Мемлекеттік қызмет туралы


"Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан жəне біліктілігін арттырудан



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет36/36
Дата21.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

"Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан жəне біліктілігін арттырудан 
өткен қызметкерлері туралы есеп" əкімшілік деректерін жинауға арналған 
нысандарды бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының  
2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 06-7/181 бұйрығы. Қазақстан 
Республикасының Əділет министрлігінде 2014 жылы 13 қаңтарда  
№ 9065 тіркелді 
 
«Мемлекеттік  статистика  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  
16  бабы 3-тармағының 2)  тармақшасына  жəне  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы  № 1457 Жарлығымен  бекітілген 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау 
жəне  олардың  бiлiктiлiгiн  арттыру  қағидаларының 30-тармағына  сондай-ақ, 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы  № 280 
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері 
агенттігі 
туралы 
ереженің 15-тармағының 25) тармақшасына 
сəйкес 
БҰЙЫРАМЫН
1. Қоса беріліп отырған əкімшілік деректерін жинауға арналған нысандар: 
1) мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан өткен қызметкерлері туралы 
есеп осы бұйрықтың 1-қосымшасына сəйкес; 
2)  мемлекеттік  органдардың  біліктілігін  арттырудан  өткен  қызметкерлері 
туралы есеп осы бұйрықтың 2-қосымшасына сəйкес бекітілсін. 
2. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген: 
1) орталық мемлекеттік органдардың мəліметтері Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан əрі – Агенттік) ұсынады; 
2)  жергілікті  атқарушы  органдардың,  облыстардың,  Астана  жəне  Алматы 
қалаларының  мəслихат  аппараттары  мен  ревизиялық  комиссияларының 
мəліметтері  Агенттіктің  тиісті  аумақтық  бөлімшелеріне  ұсынылады  деп 
белгіленсін. 
3. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Ж.Ш. Сəрсенов): 
1)  заңнамамен  белгіленген  тəртіпте  осы  бұйрықты  Қазақстан 
Республикасының  Əділет  министрлігінде  мемлекеттік  тіркеуді  жəне 
тіркелгеннен  кейін  оны  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  ресми  жариялауды 
қамтамасыз етсін; 
2) осы бұйрықты Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыру; 
3)  осы  бұйрықтың 1-тармағында  көрсетілген  мəліметтерді  орталық 
мемлекеттік  органдардың  жыл  сайын  есеп  беру  кезеңінен  кейінгі  айдың  
10-күнінен кешіктірмей ұсынуын қамтамасыз етсін. 
4.  Агенттіктің  аумақтық  бөлімшелері  есеп  беру  кезеңінен  кейінгі  айдың 
10-күнінен  кешіктірмей  осы  бұйрықтың 1-тармағында  көрсетілген  жергілікті 
атқарушы  органдардың,  облыстардың,  Астана  жəне  Алматы  қалаларының 
мəслихат  аппараттары  мен  ревизиялық  комиссияларының  мəліметтерін 
Агенттіктің орталық аппаратына ұсынсын. 
361

5.  Осы  бұйрықтың  орындалуын  бақылау  Агенттік  Төрағасының 
орынбасары Ə.А. Көмекбаевқа жүктелсін. 
6.  Осы  бұйрық  бірінші  ресми  жарияланған  күннен  бастап  қолданысқа 
енеді. 
 
Төраға                                                                                                А. Байменов 
 
 
362

      «Келісілді» 
      Қазақстан Республикасы 
      Статистика агенттігінің 
      Төрағасы 
      ________________Ə. Смайылов 
      2013 жылғы «___» ___________ 
 
  Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік қызмет істері 
 агенттігі Төрағасының    
2013 жылғы 12 желтоқсандағы 
 № 06-7/181 бұйрығына   
 1-қосымша        
 
Əкімшілік деректерді жинауға арналған нысан 
 
Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан өткен қызметкерлері туралы 
есеп 20___ жылғы есепті кезең 
 
Индексі: 1-ҚД 
 
Кезеңділігі: Жылдық 
 
Мəлімет  ұсынатын  тұлғалар  қатары:  орталық  мемлекеттік  жəне 
жергілікті атқарушы органдар, облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының 
мəслихат аппараттары мен ревизиялық комиссиялары, Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері 
 
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет 
істері агенттігі жəне оның аумақтық департаменттері 
 
Ұсыну мерзімі – əрбір жылдың бірінші айының 10-күніне дейін 
 
«А» корпусы 
«Б» корпусы 
Барлығы  
Алғаш кіргендер  Мемлекеттік 
қызметке 
алғаш 
кіргендер 
Басшы 
лауазымға 
алғаш 
тағайындалғандар 
Оқуға 
тиісті 
Өтті 
Барлығы 
оқуға 
тиісті  
Оның 
ішінде 
өткені  
Барлығы 
оқуға 
тиісті 
Оның 
ішінде 
өткені 
Барлығы
оқуға 
тиісті 
Оның 
ішінде 
өткені 
МБА 
МБА ӨОО
МБА ӨОО 
1 2 
3 4 

6 7 


10 
363

 
Ескерту: 
 
Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме қосымшада көрсетіледі 
 
МБА - Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік 
басқару академиясы 
ӨОО - Мемлекеттік  қызметшілерді  қайта  даярлау  жəне  біліктілігін 
арттыру өңірлік орталығы 
 
Ұйымның атауы                                                         ___________________________ 
 
Мекен-жайы                                                               ___________________________ 
 
Телефон                                                                      ___________________________ 
 
Электрондық мекен-жайы                                        ___________________________ 
 
Орындаушының аты-жөні жəне жəне телефоны     __________________________ 
 
Басшысы (аты, фамилиясы, тегі – болған 
Жағдайда көрсетіледі)                                              ___________________________ 
Мерзімі «___» ________ 20 __ ж 
 
Мөр орны 
 
 
364

Мемлекеттік органдардың 
 қайта даярлаудан    
өткен қызметкерлері туралы 
 есепке қосымша     
 
Əкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі 
түсініктеме 
 
Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан өткен қызметкерлері туралы 
есеп 
 
1. Жалпы ережелер 
 
1. «Мемлекеттік  органдардың  қайта  даярлаудан  өткен  қызметкерлері 
туралы есеп» (бұдан əрі – Есеп нысаны) Қазақстан Республикасы Президентінің 
2004  жылғы 11 қазандағы  № 1457 Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттiк  қызметшiлерiн  даярлау,  қайта  даярлау  жəне 
олардың біліктілігін арттыру қағидаларының 30-тармағын, сондай-ақ, Қазақстан 
Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен 
бекітілген  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
туралы  ереженің 15-тармағының 25) тармақшасын  іске  асыру  мақсатында 
əзірленді. 
2.  Есеп  нысаны  бастапқы  есепке  алу  ақпараттарының  негізінде 
толтырылады жəне ұсынылады. 
3.  Есеп  нысанына  мемлекеттік  органның  басшысы,  ал  ол  болмаған 
жағдайда оның міндеттерін атқаратын тұлға қол қояды. 
4.  Мемлекеттік  органның  орталық  аппараты  толтырылған  Есеп  нысанын 
мемлекеттік  органның  барлық  ведомстволары  мен  аумақтық  бөлімшелерінің 
ақпараттарын  жинақтап,  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері 
агенттігіне (бұдан əрі – Агенттік). 
 
2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсініктеме 
 
5.  Есеп  нысанының 1-бағанында  қайта  даярлаудан  өтуге  тиісті  «А» 
корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметіне  алғаш  кіргендердің  саны 
көрсетіледі. 
6.  Есеп  нысанының 2-бағанында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясында  (бұдан  əрі – Академия)  қайта 
даярлаудан өткен «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшілерінің саны 
көрсетіледі. 
7.  Есеп  нысанының 3-бағанында  қайта  даярлаудан  өтуге  тиісті  «Б» 
корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметіне  алғаш  кіргендердің  саны 
көрсетіледі. 
365

8. Есеп нысанының 4-бағанында Академияда қайта даярлаудан өткен «Б» 
корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметіне  алғаш  кіргендердің  саны 
көрсетіледі. 
9.  Есеп  нысанының 5-бағанында  Мемлекеттік  қызметшілерді  қайта 
даярлау  жəне  біліктілігін  арттыру  өңірлік  оқыту  орталықтарында  (бұдан  əрі – 
ӨОО) қайта даярлаудан өткен «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметіне 
алғаш кіргендердің саны көрсетіледі. 
10.  Есеп  нысанының 6-бағанында  қайта  даярлаудан  өтуге  тиісті  «Б» 
корпусының 
мемлекеттік 
əкімшілік 
басшы 
лауазымына 
алғаш 
тағайындалғандардың саны көрсетіледі. 
11. Есеп нысанының 7-бағанында Академияда қайта даярлаудан өткен «Б» 
корпусының 
мемлекеттік 
əкімшілік 
басшы 
лауазымына 
алғаш 
тағайындалғандардың саны көрсетіледі. 
12.  Есеп  нысанының 8-бағанында  ӨОО  қайта  даярлаудан  өткен  «Б» 
корпусының 
мемлекеттік 
əкімшілік 
басшы 
лауазымына 
алғаш 
тағайындалғандардың саны көрсетіледі. 
13.  Есеп  нысанының 9-бағанында  барлық  қайта  даярлаудан  өтуге  тиісті 
«А»  жəне  «Б»  корпусының  мемлекеттік  қызметшілерінің  жалпы  саны 
көрсетіледі. 
14.  Есеп  нысанының 10-бағанында  Академияда  жəне  ӨОО  қайта 
даярлаудан  өткен  барлық  «А»  жəне  «Б»  корпусының  мемлекеттік 
қызметшілерінің жалпы саны көрсетіледі. 
 
 
366

  Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік қызмет істері 
 агенттігі Төрағасының    
2013 жылғы 12 желтоқсандағы 
 № 06-7/181 бұйрығына   
 2-қосымша        
 
Əкімшілік деректерді жинауға арналған нысан 
 
Мемлекеттік органдардың біліктілікті арттырудан өткен қызметкерлері 
туралы есеп 20___ жылғы есепті кезең 
 
Индексі: 1-БА 
 
Кезеңділігі: Жылдық 
 
Мəлімет  ұсынатын  тұлғалар  қатары:  орталық  мемлекеттік  жəне 
жергілікті атқарушы органдар, облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының 
мəслихат аппараттары мен ревизиялық комиссиялары, Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері 
 
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет 
істері агенттігі жəне оның аумақтық департаменттері 
 
Ұсыну мерзімі – əрбір жылдың бірінші айының 10-күніне дейін 
 
 
«А» корпусы 
«Б» корпусы 
Бар
лығ
ы 
оқу
ға 
тиіс
ті 
Бар
лығ
ы 
өтті
Барлы
ғыоқу
ға 
тиісті  
Өтті 
Барлы
ғыоқу
ға 
тиісті 
Келесі  білім  беру  ұйымдарында 
біліктілігін арттырудан өтті  
М
Б
А 
шете
лдік 
білі
м 
беру 
ұйы
мдар
ы 
бар
лығ
ы  
М
Б
А 
Ө
О
О 
ведом
ствол
ық 
білім 
беру 
ұйымд
ары  
басқ
а 
білі
м 
беру 
ұйы
мдар
ы 
шете
лдік 
білі
м 
беру 
ұйы
мдар
ы 
бар
лығ
ы 
1 2 


5 6 

8 9 
10 
11 
12 
13 
 
Ескерту: 
 
Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме қосымшада көрсетіледі 
367

 
МБА - Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік 
басқару академиясы 
ӨОО - Мемлекеттік  қызметшілерді  қайта  даярлау  жəне  біліктілігін 
арттыру өңірлік орталығы 
 
Ұйымның атауы                                                         ___________________________ 
Мекен-жайы                                                               ___________________________ 
 
Телефон                                                                      ___________________________ 
 
Электрондық мекен-жайы                                        ___________________________ 
 
Орындаушының аты-жөні жəне жəне телефоны   ___________________________ 
 
Басшысы (аты, фамилиясы, тегі – болған 
Жағдайда көрсетіледі)                                              ___________________________ 
Мерзімі «___» ________ 20 __ ж 
 
Мөр орны 
 
 
368

  Мемлекеттік органдардың  
 біліктілікті арттырудан  
өткен қызметкерлері туралы 
 есепке қосымша     
 
Əкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі 
түсініктеме 
 
Мемлекеттік органдардың біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері 
туралы есеп 
 
1. Жалпы ережелер 
 
1. «Мемлекеттік органдардың біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері 
туралы есеп» (бұдан əрі – Есеп нысаны) Қазақстан Республикасы Президентінің 
2004  жылғы 11 қазандағы  № 1457 Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттiк  қызметшiлерiн  даярлау,  қайта  даярлау  жəне 
олардың біліктілігін арттыру қағидаларының 30-тармағын, сондай-ақ, Қазақстан 
Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен 
бекітілген  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
туралы  ереженің 15-тармағының 25) тармақшасын  іске  асыру  мақсатында 
əзірленді. 
2.  Есеп  нысаны  бастапқы  есепке  алу  ақпараттарының  негізінде  өспелі 
қорытындымен толтырылады жəне ұсынылады. 
3.  Есеп  нысанына  мемлекеттік  органның  басшысы,  ал  ол  болмаған 
жағдайда оның міндеттерін атқаратын тұлға қол қояды. 
4.  Мемлекеттік  органның  орталық  аппараты  толтырылған  Есеп  нысанын 
мемлекеттік  органның  барлық  ведомстволары  мен  аумақтық  бөлімшелерінің 
ақпараттарын  жинақтап,  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері 
агенттігіне (бұдан əрі – Агенттік). 
 
2. Есеп нысанын толтыру 
 
5.  Есеп  нысанының 1-бағанында  қайта  даярлаудан  өтуге  тиісті  «А» 
корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшілерінің саны көрсетіледі. 
6.  Есеп  нысанының 2-бағанында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясында  (бұдан  əрі – Академия) 
біліктілігін  арттырудан  өткен  «А»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметшілерінің саны көрсетіледі. 
7.  Есеп  нысанының 3-бағанында  шетелдік  білім  беру  ұйымдарында 
біліктілігін  арттырудан  өткен  «А»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметшілерінің саны көрсетіледі. 
369

8.  Есеп  нысанының 4-бағанында  Академияда  жəне  шетелдік  білім  беру 
ұйымдарында  біліктілігін  арттырудан  өткен  «А»  корпусының  мемлекеттік 
əкімшілік қызметшілерінің жалпы саны көрсетіледі. 
9.  Есеп  нысанының 5-бағанында  қайта  даярлаудан  өтуге  тиісті  «Б» 
корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшілерінің саны көрсетіледі. 
10.  Есеп  нысанының 6-бағанында  Академияда  біліктілігін  арттырудан 
өткен  «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілерінің  саны 
көрсетіледі. 
11.  Есеп  нысанының 7-бағанында  Мемлекеттік  қызметшілерді  қайта 
даярлау  жəне  біліктілігін  арттыру  өңірлік  орталықтарында  біліктілігін 
арттырудан өткен «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшілерінің саны 
көрсетіледі. 
12. Есеп нысанының 8-бағанында ведомстволық білім беру ұйымдарында 
біліктілігін  арттырудан  өткен  «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметшілерінің саны көрсетіледі. 
13.  Есеп  нысанының 9-бағанында  басқа  білім  беру  ұйымдарында 
біліктілігін  арттырудан  өткен  «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметшілерінің саны көрсетіледі. 
14.  Есеп  нысанының 10-бағанында  білім  берудің  шетелдік  ұйымдарында 
біліктілігін  арттырудан  өткен  «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметшілерінің саны көрсетіледі. 
15.  Есеп  нысанының 11-бағанында  Академияда  жəне  Мемлекеттік 
қызметшілерді қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, 
ведомстволық,  шетелдік  жəне  басқа  білім  беру  ұйымдарында  біліктілігін 
арттырудан  өткен  «Б»  корпусының  мемлекеттік  қызметшілерінің  жалпы  саны 
көрсетіледі. 
16. Есеп нысанының 12-бағанында «А» жəне «Б» корпусының біліктілігін 
арттырудан өтуге тиісті мемлекеттік қызметшілерінің жалпы саны көрсетіледі. 
17. Есеп нысанының 13-бағанында «А» жəне «Б» корпусының біліктілігін 
арттырудан өткен мемлекеттік қызметшілерінің жалпы саны көрсетіледі. 
370

"А" корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімінің нысанын 
бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 
жылғы 18 желтоқсандағы № 06-7/184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының 
Əділет министрлігінде 2013 жылы 26 желтоқсанда № 9030 тіркелді 
 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы 
№ 524 Жарлығымен  бекітілген  «А»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметінің кадр резервіне іріктеу жəне «А» корпусының бос жəне уақытша бос 
мемлекеттік  əкімшілік  лауазымына  орналасуға  конкурс  өткізу  қағидасының 11-
тармағының 4) тармақшасына сəйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1.  Қоса  беріліп  отырған  «А»  корпусының  кадр  резервіне  кандидаттың 
қызметтік тізімінің нысаны бекітілсін. 
2.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің 
Құқықтық  қамтамасыз  ету  бөлімі  (Хайдаров  А.Ш.)  осы  бұйрықты  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  бекітілген  тəртіппен  Қазақстан  Республикасы 
Əділет  министрлігінде  мемлекеттік  тіркелуді  жəне  кейіннен  оны  бұқаралық 
ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі. 
 
Төраға                                                                                                А. Байменов 
 
 
371

  Қазақстан Республикасы  
Мемлекеттiк қызмет iстерi 
 агенттiгi Төрағасының   
2013 жылғы 18 желтоқсандағы 
 № 06-7/184 бұйрығына   
 қосымша         
 
нысан 
 
«А» КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ 
      КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ 
 
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК 
      КАНДИДАТА В КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ КОРПУСА «А» 
 
 
 
__________________________________________ 
т.а.ə./ ф.и.о. 
ФОТО 
(түрлі 
түсті/
цветное, 
3,5х4,5) 
__________________________________________ 
лауазымы/должность,  санаты/категория  (болған  жағдайда/при 
наличии) 
 
 
ЖЕКЕ МƏЛІМЕТТЕР/ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. 
Туған күні жəне жері/ 
Дата и место рождения 
 
 
2. 
Ұлты (қалауы бойынша)/ 
Национальность (по желанию) 
 
 
3. 
Оқу орнын бітірген жылы жəне 
оның атауы/ 
Год окончания и наименование 
учебного заведения 
 
 
4. 
Мамандығы бойынша біліктілігі, 
ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы/ 
Квалификация по специальности, 
ученая степень, ученое звание 
 
 
5. 
Шетел тілдерін білуі/ 
Владение иностранными 
языками 
 
 
6. 
Мемлекеттік наградалары, 
құрметті атақтары/ 
 
 
372

Государственные награды, 
почетные звания 
7. 
Дипломатиялық дəрежесі, 
əскери, арнайы атақтары, 
сыныптық шені/ 
Дипломатический ранг, 
воинское, специальное звание, 
классный чин 
 
 
8. 
Жаза түрі, оны тағайындау күні 
мен негізі/ 
Вид взыскания, дата и основания 
его наложения 
 
 
9. 
Соңғы үш жылдағы бағалау күні 
мен нəтижесі, егер үш жылдан 
кем жұмыс істеген жағдайда, 
нақты жұмыс істеген кезеңіндегі 
бағасы көрсетіледі (мемлекеттік 
əкімшілік қызметкерлер үшін)/ 
Дата и результаты оценки за 
последние три года, в случае, 
если проработал менее трех лет, 
указываются оценки за 
фактически отработанный 
период (для административных 
государственных служащих) 
 
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата 
қызметі,  жұмыс  орны,  мекеменің 
орналасқан жері/ 
должность, 
место 
работы, 
местонахождение организации 
қабылданға
н/ приема 
босатылған/увольнения 
 
 
 
 
_________________________________________ _____________ 
        Кандидаттың қолы/Подпись кандидата                                           күні/дата 
 
      
Тексерілді/Проверено__________________ _______________ 
                                                                қолы /подпись                            күні/дата 
 
мөрдің орны 
место печати                    ________________________________________________ 
                                         
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) 
                                         
 
қызметкерінің тегі, аты, əкесінің аты 
                                        Фамилия, имя, отчество сотрудника службы управления 
                                                                  персоналом (кадровой службы) 
373

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 
төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/188 бұйрығы. Қазақстан 
Республикасының Əділет министрлігінде 2014 жылы 27 қаңтарда № 9096 
тіркелді 
 
 
 
 
 
 
 
Мемлекеттік органдардың немесе 
лауазымды адамдардың іс-əрекеттеріне  
мен шешімдеріне тəртіптік жауапқа 
тартылушы мемлекеттік қызметшілермен 
шағым беру Ережесін бекіту туралы  
 
 
Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі  «Мемлекеттік 
қызмет  туралы»  Заңының 29-бабының 2-тармағына  жəне  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы  № 321 
Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметшілеріне  тəртіптік  жаза  қолдану  Ережесінің 65-тармағына  сəйкес, 
БҰЙЫРАМЫН: 
1.  Қоса  берілген  Мемлекеттік  органдардың  немесе  лауазымды 
адамдардың  іс-əрекеттеріне  мен  шешімдеріне  тəртіптік  жауапқа  тартылушы 
мемлекеттік қызметшілермен шағым беру Ережесі бекітілсін; 
2.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің 
Инспекция  жəне  бақылау  бөлімі  (Қ.А.  Жапақов)  осы  бұйрықты  Қазақстан 
Республикасының заңнамасында бекітілген тəртіппен Қазақстан Республикасы 
Əділет  министрлігінде  мемлекеттік  тіркелуді  жəне  кейіннен  оны  бұқаралық 
ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 
3.  Осы  бұйрық  алғаш  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  он  күнтізбелік 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
 
 
Төраға                                                                                                 А. Байменов 
 
 
 
 
 
374

Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік қызмет iстерi  
агенттігі Төрағасының 
2014 жылғы «___» 
___________ 
№ ____ бұйрығымен 
бекітілді 
 
 
Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың  
іс-əрекеттері мен шешімдеріне тəртіптік жауаптылыққа тартылушы 
мемлекеттік қызметшілермен шағым беру  
Ережесі  
  
1. Жалпы ережелер 
 
1. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-əрекеттері 
мен 
шешімдеріне 
тəртіптік 
жауаптылыққа 
тартылушы 
мемлекеттік 
қызметшілермен шағым беру Ережесі (бұдан əрі - Ереже)
 
«Мемлекеттік қызмет 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының 29-бабының,  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы  № 321 
Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметшілеріне  тəртіптік  жаза  қолдану  қағидаларының 65-тармағының 
талаптарын іске асыру мақсатында əзірленген. 
2.  Ереже  мемлекеттік  органдардың  немесе  лауазымды  адамдардың  
іс-əрекеттері  мен  шешімдеріне  тəртіптік  жауаптылыққа  тартылушы 
мемлекеттік  қызметшілермен  (бұдан  əрі - қызметші)  жоғары  тұрған 
мемлекеттік  органдарға,  жоғары  тұрған  лауазымды  адамдарға,  мемлекеттік 
қызмет  істері  жөніндегі  уəкілетті  органға  (бұдан  əрі – уəкілетті  орган)  шағым 
беру тəртібін белгілейді.  
 
2. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың  
іс-əрекеттері мен шешімдеріне тəртіптік жауаптылыққа тартылушы 
қызметшілермен шағым беру тəртібі 
 
3.  Қызметші  мемлекеттік  органдардың  немесе  лауазымды  адамдардың  
іс-əрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған мемлекеттік органдарға, жоғары 
тұрған лауазымды адамдарға, уəкілетті органға шағым береді, егерде: 
1) қызметші оған қолданылған тəртіптік жазамен келіспегенде; 
2)  қызметшінің  құқығы,  бостандығы  жəне  заңмен  қорғалатын  мүдделерi 
бұзылса; 
375

3)  қызметші  мемлекеттік  қызмет  туралы  заңнаманың  бұзылуымен 
тəртіптік жауаптылыққа тартылса. 
4. Жоғары тұрған мемлекеттік органға, жоғары тұрған лауазымды адамға, 
уəкілетті  органға  қызметшінің  өтініші  «Жеке  жəне  заңды  тұлғалардың 
өтiнiштерiн  қарау  тəртiбi  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңымен 
белгіленген тəртіпте қарастырылады. 
5.  Қызметшінің  өтінішінде  оның  аты-жөні,  сондай-ақ  тілегі  бойынша 
əкесінің  аты,  пошталық  мекен-жайы,  субъектінің  атауы  немесе  лауазымы, 
лауазымды  адамдардың  аты-жөндері,  кімнің  іс-əрекеттері,  шешімдері 
шағымданып жатқандығы, өтініштің себептері жəне талаптары көрсетіледі. 
Өтiнiшке  арыз  иесi  қол  қояды  не  ол  электрондық  цифрлық  қолтаңбамен 
куəландырады.  
6. Өтінішті қарайтын лауазымды адамдар, өз құзыреті шегінде: 
1)  өтініштерді  объективтi,  жан-жақты  əрi  уақтылы  қарауды  қамтамасыз 
етеді; 
2)  қызметшінің  бұзылған  құқықтары  мен  бостандықтарын,  заңмен 
қорғалатын 
мүдделерiн 
қалпына 
келтiруге 
бағытталған 
шараларды 
қабылдайды;   
3) өтiнiшті қарау нəтижелерi туралы қызметшіні хабардар етеді.
 
 
7.  Қызметші  оның  өтінішін  қарау  нəтижелерімен  келіспеген  жағдайда, 
оның  өтініші  бойынша  қабылданған  шешімді  жоғары  тұрған  мемлекеттік 
органға, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе сотқа шағым бере алады. 
376

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 
төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/189 бұйрығы. Қазақстан 
Республикасының Əділет министрлігінде 2014 жылы 27 қаңтарда  
№ 9097 тіркелді 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мемлекеттік қызмет істері  
жөніндегі уəкілетті органның  
Тəртіптік комиссиясы туралы  
Ережесін бекіту туралы 
 
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы 
№ 321 Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
əкімшілік  қызметшілеріне  тəртіптік  жаза  қолдану  ережесінің 6-тармағына 
сəйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1.  Қоса  берілген  Мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  уəкілетті 
органның тəртіптік комиссиясы туралы Ережесі бекітілсін. 
2.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің 
Инспекция  жəне  бақылау  бөлімі  (Қ.А.  Жапақов)  осы  бұйрықты  Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында 
бекітілген 
тəртіппен 
Қазақстан 
Республикасы  Əділет  министрлігінде  мемлекеттік  тіркелуді  жəне  кейіннен 
оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
 
 
Төраға                                                                                        А. Байменов 
 
 
 
 
 
 
 
 
377

 
Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік қызмет iстерi 
жөніндегі агенттігі 
Төрағасының 
2014 жылғы «___» 
___________ № ______ 
бұйрығымен бекітілді 
 
Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уəкiлеттi органның тəртiптiк 
комиссиясы туралы Ереже 
 
1.
 
Жалпы ережелер 
 
1.  Мемлекеттiк  қызмет  iстерi  жөнiндегi  уəкiлеттi  органның  тəртiптiк 
комиссиясы  туралы  Ережесі  (бұдан  əрі – уəкілетті  органның  комиссиясы) 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы  
№ 321 Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
əкімшілік  қызметшілеріне  тəртіптік  жаза  қолдану  қағидаларына  сəйкес 
əзірленді. 
2.  Уəкiлеттi  органның  комиссиясы - мемлекеттiк  қызмет  iстерi 
жөнiндегi уəкiлеттi органда (бұдан əрi - Агенттік) тəртiптiк жауапкершiлiкке 
əкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ 
Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметшілерінің 
Ар-намыс  кодексiн
 
(Мемлекеттік  қызметшілер  қызмет  этикасының  қағидалары)  бұзуға  жол 
берген  В-1,  С-1,  С-2  санаттарындағы  қызметшiлерге  қатысты  тəртiптiк 
iстерді қарау үшiн құрылатын тұрақты алқалы орган. 
3.  Уəкiлеттi  органның  комиссиясы  өзінің  қызметінде  Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясын, 
Қазақстан 
Республикасының 
«Мемлекеттік  қызмет  туралы», «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес 
туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық 
актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 
 
2. Уəкiлеттi органның комиссиясының негізгі функциялары 
 
4. Уəкiлеттi органның комиссиясының негізгі функцияларымен: 
1) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметшілерді 
тəртiптiк 
жауапкершiлiкке 
тарту 
жөніндегі 
мемлекеттiк 
орталық 
органдарының  басшылары  атына  ұсыныстар  əзiрлеу  жəне  тəртіптік  істерді 
қарастыру; 
2)  мемлекет  Басшысына  жəне  Қазақстан  Республикасының  Үкiметiне 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттiк  қызметтi  жетілдiру  мəселелері 
жөніндeгі ұсыныстарды енгiзу;  
3) мемлекеттiк  тəртіпті  нығайту, мемлекеттiк  органдардын  лауазымды 
тұлғаларымен  мемлекеттiк  қызмет  туралы  заңнама  мен  сыбайлас 
378

жемқорлыққа  қарсы  күрес  заңнаманың  талаптарын  сақталуын  қамтамасыз 
ету жөнiнде нұсқаулар мен ұсыныстар əзiрлеу; 
4)  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілердің  тəртіптік  істерді  қарастыру 
жөніндегі  мемлекеттік  органдарының  тəртіптік  комиссияның  жұмысын 
үйлестіру болып табылады. 
5.  Уəкiлеттi  органның  комиссиясы  функцияларын  жүзеге  асыру 
мақсатында: 
1)  өзiнің  мəжiлiстерiнде  мемлекеттiк  орталық  органдардың,  олардың 
ведомстволарының басшыларын тыңдайды;  
2)  құқық  қорғау  жəне  басқа  мемлекеттiк  органдардан,  ұйымдардан 
құжаттарды сұратады;  
3)  орталық  мемлекеттік  органдарына  (Қазақстан  Республикасының 
Президентiне  тiкелей  бағынатын  жəне  есеп  беретiн  құқық  қорғау  жəне 
арнаулы  мемлекеттік  органдар  мен  Қазақстан  Республикасының  Қорғаныс 
министрлiгiнен  басқа) өздерінің  лауазымды  тұлғаларына  қатысты  қызметтiк 
тексерiстер жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзеді; 
4)  мемлекеттік  органдардың  тəртіптік  комиссияның  жұмысын 
үйлестіреді; 
5)  уəкiлеттi  органның  комиссиясына  жүктелген  функцияларын  іске 
асыру үшін қажетті шараларды қабылдайды. 
  
3. Уəкiлеттi органның комиссиясының жұмысын ұйымдастыру 
 
6.  Уəкiлеттi  органның  комиссиясының  дербес  құрамы  Төрағадан, 
Төрағаның орынбасарынан жəне 5-тен кем емес мүшеден тұрады. 
Уəкiлеттi  органның  комиссиясының  құрамына  орталық  мемлекеттік 
органдарының  басшылары  (орынбасарлары),  соның  ішінде,  құқық  қорғау 
органдарының 
мүшелері, 
Қазақстан 
Республикасының 
Парламенті 
депутаттары,  үкіметтік  емес  ұйымдарының  жəне  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының өкілдері жəне басқа лауазымды тұлғалары кіреді. 
7. Уəкiлеттi органның комиссиясының Төрағасы Агенттік Төрағасының 
орынбасары болып табылады, ол: 
1)  уəкiлеттi  органның  комиссиясын  басқарады,  оның  жұмысын 
басшылыққа алуын іске асырады жəне ұйымдастырады;  
2) уəкiлеттi органның комиссиясы мəжілісінің күн тəртібін анықтайды; 
3) уəкiлеттi органның комиссиясының мəжілісін шақыртады жəне онда 
төрағалық етеді; 
4) уəкiлеттi органның комиссиясы мəжілісінде қаралатын нақты мəселе 
бойынша баяндаушыны анықтайды; 
5)  уəкiлеттi  органның  комиссиясының  жабық  мəжілісін  өткізу  туралы 
шешімі бекітеді. 
Уəкiлеттi органның комиссиясының Төрағасы  жоқ болған кезде, оның 
уəкілдігі  бойынша  мəжілістерде  уəкiлеттi  органның  комиссиясы  Төрағаның 
орынбасары төрағалық етеді. 
379

8.  Уəкiлеттi  органның  комиссиясының  жұмыс  органы  Агенттіктің 
Инспекция жəне бақылау бөлімі болып табылады. 
9.  Уəкiлеттi  органның  комиссиясының  хатшысы  Агенттіктің 
Инспекция жəне бақылау бөлімінің қызметкері болып табылады. 
Уəкiлеттi органның комиссияның хатшысы: 
1) уəкiлеттi органның комиссияның отырыс хаттамасын жүргiзедi; 
2) уəкiлеттi органның комиссияның шешiмiн тиiстi мемлекеттiк органға 
жолдайды; 
3) уəкiлеттi органның комиссияның іс жүргізуін қамтамасыз етеді. 
10.  Уəкiлеттi  органның  комиссияның  Төрағаның  қолымен  қойылатын 
уəкiлеттi органның комиссияның шешімі хаттамамен ресімденеді жəне оның 
қабылданған  күнінен  бес  күн  мерзімінде  тиісті  мемлекеттік  органдарға 
таратылады. 
11.  Уəкiлеттi  органның  комиссиясының  мүшелері  уəкiлеттi  органның 
комиссиясының  жұмыс  органымен  мəжіліске  үш  күн  мерзіміне  дейін 
мəжілістің  жүргізу  орны,  күні,  оның  күн  тəртібі  туралы  хабарлану  жəне 
таныстыру керек. 
12. Уəкiлеттi органның комиссиясының мəжілісі: 
1) уəкiлеттi органның комиссиясы мүшелерінің жалпы санының үштен 
екiсi қатысып отырса заңды деп саналады; 
2) қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi;  
3) ашық өткiзiледi, қажет болған жағдайда жабық мəжілiстер өткiзiлуi 
мүмкiн. 
13.  Уəкiлеттi  органның  комиссиясының  шешiмдердi  мəжiлiске 
қатысушы  уəкiлеттi  органның  комиссиясы  мүшелерiнiң  жалпы  санының 
қарапайым  басым  дауысымен  қабылданады.  Дауыстар  тең  болған  жағдайда 
төрағалық етушінің дауысы шешушi дауыс болып табылады. 
14.  Тəртiптiк  iстi  қарау  қорытындылары  бойынша  уəкiлеттi  органның 
комиссиясы мынадай шешiмдердің бiрiн шығаруы мүмкiн:  
1)  тəртіптік  жазаны  қолданудың  жəне  оның  түрi  туралы  ұсынысты 
тиісті мемлекеттiк органның басшысына жолдау туралы; 
2) осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген жағдайларда тəртiптiк iстi 
тоқтату туралы; 
3)  мемлекеттiк  қызметшiнің  iс-əрекеттерiнде  қылмыс  белгiлерi  болған 
жағдайда уəкiлеттi органның комиссиясы құжаттар мен материалдарды тиісті 
құқық қорғау органдарына жолдау туралы. 
15. Келесі жағдайларда: 
1)  мемлекеттік  қызмет  туралы  заңнамамен  қарастырылған  тəртiптiк 
жаза қолданудың мерзiмдерi өткенде; 
2) тəртiптiк iс негiзсiз қозғалғанда; 
3) тəртiптiк терiс қылық құрамы болмағанда тəртiптiк iс тоқтатылады. 
380

Мазмұны 
 
ҚР Заңдары: 
 
1)
 
Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі  № 453 
«Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңы………………………………………….1 бет. 
 
2)
 
Қазақстан  Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі  № 267 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы....................................33 бет. 
 
3)
 
Қазақстан  Республикасының 2013 жылғы 15 сəуірдегі  № 88-V 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы....................................52 бет. 
 
ҚР Президентінің Жарлықтары: 
 
4)
 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 1999 жылғы                 
3  желтоқсандағы  № 280 «Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері 
агенттігінің мəселелері туралы»  Жарлығы....................................................74 бет. 
 
5)
 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 1999 жылғы                 
29  желтоқсандағы  № 317 «Мемлекеттік  саяси  қызметшілерге  тəртіптік  жаза 
қолдану қағидаларын бекіту туралы» Жарлығы.............................................82 бет. 
 
6)
 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 1999 жылғы                 
29  желтоқсандағы  № 319 «Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметшісі  антының  мəтінін  жəне  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік 
əкімшілік  қызметшілерінің  ант  беру  қағидаларын  бекіту  туралы»          
Жарлығы………………………………………………………………………89 бет. 
 
7)
 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 1999 жылғы                 
31 желтоқсандағы № 321 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік əкімшілік 
қызметшілеріне 
тəртіптік 
жаза 
қолдану 
ережесін 
бекіту 
туралы»            
Жарлығы............................................................................................................92 бет. 
 
8)
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы 
№ 327 «Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілердің  қызметіне  жыл  сайынғы 
бағалау  жүргізу  жəне  оларды  аттестаттаудан  өткізу  қағидаларын  бекіту 
туралы» Жарлығы............................................................................................104 бет. 
 
9)
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы 
№ 357 «Мемлекеттік  қызмет  өткеру  тəртібі  туралы  ережені  бекіту  туралы» 
Жарлығы...........................................................................................................116 бет. 
 

10)
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сəуірдегі № 
372 «Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  саяси  қызметшісі  антының  мəтінін 
жəне  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  саяси  қызметшілерінің  ант  беру 
қағидаларын бекіту туралы» Жарлығы..........................................................131 бет. 
 
11)
 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 2003 жылғы                 
4  желтоқсандағы  № 1243 «Мемлекеттiк  қызметтiң  кадр  резервi  туралы» 
Жарлығы.......................................................................................................…135 бет. 
 
12)
 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы 
№ 1457 «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметшiлерiн  даярлау, 
қайта  даярлау  жəне  олардың  біліктiлігін  арттыру  қағидаларын  бекiту  туралы» 
Жарлығы...........................................................................................................145 бет. 
 
13)
 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы 
№ 1567 «Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметшiлерiнiң  ар-намыс 
кодексі туралы» Жарлығы..............................................................................150 бет. 
 
14)
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы 
№ 1598 «Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің 
облыстардағы,  Астана  жəне  Алматы  қалаларындағы  тəртіптік  кеңестері  жəне 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  кейбiр  жарлықтарына  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы.......................................................155 бет. 
 
15)
 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы 
№ 520 «Қазақстан  Республикасының  Президенті  жанындағы  Кадр  саясаты 
жөніндегі  ұлттық  комиссия  жəне  облыстардың,  астананың,  республикалық 
маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы» Жарлығы...............…..166 бет. 
 
16)
 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы 
№ 523 «Мемлекеттік  қызметшілер  лауазымдарының  тізілімін  бекіту  туралы» 
Жарлығы...........................................................................................................173 бет. 
 
17)
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы 
№ 524 «"А"  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметінің  кадр  резервіне 
іріктеу  жəне  "А"  корпусының  бос  жəне  уақытша  бос  мемлекеттік  əкімшілік 
лауазымына  орналасуға  конкурс  өткізу  қағидаларын  бекіту  туралы»       
Жарлығы...........................................................................................................182 бет. 
 
18)
 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 2013 жылғы                 
10  желтоқсандағы  № 708 «"А"  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік 
лауазымдарына қойылатын  арнайы  біліктілік  талаптарын  бекіту  туралы» 
Жарлығы...........................................................................................................190 бет. 
 

19)
 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 2013 жылғы 27 
желтоқсандағы  № 718 «Мемлекеттік  қызметшілердің  жəне  мемлекеттік 
əкімшілік  қызметтің  кадр  резервіне  алынған  адамдардың  тағылымдамасын 
ұйымдастыру мен одан өту қағидаларын бекіту туралы» Жарлығы....….196  бет. 
 
20)
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы 
№ 721 «"А"  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілеріне  ротация 
жүргізу  қағидаларын  бекіту  жəне  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы.................200 бет. 
 
Үкімет Қаулысы: 
 
21)
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы      
№ 99 «Мемлекеттік  қызметшілердің  мүлкін  сенімгерлік  басқаруға  беру 
қағидасын бекіту туралы» Қаулысы..............................................................206 бет. 
 
22)
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы       
№ 153 «Мемлекеттік  қызметшілерді  қайта  даярлау  жəне  олардың  біліктілігін 
арттыру өңірлік орталықтары туралы ережені бекіту туралы» Қаулысы..210 бет. 
 
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрықтары: 
 
23)
 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі 
агенттігі  төрағасының 2003 жылғы 29 сəуірдегі  № 02-01-02/59 «Мемлекеттік 
қызметшінің қызметтік тізімінің үлгісін бекіту туралы» Бұйрығы......…..213 бет. 
 
24)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі 
агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 «"Б" корпусы мемлекеттік 
əкімшілік  лауазымдарының  санаттарына  үлгілік  біліктілік  талаптарын  бекіту 
туралы» Бұйрығы.......................................................................................…..224 бет. 
 
25)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
Төрағасының 2011 жылғы 12 тамыздағы  № 02-01-02/164 «Мемлекеттік 
əкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын əзірлеу мен бекіту жөніндегі 
қағиданы бекіту туралы» Бұйрығы ...............................................................257 бет. 
 
26)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
төрағасының м.а. 2012 жылғы 04 желтоқсандағы № 02-01-02/167 «Мемлекеттік 
қызмет  жəне  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  заңнамаларының    сақталуы 
бойынша  мемлекеттік  органдар  қызметінің  тəуекел  дəрежесін  бағалау  
критерийлерін  жəне  тексеру  парағының  нысанын  бекіту  туралы» 
Бұйрығы............................................................................................................262 бет. 
 

27)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы  № 06-7/32 «Бос  əкімшілік 
мемлекеттік  лауазымға  орналасуға  конкурс  өткізу  жəне  конкурс  комиссиясын 
қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығы.................................270 бет. 
 
28)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы  № 06-7/33 «Мемлекеттік 
қызметшілерді  жəне  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымдарға  орналасуға 
кандидаттарды  тестілеу  ұйымдастырудың  кейбір  мəселелері  туралы» 
Бұйрығы......................................................................................................…..285 бет. 
 
29)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
Төрағасының 2013 жылғы 01 сəуірдегі  № 06-7/43 «"А"  корпусының 
мемлекеттік  əкімшілік  қызметінің  кадр  резервіне  іріктеудің  кейбір  мəселелері 
туралы» Бұйрығы.............................................................................................302 бет. 
 
30)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
Төрағасының 2013 жылғы 04 сəуірдегі  № 06-7/47 «Мемлекеттік  органдардың 
персоналды  басқару  қызметі  (кадр  қызметі)  туралы  үлгілік  ережені  бекіту 
туралы» Бұйрығы.............................................................................................310 бет. 
 
31)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
Төрағасының 2013 жылғы 04 мамырдағы  № 06-7/63 «Мемлекеттік  қызметтер 
көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығы..............313 бет. 
 
32)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
Төрағасының 2013 жылғы 04 мамырдағы  № 06-7/64 « Мемлекеттік  қызмет 
көрсету  бойынша  тəуекел  дəрежесін  бағалау  критерийлерін  жəне  тексеру 
парағының нысанын бекіту туралы» Бұйрығы.............................................343 бет. 
 
33)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
Төрағасының 2013 жылғы 16 қазандағы  № 06-7/144 «Қазақстан  Республикасы 
Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі  мен  оның  аумақтық  бөлiмшелерi  жүзеге 
асыратын  міндеттерді  орындау  үшін  қажетті  жəне  жеткілікті  дербес 
деректердің тізбесін бекіту туралы» Бұйрығы..............................................350 бет. 
 
34)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
Төрағасының 2013 жылғы 18 қазандағы  № 06-7/148 «Мемлекеттік  əкімшілік 
лауазымға  алғаш  рет  қабылданған  тұлғаларға  тəлімгерлерді  бекіту  қағидасын 
бекіту туралы» Бұйрығы...........................................................................…..353 бет. 
 
35)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
Төрағасының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 06-7/170 «Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі  мен  оның  аумақтық  бөлiмшелерiнің 

мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» 
Бұйрығы............................................................................................................357 бет. 
 
36)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
төрағасының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы  № 06-7/181 «Мемлекеттік 
органдардың  қайта  даярлаудан  жəне  біліктілігін  арттырудан  өткен 
қызметкерлері  туралы  есеп»  əкімшілік  деректерін  жинауға  арналған 
нысандарды бекіту туралы»  Бұйрығы..........................................................361 бет. 
 
37)
 
  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
төрағасының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 06-7/184 «А» корпусының кадр 
резервіне  кандидаттың  қызметтік  тізімінің  нысанын  бекіту  туралы»  
Бұйрығы............................................................................................................371 бет. 
 
38)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы  № 06-7/188 «Мемлекеттік 
органдардың  немесе  лауазымды  адамдардың  іс-əрекеттеріне  мен  шешімдеріне 
тəртіптік  жауапқа  тартылушы  мемлекеттік  қызметшілермен  шағым  беру 
Ережесін бекіту туралы» Бұйрығы.................................................................374 бет. 
 
39)
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/189 «Мемлекеттік қызмет 
істері  жөніндегі  уəкілетті  органның  Тəртіптік  комиссиясы  туралы  Ережесін 
бекіту туралы» Бұйрығы.................................................................................377 бет. 
 

Document Outline

  • Обложка Госуд_служба каз.jpg
  • законы_каз.pdf
    • законы_каз.pdf
      • 1.pdf
      • 2.pdf
      • 3.pdf
      • 4.pdf
      • 5.pdf
      • 6.pdf
      • 7.pdf
      • 8.pdf
      • 9.pdf
      • 10.pdf
      • 11.pdf
      • 12.pdf
      • 13.pdf
      • 14.pdf
      • 15.pdf
      • 16.pdf
      • 17.pdf
      • 18.pdf
      • 19.pdf
      • 20.pdf
      • 21.pdf
      • 22.pdf
      • 23.pdf
      • 24.pdf
      • 25.pdf
      • 26.pdf
      • 27.pdf
      • 28.pdf
      • 29.pdf
      • 30.pdf
      • 31.pdf
      • 32.pdf
      • 33.pdf
      • 34.pdf
      • 35.pdf
      • 36.pdf
      • 37.pdf
      • 38.pdf
      • 39.pdf
    • Мазмұны.pdf

Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет