Мемлекеттік қызмет туралы


-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нəтижесiнде



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/36
Дата21.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36

19-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нəтижесiнде 
жасалған мəмiлелердi жарамсыз деп тану жəне актiлер мен iс-əрекеттердiң 
күшiн жою 
 
        Сыбайлас  жемқорлықпен  құқық  бұзушылық  жасауға  байланысты 
жасасқан  мəмiлелердi  сот заңда белгiленген  тəртiппен  жарамсыз  деп  таниды. 
Тиiстi  актiлердi  қабылдауға  немесе  тоқтатуға  уəкiлеттiк  берiлген  органдар 
немесе  лауазымды  адамдар,  немесе  мүдделi  жеке  немесе  заңды  тұлғалардың, 
немесе  прокурордың  талап  етуi  бойынша  сот  сыбайлас  жемқорлықпен  құқық 
бұзушылықтар нəтижесiнде жасалған актiлердiң, iс-əрекеттердiң күшiн жояды. 
Ескерту. 19-бапқа  өзгерту  енгізілді - ҚР 2010.12.29 
№ 371-IV
  (алғашқы 
ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
 
4-тарау. Қорытынды ережелер 
 
20-бап. Қолданылып жүрген заңдарды қолдану 
 
Қазақстан  Республикасының  осы  Заң  күшiне  енген  кезде  қолданылып 
жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады жəне ол күшiне 
енген күннен бастап үш ай iшiнде оған сəйкес келтiруге тиiс.  
 
       
51

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 
 
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сəуірдегі № 88-V Заңы 
 
МАЗМҰНЫ 
 
       Осы  Заң  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы  қоғамдық 
қатынастарды реттейді. 
 
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
 
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 
 
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
        1)  ақпараттандыру  саласындағы уəкілетті  орган – ақпараттандыру  жəне 
«электрондық  үкімет»  саласындағы  басшылықты  жүзеге  асыратын  орталық 
мемлекеттік орган; 
        2)  «бір  терезе»  қағидаты – мемлекеттік  қызметті  орталықтандырып 
көрсетудің  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  кезінде  көрсетілетін  қызметті 
алушының  құжаттарды  жинау  мен  дайындауға  барынша  аз  қатысуын  жəне 
оның  көрсетілетін  қызметті  берушілермен  тікелей  байланысын  шектеуді 
көздейтін нысаны; 
        3)  көрсетілетін  қызметті  алушы – орталық  мемлекеттік  органдарды, 
Қазақстан 
Республикасының 
шетелдегі 
мекемелерін, 
облыстардың, 
республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық 
маңызы  бар  қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдарын,  қаладағы 
аудандардың,  аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың, 
ауылдық округтердің əкімдерін қоспағанда, жеке жəне заңды тұлғалар; 
        4)  көрсетілетін  қызметті  беруші – Қазақстан  Республикасының 
заңнамасына  сəйкес  мемлекеттік  қызметтер  көрсететін  орталық  мемлекеттік 
органдар,  Қазақстан  Республикасының  шетелдегі  мекемелері,  облыстардың, 
республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық 
маңызы  бар  қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдары,  қаладағы 
аудандардың,  аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың, 
ауылдық округтердің əкімдері, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалар; 
        5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың 
өтініші  бойынша  жеке  тəртіппен  жүзеге  асырылатын  жəне  олардың 
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті 
материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген 
мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі; 
        6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін жəне көрсетілетін 
қызметті  берушілер  қызметінің  тəртібін,  оның  ішінде  мемлекеттік  қызметтер 
көрсету  процесінде  өзге  де  көрсетілетін  қызметті  берушілермен,  халыққа 
52

қызмет  көрсету  орталықтарымен  өзара  іс-қимыл,  сондай-ақ  ақпараттық 
жүйелерді пайдалану тəртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт; 
        7)  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандарты – мемлекеттік  қызмет 
көрсетуге  қойылатын  талаптарды  белгілейтін,  сондай-ақ  мемлекеттік  қызмет 
көрсету  процесінің,  нысанының  сипаттамаларын,  мазмұнын  жəне  нəтижесін 
қамтитын нормативтік құқықтық акт; 
        8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін 
қызметтердің сыныпталған тізбесі; 
        9)  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мəселелері  жөніндегі бірыңғай 
байланыс орталығы – көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер 
көрсету  мəселелері  бойынша  ақпарат  ұсыну  жөніндегі  жұмысты  қамтамасыз 
ететін ақпараттық-анықтамалық қызмет; 
        10)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мониторингінің  ақпараттық  жүйесі – 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету,  оның  ішінде  халыққа  қызмет  көрсету 
орталықтары 
арқылы 
көрсету 
процесін 
автоматтандыруға 
жəне 
мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе; 
  
11)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасының  қоғамдық  мониторингі – 
жеке  тұлғалардың,  коммерциялық  емес  ұйымдардың  мемлекеттік  қызметтер 
көрсету  сапасының  деңгейі  туралы  ақпаратты  жинау,  талдау  жəне 
ұсынымдарды тұжырымдау жөніндегі қызметі; 
        12)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын бағалау – көрсетілетін 
қызметті  алушыларды  орталық  мемлекеттік  органдар,  облыстардың, 
республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық 
маңызы  бар  қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдары,  қаладағы 
аудандардың,  аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың, 
ауылдық округтердің əкімдері көрсететін қолжетімді жəне сапалы мемлекеттік 
көрсетілетін  қызметтермен  қамтамасыз  ету  бойынша  шаралардың  тиімділігін 
айқындау жөніндегі қызмет; 
        13)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын бақылау – орталық 
мемлекеттік  органдардың,  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар 
қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың 
жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар 
қалалар,  кенттер,  ауылдар,  ауылдық  округтер  əкімдерінің  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы  заңнамасын 
сақтауын тексеру жəне мониторингілеу жөніндегі қызмет; 
        14)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бағалау  жəне  бақылау 
жөніндегі уəкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету 
сапасын  бағалау  жəне  бақылау  жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыратын  орталық 
мемлекеттік орган; 
15) мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру – электрондық 
нысанда  мемлекеттік  қызмет  көрсетуді  қамтамасыз  ету  үшін  көрсетілетін 
қызметті 
берушінің 
əкімшілік 
процестерін 
түрлендіру 
рəсімі; 
        16)  мемлекеттік  қызмет  көрсету процесін  оңтайландыру – мемлекеттік 
қызмет  көрсету  процесін  оңайлатуға,  мемлекеттік  қызмет  көрсету  мерзімін, 
көрсетілетін  қызметті  алушылар  ұсынатын  құжаттардың  тізбесін,  сондай-ақ 
53

оны  көрсету  процесінің  буындарын  қысқартуға,  оның  ішінде  автоматтандыру 
арқылы қысқартуға бағытталған іс-шара; 
        17)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы уəкілетті  орган – 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы  басшылықты  жəне  салааралық 
үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган; 
18) халыққа 
қызмет 
көрсету 
орталығы – Қазақстан 
Республикасының заңнамасына  сəйкес  «бір  терезе»  қағидаты  бойынша 
мемлекеттік  қызметтер  көрсетуге  өтініштер  қабылдау  жəне  олардың 
нəтижелерін  көрсетілетін  қызметті  алушыға  беру  жөніндегі  жұмысты 
ұйымдастыруды  жүзеге  асыратын,  сондай-ақ  ақпараттық  жүйелерден 
мəліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді 
қамтамасыз ететін заңды тұлға; 
        19)  «электрондық  үкіметтің»  веб-порталы – нормативтік  құқықтық 
базаны  қоса  алғанда,  бүкіл  шоғырландырылған  үкіметтік  ақпаратқа  жəне 
электрондық  нысанда  көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтерге  қол  жеткізудің 
бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе. 
 
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету 
саласындағы заңнамасы 
 
1.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
саласындағы 
заңнамасы 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясына 
негізделеді, 
осы 
Заңнан 
жəне 
Қазақстан 
Республикасының өзге 
де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 
        2.  Егер  Қазақстан  Республикасы  ратификациялаған  халықаралық  шартта 
осы  Заңда  қамтылғаннан  өзгеше  қағидалар  белгіленсе,  онда  халықаралық 
шарттың қағидалары қолданылады. 
 
3-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары 
 
        Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі: 
көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне 
мүлiктiк  жағдайына,  жынысына,  нəсiлiне,  ұлтына,  тiлiне,  дiнге  көзқарасына, 
нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар 
бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету  кезінде  төрешілдік  пен  сөзбұйдалық 
көріністеріне жол бермеу; 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы  есеп  берушілік  жəне 
ашықтық; 
        мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету  процесін  үнемі  жетілдіру;  
 
мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік жəне тиімділік. 
 
 
54

4-бап. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары 
 
1. Көрсетілетін қызметті алушылардың: 
1)  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  туралы  толық  жəне  анық  ақпарат 
алуға; 
2)  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартына  сəйкес  мемлекеттік 
көрсетілетін қызметті алуға; 
3) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың,  астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар  қаланың  жергілікті 
атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, 
ауылдық  округ  əкімінің,  сондай-ақ  көрсетілетін  қызметті  берушінің  жəне 
(немесе)  олардың  лауазымды  адамдарының,  халыққа  қызмет  көрсету 
орталықтарының  жəне  (немесе)  олардың  қызметкерлерінің  мемлекеттік 
қызметтер 
көрсету 
мəселелері 
бойынша 
шешімдеріне, 
əрекеттеріне 
(əрекетсіздігіне) 
Қазақстан 
Республикасының заңнамалық актілерінде 
белгіленген тəртіппен шағымдануға; 
4)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес  мемлекеттік 
көрсетілетін қызметті қағаз жəне (немесе) электрондық нысанда алуға; 
5) осы  Заңның 15-бабында  көзделген  тəртіппен  мемлекеттік  көрсетілетін 
қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауларға қатысуға; 
6)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласында  бұзылған  құқықтарды, 
бостандықтар  мен  заңды  мүдделерді  қорғау  туралы  талап  арызбен  сотқа 
жүгінуге құқығы бар. 
2.  Егер  Қазақстан  Республикасының заңдарында  өзгеше  көзделмесе, 
шетелдіктер,  азаматтығы  жоқ  адамдар  жəне  шетелдік  заңды  тұлғалар 
мемлекеттік 
көрсетілетін 
қызметтерді 
Қазақстан 
Республикасының 
азаматтарымен жəне заңды тұлғаларымен тең жағдайда алады. 
 
5-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің құқықтары мен міндеттері 
 
1. Көрсетілетін қызметті берушілердің: 
1)  орталық  мемлекеттік  органдарға,  облыстардың,  республикалық 
маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар 
қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдарына,  қаладағы  аудандардың, 
аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың,  ауылдық 
округтердің əкімдеріне мемлекеттік қызметтер көрсетуге қажетті ақпарат үшін 
сұрау салумен жүгінуге; 
2)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  жағдайларда 
жəне негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға құқығы 
бар. 
2. Көрсетілетін қызметті берушілер: 
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне 
сəйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге; 
2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді 
алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға; 
55

3)  көрсетілетін  қызметті  алушыларға  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
тəртібі туралы қолжетімді нысанда толық жəне анық ақпарат ұсынуға; 
4)  орталық  мемлекеттік  органдарға,  облыстардың,  республикалық 
маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар 
қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдарына,  қаладағы  аудандардың, 
аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың,  ауылдық 
округтердің  əкімдеріне,  өзге  де  көрсетілетін  қызметті  берушілерге,  халыққа 
қызмет  көрсету  орталықтарына  Қазақстан  Республикасының заңнамасына 
сəйкес  мемлекеттік  қызметтерді  көрсету,  оның  ішінде  ақпараттық  жүйелерді 
интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға; 
5)  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартында  белгіленген 
мемлекеттік  қызмет  көрсету  мерзімі  өткенге  дейін  бір  тəуліктен  кешіктірмей 
халыққа  қызмет  көрсету  орталығы  арқылы  көрсетілетін  мемлекеттік  қызмет 
нəтижесін халыққа қызмет көрсету орталығына жіберуге; 
6)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы  қызметкерлердің 
біліктілігін арттыруға; 
7)  көрсетілетін  қызметті  алушылардың  шағымдарын  осы  Заңда 
белгіленген  мерзімдерде  қарауға  жəне  оларды  қарау  нəтижелері  туралы 
хабардар етуге; 
8) көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік 
көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар етуге; 
9)  көрсетілетін  қызметті  алушылардың  бұзылған  құқықтарын, 
бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  қалпына  келтіруге  бағытталған 
шараларды қолдануға; 
10)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  үшін  қажетті  мəліметтерді  қамтитын 
ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; 
11)  мемлекеттік  қызмет  көрсету  сатысы  туралы  деректерді  мемлекеттік 
қызметтер  көрсету  мониторингінің  ақпараттық  жүйесіне  ақпараттандыру 
саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен енгізуді қамтамасыз етуге; 
12)  егер  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  өзгеше  көзделмесе, 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету  кезінде  ақпараттық  жүйелерде  қамтылған, 
заңмен  қорғалатын  құпияны  құрайтын  мəліметтерді  пайдалануға  көрсетілетін 
қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті. 
Көрсетілетін  қызметті  алушылардан  ақпараттық  жүйелерден  алынуы 
мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. 
 
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 
 
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік  қызметтер 
көрсету саласындағы құзыреті 
 
Қазақстан Республикасының Үкіметі: 
        1)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың 
негізгі бағыттарын əзірлейді жəне олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 
56

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекітеді; 
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекітеді; 
4) 
мемлекеттік 
көрсетілетін 
қызметтер 
тізілімін 
жүргізу 
қағидаларын бекітеді; 
5)  оңтайландыруға  жəне  автоматтандыруға  жататын  мемлекеттік 
көрсетілетін  қызметтер  тізбесін  жəне  оларды  электрондық  нысанға  ауыстыру 
мерзімдерін бекітеді; 
        6) халыққа  қызмет  көрсету  орталықтары  арқылы  көрсетілуге  жататын 
мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын бекітеді; 
7)  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мəселелері  жөніндегі  бірыңғай 
байланыс  орталығының  орталық  мемлекеттік  органдармен,  облыстардың, 
республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық 
маңызы  бар  қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдарымен,  қаладағы 
аудандардың,  аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың, 
ауылдық 
округтердің 
əкімдерімен, 
сондай-ақ 
көрсетілетін 
қызметті 
берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекітеді; 
8)  бір  өтініш  негізінде  электрондық  нысанда  көрсетілетін  мемлекеттік 
қызметтердің тізбесін бекітеді; 
9) 
мемлекеттік 
көрсетілетін 
қызметтерді 
оңтайландыру 
жəне 
автоматтандыру қағидаларын бекітеді; 
10)  Қазақстан  Республикасының Конституциясымен,  осы  Заңымен,  өзге 
де  заңдарымен  жəне  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  актілерімен  өзіне 
жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 
 
7-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау 
жөніндегі уəкілетті органның құзыреті 
 
Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бағалау  жəне  бақылау 
жөніндегі уəкілетті орган: 
1)  өз  құзыреті  шегінде  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы 
мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады; 
3)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бақылау  қағидаларын 
əзірлейді жəне бекітеді; 
4)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  ішкі  бақылау  нəтижелері 
туралы ақпарат сұратады; 
5)  ақпараттандыру  саласындағы  уəкілетті  органмен  келісу  бойынша 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бағалау  əдістемесін  əзірлейді 
жəне бекітеді;  
6)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасына  қоғамдық  мониторинг 
жүргізу  жөніндегі мемлекеттік  əлеуметтік  тапсырысты  қалыптастыруды  жəне 
іске асыруды жүзеге асырады; 
7)  жеке  тұлғалармен,  коммерциялық  емес  ұйымдармен  мемлекеттік 
қызметтер  көрсету  мəселелері  бойынша  өзара  іс-қимыл  жəне  ынтымақтастық 
жөніндегі қоғамдық кеңестерді құрады; 
57

8)  жеке  тұлғаларға  жəне  коммерциялық  емес  ұйымдарға  мемлекеттік 
қызметтер  көрсету  сапасына  қоғамдық  мониторинг  жүргізу  жөнінде 
ақпараттық, консультациялық, əдістемелік қолдау көрсетеді; 
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан 
Республикасы  Президентінің актілерінде  көзделген  өзге  де  функцияларды 
жүзеге асырады. 
 
8-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті органның 
құзыреті 
 
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті орган: 
1)  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың 
іске асырылуын қамтамасыз етеді; 
2)  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  тізілімін  жүргізу  қағидаларын 
əзірлейді; 
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін əзірлеуді жəне жүргізуді 
жүзеге асырады; 
4)  ақпараттандыру  саласындағы  уəкілетті  органмен  келісу  бойынша 
мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандарттары  мен  регламенттерін  əзірлеу 
жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді; 
5)  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандарттарының  жобаларын 
келісуді жүзеге асырады; 
6)  орталық  мемлекеттік  органдардың,  облыстардың,  республикалық 
маңызы  бар  қалалардың  жəне  астананың  жергілікті  атқарушы  органдарының 
мемлекеттік 
көрсетілетін 
қызметтер 
стандарттарын 
жəне 
(немесе) 
регламенттерін əзірлеу жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізеді; 
7)  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтің  құнын  айқындау  əдістемесін 
əзірлейді жəне бекітеді; 
8)  орталық  мемлекеттік  органдардың,  облыстардың,  республикалық 
маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар 
қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдарының,  қаладағы  аудандар,  аудандық 
маңызы  бар  қалалар,  кенттер,  ауылдар,  ауылдық  округтер  əкімдерінің 
мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мəселелері  жөніндегі  қызметі  есебінің 
қалыптастырылу  тəртібін,  ұсынылу  мерзімдерін  жəне  үлгі  нысанын 
əзірлеп, бекітеді; 
9) мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандарттарын  жетілдіру  жөнінде 
ұсыныстар əзірлейді; 
10)  осы  Заңда,  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  заңдарында, 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жəне  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
 
9-бап. Ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органның құзыреті 
 
Ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган: 
58

1)  өз  құзыреті  шегінде  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласындағы 
мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 
 2)  халыққа  қызмет  көрсету  орталықтары  қызметінің  қағидаларын 
əзірлейді жəне бекітеді; 
3)  халыққа  қызмет  көрсету  орталықтары  арқылы  көрсетілуге  жататын 
мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын əзірлейді; 
4)  халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарының  қызметін  ұйымдастыруды 
жүзеге асырады; 
5)  халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарының  қызметін  жəне  олардың 
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіреді; 
6)  халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарының  қызметін  əдіснамалық 
қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 
7)  оңтайландыруға  жəне  автоматтандыруға  жататын  мемлекеттік 
көрсетілетін  қызметтер  тізбесін  жəне  оларды  электрондық  нысанға  ауыстыру 
мерзімдерін əзірлейді; 
8)  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мəселелері  жөніндегі  бірыңғай 
байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырады жəне үйлестіреді; 
9)  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мəселелері  жөніндегі  бірыңғай 
байланыс орталығы қызметінің қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 
10)  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мəселелері  жөніндегі  бірыңғай 
байланыс  орталығының  орталық  мемлекеттік  органдармен,  облыстардың, 
республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық 
маңызы  бар  қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдарымен,  қаладағы 
аудандардың,  аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың, 
ауылдық 
округтердің 
əкімдерімен, 
сондай-ақ 
көрсетілетін 
қызметті 
берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын əзірлейді; 
11)  мемлекеттік  қызметтер  көрсетудің  электрондық  нысанын  жəне 
(немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер 
көрсетуді  көздейтін  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандарттарының 
жобаларын келісуді жүзеге асырады; 
12)  электрондық  нысанда  жəне  (немесе)  халыққа  қызмет  көрсету 
орталықтары  арқылы  көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтер  стандарттарын 
жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлейді; 
13)  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтерді  оңтайландыру  жəне 
автоматтандыру қағидаларын əзірлейді; 
14)  осы  Заңда,  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  заңдарында, 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жəне  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
 
Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет