Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен



жүктеу 0.93 Mb.

бет5/10
Дата09.01.2017
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мырзан кеНЖебАй

Татарстанның астанасы 

– Қазан қаласында түркі 

халықтары театрларының 

XII «Наурыз» халықаралық 

фестивалі аяқталды. 

Фестивальдің қорытындысы 

Ғ.Камал атындағы Татар мем ле­

кеттік академиялық драма театрын­

да өткен баспасөз мәслихатында 

бел гілі  болды.  Респуб лика   атынан 

М.Әуезов атындағы Қазақ мем­

ле кеттік академиялық  драма те­

атрының, Астана қаласы әкімдігі 

« Ж а с т а р   т е а т р ы н ы ң »   ж ә н е 

Маңғыстау облыстық музыкалық 

драма театрының ұжымдары 

өнер көрсетті. Өнер мерекесінде 


6

7

№24 (1282) 



18 – 24 маусым 

2015 жыл


№24 (1282) 

18 – 24 маусым 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

Қ

Қ

алнияз Шопықұлы қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Сам деп аталатын жерінде 

дүниеге келген ақын. Қалнияздың әкесі Шопық Доспамбетұлы Атырау облысының Нарын 

құмын мекендеп, кейін Маңғыстауға, Қарақұм деген жерді қоныстанып, Тілеп, Мұңат деген 

байлардың малын бағып, жалшылықпен күнелткен. 

Бұрынғы Қарақалпақстанның Хожелі ауданында тұрып, соңғы жылдары Маңғыстауға қоныс 

аударған Қалнияздың жақын ағайыны болып келетін ақын Өмірзақ Қалыбаевтың берген 

деректері мен жерлесіміз, филология ғылымының кандидаты Қабиболла Сыдиықұлының 

зерттеу материалдарына сүйенсек, Қалнияз 1816-1902 жылдар арасында өмір сүрген. Өмір 

бойы жарлылықпен күн кешкен Шопықтың Қалнияз, Көлнияз, Ернияз, Қапа, Раха, Тілеубай 

аталатын балаларының ең үлкені Қалнияз жоқшылықтың неше түрін көріп, сол заманға деген 

ыза мен кекті бойына жинап өскен ақын.

 

өШпес Даңқ



ойтолғам

Тағдыр бұл жолы екеуіміздің от­

басымызды Алматы санаторииінде 

тынығуға келгенде жолықтырды. Бажа 

дейтінім, менің бәйбішем Меруерттің 

cіңлісі Гүлжиһан Сәкеңнің зайыбы. 

Екеуіміз кешкі ас алдында бау­бақша 

ішін сайрандай қыдырып жүріп сұхбат 

құрдық. 

– Сәке, құдайшылығын айтыңыз­

шы, алғашқы жарыңызбен неге ажырас­

тыңыз? – деген сұрақ қойдым. 

Беталды сампылдап сөйлемейтін, 

сұрамасаң аузын да ашпайтын бажам 

ежелгі әдетіне басып жаратыңқы ра­

мағандай танауын тыржитты да:

– Әй, соны қазбалап қайтесің, дәм­

тұзымыз жараспады... – дей салды. 

Біреу біліп, біреу білмейтін шығар 

бажам сұрапыл соғыстан оралысымен 

айдай әлемге аян бұлбұл үнді әншіміз 

Розаға үйленген еді. Мен соны есіне 

салып отырмын. 

– Жарар, ал Кеңес Одағының Ба­

тыры атағын қандай ерлігіңіз үшін 

алдыңыз?


– Сен де қызық екенсің, бажам­ау, 

айтпас сөзді айтып, қоймас сұрақ қоюға 

әуес екенсің, сатириктердің баршасы 

сен секілді ме қалай? – деп әзілдей 

шымшып,  жымия күліп қойды. 

–   М е н   с ұ р а п   а л ғ а н   ж о қ п ы н , 

Жоғарғы Кеңестің жарлығымен берді 

ғой, – деді. 

– Сұрағаным үшін жазғыра көрме, 

Сәке, қайсыбір майдангерлер:«Сөйтіп 

жібердім», «Бүйтіп жібердім», «Жаудың 

жүзін жусатып тастадым» деп жөнеле­

тіндерін талай естіген едім, сіз олай 

емес, маған басқалау көрінесіз...

– Фарсировать! – деген бір­ақ 

жар лық, бір ғана сөз болды. Сұрапыл 

кез. Көктен ысқыра жарылған бомба, 

Днепр дің арғы жағалауына бекініп 

алған фашистердің дзоттарынан 

қарша бұрқаған оқ. Біз автоматтардан 

себелетіп арғы жағалауға қарай жүзіп 

келеміз. Әлдекімдердің резеңке үрме 

қайықтары аударылып мерт болып 

жатыр. Соғыс сұрапылы құлағымызды 

б і т е п ,   к ө з і м і з д і   с у қ а р а ң ғ ы   е т і п 

тастағандай. Артқа шегіну жоқ, тек алға 

жылжимыз. Мен отырған қайықтағы 

төрт сыңарым тырапай асып су түбіне 

кетті. Кеуде кернеген кек, намыс, елге 

деген өшпес сүйіспеншілік арғы жағаға 

сүйреп шыққандай болды. Жағаға шыға 

бергенде маған таяу жерде жарылған 

жау бомбасы жарықшағынан жаралы 

болып, есім ауып кеткен екен.

Әлден уақытта:

–   Ж а у ы н г е р   Ә б д і ж а п п а р о в , 

тұрыңыз, жағалауды алдық, фашистер 

оқыра тигендей зыта қашып барады! – 

деген дауысты естідім.

Өне бойымды топырақ басып қа­

лып ты. Басым мең­зең. Темір каска­

ны тесіп, бетімді жанай өткен бом­

ба жарықшақтары. Оған да шүкір. 

«Сөйттім, бүйттім» деп артық мақтана 

алмаймын, көппен көрген ұлы той де­

ген ғой, – деп Сәкең жымия күлімсіреп 

қойды. – Кешікпей Днепрден ерлік 

шайқас пен өткен бірнеше жауынгерге 

Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 

Солардың ішінде Оңтүстіктің Шаян 

топырағында туған мына бажаң бар, – 

деп сөзін тәмамдады Сәкең. 

* * *

...Бірде мен бажама өткен ғасырдың 



сонау елуінші жылдарының бас жағында 

өз басымнан кешкен бір оқиғаны айт­

тым. Ол зер салып, тыңдап отырды. 

«Ара» журналында істейтін кезім. 

Әзіл­қалжыңды оңды­солды төпей 

беретін кездер жиі кездесетін­ді. Сол 

кезде жоғарғы жақта пленум болып 

Маленков, Молотов, Кагановичтер 

«партияға қарсы топ» деген ресми 

ұйғарыммен орындарынан алынды. 

Кезекті мейрам келер сәттегі әдет 

бойынша біздің ғимараттың үшінші 

қабатындағы терезе тұстарына көсемдер 

тобы ілініп тұратын еді ғой. Әнеугүні 

ғана ілініп қойылған әлгі аттары аталған 

мемлекет басшыларының суреттері 

қолма­қол алынып тасталынды. 

Олардың орнына Суслов бастаған топ 

суреттері ілініп қойылды. Қарсы оты­

ратын сайқымазақ сатирик Садықбек 

аға маған қарап:

– Ана қызықты көрдің бе, ей! – деді. 

– Е, оның несі қызық...

– Әй, сенің суырыпсалатының 

бар ғой, кәне шығарып тасташы тағы 

да, – деп қоярда­қоймай. Мұндайда 

бұлдануды суқаным сүймейтін мен есе 

жөнелдім. 

Қазақ ұлттық энциклопедиясын­

да – Би туралы арнайы тоқтап, бидің 

қоғамдағы және өмірдегі рөлін бағамдап 

жазған. Би сөзін түрлі зерттеушілер: 

ел билеу шісі, иелік етуші; сот, төреші; 

батагөй, шешен; бітістіруші дипломат, 

елші ретінде ұғынылған» деп ортақ 

байламға топтастырған.

ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымының 

докторы Салық Зиманов «Би – халық 

шежірешісі, данасы әрі заңгері атты» 

мақаласында «Көне нысандағы» қазақ 

құқығында сот ісін жүргізу даулы істі 

қараудан өнерге ұқсас болды. Сот ісіндегі 

сайысушылық әдет­ғұрыптарды тарихи 

өт кенді білумен қатар шешендердің 

сайы сына ұқсайтын. Сондықтан сот ісі­

не халық көп жиналатын, ал «От ауызды, 

орақ тілді» дейтін билер өздерінің бар 

ше берлігін осында көрсетіп қалуға ты­

рысатын?!» дейді.

Қазақ қоғамында билік жүйесі 

бірнеше тармақтарға бөлінгенін көреміз. 

Ауыл­аймақ арасындағы билікті рудағы 

белгілі адам атқарса, өңір­аймақты 

билігімен, көсемдігімен көрінген ру, 

тайпа басшылары басқарған. Ең жоғары 

деңгейдегі билікте негізінен хандар мен 

сұлтандар болған. Негізгі билік оларда 

болғанмен, билер олардың биліктерін 

шектеп отырған. Батырлар мен байларға 

қарағанда билер тобы халыққа жақын. 

Өйткені олар алдарына келген дау­жан­

жалдарды көпшілікпен, жариялы түрде 

шешкен. Кейде билер ру басшылығы 

мен әкімшілік қызметті де қоса атқарып 

қана қоймай, қарамағындағылардың іс­ 

әрекетіне де жауапты болған.

Бізге жеткен ауызша әңгімелерден 

(қазақ, ноғай) заманында Едіге, Ор­

мамбет билермен қатар Оғыз ханның 

б и і   б о л ғ а н   Қ о р қ ы т   А т а   а б ы з д ы 

атауымызға тура келеді. Қорқыт үш 

ханның уәзірі болған кісі. Ал қазақ 

хандығының алғашқы күнінен бастап 

хан қасында отырып ақылшы болып, 

елге билік айтқан билер көптеп сана­

лады. Солардың бірі Мұхаммед Хайдар 

Дулати деп атауға тура келеді. 

1695 жылы қазақ ордасына келген 

орыс елшілері Тәуке хан ордасының 

таңдаулы адамдарымен ақыл қосқанын 

жазса, тарихтан белгілі Абылай хан жоң­

ғар қолына түсіп қалғанда Қаз дауысты 

Қазыбек би елшілікке барғанда Қалдан 

Серенге айтқаны... «біз, қазақ, мал 

баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай 

жатқан елміз, басымыздан қуат береке 

қашпасын деп, жеріміздің шетін жау 

баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз» 

деп жоңғар ханын сөзден жеңіп Абылай 

ханды елге алып қайтқан деседі.

«Тура биде – туған жоқ»  деген дей, 

қазақ халқының тарихында қара қылды 

қақ жарған билер өте көп болған. 

Со лар дың басындағы Төле би, Қаз 

дау ысты Қазыбек би, Әйтеке би т.б. 

хан ның өзімен шендескен әрі олар 

көршілес қалмақ, жоңғар, қоқан, хиуа, 

қарақалпақ, өзбек, қырғыз, түрікмен 

елдері арасындағы дау­жанжалдарды 

шешу жолында қоғам және мемлекет 

қайраткері ретінде көріне білген.

Патша заманының кезеңінде билерді 

генерал­губернаторлар сайлап, бекіткен. 

Жалпы қай кезеңде болсын бидің рөлі 

төмендеген емес. Жұртшылықтың өзі 

сайлаған билер патшалық билерден 

анағұрлым беделді болған. Оның мысалы 

Қалдан Талқанбайұлының өмір жолы­

нан көреміз.

Кей кезде ел­елдің, мемлекет ара­

сында жүрген билерді елші деп те атаған. 

Тарихта Таңатар, Тәтімбет, тағы басқа 

кісілердің елші ретінде танылғаны 

белгілі. Демек, елші дегеніміз де би. 

Ше шен де бидің орнында болған. Оны 

Әз Жәнібек ханның тұстасы Жиренше 

шешен сөздерінен байқалады.

Қазақ халқының (Қазақ хандығының 

– Т.Д.) тарихында билер кеңесі ең 

жоғарғы билік айтатын орын болған. 

Әсіресе, күрделі мәселелерді шешуге 

байланысты билер кеңесіне жиналған. 

Тарихта Мөртөбедегі, Құлтөбедегі, 

Битөбедегі, ХVІІІ­ХІХ ғасырлардағы 

Қарақұм мен Ырғыздағы билер кеңесі 

көп нәрсені шешкен кеңестер қатарынан 

– Маленковты қусырып тұра қапты 

Суслов...

– Ой, қасқа, молодец, шығар, шығар 

тағы да сілте,  – деп Садықбек шегір 

көзін ойнақшыта түсті. 

– Сталинді жалмады,

Құртпаған кім қалмады?

Ленинге де тиісер

Бір күндері алдағы...

– Ой сабазым, ой, жарайсың! – деп 

тағы да күліп алды Садықбек. 

– Тағы да қазақ сорлыға 

Жасалды бір қастандық...

Өзбектердің қолына, 

Өтіп кетті «Бостандық» ...

– Өй, сабазым­ой, соғасың­ау!

Анау жердегі екі орындықта Садық­

бекке келген екі таныс жігіт отырған­ды. 

Олар да күлісіп қойып, жалтақ­жұлтақ 

қарайлай берген­ді. Оған мән берген мен 

жоқ. Садықбектің сұрағанын орындап, 

үсті­үстіне төпеп отырмын. 

...Кейін білдім, бақсам, әлгі екеудің 

бірі ішмерез болып шықты. Оны 

кейінірек мені қауіпсіздік комитетінде 

істейтін. «Ш» деген майор шақырғанда 

бірақ сездім.

Айтқан мезгілде келдім. Бұл не пәле 

деп зәре­құтым қалмай қойды. Жұпыны 

киінген орта жастағы адам екен. Түзу 

сәлемдесті де менің сықақ жазумен айна­

лысатынымнан хабардар екенін айтты. 

Мен шыдамсызданып: 

– Тоқетерін айтыңызшы, неге 

шақырдыңыз? – дедім төтесінен. 

Ол күлімсіреп, диктофонды алдыма 

қойды. Менің дауысым. Айна­қатесіз 

үнтаспаға жазылып алыныпты. 

– Сілте, сабазым! – деп маған қамшы 

басқан Садықбектің де даусы жүр. 

– Бұл қалай, неге бұлай? – дей 

бердім, абдырай таңырқап.

– Онда сіз болған жоқсыз ғой, қалай 

жазып алғансыздар?...

– Бір елі ауызға екі елі қақпақ де­

гендей, сайқымазақ сөздерді сыпырта 

беруге болмайды, оның үстіне қандай 

адамдар хақында...

Майор маған тесіле қарады. 

– Жарайды екіншіде есте болсын, – 

дедім, – тағы қандай сұрағыңыз бар?...

– Жо...оға ешқандай, – деп сәл үнсіз 

қалды да оқыс ойға шомғандай, –  Сіздің 

жазушылар жағында қоғамға қарсы ай­

тылатын сөз бола қалса... 

– Сіз не деп тұрсыз? Менің қолымнан 

жымысқылық, сатқындық келе қоймас, 

– деп тұтана ашуланып кеттім. 

– Ашуланбаңыз, өз еркіңізде, мен 

сізді қыстап тұрған жоқпын, – деп 

жалған кейіпте жымиды майор. 

– Е, ашуланбай...

– Құп болады. Сізден өтінерім екеу­

ара сөзіміз осы жерде қалсын. Ешкімге 

де тіс жарушы болмаңыз, – деп ескертті 

маған. 


– Қош болып тұрыңыз! – деп есігін 

тарс жауып шығып кеттім. 

...Сол түні ұйқым төртке бөлініп ты­

нышым қашып шықты. 

«Ит ашуын тырнадан алады» деген­

дей, ертеңіне келе сала Садықбекке тиісе 

кеттім. 

– Ендігәрі тіліңді алсам бар ғой, 

мына қалқаң құлағымды кесіп берейін, 

– дедім. 

– Қой, ей, не болды шала бүлініп? 

– Әнеугүні мені айдап салып айт­

тыр ған жолдар сол қалпымен «үш  әріп» 

мекемесіне жетіпті.

– Қасыңдағы анау екеу ме, әлде... 

сенің өзің бе?  – деп жармаса кеттім.

– Құдай үшін, тоқташы, мен емес, 

мен деуге қалай аузың барады, – деп 

Садықбек ыршып түсті. 

— Ендеше кім?

– Ммм, найсап! – деді Садықбек, 

тұра­тұр бәлем, анау екен ғой шамасы. 

– Анауың кім?

– Анау шет жақта отырған домалақ 

қара. Соның жүріс­тұрысы. О басынан 

маған ұнамайтын, бірақ біздің ауыл 

жақтан болған соң...Кім білсін..

Садықбек ойға шомып ыңғайсыз­

да нып қалды. Әңгімемді бастан­аяқ зер 

сала тыңдап отырған Сәкең. 

– «Аңдамай  сөйлеген, ауырмай 

өледі» деген осы, қой, кешкі асқа 

барайық, жүр, бажа, – деді қолсағатына 

қарағыштап. 

... Әрине, қазір Сәкең арамызда жоқ. 

Биыл Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 

жыл толып отыр ғой. Содан да болар Ба­

тырмен болған кездесу еске түсіп қолыма 

қалам алған едім.

Мыңбай рӘШ

орын алады. Сондай билер кеңесінде 

Тәуке хан «Жеті жарғы» заңын бекітіп, 

заңдастырған.

Билер сотының қазақ қоғамында 

орны ерекше болған. Нұралы ханның 

іс­әрекетіне қарсы болып, хан тағынан 

тайдыруға – 185 би қол қойып, ақ патшаға 

хат жазған. Билер соты екі жақты тыңдап 

алып барып, тіпті ант қабылдатқан 

кезі де болса керек. Қылмыстық іске 

үкім, азаматтық істерге кесім шығарып 

отырған. Екі жақтың биі келісе алмаса 

Төбе бидің алдында тарқасқан.

Тіпті кеңестік кезеңнің өзінде ар­

найы сайланбаса да ел іші би деп таныған 

адамдарына әрдайым жүгініп отыр­

ған. Болмашыға бола, кеңестік сотқа 

шағымданбай­ақ ауыл билері (ауыл 

ақсақалдары) көп мәселелерді шешті. 

Тіпті өз бұзақыларын өздері жөнге 

салған оқиғаларды көзіміз де көрді.

Жалпы, сонау қазақ заманынан XX 

ғасырдың 20 жылдарына дейін қазақ да­

ласында билік жүйе жүргізілді. Негізінен 

қазақтар ру арқылы өзін­өзі басқарды. 

Бір­біріне деген қарым­қатынас, рудың 

адамдарын қорғау, қамқоршылыққа алу, 

кейбір адамдардың қылмыстық, басқа да 

әрекетінің жауапкершілігін сол рудың 

билері алып, тіпті айыпкер үшін ант 

беретін кездері де кездеседі.

 «Алтын ғасыр» атанып кеткен жыл­

дар дәстүрін сақтап, қазақ ханының 

билер тобын қалыптастырған айтулы, 

азулы билер көп болған. Атап айтсақ, 

Майқы би, Аяз би, Едіге би (Ноғайлы­

қазақ) Досбол, Ақтайлақ, Мөңке би, тағы 

басқа билер. Осылардың ішінде Мөңке 

бидің есімі қазақ даласына белгілі, оны 

пір тұтқан. Ел ішінде «Түгел сөздің 

түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген 

қанатты сөздер сонау Шыңғыс хан зама­

нынан бері жетіп отыр. Демек, билердің 

рөлі мен орнының берік, айшықты 

болғанын айғақтай түседі. Осы тұста 

бізде билер деп аталынса, кейбір Орта 

Азиялық елдерде бек, датқа атаулары 

орын алған. Қазақстанның оңтүстігінде 

(кейбір аудандарының жерінде) ондаған 

дат қалар өмір сүрген. Мысалға, Дос­

бол датқа, Тұрсынбай датқалар ХVІІІ 

ғасырда билік жасаған.

«Әдебиетші, академик Рахманқұл 

Бердібаев: «Ұлы билер барлық кезде 

үлкенді­кішілі іс­әрекетінің бәрінде 

ел мүддесін өз бастарының мүддесінен 

жоғары қойғандығын» жазса, көрнекті 

жазушы Мұхтар Әуезов: «Әрбір хан 

өз қасында ақылшы болатын биді 

тандағанда, ең алдымен сөз тапқыш, 

өткір деген шешеннен, судырлаған 

ақыннан алатын»  деп айтып кеткен­ді.

Ж а л п ы   к а з а қ   б и л е р і   ж а й л ы 

орыстың прогрессивтік ғалымдары мен 

шенеуніктері арнайы зерттеу жүргізіп, 

солардың жазбалары бүгінге жетіп отыр. 

Мысалы, И.А.Козлов билер туралы 

мақаласында... «Бии есть живая летопись 

народа, юрист или законовед его» деп, 

бір қайырған. Қазақ билерінің қоғамдағы 

рөлі жайлы орыстың шығыстанушылары 

көптеп жазды. Қазақтан алғашқы бо­

лып Шоқан Уәлиханов, Д.Сұлтанғазин, 

Сәкен Сейфуллин, Салық Зиманов, 

басқа да зерттеушілер жазды. Ал қазақтың 

ғалымдары қазақ қоғамындағы билердің 

рөлі, әрі дамытылуы жайлы материалдар 

жазғаны белгілі. Басқасын айтпағанда, 

тәуелсіздіктің 20 жылында жарыққа 

шыққан кітаптардың ішінде «Мәдени 

мұра» бағдарламасы мен академик 

Салық Зиманов бастаған ғалымдардың 

құрастыруымен оқырман қолына тиген 

«Қазақтың ата заңдары» атты көптомдық 

қазақ даласындағы билердің маңызы 

мен мақсатын, қоғамдағы рөлін жаңаша 

айқындап берген туынды.

Қазақтың дала заңдарын зерттеуші­

лер дің басым көпшілігі «Қазақ билері өз 

тайпасы мен ру атынан түссе жақтаушы 

(адвокат) немесе айыптаушы (прокурор), 

тіпті тергеуші міндетін де атқар ған» деп 

жазып, қазақ билерінің жеке, коғамдық 

өмірде белсенді қызмет атқарғанын да 

мойындаған.



Тынышбек ДАйрАбАй,

зерттеуші, этнограф

Батыр Бажа

«Халық шежіресі, 

данасы...»



деп жырлаған Қалнияз Шопықұлының рухы туған елімен қауышты

дәуір дАуысы

Маңғыстау қазақтары үлкен наразылық 

білдіріп, соның ішінде көптеген ауыл­

дары Хорезм жеріне көшеді. Қалнияз 

да үйімен солармен бірге кетеді.

Ол жерде де көп тұрақтамай, 1870­

1885 жылдары бірқатар Адай, Табын 

ауылдарын бастап тәжік жеріне барып, 

одан әрі ауған жеріне өтеді. Ауғанға 

барғасын ауған әкімдерінің талауына 

түсіп, кескілескен ұрыспен қайтадан 

Тәжікстанға оралады. Ұрыс салып 

жүргендер Қалнияз бастаған Балжігіт, 

Жанжігіт, Марқабай батырлардың 

жасақтары еді. Байбақты Нұрмағамбет, 

Қырықмылтық Жарған қажылар бас­

тап келіп, тәжіктердің бұрын елсіз бо­

лып келген Себістан, Саңлақ, Күләп, 

Қорған, Сарайкемер, Теректі, Төлеутау 

жерлеріне қоныстанады. Иесіз жатқан 

жерлеріне тәжіктер де қызғаныш жа­

самаса керек.

Өмірзақ Қалбаевтың деректерінде 

м ы н а л а р   а й т ы л а д ы .   « 1 9 8 6   ж ы л ы 

Тәжікстандағы Вахи ауданы Москва 

колхозында тұратын Әли Әбдіғапар 

Көктаубай қария елдің Ауғанға ба­

рып қоныстануы туралы әңгімесіне 

Адай, Табындардың Ауғаннан оралып, 

Тәжік жеріне қоныстанғанына 101 жыл 

болған. Күләп жеріндегі Тасқала, Селбі, 

Сәбістан, Саңлақ, Ығыран, Молдаман, 

Ақсу кенттерінде түгелдей қазақтар ме­

кендеген және сол жерлерде күні бүгінге 

дейін қауымдары бар».

Қалнияз ақын сол жақта жүріп те 

елін, жерін, жорықтас достарын, ба­

тырларды, туыстарын сағынып өлең­

толғаулар шығарған. Үлкейген шағында 

елге оралғысы келіп, 1898 жылдары 

бірқатар ауылдарды қозғап Душанбе, Хи­

сар жерлеріне қоныс аударып, шекараға 

жақын жерлерге келіп орналасады. Бірақ 

денсаулығына байланысты арманына 

жете алмай қалады. Қалнияздың Қожа, 

Бимағанбет, Құлшар, Қортан атты бала­

лары болған. Сол балаларының ішінде 

Қортан әке жолын қуған (1868­1952) 

ақпа ақын және жыршы болып, бүкіл 

тәжік жерінің түкпір­түкпіріне барған 

қазақтарға аты кеңнен жайылып, таны­

мал болған. Оған мына бір шумақ өлеңі 

дәлел болып тұрған сияқты.

Қалнияздан туған Қортанмын,

Сөйлер сөзге дарқанмын.

Қадірімді білгенге 

Қойдан жуас марқаңмын.

Көңілім сүймес кісіге 

Жылқыдай асау тарпаңмын.

Қалнияздың Қожа деген ұлы да бел ­

гілі ақын, жырау болыпты. Оның да:

немесе Кенжебек батырға арнаған:

Тәуекелшіл бір батыр,

Өзенбайдың Кенжебек.

Сол жігітке жарасар,

Мақтап айтсам ер демек.

Жауатын бұлттай түнеріп,

Жылдан­жылға келеді,

Аруағы өрмелеп, – деген өлең 

шумақтары батырларды қайрат тан­

дырып отырғанын көреміз. Қалнияз­

дың осындай жыр шумақтары халық 

өмірінің сол кездегі көркем шежіресі 

болды, елдік пен ерлікке үндеді.

Қ а б и б о л л а   С ы д и ы қ о в т ы ң 

з е р т т е у і н д е   б ы л а й   а й т ы л а д ы : 

«Қалнияз «Қырық батыр» аталатын 

халқымыздың қымбатты қазынасын 

а й т ы п ,   т а р а т у ғ а ,   ж е т і л д і р у г е 

атсалысқан. Дәуіріміздің атақты жыра­

уы Мұрын репертуарындағы «Қырық 

батыр» жырының көбін Нұрым мен 

Қашағаннан, Қарасай мен Қарыздан, 

олар Абылдан үйренген. Сол сияқты 

Қашаған мен Ақтан репертуарындағы 

жырлар Қалнияз бен Нұрымнан, 

оларға Абыл жетістірген. Ал Абылға 

жеткен жырлардың түп­төркіні Сыпы­

ра жыраудан шыққан».

Қалнияз 52 жасында 1868 жылы 

елінен кеткеннен қайтып орала алма­

ды. 1902 жылы Тәжікстанның Хисар 

жерінде 86 жасында дүние салады.

Қалнияздың жасы ұлғайып, бөтен 

жерде елге енді бара алмайтынын 

ойлап шығарған толғаулары көп. Со­

лардан аздап үзінділер келтіре кетелік:

...Сарыарқа сағымданған белестері,

Көңілге оралады елестері.

Көкорай, көк құрақты көлдері мен 

Бауыры бұйра толқын дөңестері.

Баянды құтты қоныс мекен болды

Шалдарым Сауран асып келген жері...

Сарыарқа кезген талай далаларын 

Жем бойлап, Сағыз жайлап,

Нарын қыстап

Атырау көрген көшіп жағаларын.

Ақыры қоныс болып мекендепті

Маңғыстау теңіз қолтық салаларын...

...Көргенмін Еділ­Жайық араларын,

Орынбор, Орал, Теке қалаларын

Күңіренген әулиесі дін Хорезм 

Жол түсіп Хиуа, Көне араладым.

Кетем деп Ауған асып Тесік келдім.

Несібе тартса бар ма шараларым?!

Сағынып атақоныс туған жерді,

Қалнияз сәлем айтқан ағаларың,

Үлкендік, бір жағынан науқас және 

Көрмесем қош болыңдар, балаларым!

Қалнияз ақын шет жерде жүріп, 

жасы ұлғайып, өткен күндерін ойлап, 

«Қалнияз едім күнінде» деп аталатын 

толғауын шығарған:

Қалнияз едім күнінде 

Байұлы – Адай елінде.

Араладым Алшынды

Алланың берген демінде.

Сексеннен жасым асқансын,

Шал атанып бүгінде

Жастағы сымбат бұзылып,

Еңкіш тартты белім де.

Бағы қайтқан бұлбұлдай 

Сайрамай жүр­ау тілім де.

Ебі кетіп еріннің 

Үйлеспей қойды сөзім де.

Аға­жеңге алдымда,

Азайып жүр ғой теңім де.

Сәлемін сирек береді,

Іні менен келін де.

Жастағы дәуір өткенін 

Байқап жүрмін өзім де.

Қызыл жүзден нұр тайып,

Күңгірт тартты көзім де.

Базарым бастан сейіліп,

Жетімдік кірді көңілге.

Көрінбей қойды көзіме.

Табында құрбым Адайбек,

Қосқұлақта Көтібар,

Белгілі батыр ерім де.

Кім қалғанын білмеймін

Бұрынғы жолдас ерлерден,

Маңғыстау, Үстірт жерінде.

Елек, Қобда, Жем, Сағыз,

Атырау, Жайық өрінде.

Қадірлі аға­жеңгелер

Отырған талай төрінде 

Сағынған кезде осындай,

Таппай жүрміз бірін де.

Келер еді бар болса,

Сақау батыр замандас,

Бектілеу бастас інім де.

Қайран, дүние қайтейін,

Балуанияз, Тұрманбет,

Қияр ма кісі өлімге?!

Амантұрлы, Қожалақ

Бердалы, Есен, Сүгір де!..

Бұрынғы өткен ерлерім,

Атағозы, ер Лабақ,

Қармыс пен Өмір, Темір де.

Жылқайдар мен ер Төлеп.

Қосылған талай дүбірге.

Құлыбек, Сары, ер Төкеш,

Қалымдай айтқыш серім де.

Іздегенмен бұларды

Таппаймыз қазір бірін де.

Асар сұпы, Самалық,

Жем, Сағыз, Елек, Қобда, Ойылымды.

Сарыарқа сағымданып көрінгендей,

Созамын кейде солай мойынымды.

Ішінде аға­жеңге араласып,

Кіші жүз көрдім талай жиыныңды...

Мен көріп торқалы  той томағасын,

Бергенмін сөзден шашу сыбағасын.

Аянып мерекеден калғаным жоқ,

Халқыма сөзім қадыр ұнағасын...

Аралас Әлім, Табын ауылдасым,

Байұлы он екі ата бауырласым. 

Алшында аты мәлім Есет, Тұрлан

Және де Байсал, Дәуіт замандасым,

Үйірін адам түгіл мал да іздейді,

Көңілім қалай сізді сағынбасын?!

Көзіме қиял етсем елестейді,

Кешегі шеру тартқан көп жолдасым.

Не пайда бар болғанмен, жерім шалғай,

Қалекең біліп жатыр көре алмасын...

...Белгілі белем­белес белесінде,

Белгілі жерлер жатыр әлі есімде.

Әулие атам Бекет үйін салған

Оғланды ұшпа құлау еңесінде.

Ерлерден Атағозы қалды дейді,

Төменгі Бейнеу мешіт төбесінде.

Бітіріп һақ бұйрығын Асар сұпы,

Дін ісләм қалған Бәйтіл Мекесінде.

Баяндап ағаларым тұралмаған 

Бізден де дүние бір күн өтесің бе?!..   

 Қалнияз Шопықұлы «Көңілге қиял 

Қамалы берік салынған.

Әскербасы Ер Адай,

Жеңіліп дұшпан жалынған.

Тітіреніпті жаулары,

Адай деген дабылдан.

Құланға түсіп қаршыға,

Құландыны қу алған,

Ұзын аққан екі су,

Жағасы жеміс малынған.

Мал көбейіп бас өсіп,

Мақсаты көптің болынған.

Жаулары үркіп көз салмай,

Ар жағы Қазан, Қырымнан

Сарытау, Сақар жайлатып.

Бер жағы Жайық, Нарыннан 

Алты Алаштың мекені 

Атақоныс бұрыннан...

Осы жырды 1954 жылы маңғыс таулық 

жыршы Айтқұл Шыманұлынан жазып 

алғанмын. Ол кісі Қашаған ақынның 

қасына 10 жасында ерген кісі. Қалнияздың 

өлеңін Қашекеңнің айтқанынан жат­

тап алған адам. Енді кейіннен бұл өлең 

жинаққа енгенде ішінен Адай деген 

атақты таба алмадық. Бұл заманның тала­

бынан болды ма немесе ауыздан­ауызға  

көшіп жүргенде қалып қойды ма ол жағы 

бізге белгісіздеу болып келеді.

Қалнияздан туған Қожамын,

Қатарымнан озамын.

Той­думанды естісем,

Мойнымды созамын. 

Бір құлағым тігіліп, 

Бір құлағым бүгіліп,

Айқай шықса қозамын, – деген 

сөздері ел есінде қалған.

Қалнияз еңбектерін жинақтап, 

талдау жасаған еліміздің белгілі 

ғалымы Қабиболла Сыдықұлының бір 

әңгімесінде: «Қортанның ақындық 

һәм жыршылық қуатын, арқалы ақпа 

өнерін көзі көрген Әли Әбдіғапар 

қарт тамсана әңгімелеген. Әбдіғапар 

ерлігінің де жалғасы екендігін ашып 

көрсеткен. Оның дәлелі: Әке балаға 

сыншы дегендей, аты шулы Қармыс 

өлім аузында жатып Төлепке үміт ар­

тады.


Қабағыңа қарасам,

Қас батырға меңзейсің.

Елібіңе қарасам,

Ер Төлепке меңзейсің.

Алып кетіп барады

Омыраудың арасы,

Он найзаның жарасы.

Алдым биік, артым жар,

Оралуға жерім тар...

Адайдың ақылгөй абызы, қарт 

батыры мерт болғанда жауды қуып 

шыққан Төлеп батыр бастаған қазақ 

қолына үлкен жігер тудыратындай 

етіп Қармысты сөйлеткенін көреміз. 

Немесе мына бір жыр шумақтары қарт 

батыр Қармыстың Төлепке жолдаған 

аманаты етіп көрсетіп, Төлепті рухтан­

дырып, «Арым жанымның садақасы, 

жаным халқымның садақасы» деген­

дей күйге түсіріп тұрғаны байқалады.

Қызылойдың түбінен, 

Жау қарасын көреді.

Он бес жасар ер Төлеп,

«

Х



алқыма сөзім қадыр ұнағасын...» 

Дауылпаз ақын Қалнияздың сүйегін 

елге жетістіруді Маңғыстау халқының 

есіне салған және өзі жасы ұлғайып 

қайтыс болар алдында жақсы көретін 

інілері Сабыр Адай мен ақын­қажы 

Қаржаубай Рейімбайұлына аманат етіп 

тапсырған ақынның ең жақын ата­

лас ағайыны Өмірзақ Қалбайұлы бо­

латын. Іздегенге сұраған, үстіміздегі 

жылы наурыз айында қазірде Қазығұртта 

тұратын, аталары тәжік жерінен келген 

Қалнияздың жерленген жерін білетін 

Қалмантай, Жолдас, Сәрсенбай жырау­

лардан хабар келіп,  Тәжікстан үкіметі  

Хисар қаласындағы Қалнияз ақын жер­

ленген жерлерге қазба жұмыстарының 

ж ү р у і н е   б а й л а н ы с т ы   м ү р д е л е р д і 

басқа жерге көшіретіндігін хабарлап, 

жақын туыстары болса алып кетуіне 

болатындығын естіп, маңғыстаулық 

ақын­қажы Рейімбайұлы Қаржаубайға 

хабарлаған. Осы бойынша Қаржаубай ха­

барды ести сала, Қазығұрт ауданындағы 

хабар берген ағайындары Жолдас, 

Сәрсенбай, Қалмантайларды ерітіп 2015 

жылдың 5­мамыр күні Хисар қаласына 

жеткен.


Ақынымыз жерленген жер ескі 

Хисар қаласының орны болып, қазба 

жұмыстары басталып кеткен көрінеді. 

Қазақстаннан барған азаматтар дер 

кезінде табан тіреген және оларға 

кедергісіз мүрдені алуға рұқсат етіпті. 

Осылайша жолы болған Рейімбай 

бастаған делегация 11­мамыр 2015 жылы 

Қалнияз ақынның мүрдесін Маңғыстау 

ауданының  орталығы Шетпеге әкеліп, 

орталық мешіттен намазын оқытып 

болып, «Адай Ата – Отпан тау» тарихи 

танымдық этномәдени орталығына 

әкеліп, бұрыннан «пантион» болады деп 

белгіленген орынға жерленді. Жерлеу 

рәсіміне осы мақаланың авторы өзім 

де қатынасып, пікірімді білдірген едім. 

Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар 

одағы басқармасының төрағасы, Пар­

ламент Сенатының депутаты Нұрлан 

Оразалиннің, халықаралық «Қазақ 

тілі» қоғамының президенті, акаде­

мик Өмірзақ Айтбайұлының, «Қазақ 

газеттері» ЖШС­ның басшысы Жұмабек 

Кенжалиннің, халықаралық «Қазақ тілі» 

қоғамының вице­президенті Ғарифолла 

Әнестің, «Ана тілі» газетінің бас редак­

торы Самат Ибраимның ризалықтарын 

білдірген қуанышты сәлемдерін маған 

жеткізуді аманаттаған болатын, сол 

сәлемдерді де жеткізіп, борышымнан 

құтылдым.

М а ң ғ ы с т а у д ы ң   к е й б і р   з и я л ы 

азаматтарының ой­түйіндерін қорытып 

айтсақ: Қалнияз Шопықұлы сияқты ұлы 

тұлғаның мүрдесімен қоса рухының елге 

оралуы – Қазақ Елі Тәуелсіздігінің айқын 

жемісі мен жеңісінің айғағы болды. Ал 

оған қызмет жасаған ұрпақтарының мерейі 

үстем, халқының жүзі жарқын болғаны 

байқалды. Аруақтардың ризашылығы, 

Алланың нұрлы тағатымен елге құт­береке 

әкеледі. Елдің осындай игілікті әрекетін 

тек дос көріп қоймайды, дұшпан да көреді. 

Өзін­өзі құрметтей білетін елді, өзгелер 

де құрметтеуге мәжбүр болады. Бұқара 

халықтың кеудесінде ұлттық мақтаныш 

оянады. Тарихи сабақтастық пен танымға 

қол жеткіземіз. Жоғын бүтіндеген халық 

қана жоғалмайды. Тоқсан ауыз сөздің 

тобықтай түйінін айтқанда, Қалнияз 

Шопықұлының мүрдесін әкелу және От­

пан таудан «пантион» ашу – исі қазаққа 

өлілерді сыйлаудың ең жоғарғы мәдениеті 

екенін естен шығармау үшін керек деген 

ойдамын.


Маңғыстау  облысы  

мен де жауынгерлерді ерлікке үндеп, 

ұран тастап отырған. Сондай бір отты 

жырларының бірі батыр Қожалаққа 

айтқанын назарға ұсынайық:

 Ей, Адайда батыр Қожалақ,

Айбарың артық арыстан,

Жүрегің берік құрыштан.

Аман шыққан ұрыстан,

Ерлігің сенің кем бе еді

Кешегі Төлеп, Қармыстан?!

Атағозы, ер Лабақ

Дұшпанды қуған қоныстан.

Дәуімшар мен Құдабай

Патшаға қарсы ұрысқан.

Атаға тартып ұл өсіп,

Ерлігі саған жұғысқан.

Егесер жері келгенде

Ер өлмейтін бе еді намыстан?!

Ылайық емес ерлерге

Дұшпанын көріп ығысқан.

...Сен Адайдың сойылы,

Жауды көріп жасқанып, 

Жиылмаған айылы.

Ерлігіңді сөз қылған.

Адай түгіл Байұлы.

Қазақ асып, түркпенге,

Қожалақ атың жайылды.

Жасақты жауға қалдырып,

Бұрма, батыр, мойныңды.

Жәуміт қашты, біз қудық,

Құралық солай ойынды...

Немесе Батыр Шабайдың Сүгір 

деген ұлына ұрысқа кірер алдында 

айтқанынан үзінді:

...Баласы ер Шабайдың Сүгір деген,

Жүйрігім жауға шауып мүдірмеген.

Аруағың ақ бұлттай күнге өрлеген,

Ежелгі ер емес пе ең дүбірлеген.

Айтулы әкең батыр Шабай еді­ау,

Осындай қиын жерде кідірмеген.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал