Мемлекеттік қызмет туралы


-бап. Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/36
Дата21.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

10-бап. Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет 
 
        1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уəкілетті лауазымды жəне өзге 
де  адамдарға  жəне  оларға  теңестірілген  адамдарға  (өз  қызметін  тұрақты  емес 
немесе  басқа  жұмыстан  босатылған  негізде  жүзеге  асыратын  мəслихат 
депутаттарын,  сондай-ақ  осы  Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында 
жəне  осы  тармақтың  екінші  бөлігінде  көрсетілген  адамдарды  қоспағанда) 
педагогтік,  ғылыми  жəне  өзге  де  шығармашылық  қызметтен  басқа,  ақы 
төленетін өзге қызметпен айналысуға тыйым салынады. 
Ұлттық əл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарда басқару функцияларын 
атқаратын  адамдар  Ұлттық  əл-ауқат  қоры  тобына  кіретін  өзге  ұйымдардың 
басқару  органдарында,  қадағалау  кеңестерінде,  атқарушы  органдарында  ақы 
төленетін лауазымдар атқаруға құқылы. 
2.  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  депутаттарына,  Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметінің 
мүшелеріне, 
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциялық  Кеңесінің  Төрағасы  мен  мүшелеріне,  судьяларға  кəсіпкерлік 
қызметпен айналысуға, егер шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару немесе 
басқаруға  қатысу  заңнамаға  сəйкес  олардың  лауазымдық  міндетіне  кірмейтін 
болса,  шаруашылық  жүргізуші  субъектіні  басқаруға  дербес  қатысуға, 
материалдық  игілік  алу  мақсатында  өзінің  қызметтік  өкілеттігін  құқыққа 
сыйымсыз  пайдалану  арқылы  ұйымдардың  немесе  жеке  адамдардың 
материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жəрдемдесуге тыйым салынады. 
2-1.  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  Төрағасына  жəне  оның 
орынбасарларына  инвестициялық  қорлардың  пайларын,  облигацияларды, 
коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салынады. 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  Төрағасы  мен  оның 
орынбасарлары  лауазымдарға  тағайындалған  күндерінен  бастап  бір  ай  ішінде 
лауазымдарға  тағайындалғандарына  дейін  сатып  алған,  инвестициялық 
қорлардың 
тиесілі 
пайларын, 
облигацияларды 
жəне 
коммерциялық 
ұйымдардың 
акцияларын 
Қазақстан 
Республикасының заңнамасында 
белгіленген тəртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. 
3. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдар қызметке кіріскеннен кейін 
бір  ай  ішінде  өздеріне  тиесілі,  пайдаланылуы  табыс  табуға  əкелетін  мүлікті 
Қазақстан  Республикасының заңнамасында  белгіленген  тəртіппен  осы 
функцияларды орындау уақытына сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған 
осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген 
мүлік  қосылмайды.  Мүлікті  сенімгерлік  басқару  шарты  нотариалды 
куəландырылуға жатады. 
4. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 
1-тармағында  аталған  адамдарға,  егер  шаруашылық  жүргізуші  субъектіні 
43

басқару  немесе  басқаруға  қатысу  заңнамаға  сəйкес  олардың  лауазымдық 
міндетіне кірмейтін болса, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес 
қатысуға,  материалдық  игілік  алу  мақсатында  өзінің  қызметтік  өкілеттігін 
құқыққа  сыйымсыз  пайдалану  арқылы  ұйымдардың  немесе  жеке  адамдардың 
материалдық  мүдделерін  қанағаттандыруға  жəрдемдесуге,  кəсіпкерлік 
қызметпен  айналысуға  тыйым  салынады,  бұған  ашық  жəне  аралық 
инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар 
нарығындағы 
облигацияларды, 
ұйымдастырылған 
бағалы 
қағаздар 
нарығындағы  коммерциялық  ұйымдардың  акцияларын  (ұйымның  дауыс 
беретін  акцияларының  жалпы  санының  бес  процентінен  аспайтын  көлемдегі 
жай  акциялар)  сатып  алу  жəне  (немесе)  өткізу,  сондай-ақ  тұрғын  үйлерді 
жалдауға беру қосылмайды. 
Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-
тармағында  аталған  адамдар  акцияларды  сатып  алған  жағдайда  оларды  сатып 
алынған 
күнінен 
бастап 
бір 
ай 
ішінде 
Қазақстан 
Республикасының заңнамасында  белгіленген  тəртіппен  сенімгерлік  басқаруға 
беруге 
жəне 
мүлікті 
сенімгерлік 
басқару 
шарты 
нотариалды 
куəландырылғаннан  кейін  он  жұмыс  күні  ішінде  нотариалды  куəландырылған 
шарттың  көшірмесін  жұмыс  орны  бойынша  кадр  қызметіне  табыс  етуге 
міндетті. 
        5. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 
1-тармағында аталған адамдар қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде өзінің 
меншігіндегі,  пайдаланылуы  табыс  алуға  əкелетін  мүлікті  Қазақстан 
Республикасының заңнамасында  белгіленген  тəртіппен  осы  функцияларды 
орындау уақытына сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамдарға 
заңды түрде тиесілі ақша, облигациялар, ашық жəне аралық инвестициялық пай 
қорларының пайлары, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. 
Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куəландырылуға жатады. 
6.  Осы  баптың 1-тармағында  аталған,  осы  функцияларды  орындаумен 
сыйыспайтын  қызметпен  айналысатын  адамдар заңда белгіленген  тəртіппен 
жұмысынан  шығарылуға  немесе  тиісті  функцияларды  орындаудан  босатылуға 
жатады.  Аталған  функцияларды  орындаудан  мұндай  функцияларды 
орындаумен  сыйыспайтын  қызметпен  айналысуына  байланысты  босатылған 
мемлекеттік  функцияларды  орындауға  уəкілеттік  берілген  адамға  немесе  оған 
теңестірілген адамға осы бапта көрсетілген қызметпен айналысуды тоқтатқанға 
дейін мұндай функцияларды орындауға қайталап уəкілеттік берілмейді. 
Ескерту. 10-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 2009.12.08 
№ 226-IV
 (2010.01.01 
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 
№ 371-
IV
  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 
№ 551-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі), 2012.07.05 
№ 30-V
 
(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 
44

11-бап. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол бермеу 
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уəкiлеттiк берiлген лауазымды жəне 
өзге  де  адамдар  мен  соларға  теңестiрiлген  адамдардың  өздерiнiң  жақын 
туыстары  (ата-аналары,  балалары,  бала  асырап  алушылар,  асырап  алынған 
балалар,  ата-анасы  бiр  жəне  ата-анасы  бөлек  аға-iнiлерi  мен  апа-сiңлiлерi, 
аталары,  əжелерi,  немерелерi)  немесе  ерi (зайыбы)  атқаратын  қызметтерге 
тiкелей  бағынысты  лауазымдарды,  заңдарда  көзделген  жағдайларды 
қоспағанда, атқаруына болмайды. 
2.  Осы  баптың 1-тармағының  талаптарын  бұзған  адамдар,  егер  олар 
аталған жолсыздық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны өз еркiмен 
жоймаса,  мұндай  бағыныстылықта  болуына  жол  бермейтiн  қызметке 
ауыстырылуға  тиiс,  ал  бұлайша  ауыстыру  мүмкiн  болмаған  жағдайда  бұл 
қызметшiлердiң  бiреуi  қызметiнен  босатылуға  немесе  аталған  мiндеттерден 
өзгедей түрде босатылуға тиiс. 
3.  Осы  баптың 1-тармағында  аталған  негiздер  бойынша  жұмыстан 
босатылған адамдардың басқа органдарға, ұйымдарға мемлекеттiк немесе оған 
теңестiрiлген  мiндеттердi  атқарумен  ұштасатын  мемлекеттiк  жəне  өзге  де 
қызметке кiруге құқығы бар. 
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 
№ 484
, орыс тіліндегі 
мəтінге өзгерту енгізілді, мемлекеттік тілдегі мəтіні өзгермейді - 2009.12.07 
№ 
222-IV
  (қолданысқа  енгізілу  тəртібін 
2-б
.  қараңыз), 2010.12.29 
№ 371-IV
 
(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
 
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар 
жəне олар үшiн жауапкершiлiк 
 
        1.  Мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаруға  уəкiлеттiк  берiлген  адамдардың 
немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай: 
1)  басқа  мемлекеттiк  органдардың,  ұйымдардың  қызметiне  заңсыз 
араласу; 
        2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының 
материалдық  мүдделерiн  қанағаттандыруға  байланысты  мəселелердi  шешу 
кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану; 
3)  мемлекеттік  қызметке  жəне  мемлекеттік  ұйымдарға  жəне  жарғылық 
капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның 
ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, 
ұлттық  холдингтерге,  ұлттық  компанияларға,  ұлттық  даму  институттарына, 
олардың  дауыс  беретін  акцияларының  (қатысу  үлестерінің)  елу  пайызынан 
астамы  өздеріне  тиесілі  еншілес  ұйымдарына,  сондай-ақ  дауыс  беретін 
акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес 
ұйымдарға  тиесілі  заңды  тұлғаларға  қызметке  тұратын  жəне  қызметін 
жоғарылататын  кезде  заңда  көзделмеген  артықшылықтар  беру  (тамыр-
таныстық, отбасылық жақындық). 
45

 4)  шешiмдер  əзiрлеу  мен  қабылдау  кезiнде  заңды  жəне  жеке  тұлғаларға 
заңсыз артықшылық көрсету; 
5)  кiмге  болса  да  табыс  алуға  байланысты  кəсiпкерлiк  жəне  өзге  де 
қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жəрдем көрсету; 
6)  мемлекеттiк  мiндеттерiн  атқару  кезiнде  алынған  ақпаратты,  егер  ол 
ресми  жариялауға  жатпайтын  болса,  жеке  немесе  топтық  мүдделерге 
пайдалану; 
        7)  берiлуi заңдарда  көзделген  ақпаратты  жеке  жəне  заңды  тұлғаларға 
беруден  негiзсiз  бас  тарту,  оны  кешiктiру,  бұрыс  немесе  толық  емес  ақпарат 
беру; 
        8)  жеке  немесе  заңды  тұлғалардың  табыс  етуi  заңдарда  көзделмеген 
ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету; 
9)  мемлекеттiк  қаржы  ресурстары  мен  материалдық  ресурстарды 
жекелеген кандидаттардың сайлау қорына беру; 
10)  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  арыз-өтiнiштерiн  қараудың  жəне  өз 
құзыретiне  кiретiн  өзге  де  мəселелердi  шешудiң заңда  белгiленген  тəртiбiн 
əлденеше рет бұзу; 
11)  жоғары  тұрған  ресми  адамдардың  лауазымдық  өкілеттіктерін 
пайдалана  отырып  мүліктік  пайда,  игіліктер  не  артықшылықтар  алу  үшін 
аталған адамдарға сыйлықтар тарту жəне қызметтен тыс қызмет көрсету; 
12)  жеке  немесе  заңды  тұлғаларға  олардың  құқықтары  мен  заңды 
мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау; 
13)  кəсiпкерлiк  қызметтi  мемлекеттiк  реттеу,  сондай-ақ  оған  бақылау 
жасау жəне қадағалау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе 
заңды тұлғаларға беру; 
13-1) мемлекеттік  бақылау  мен қадағалау  міндеттерін  мемлекеттік  орган 
мəртебесі жоқ ұйымдарға беру; 
14)  қызметi  немесе  жұмысы  жөнiнен  жоғары  немесе  төмен  тұрған  не 
өздерiмен  өзге  де  түрде  тəуелдi  лауазымды  адамдармен  ақша  немесе  өзге  де 
мүлiк  салынатын  сипаттағы  құмар  ойындар  ойнауға  қатысу  əрекеттерi 
сыбайлас  жемқорлыққа  жағдай  туғызатын  құқық  бұзушылықтар  болып 
табылады. 
        2.  Мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаруға  уəкiлеттiк  берiлген  адамдардың 
немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 
10), 11), 12), 14) тармақшаларында  аталған  қандай  да  болсын  құқық 
бұзушылықтарды  жасауы,  егер  онда  қылмыстық  жазаланатын  əрекеттiң 
белгiлерi  болмаса,  қызметiнен  төмендетуге,  ал  төмен  тұрған  бос  лауазым 
болмаған  жағдайда – заңда белгiленген тəртiппен  қызметіне  толық  сəйкес 
еместігі туралы ескерту түрiнде тəртiптiк жаза қолдануға əкеп соғады. 
Алғашқы  құқық  бұзушылық  үшiн  тəртiптiк  жаза  қолданылғаннан  кейiн 
бiр  жылдың  iшiнде  аталған  құқық  бұзушылықтардың  кез  келгенiн  қайталап 
жасау заңда белгiленген  тəртiппен  қызметiнен  босатуға  немесе  мемлекеттiк 
мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға əкеп соғады. 
Мемлекеттiк  функцияларды  орындауға  уəкiлеттi  адамдардың  немесе 
оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 9), 13), 
46

13-1) тармақшаларында аталған қандай да бiр құқық бұзушылықтарды жасауы, 
егер онда қылмыстық жазаланатын əрекет белгiлерi болмаса, заңда белгiленген 
тəртiппен  қызметiнен  босатуға  немесе  мемлекеттiк  функцияларды  орындауын 
тоқтатуға əкеп соғады. 
3.  Қазақстан  Республикасы  Парламентiнiң  депутаттары  немесе  осы 
Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-
тармағында  аталған  құқық  бұзушылықтардың  қандайын  болса  да  жасаған 
жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде 
тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен 
күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi. 
Ескерту. 12-бапқа  өзгеріс  енгізілді - ҚР 2000.04.28 
№ 46
, 2003.09.25 
№ 
484
, 2007.07.21 
№ 308
, 2009.12.07 
№ 222-IV
 (қолданысқа енгізілу тəртібін 
2-б

қараңыз), 2010.12.29 
№ 371-IV
  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн 
күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi), 2011.01.06 
№ 378-IV
 
(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 
№ 551-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
13-бап. Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты 
сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар 
 
        1.  Мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаруға  уəкiлеттiк  берiлген  адамдардың 
немесе  оларға  теңестiрiлген  адамдардың  мынадай  əрекеттерi  игiлiктер  мен 
артықшылықтарды  заңсыз  алуға  байланысты  сыбайлас  жемқорлықпен  құқық 
бұзушылықтар болып табылады: 
1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны 
үшiн,  егер  заңдарда  өзгедей  көзделмесе,  өзi  тиiстi  мiндеттердi  атқармайтын 
ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет жəне өзге 
де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау. 
Мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаруға  уəкiлеттiк  берiлген  адамның  немесе 
оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша 
қаражаты,  сондай-ақ  оның  осы  тармақшаның  бiрiншi  абзацы  бұзыла  отырып, 
тиiстi  мiндеттерiн  атқаруына  байланысты  алған  қаражаты  ол  анықталғаннан 
кейiн  екi  аптадан  аспайтын  мерзiм  iшiнде  тиiстi  салық  органына  мұндай 
қаражат  түсуiнiң  мəн-жайы  туралы  түсiнiктеме  табыс  етiле  отырып, 
республикалық бюджетке аударылуға тиiс; 
2)  өзiнiң  мемлекеттiк  немесе  оған  теңестiрiлген  мiндеттерiн  атқаруына 
байланысты  не  қызметi  бойынша  өздерiне  тəуелдi  адамдардан  жалпы 
қамқоршылығы  немесе  қызметінде  бетімен  жібергені  үшін  сыйлықтар  алу 
немесе қызметiн қабылдау. 
Аталған  адам  бiлмей  келiп  түскен  сыйлықтар,  сондай-ақ  оның  осы 
тармақшаның  бiрiншi  абзацын  бұза  отырып  тиiстi  мiндеттердi  атқаруына 
байланысты  алған  сыйлықтары  жетi  күн  мерзiм  iшiнде арнаулы  мемлекеттiк 
қорға тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде көрсетiлген 
қызмет  үшiн  республикалық  бюджетке  ақша  қаражатын  аудару  арқылы  ақы 
47

төлеуге  тиiс.  Өзiне  сыйлықтар  келiп  түскен  адам  жоғары  тұрған  лауазымды 
адамның  келiсiмiмен  оларды  аталған  қордан  тиiстi  жерде  қолданылып  жүрген 
нарықтық  бөлшек  сауда  бағасы  бойынша  сатып  алуға  хақылы.  Сыйлықтарды 
сатудан  түскен  ақша  қаражатын  арнаулы  мемлекеттiк  қор  республикалық 
бюджетке аударады; 
3)  жұбайының  (зайыбының),  туыстарының  шақыруы  бойынша  олардың 
есебiнен;  
         егер  қарым-қатынасы  шақырылатындардың  қызметтiк  iс-əрекетiнiң 
мəселелерiн  қозғамаса,  өзге  де  жеке  тұлғалардың  шақыруы  бойынша  (жоғары 
тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен); 
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан 
Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк 
органдарының  арасындағы  өзара  уағдаластыққа  сəйкес  тиiстi  мемлекеттiк 
органдардың  жəне  (немесе)  халықаралық  ұйымдардың  қаражаты  есебiнен 
жүзеге асырылатын; 
жоғары  тұрған  лауазымды  адамның  не  органның  келiсiмiмен, 
ұйымдардың  қаражаты  есебiнен  ғылыми,  спорттық,  шығармашылық,  кəсiби, 
гуманитарлық  шараларға  қатысу  үшiн  жүзеге  асырылатын,  оның  iшiнде 
осындай қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде 
жүзеге  асырылатын  сапарларды  қоспағанда,  шетел,  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасының  жеке  жəне  заңды  тұлғаларының  есебiнен  мемлекетішiлiк 
жəне  шетелдiк  туристiк,  емдеу-сауықтыру  жəне  өзге  де  сапарларға  шақыруды 
қабылдау; 
        4)  несиелер,  қарыздар  алуда,  бағалы  қағаздар,  жылжымайтын  жəне  өзге 
де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану. 
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уəкiлеттiк берiлген адамның немесе 
оған теңестiрiлген адамның отбасы мүшелерiнiң аталған адам қызметi бойынша 
байланысты  шетел,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  жеке  жəне  заңды 
тұлғаларының  есебiнен  сыйлықтар  мен  қызмет,  туристiк,  емдеу-сауықтыру 
жəне  өзге  де  сапарларға  шақыруды  қабылдауға  құқығы  жоқ.  Мемлекеттiк 
мiндеттердi  атқаруға  уəкiлеттiк  берiлген  адам  немесе  оған  теңестiрiлген  адам 
жетi  күн  мерзiм  iшiнде  өзiнiң  отбасы  мүшелерi  заңсыз  алған  сыйлықтарды 
арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзуге жəне республикалық бюджетке ақша 
қаражатын  аудару  арқылы  өз  отбасы  мүшелерi  заңсыз  пайдаланған  қызмет 
құнын өтеуге мiндеттi. 
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уəкiлеттiк берiлген адамның немесе 
оған  теңестiрiлген  адамның  осы  баптың 1 жəне 2-тармақтарында  аталған 
сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасауы, 
егер  онда  қылмыстық  жазаланатын  əрекет  белгiлерi  болмаса,  қызметiнен 
босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға əкеп соғады. 
4.  Қазақстан  Республикасы  Парламентiнiң  депутаттары  немесе  осы 
Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында  көрсетiлген  адамдар  осы 
баптың 1 жəне 2-тармақтарында  көрсетiлген  құқық  бұзушылықтардың 
қандайын  болса  да  жасаған  жағдайда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес 
жүргiзушi  органдар  бұл  жөнiнде  тиiстi  сайлау  комиссиясына  хабарлайды,  ол 
48

материалдар  келiп  түскен  күннен  бастап  бес  күннiң  iшiнде  оларды 
Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi. 
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 
№ 484
, 2007.07.21 
№ 
308
, 2010.12.29 
№ 371-IV
  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк 
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
 
13-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жəне сыбайлас 
жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн 
тəртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi 
 
        1.  Мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаруға  уəкiлеттi  адам  немесе  оған 
теңестiрiлген  адам  сыбайлас  жемқорлықпен  құқық  бұзушылықтар  немесе 
сыбайлас  жемқорлыққа  жағдай  туғызатын  құқық  бұзушылықтар  жасаған 
жағдайда  тəртiптiк  жаза  терiс  қылық  анықталған  күннен  бастап  үш  айдан 
кешiктiрiлмей белгiленедi жəне жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр 
жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды. 
2.  Қылмыстық  іс  қозғаудан  бас  тартқан  не  қылмыстық  істі  тоқтатқан 
жағдайда,  бірақ  осы  баптың 1-тармағында  көрсетілген  адамдардың 
əрекеттерінде  сыбайлас  жемқорлық  əкімшілік  құқық  бұзушылық  немесе 
тəртіптік  теріс  қылық  белгілері  болған  кезде  жаза  осы  баптың 1-тармағында 
көзделген мерзімде қолданылуы мүмкін. 
Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.09.25 
№ 484
, 2009.12.07 
№ 
222-IV
 (қолданысқа енгізілу тəртібін 
2-б
. қараңыз) Заңдарымен. 
 
 
14-бап. Жеке жəне заңды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға 
уəкiлеттiк берiлген адамдарға немесе оларға теңестiрiлген адамдарға 
заңсыз материалдық сыйақылар бергенi үшiн жауаптылығы 
 
Ескерту. 14-бап алынып тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен. 
 
 
15-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару 
органдарының заңсыз кəсiпкерлiк қызметтi  жүзеге асырғаны жəне заңсыз 
табыстар алған үшiн жауапкершiлiгi 
 
        Ескерту. 15-бап алынып тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен. 
 
 
16-бап. Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес жөнiнде шаралар қолданбағаны үшiн жауаптылығы 
 
      Ескерту. 16-бап алынып тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен. 
 
 
17-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi  
туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы 
 
49

        1.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жүргiзушi  органға  басқа 
мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас 
жемқорлықпен  құқық  бұзушылық  фактiсi  туралы  көрiнеу  жалған  ақпарат 
хабарлаған  мемлекеттiк  қызметшi,  құқық  қорғау  органының  қызметкерi 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жүргiзушi  органның  ұсынуы  бойынша 
тəртiптiк  ретпен  қызметiнен  босатуға  немесе  тиiстi  мiндеттердi  атқарудан 
өзгедей түрде босатуға дейiн жазаланады. 
 
        2. 
Алынып  тасталды - ҚР 2003.09.25 
№ 484
  Заңымен. 
 
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 
№ 484
 Заңымен. 
 
 
3-тарау. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын 
жою 
 
18-бап. Заңсыз алынған мүлiктi немесе заңсыз көрсетiлген қызметтiң 
құнын өндiрiп алу 
 
        1.  Мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаруға  уəкiлеттiк  берiлген  адамдар  немесе 
соларға  теңестiрiлген  адамдар  сыбайлас  жемқорлықпен  құқық  бұзушылық 
нəтижесiнде  негiзсiз  байыған  жағдайлардың  бəрiнде  заңсыз  алынған  мүлiк 
мемлекет  кiрiсiне  жатқызылуға  ал  заңсыз  көрсетiлген  қызмет  құны  мемлекет 
кiрiсiне өндiрiлiп алынуға тиiс. 
        2.  Заңсыз  алынған  мүлiктi  өз  еркiмен  тапсырудан  немесе  мемлекетке 
оның  құнын  немесе  заңсыз  көрсетiлген  қызметтің  құнын  төлеуден  бас 
тартылған  жағдайларда прокурордың, салық  қызметi органдарының  не  заңмен 
бұған  уəкiлеттiк  берiлген  басқа  да  мемлекеттiк  органдар  мен  лауазымды 
адамдардың  қуынымы  бойынша  соттың  шешiмiмен  мемлекет  кiрiсiне  өндiрiп 
алу  жүзеге  асырылады.  Аталған  органдар  құқық  бұзушыға  тиесiлi  мүлiкті  сот 
шешiм шығарғанға дейiн сақтау жөнінде шаралар қолданады. 
3. Егер мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адам немесе оған теңестiрiлген 
адам  жасалған  сыбайлас  жемқорлықпен  құқық  бұзушылығы  үшiн  қызметiнен 
босатылғаннан, тиiстi  мiндеттердi  атқарудан  өзгедей  босатылғаннан  кейiн  осы 
баптың 1-тармағында  көзделген  талаптарды  орындаудан  бас  тартса,  мұндай 
босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнəлi адамның 
тұрғылықты  жерi  бойынша  салық  органына  заңсыз  алынған  кiрiстер  туралы 
хабарлама жiбередi. 
4.  Осы  баптың 2-тармағында  көрсетілген  жағдайларда  прокурор,  салық 
қызметінің органдары не заңмен бұған уəкілеттік берілген басқа да мемлекеттік 
органдар  мен  лауазымды  адамдар  мемлекеттік  функцияларды  атқаруға 
уəкілеттік  берілген  адамдардың  немесе  оларға  теңестірілген  адамдардың 
мемлекетке заңсыз алынған мүлікті қайтару немесе оның құнын немесе заңсыз 
көрсетілген  қызметтердің  құнын  төлеу  бойынша  міндеттері  туындаған  кезден 
бастап  бір  айдан  кешіктірмей  заңсыз  алынған  мүлiктi  мемлекет  кірісіне 
айналдыру  жəне  (немесе)  заңсыз  көрсетiлген  қызметтердiң  құнын  өндiрiп  алу 
туралы қуыныммен сотқа жүгінеді. 
50

Ескерту. 18-бапқа  өзгеріс  енгізілді - ҚР 03.07.2013 
№ 121-V
  (алғашқы 
ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі) Конституциялық заңымен.
 
Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет