Мемлекеттік қызмет туралы


-бап. Орталық мемлекеттік органдардың құзыреті



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/36
Дата21.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36

10-бап. Орталық мемлекеттік органдардың құзыреті 
 
Орталық мемлекеттік органдар: 
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын əзірлейді; 
2)  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  регламенттерін  əзірлейді  жəне 
бекітеді; 
59

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді; 
4) 
мемлекеттік 
көрсетілетін 
қызметтер 
стандарттары 
мен 
регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді; 
5)  көрсетілетін  қызметті  алушылардың  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
тəртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді; 
6)  көрсетілетін  қызметті  алушылардың  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
мəселелері бойынша өтініштерін қарайды; 
7)  көрсетілетін  қызметті  алушылардың  бұзылған  құқықтарын, 
бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  қалпына  келтіруге  бағытталған 
шараларды қолданады; 
8)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы  қызметкерлердің 
біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді; 
9)  ақпараттандыру  саласындағы уəкілетті  органмен  келісу  бойынша 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес  мемлекеттік  қызметтер 
көрсету  процестерін  оңтайландыру  жəне  автоматтандыру  жөнінде  шаралар 
қолданады; 
10)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бағалау  жəне  бақылау 
жөніндегі уəкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды 
жүргізу  үшін  ақпараттың,  сондай-ақ  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын 
ішкі  бақылау  нəтижелері  бойынша  ақпараттың  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз 
етеді; 
        11) ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органға электрондық нысанда 
көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтер  сапасын  бағалауды  жүргізу  үшін 
ақпараттың  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тəртіппен 
жəне мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді; 
        12)  егер  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  өзгеше  көзделмесе, 
халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарына  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  үшін 
қажетті  мəліметтерді  қамтитын  ақпараттық  жүйелерге  қолжетімділікті 
ұсынады; 
        13)  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мəселелері  жөніндегі  бірыңғай 
байланыс  орталығына  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  тəртібі  туралы  ақпарат 
ұсынады; 
        14)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес  мемлекеттік 
қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді; 
        15)  көрсетілетін  қызметті  берушілердің  мемлекеттік  көрсетілетін 
қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді; 
        16)  осы  Заңда,  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  заңдарында, 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жəне  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
 
 
60

11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, 
астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті 
атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар 
қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер əкімдерінің құзыреті 
 
        Облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың, 
аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың жергілікті  атқарушы 
органдары,  қаладағы  аудандардың,  аудандық  маңызы  бар  қалалардың, 
кенттердің, 
ауылдардың, 
ауылдық 
округтердің 
əкімдері: 
        1) тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер 
көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді; 
        2) 
мемлекеттік 
көрсетілетін 
қызметтер 
стандарттары 
мен 
регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді; 
        3)  көрсетілетін  қызметті  алушылардың  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
тəртібі 
туралы 
хабардар 
болуын 
қамтамасыз 
етеді; 
       4)  көрсетілетін  қызметті  алушылардың  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
мəселелері 
бойынша 
өтініштерін 
қарайды; 
       5)  көрсетілетін  қызметті  алушылардың  бұзылған  құқықтарын, 
бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  қалпына  келтіруге  бағытталған 
шараларды қолданады; 
        6)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы  қызметкерлердің 
біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді; 
     
7)  ақпараттандыру  саласындағы  уəкілетті  органмен  келісу  бойынша 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес  мемлекеттік  қызметтер 
көрсету  процестерін оңтайландыру  жəне  автоматтандыру  жөнінде  шаралар 
қолданады; 
        8)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бағалау  жəне  бақылау 
жөніндегі уəкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды 
жүргізу  үшін  ақпараттың,  сондай-ақ  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын 
ішкі  бақылау  нəтижелері  бойынша  ақпараттың  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз 
етеді; 
        9)  ақпараттандыру  саласындағы уəкілетті  органға  электрондық  нысанда 
көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтер  сапасын  бағалауды  жүргізу  үшін 
ақпараттың  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тəртіппен 
жəне мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді; 
        10)  егер  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  өзгеше  көзделмесе, 
халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарына  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  үшін 
қажетті  мəліметтерді  қамтитын  ақпараттық  жүйелерге  қолжетімділікті 
ұсынады; 
        11)  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мəселелері  жөніндегі  бірыңғай 
байланыс  орталығына  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  тəртібі  туралы  ақпарат 
ұсынады; 
        12)  Қазақстан  Республикасының заңнамасына  сəйкес  мемлекеттік 
қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді; 
61

       13)  көрсетілетін  қызметті  берушілердің  мемлекеттік  көрсетілетін 
қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді; 
14)  жергілікті  мемлекеттік  басқару  мүдделері  үшін  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасымен  жүктелетін  өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге 
асырады. 
 
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІЛІМІ, 
СТАНДАРТЫ ЖƏНЕ РЕГЛАМЕНТІ 
 
12-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі 
 
1.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  мемлекеттік  көрсетілетін 
қызметтер тізіліміне енгізілуге жатады. 
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі: 
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын; 
көрсетілетін  қызметті  алушы  (жеке  жəне  (немесе)  заңды  тұлға)  туралы 
мəліметтерді; 
мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартын  əзірлейтін  орталық 
мемлекеттік органның атауын; 
көрсетілетін қызметті берушінің атауын; 
        өтініштер  қабылдауды  жəне  мемлекеттік  қызмет  көрсету  нəтижелерін 
беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауын жəне (немесе) мемлекеттік қызмет 
электрондық  нысанда  көрсетілетін  жағдайда  «электрондық  үкіметтің»  веб-
порталына нұсқауды; 
мемлекеттік қызмет көрсету нысанын; 
мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін екендігін көздейді. 
 
 
13-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын əзірлеуге жəне 
бекітуге қойылатын жалпы талаптар 
 
        1.  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасына  қойылатын  бірыңғай 
талаптарды  қамтамасыз  ету  үшін,  оның  ішінде  Қазақстан  Республикасының 
шетелдегі  мекемелері,  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 
астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың  жергілікті 
атқарушы  органдары,  қаладағы  аудандардың,  аудандық  маңызы  бар 
қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің əкімдері көрсететін 
мемлекеттік  қызметтер  үшін  орталық  мемлекеттік  органдар  мемлекеттік 
көрсетілетін қызметтер стандарттарын əзірлейді. 
        Қазақстан  Республикасының  Президентіне  бағынатын  жəне  есеп  беретін 
орталық  мемлекеттік  орган  əзірлейтін  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 
стандартын  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Əкімшілігімен  келісу 
бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
62

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  құрылымына  кіретін  орталық 
мемлекеттік  орган  əзірлейтін  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартын 
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандарты  мемлекеттік  көрсетілетін 
қызметтің  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  тізіліміне  енгізілген  күнінен 
бастап үш ай ішінде əзірленеді жəне бекітіледі. 
2.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартының  жобасы  осы 
Заңның 15-бабында көзделген тəртіппен жария талқылануға жатады. 
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын қабылдау, өзгерту, 
толықтыру  жəне  олардың  күшін  жою  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын 
бағалау  жəне  бақылау  жөніндегі уəкілетті  органның,  мемлекеттік  қызметтер 
көрсету 
саласындағы уəкілетті 
органның, 
ақпараттандыру 
саласындағы уəкілетті 
органның, 
орталық 
мемлекеттік 
органдардың, 
облыстардың, 
республикалық 
маңызы 
бар 
қалалардың, 
астананың, 
аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың  жергілікті  атқарушы 
органдарының,  қаладағы  аудандар,  аудандық  маңызы  бар  қалалар,  кенттер, 
ауылдар,  ауылдық  округтер  əкімдерінің  ұсыныстары  негізінде,  сондай-ақ 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасының  қоғамдық  мониторингі  жəне 
(немесе)  көрсетілетін  қызметті  алушылардың  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
мəселелері  жөніндегі  өтініштерін  қарау  қорытындылары  бойынша  жүзеге 
асырылады. 
 
14-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартының мазмұнына 
қойылатын талаптар 
 
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты: 
1) жалпы ережелерді: 
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын; 
мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартын  əзірлейтін  орталық 
мемлекеттік органның атауын; 
көрсетілетін қызметті берушінің атауын; 
2) мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін: 
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін; 
мемлекеттік қызмет көрсету нысанын; 
мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесін; 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  жағдайларда 
көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын 
төлемақы мөлшерін жəне оны алу тəсілдерін; 
көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін; 
мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін; 
мемлекеттік 
қызмет 
көрсетуден 
бас 
тарту 
үшін 
Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді; 
3)  орталық  мемлекеттік  органдардың,  облыстардың,  республикалық 
маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар 
қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдарының,  қаладағы  аудандар,  аудандық 
63

маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер əкімдерінің, сондай-
ақ  көрсетілетін  қызметті  берушілердің  жəне  (немесе)  олардың  лауазымды 
адамдарының,  халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарының  жəне  (немесе) 
олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері бойынша 
шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдану тəртібін; 
4)  мемлекеттік  қызмет  көрсету,  оның  ішінде  электрондық  нысанда  жəне 
халыққа  қызмет  көрсету  орталықтары  арқылы  көрсету  ерекшеліктері  ескеріле 
отырып, өзге де талаптарды көздейді. 
 
15-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын 
жария талқылау 
 
        1.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандарттарының  жобаларын 
жария  талқылау  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандарттарында 
құқықтары, бостандықтары мен  заңды  мүдделері  қозғалатын  жеке  жəне  заңды 
тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі. 
2.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартын  əзірлейтін  орталық 
мемлекеттік  орган  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтің  мемлекеттік 
көрсетілетін  қызметтер  тізіліміне  енгізілген  күнінен  бастап  бес  жұмыс  күні 
ішінде  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартының  жобасын  жария 
талқылау үшін оны «электрондық үкіметтің» веб-порталында, өзінің интернет-
ресурсында  жəне  (немесе)  облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың, 
астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар  қаланың  жергілікті  атқарушы 
органының,  қаладағы  аудан,  аудандық  маңызы  бар  қала,  кент,  ауыл,  ауылдық 
округ əкімінің интернет-ресурстарында орналастырады, сондай-ақ көрсетілетін 
қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы 
туралы хабардар етілуін өзге де тəсілдермен қамтамасыз етеді. 
3.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартының  жобасын  жария 
талқылау  оның  жария  талқылау  үшін  орналастырылған  күнінен  бастап 
күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады. 
4.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартының  жобасын  əзірлейтін 
орталық  мемлекеттік  орган  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартының 
жобасын  жария  талқылаудың  аяқталғаны  туралы  есеп  жасайды,  ол 
«электрондық  үкіметтің»  веб-порталында,  өзінің  интернет-ресурсында  жəне 
(немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, 
облыстық  маңызы  бар  қаланың  жергілікті  атқарушы  органының,  қаладағы 
аудан,  аудандық  маңызы  бар  қала,  кент,  ауыл,  ауылдық  округ  əкімінің 
интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады. 
Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартының  жобасын  жария 
талқылаудың аяқталғаны туралы есепте: 
қабылданған  жəне  (немесе)  қабылданбаған  ескертпелер  мен  ұсыныстар 
бойынша  негіздемелер  қоса  беріле  отырып,  жария  талқылау  барысында 
алынған ескертпелер мен ұсыныстардың тізбесі мен қысқаша мазмұны; 
64

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының келіп түскен ескертпелер 
мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған жобасымен танысу тəсілі туралы 
ақпарат қамтылады. 
Жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 
стандартының  жобасына  осы  баптың 3-тармағында  көрсетілген  мерзім 
өткеннен кейін келіп түскен ескертпелері мен ұсыныстары қарауға жатпайды. 
Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартының  жария  талқылау 
нəтижелері  бойынша  пысықталған  жобасы  жəне  мемлекеттік  көрсетілетін 
қызмет  стандартының  жобасын  жария  талқылаудың  аяқталғаны  туралы  есеп 
мүдделі  орталық  мемлекеттік  органдарға,  облыстардың,  республикалық 
маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар 
қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдарына,  қаладағы  аудандардың, 
аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың,  ауылдық 
округтердің əкімдеріне келісуге жіберіледі. 
5.  Бекітілген  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандарттарына 
өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық 
актілердің  жобалары  осы  бапта  белгіленген  тəртіппен  міндетті  түрде  жария 
талқылануға жатады. 
 
16-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін əзірлеуге 
қойылатын талаптар 
 
        1.  Көрсетілетін  қызметті  берушілердің  қызметін  ұйымдастыру  үшін 
мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандарты  бекітілгеннен  кейін  күнтізбелік 
отыз  күн  ішінде  орталық  мемлекеттік  органдар  жəне  облыстардың, 
республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  жергілікті  атқарушы 
органдары  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  регламенттерін  əзірлейді  жəне 
бекітеді. 
        2. Орталық мемлекеттік орган əзірлейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламенті  орталық  мемлекеттік  органның  немесе  оның  басшысының 
нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі. 
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті 
атқарушы  органы  əзірлейтін,  оның  ішінде  ауданның,  облыстық  маңызы  бар 
қаланың  жергілікті  атқарушы  органы,  қаладағы  аудан,  аудандық  маңызы  бар 
қала,  кент,  ауыл,  ауылдық  округ  əкімі  үшін  əзірленетін  мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламенті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана 
əкімдігінің нормативтік құқықтық қаулысымен бекітіледі. 
 
17-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің мазмұнына 
қойылатын талаптар 
 
        Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті: 
        1) жалпы ережелерді; 
65

        2)  мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінде  көрсетілетін  қызметті 
берушінің  құрылымдық  бөлімшелерінің  (қызметкерлерінің)  іс-қимылдар 
тəртібін сипаттауды; 
3)  мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінде  көрсетілетін  қызметті 
берушінің  құрылымдық  бөлімшелерінің  (қызметкерлерінің)  өзара  іс-қимыл 
тəртібін сипаттауды; 
        4)  мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінде  халыққа  қызмет  көрсету 
орталығымен  жəне (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара 
іс-қимыл  тəртібін,  сондай-ақ  ақпараттық  жүйелерді  пайдалану  тəртібін 
сипаттауды көздейді. 
 
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ 
 
18-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету 
 
     
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: 
        1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы; 
        2) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы; 
        3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі. 
 
19-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер 
көрсетуі 
 
        Көрсетілетін  қызметті  берушілердің  мемлекеттік  қызметтер  көрсетуіне 
қойылатын  талаптар  жəне  оларды  көрсету  тəртібі  мемлекеттік  көрсетілетін 
қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады. 
 
20-бап. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік 
қызметтер көрсету 
 
        1. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын көрсетілетін 
қызметті  берушілерге  қағаз  жеткізгіште  жөнелтуді  көздейтін  мемлекеттік 
қызметтерді  халыққа  қызмет  көрсету  орталықтары  арқылы  көрсету  кезінде 
өтініштер  мен  құжаттар  қабылданған  күн  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 
стандартында  белгіленген  мемлекеттік  қызмет  көрсету  мерзіміне  кірмейді. 
        2.  Халыққа  қызмет  көрсету  орталығының  қызметкері  көрсетілетін 
қызметті  алушыда  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартында  көзделген 
тізбеге  сəйкес  құжаттардың  толық  топтамасы  болған  кезде  оның  өтінішін 
қабылдауға міндетті. 
Көрсетілетін  қызметті  алушы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 
стандартында  көзделген  тізбеге  сəйкес  құжаттардың  толық  топтамасын 
ұсынбаған  жағдайда,  халыққа  қызмет  көрсету  орталығының  қызметкері 
өтінішті қабылдаудан бас тартады. 
66

3.  Халыққа  қызмет  көрсету  орталықтары  арқылы  мемлекеттік  қызмет 
көрсету  кезінде  көрсетілетін  қызметті  алушының  жеке  басын  сəйкестендіруді 
халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері жүзеге асырады. 
4. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер 
көрсету  кезінде  көрсетілетін  қызметті  берушілермен  өзара  іс-қимыл 
мемлекеттік 
қызметтер 
көрсету 
мониторингінің 
ақпараттық 
жүйесі 
пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. 
5.  Көрсетілетін  қызметті  алушының  өтініші  бойынша  халыққа  қызмет 
көрсету  орталығының  қызметкері  көрсетілетін  қызметті  алушы  ұсынған 
құжаттың  түпнұсқасынан  жасалған  құжаттың  электрондық  көшірмесін 
куəландырады. 
        6.  Халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарының  қызметкерлері  мемлекеттік 
қызметтер  көрсету  кезінде,  егер  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 
өзгеше  көзделмесе,  ақпараттық  жүйелерде  қамтылған,  заңмен  қорғалатын 
құпияны құрайтын мəліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының 
жазбаша келісімін алуға міндетті. 
 
21-бап. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету 
 
        1.  Электрондық  нысанда  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  Қазақстан 
Республикасының заңнамасына  сəйкес  «электрондық  үкіметтің»  веб-порталы 
арқылы жүзеге асырылады. 
       2. Электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат не «электрондық 
үкіметтің»  ақпараттық  жүйесінен  мəлімет  беру  электрондық  нысанда 
мемлекеттік қызмет көрсетудің нəтижесі болып табылады. 
3.  Халыққа  қызмет  көрсету  орталығы  арқылы  электрондық  нысанда 
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша 
келісімі негізінде электрондық құжат нысанындағы оның сұрау салуын халыққа 
қызмет  көрсету  орталығының  қызметкері  өзіне  қызметтік  мақсатта  пайдалану 
үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырады. 
4.  Көрсетілетін  қызметті  алушыларға  ақпараттандыру  саласындағы 
уəкілетті  орган айқындайтын  тəртіппен  бір  өтініш  негізінде  электрондық 
нысанда бірнеше мемлекеттік қызмет көрсетілуі мүмкін. 
 
22-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру 
 
        Мемлекеттік 
қызметтер 
көрсету 
процестерін 
оңтайландыруды 
ақпараттандыру  саласындағы  уəкілетті  орган айқындайтын  тəртіппен  орталық 
мемлекеттік  органдар,  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 
астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың  жергілікті 
атқарушы  органдары,  қаладағы  аудандардың,  аудандық  маңызы  бар 
қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың,  ауылдық  округтердің  əкімдері  тұрақты 
негізде жүзеге асырады. 
 
67

23-бап. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер 
көрсету тəртібі туралы хабардар ету 
 
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібі туралы ақпарат: 
1)  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандарттарын  көрсетілетін 
қызметті  берушілердің  орналасқан  жерлерінде  жəне  халыққа  қызмет  көрсету 
орталықтарында орналастыру; 
2)  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  көрсетілетін  қызметті  берушілерге 
өтініш жасауы; 
3)  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандарттарын  «электрондық 
үкіметтің»  веб-порталында,  орталық  мемлекеттік  органдардың,  облыстардың, 
республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық 
маңызы  бар  қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдарының,  қаладағы 
аудандар,  аудандық  маңызы  бар  қалалар,  кенттер,  ауылдар,  ауылдық  округтер 
əкімдерінің, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстарында жəне 
басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру; 
        4)  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мəселелері  жөніндегі  бірыңғай 
байланыс орталығына өтініш жасау арқылы ұсынылады. 
        2.  Орталық  мемлекеттік  органдар,  облыстардың,  республикалық  маңызы 
бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың 
жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар 
қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың,  ауылдық  округтердің  əкімдері  жəне 
көрсетілетін  қызметті  берушілер  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандарты 
бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету 
тəртібі туралы ақпаратты жаңартады. 
        3.  Орталық  мемлекеттік  органдар,  облыстардың,  республикалық  маңызы 
бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың 
жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар 
қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың,  ауылдық  округтердің  əкімдері, 
көрсетілетін  қызметті  берушілер  жəне  халыққа  қызмет  көрсету  орталықтары 
көрсетілетін  қызметті  алушылар  өтініш  жасаған  кезде  оларға  қажетті 
түсініктемелермен  бірге  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  тəртібі  туралы 
ақпаратты дереу ұсынуға міндетті. 
        4.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  сатысы  туралы  ақпарат  көрсетілетін 
қызметті  алушыға  оның  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мəселелері  жөніндегі 
бірыңғай  байланыс  орталығына  жəне  (немесе)  көрсетілетін  қызметті  берушіге 
өтініш жасаған кезінде ұсынылады. 
        5.  Орталық  мемлекеттік  органдар,  облыстардың,  республикалық  маңызы 
бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың 
жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар 
қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің əкімдері жыл сайын 
«электрондық үкіметтің» веб-порталында, интернет-ресурстарда жəне басқа да 
бұқаралық  ақпарат  құралдарында  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мəселелері 
жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырады. 
68

        6.  Орталық  мемлекеттік  органдар,  облыстардың,  республикалық  маңызы 
бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың 
жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар 
қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың,  ауылдық  округтердің  əкімдері 
көрсетілетін  қызметті  берушілердің,  мүдделі  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың 
қатысуымен  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы  қызмет  туралы 
есептерге  жылына  кемінде  бір  рет  жария  талқылаулар  өткізеді.  Жария 
талқылаулардың  қорытындылары  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын 
арттыру  жəне  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандарттарын  жетілдіру 
үшін пайдаланылады. 
 
Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет