ерсұлтанмен бірге демалыс сәтінде

Конференцияда Түрксойдың бірінші хатшысының орын­

басары Санжар Мұлазымоғлы, саясаттанушы Сайын Борбасов, 

академик Бекен Кемелбеков, түрколог Нәпіл Базылхан, «Арыс» 

қорының президенті, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 

вице­президенті Ғарифолла Әнес және т.б.   баяндама жасады.

Тарихи­танымдық форум барысында Алматының 

«Темір қазық» баспасынан жарық көрген «Тектіден туған 

тұлғалар» кітабының тұсаукесері  рәсімі өтті. Кітапта Орталық 

Қазақстанның қиын­қыстау жылдары өркендеуіне үлес 

қосқан Нұрлан Омарұлы туралы және оған өмірдің барлық 

сын сағатында онымен бірге тағдырдың ауыр тауқыметін 

мойымай көтерген зайыбы Шәрбан Елғұттықызы туралы 

қарымды қаламгерлер, олардың жақсылық­шапағатын көрген 

замандастары, ұрпақтарының, туған­туысқандарының, ұл­

қыздарының естеліктері берілген.

Қазақ халқы тарихының қайбір қалтарыс­бұлтарыстарына 

үңілсек, ХХ ғасырдың отызыншы жылдары әкелген зұлматпен 

теңесер қасіретті табу қиын. Естен кетпес «Ақтабан шұбырынды 

алқакөл сұлама» сыртқы жаудың басқыншылық шабуылының 

салдары болса, 1932­1933 жылдар ойраны екі тізгін, бір шыл­

бырын сталинизм ұстаған шикі социализмнің, голощекиншіл 

ұр­тоқпақтардың асыра сілтеп, жымысқылықпен бүркеп 

жүріп, қолдан жасаған қаскөйліктерінің кесірі еді. Бұрын 

«Жайлауымды жау алды, қыстауымды қар алды» деп мұңайған 

қазақтың енді, жайлауында жаны, қыстауында қаны шықты. 

Қара жолдың бойында шашылған сүйегі жинаусыз қалды. 

Бұл тарихымыздың ащы шындығымен қатар, дамыл­дамыл 

еске алар, еске алған сайын бүгінді барлап ертеңді ескертер, 

жазылуы қиын қара жара. Бұл ешбір алапат соғыссыз, жойқын 

табиғи апаттар мен зілзаласыз миллиондаған бейкүнәлар 

құрбан болған өткелсіз өткеніміздің құрдымы.

Міне, бұл тек бір ұлттың тарихындағы ғана емес, 

бүкіләлемдік тарихтағы жантүршігерлік санаулы нәубеттің 

бүкіл тауқыметін көтерген, көтеріп қана қоймай, жүздеген 

адамдардың өмірін сақтап, тіпті ұлт ретінде жойылу қатері 

төнген халқымыздың қысқа уақытта аяғынан тұрып, өсіп­

өнуіне өлшеусіз үлес қосқан Нұрлан Омарұлына халқы дән 

риза, рухына тағзым етеді. 

Шара барысында Сайын Борбасов, Бекен  Кемелбеков, 

Ғарифолла Әнес, Әлімхан Жүнісбеков сынды белгілі 

ғалымдармен қатар дүлдүл домбырашы Мұхамеджан 

Тілеуханов, ақын, журналист, аудармашы, өлкетанушы, 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сәбит Бексейіт, 

Ұлытау ауданының әкімі Хамит Омаров Түркі әлеміне қосқан 

сүбелі үлестері үшін Түрксойдың «Ұлы Түрік қыраны» медаль­

дарымен марапатталды. Форум жұмысына белсенді қатысқан 

азаматтарға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды. 

Алқалы басқосудың ғылыми­практикалық маңызы өз 

алдына бір төбе болса, сонымен қоса тәрбиелік мәні өте зор 

екенін мінберден сөйлеген азаматтар да, залда назарларын сала 

тыңдап отырған көпшілік те бірауыздан мақұлдады.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал