Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен



жүктеу 0.93 Mb.

бет4/10
Дата09.01.2017
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

тілбұЗАрғА – тосқАуыл

«наурыз» фестивалі 



ТЕлЕАРНАлАРҒА 

ШыНыМЕН-АҚ 

ТЕЖЕу БолМАй МА?

Елбасы Н.Назарбаевтың «Бұқаралық 

ақпарат құралдарының кемінде 50 

пайызы қазақ тілінде болуы тиіс» 

деуінің ар жағында мемлекеттік тіл 

тағдыры туралы үлкен ой жатқан 

еді. Президент одан  кейін де ешбір 

тәуелсіз мемлекет өзінің эфирлік 

кеңістігін өзге елге беріп қоймауы 

керектігін де айтқан болатын. 

оның бер жағында телерадио ха-

барларын тарату туралы заңның 

орындалмай келе жатқаны туралы 

БАҚ беттерінде айтудай-ақ айтылып 

жүр. Бірақ соның бәрі, ең аяғы заң 

талаптарына шейін ескерусіз, елеусіз 

қалып келе жатқаны қынжылтады. 

Биылдың өзінде, анау-мынау емес, 

үкімет үйінде Премьер-министрдің 

білдей орынбасары Бердібек 

 Сапарбаев бастаған жиында да  

тілдер туралы, телерадио хабарла-

ры туралы заңды бұзушылық орын 

алып отырғаны туралы сөз болды. 

оның әртүрлі зерттеулер бойынша 

дәлелденген шындық екенін Бердібек 

мырза өзі айтып берді. Содан бері 

де жарты жылға жуық уақыт өтсе 

де, телеарналар оған «пысқырып 

қарағаны» байқалмай отыр. 

ұлтымыздың белгісі туған тіліміз туралы жанымызды ауыртпау, жарғақ 

құлағымыз жастыққа тимей, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтамау – әр 

қазақтың бойындағы ұлтжандылығына үлкен сын екенін ұмытпауымыз керек. 

Тіл туралы жазып отырып, «шіркін біздің жазғандарымызды  кейінгі жастар 

оқып, көңіліне тоқып отырса, мұратымызға жеткен болар едік-ау» деп ойлайсың.

бола бастағанын көрсетеді» деп жаз­

ды. Ал осы аралықта «31» арнада 

қазақша хабар тарату 16,2%, орысша 

23,6% болса, кейін бір жылдан соң 

қазақшасы 40,9%, ал орысшасы 59,1% 

болғанын көрдік. Ал бұл кезде «НТК» 

телеарнасындағы қазақша мен орыс­

шаны салыстырған К.Қаптағаевтың 

дерегі бойынша қазақша хабарлар бар 

болғаны 37,5% ғана болып шыққан 

еді. Бұл мағлұматтар «Ана тілінің» 

2006 жылғы 18­мамыр күнгі санын­

да жарияланды. Сол жарияланым­

да Е.Имамбекова, С.Төлебекова, 

А.Жаубасарова, Т.Аманкелдіқызы, 

М.Мақашева, Ә.Әшімбаева  де­

ген 1­курс шәкірттерінің, өндірдей 

б о т а к ө з д е р і м і з д і ң   Қ а з а қ с т а н 

телеарнасындағы тіліміздің тұлдыр 

тағдыры туралы ойға қалдырарлық 

деректері молынан келтірілді. 

Содан бері де талай жылдың жүзі 

болды. Ол жылдары телеарналардағы 

қазақ тілінің отырар орнын, шығар 

биігін көксеп, көңіліне қайғы, көзіне 

жас алып жансебіл болып жүретін қазақ 

азаматтары қазір азайып кетті ме, әлде 

теледидарға қазақтың тісі батпайты­

нына көзі жетті ме, әйтеуір бүгінде 

осы мәселеге келгенде бүкіл қазақ 

жатырмыз­ау, сондықтан ең болма­

са ара­тұра қазақ ұлтының да өзекті 

өртер мәселелерін қозғап тұрайық 

демейді. Қазақ телевизиясын жайлап 

алған Ресей медиаалпауыттары мен 

ақпаратшыларына да, өзге де орысша 

хабар тарататындарға оның көк тиын 

қажеті жоқ. Оның орнына қазақтың 

еңбектеген сәбиі мен еңкейген кәрісіне 

көрсететіні – бірін­бірі қанға бөктіріп 

жатқан, жан шошырлық көріністер, 

ар­ұяттан безгендердің тірлігі. Біз 

қазір осындай бассыздық, көргенсіздік 

көрсетілімдер, осындай қасиетсіздік, 

жабайылық жөнінен өзіміз аузымыздан 

тастамайтын Еуразия кеңістігіндегі 

елдерді шаң қаптырып, ең алдыңғы 

қатарға шықтық.

Жасырары жоқ, біз қазір теледидарда 

да ең ұраншыл Абай айтқандай: «...мақ­

таншақ, еріншек бекер мал шашпақ» 

жұртқа айналдық. Телебағдарламалар 

еліміздің экономикалық, сыртқы және 

ішкі саясатын бірыңғай қолпаштаудан 

аяқ алып жүргісіз. Ешқандай сын 

айтылмаған жерде мін мен кемшілік 

қоғам ағзасын буынқұртша білдірмей 

жей береді.

Иә, тележурналистика қандай за­

мана ағымында да ешқашан бәсін 

Қазіргі кезде мемлекеттік тіліміз 

өзінің заң жүзіндегі мәртебесіне 

жет е  а л ма й  келе  ж ат қ а н ы м ыз, 

оның ха лық арасын дағы қа дір­

қ асие т і н т өмен де т пей, бары н­

ша биіктетіп, беделін бекем етіп 

келе жатқан жан дар баршылық. 

Біздің тіліміз қандай ортада бол­

сын, осындай сөз ше берлерінің 

арқасында ерекшелігін сақтап өзіне 

тән сұлулығын, түпсіз тереңдігін, 

адам жанын тебірентетін тәрбиелік 

құрал екендігін дәлелдеп, тілдік 

құндылығын жоймай келеді.

Сондай аузы дуалы, сөзі өтімді, 

шешен де көсем ақсақалдарымыздың 

бірі – Ақтөбе облысы, Алға қаласы­

ның тұрғыны, Алға ауданының Құр­

мет ті азаматы – Данияр Жұмашұлы 

Құрманалин. 

Бір зер салар нәрсе – ол тіл ма­

маны да, жазушы да, ақын да емес, 

бірақ тіліміздің тінін түгендеп, жігін 

жіктеп, ата­бабамыздан қалған на­

қыл сөздерді, шешендік әңгі мелерді 

тыңдаушысына жеткізіп келе жатқан 

тіл насихатшысы. Сонысымен 

ерекшеленетін тұлға. 

Ол кезін де облысқа, ауданға 

танымал атақты хирург еді. Қазір 

зей нет керлік ке шықса да, ті лге 

жан ашыр лық  қа лпынан  танған 

емес. Өзі нің әңгімесінде бы лай 

дей ді: «Мен 1939 ж ы лы А қ төбе 

облысы, Алға қаласында дүниеге 

келіп, осы аудан орталығындағы 

қазақ орта мектебін бітірдім. 1958­

1960 жылдары Алға қаласындағы 

С . М . К и р о в   а т ы н д а ғ ы   х и м и я 

зауытының к үкірт­қышқыл це­

х ы н д а ең б ек жо л ы м д ы б а с т а­

дым. Ол кезде зауыттың дені орыс 

халқының өкілі болатын, солар­

дан орысша үйрендік. 1966 жылы 

А қ төбе Мем лекет ті к медицина 

институтының емдеу факультетін 

бітіріп келіп, өзімнің туған қалам 

А лға дағы аудан дық ау ру ханаға 

х иру рг болып орна лас тым. Со­

д а н  к е й і н г і  ж ы л д а р ы  бі л і м і н 

жетілдіру мақсатында – Алматы, 

Харьков, Тбилиси, Новокузнецк, 

Мәскеу, Павлодар қалаларындағы 

хирургиялық клиникаларда болып, 

көптеген тәжірибе жинақтадым. 

Осы ізденістеріме орай біліктілігім 

ө сі п о т ы рд ы. 1971 ж ы л ы А л ғ а 

аудандық ауруханасының хирур­

гия бөлімінің меңгерушісі қызметін 

атқарып, содан зейнеткерлік ке 

шықтым. Зейнеткерлікке шыққан 

соң да, УЗИ аппаратында отырып, 

науқастарға кеңес беру жолында 

біраз еңбек еттім».

Өзінің ұзақ жылғы дәрігерлік 

қызметінде түрлі атақтар мен 

абыройға ие болған хирург 1979 

жылы КСРО Денсаулық сақтау 

министрлігінің «КСРО денсаулық 

сақтау ісінің үздігі» белгісімен 

марпатталады. 1982 жылы Ақтөбе 

денсаулық сақтау бөлімінің аттеста­

циялау комиссиясының шешімімен 

«Жоғары дәрежелі хирург» біліктілік 

санаты берілді. 1994 жылы Қазақстан 

Республикасы денсаулық сақтау 

саласына еңбек сіңіргені үшін Қазақ 

ССР­і Денсаулық сақтау Ми нистр­

лігінің Құрмет грамотасымен ма­

рапатталды. 2003 жылы «Алға ауда­

нының Құрметті азаматы» атағы 

берілді.

Ал тіл мәселесіне, тілді насихат­

тау дағы еңбегіне келетін болсақ, 

оның жөні басқа. Адамның бойында 

туа бітті таланты, оқумен­тоқумен 

келетін біліктілігі қатар жүретін 

болса, сол екі бірдей қасиетті қатар 

меңгерген ағамыздың қарапайым 

халық арасында қызыл тілдің  майын 

сақталып қалғымыз келсе, телеарна­

ларымызды отбасы – ошақ қасындағы 

ұсақ­түйекті «проблема» қып талқылау­

сымаққа салатын, әнші еместерді әнші 

деп, сазгер еместерді сазгер деп таныс­

тырып сұхбат жүргізетін, «Той бест 

 с  тар», «Жеңіп көр», «Қыздар арасында», 

«Алтын таспа» сияқты және өзге де шоу 

деп аталатын арзанқол дүниелерден 

тезірек, дереу тазалауымыз керек. 

Бүгінгі қазақ телевизиясы қазақтың 

ұлттық рухына, ұлттық бет­бейнесіне 

мүлде кереғарлыққа айналғанын бұдан 

былай жасыру – ауруын жасырумен 

бірдей. Бұл – ұлттығымызға орасан 

зор қатер туғызуы мүмкін. Әңгімені 

әуелі теледидардағы тіл мәселесінен 

бастасақ, егер бүгінгі жағдайға қарап 

отырсақ, қазақ тілі өз телевизиясының 

ең басты тіліне айналмаса, тіліміз ауруы 

меңдеген адамдай бірте­бірте байқаусыз 

солып, байқаусыз семіп сөне береді. 

Өйткені теледидар – осы замандағы от­

аршыл, озбыр, алпауыт ұлттардың басқа 

елдерді арбап­алдауға, оқсыз басып 

алуға арналған ең күшті құралының бірі.

Иә, бүгінгі теледидар пайдалана 

білсең – досың, қателессең – сорың. 

Сорың дейтін себебіміз, өздері үшінші 

әлем деп ат қойып, сол үшінші әлемнің 

тамызып, оның қадір­қасиетін 

ұлықтаудағы еңбегі орасан зор. 

Осындай да біздің атқамінер 

ш е н е у н і к т е р і м і з д і ң   б а р л ы ғ ы 

бірдей, тілі мен ділін, салт­дәстүрін 

осы кісідей мәпелеп, марапаттап, 

ұстай білетін болса, ана тіліміздің 

төрдегі орны мығым болар еді­ау. 

Жалпы ана сүтімен бойымызға 

дарыған дара тілімізді өзіміздің 

қ а д ірлей бі л меу і м із ден, он ы ң 

тәрбие мен талғамға тигізер пай­

дасын таразы ламау ымыздан, өз 

тілін өзі менсінбейтін ұрпақ пайда 

болды. А л шенеуніктеріміз бол­

са, қан дай мі нберге шықса да, 

қазақ тілінде сөйлеп бастайды да, 

ар жағын өзге тілде жа лғастыра 

жөнеледі.

 Сөз арасында көсемсөз шебері 

ағамыздан «Сіз орыс тілін жетік 

білесіз бе?» деп сұрауға тура келді. 

«Әрине, орыс тілін жетік білмесем, 

өмір бойы ота жасап, орыстардың 

арасында жүре алам ба, мен орыс 

тілін жетік білемін. Бірақ барша 

тілден өзімнің ана тілімді жоғары 

қоямын. Оның байлығына менің 

де тілім жетпейді. Меніңше, туған 

тілден сусындап өскен адам өзін бай 

да, бақытты сезінеді. Себебі ол туған 

халқымыздың төл байлығы, рухани 

қазынасы. Мен осы қазынадан құр­

алақан қалмағандығым үшін өзімді 

аса бақытты сезінемін» дейді.

 Әкем Жұмаш өте сөзге шешен 

адам еді. Бұл маған әкемнен қалған 

мұра. 

Кез келген  аудиторияда өз хал­



қы ның тілінің шырайын келтіріп, 

ата­бабамыздан қалған асыл мұ­

ра  ларды көздің қарашығын дай 

сақтауға үлес қосып келе жатқан, 

оны насихаттап қана қоймай, талай 

ортаға үлгі­өнеге болып ж үрген 

зейнеткер ағамыз қазіргі кезде 

аудандық аурухана ұжымындағы 

«Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

Қазіргідей «кедей бай болсам, 

бай Құдай болсам» деп тұрған за­

манда, сөз құдіретін жете білетін 

кө с емс ө з ие ле рі де с аус а қ пен 

санарлықтай болып қалды.  Данияр 

Ж ұ м а ш ұ л ы н ы ң   б ұ р ы н ғ ы н ы ң 

шешен д і к с ө з де рі н ж ат қ а а й­

т ы п,  көп ш і л і к т і  та мса н д ы ры п 

отырғанының талай куәсі болдық.

 Ол кісі бірде :

Малайсары шешен:

Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,

– Ана тұрып, қыз сөйлегеннен 

без, – депті.

 Сонда Сырым би:

–   А т а   т ұ р ы п ,   ұ л   с ө й л е с е , 

ержеткені болар. Ана тұрып, қыз 

сөйлесе бойжеткені болар, – депті.

Малайсары сонда:

– Сен толған екенсің, мен тозған 

екенмін, – деп Сырымды қасына 

шақырған екен, – деп әңгімеледі.

Оның мұндай тәлім­тәрбиелік 

әңгімелерін тыңдағандар, тәнті 

болғандар арасында есеп жоқ десек 

те бола ды. Міне, «Үй сыртында 

төбең болса, Ерттеулі тұрған атың 

ғой. Ел ішінде қарияң болса, Жа­

зулы тұрған хатың ғой» деген Төле 

бидің сөзі осындайда айтылса ке­

рек.


Көп ортасында сөз қазынасынан 

ой өрбітіп, қотарып, кейінгілерге 

үлгі­өнеге болып жүрген шешен де, 

көсем ақсақалдарымыз көбейе берсе, 

тіліміздің де мерейі үстем болмақ.

З.ТелеУОвА,

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі

Ақтөбе облысы

белгілі шекспиртанушы Алексей 

Бартошевич, «Реальный театр» 

фестивалінің директоры, Екате­

ринбург балалар мен жасөспірімдер 

театры директорының орынбасары 

Олег Лоевский және т.б. қазылық 

етті. Фестивальдің жабылу рәсімі 

бейресми жағдайда Қабан көлінің 

жағасындағы амфитеатрда өтті. 

Кештің соңы үлкен мерекелік кон­

цертке ұласты. Онда жұртшылық 

Татарстан мен Башқұртстанның 

ө н е р   ш е б е р л е р і ,   с о н д а й ­ а қ 

П.Ойунский атындағы Саха драма 

театрының артистерінің өнерін 

тамашалады. 



берік ТеМІрбАев

атаулыда бір керенаулық, самарқаулық 

анық бар. Тіпті кейбір от ауызды, 

орақ тілді деген, бір кезде ана тілім – 

арым да, барым да, ардағым да сенсің, 

сенің жолыңда жаным құрбан деп 

айқайға аттан қосқандардың өзі қазір 

ұнжырғасы түсіп, жуасып қалды. Құдай 

кешірсін, олардың ішінде қазір «қазақ 

тілінің келешегінен енді үміт жоқ, бәрі 

өтірік, бәрі алдарқату» деп сенің өзіңді 

нағыз «үмітсіз шайтанға» айналдырып 

жіберуге шақ тұрғандары бар. Бұлардың 

сөзінде қаншалықты көрегендік бар 

екенін кім білсін, бірақ қазекемнің ана 

тіліміз үшін не нәрсеге де бел байлаған 

баяғы батылдығын соңғы жылдары 

самарқаулық басқаны рас. 

Қазір тілімнің ертеңгі тағдыры – 

телеарнадағы бүгінгі жағдайына тікелей 

қатысты деп жанын жалау еткен Ал­

маты гуманитарлы­экономикалық 

и н с т и т у т ы н ы ң   ж а ң а ғ ы   1 ­ к у р с 

шәкірттері сияқты жастарды табудың 

өзі қиын. Неден болғанын, қандай са­

ясаттан болғанын қайдам қазір қазақ 

жастары ұлттық тіл, ұлттық намыс 

деген ұғымнан мүлде алшақ кетті. 

Бүгінгі ұрпағымыздың туған тіліне, өз 

ұлтына бұлайша самарқау қарауына да 

сол телеарналардағы ұлтымызға жат 

әртүрлі санасыздықты дәріптейтін «со­

временный проектілер» кінәлі деуге де 

толық негіз бар. Қазір Қазақстан теле­

арналары арқылы қазақшаға берілген 

эфирлік уақытта бірыңғай қазақтың 

ұлттық рухын көтеруге арналған 

жоба жоқтың қасы. Оның орнына екі 

сөзінің бірінде «бірлігіміз жарасқан» 

деген тіркесті қайта­қайта айтып, алу­

ан түрлі би билегендерді көрсететін 

желісіз, жүйесіз көрсетілімдер көп. 

Дұрыс делік. Бірақ бірлігі жарасқан ел 

екеніміз ең әуелі сол ұлттардың, әсіресе 

орыстардың бір тілде, мемлекеттік тілде 

сөйлеуінен көрінбей ме?! Ендеше, бұл 

қай бірлік? 

Ал ара­тұра қазақы шапан мен бөрік 

киіп, атқа мініп, бүркіт пе, қаршыға 

ма қыран тектес бір құсты білегіне 

қондырып алып шоқытып келе жатқан 

галстукті шалды немесе сырмақ теке­

метке түр салып «әгугәй, әгугәйлап» 

отырған екі­үш кемпірді, қазақтың 

ұлттық киімдерін киіп алып аң аулауға 

шауып бара жатқан сақалды әнші мен 

гитарист депутат әншіні көрсету ұлттық 

үрдіс­салтты, дәстүрді ұлағаттау емес, 

жай жарнама десе болады. Бұл теле­

дидарда жиі айтылатын «подача»­ның 

нашарлығын, ізденістің жоқтығын, 

екіншіден, қазақ теле­журналистерінің 

әрі дәстүршіл (традиционалист), әрі 

«жа һанданғыш» (глобализатор) бо­

ламын деп әр нәрсеге әуес, Абайша 

айтқанда, «әсем паздарға» айналғанын 

көрсетеді.  

 Қыс қасы, телеарналардан біресе 

 осындай тиіп­қашпа тақырыптарды, 

біресе шетелдердің жын ойнағын, эро­

тикасын, атыс­шабысын көріп және 

оның бәрін орысша тыңдап өсіп келе 

жатқан бүгінгі ұрпағымыз бірнеше 

діні, бірнеше тілі бар, таза қай ұлттың 

өкілі екені белгісіз, оған өзі де бас 

қатырмайтын ұлтсызданған ұрпаққа 

айналып барады. Өйткені біз эфирімізді 

басқа біреулерге беріп қойдық. Ал 

олар біз қазақ жерінің, қазақ елінің 

ас­суын ішіп, ауасын жұтып өмір сүріп 

түсірмейтін, қадір­қасиетін жоғалт­

пайтын нағыз шығармашы лық ты, мол 

ілім­білімді қажет ететін нағыз зама­

науи ғылым, нағыз заманауи өнер түрі, 

орасан зор идеологиялық, тәрбиелік 

маңызы бар өте қуатты қару. Амал не, 

ол бүгінде бізде көп ретте еріккеннің 

ермегіне, сайқымазақтардың санасыз, 

арзан әзіл­қалжыңына, өзін­өзі әрі 

композитор, әрі ақын, әрі әнші ретінде 

жарнамалайтын алаяқтар мен пысы­

қайлардың ордасына айналды. Наси­

хаттап жүрген ән­сымақтары өнерді 

орға құлатудың өзі емес пе? Сен   бесеңіз, 

солардың мәтініне құлақ тү ріңіз:

Көктемнің сен бе таң нұры,

Сезімнің сені мен бірге мүмкін  

 

 



 

        тағдыры.

***

Қайдасың гүлім тербелген, 



Қайдасың күнім сән берген маған.

Жайнасын нұрың шуақ төгіп,

немесе

Тағдырымдағы теңімсің,



Арайым менің, арайым.

Көңіліңді сенің табайын,

Кетпеймін ешқайда.

Қасыңда мен болайын

Арайым менің шуағым.

Арналар саған бұл әнім,

Тұра бер мәңгілік 

шың басында шынарым.

Келесі ән:

Өмірдің озғаны болар,

Көретін күнім бар екен

Жайдарлы күлкіңді сенің.

Жақсыға жар болдың ба, жаным?

Тағдырдың жазғаны болар?

Өмірдің озғаны болар,

Бақытыңды таптың ба, жаным?

Қаншама жылдар өтті,

Өзіңді көрмегелі.

Өзгермепті сол нәзік үнің,

Сағына нұр жамылған.

Басымдағы бағым да,

Қолыма қонған құсым едің,

Көретін күнім бар екен...

Әрі қарай:

Аясаңшы жүрегімді,

Арнасаңшы жанның жылуын.

Осындайларды көріп, тыңдап оты­

рып телеарналарымызды бейбастақтық 

жайлаған жоқ дей аласыз ба? Міне, 

бүгінгі қазақ телевизиясы ұлттық 

өнерімізді, ұлттық мәдениетімізді, 

рухани қазынамызды осындай ауру, 

не есінен айырылған мас адамның 

сандырағы сияқты елірме, есалаң 

дүниелермен насихаттап жатса ол те­

левизия ұлтымыздың, еліміздің не 

бағы, не соры деген біржақты тоқтамға 

келуіміз керек шығар? Қаттырақ айтсақ 

кешіріңіз, бірақ мына заманда біз 

егер қазақ деген ұлт болып аман­есен 

Баяғы орысшаның басымдығы – 

басымдық, баяғы шоу­концерттер, 

не әнінде, не сөзінде адам түсінер 

мағына жоқ «жұлдызсымақтармен» 

дәм сіз сұхбаттар, қозғап отырған 

тақырыптары отбасы, ошақ қасынан 

әрі аспайтын, жүгі жеңіл ток­шоулар, 

орнықты ойы жоқ, таным­түйсігі 

 тайыз, сөйлеген сөзінен, қойған сауа­

лы  нан сауаты, білім­білігі төмен екені 

анық көрініп тұратын, онысымен қой­

май орысша қыстырма сөздерді де 

ара ластырып қоятын әнші­жүргізуші, 

актер­жүргізуші, тамада­жүргізушілер 

әлі жүр. Үкімет басшысының орынба­

сары еліміздегі телерадио компаниялар 

әлгі заңдарды «белшесінен басып келе 

жатқанын» да атап айтты.

Амал не, біз бұдан талай жыл бұрын 

қабылданған 50х50 деп аталып кеткен 

сол талапты да Қазақстанда қазақ ұлты 

70 %­ға жақындаған күні бүгінге шейін 

орындай алмадық. Орындай алмадық 

емес­ау, негізінен орыстілдіге айна­

лып кеткен телеарналарға ол талапты 

орындатуға күшіміз жетпеді. Ал 70% 

қазақты аз десеңіз тілі бір, діні бір, 

қазақша сөйлей де, жаза да алатын 

түркі тектес ұлттарды қоссаңыз, тіліміз 

еліміздің 90%­на қажет екенін неге 

ескермейміз? Яғни сол заңымыздың 

ө з і   д і м к ә с ,   а л а к ө ң і л   с ө з д е р д е н 

құралғандықтан, бұл мәселеге орай 

айтқан сөзіміздің бәрі желге ұшатын 

болды. Сөйттік те «бетбақ жеңдім дейді, 

бейшара көндім дейді» деп, бүгінде сол 

«50х50­дің» орындалуы үшін күресуді де 

қойдық. Қазір телеарналарда қазақшаға 

басымдық беру туралы мүлде айтыл­

майтын болды. Бір кезде «Алматы» 

телеарнасында «Тіл сақшысы» деп 

аталатын көріністі бір жоба бар еді. 

Осы арнадан жұмыстан кеткен 40 

шақты қазақ журналистерімен бірге ол 

да құрдымға кетті. Бұның бәріне кім

не себеп болғаны туралы сөз қозғау да 

нәтижесіз екені белгілі болды.

Бұдан біраз жыл бұрын бір топ сту­

денттер телеарналардағы қазақ тілінің 

үлес салмағы туралы «контент­анализ» 

жүргізді. Контент­анализ дегеніміз 

– әлеуметтік зерттеудің бір түрі. Сол 

зерттеулер әр телеарналарда 1 апта­

дан ғана жүргізілген еді. Қазақтың ең 

бір намысқой азаматтары олардағы 

қазақша берілетін хабарлардың үлесі 

түкке тұрғысыз екеніне сол кезде­ақ 

көз жеткізіп, сол кезде­ақ қазақтың 

«ақырып теңдік сұраған» жанайқайын 

жұртшылық «Ана тілі» газеті арқылы 

естіп отырды.

Енді қараңыз: Сол кезде «КТК» 

телеарнасына жүргізілген 1 апталық 

(20­26 желтоқсан, 2004 жыл) зерттеу 

нәтижесінде қазақ тіліндегі жаңалықтар 

мен өзге де хабарлар 9,4 % ғана болса, 

ал орысша 23,1% екенін көріп жүрегі 

түскіріміз зырқ ете қалғаны бар. Сосын 

айтыс­тартыс басталды. Екінші зерт­

теу қорытындысы арада 6 ай өткенде 

жария ланды. Осы аралықта қазақша 

хабарлар тарату 29,7%, ал орысша 

хабарлар 70,3% болғанын көріп, 

көңіліміз сәл­пәл орнына түскендей 

болды. «Ана тілі» бұл туралы «2004 

жылдың көрсеткішіне қарағанда, 2005 

жылы қазақ тілінде хабар тарату екі 

есе өскендігін байқаймыз. Бұл теле­

арналарда бақылау үрдісінің тиянақты 

тілім Деп тыным таппаған

ділмар

мәДенИет


бүкіл байлығын берсе қолынан, бермесе 

жолынан алуан айлакерлікпен, қырық 

қатпар қулық­сұмдықпен тонап, байып 

отырған алпауыт елдер глобализация­

жаһандану дегенді ойлап тауып, енді 

сол елдерді тілі мен дінінен, ұлттық ата­

уынан айыруға жан сала кірісті. Теле­

дидар – олардың да ХХІ ғасырдағы ең 

қуатты қаруы. Соны білген Өзбекстан, 

Түрікменстан, Әзербайжан секілді 

бізбен діндес, тілдес, көршілес елдер 

телеарналары күндіз­түні тек өз тілінде 

төл мәдениетін, ұлттық тәрбиесін, 

ұлттық салт­дәстүрін, ұлттық тілін, 

дінін, қысқасы, ұлттық мемлекет бо­

лып ұйысып отыруды насихаттайтын 

бағдарламалар ғана береді. 

Ал әлгі алпауыт елдер үшінші 

әлемге жатқызатын, шикізат алудың 

көзі деп білетін елдердің бірі – 

Қазақстан. Сонда бүгінгі Қазақстан 

телеарналарының эфирлік уақыты 

негізінен орыс тілінде және дінімізге, 

ұлттық аман­саулығымызға қатер 

төндіретін шетелдік көрсетілімдермен 

өтетіні неліктен екенін өзіңіз түсіне 

беріңіз. Ресей басшылары Қазақстанда 

телеарналар, радио орысша самбыр­

лап тұрғанда қазақ тілін он жерден 

мемлекеттік тіл деп жариялап, түрлі 

заң­зәкүн қабылдасаң да, неше түрлі 

тіл мерекелерін өткізіп, қаншама қор 

құрып ақша шашсаң да қазақ тілі 

Қазақстандағы ең қажетті, ең басты тіл 

бола алмайтынын жақсы біліп отыр. 

Солай екенін көшеде тәлтіректеп, 

аяғынан әзер тұрса да саған орысша 

сөйлеп тұрған жай орыс та жақсы біледі.

Оның өз елінде тағдыры қатал жетім 

баланың күйін кешіп отырғанын жүрегі 

ұлтым деп соғатын, бірақ қолында не 

қаржысы, не билігі жоқ небір есіл аза­

маттар да түсініп отыр. 

Шіркін, билік басында да солар 

сияқты жалпы қазақ ұлтының тілі де, 

діні де, ділі де, бүкіл ұлттық бақыты 

ашылуы да, қашуы да мына заманда 

телеарналарды қалай қазақшалауға 

байланысты екенін түсінетін жігіттер 

болса ғой дейсің іштей. Бірақ қалай 

дегенде де, бүгінгі қазақ өз еліндегі 

ұлттық аман­саулығы үшін күресті 

орыс отаршылдығына қарсы күресте 

әрдайым Жанғожаның жанында болған 

Төремұрат ақын айтқандай:

Екі жүзді семсердің,

Балдағы қолда қалғанша.

Ат басындай сом жүрек

От болып лаулап жанғанша,

Мөлдіреген қара көз

Жұмылып қанға толғанша

тоқтатпауы керек.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал