Мемлекеттік қызмет туралы


-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi əлеуметтiк



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/36
Дата21.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

24-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi əлеуметтiк  
               қорғау шаралары 
 
        1.  Мемлекеттiк  қызметшiлер Қазақстан  Республикасының заңдарында 
белгiленген 
тəртiп 
бойынша 
тұрғын 
үймен 
қамтамасыз 
етіледi. 
        2.  Тұрғын  үй  жағдайын  жақсартуға  мұқтаж  мемлекеттiк  қызметшiлерге 
жеке  тұрғын  үй  құрылысы  үшiн  жер  учаскесi  тегiн  берiледi.  Жер  учаскесiн 
беру шарттарын Республика Үкiметi белгiлейдi. 
        3.  Мемлекеттiк  қызметшiлер  жəне  олармен  бiрге  тұратын  отбасы 
мүшелерi  белгiленген  тəртiппен  тиiстi  мемлекеттiк  денсаулық  сақтау 
мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады. 
        4.  Мемлекеттік  орган  таратылған  (жойылған)  жағдайда,  мемлекеттік 
əкімшілік  қызметшілерге  кемінде  үш  жыл  мемлекеттік  қызмет  өтілі  болған 
кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жəрдемақысы 
төленеді. 
        Мемлекеттік  орган қайта  ұйымдастырылған  жағдайда  жаңадан  құрылған 
мемлекеттік  органның  басшылығы  қайта  ұйымдастырылған  мемлекеттік 
органның  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілеріне  олардың  біліктілігіне  сəйкес 
жұмыс ұсынады. 
        Басқа  мемлекеттік  органның  функциялары,  өкілеттіктері  жəне  штат 
бірліктері  берілген  мемлекеттік  орган  берілген  функцияларды,  өкілеттіктерді 
орындаған жəне осы штат бірліктерінде қызмет атқарған мемлекеттік əкімшілік 
қызметшілерге олардың біліктілігіне сəйкес жұмыс ұсынады. 
        Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілер  жұмысқа  орналасудан  бас  тартқан 
жағдайда,  олар  Қазақстан  Республикасының заңнамасында  белгіленген 
тəртіппен  жұмыстан  босатылады.  Бұл  ретте,  кемінде  үш  жыл  мемлекеттік 
қызмет  өтілі  бар  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілерге  төрт  орташа  айлық 
жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жəрдемақысы төленеді. 
        Мемлекеттік  органның  штат  саны  қысқарған  жағдайда  мемлекеттік 
қызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа 
айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жəрдемақысы төленеді. 
        5.  Мемлекеттiк  қызметшi  қайтыс  болған  жағдайда  оның  отбасы 
мүшелерiне  мемлекеттiк  органдағы  соңғы  қызмет  орны  бойынша  үш  орташа 
жалақысы  мөлшерiнде  бiржолғы  жəрдемақы  төленедi,  бұл  орайда 
жəрдемақының 
мөлшерi 
Қазақстан 
Республикасының заңдарында 
белгiленгеннен төмен болмауы керек. 
        Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393; 14.12.2012 N 
59-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен. 
 
25

25-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен жəне  
               əлеуметтiк қамсыздандыру 
 
      Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен жəне əлеуметтiк қамсыздандыру 
Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жүзеге асырылады.  
 
6-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті  
 тоқтатуы 
 
26-бап. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң отставкаға  
               шығуы жəне қызметтен босатылуы 
 
        1.  Отставка  дегенiмiз мемлекеттiк  саяси  қызметшiнiң  тиiстi  мемлекеттiк 
лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша арызы негiзiнде 
жүзеге асырылады. 
        2.  Отставканы  мемлекеттiк  саяси  қызметшiнi  осы  лауазымға 
тағайындаған  (сайлаған)  мемлекеттiк  орган  немесе  лауазымды  адам 
қабылдайды немесе одан дəлелдi бас тартылады. Отставканы қабылдау немесе 
одан  бас  тартылу  туралы  шешiм  жазбаша  арыз  берiлген  күннен  бастап  бiр  ай 
мерзiмде  қабылданады.  Саяси  қызметшi  отставкадан  бас  тартылған  жағдайда 
қызметтiк  өкілеттiгiн  атқаруды  жалғастыруға  тиiс  жəне  оның  Қазақстан 
Республикасының заңдарында  көзделген  тəртiппен  қызметтен  босауға  құқығы 
бар. 
        3.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілер Конституцияда,  осы  Заңда  жəне 
Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген негіздерде жəне 
тəртіппен отставкаға өтініш береді жəне отставкаға кетеді. 
        4.  Лауазымдық  өкiлеттiгiн  өрескел  бұзу,  мемлекеттiк  қызметте  болуға 
лайықсыз  қылықтар  жасау  мемлекеттiк  саяси  қызметшiнiң  отставкаға  шығуы 
үшiн  негiз  бола  алмайды,  қайта  жұмыстан  босату  үшiн  негiз  болады. 
Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен босатудың негiздерi мен тəртiбiн 
Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. 
        4-1.  Мемлекеттiк  саяси  қызметшiлердiң  мемлекеттiк  қызметті  тоқтатуы 
үшін: 
        сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  жасаған  адамды  немесе  сыбайлас 
жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшiн  бұрын  жұмыстан  босатылған 
адамды,  сондай-ақ  ұйымдасқан  топтың,  қылмыстық  қоғамдастықтың 
(қылмыстық  ұйымның),  трансұлттық  ұйымдасқан  топтың,  трансұлттық 
қылмыстық  қоғамдастықтың  (трансұлттық  қылмыстық  ұйымның)  немесе 
тұрақты  қарулы  топтың  (банданың)  құрамында  қылмыс  жасаған  адамды 
мемлекеттік қызметке қабылдауы; 
        ұйымдасқан 
топтың, 
қылмыстық 
қоғамдастықтың 
(қылмыстық 
ұйымның),  трансұлттық  ұйымдасқан  топтың,  трансұлттық  қылмыстық 
қоғамдастықтың  (трансұлттық  қылмыстық  ұйымның)  немесе  тұрақты  қарулы 
топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі 
қылмыстық  қудалау  органы  немесе  сот  тоқтатқан  не  Қазақстан 
26

Республикасының  Қылмыстық  кодексі Ерекше  бөлімінің  тиісті  бабында 
көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі 
өткенге  дейін  ақталмайтын  негіздер  бойынша  қылмыстық  іс  қозғаудан 
қылмыстық  қудалау  органы  бас  тартқан  адамды  мемлекеттік  қызметке 
қабылдауы негiз болып табылады. 
         5.  Алып  тасталды - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен  (алғашқы  ресми 
жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
        Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2007.07.21 N 
308, 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік 
он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі); 14.12.2012 N 59-V (алғашқы  ресми 
жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі) 
Заңдарымен. 
 
27-бап. Мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметшiлердiң  
               мемлекеттiк қызметтi тоқтатуының негiздерi 
 
        1. Мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы 
үшiн: 
        1)  олардың  өз  тiлегi  бойынша  жұмыстан  босату  туралы  арыз  беруi; 
        1-1)  тараптардың  өзара  келісуі  бойынша  еңбек  шартын  жасасу  жолымен 
олардың  мемлекеттік  қызметте  болу  мерзімін  жыл  сайын  ұзарту  құқығымен 
Қазақстан  Республикасының заңдарында  белгіленген  зейнеткерлік  жасқа 
толуы; 
        2) 
еңбек 
шарты 
мерзiмiнiң 
бiтуi 
не 
Қазақстан 
Республикасының заңдарында  көзделген  негiздер  бойынша  келiсiм-шарттың 
бұзылуы; 
        2-1)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  жəне  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  актілерінде  көзделген  олардың  өкілеттіктері 
мерзімдерінің аяқталуы; 
        2-2) олардың атқаратын лауазымдары саяси лауазымдарға не азаматтарды 
Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес  жергілікті  өкілді  органдар 
тағайындайтын немесе олар сайланатын лауазымдарға өзгеруі; 
        3)  мемлекеттiк  əкiмшiлiк  қызметшiлердiң  өз  табысы  мен  мүлкi  туралы 
көрiнеу жалған мəлiмет беруi; 
        4) осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы; 
        5) меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi; 
        6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы; 
        7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы; 
        7-1) соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi; 
        7-2)  сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  жасаған  адамды  немесе  сыбайлас 
жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшiн  бұрын  жұмыстан  босатылған 
адамды,  сондай-ақ  ұйымдасқан  топтың,  қылмыстық  қоғамдастықтың 
(қылмыстық  ұйымның),  трансұлттық  ұйымдасқан  топтың,  трансұлттық 
қылмыстық  қоғамдастықтың  (трансұлттық  қылмыстық  ұйымның)  немесе 
27

тұрақты  қарулы  топтың  (банданың)  құрамында  қылмыс  жасаған  адамды 
мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметке қабылдауы; 
        ұйымдасқан 
топтың, 
қылмыстық 
қоғамдастықтың 
(қылмыстық 
ұйымның),  трансұлттық  ұйымдасқан  топтың,  трансұлттық  қылмыстық 
қоғамдастықтың  (трансұлттық  қылмыстық  ұйымның)  немесе  тұрақты  қарулы 
топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі 
қылмыстық  қудалау  органы  немесе  сот  тоқтатқан  не  Қазақстан 
Республикасының  Қылмыстық  кодексі Ерекше  бөлімінің  тиісті  бабында 
көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі 
өткенге  дейін  ақталмайтын  негіздер  бойынша  қылмыстық  іс  қозғаудан 
қылмыстық  қудалау  органы  бас  тартқан  адамды  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметке қабылдауы; 
        7-3)  сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  жасағаны  үшін  ақталмайтын  негіздер 
бойынша қылмыстық істі тоқтатуы, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық 
қоғамдастықтың  (қылмыстық  ұйымның),  трансұлттық  ұйымдасқан  топтың, 
трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық  қылмыстық ұйымның) 
немесе  тұрақты  қарулы  топтың  (банданың)  құрамындағы  қылмыс  туралы 
қылмыстық  істі  қылмыстық  қудалау  органының  немесе  соттың  тоқтатуы  не 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексі Ерекше  бөлімінің  тиісті 
бабында  көзделген  бас  бостандығынан  айыру  түріндегі  жазаның  төменгі 
шектегі  мерзімі  өткенге  дейін  ақталмайтын  негіздер  бойынша  қылмыстық  іс 
қозғаудан қылмыстық қудалау органының бас тартуы; 
        7-4)  мемлекеттiк  қызметке  кiру  кезiнде  мемлекеттiк  қызметке 
қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен 
мəлiметтердi беруі; 
        7-5)  мемлекеттiк  лауазымға  тағайындалу  кезiнде  осы  Заңда  белгіленген 
талаптарға сəйкес келмеуі; 
         8)  осы  Заңда  белгiленген  жағдайларды  қоспағанда,  мемлекеттiк  
əкiмшiлiк лауазымды конкурстан тыс атқаруы; 
        9) аттестаттаудың терiс нəтижелерi; 
        9-1)  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманың  сақталу  нысанасына 
арнайы тексерудiң терiс нəтижелерi; 
        10) 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында 
жəне 
Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  актілерінде  көзделген  өзге  де  негiздемелер  негiз 
болып табылады. 
        1-1.  Осы  баптың 1-тармағының 3), 4), 5), 7), 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) 
тармақшаларына  сəйкес  жұмыстан  босатылған  адамдар  терiс  себептермен 
босатылған болып танылады. 
        2. Мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметшiлердi босатуды мемлекеттiк органның 
мемлекеттiк  əкiмшiлiк  лауазымға  қабылдауға  құқығы  бар  тиiстi  лауазымды 
адамы  Қазақстан  Республикасының заңдарында  белгiленген  тəртiппен 
жүргiзедi. 
       3.  Қызметтен  заңсыз  босатылған  жағдайда  мемлекеттiк  əкiмшiлiк 
қызметшiнiң уəкiлеттi  органға  шағымдануға,  сондай-ақ  өзiнiң  құқықтары  мен 
бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. 
28

      4. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, сондай-ақ мемлекеттік органдардың 
мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілер  болып  табылатын  басшыларының  ауысуы 
жаңадан  тағайындалған  мемлекеттiк  саяси  жəне  (немесе)  əкімшілік 
қызметшілердің  бастамасы  бойынша  мемлекеттiк  əкiмшiлiк  қызметшінің 
атқарып отырған лауазымдағы мемлекеттiк қызметiн тоқтатуы үшiн негiз бола 
алмайды. 
        Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08 N 
75 (қолданысқа  енгізілу  тəртібін 2-баптан  қараңыз), 2007.05.15 N 253, 
2007.07.21 N 308, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа  енгізілу  тəртібін 2-б. 
қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн 
күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi), 2011.11.29 N 502-IV 
(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі); 14.12.2012 N 59-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы 
ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 
енгізiледi) Заңдарымен. 
 
7-тарау. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды бұзу үшін  
 жауаптылық 
 
28-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылығы 
 
        1.  Мемлекеттiк  қызметшiнiң  өзiне  жүктелген  мiндеттердi  орындамағаны 
не тиiсiнше орындамағаны, терiс себептермен жұмыстан босатуға əкеп соғатын 
тəртiптiк  терiс  қылық  жасаған  адамдарды  өз  еркiмен  жұмыстан  босатқаны, 
мемлекеттік  əкімшілік  лауазымдарға  адамдарды  заңсыз  тағайындағаны  жəне 
(немесе)  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымдардан  адамдарды  заңсыз  босатқаны, 
мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілерге тəртіптік  жазаларды  заңсыз қолданғаны, 
мемлекеттiк  əкiмшiлiк  лауазымға  орналасуға  арналған конкурсты өткiзу 
тəртiбiн бұзғаны, тест тапсырмаларының жəне өзге де конкурстық сұрақтардың 
мазмұнын жария еткені, мүдделер қақтығысын болғызбау жəне реттеу жөнінде 
шаралар  қолданбағаны,  лауазымдық  өкiлеттiгiн  асыра  пайдаланғаны, 
мемлекеттiк  жəне  еңбек  тəртiбiн  бұзғаны  үшiн,  сол  сияқты  осы  Заңда 
белгiленген,  мемлекеттiк  қызметте  болуға  байланысты  шектеулердi 
сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге тəртiптiк жазалар: 
        1) ескерту; 
        2) сөгiс; 
        3) қатаң сөгiс; 
        4) қызметке сəйкес еместiгi туралы ескерту; 
        4-1) қызметiн төмендету; 
        5) атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн. 
        1-1.  Мемлекеттік  қызметшіге  сыбайлас жемқорлық  құқық  бұзушылық 
жасағаны үшін тəртіптік жазаның мынадай түрлері: 
        1) қызметіне толық сəйкес еместігі туралы ескерту; 
 2) 
лауазымын төмендету; 
29

        3) атқаратын қызметінен босату қолданылады. 
        Қызметіне толық сəйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тəртіптік жаза 
лауазымын  төмендету  түрінде  тəртіптік  жаза  қолдану  мүмкін  болмаған  кезде 
қолданылады. 
       Лауазымын  төмендету  түріндегі  тəртіптік  жаза  төмен  тұрған  бос 
мемлекеттік  лауазым  болған  жəне  мемлекеттік  қызметші  осы  лауазымға 
белгіленген  біліктілік  талаптарына  сəйкес  келген  кезде  қолданылады. 
        Атқаратын  қызметінен  босату  түріндегі  тəртіптік  жаза  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы заңнамада  көзделген  негіздер  бойынша 
қолданылады. 
        2. Тəртiптiк жазаны: 
        1)  лауазымдық  өкiлеттiгiне  сəйкес  осындай  құқығы  бар  адамдар 
қолданады; 
        2) нақ сол терiс қылық үшiн қайтадан қолдануға болмайды; 
        3) 
Қазақстан 
Республикасының нормативтiк 
құқықтық актiлерiмен белгiленетiн тəртiппен қолданады. 
        2-1.  Облыстарда,  республикалық  маңызы  бар  қалаларда,  астанада, 
аудандарда,  қалаларда  тиісті  əкімшілік-аумақтық  бірліктердің  бюджеттерінен 
қаржыландырылатын  атқарушы  органдар  үшін  бірыңғай  тəртіптік  комиссия 
құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, 
республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандық,  қалалық 
атқарушы  органдардың  бірыңғай  тəртіптік  комиссиясы  осы  атқарушы 
органдардың  басшыларын  тағайындауға  құқығы  бар  адамның  шешімімен 
құрылады. 
        Орталық  мемлекеттік  органның  жəне  оның  ведомствосының  аудандық, 
қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның жəне оның 
ведомствосының  өңіраралық  немесе  облыстық  аумақтық  бөлімшесінде 
бірыңғай тəртіптік комиссия құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық 
бөлімшелердің  бірыңғай  тəртіптік  комиссиясы  орталық  мемлекеттік  органның 
жəне оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі 
басшысының  шешімімен  немесе  жоғары  тұрған  органның  шешімімен 
құрылады. 
        3.  Тəртiптiк  лайықсыз  əрекетке  жол  берген  мемлекеттiк  əкiмшiлiк 
қызметшiнi  оны  тағайындаған  басшы  белгiленген  тəртiппен  жауаптылығы 
туралы  мəселе  шешiлгенге  дейiн  лауазымдық  мiндеттерiн  атқарудан  уақытша 
шеттетуi мүмкiн. 
        4. Мемлекеттiк қызметшi өз iс-əрекетiнiң заңсыздығы үшiн жауап бередi. 
Атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығына күмəнданған жағдайда бұл жөнiнде 
ол  өзiнiң  тiкелей  басшысына  жəне  өкiмдi  берген  басшыға  жазбаша  нысанда 
дереу  хабарлауға  тиiс.  Лауазымы  бойынша  жоғары  тұрған  басшы  аталған 
өкiмдi  жазбаша  растаған  жағдайда  мемлекеттiк  қызметшi,  егер  оны  орындау 
қылмыстық жазалануға тиiс əрекеттерге əкеп соқпайтын болса, оны орындауға 
мiндеттi. Мемлекеттiк қызметшiнiң заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн 
осы өкiмдi растаған басшы жауап бередi. 
30

        5.  Мемлекеттiк  қызметшiлер  қылмыс  жəне өзге  де құқық бұзушылықтар 
жасаған  жағдайда  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгiленген 
негіздер  мен  тəртiп  бойынша  тиiсiнше қылмыстық, əкiмшiлiк, материалдық 
жауапты болады. 
        Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2003.09.25 № 
484, 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк 
он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi); 14.12.2012 № 59-V (алғашқы  ресми 
жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі) 
Заңдарымен. 
 
28-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жəне сыбайлас  
жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн 
тəртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi 
 
        1.  Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтарды  немесе  сыбайлас 
жемқорлыққа  жағдай  туғызатын  құқық  бұзушылықтарды  жасағаны  үшiн 
тəртiптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей 
қолданылады  жəне  жазаны  терiс  қылық  жасалған  күннен  бастап  бiр  жылдан 
кешiктiрiп қолдануға болмайды. 
        2.  Қылмыстық  iс  қозғаудан  бас  тартқан  не  қылмыстық  iстi  қысқартқан 
жағдайда,  бiрақ  адамның  əрекеттерiнде  сыбайлас  жемқорлық  тəртiптiк  терiс 
қылық белгiлерi болған кезде, тəртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту 
не  оны  қысқарту  туралы  шешiм  қабылданған  күннен  бастап  үш  айдан 
кешiктiрiлмей,  бiрақ  терiс  қылық  жасалған  күннен  бастап  бiр  жылдан 
кешiктірiлмей қолданылуы мүмкiн. 
        3.  Мемлекеттiк  қызметшiнiң  еңбекке  уақытша  қабiлетсiздiгiне, 
мемлекеттiк  немесе  қоғамдық  мiндеттердi  орындау  үшiн  жұмыстан 
босатылуына,  демалыста, iссапарда  болуына  байланысты  жұмыста  болмаған 
уақытында  бiр  жылдық  жəне  үш  айлық  тəртiптiк  жаза  қолдану  мерзiмi 
еңбек заңнамасына сəйкес тоқтатыла тұрады. 
        Ескерту. Заң 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен, 
өзгерту  енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы  ресми  жарияланғанынан 
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
 
28-2-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын 
                 бұзғаны үшін тəртіптік жазалар қолдану мерзімдері 
 
       Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тəртіптік 
жаза  терiс  қылық  анықталған  күннен  бастап  үш  айдан  кешiктiрiлмей 
қолданылады  жəне  жазаны  терiс  қылық  жасалған  күннен  бастап  бiр  жылдан 
кешiктiрiп қолдануға болмайды. 
        Ескерту.  Заң 28-2-баппен  толықтырылды - ҚР 2012.02.16 № 557-IV 
(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 
31

29-бап. Мемлекеттiк қызметшiлер құқықтарының оларды  
               тəртiптiк жауапқа тарту кезiндегi кепiлдiгi 
 
        1.  Мемлекеттік  қызметші  өзін  тəртіптік  жауаптылыққа  тартуға 
байланысты  барлық  материалдармен  міндетті  түрде  таныстырылуға  тиіс,  оған 
қызметтік тексеру рəсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі. 
        2.  Жауапқа  тартылушы  мемлекеттiк  қызметшiлер  мемлекеттiк  органның 
немесе  лауазымды  адамның  iс-əрекетi  мен  шешiмдерiне  уəкiлеттi  орган 
белгілеген тəртiппен не сотқа шағым жасай алады. 
        Ескерту. 29-бапқа  өзгерту  енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы 
ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен. 
 
8-тарау. Қорытынды ережелер 
 
30-бап. Осы Заңның күшіне енгізілу тəртібі 
 
Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.  
 
 Қазақстан Республикасының Президенті  
 
 
32

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 
 
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі № 267 Заңы 
 
МАЗМҰНЫ 
 
1-тарау. Жалпы ережелер 
 
1-бап. Заңның мақсаты 
 
        1.  Осы  Заң  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғауға, 
сыбайлас  жемқорлық  көрiнiстерiнен  туындайтын  қауiп-қатерден  Қазақстан 
Республикасының  ұлттық  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  етуге,  сыбайлас 
жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың 
жолын  кесу  жəне  ашу,  олардың  зардаптарын  жою  жəне  кiнəлiлердi  жауапқа 
тарту  арқылы  мемлекеттiк  органдардың,  мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаратын 
лауазымды  жəне  басқа  да  адамдардың,  сондай-ақ  оларға  теңестiрiлген 
адамдардың  тиiмдi  қызметiн  қамтамасыз  етуге  бағытталған  жəне  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрестiң  негiзгi  принциптерiн  айқындап,  сыбайлас 
жемқорлыққа  байланысты  құқық  бұзушылықтың  түрлерiн,  сондай-ақ 
жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. 
2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы 
жариялылық  пен  бақылауды  кеңейтуге  халықтың  мемлекет  пен  оның 
құрылымдарына  деген  сенiм  нығайтуға,  бiлiктi  мамандарды  мемлекеттiк 
қызметке  кiруге  ынталандыруға,  мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаратын 
адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.  
 
2-бап. Негiзгi ұғымдар 
 
       1.  Осы  Заңда  мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаратын  адамдардың,  сондай-ақ 
соларға  теңестiрiлген  адамдардың  лауазымдық  өкiлеттiгiн  жəне  соған 
байланысты  мүмкiндiктерiн  пайдалана  отырып  не  мүлiктiк  пайда  алу  үшiн 
олардың  өз  өкiлеттiктерiн  өзгеше  пайдалануы,  жеке  өзi  немесе  делдалдар 
арқылы  заңда  көзделмеген  мүлiктiк  игiлiктер  мен  артықшылықтар  алуы,  сол 
сияқты  бұл  адамдарға  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  аталған  игiлiктер  мен 
артықшылықтарды құқыққа  қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас 
жемқорлық деп ұғынылады. 
      
2. 
Осы 
Заңда, 
сондай-ақ 
өзге 
заңдарда 
көзделген, заңдарда белгiленген тəртiптiк, əкiмшiлiк 
жəне қылмыстық 
жауапкершiлiкке əкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе 
сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын əрекеттер сыбайлас жемқорлыққа 
байланысты 
құқық 
бұзушылықтар 
(сыбайлас 
жемқорлықпен 
құқық 
бұзушылықтар) болып табылады. 
33

3.  Мемлекеттiк  мiндеттер - Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен 
мемлекеттiң,  оның  органдары  мен  мемлекеттiк  қызмет  атқаратын  адамдардың 
өкiлеттiгiне жатқызылған iс жүргiзу мəндерi. 
3-1. 
Алып  тасталды - ҚР 2011.01.06 
№ 378-IV
  (алғашқы  ресми 
жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі) 
Заңымен.
 
       4.  Лауазымды  адамдар - тұрақты,  уақытша  немесе  арнаулы  өкiлеттiк 
бойынша  мемлекеттiк  органдарда,  жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару  органдарында, 
сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерiнде,  Қазақстан 
Республикасының басқа да əскерлерi мен əскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң 
мiндеттерiн  жүзеге  асыратын  не  ұйымдастырушылық-билiк  етушiлiк  немесе 
əкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар. 
5.  Жауапты  мемлекеттiк  қызмет  атқаратын  адамдар - мемлекеттiң 
мiндеттерi  мен  мемлекеттiк  органдардың  өкiлеттiгiн  тiкелей  атқару  үшiн 
Қазақстан  Республикасының Конституциясында,  Қазақстан  Республикасының 
конституциялық  жəне  өзге  де заңдарында  белгiленген  қызметтердi  атқаратын 
адамдар.  
       Ескерту. 2-бапқа  өзгеріс  енгізілді - ҚР 1999.07.23 
№ 454
 (2000.01.01 
бастап күшіне енеді), 2001.06.08 
№ 206
, 2003.09.25 
№ 484
, 2011.01.06 
№ 378-IV
 
(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа  енгізіледі), 2011.04.01 
№ 425-IV
  (алғашқы  ресми  жарияланған 
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет