Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп



жүктеу 0.67 Mb.

бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

«САБАЛАҚ» НЕМЕСЕ «АҚАУЫЗ 

АТТЫ ЖАЗАМЫН ДЕП...» 

Көкбай Абайдың ақын шәкірті бола 

жүріп те көп іс тындырған. Соның бірі – 

«Сабалақ» дастаны Абайдың тапсырмасы 

бойынша жазылған еді. Ол жайлы ұлы 

Мұқаң: «Онысы Абылаймен содан бергі 

за мандар турасындағы тарихтық тартыстар 

жө ніндегі тақырып болады. Көкбай сол 

Абай берген деректер бойынша ұзақ шы-

ғар ма жазады. Мұнда Абылай заманын 

ай тып кеп, содан Қасымға, Есенгелді, Сар-

жан 


ға ауысады. Әңгімелі поэмасының 

айқын жіктелетін екі бөлімі бар. Мезгілі, 

маз мұны, кейіпкерлерінің қалыптасу айыр-

масына қарай, бұл ұзақ шығарманы ай қын 

екі дәуірдің адамдары турасында, екі ұдай 

бағытта жазылған шығарма деп жік тей 

аламыз. Сонда поэманың алғашқы бөлімін  

Абылайға арналған «Сабалақ» поэмасы 

деп атауға болады. Екінші бөлімі Абы лай-

дың бір топ нәсілдеріне арналады», – 



деген. 

– Бір жылы менің өзіме: «Абылай хан 

мен Кенесарының қазаққа істеген еңбек-

те рін ұзақ әңгіме қылып айтып беріп, «осы-

ны өлең қыл» деді, – деп бастайды Көкбай 

бұл жайлы естелігінде, – ...күндіз-түні ты-

ным алмай жаздым да, 5-6 күнде бітіріп, 

Абай ға қарай қайта жүрдім. Абай бұл уа-

қытта үлкен ауылынан бауырдағы ауы лы-

на, тоқалынікіне барып, сонда жатыр екен. 

Кі ші ауылы – «Аралтөбе» деген жерде. Үл-

кен ауылы, Ділдә қыстауы – Ақшоқыда. 

Біз дің ауылдан 70 шақырымдай жерде еді. 

Кеш болып, ел орынға отырған кезде, кіші 

ауыл ға жетіп, Абай отырған үйге сәлем бе-

ріп кіріп келдім. Үйде кісі көп екен. Ал да-

рына кешкі шайды жаңа алған екен. Кірген 

же рімде сәлемімді алмастан:

«Абылай келді ме?» – деді...

... Мен сұрағына: «Келді», – деп едім:

– Олай болса, айт! – деді.

Сонан соң барлық киімімді шешін бес-

тен, отыра қалып, айта бастадым. Өлең ді 

ал ғаш қы  айта  бастағанымда  тыма ғым ның 

бауын да шешкен жоқ едім. Тегінде «ше ші-

нейін, жайланайын» деген сөз Абай дың 

ықыласын қайтарып тастайды. Сон дық тан 

өлеңді айта отырып, тымағымды шешіп бір 

алып қойып, тағы бір әредікте белдігімді 

тастап, содан өлеңнің желісін үзбей оты-

рып, сыртқы киімді тастап, жү гім нен бірте-

бірте барып қана бо сан дым...

...Өлеңді әнге салып айтсам да, шар ша-

ған, талғанымды білдірмей, желісін үзбей 

айтып отырдым... Қағазыма да қарағаным 

жоқ. Ылғи жатқа айттым.

Алдарына келген шай ішілмей қалды. 

Алғашқы самаурын суып кетіп, оны алып 

барып, екінші рет қойып, тағы әкелді. О да 

суып қалды. Абай да, басқа ешкім де ішкен 

жоқ. Сонымен үшінші самаурын келгенде, 

Абы лай мен Кенесарының жорығын аяқ-

татып барып, енді Наурызбайға көшіп едім, 

бұ ған келгенде: «Енеңді ұрайын, ашулы 

тен тек, Кене ханның бағын да осы алып 

еді. Ен ді шайыңды іш!» – деп, Нау рыз бай-

дың жайын бұл арада тыңдағысы кел-

меді.

Осы өлеңдердің ішінде Наурызбайға 

Мер кенің бегі берген Ақауыз аттың тұл-

ғасын сипаттап едім. Ол атты менің сөзім-

нен сынады да: «Мұның шыға шауып, 

жайы лып қалатын ат болған екен» – деп, 

сол күндерде Ақауыз атты жазамын деп, 

«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» 

деген белгілі ат сынын шығарды. Басында 

мұны Ақауыз аттың сыпаты деп айтқан соң, 

мен: «Абылай-Кене жырына кіргізейін бе?» 

– деп сұрап едім, «Бұл шіркіннің өзі де мес 

болып кетті ғой», – деп кіргіздіртпеді.

(Материалдар «Абай» журналының 

мұрағаттағы тігінділерінен алынды)

 Бетті әзірлеген

Мәриям ӘБСАТТАР

ЖӘДІГЕР


Бұл – биылғы жылы 150 жылдығы той-

лан ғалы отыр ған Абайдың дарынды шә-

кірті Көкбай Жанатайұлына қатысты де рек-

тер. Көк байды «біз әрқилы қызметтерде 

істеді, би болды» деп жатамыз. Бірақ оның 

бар  лы ғы  құр  ауызша  естеліктерде  кел ген 

бо латын. Енді мынау біздің қолы мыз  дағы 

деректер бойынша, Көк бай дың би бол ған-

дығы, және екі рет осы биге кандидат бо-

лып сайланғандығы белгілі болды. Ол 

1890 және 1893 жыл дары, яғни со ған ар-

нал ған  арнайы  мынау  Семей  об лы  сы ның 

әскери  гу бер наторының  бұй рығы.  Со ны-

мен қатар, екінші бұйрық 1893 және 1896 

жыл дары  осы  Көкбай  Жа   на тай ұлының  би 

болғандығы тұр 

ғы 

сында тың дерек 



тер 

қазір табылып отыр. Та был ған құжат біздегі 

архивте сақталатын бо лады. Биылғы жылы 

біз осы Абай мұра жайын дағы қандай қол-

жаз балар бар, бізде қандай деректер бар, 

осы ның барлығы мынау зерттеушілерге 

бел гілі болу үшін «Абай мұражайы қо ры-

ның си пат тамасы» деген кітапты баспаға 

дайын дап, ұсындық. Таяу арада келеді деп 

ойлаймыз. Сонда біздің қорда қандай 

мәліметтер жинақталған, қандай архив құ-

жаттары бар – осының барлығы осы кітапқа 

енеді. Мынау да – табылған тың дүние. 

Осы лардың барлығы өз зерт теушілерін, 

іздену ші ле рін  тосып  жатыр  десек,  артық 

айтқандық емес. 

Көкбай Жанатайұлының бір ерекшелігі 

– ол Абайдың ақын шәкірттері ішіндегі ең 

бір импровизацияға жүйрік ақын болған. 

Сол дарынын бағалап, Абай Құнанбайұлы 

өз өлеңдерін Көкбайдың атынан таратқан. 

Бұ ған дейін Көкбайдың оқығандығы, ар-

найы ресми молда болып қызмет ат қар-

ған дығы туралы, соған қоса, земство мү-

шесі болғаны жайлы дерек табылған бо-

ла тын. Айта кетейік, биыл – Көкбай Жа на-

тай ұлының туғанына 150 жыл. «Осы ай-

тулы датаға орай, бұл құжат таптырмас сый 

болды», – дейді мұражай басшысы. Көкбай 

Жанатайұлының мерейтойы оның туған 

жері Абай ауданындағы Көкбай ауылында 

қыр күйек айының ортасында тойланады 

деп жоспарланған. Мерейтойға орай, ғы-

лы ми-танымдық  конференция,  рес пуб ли-

ка лық ақындар айтысы, ұлттық ойындар 

сайысы өтеді. Соған қоса, Көкбай туған 

Тақыр дағы мұражай экспозициясы қайта 

жаңартылып, Көкбай мұражайы болып 

ашы лады. Көкбай жайлы табылған құж ат-

тың бір көшірмесі енді сол мұражайға тарту 

етілмек. ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен 

ХХ ғасырдың басында, төңкерістерге толы 

за манда өмір кешкен, ұлы Абайдай қазақ 

поэзиясының асқар шыңының ақындық 

тәлімін алған, артына мол әдеби мұралар 

қалдырған, ел ортасынан медресе, мешіт 

ашып, ұстаздық қылып, молда атанған, 

қажы Көкбай Жанатайұлының әдебиет 

тарихындағы алар тұғыры әрқашан биік 

бола бермек.



Әлем МӘДИ, 

Семей

Қ.Мұхамедханов «Абай мұрагерлері» кіта-

бын да ақынның туысқаны, шәкірті Есен тай Бер-

диннің 1950 жылы тапсырған естелігін кел тіреді: 

«Көкбай 43 жасында өзінің Тақыр өзе нін дегі 

қорасының қасынан медресе са 

лып, ба 

ла 


оқытуға кіріседі. Медресесі сегіз бөл мелі, асты-

үсті тақтайлы, кәдімгі қала мед ресесінің үл-

гісімен салынған еді. Бұл мед ресені салу қа ра-

жатына бо лыс қан Се мейдің және қырдың бай-

лары бол ды». Мұ ра жайдың ғылыми қо рын дағы 

Ах мет бек  Мұр тазаұлының  естелігінде:  «Ха лық-

тың ті ке лей көмегімен, Абайдың нұсқау ақы-

лымен салынған. Көкбай ақынның мед ре се сін 

сол кез дегі ең алғашқы бес болыс – Тобықты 

елін дегі ашылған оқу орны екенін то лық бе-

кітемін», – делінген. «Медресе ашы лып, ең бі-

рін ші жолдама алып, сабақ бе руге рұқсат қа-

ғазды арнайы алған біз едік», – де лін ген. Ме-

дет бай Әділ ше ұлы (Бөкенші елінен), Нұртай 

жә не Кен жеғұл молдалар. Медреседе Най ман, 

То бықты, Керей, Уақ – төрт ру елден жи нал ған 

шә  кірттер  азық-тү лі гімен  келіп,  жатып  оқы ған. 

Оқу  мұ сыл ман ша,  орысша  екі  тілде  жүр гі зіл ген. 

Оқу  шы лар саны 200-300 адам бол ған.

Көкбайдың молдалық қызметке арнайы тағайындалып, бала оқытып, халық-

тың имандылық сауатын ашу мақсатымен мешіт, медресе ашқаны рас па?

Ертұрған БОЛАТҰЛЫ, Өскемен

Көкбай мешіті 1908 жылы салынған. Ах-

мет бек Мұртазаұлының естелігінде: «Бұл ме-

шіт халықтың, Көкбайдың туған-туыс та ры-

ның көмегімен салынды. Тек ағаш (мәт ше, 

тақ тай) т.б. құралдары әр болыстан ар найы 

жі берілген көмек ретінде ат-арбамен тасыл-

ды. Негізгі кұрылысты басқарушылар: ағаш 

жа ғын Нәби деген татар, ал қалау жа ғын 

Сай футдин (ол да татар). Нәби се мья сы мен 

келіп, медресенің бір үйінде тұрды. Бұларды 

Семейден жалдап әкелген. Мешітті салуға 

тікелей қатысушылар сол кездегі ел аузына 

ілініп жүрген ағаш-балта шеберлері атақты 

Бер лібек, Мұқамеджан, Өкімбай де ген адам-

дар еді», – делінген. 1908 жылы күздігү ні 

ме шіт толық салынып бітті.

Тобықты – арғы тегім, затым – Көкше,

Жасым кіші болса да, сезім кексе.

Жанатай – әкем аты, атым – Көкбай,

Сеңгірдей тасқа шыққан еп-ерекше!

*** 

Абайдан алдым сабақ бала жастан,

Тең бар ма ойға терең оннан асқан.

Алды бейіш, артына ырыс болсын,

Мен оның шәкірті едім ізін басқан...

***

Абаймен бірталай жыл араластым,

Шешімін әр жұмыстың ақылдастым.

Мұрат етіп өсиетін ләззаттанып,

Жолына білім-өнер қалыптастым

Көкбай қалай қайтыс болған?

1920 жылдардан бастап Көкбайдың 

денсаулығы күрт төмендей бастайды. 1861 

жылы дүниеге келгендігін ескерсек, ақын 

бұл кезде 60-ты алқымдаған ел ағасы бола 

бастаған кезі екені түсінікті болады. Әйтсе 

де, қазақбайшылыққа салынып, «кәрілік 

қой» дей салмай, дертінің диагнозын дәл 

анықтау үшін дәрігерге қаралуды жөн көреді. 

Сол үшін де 1922 жылы арнайы Омбы 

қаласына ба рып қаралады. Сірә, одан дерті 

айыға қой маса керек, араға жыл салып, 

1923 жы лы Мәскеуге арнайы сапар шегеді. 

Алайда ауруынан сонда да айыға қоймады. 

Сонан соң 1925 жылы қайта қаралуға 

Мәскеуге екін ші рет аттанады. Бұл ақынның 

соңғы са пары екен. Ауылдан ұзай бере, 

Күшікбай ке зе ңіне жеткенде, Көкбай ақын 

ақтық демін соң 

ғы рет алып, ақыретке 

аттанып кеткен екен. 

Көкбай Жанатайұлының қазасы туралы 

«Көкбай молла қайтыс болды Семей уезінен» 

де  ген қаралы хабар сол тұста шығатын «Қазақ 

тілі» газетінің 1925 жылғы 20 қаза нын  да ғы 

100 (631) санында жарияланған еді.

Абайдық ақын шәкірті Көкбай қай жылға дейін өмір сүрген? Оның қазасы 

жайлы нақты мәлімет сақталған ба?

Бағлан, Семей қаласы

Бірінші қатарда: А.Байтұрсынов, М.Жакежанов, К.Жанатайұлы, Т.Құнанбаев, Ж.Әтіков.

Екінші қатарда: Ж.Бағымбаев, М.Дулатов, Қ.Мұңайтпасов, С.Қадырбаев, Е.Омаров. Семей, 1918 жыл.

Көкбай Жанатайұлы

Көкбайдың кесенесі мен мешіт-медресесі


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№161 (613) 



14.09.2011 жыл 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

5

ҒИБРАТ



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Абайдың Ақылбайдан

тараған ұрпағы бар ма?

Абай атамыздың тұңғышы Ақылбайдан ұрпақ қалды ма? Олардан өнерге 

жақыны қайсы?

Ералы ШЫҢҒЫС, Аягөз

Абайдан қалған ер ұрпақ та осы Ақыл-

байдан тараған. Ақылбайдың Әлімқұл (1879-

1914), Әубәкір (1881-1934), Исраил (1895-

1959) дейтін үш ұлы болса, солардың ел 

тоқтаған кі сіліктісі Әлімқұл екен. Әлімқұлдың 

болыс кандидаты болғаны, жүйрік аттар 

ұстағаны айтылады. Әлімқұлдан – Бағыфур, 

одан – Эрнест, Бауэр, Ай дар. Айдардан – Да-

нияр. Исраил ск рип ка, домбыраға шебер му-

зыкант бол ған. Өз әкесі Ақылбай мен Мұ қа-

лар  дан естіп-үйренген қырыққа тарта қазақ, 

орыс күйлерін орындайтын. Олардың ішінде 

«Ала байрақ», «Бұлаң жігіт», «Кертолғау», 

«Бал 

бырауын», «Саймақтың сары өзені», 



«Аза мат қо жа», «Бес төре» сынды қазақтың 

ха лық күйлері бар. Абай әндері, орыс му зы-

ка  сынан «Тоска по родине», «Осенняя мечта» 

деп өз естуінше атап тартатын күйлерден бас-

қа, аттары есінде жоқ талай ән-күй орын дай-

тын. Исраилдың ар тында қыздары бар.

ҰЛАҒА

Т

ПАЙЫМ



Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным ба-

ла сы болмаған соң, Абайдың 16 жасында 

көр ген тұңғышы Ақылбайды бауырына 

басып алады. Сол себепті ол әкесіне інісін-

дей болып, шолжаң, ерке өседі. Абайдың 

дұшпандары Құнанбайдың «мырзасы» 

ата 

нып кеткен ұлымен арасын ашпақ 



ниетте болады. Бір іске көңіл қойып, бел 

шеше кірісер болса, Ақылбай аса қабілетті 

жас. Бірақ жастайынан еркін кеткен бала-

сы ның бұл мінезіне кейіген Абай «Ата-

анаға көз қуаныш» өлеңін жазған соң, 

Ақылбай сабасына түскен екен. Әкесінің 

ой салған өлеңі мұнан кейін Ақылбайды 

ақындыққа жетелейді. 

Ақылбай Құнанбай ауылының мол да-

сы нан ескіше оқып, хат танығаны болмаса

ұзақ уақыт оқымаған. Негізгі сусындаған 

да риясы – Абай берген үлгі-өнеге мен 

орыс әдебиеті. 

Абайдың ақын шәкірттерін тұңғыш 

зерт теуді бастаған Мұхтар Омарханұлы 

«Абай шәкірттері туралы» мақаласында 

шә кірттерін айта келе, шәкірттерінде Абай-

дың стилі бар екендігін айтады: «Бұлардың 

еңбектерін шолуда, алдын ала есте тұтатын 

бір жайды ескере кету керек. Ол – осы шә-

кірт ақындардың еңбек үлгілерінен және 

айқындап көріне түсетін, Абайдың өзінің 

ерекшелігі болады». 

Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ, филология ғы-

лы мының  докторы,  профессор:

– Ақылбай – Абайдай кемеңгер 

ақын  ның тұңғышы ғана емес, талантты 

шә кірті, ұстазының тапсырмасымен тау 

ха лық тарының  өмірінен  және  Аф ри ка-

дағы зұлыстар жайлы оқиғалы дас тан-

дар жазып, қазақ әдебиетіндегі поэма 

жанрының қалыптасуына өзіндік үлес 

қосқан көрнекті ақындығымен қоса, 

бір неше музыкалық аспаптарда ой-

наған өнерпаз, күйші, әндері халық 

ара сына тараған әнші, композитор. Та-

би ғатынан дарынды, бірақ құлшынысы 

сол ғын, көңілі жүйрік болғанмен, қыл-

ған ісі марғау Ақылбайды қамшылап, 

та лантты да, талапты шәкірттерінің қа-

тарына қосып, біз білген дәрежеге жет-

кізген – әке Абайдың, ұстаз Абайдың 

қам қор  қарекеті.

Ақылбайды ақын ретінде танытқан – 

оның поэмалары. Ақынның үш поэмасы: 

«Дағыстан» (Кәрі Жүсіп), «Зұлыс», «Жаррах 

батырдың» соңғысы бізге жетпеген. 

«Дағыстан» – Абайдың ақын шәкірт те-

рі не өзі ұсынған тақырыбы. Поэманы бә-

рінен бұрын жазып бітірген Ақылбайдың 

поэ масы Абайдың да, өзге шәкірттердің де 

көңілінен шығады. Әуезовтен кейін Абай-

дың ақын шәкірттерін зерттеген белгілі 

абай танушы ғалым Қайым Мұхамедханов 

«Абай дың ақын шәкірттері» атты еңбегінде 

Ақыл байдың ақындық қарымына мынадай 

баға береді: 

«Абайдың үлгі-өнегесімен Ақылбай за-

манының саналы азаматы, әдебиетке шын 

берілген ақын болады. Абайдың әде биет, 

өнер, білім, адамгершілік, мә 

де 

ниет 

жайын дағы өсиеті Ақылбайдың дүниеге 

көзін ашады. Әсіресе орыс мәдениетінен 

өнеге алуы, орыс әдебиетінен үлгі алып 

өсуі, ақындық талантына кең жол ашады. 

Адамзаттың Абайының «ұстаздық еткен жалықпас үйретуден 

балаға» деуі – айналасына талапты, өнерлі жастарды жинап, өнерге 

баулуынан туған ұлағатты қағида. Өлең-сөзге бейім өрендерді 

сілкілеп сынау арқылы, ұстаз оларды тезге салды. Ақындықтың 

қыр-сырын меңгертті. Терең де ойлы өлең құрауға машықтады. 

Осылайша «Абайдың әдеби мектебін» қалыптастырды. Ұлы 

ақынның кіндігінен тараған балаларының ақындыққа жақын 

болуы – әкесінің әнге әуес, күйге құмар болуымен қатар, қанмен 

дарыған тек пен тәлім бұлағының жемісі. Биыл 150 жыл толып 

отырған тұла бойы тұңғышы Ақылбай – әдебиет әлеміндегі 

талайды шаң қаптырарлық қауқары бар, нағыз ақын. 

Ақыл бай Абай өсиетін тыңдап қана емес, 

өз бетімен орыс ақындарын оқуға, терең 

тү сініп ұғуға қолы жетеді. Пушкин мен 

Лер монтов Ақылбайдың сүйікті ақындары 

бо лады. Осындай ұлы ақындарды оқып, 

үлгі алған Ақылбай қазақ әдебиетінде тұң-

ғыш Кавказды жырлаған ақын».

Ақылбай ағылшын жазушысы Хаг гард-

тың даңқын асырған «Сүлеймен патшаның 

қа зынасы» («Копи царя Соломона») атты 

ро маны желісінде «Зұлыс» поэмасын жа-

зып шығады. Бұдан біз Ақылбайдың тек 



Ақылбай - поэма жанрының қас шебері

Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

орыс емес, әлем әдебиетіне де қызы ғу-

шылығы болғандығын аңғарамыз. Поэма 

жа зу біреулер үшін жеңіл көрінгенімен, 

өлең мен роман жазу оңай шаруа емес. 

Сю жет тер  желісіндегі  әсерлілік  пен 

кейіпкерлер образын суреттеудегі көр кем-

дік Ақылбайды шын мәніндегі поэма 

жанрының қас шебері еткені анық. Әде-

биет ші Қ.Мұхамедханов Ақылбай бұл поэ-

маны толық аяқтағандығын айтқан. Де-

генмен бізге түгелдей жетпегендіктен, дас-

тан ның толық нұсқасымен таныс емеспіз. 

Абайдың бүкіл тірлік-тынысын әйел де-

рінен, балаларынан, ағайын-туысынан бө-

ліп қарауға әсте болмайды. Роман-эпо пея-

да Абайдың алғаш ақ некемен қосылған 

бәй бішесі Ділдә адуындау, біршама сабыр-

сыз дау кейіпте көрінгенімен, оның сонау 

Қазыбек биден үзілмей келе жатқан тәр-

биеден тәлім алған текті адам болғанын 

ешкім де теріске шығара алмақ емес.

Осы пікірге дәлел ретінде ел аузынан 

жет кен мына бір оқиғаны баяндап кө-

релік.

Бірде Ділдә жайлауға шығарда, үй жи-



һаз дарын қақтырып жатқанда жұрттың 

көзі алтынмен зерленген бір әдемі тонға 

тү седі. Сөйтсе, бұл Ділдә ұзатылғанда төр-

кі нінен бірге келген асыл бұйымдардың 

бірі екен. Осы киімді неше жыл бүлдірмей 

сақтап келе жатқан Ділдәнің ұқыптылығына 

жұрт жылы лебіз білдіріп жатады, әлгі тон-

ды «мен кием, мен кием» деп Абайдың 

бүкіл балалары таласа бастайды. Сонда 

Ділдә тұрып:

– Алсаң, менің төркінімді мақтап та бан 

астында өлең шығарғандарың ғана ала-

сың. Және де кімнің өлеңі жақсы шықса,  

со ған берем, – деген екен. Осы сәт Ақыл-

бай сайрап қоя береді:

– Арғы атаң – ер Қазыбек әулие өткен,

Дүниеден опасы жоқ ол да кеткен.

«Я, бабам, қолдай гөр»

 

  деп 

сиынғанда,

Аруағы сол сағатта келіп жеткен.

Бекболат асып туған асыл заттан,

Ол-дағы сыйынғанын жебеп жатқан.

Билеген Абылайдан Орта жүзді,

Қитығына тигенін сайғақтатқан.

Тіленші одан туып, ел билеген,

Арғынға одан қорқып, жан тимеген.

Билікте бұйырғаны ғаділ шығып,

Тентегі мен телісі зар илеген.

Алшынбай – атасынан сары қасқа,

Бір адам сөз айтпаған одан басқа.

Біреуді аға сұлтан қоям десе,

Ешбір жан ешқашан бас шайқамас та.

Өзіме мырза Түсіп – нағашы ата,

Сөзімде, кешіріңіз, болса қата.

Атаңды арғы-бергі түгел айттым,

Аруағын нағашымның тонға сата, – 

деп, тонды бас салғанда, Абайдың басқа 

балалары іркіліп қала берген екен.

Ділдә ең алдымен ұлы ақынның өз ба-

ла ларын Абай ауылының ақындық дәс тү-

ріне тәрбиелеуге көңіл бөлгенін бай қай-

мыз.

Тоқтархан ШӘРІПЖАНҰЛЫ,

(«Абай» журналы, 1992, №1)

Ақылбайдың шапшаңдығы

Ал Ақтамақты Ақылбай ақынмен бай-

ла нысты сөйлеуге керек. Ақыл ағаң Құ нан-

бай мырза кенжесі саналып, неде болсын, 

ер кін, алшаң жүрген ақынның «Ата-анаға 

көз қуаныш» өлеңінде ұнамаудың сарыны 

болуы да Ақыл ағаңның жауапсыздау жү-

ріс-тұрысынан болған секілді.

Ақтамақ атанған келіншектің есімі Кө-

кен екен. Ақыл ағаң құмартып, Көкенге 

құш 

тарлық көңілін білдіріп, сөз салса, 



келіншек Ақыл ағаң сөзін не терістемейді, 

не құптаса да орындамай, сөзбұйдаға са-

лып, жігіттің төзімін тауысыпты-мыс. Ақыл-

бай Көкенге арнап: «Асықтық сәлем айттым 

Көкеніме, жүре берме әркімнің жетегіне», 

– деп, өлеңді әнге де орапты. Қайыр ма-

сын да:

«Көкен қалқам,

Саған айтам.

Қақтап сиыр саумасаң,

Сені кайтем», – дейді.

Осынша Ақыл ағаң ынтығы Көкен көркі 

ерекше болған. Жұрт лақаптап келіншекті 

Ақтамақ атандырғанда, біздің жұрт ауылды 

Ақтамақ ауылы, қарағанды да Ақтамақ қа-

ра ғаны деп атап кеткен.

Енді Итжонның етегімен жүргенде Ақ-

та мақ қонысынан үш шақырымдық мүйіс-

тен өте бергенде, қалың қарағанды күзе 

жа тыр. Бұл – Әйгерім күзеулігі. Күзеу қор-

ға ны, күзек тамының да іргетасы жатыр. 

Осы күзеуден шығысқа қарай үлкен алқап, 

адыр тесінде және бір қоныс – Ақылбайдың 

бел суы аталатын қоныс бар. Аты белдегі 

су болғанмен, бастау деуге лайық сияқты 

орын. Әйгерім күзеулігі мен Байтөбет қыс-

тағының арақашықтығы бес шақырым. 

Осы екі ортадағы төбеде үлкен бір құла ма-

ған қыстау орны 1961 жылға дейін тұратын. 

Сол кездегі ұжым басшылары сол орынды 

«Әйгерім күзегі» атап, 1000 қойлық қыстақ 

салып, оны 1969 жылы тастап кеткен-тін. 

Сөйт сек, ол орын Өскембайдың үшінші ба-

ла сы Жақыптың немересі Қырбасұлы Қо-

жах меттің 20-жылдарда салдырған қорасы 

екен. Төрт-бес жылдан артық қыстамаса 

керек. Қожахмет Меккеге барған қажы кү-

зеулігі – Тышқан бауырындағы Қожа ады-

ры аталған жер. Күзеу орны бүгін бар.

Біз Тышқан биігі мен Аралтөбе, Бай ға-

был, Бөрілі тау төбелеріне де жеттік. Тыш-

қан – Еренайдың Ақбиігімен жалғасып, 

Тал дыбұлақты бауырына алып тұратын зор 

қабырға. Тышқан деген тетемдік, киелі атау 

десек те, қашан да, әсіресе қыста биік үсті 

тышқан арқасындай бір сызық болып 

көрінеді. Бұл биік аты соған ұқсатылып 

қойылған. Тышқан биігі іші-тысы бауыр 

же рі нің Шыңғысы аталады. Бауырдың қан-

дай қатты қысы болсын, осыдан бастап, 

Арал төбе, Байғабыл – Бөрілі еліне өзге 

жерден жеңілдеу тиеді. Жер жадысын, мал 

жайын білер кісіге бұл өлкеде жайылысы 

болмайтын қыс сирек те.

Тышқан, Талдыбұлақ Ақылбай Абай-

ұлы ның, оның бала, немерелерінің ата қо-

нысы болған. Басында Ақылбай Нұрғаным 

қолында өскен шақтан бұл маңды күзеу 

етіп, кейіннен 1875-1880 жылдарда қора-

жай салса керек. Нұрғанымның кейінде 

Құ тайба қолына ауысып, Тесіпшыққаннан 

қора салғызып, Үлкен Ақшоқыға, Құнекең 

зиратына жерлегенін айтқанбыз. Тышқанда 

үлкен зират бар. Сол зиратта Ақылбайға 

әкесінің әлемдік мерекесіне байланысты 

Маңғыстаудың ұлутасынан тұрғызылған 

кереге там тұр. Біз білетіндерден зиратта 

Ақыл ағаңнан өзге бәйбішесі Бағила, жас-

тай өлген Әлімқұлұлы Тайыр, Әлімқұлдың 

өзі жерленген. Ақыл аға дүние салған соң, 

бұл қонысқа Әлімқұл ие болады. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал