Мемлекеттік қызмет туралы


-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін төлемақы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/36
Дата21.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36

24-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін төлемақы 
 
        1.  Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  қызметтер  Қазақстан 
Республикасының заңдарына сəйкес ақылы немесе тегін негізде көрсетіледі. 
2.  Қазақстан  Республикасының заңдарында  тегін  ұсынылуға  кепілдік 
берілген  мемлекеттік  қызметтерді  көрсеткені  үшін  көрсетілетін  қызметті 
алушыға төлемақы белгілеуге жол берілмейді. 
 
25-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері бойынша шағымдарды 
қарау ерекшеліктері 
 
        1.  Көрсетілетін  қызметті  алушылардың  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
мəселелері бойынша шағымдары осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле 
отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қаралуға жатады. 
2. Орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың,  астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар  қаланың  жергілікті 
атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, 
ауылдық  округ  əкімінің,  көрсетілетін  қызметті  берушінің,  халыққа  қызмет 
көрсету  орталығының  атына  келіп  түскен  көрсетілетін  қызметті  алушының 
шағымы  оның  тіркелген  күнінен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде  қаралуға 
жатады. 
        Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі 
уəкілетті  органның  атына  келіп  түскен  көрсетілетін  қызметті  алушының 
шағымы  оның  тіркелген  күнінен  бастап  он  бес  жұмыс  күні  ішінде  қаралуға 
жатады. 
        3.  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бағалау  жəне  бақылау 
жөніндегі уəкілетті  орган  шағымды  қарау  қорытындылары  бойынша: 
        1) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың,  астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар  қаланың  жергілікті 
атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, 
ауылдық  округ  əкімінің,  көрсетілетін  қызметті  берушінің,  халыққа  қызмет 
көрсету  орталығының  көрсетілетін  қызметті  алушының  шағымы  бойынша 
қабылдаған  шешіміне  оның  қанағаттанбауы  себептерін  кешенді  түрде 
зерделеуді қамтамасыз етуге; 
69

2)  орталық  мемлекеттік  орган,  облыстың,  республикалық  маңызы  бар 
қаланың,  астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар  қаланың  жергілікті 
атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, 
ауылдың,  ауылдық  округтің  əкімі  тарапынан  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы  заңнамасының  сақталмау  фактісі 
анықталған  жағдайда  олардың  атына  көрсетілетін  қызметті  алушының 
бұзылған  құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  қалпына  келтіру 
жөнінде шаралар қолдану үшін ұсыныстар жіберуге; 
3) көрсетілетін қызметті алушының шағымын орталық мемлекеттік орган, 
облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың,  ауданның, 
облыстық  маңызы  бар  қаланың  жергілікті  атқарушы  органы,  қаладағы 
ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің 
əкімі тарапынан қанағаттандырудың уақтылылығы мен толықтығын бақылауды 
жүзеге асыруға міндетті. 
4.  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бағалау  жəне  бақылау 
жөніндегі  уəкілетті  органның,  орталық  мемлекеттік  органның,  облыстың, 
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы 
бар  қаланың  жергілікті  атқарушы  органының,  қаладағы  аудан,  аудандық 
маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ əкімінің шағымды қарау мерзімі: 
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге 
барып тексеру жүргізу; 
2)  қосымша  ақпарат  алу  қажет  болған  жағдайларда  он  жұмыс  күнінен 
аспайтын мерзімге ұзартылады. 
Шағымды  қарау  мерзімі  ұзартылған  жағдайда  шағымдарды  қарау 
бойынша  өкілеттіктер  берілген  лауазымды  адам  шағымды  қарау  мерзімі 
ұзартылған  кезден  бастап  үш  жұмыс  күні  ішінде  шағым  берген  көрсетілетін 
қызметті  алушыға  ұзарту  себептерін  көрсете  отырып,  шағымды  қарау 
мерзімінің  ұзартылғаны  туралы  жазбаша  нысанда  (шағым  қағаз  жеткізгіште 
берілген  кезде)  немесе  электрондық  нысанда  (шағым  электрондық  түрде 
берілген кезде) хабарлайды. 
 
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН 
БАҚЫЛАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН 
БАҒАЛАУ ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГІ 
 
26-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды, мемлекеттік 
қызметтер көрсету сапасын бағалауды жəне оның қоғамдық мониторингін 
жүргізу қағидаттары 
 
Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бақылауды,  мемлекеттік 
қызметтер  көрсету  сапасын  бағалауды  жəне  оның  қоғамдық  мониторингін 
жүргізу мынадай қағидаттарға негізделеді: 
1) заңдылық; 
2) объективтілік; 
3) турашылдық; 
70

4) анықтық; 
5) жан-жақтылық; 
6) ашықтық. 
 
27-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүргізу 
ерекшеліктері 
 
        1.  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бақылау  Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 
        2.  Орталық  мемлекеттік  органдардың,  облыстардың,  республикалық 
маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар 
қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдарының,  қаладағы  аудандар,  аудандық 
маңызы  бар  қалалар,  кенттер,  ауылдар,  ауылдық  округтер  əкімдерінің 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы 
заңнамасын  сақтау  жөніндегі  қызметі  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын 
бақылау объектісі болып табылады. 
 
28-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу 
тəртібі 
 
Электрондық  нысанда  көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтерді  қоспағанда, 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бағалауды  мемлекеттік  қызметтер 
көрсету  сапасын  бағалау  жəне  бақылау  жөніндегі уəкілетті  орган  Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырады. 
Электрондық  нысанда  көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтердің  сапасын 
бағалауды 
ақпараттандыру 
саласындағы уəкілетті 
орган 
Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырады. 
 
29-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық 
мониторингі 
 
        1.  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасының  қоғамдық  мониторингін 
жеке  тұлғалар,  коммерциялық  емес  ұйымдар  өз  бастамасы  бойынша  жəне  өз 
есебінен жүргізеді. 
        Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасының  қоғамдық  мониторингі 
Қазақстан  Республикасының заңнамасына  сəйкес  мемлекеттік  қызметтер 
көрсету  сапасын  бағалау  жəне  бақылау  жөніндегі  уəкілетті  органның 
мемлекеттік əлеуметтік тапсырысы бойынша да жүргізіледі. 
2.  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасының  қоғамдық  мониторингін 
жүргізу  кезінде  жеке  тұлғалар,  коммерциялық  емес  ұйымдар,  мемлекеттік 
құпияларды, коммерциялық жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын 
ақпаратты  қоспағанда,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласына  жататын  қажетті  ақпаратты  орталық 
мемлекеттік  органдардан,  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар 
қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың 
71

жергілікті  атқарушы  органдарынан,  қаладағы  аудандар,  аудандық  маңызы  бар 
қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер əкімдерінен, осы ақпарат олардың 
интернет-ресурстарында болмаған жағдайда, сұратуға құқылы. 
3.  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасының  қоғамдық  мониторингі 
нəтижелері бойынша жеке  тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар қорытынды 
жасайды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің 
қорытындысы: 
        1)  орталық  мемлекеттік  органдардың,  облыстардың,  республикалық 
маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар 
қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдарының,  қаладағы  аудандар,  аудандық 
маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер əкімдерінің, сондай-
ақ  көрсетілетін  қызметті  берушілердің  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы  заңнамасының  талаптарын 
сақтауы туралы ақпаратты; 
2)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасының  қоғамдық  мониторингі 
барысында  анықталған  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметтер 
көрсету  саласындағы  заңнамасының  сақталмау  фактілерін  жою  жөніндегі 
ұсынымдарды; 
        3)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  арттыру  жөніндегі 
ұсыныстарды; 
        4)  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандарттарына  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды қамтиды. 
4.  Орталық  мемлекеттік  органдар,  облыстардың,  республикалық  маңызы 
бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың 
жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар 
қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің əкімдері, сондай-ақ 
көрсетілетін  қызметті  берушілер  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасының 
қоғамдық  мониторингі  қорытындысын  ескере  отырып,  мемлекеттік  қызметтер 
көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қолданады. 
 
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
 
30-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету 
саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 
 
        Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 
заңнамасын  бұзу  Қазақстан  Республикасының заңдарында  белгіленген 
жауаптылыққа əкеп соғады. 
 
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі 
 
        Осы  Заң  алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  отыз  күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
72

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 
мəселелері 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 
Жарлығы 
 
Ескерту.  Тақырыпқа  өзгеріс  енгізілді - ҚР  Президентінің 16.04.2013 № 
544 Жарлығымен.
 
 
        "Мемлекеттік  қызмет  туралы"  Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы 
23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:  
1. Қоса беріліп отырған: 
1)  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
(бұдан əрі - Агенттік) туралы ереже; 
2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін. 
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 16.04.2013 
№ 544
 
Жарлығымен. 
2. 
Алынып тасталды - ҚР Президентінің 16.04.2013 
№ 544
 Жарлығымен. 
3.  Агенттік  Төрағасының  екі  орынбасары,  соның  ішінде  бір  бірінші 
орынбасары болады деп белгіленсін. 
Ескерту. 3-тармаққа  өзгерту  енгізілді - ҚР  Президентінің 2005.10.14 N 
1660
 жарлығымен. 
 
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде: 
1) "Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі 
агенттігінің  Ақпарат  жəне  сынақ  орталығы"  мемлекеттік  мекемесін құрсын; 
P081305 
2) 
Агенттік 
пен 
оның 
аумақтық 
органдарының 
қызметін 
қаржыландыруды  республикалық  бюджетте  көзделген  қаржының  есебінен 
қамтамасыз етсін; 
3)  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  бұрын  қабылдаған  актілерін  осы 
Жарлыққа сəйкес келтірсін; 
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын. 
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі мен Агенттік бір ай 
мерзімде  Мемлекет  басшысының  бұрын  шығарылған  актілерін  осы  Жарлыққа 
сəйкес  келтіру  туралы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  қарауына 
ұсыныс енгізсін. 
        6.  Облыстар  мен  Астана  жəне  Алматы  қалаларының  əкімдері Агенттіктің 
аумақтық  органдарының  ұйымдық-техникалық  мəселелерін  шешуде  жəрдем 
көрсетсін.  
       7.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  "Қазақстан  Республикасының 
Мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  агенттігінің  мəселелері"  туралы 1998 
жылғы 12 қарашадағы N 4141 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1998 ж, N 40, 361-құжат) күші жойылған деп танылсын. 
8.  Осы  Жарлықтың  орындалуын  бақылау  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 
9. Осы Жарлық 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.  
Қазақстан Республикасының Президенті  
73

Қазақстан Республикасы     
 Президентінің         
 1999 жылғы 3 желтоқсандағы  
 № 280 Жарлығымен       
 Бекітілген         
 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы 
ЕРЕЖЕ 
 
        Ескерту.  Ереже  жаңа  редакцияда - ҚР  Президентінің 16.04.2013 № 544 
Жарлығымен.
 
 
1. Жалпы ережелер 
 
        1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстан 
Республикасының  Президентіне  тікелей  бағынатын  жəне  есеп  беретін, 
мемлекеттік  қызмет  саласында  басшылықты,  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
сапасын  бағалау  жəне  бақылауды  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  орган  болып 
табылады. 
      
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.08.2013 
№ 608
 
Жарлығымен.
 
        2.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі  өз 
қызметін  Қазақстан  Республикасының Конституциясына  жəне заңдарына, 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметінің  актілеріне,  өзге  де 
нормативтік  құқықтық  актілеріне,  сондай-ақ  осы  Ережеге  сəйкес  жүзеге 
асырады. 
        3.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
мемлекеттік  мекеме  ұйымдық-құқықтық  нысанындағы  заңды  тұлға  болып 
табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген 
үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес 
қазынашылық органдарында шоттары болады. 
4.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 
5.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігіне 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес  уəкілеттік  берілсе,  оның 
мемлекет  атынан  азаматтық-құқықтық  қатынастардың  тарапы  болуға  құқығы 
бар. 
        6.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі  өз 
құзыретіндегі  мəселелер  бойынша  Қазақстан  Республикасының заңнамасында 
белгіленген  тəртіппен  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері 
агенттігі  төрағасының  бұйрықтарымен  жəне  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында  көзделген  басқа  да  актілермен  ресімделетін  шешімдер 
қабылдайды. 
        7.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің 
74

құрылымы  мен  штат  санының  лимиті  Қазақстан  Республикасының  
заңнамасына сəйкес бекітіледі. 
8. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің заңды 
мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а. 
9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің толық 
атауы - "Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі" 
мемлекеттік мекемесі. 
10.  Осы  Ереже  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері 
агенттігінің құрылтай құжаты болып табылады. 
11.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің 
қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 
12.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің 
кəсіпкерлік  субъектілерімен  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет 
істері  агенттігінің  функциялары  болып  табылатын  міндеттерді  орындау 
тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. 
Егер  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігіне 
кірістер əкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңнамалық актілерде берілсе, 
онда  осындай  қызметтен  алынған  кірістер  мемлекеттік  бюджеттің  кірісіне 
жіберіледі. 
 
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 
 
        13.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің 
миссиясы:  мемлекеттік  қызмет  саласында  жəне  өз  құзыреті  шеңберінде 
мемлекеттік  қызмет  көрсету  саласында  біртұтас  мемлекеттік  саясатты  іске 
асыру. 
       
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.08.2013 
№ 608
 
Жарлығымен.
 
        14. Міндеттері: 
        1)  мемлекеттік  қызметті  жетілдіру  жəне  оның  тиімділігін  арттыру 
жөніндегі ұсыныстар əзірлеу; 
        2)  кадрларды  іріктеудің  жəне  мемлекеттік  қызмет  персоналын 
басқарудың тиімді жүйесін құру; 
        3) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны 
жетілдіру жөніндегі ұсыныстар əзірлеу; 
        4)  мемлекеттік  қызметшілерді  даярлау,  қайта  даярлау  жəне  олардың 
біліктілігін  арттыру  мəселелері  жөнінде  мемлекеттік  органдардың  іс-қимылын 
үйлестіру. 
        15. Функциялары: 
        1)  мемлекеттік  қызметті  жетілдіру  жəне  оның  тиімділігін  арттыру 
саласында мемлекеттік бағдарламаларды əзірлеу мен іске асыруға қатысу; 
        2)  мемлекеттік  қызметшілерді қайта  даярлау  мен  олардың  біліктілігін 
арттырудың  мемлекеттік  бағдарламалары  бойынша  мемлекеттік  тапсырысты 
қалыптастыруды жəне орналастыруды үйлестіру; 
75

        3)  мемлекеттік  тапсырыс  негізінде  мемлекеттік  қызметшілерді  даярлау 
жəне қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған 
адамдардың мемлекеттік қызмет өткеруіне мониторингті жүзеге асыру; 
4)  мемлекеттік  қызмет  мəселелері  бойынша  халықаралық  шарттардың 
жобаларын  дайындауға  қатысу  жəне  халықаралық  ынтымақтастықты  жүзеге 
асыру; 
        5)  мемлекеттік  қызметшілерге  еңбекақы  төлеу  жүйесін  жетілдіру, 
əлеуметтік-құқықтық 
қорғалуы 
жөніндегі 
ұсыныстар 
əзірлеу; 
        6)  мемлекеттік  органдар  ұсынатын  қызметтердің  сапасын  арттыру 
жөніндегі ұсыныстар əзірлеу; 
7)  мемлекеттік  қызмет  персоналы  жөніндегі  республикалық  дерекқорды 
қалыптастыруды,  оның  ішінде  автоматтандырылған  бірыңғай  дерекқорды 
(ақпараттық  жүйені)  қоса  алғанда,  мемлекеттік  қызметтің  кадр  құрамы  мен 
мемлекеттік лауазымдары жай-күйінің мониторингін жүргізу; 
8)  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілердің кадр  резервін  жасақтау; 
        9) мемлекеттік қызметшілерді жəне мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға 
орналасуға кандидаттарды тестілеу тəртібін айқындау; 
10)  Қазақстан  Республикасының заңнамасына  сəйкес  қойылатын 
біліктілік  талаптарына  үміткердің  сəйкес  келуі  бөлігінде  "Б"  корпусы 
мемлекеттік əкімшілік лауазымына тағайындауды келісу; 
11)  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілерден  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылық  жасағаны  үшін  берілген  тəртіптік  жазаны  мерзімінен  бұрын  алып 
тастауды келісу; 
12)  сынақ  мерзімінен  өтпеген  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілерді 
жұмыстан шығаруды келісу; 
13)  мемлекеттік  органдар  əзірлейтін  "Б"  корпусының  мемлекеттік 
əкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу; 
14)  мемлекеттік  қызметшілердің  құқықтары  мен  заңды  мүдделері 
бұзылған жағдайларда оларға кеңес беру; 
15)  мемлекеттік  қызметшілерге  қатысты  тəртіптік  істерді  Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сəйкес қарау; 
       16)  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілердің  тəртіптік  істерін  қарау 
жөніндегі  мемлекеттік  органдардың  тəртіптік  комиссияларының  жұмысын 
үйлестіру; 
17) электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, 
мемлекеттік  органдарда  персоналды  басқарудың  тиімділігін  жəне  мемлекеттік 
қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды жүзеге асыру; 
18) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылауды жүзеге асыру; 
18-1)  мемлекеттік  органдардан  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  сапасын 
ішкі бақылау нəтижелері туралы ақпаратты сұрату; 
18-2)  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  сапасына  қоғамдық  мониторинг 
жүргізу  бойынша  мемлекеттік  əлеуметтік  тапсырысты  қалыптастыру  мен  іске 
асыру; 
76

18-3)  жеке  тұлғалармен,  коммерциялық  емес  ұйымдармен  мемлекеттік 
қызметтер  көрсету  мəселелері  бойынша  өзара  іс-қимыл  жəне  ынтымақтастық 
жөніндегі қоғамдық кеңестер құрау; 
18-4)  жеке  тұлғалар  мен  коммерциялық  емес  ұйымдарға  мемлекеттік 
қызметтер  көрсетудің  сапасына  қоғамдық  мониторинг  жүргізу  бойынша 
ақпараттық, кеңестік, əдістемелік көмек көрсету; 
19)  мемлекеттік  органдардың  мемлекеттік  қызмет  туралы  заңнаманы 
сақтауын бақылауды жүзеге асыру; 
20)  мемлекеттік  қызметшілердің  қызмет  этикасын  сақтауын  бақылауды 
жүзеге асыру; 
21)  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің 
аумақтық бөлімшелерінің құзыретін белгілеу; 
22)  мемлекеттік  қызмет  туралы  заңнаманы  қолдану  мəселелері бойынша 
мемлекеттік  органдардың  немесе  лауазымды  адамдардың  іс-əрекеті  мен 
шешімдеріне жеке жəне заңды тұлғалардың шағымдарын қарау; 
23)  мемлекеттік  қызмет  туралы  заңнама  бұзыла  отырып  қабылданған 
шешімдерінің күшін жою немесе өзгерту туралы мемлекеттік органдарға жəне 
лауазымды адамдарға ұсыныстар енгізу; 
24) "Мемлекеттік  қызмет  туралы"  Қазақстан  Республикасының Заңын 
мемлекеттік  органдар  немесе  лауазымды  адамдар  бұзған  жағдайда  сотқа 
жүгіну; 
        25)  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің 
құзыретіне кіретін мəселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу 
жəне бекіту; 
26)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында,  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  актілерінде  өзіне  жүктелген  өзге  де 
функцияларды жүзеге асыру. 
 
Ескерту. 15-тармаққа  өзгеріс  енгізілді - ҚР  Президентінің 09.08.2013 
№ 
608
 Жарлығымен. 
16.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің 
құқықтары мен міндеттері: 
1)  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметін  жетілдіру 
мəселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне жəне Үкіметіне 
ұсыныстар енгізу; 
2)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тəртіпте 
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпарат 
пен материалдарды сұрату жəне алу; 
3)  өз  құзыретіне  жататын  мəселелер  бойынша  тексерулер  жүргізу, 
тексерулер  жүргізуге  мемлекеттік  органдардың  келісімімен  олардың 
қызметкерлерін тарту; 
4)  мемлекеттік  қызмет  туралы  заңнаманың  бұзылуы  анықталған  кезде 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тəртіпте  шаралар 
қабылдау; 
        5)  Қазақстан  Республикасы заңнамасында  көзделген  өзге  де  құқықтарды 
жүзеге асыру жəне өзге де міндеттерді орындау. 
77
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет