Мемлекеттік қызмет туралы


-бап. Мемлекеттiк əкiмшiлiк лауазымға кiру кезiндегi



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/36
Дата21.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

15-бап. Мемлекеттiк əкiмшiлiк лауазымға кiру кезiндегi  
               сынақ 
1.  Мемлекеттiк  əкiмшілік  қызметке  алғаш  рет  немесе  қызметiн 
тоқтатқаннан  кейiн  жаңадан  қабылданған,  сондай-ақ  жоғары  дəрежелi 
санаттағы мемлекеттiк  əкiмшiлiк  лауазымға  қабылданған  азамат  үшiн үш  айға 
дейiнгi мерзiмге сынақ белгіленуi мүмкiн. 
2.  Мемлекеттiк  əкiмшiлiк  қызметшi  дəлелдi  себептермен  қызметте 
болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi. 
3.  Мемлекеттiк  əкiмшiлiк  қызметшi  сынақ  нəтижесi  қанағаттанғысыз 
болған  жағдайда  уəкiлеттi  органмен  немесе  оның  аумақтық  бөлiмшесiмен 
келiсе отырып, сынақ, мерзiмiнен өтпеген адам ретiнде жұмыстан шығарылуы 
16

мүмкiн. 
        4. Егер сынақ мерзiмi өтiп, мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметшi мемлекеттiк 
қызметтi  жалғастыра  берсе,  ол  сынақтан  өткен  болып  саналады  жəне  сынақ 
мерзiмi  мемлекеттiк  қызмет  стажына  есептеледi.  Одан  кейiнгi  жұмыстан 
босатуға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша 
ғана жол берiледi.  
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08 N 75 
(қолданысқа енгізілу тəртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 
 
15-1-бап. «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына ауысу 
тəртібімен орналасу 
 
        1.  Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшінің  «Б»  корпусының  мемлекеттік 
əкімшілік лауазымына өзі келiсiм берген, қойылатын біліктілік талаптарына сай 
келген  жағдайда  жəне  оның  соңғы  лауазымындағы  қызметінің  нəтижелері 
ескеріле отырып, ауысу тəртібімен орналасуға құқығы бар. 
        Ауысудың  жүргізілу  тəртібі  уəкiлеттi  органның  ұсынуы  бойынша 
Қазақстан  Республикасының  Президентi бекiтетiн  Мемлекеттiк  қызмет  өткеру 
тəртібi туралы ережеде реттеледi. 
        Мемлекеттiк  қызмет  өткеру  тəртібi  туралы ережеде  көзделген 
жағдайларда  «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымына  ауысу 
тəртібімен  орналасу  уəкілетті  органның  немесе  оның  аумақтық  бөлімшесінің 
келісімімен жүзеге асырылады. 
        2. «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымына  ауысу  тəртібімен 
орналасу  аумақтық  бөлімшелерін  қоса  алғанда,  мемлекеттік  органның,  оның 
ведомствосының  ішінде,  сондай-ақ  олардың  арасында  жүзеге  асырылады. 
        3. «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымына басқа мемлекеттік 
органдардан, 
олардың 
ведомстволарынан 
жəне 
олардың 
аумақтық 
бөлімшелерінен ауысу тəртібімен орналасу Мемлекеттік қызмет өткеру тəртібі 
туралы ережеде 
айқындалатын 
жағдайларда 
жүзеге 
асырылады. 
        4.  Мемлекеттік  қызметшіге  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық 
жасағаны үшін əкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған 
күннен  бастап  бір  жыл  ішінде  немесе  оның  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылық  жасағаны  үшiн  алынбаған  тəртiптiк  жазасы  болған  кезде, «Б» 
корпусының  мемлекеттiк  əкiмшiлiк  лауазымына  ауысу  тəртiбiмен  орналасуға 
жол берiлмейдi. 
        Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен  толықтырылды - ҚР 2012.12.14 N 59-V 
Заңымен  (алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі). 
 
 
17

16-бап. Мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметін 
               бағалау жəне оларды аттестаттау 
 
        1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік əкімшілік қызметшілер жұмысының 
тиімділігін  жəне  сапасын  айқындау  үшін  олардың  қызметін  жыл  сайынғы 
бағалауды жүргізеді. 
        2. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау 
нəтижелері  сыйлықақы  беру,  көтермелеу,  оқыту,  мансаптық  жоспарлау, 
ротация жөнінде шешімдер қабылдауға негіз болып табылады. 
        Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілердің  қызметін  үш  жыл  бойы  бағалау 
нəтижелері  оларды  аттестаттаудан  өткізу  жөнінде  шешімдер  қабылдауға  негіз 
болып табылады. 
        3.  «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілерінің  кəсiби 
даярлық  деңгейін  жəне  олардың  лауазымдық  мiндеттерді  орындау  қабілетін 
айқындау жөніндегі рəсім аттестаттау болып табылады. 
        Аттестаттау  тестілеуді  жəне  əңгімелесуді  қамтиды.  Кемiнде  он  бес  жыл 
мемлекеттiк  қызмет  өтілі  бар  «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкiмшілік 
қызметшiлері тестiлеуге жатпайды. 
        4. Мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметін бағалау жəне оларды 
аттестаттау  тəртібін  уəкiлеттi  органның  ұсынуы  бойынша  Қазақстан 
Республикасының Президентi бекiтедi. 
       «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілері  аттестаттауға 
дəлелсіз  себептермен  келмеген  жағдайда  тəртіптік  жауаптылыққа  тартылады. 
        Аттестаттауда  теріс  нəтижелер  алған  «Б»  корпусының  мемлекеттік 
əкімшілік  қызметшілері  қызметінен  төмендетілуге  не  босатылуға  жатады. 
        Қызметінен  төмендету  «Б»  корпусының  төмен  тұрған  бос  мемлекеттік 
əкімшілік  лауазымы  болған, «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметшісі  осы  лауазымға  қойылған  біліктілік  талаптарына  сай  келген  кезде 
жүзеге асырылады. 
        Қайта  аттестатталуға  жататын  «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметшілері  қайта  аттестаттау  аяқталғанға  дейін  ауысу  тəртібімен  тең 
дəрежелі 
не 
жоғары 
тұрған 
лауазымдарға 
тағайындала 
алмайды. 
        5.  Облыстарда,  республикалық  маңызы  бар  қалаларда,  астанада, 
аудандарда,  қалаларда  тиісті  əкімшілік-аумақтық  бірліктердің  бюджеттерінен 
қаржыландырылатын  атқарушы  органдар  үшін  бірыңғай  аттестаттау 
комиссиясын 
құруға 
жол 
беріледі. 
Жергілікті 
бюджеттерден 
қаржыландырылатын  облыстық,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 
астананың,  аудандық,  қалалық  атқарушы  органдардың  бірыңғай  аттестаттау 
комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар 
адамның шешімімен құрылады. 
        Орталық  мемлекеттік  органның  жəне  оның  ведомствосының  аудандық, 
қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның жəне оның 
ведомствосының  өңіраралық  немесе  облыстық  аумақтық  бөлімшесінде 
бірыңғай  аттестаттау  комиссиясын  құруға  жол  беріледі.  Аудандық,  қалалық 
аумақтық  бөлімшелердің  бірыңғай  аттестаттау  комиссиясы  орталық 
18

мемлекеттік  органның  жəне  оның  ведомствосының  өңіраралық  немесе 
облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған 
органның шешімімен құрылады. 
        Ескерту. 16-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 2012.12.14 N 59-V Заңымен 
(алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі). 
 
17-бап. Жұмыс уақыты 
 
1.  Мемлекеттiк  əкiмшiлiк  қызметшiлердiң  жұмыс  уақытының  ұзақтығы 
осы 
Заңда 
көзделген 
ерекшелiктер 
ескерiле 
отырып, 
Қазақстан 
Республикасының еңбек заңдарына сəйкес белгiленедi. 
2.  Тұтас  алғанда  мемлекеттiк  органның  немесе  оның  жекелеген 
бөлiмшелерiнiң  қалыпты  (үздiксiз)  жұмысы  əрi  қарай  жедел  атқарылуына 
байланысты  болатын  шұғыл  жəне  күнi  бұрын  болжанбаған  жұмысты  орындау 
үшiн  орган  басшысының  не  жауапты  хатшының  немесе  Қазақстан 
Республикасының  Президентi  айқындайтын  өзге  де  лауазымды  адамның 
жазбаша  өкiмi  бойынша  жұмысы  Республиканың  еңбек заңдарына  сəйкес 
өтелетiн,  демалыс  жəне  мереке  күндерi  қызметке  келуге  мiндеттi  жекелеген 
мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметшiлер тартылуы мүмкiн. 
Ескерту. 17-бапқа  өзгерту  енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы 
ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен. 
 
18-бап. Iссапарлар кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылар 
 
1. 
Мемлекеттiк 
қызметшілерге 
Қазақстан 
Республикасының 
Үкiметi белгiлейтiн  тəртiппен  қызметтiк,  оның  iшiнде  шет  мемлекеттерге, 
iссапарларға арналған шығындары өтеледi. 
       Мемлекеттiк  қызметшілерге  Қазақстан  Республикасының заңдарында 
көзделген iссапарда болған уақытына тəулікақы алуға, көздеген жерiне барып-
қайту  жөнiндегi  шығындарға,  тұрғын  үй-жай  жалдау  жөнiндегi  шығындарға 
кепiлдiктер мен құқығы тиесiлi болады. 
2. Iссапарға  жiберiлген  мемлекеттiк  қызметшілердiң  iссапардың  бүкiл 
уақыты  бойы  жұмыс  орны  (қызметi)  мен  орташа  жалақысы  сақталады.  
        Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.  
 
18-1-бап. Ротация 
 
        Мемлекеттік  қызметте  «А»  корпусының  мемлекеттiк  əкімшілік 
қызметшiлерiн  ротациялау  мансаптық  жоспарлау  шеңберінде  олардың 
келісімімен жүзеге асырылады. 
        Ротация  жүргізудің  тəртiбiн  уəкiлеттi  органның  ұсынуы  бойынша 
Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. 
19

        Ескерту. 18-1-баппен  толықтырылды - ҚР 2005.07.08 N 75 Заңымен 
(қолданысқа  енгізілу  тəртібін 2-баптан  қараңыз);  жаңа  редакцияда - ҚР 
2012.12.14 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай 
өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
 
18-2-бап. Мүдделер қақтығысы 
 
1.  Егер  мүдделер  қақтығысы  бар  болса,  мемлекеттiк  қызметшiнiң 
лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыруына тыйым салынады. 
2.  Мемлекеттiк  қызметшi  мүдделер  қақтығысын  болғызбау  жəне  оны 
реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиiс. 
3.  Туындаған  мүдделер  қақтығысы  туралы  немесе  оның  туындау 
мүмкiндiгi  туралы  өзiне  белгiлi  болған  сəтте  мемлекеттiк  қызметшi  өзiнiң 
тiкелей  басшысына  немесе  мемлекеттiк  органның  басшылығына  бұл  туралы 
жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. 
Тiкелей басшысы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк 
қызметшiнiң  өтiнiшi  бойынша  немесе  басқа  көздерден  ақпарат  алған  кезде, 
мүдделер қақтығысын болғызбау жəне оны реттеу бойынша уақтылы шаралар 
қабылдауға, оның iшiнде: 
1)  оған  байланысты  мүдделер  қақтығысы  туындаған  немесе  туындауы 
мүмкiн  мəселе  бойынша  мемлекеттiк  қызметшiнiң  лауазымдық  мiндеттерiн 
атқаруды басқа адамға тапсыруға; 
2)  мемлекеттiк  қызметшiнiң  лауазымдық  мiндеттерiн  өзгертуге; 
        3)  Қазақстан  Республикасының заңнамасында  белгiленген  тəртiппен 
мемлекеттiк  қызметшiнiң  келiсiмi  бойынша  оны  басқа  лауазымға  ауыстыруға 
тиiс. 
        4.  Мемлекеттiк  қызметшi,  оның  тiкелей  басшысы  жəне  мемлекеттiк 
органның  басшылығы  өздерiне  белгiлi  болған  мүдделер  қақтығысы 
жағдайларын  болғызбау  жəне  оны  реттеу  бойынша  шаралар  қабылдамағаны 
үшiн тəртiптiк жауапкершiлiкке тартылады. 
Ескерту.  Заң 18-2-баппен  толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV 
(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
 
19-бап. Мемлекеттiк қызметті өткерудiң өзге де мəселелерi 
 
        1. Мемлекеттiк əкiмшілік лауазымдарға алғаш рет қабылданған адамдарға 
уəкілетті 
орган айқындайтын 
тəртіппен 
тəлімгерлер 
бекітіледі. 
        2.  Мемлекеттік  қызметшілердің  жəне  мемлекеттік  əкімшілік  қызметтің 
кадр  резервіне  алынған  адамдардың  тағылымдамадан  өтуі  уəкілетті  органның 
ұсынуы  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Президенті айқындайтын 
тəртіппен жүзеге асырылады. 
        3.  Мемлекеттiк  қызметті  өткерудің  осы  Заңда  реттелмеген  өзге  де 
мəселелерi  Қазақстан  Республикасының заңнамалық  актiлерiнде,  уəкiлеттi 
органның  ұсынуы  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Президентi  бекiтетiн 
20

Мемлекеттiк  қызмет  өткеру  тəртібi  туралы ережеде  регламенттеледі. 
        Ескерту. 19-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 2012.12.14 N 59-V Заңымен 
(алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі). 
 
20-бап. Мемлекеттiк қызметтің кадр резервi 
 
        Ескерту. 20-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 14.12.2012 N 59-V 
Заңымен  (алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі). 
 
1.  Мемлекеттiк  саяси  жəне  əкiмшiлiк  лауазымдарға  орналасу  үшiн 
мемлекеттiк 
қызметтiң 
кадрлар 
резервi 
қалыптастырылады. 
        2.  Кадр  резервiн  қалыптастыру  тəртiбi  жəне  онымен  жұмысты 
ұйымдастыру 
уəкiлеттi 
органның 
ұсынуы 
бойынша 
Қазақстан 
Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi 
туралы ережемен реттеледi. 
 Ескерту. 20-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 2005.07.08 N 75 Заңымен 
(қолданысқа  енгізілу  тəртібін 2-баптан  қараңыз);  өзгеріс  енгізілді - ҚР 
14.12.2012 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай 
өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
 
4-1-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы 
 
        Ескерту.  Заң 4-1-тараумен  толықтырылды - ҚР 14.12.2012 N 59-V 
Заңымен  (алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі). 
 
20-1-бап. Мемлекеттік қызметшілерге қызмет этикасын сақтау 
                 жөнінде қойылатын талаптар 
 
        1. Мемлекеттік қызметшілер: 
        1)  мемлекеттік  қызметке,  мемлекетке  жəне  оның  институттарына 
қоғамның сенімін сақтауға жəне нығайтуға; 
        2) жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға; 
        3) азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық жəне əдептілік танытуға; 
        4) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді 
жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-əрекеттерге қарсы тұруға; 
        5)  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рəміздеріне  құрметпен 
қараудың үлгісі болуға; 
        6) заңдарда  белгіленген  шектеулер  мен  тыйымдарды  сақтауға; 
        7)  мемлекеттік  органдардың  тиімді  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету 
мақсатында лауазымдық міндеттерін адал жəне кəсіби деңгейде атқаруға; 
        8)  лауазымдық  міндеттерін  атқару  кезінде  жеке  жəне  заңды  тұлғаларға 
ерекше ықылас көрсетпеуге, олардың ықпалынан тəуелсіз болуға; 
21

        9)  жеке  сипаттағы  мəселелерді  шешу  кезінде  мемлекеттік  органдардың, 
ұйымдардың,  мемлекеттік  қызметшілер  мен  өзге  де  адамдардың  қызметіне 
ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға; 
        10)  кадрларды  туыстық,  жерлестік  жəне  жеке  басына  берілгендік 
белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге; 
        11)  қарамағындағы  мемлекеттік  қызметшілерден  олардың  қызметтік 
міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге; 
        12) басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы жұрт 
таныған моральдық-этикалық нормалармен  сыйыспайтын іс-əрекеттер жасауға 
мəжбүрлемеуге; 
        13)  басқа  мемлекеттік  қызметшілер  тарапынан қызмет  этикасы 
нормаларын  бұзу  фактілеріне  жол  бермеуге  жəне  олардың  жолын  кесуге 
міндетті. 
        2.  Мемлекеттік  қызметшілер  лауазымдық  міндеттерін  атқару  кезеңінде 
ресми мінез-құлық нормаларын сақтауға тиіс. 
        3.  Мемлекеттік  қызметшілер  қызметтік  жағдайын  жəне  онымен 
байланысты  мүмкіндіктерді  коммерциялық  жəне  коммерциялық  емес 
ұйымдардың мүддесіне орай, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау 
үшін пайдаланбауға тиіс. 
 
20-2-бап. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа 
                 қарсы əрекеттері 
 
        1.  Мемлекеттік  қызметшілер  сыбайлас  жемқорлық  көріністеріне  қарсы 
тұруға, 
сыбайлас жемқорлық 
құқық 
бұзушылықтарға 
не 
сыбайлас 
жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын 
əрекеттерге жол бермеуге тиіс. 
        2.  Мемлекеттік  қызметшілер  басқа  мемлекеттік  қызметшілер  тарапынан 
болатын  сыбайлас жемқорлық  құқық  бұзушылық  фактілерінің  жолын  кесуге 
тиіс. 
        3.  Мемлекеттік  қызметші,  егер  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық 
туралы  анық  ақпараты  болса,  мұндай  құқық  бұзушылықты  болғызбау  жəне 
тоқтату  жөнінде  қажетті  шаралар  қолдануға,  оның  ішінде  жоғары  тұрған 
басшыға,  өзі  жұмыс  істейтін  мемлекеттік  органның  басшылығына,  уəкілетті 
мемлекеттік  органдарға  жазбаша  нысанда  дереу  хабарлауға  тиіс.  Мемлекеттік 
қызметші  өзін  басқа  адамдардың  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар 
жасауға  көндіру  жағдайлары  туралы  да  аталған  адамдар  мен  органдарға 
жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті. 
        Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай 
мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, 
өзін  осы  бұзушылықтарды  жасауға  көндіру  жағдайлары  туралы  мəлімдеулері 
бойынша  шаралар  қолдануға,  оның  ішінде  тексерулер  ұйымдастыру  жəне 
уəкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолдануға міндетті. 
        4.  Мемлекеттік  органның  басшылығы  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылықтардың,  өзін  осы  бұзушылықтарды  жасауға  көндірудің  анық 
22

жағдайлары  туралы  хабарлаған  мемлекеттік  қызметшіні  оның  құқықтарын, 
заңды  мүдделерін  кемсітетін  қудалаудан  қорғау  жөнінде  шаралар  қолдануға 
міндетті. 
        5. Мемлекеттік қызметшілер жеке жəне заңды тұлғалардың өз құқықтары 
мен 
заңды 
мүдделерін 
іске 
асыруын 
қиындататын 
іс-əрекеттерге 
(əрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс. 
        6.  Мемлекеттік  қызметшіге  сыбайлас  жемқорлық  жасаған  деп  көпшілік 
алдында  негізсіз  айып  тағылған  жағдайда,  ол  осындай  айыптауды  анықтаған 
күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға 
тиіс. 
 
20-3-бап. Көпшілік алдында сөйлеу 
 
        1.  Мемлекеттік  орган  қызметінің  мəселелері  бойынша  көпшілік  алдында 
сөйлеуді  оның  басшысы  немесе  мемлекеттік  органның  уəкілеттік  берілген 
лауазымды адамдары жүзеге асырады. 
Мемлекеттік  қызметшілер  пікірталастарды  əдепті  түрде  жүргізуге  тиіс. 
        2.  Мемлекеттік  қызметшілердің  мемлекеттік  саясатты  жүргізуге  жəне 
мемлекеттік органның қызметіне қатысы жоқ мəселелер бойынша мемлекеттік 
органның атынан жарияланымдарына жол берілмейді. 
Педагогтік,  ғылыми  жəне  өзге  де  шығармашылық  қызмет  жөнінде 
материалдар  жариялауды  мемлекеттік  қызметші  жеке  тұлға  ретінде  өз  атынан 
жүзеге асырады. 
 
5-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді қамсыздандыру 
 
21-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу 
 
        1.  Мемлекеттiк  қызметшiлердiң  еңбегiне  төленетiн  ақы  қызметтiк 
мiндеттерiн  сөзсiз  жəне  тиянақты  атқаруы  үшiн  жеткiлiктi  материалдық 
жағдайды  қамтамасыз  етуге,  мемлекеттiк  органдарды  бiлiктi  жəне  тəжiрибелi 
кадрлармен  жасақтауға  жəрдемдесуге,  олардың  адал  да  бастамашыл  еңбегiн 
ынталандыруға тиiс. 
          2.  Мемлекеттiк  саяси  қызметшiлердiң  еңбегiне  ақы  төлеу  жүйесiн 
Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. 
        Мемлекеттiк  əкiмшiлiк  қызметшiлердiң  еңбегiне  ақы  төлеу  Қазақстан 
Республикасының Президентi бекiтетiн Еңбекке ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi 
негiзiнде жүзеге асырылады. 
        3. Мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы республикалық жəне 
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен төленедi. 
        4. Мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы мен оларға төленетiн 
басқа 
да 
төлемдер 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында 
белгiленген тəртiппен индекстелуге тиiс. 
23

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2012.07.05 N 30-
V (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 
22-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң демалысы 
 
        1.  Мемлекеттiк  қызметшiлерге  сауықтыру  үшiн  екi  лауазымдық 
айлықақысы мөлшерiнде жəрдемақы төленiп, ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күнге 
ақы төленетiн жыл сайынғы демалыс берiледi. 
        2.  Мемлекеттiк  қызметшiлердiң  қалауы  бойынша  жыл  сайынғы  ақы 
төленетiн демалыс оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. 
        3.  Мемлекеттiк  қызметшiге  жалақысы  сақталмайтын демалыс  берiлуi 
мүмкiн. 
        4. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк орган басшысының не жауапты 
хатшының  немесе  Қазақстан  Республикасының  Президентi  айқындайтын  өзге 
де  лауазымды  адамның  шешiмi  бойынша  жыл  сайынғы  немесе  қосымша 
демалыстан  шақыртылып  алынуы  мүмкiн.  Пайдаланылмаған  демалыстың 
қалған  бөлiгi  мемлекеттiк   қызметшiге  тиiстi  жылдың  басқа  кез  келген 
уақытында берiледi не келесi жылғы демалысына қосылады. 
        5.  Мемлекеттік  əкімшілік  қызметші  ауыстырылған  жағдайда  не 
мемлекеттік  саяси  қызметшінің  басқа  мемлекеттік  лауазымға  тағайындалуына 
байланысты,  егер  мемлекеттік  қызметші  бұрынғы  жұмыс  орнында  демалысын 
пайдаланбаған  болса,  жаңа  жұмыс  орнындағы  ақы  төленетін  жыл  сайынғы 
демалысы  Қазақстан  Республикасының заңдарында  белгіленген  мерзімі 
аяқталғанға дейін берілуі мүмкін. 
        Ескерту. 22-бапқа  өзгерту  енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2010.12.29 N 
371-IV (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 
 
23-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеу 
 
        1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, 
мiнсiз  мемлекеттiк  қызметi,  ерекше  маңызды  жəне  күрделi  тапсырмаларды 
орындағаны  үшiн  жəне  жұмыстағы  басқа  да  жетiстiктерi  үшiн,  сондай-ақ  өз 
қызметінің бағалану нəтижелері бойынша: 
        1) бiржолғы ақшалай сыйақы беру; 
        2) алғыс жариялау; 
        3) бағалы сыйлықпен марапаттау; 
        4) грамотамен марапаттау; 
        5)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  көтермелеудiң 
өзге 
де 
нысандарымен, 
оның 
ішінде ведомстволық наградалармен 
жəне омырауға 
тағатын 
ерекшелік белгілерімен 
марапаттау 
арқылы 
көтермеленуi мүмкiн. 
        2.  Мемлекеттiк  қызметшiлер  ерекше  еңбек  сiңiргенi  үшiн  Қазақстан 
Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапатталады. 
24

       Ескерту. 23-бапқа  өзгеріс  енгізілді - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен 
(алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі). 
 
Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет