Мемлекеттік қызмет туралы


-бап. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/36
Дата21.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық  
              субъектiлерi 
 
       1.  Сыбайлас  жемқорлыққа  байланысты  құқық  бұзушылықтар  үшiн  осы 
Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уəкiлеттi адамдар мен оларға 
теңестiрiлген адамдар жауапты болады. 
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уəкiлеттi адамдарға: 
1)  барлық  лауазымды  адамдар,  Парламенттiң  жəне  мəслихаттардың 
депутаттары, судьялар; 
2)  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттiк  қызмет  туралы заңдарына 
сəйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады. 
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уəкiлеттi адамдарға: 
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар; 
2) заңда 
белгiленген 
тəртiппен 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мəслихаттардың 
депутаттығына  кандидаттар  ретiнде  тiркелген  азаматтар,  сондай-ақ  жергiлiктi 
өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері; 
3)  жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару  органдарында  тұрақты  немесе  уақытша 
жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет 
қаражатынан төленетiн қызметшiлер; 
4)  мемлекеттік  ұйымдарда  жəне  жарғылық  капиталындағы  мемлекеттің 
үлесі  елу  пайыздан  көп  болатын  ұйымдарда,  оның  ішінде  акционері  мемлекет 
34

болып  табылатын  ұлттық  басқарушы  холдингтерде,  ұлттық  холдингтерде, 
ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін 
акцияларының  (қатысу  үлестерінің)  елу  пайызынан  астамы  өздеріне  тиесілі 
еншілес  ұйымдарында,  сондай-ақ  дауыс  беретін  акцияларының  (қатысу 
үлестерінің)  елу  пайызынан  астамы  көрсетілген  еншілес  ұйымдарға  тиесілі 
заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар; 
5) 
Қазақстан 
Республикасы 
Ұлттық 
Банкінің 
жəне 
оның 
ведомстволарының қызметшілері теңестіріледі. 
4.  Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  субъектiлерiне  лауазымды 
жəне  мемлекеттiк  мiндет  атқаруға  уəкiлеттi  өзге  де  адамдарды  немесе  оларға 
теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға 
қайшы  мүліктік  игiліктер  мен  артықшылықтар  беретiн  жеке  жəне  заңды 
тұлғалар да жатады. 
Ескерту.  
        1.  Осы  Заңда  мемлекеттік  ұйымдарда  жəне  жарғылық  капиталында 
мемлекеттің  үлесі  елу  пайыздан  көп  болатын  ұйымдарда,  оның  ішінде 
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық 
холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың 
дауыс  беретін  акцияларының  (қатысу  үлестерінің)  елу  пайызынан  астамы 
өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының 
(қатысу  үлестерінің)  елу  пайызынан  астамы  көрсетілген  еншілес  ұйымдарға 
тиесілі  заңды  тұлғаларда  басқару  функцияларын  атқаратын  адамдар  болып 
көрсетілген  ұйымдарда  тұрақты,  уақытша  немесе  арнаулы  өкілеттік  бойынша 
ұйымдастырушылық-өкімдік  немесе  əкімшілік-шаруашылық  функцияларды 
атқаратын адамдар танылады. 
2.  Ұйымдастырушылық-əкімшілік  міндеттер  деп  адамдардың  заңнамада 
жəне  ұйымның  атқарушы  органының  құрылтай  құжаттарында  көзделген 
өкілеттіктерді  жүзеге  асыру  жөніндегі  қызметі  түсініледі.  Бұл  міндеттерге 
ұжымға  жалпы  басшылық  жасау,  кадрларды  орналастыру  жəне  іріктеу, 
бағынышты  адамдардың  жұмысын  ұйымдастыру  жəне  бақылау,  көтермелеу 
жəне  тəртіптік  жазалар  қолдану  шараларын  қолдану  арқылы  еңбек  тəртібін 
сақтау жатады. 
3.  Əкімшілік-шаруашылық  міндеттер  деп  толық  материалдық 
жауаптылық  жүктелген  тұлғалардың  берілген  өкілеттіктердің  шегінде  мүлікті, 
соның  ішінде  ұйымның  балансындағы  жəне  банк  шоттарындағы  ақшаны 
басқару жəне оларға билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі. 
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 
№ 484
, өзгеріс енгізілді - 
2007.07.21 
№ 308
, 2009.12.07 
№ 222-IV
  (қолданысқа  енгізілу  тəртібін 
2-б

қараңыз), 2012.02.01 
№ 551-IV
  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін 
күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі), 2012.07.05 
№ 30-V
 
(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 
 
35

4-бап. Заңның қолданылу аясы 
 
        1.  Осы  Заң  Қазақстан  Республикасының  күллi  аумағында  барлық  жеке 
жəне  заңды  тұлғаларға  қатысты  қолданылады.  Осы  Заң  Қазақстан 
Республикасынан  тыс  жерлерде, егер  халықаралық  шартта өзгеше  көзделмесе, 
Қазақстан  Республикасының  азаматтары  мен  Қазақстан  Республикасында 
тiркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. 
2.  Жекелеген  мемлекеттiк  мiндеттердi  атқару  тəртiбi  туралы 
(мəслихат депутаттарының, судьялардың 
мəртебесi  
туралы, мемлекеттiк қызметшiлердiң  жекелеген  санаттарының  қызмет  өткеруi 
туралы,  сыбайлас  жемқорлыққа  байланысты  құқық  бұзушылықтың  өзге  де 
ықтимал  субъектiлерi  туралы)  заңдарда  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алуға 
бағытталған  шектеулер  мен  тыйым  салу  көзделетiн  басқа  да  құқықтық 
нормалар белгiленуi мүмкiн. 
3. 
Судьялар, 
Қазақстан 
Республикасы 
Парламентiнiң 
депутаттары Қазақстан 
Республикасының Конституциясы 
мен заңдарында 
көзделген  негiздер  мен  тəртiп  бойынша  сыбайлас  жемқорлықпен  құқық 
бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапты болады. 
4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жəне əкiмшiлiк құқық бұзушылықтар 
үшiн  қылмыстық  жауаптылық  пен  жаза,  əкiмшiлiк  жауапкершiлiк  пен  шара 
тиiсiнше  Қазақстан  Республикасының Қылмыстық  кодексiнде  жəне  Қазақстан 
Республикасының Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделеді. 
Ескерту. 4-бапқа  өзгерту  енгізілді - ҚР 2003.09.25 
№ 484
, орыс тіліндегі 
мəтінге өзгерту енгізілді, мемлекеттік тілдегі мəтіні өзгермейді - ҚР 2009.12.07 
№ 222-IV
 (қолданысқа енгізілу тəртібін 
2-б
. қараңыз) Заңдарымен. 
 
 
      5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерi  
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: 
1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi; 
2)  мемлекеттiк  органдардың  қызметiн  анық  құқықтық  регламенттеудi, 
мұндай  қызметтiң  заңдылығы  мен  жариялылығын,  оған  мемлекеттiк  жəне 
қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету; 
3)  мемлекеттiк  аппараттың  құрылымдарын,  кадр  жұмысын  жеке  жəне 
заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мəселелердi шешу 
рəсiмдерiн жетiлдiру; 
4)  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiн, 
сондай-ақ  мемлекеттiң  əлеуметтiк-экономикалық,  саяси-құқықтық  ұйымдық-
басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы; 
5)  Қазақстан  Республикасы  Конституциясы 39-бабының 1-тармағына 
сəйкес  лауазымды  адамдар  мен  мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаруға  уəкiлдiк 
берiлген  басқа  да  адамдардың,  сондай-ақ  соларға  теңестiрiлген  адамдардың 
құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану; 
5-1)  мемлекеттік  қызметшілерді  əлеуметтік  жəне  құқықтық  қорғауды 
мемлекеттің қамтамасыз етуі; 
36

6)  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  бұзылған  құқықтары  мен  заңды 
мүдделерiн  қалпына  келтiру,  сыбайлас  жемқорлықпен  құқық  бұзушылықтың 
зиянды зардаптарын жою жəне олардың алдын алу; 
7)  сыбайлас  жемқорлықпен  құқық  бұзушылыққа  қарсы  күреске  жəрдем 
жасайтын  азаматтардың  жеке  басының  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  ету  жəне 
оларды көтермелеу; 
8)  мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаруға  уəкiлдiк  берiлген  адамдар  мен 
соларға  теңестiрiлген  адамдардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiн 
мемлекеттiң  қорғауы,  аталған  адамдар  мен  олардың  отбасыларына  лайықты 
тұрмыс  деңгейiн  қамтамасыз  ететiн  жалақы  (ақшалай  үлес)  мен  жеңiлдiктер 
белгiлеу; 
        9)  осындай  қызметтi  жүзеге  асыратын  заңды  жəне  жеке  тұлғаларға 
кəсiпкерлiк  қызметтi  мемлекеттiк  реттеуге  өкiлеттiк  берiлуiн  болдырмау, 
сондай-ақ оған бақылау жасау жəне қадағалау; 
10)  сыбайлас  жемқорлыққа  байланысты  қылмыстарды  анықтау,  ашу, 
жолын кесу жəне олардың алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен 
өзге де қызметтердi жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгiленген тəртiппен заңға 
қайшы  тапқан  ақша  қаражаты  мен  өзге  де  мүлiктi  заңдастыруға  жол  бермеу 
мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану; 
11)  кəсіпкерлік  қызметті  атқару  заңмен  белгіленген  қызметтік 
міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1, 2 
жəне 3-тармақтарында  аталған  адамдар  үшін  кəсіпкерлік  қызметпен 
айналысуға,  соның  ішінде  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  басқару 
органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тыйым салуды белгілеу; 
12)  қоғамдық  бақылауды  қамтамасыз  ету  жəне  қоғамда  сыбайлас 
жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру негізінде жүзеге 
асырылады. 
        Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.07 
№ 222-IV
 (қолданысқа 
енгізілу  тəртібін 
2-б
.  қараңыз),  ҚР 2010.12.29 
№ 371-IV
  (алғашқы  ресми 
жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi), 
2011.01.06 
№ 378-IV
  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы 
 органдар 
 
        1.  Барлық  мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  адамдар  өз  құзыреті 
шегінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жүргізуге  міндетті.  Мемлекеттік 
органдардың  басшылары  мен  жауапты  хатшылары  немесе  Қазақстан 
Республикасының  Президенті айқындайтын  өзге  де  лауазымды  адамдары, 
ұйымдардың,  оның  ішінде  мемлекеттің  қатысу  үлесі  бар  ұйымдардың, 
жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  басшылары  өз  құзыреттері  шегінде 
осы  Заңның  талаптарын  орындауды  жəне  бұл  үшін  кадр,  бақылау,  заң 
қызметтері  мен  басқа  да  қызметтерді  тарта  отырып,  онда  көзделген  тəртіптік 
шараларды  қолдануды,  сондай-ақ  өздеріне  белгілі  болған  барлық  сыбайлас 
37

жемқорлық жағдайларын тіркеуді жəне олар туралы осы баптың 2-тармағында 
аталған органдарға хабарлауды қамтамасыз етеді. 
2.  Сыбайлас  жемқорлықпен  құқық  бұзушылықтарды  анықтауды,  жолын 
кесудi,  алдын  алуды  жəне  олардың  жасалуына  айыпты  адамдарды  жауапқа 
тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық 
қызметі,  кеден  қызметі,  қаржы  полициясы  мен  əскери  полиция  органдары, 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  Шекара  қызметi 
жүзеге асырады. 
3.  Осы  баптың 2-тармағында  аталған  органдар  өз  өкiлеттiктерiнен 
туындайтын шараларды  қолдануға  жəне  жауапты  мемлекеттiк  қызмет 
атқаратын  адамдар  жасаған  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар  анықталған 
барлық  жағдайлар  туралы  мəлiметтердi  құқықтық  статистика  жəне  ақпарат 
органдарына дереу жiберуге мiндетті. 
Ocы  баптың 1 жəне 2-тармақтарында  аталған  лауазымды  адамдар  мен 
органдар  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар,  əкiмшiлiк  құқық  бұзушылықтар 
жөнiндегi iстi,  материалды,  хаттаманы,  ұсынымды  жолдаған  адамға  немесе 
органға заңдарда белгiленген  мерзiмде  оларды  қарау  нəтижелерi  туралы 
жазбаша хабарлауға мiндеттi. 
Мемлекеттік  органдардың  лауазымды  адамдары  сыбайлас  жемқорлық 
сипатындағы  құқық  бұзушылықтар  туралы  мəліметтері  бар  материалдарды 
бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялау  жөнінде  заңда көзделген 
шараларды қолдануға міндетті. 
4. Қазақстан Республикасының Президентi сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес  жөнiндегi мемлекеттiк  орган құруға,  оның  мəртебесi  мен  өкiлеттiгiн 
айқындауға хақылы. 
Ескерту. 6-бапқа  өзгеріс  енгізілді - ҚР 2001.07.12 
№ 240
, 2002.08.09 
№ 
346
, 2003.09.25 
№ 484
, 2007.07.27 
№ 315
  (ресми  жарияланған  күнінен  бастап 
қолданысқа енгізіледі), 2009.12.07 
№ 222-IV
 (қолданысқа енгізілу тəртібін 
2-б

қараңыз), 2013.01.16 
№ 71-V
  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жəрдемдесетiн адамдарға 
тиiспеушiлiк кепiлдiктерi 
 
        1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған 
немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жəрдемдесетiн адам 
мемлекеттiң қорғауында болады. 
2.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күреске  жəрдемдесетiн  адам  туралы 
ақпарат  мемлекеттiк  құпия  болып  табылады  жəне  осы  Заңның 6-бабының 2 
жəне 4-тармақтарында  аталған  органдардың  немесе  соттың  сұратуы 
бойынша заңда белгiленген тəртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария 
ету заңда белгiленген жауаптылыққа əкеп соғады. 
2-1.  Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  фактiсi  туралы  хабарлаған 
немесе  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресте  өзге  де  жолмен  жəрдемдескен 
адам Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тəртiппен көтермеленедi. 
38

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған 
жағдайда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күреске  жəрдемдесетiн  адамдардың 
жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. 
4.  Осы  баптың  ережелерi  көрiнеу  жалған  ақпарат  хабарлаған Қазақстан 
Республикасының заңдарына 
сəйкес 
жауап 
беруге 
тиiс 
адамдарға 
қолданылмайды. 
        Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.07 
№ 222-IV
 (қолданысқа 
енгізілу  тəртібін 
2-б
.  қараңыз), 2012.04.27 
№ 15-V
  (алғашқы  ресми 
жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі) 
Заңдарымен.
 
 
2-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас  жемқорлықпен 
құқық бұзушылықпен жəне ол үшiн жауаптылық 
 
8-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға үмiткер адамдарға жəне 
мемлекеттiк ұйымдарда, мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдарда басқару 
функцияларын орындауға үмiткер адамдарға қойылатын арнайы талап 
 
        Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы 
ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
 
        1.  Мемлекеттік  функцияларды  орындауға,  мемлекеттік  лауазымдарға 
орналасуға  не  мемлекеттік  ұйымдарда  жəне  жарғылық  капиталындағы 
мемлекеттiң  үлесi  елу  пайыздан  көп  болатын  ұйымдарда,  оның  ішінде 
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық 
холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың 
дауыс  беретін  акцияларының  (қатысу  үлестерінің)  елу  пайызынан  астамы 
өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының 
(қатысу  үлестерінің)  елу  пайызынан  астамы  көрсетілген  еншілес  ұйымдарға 
тиесілі  заңды  тұлғаларда  басқару  функцияларын  орындауға  үмiткер  адамдар 
өздерiнiң мəртебесiн жəне соған негiзделген беделiн жеке, топтық жəне өзге де 
қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға əкеп соғуы мүмкiн iс-əрекеттерге жол 
бермеу  мақсатында  осы  Заңмен  жəне  өзге  де заңдармен  белгiленген 
шектеулердi  қабылдайды,  бұл  ретте  аталған  адамдар  мұндай  iс-əрекеттердiң 
құқықтық салдары туралы хабардар етiледi. 
2.  Аталған  адамдардың  шектеулердi  қабылдауға  келiсiм  жазбаша  түрде 
тиiстi  ұйымдардың  кадр  қызметi  белгiлейдi.  Шектеулердi  қабылдамау  ол 
адамды  мемлекеттiк  не  соларға  теңестiрiлген  мiндеттердi  атқаруға  шақырудан 
бас  тартуға  не  жұмысынан  босатуға  немесе заңдарда  көзделген  тəртiппен 
аталған мiндеттердi атқарудан өзгедей босатуға əкеп соғады. 
3.  Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  жасау  тəуекелi  жоғары 
мемлекеттiк  лауазымға  орналасуға  үмiткер  адамдар  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  заңнаманың  сақталу  нысанасына  арнайы  тексерудiң  өздерiне  қатысты 
қолданылу мүмкiндiгi туралы өздеріне мiндеттеме алады. 
39

Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  жасау  тəуекелі  жоғары 
лауазымдардың  тізбесі  мен  оларды  анықтау  əдістемесін  жəне  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексеруді жүзеге 
асыру тетігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 
№ 371-IV
 (алғашқы 
ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 
енгiзiледi), 2012.02.01 
№ 551-IV
  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 
№ 
121-V
  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
 
 
9-бап. Қаржы бақылау шаралары 
 
1.  Мемлекеттiк  лауазымға  не  мемлекеттiк  немесе  соларға  теңестiрiлген 
мiндеттердi  атқаруға  байланысты  лауазымға  кандидаттар  болып  табылатын 
адамдар тұрғылықты жерi бойынша салық органына: 
салық  салу  объектiсi  болып  табылатын,  оның  iшiнде  Қазақстан 
Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы, 
көрсетілген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация; 
банк  мекемесiн  көрсете  отырып,  банк  мекемелерiндегi,  соның  iшiнде 
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы 
қағаздары  туралы,  сондай-ақ  осы  адамдар  дербес  немесе  басқа  адамдармен 
бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы; 
заңды  тұлғалардың  жарғылық  капиталына  қатысу  үлесі  мен  аталған 
ұйымдардың  толық  банктік  немесе  өзге  де  деректемелерін  көрсете  отырып, 
олардың  акционері  немесе  құрылтайшысы  (қатысушысы)  ретінде  өзінің 
қатысуы туралы; 
егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, 
тиiстi  банк  шоттарының  нөмiрлерiн  көрсете  отырып,  сол  трастар  жəне  олар 
тiркелген мемлекеттер туралы; 
адамға  немесе  жұбайына  (зайыбына)  тиесiлi  айлық  есептiк  көрсеткiштiң 
мың  еселенген  мөлшерiнен  асатын  мөлшердегi  материалдық  заттар  мен  ақша 
қаражатын  ұстау  немесе  уақытша  сақтау  жөнiнде  онымен  шарттық 
қатынастары,  келiсiмдерi  жəне  мiндеттемелерi (оның  iшiнде  ауызша  да)  бар 
басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттерi туралы мəлiметтердi табыс етедi. 
2.  Мемлекеттік  лауазым  атқаратын  адамдар  өз  өкілеттігін  орындау 
кезеңінде  жыл  сайын  Қазақстан  Республикасының салық заңнамасында 
белгіленген  тəртіппен  тұрғылықты  жері  бойынша  салық  органына  салық  салу 
объектісі болып табылатын жəне Қазақстан Республикасының аумағындағы да, 
одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып 
отырады. 
        2-1.  Жағымсыз  себептер  бойынша  мемлекеттік  қызметтен  босатылған 
адамдар 
босатылғаннан 
кейінгі 
үш 
жыл 
бойы 
Қазақстан 
Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен тұрғылықты жері 
бойынша  салық  органына  салық  салу  объектісі  болып  табылатын  жəне 
40

Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  да,  одан  тыс  жерлердегі  де 
табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады. 
3.  Осы  баптың 1-тармағының  бірінші  бөлігінде  аталған  адамдардың 
жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына: 
салық  салу  объектісі  болып  табылатын,  оның  ішінде  Қазақстан 
Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы, 
көрсетілген мүліктің орналасқан жерін көрсете отырып, декларация тапсырады; 
мыналар: 
банк  мекемесін  көрсете  отырып,  банк  мекемелеріндегі,  сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі салымдары мен бағалы 
қағаздары  туралы,  сондай-ақ  осы  адамдар  жеке  немесе  басқа  адамдармен 
бірлесіп билік етуге құқылы акта қаражаты туралы;  
заңды  тұлғалардың  жарғылық  капиталына  қатысу  үлесі  мен  аталған 
ұйымдардың  толық  банктік  немесе  өзге  де  деректемелерін  көрсете  отырып, 
олардың  акционері  немесе  құрылтайшысы  (қатысушысы)  ретінде  өзінің 
қатысуы туралы; 
егер  адам  немесе  оның  жұбайы  (зайыбы)  трасттардың  бенефициары 
болса,  тиісті  банк  шоттарының  нөмірлерін  көрсете  отырып,  сол  трастар  жəне 
олар тіркелген мемлекеттер туралы; 
адамға  немесе  жұбайына  (зайыбына)  тиесілі  айлық  есептік  көрсеткіштің 
1000  еселенген  мөлшерінен  асатын  мөлшердегі  материалдық  жəне  қаржы 
қаражатын  ұстау  немесе  уақытша  сақтау  жөнінде  онымен  шарттық 
қатынастары,  келісімдері  жəне  міндеттемелері  (оның  ішінде  ауызша  да)  бар 
басқа  ұйымдардың  атаулары  мен  деректемелері  туралы  мəліметтерді  табыс 
етеді. 
        3-1. Осы баптың 2 жəне 2-1-тармақтарында аталған адамдардың жұбайы 
(зайыбы)  тұрғылықты  жері  бойынша  салық  органына  салық  салу  объектісі 
болып табылатын жəне Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс 
жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар табыс етіп отырады. 
3-2.  Арнаулы  мемлекеттік  органда  қызметке  кандидат  болып  табылатын 
адамның  отбасы  мүшелері  тұрғылықты  жері  бойынша  салық  органына 
декларация мен осы баптың 3-тармағында аталған мəліметтерді табыс етеді. 
Ескерту. Осы тармақта  арнаулы  мемлекеттік  органда  қызметке  кандидат 
болып  табылатын  адамның  отбасы  мүшелері  болып  жұбайы  (зайыбы), 
кəмелетке  толған  балалары  мен  оның  асырауындағы  жəне  онымен  тұрақты 
түрде бірге тұратын адамдар танылады. 
4.  Осы  баптың 1, 2-тармақтарында  аталған  адамдар  тиiсiнше  өздерi 
лауазым  атқаруға  үмiткер  органға  немесе  жұмыс  iстейтiн  жерi  бойынша  осы 
баптың 1 - 3-1-тармақтарында  көрсетiлген  мəлiмдемелер  мен  мəлiметтердi 
алғандығы туралы салық органынан анықтама əкелiп тапсырады. 
5. Осы баптың 1 жəне 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк 
қызметтен  теріс  себептер  бойынша  босатылған  адамдарды  қоспағанда)  осы 
бапта  санамаланған  декларациялар  мен  мəлiметтердi  ұсынбауы  немесе  толық, 
анық ұсынбауы, егер жасалған əрекетте қылмыстық жаза қолданылатын əрекет 
белгiлерi  болмаса,  адамға  тиiстi  өкiлеттiктер  беруден  бас  тарту  үшiн  негiз 
41

болып  табылады  не заңда  көзделген  тəртiппен  тəртіптік  жауаптылыққа  əкеп 
соғады. 
        5-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген, қасақана жасалған, сондай-ақ 
бірнеше  рет  жасалған  əрекеттер заңда  белгіленген  тəртіпте  қолданылатын 
əкімшілік жауаптылыққа əкеп соғады. 
6. Адамдар мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерді атқарудан 
босатылғаннан  кейін  үш  жылдың  ішінде  алғаш  рет  жасалған,  осы  баптың 5-
тармағында  аталған  əрекеттер,  сондай-ақ  мұндай  іс-əрекеттерді  қайталап 
жасау заңда белгіленген əкімшілік жауаптылыққа əкеп соғады. 
7.  Жауапты  мемлекеттiк  лауазымдар  атқаратын  лауазымды  адамдардың 
табыстарының  мөлшерi  туралы  жəне  олардың  көздерi  туралы  мəлiметтер, 
сондай-ақ 
сайланбалы 
мемлекеттiк 
қызметке 
ұсынылған 
кезiнде 
кандидаттардың  табыстары  туралы  мəлiметтер заңдарда  белгiленген  тəртiппен 
жариялануы мүмкiн. 
8.  Мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаруға  уəкiлеттiк  берiлген  адамдарға  жəне 
соларға  теңестiрiлген  адамдарға  өз  атынан  емес  бөгде  адамдар  атынан, 
жасырын,  бүркеншiк  атпен  жəне  басқаша  да  азаматтық-құқықтық  мəмiлелер 
жасауға  тыйым  салынады.  Бұл  мəмiлелер заңда  белгiленген  тəртiппен 
жарамсыз деп танылады. 
9. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мiндеттердi атқаруға қатысатын 
жеке  жəне  заңды  тұлғалар  Қазақстан  Республикасының  Үкiметi  белгiлеген 
тəртiппен жəне мерзiмде мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы 
барлық  мəмiлелер  мен  қаржы  қызметi  туралы  есептi  мемлекеттiк  мүлiкке 
қатысты  меншiк  иесiнiң  құқықтық  өкiлеттiгiн  жүзеге  асыратын  мемлекеттiк 
органға табыс етедi. 
10.  Салық  органына  келiп  түсетiн,  осы  бапта  көзделген  мəлiметтер 
қызметтiк  құпия  болып  табылады.  Оларды  жария  ету,  егер  жасалған  əрекетте 
қылмыстық  жазаланатын  əрекет  белгiлерi  болмаса,  кiнəлi  адамды  жұмыстан 
босатуға  əкеп  соғады.  Бұл  мəлiметтер  осы  Заңның 6-бабының 2 жəне 4-
тармақтарында  аталған  органдардың,  сондай-ақ  соттың  сұратуы  бойынша 
ғана заңда белгiленген тəртiппен табыс етiледi. 
Қаржы  мониторингі  жөніндегі  уəкілетті  органға  заңсыз  жолмен  алынған 
кірістерді  заңдастыруға  (жылыстатуға)  жəне  терроризмді  қаржыландыруға 
қарсы  іс-қимыл  туралы  Қазақстан  Республикасының заңнамасында  көзделген 
мақсатта жəне тəртіппен қызметтік құпияны құрайтын мəліметтер ұсынылады. 
11.  Осы  бапта  көзделген  қаржы  бақылау  шаралары  Қазақстан 
Республикасында  тұрғын  үйдi  жəне  тұрғын  үй  құрылысы  үшiн  құрылыс 
материалдарын  меншiгiне  сатып  алуға  байланысты  құқық  қатынастарына 
қолданылмайды.  Тұрғын  үйдi  жəне  тұрғын  үй  құрылысы  үшiн  құрылыс 
материалдарын 
сатып 
алу 
кезiндегi 
қаржы 
бақылау 
Қазақстан 
Республикасының заңдарына сəйкес жүзеге асырылады. 
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 
№ 101-IV
 (2009.01.01 
бастап  қолданысқа  енгізіледі), 2009.08.28 
№ 192-IV
 (2010.03.08 бастап 
қолданысқа енгізіледі), 2009.12.07 
№ 222-IV
 (қолданысқа енгізілу тəртібін 
2-б

қараңыз), 2012.02.13 
№ 553-IV
  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін 
42

күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі), 2012.12.26 
№ 61-V
 
(2013.01.01  бастап  қолданысқа  енгізіледі)  Заңдарымен; 03.07.2013 
№ 121-V
 
(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
 
 
Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет