Мемлекеттік қызмет туралы


-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/36
Дата21.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

9-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi 
 
1.
 
Мемлекеттiк қызметшiлер: 
1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға; 
2) 
Қазақстан 
Республикасының 
Президентi бекiткен 
тəртiппен 
мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге; 
3)  азаматтар  мен  заңды  тұлғалар  құқықтарының,  бостандықтары  мен 
заңды  мүдделерiнiң  сақталуын  жəне  қорғалуын  қамтамасыз  етуге, заңдарда 
белгiленген тəртiп  пен мерзiмде  азаматтардың  өтiнiштерiн  қарауға,  олар 
бойынша қажеттi шаралар қолдануға; 
4)  өзiне  берiлген  құқықтар  шегiнде  жəне  қызмет  мiндеттерiне  сəйкес 
өкiлеттiгiн жүзеге асыруға; 
4-1) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде бейтарап жəне саяси 
партиялардың, діни жəне өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тəуелсіз 
болуға; 
5) мемлекеттiк тəртiп пен еңбек тəртiбiн сақтауға; 
       6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға; 
       7) қызмет этикасы нормаларын сақтауға; 
        8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен 
лауазымды  адамдардың  өз  өкiлеттiгi  шегiнде  шығарған  шешiмдерi  мен 
нұсқауларын орындауға; 
        9) мемлекеттiк  құпияларды  жəне заңмен  қорғалатын  өзге  де   құпияны 
сақтауға,  оның  iшiнде  мемлекеттiк  қызметтi  тоқтатқаннан  кейiн  де,  заңмен 
белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға; 
        10)  қызметтiк  мiндеттерiн  атқару  кезiнде  алған,  азаматтардың  жеке 
өмiрiн, ар-намысын жəне қадiр-қасиетiн қозғайтын мəлiметтердi құпия сақтауға 
жəне  олардан, заңдарда  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  мұндай  ақпарат 
берудi талап етпеуге; 
       11)  мемлекеттiк  меншiктiң  сақталуын  қамтамасыз  етуге,  өзіне  сеніп 
тапсырылған  мемлекеттiк  меншiктi  тек  қызметтiк  мақсатта  пайдалануға; 
      12)  алып  тасталды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы  ресми 
жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi) 
Заңымен. 
       12-1)  өздеріне  мəлім  болған  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық 
жағдайлары  туралы  өздері  жұмыс  істейтін  мемлекеттік  орган  басшылығының 
назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға; 
       13)  қызметтiк  міндеттерін  тиiмдi  атқару  үшiн  өзiнiң  кəсiби  деңгейi  мен 
біліктiлiгiн арттыруға; 
        14)  оқуды  аяқтағаннан  кейін  өздерін  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 
беру  бағдарламалары  бойынша  мемлекеттік  тапсырыс  шеңберінде  оқуға 
жіберген  мемлекеттік  органда,  сондай-ақ  мемлекеттік  қызметте  тікелей 
9

жұмысты  өтеуге  мiндеттi.  Оқу  жəне  жұмысты  өтеу  мерзімдері  уəкiлеттi 
органның  ұсынуы  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Президентi  бекiтетiн 
Мемлекеттiк қызмет өткеру тəртібi туралы ережеде айқындалады. 
        2.  Мемлекеттiк  əкімшілік  қызметшiлердiң  осы  Заңда  белгiленген  негiзгi 
мiндеттерiнен  туындайтын  нақты  мiндеттерi бiлiктiлiк  талаптар  негiзiнде 
айқындалады жəне қызметтiк нұсқаулықтарда көрсетiледi. 
        Лауазымдық нұсқаулықтарды мемлекеттiк органның басшысы немесе ол 
уəкілеттік  берген  лауазымды  адам,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында көзделген жағдайларда өзге де адамдар бекiтедi. 
        Ескерту. 9-бапқа  өзгерістер  енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 222-IV 
(қолданысқа  енгізілу  тəртібін 2-б.  қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы 
ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 
енгiзiледi); 2011.07.05 N 452-IV (алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап 
қолданысқа  енгізілетін); 14.12.2012 N 59-V (алғашқы  ресми  жарияланған 
күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 
10-бап. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер 
 
1.
 
Мемлекеттiк қызметшiнiң: 
1)
 
өкiлдi органдардың депутаты болуға; 
2)
 
педагогтiк,  ғылыми  жəне  өзге  де  шығармашылық  қызметтi 
қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; 
3) кəсiпкерлiк  қызметпен  айналысуға,  соның  iшiнде,  егер  коммерциялық 
ұйымды  басқаруға  тiкелей  қатысу  Қазақстан  Республикасының заңдарына 
сəйкес  оның  қызметтiк  мiндетiне  кiрмейтiн  болса,  егер  "Сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы"  Қазақстан  Республикасының Заңында 
өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық 
ұйымды басқаруға қатысуға; 
4)  үшiншi  тұлғалардың  істерi  бойынша  өзi  қызмет  iстейтiн  не  өзiне 
тiкелей  бағынысты  немесе  өзiнiң  бақылауындағы  мемлекеттік  органда  өкiл 
болуға; 
        5) өзiнiң қызметтiк iс-əрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық жəне 
ақпараттық  қамтамасыз  ету  құралдарын,  басқа  да  мемлекеттiк  мүлiк  пен 
қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға; 
6)  ереуiлдердi  қоса  алғанда,  мемлекеттiк  органдардың  қалыпты  жұмыс 
iстеуiне  жəне  қызметтiк  мiндеттердi  орындауға  кедергi  келтiретiн  əрекеттерге 
қатысуға; 
        7)  лауазымдық  өкiлеттiгiн  орындауға  байланысты  азаматтар  мен  заңды 
тұлғалар  көрсететiн  қызметтi  жеке  мақсатына  пайдалануға  құқығы  жоқ. 
        2.  Мемлекеттік  қызметші  қызметке  кіріскеннен  кейін  бір  ай  ішінде,  осы 
адамға  заңды  түрде  тиесілі  ақшаны,  сондай-ақ  мүліктік  жалдауға  берілген 
мүлікті  қоспағанда,  коммерциялық  ұйымдардың  жарғылық  капиталындағы, 
өзінің меншігіндегі үлестерді, акцияларды (акцияны) жəне пайдаланылуы табыс 
алуға əкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытына Қазақстан 
Республикасының заңнамасында  белгіленген  тəртіппен  сенімгерлік  басқаруға 
10

беруге  міндетті.  Мүлікті  сенімгерлік  басқаруға  арналған  шартты  нотариат 
куəландыруға  тиіс.  Мемлекеттiк  қызметшi  мүлiктi  сенiмгерлiк  басқаруға 
арналған  шарттың  нотариат  куəландырған  көшiрмесiн  нотариат  куəландырған 
күннен  бастап  он  күн  мерзiмде  жұмыс  орны  бойынша  персоналды  басқару 
қызметіне  (кадр  қызметiне)  ұсынады.  Мемлекеттiк  қызметшiлердiң  мүлiктi 
сенiмгерлiк  басқаруға  беру  қағидаларын  Қазақстан  Республикасының 
Үкiметi бекiтедi. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы 
Конституциялық  Кеңесінің  Төрағасы  мен  мүшелерін  қоспағанда,  мемлекеттік 
қызметшілердің  өздеріне  тиесілі  облигацияларды,  ашық  жəне  аралық 
инвестициялық пай қорларының пайларын сенімді басқаруға бермеуіне болады. 
        Мемлекеттік  қызметшінің сенімгерлік  басқаруға  берілген  мүліктен  кіріс 
алуға құқығы бар. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы 
Конституциялық  Кеңесінің  Төрағасы  мен  мүшелерін  қоспағанда,  мемлекеттік 
қызметшілер 
тұрғын 
үйлерін 
мүліктік 
жалдауға 
беруге 
құқылы. 
        2-1.  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  Төрағасы  мен  оның 
орынбасарлары аталған лауазымдарға  тағайындалған  күндерінен бастап бір ай 
мерзімде 
өздеріне 
тиесілі 
инвестициялық 
қорлардың 
пайларын, 
облигацияларды  жəне  коммерциялық  ұйымдардың  акцияларын  сенімгерлік 
басқаруға  беруге  жəне  оларды  сенімгерлік  басқаруға  арналған,  нотариат 
куəландырған  шарттың  көшірмесін  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің 
кадр қызметіне ұсынуға міндетті. 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  Төрағасы  мен  оның 
орынбасарлары  инвестициялық  қорлардың  пайларын,  облигацияларды, 
коммерциялық  ұйымдардың  акцияларын  сатып  алуға  құқылы  емес. 
        3.  Заңдарда  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  мемлекеттiк  қызметшiге 
өзiнiң жақын туыстары ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап 
алған балалар, ата-анасы бiр жəне ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, 
аталары, əжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей 
бағынысты лауазым атқаруына болмайды. 
3-1.  Мемлекеттiк  қызметшiлердiң  жақын  туыстары  мен  жекжаттарына 
(жұбайлардың  аға-iнiлерiне,  апа-сiңлiлерiне,  ата-аналары  мен  балаларына) 
қатысты 
лауазымдық 
өкiлеттiктерiн 
жүзеге 
асыруына Қазақстан 
Республикасының заң актiлерiмен шектеулер көзделуi мүмкiн. 
       4. Мемлекеттiк қызметке: 
1) белгiленген  тəртiппен əрекетке  қабілетсiз  немесе əрекетке  қабiлетi 
шектеулi деп танылған; 
        2)  сот  белгiлi  бiр  мерзiм  iшiнде  мемлекеттiк  лауазымдар  атқару 
құқығынан айырған; 
        3)  бiлiктiлiк  талаптарында  тиiстi  қызметтердi  атқару  үшiн  денсаулық 
жағдайына  арнаулы  талаптар  белгiленген  реттерде  медициналық  мекеменiң 
қорытындысына  сəйкес  лауазымдық  өкiлеттiктi  орындауға  кедергi  келтiретiн 
науқасы бар; 
11

        4)  өзiнiң  мəртебесiн  жəне  соған  негізделген  беделiн  жеке  басылық, 
топтық  жəне  өзге  де  қызметтiк  емес  мүдделерге  пайдалануға  алып  келуi 
ықтимал  əрекеттерге  жол  бермеу  мақсатында  өзiне заңмен  белгiленген 
шектеулердi қабылдаудан бас тартқан; 
       5)  мемлекеттік  қызметке  кірер  алдында  үш  жыл  ішінде  сыбайлас 
жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін  тəртіптік  жауаптылыққа 
тартылған  адамды  қабылдауға  болмайды.  Бұл  ретте,  сыбайлас жемқорлық 
құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін  жұмыстан  босатылған  адам  мемлекеттік 
қызметке 
жіберілмейді; 
    
6)  алып  тасталды - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен  (алғашқы  ресми 
жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі); 
        6-1)  мемлекеттiк  қызметке  кiргенге  дейiн  үш  жыл  iшiнде  сыбайлас 
жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшiн  сот тəртiбiмен  əкiмшiлiк  жаза 
қолданылған; 
         6-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; 
         6-3)  алып  тасталды - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен  (алғашқы  ресми 
жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі); 
        7)  мемлекеттiк  қызметке  кiру  уақытына  өтелмеген  немесе  заңда 
белгiленген тəртiппен алынбаған соттылығы бар; 
         7-1)  ауыр  немесе  аса  ауыр  қылмыстар  жасағаны  үшін  бұрын  сотталған 
немесе  қылмыстық  жауаптылықтан  ақталмайтын  негіздер  бойынша 
босатылған; 
         8)  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманы  сақтау  нысанасына  арнайы 
тексеруден өтпеген; 
        9)  ұйымдасқан  топтың,  қылмыстық  қоғамдастықтың  (қылмыстық 
ұйымның),  трансұлттық  ұйымдасқан  топтың,  трансұлттық  қылмыстық 
қоғамдастықтың  (трансұлттық  қылмыстық  ұйымның)  немесе  тұрақты  қарулы 
топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған; 
        10)  ұйымдасқан  топтың,  қылмыстық  қоғамдастықтың  (қылмыстық 
ұйымның),  трансұлттық  ұйымдасқан  топтың,  трансұлттық  қылмыстық 
қоғамдастықтың  (трансұлттық  қылмыстық  ұйымның)  немесе  тұрақты  қарулы 
топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі 
қылмыстық  қудалау  органы  немесе  сот  тоқтатқан  не  Қазақстан 
Республикасының  Қылмыстық  кодексі Ерекше  бөлімінің  тиісті  бабында 
көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі 
өткенге  дейін  ақталмайтын  негіздер  бойынша  қылмыстық  іс  қозғаудан 
қылмыстық  қудалау  органы  бас  тартқан  адамды  қабылдауға  болмайды. 
         5.  Алып  тасталды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы  ресми 
жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi) 
Заңымен. 
        Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.09.25 N 484, 2005.07.08 N 
75 (қолданысқа  енгізілу  тəртібін 2-баптан  қараңыз), 2007.07.21 N 308, 
2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа  енгізілу  тəртібін 2-б.  қараңыз), 2009.12.08 N 
226-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы 
ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 
12

енгiзiледi), 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін 
күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V 
(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі); 14.12.2012 N 59-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 
3-тарау. Мемлекеттік қызметке кіру 
 
11-бап. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру 
 
Мемлекеттiк саяси 
қызметшiлердiң 
мемлекеттiк 
қызметке 
кiруi 
тағайындау  не  сайлау негiзiнде,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  
заңдарында  белгiленген  басқа  да  реттерде,  тəртiп  пен  жағдайларда  жүзеге 
асырылады. 
  
        Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен. 
 
12-бап. Мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметке кiру 
 
       1.  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  мемлекеттiк  əкiмшiлiк 
лауазымға орналасуға құқығы бар. 
       Осы 
Заңда 
көзделген 
жағдайларды, 
сондай-ақ 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарына 
сəйкес 
жергілікті 
өкілді 
органдардың 
тағайындауы  немесе  сайлану  жағдайларын  қоспағанда,  мемлекеттік  əкімшілік 
лауазымға 
орналасу 
конкурстық 
негізде 
жүзеге 
асырылады. 
        2.  «А»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметінің  кадр  резервіне 
іріктеу  Қазақстан  Республикасының  Президентi айқындайтын  тəртіппен 
жүргізіледі. 
        «А»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметінің  кадр  резервіне 
алынған  азаматтардың  «А»  корпусының  бос  мемлекеттік  əкімшілік 
лауазымдарына  орналасуға  арналған конкурстық  іріктеуге  қатысуға  құқығы 
бар. 
        3.  Өз  өкiлеттiктерiн  теріс  себептермен  тоқтатқандарды  қоспағанда,  өз 
өкілеттіктерін  кемінде  алты  ай  орындаған  жəне  қойылатын  біліктілік 
талаптарына 
сай 
келетін, 
өз 
өкілеттіктерін 
тоқтатқан 
Парламент 
депутаттарының,  тұрақты  негiзде  жұмыс  iстейтiн  мəслихат  депутаттарының, 
мемлекеттiк саяси қызметшiлердің, судьялардың «Б» корпусының мемлекеттiк 
əкiмшілiк  лауазымына  конкурстық  іріктеуден  тыс  орналасуға  құқығы  бар. 
        Осы  тармақтың  бірінші  бөлігінде  аталған  адамдар  «А»  корпусының 
мемлекеттік  əкімшілік  лауазымдарына  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
шешімімен  кадр  резервіне  іріктеуден  жəне  конкурстық  іріктеуден  өтпестен 
орналаса алады. 
        4.  Мемлекеттiк  қызметке  кiру  кезiнде  тегіне,  əлеуметтiк,  лауазымдық 
жəне  мүлiктiк  жағдайына,  жынысына,  нəсiлiне,  ұлтына,  тiлiне,  дiнге 
көзқарасына,  нанымына,  тұрғылықты  жерiне  байланысты  немесе  кез  келген 
13

өзге  жағдаяттар  бойынша  қандай  да  бір  кемсітушілік  белгілеуге  жол 
берiлмейдi. 
        Ескерту. 12-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен 
(алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі);  өзгеріс  енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы  ресми 
жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізiледi) 
Заңымен. 
 
13-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде қойылатын талаптар 
 
        1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға сай болуға: 
        1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға; 
        2)  егер  Қазақстан  Республикасының заңнамасында  тиiстi  лауазымдарға 
қатысты өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға тиіс. 
        Мемлекеттiк  əкімшілік  лауазымдарға  орналасуға  үміткер  адамдар 
мынадай талаптарға сай болуға: 
        1)  қажеттi  бiлiмi,  кəсiби  даярлық  деңгейi  болуға  жəне  белгіленген 
бiлiктiлiк талаптарына сай келуге; 
        2)  Қазақстан  Республикасының заңында  белгіленген  зейнеткерлік  жасқа 
толмаған болуға тиіс. 
        2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiру кезінде салық қызметi органдарына 
табыстары жəне өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектілері болып 
табылатын 
мүлкi 
туралы 
декларацияны 
табыс 
етуге 
мiндеттi. 
        3.  Мемлекеттiк  əкiмшiлiк  лауазымға  орналасу  арнайы  тексерудің  оң 
нəтижелері алынғаннан кейiн жүзеге асырылады. 
        Мемлекеттік  орган  арнайы  тексерудің  нəтижелерін  алған  күнге  дейiн 
азаматтарды  мемлекеттік  əкiмшiлiк  лауазым  көздейтін  мiндеттердi  уақытша 
атқару  үшiн  жұмысқа  қабылдайды.  Олармен  еңбек  қатынастары  Қазақстан 
Республикасының  еңбек заңнамасына  сəйкес  реттеледi.  Еңбек  шарттары 
арнайы тексеруді жүргізу мерзіміне жасалады. 
        Арнайы  тексеру  жүргізу  кезеңінде  бұл  адамдарға  осы  Заңның 
мемлекеттік  қызметшілердің  міндеттері  мен  жауапкершілігі,  мемлекеттік 
қызметте  болуына  байланысты  шектеулер  бөлігіндегі  ережелері  қолданылады. 
Бұл адамдардың құқықтары еңбек шартында айқындалады. 
        4.  Мемлекеттiк  саяси  қызметке  кiру  үшiн  қойылатын  қосымша 
талаптарды  Қазақстан  Республикасының  Президентi  айқындауы  мүмкін. 
        5.  «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымдарына  қойылатын 
біліктілік  талаптары  мемлекеттік  органның  құрылымдық  бөлімшелері 
қызметінің  негізгі  бағыттары,  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілер  жүзеге 
асыратын  лауазымдық  өкілеттіктер  ескеріле  отырып,  мемлекеттiк  əкiмшiлiк 
лауазымдар  санаттарына  қойылатын үлгілік  біліктілік  талаптары  негізінде 
əзірленеді  жəне  оларды  уəкілетті  органның  келісімімен  мемлекеттік  органдар 
бекітеді. 
        «А»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымдарына  қойылатын 
арнайы біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Президентi бекітеді. 
14

        Ескерту. 13-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен 
(алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі);  өзгеріс  енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы  ресми 
жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізiледi) 
Заңымен. 
 
14-бап. Мемлекеттiк əкiмшілiк лауазымға орналасуға 
арналған конкурс 
 
        1.  Мемлекеттiк  əкiмшiлiк  лауазымға  орналасуға  арналған  конкурс 
Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу 
құқығын қамтамасыз етедi. 
        «Б»  корпусының  бос  жəне  уақытша  бос  мемлекеттік  əкімшілік 
лауазымына  орналасуға  арналған  конкурсты  мемлекеттік  орган  өткізеді. 
       Тестілеуден  өту  кезінде  уəкілетті  орган белгілейтін  шекті  мəндерден 
төмен  емес  баға  алған  азаматтардың  конкурсқа  қатысуға  құқығы  бар. 
        2.  Конкурс  орталық  мемлекеттік  органдарда,  ведомстволарда  жəне 
олардың  аумақтық  бөлімшелерінде  өткізілген  кезде  хабарландырулар  орталық 
мемлекеттік  органдардың  жəне уəкілетті  органның  интернет-ресурстарында, 
сондай-ақ  уəкілетті  орган айқындаған  мерзімді  баспасөз  басылымдарында 
жарияланады. 
        Конкурсты  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы 
органдарда 
өткізу 
туралы 
хабарландырулар 
жергілікті 
бюджеттен 
қаржыландырылатын  атқарушы  органдардың  жəне  уəкілетті  органның 
интернет-ресурстарында,  сондай-ақ  уəкілетті  органның аумақтық  бөлімшелері 
айқындаған 
мерзімді 
баспасөз 
басылымдарында 
жарияланады. 
        Персоналды  басқарудың  бірыңғай  қызметі  (кадр  қызметi)  құрылған 
жағдайда,  хабарландырулар  ол  құрылымына  кіретін  мемлекеттік  органның 
интернет-ресурсында жарияланады. 
        3.  Егер  конкурс  «Б»  корпусының  уақытша  бос  мемлекеттік  əкімшілік 
лауазымына өткізілсе, онда осы шарт конкурсты өткізу туралы хабарландыруда 
көрсетілуге тиіс. 
        4. Конкурсты өткізу жəне конкурстық комиссияны құру тəртібін уəкілетті 
орган айқындайды. 
        5.  Облыстарда,  республикалық  маңызы  бар  қалаларда,  астанада, 
аудандарда,  қалаларда  тиісті  əкімшілік-аумақтық  бірліктердің  бюджеттерінен 
қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссия 
құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, 
республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандық,  қалалық 
атқарушы  органдардың бірыңғай  конкурстық  комиссиясы  осы  атқарушы 
органдардың  басшыларын  тағайындауға  құқығы  бар  адамның  шешімімен 
құрылады. 
        Орталық  мемлекеттік  органның  жəне  оның  ведомствосының  аудандық, 
қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның жəне оның 
ведомствосының  өңіраралық  немесе  облыстық  аумақтық  бөлімшесінде 
15

бірыңғай  конкурстық  комиссия  құруға  жол  беріледі.  Аудандық,  қалалық 
аумақтық 
бөлімшелердің бірыңғай 
конкурстық 
комиссиясы 
орталық 
мемлекеттік  органның  жəне  оның  ведомствосының  өңіраралық  немесе 
облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған 
органның шешімімен құрылады. 
        6.  Конкурстық  комиссияның  оң  қорытындысын  алған  конкурсқа 
қатысушының «Б» корпусының мемлекеттiк əкiмшілiк лауазымына орналасуға 
құқығы бар. 
        7.  Тағайындауға  құқығы  бар  адам  конкурстық  комиссияның  оң 
қорытындысын  алған  конкурсқа  қатысушыны  «Б»  корпусының  жарияланған 
мемлекеттiк  əкiмшiлiк  лауазымына  қабылдауға  мiндеттi.  Бұл  ретте,  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  мемлекеттiк  қызметке  кiру  үшiн  көзделген 
талаптар сақталуға тиiс. 
        8.  Конкурстық  комиссияның  оң  қорытындысын  алмаған,  бiрақ  ол 
мемлекеттiк  қызметке  ұсынған  конкурсқа  қатысушы  «Б»  корпусының 
мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне алынуға құқылы. 
        Мемлекеттік  органның  конкурстық  комиссиясының  ұсынымы  бойынша 
«Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметінің  кадр  резервіне  алынған 
конкурсқа  қатысушы  өзі  алынған  күннен  бастап  бір  жыл  ішінде,  біліктілік 
талаптарына  сай  келген  жағдайда,  сол  мемлекеттік  органда  «Б»  корпусының 
тиісті  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымына  қосымша  конкурстан  өтпестен 
орналасуға құқылы. 
9. 
Конкурстық 
комиссияның 
шешiмiне 
Қазақстан 
Республикасының заңнамасында  белгiленген  тəртiппен  шағым  жасалуы 
мүмкін. 
10. «А»  корпусының  бос  жəне  уақытша  бос  мемлекеттік  əкімшілік 
лауазымына  орналасуға  арналған  конкурсты  өткізудің  ерекше  тəртібін 
Қазақстан 
Республикасының 
Президентi айқындайды. 
        Ескерту. 14-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен 
(алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі). 
 
4-тарау. Мемлекеттік қызмет өткеру жəне қызметтік мансап 
 
Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет