Мемлекеттік қызмет туралы


 Аттестаттау комиссияның шешіміне шағымдану



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/36
Дата21.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36

4.5. Аттестаттау комиссияның шешіміне шағымдану 
81. «Б» корпусының қызметшілері аттестаттау комиссиясының шешіміне 
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті органға немесе сотқа шағымдана 
алады. 
        82.  Осы  Қағидалардың  бұзылуы  анықталған  жағдайда  мемлекеттік 
қызмет  істері  жөнінде  уəкілетті  орган  мемлекеттік  органға  аттестаттау 
комиссиясының  шешімін  өзгерту  жəне  (немесе)  аттестаттау  өткізу  шараларын 
қолдану жөнінде ұсыныс жасайды. 
83.  Мемлекеттік  орган  екі  апта  ішінде  мемлекеттік  қызмет  істері 
жөніндегі уəкілетті органды қабылданған шешім туралы хабардар етеді. 
115

Мемлекеттік қызмет өткеру тəртібі туралы ережені бекіту туралы 
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 
Жарлығы 
 
        "Мемлекеттік  қызмет  туралы"  Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы  
23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:  
         1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет өткеру тəртібі туралы ереже 
бекітілсін. 
2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын: 
1) "Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметшілеріне  еңбек 
сіңірген  жылдарына  проценттік  үстеме  ақы  төлеу  үшін  мемлекеттік  қызмет 
стажы  мен  зейнетақы  тағайындау  үшін  еңбек  сіңірген  жылдарын  есептеудің 
тəртібі  туралы  ережені  бекіту  туралы"  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
1996  жылғы 3 маусымдағы N 3014 Жарлығы  (Қазақстан  Республикасының 
ПҮАЖ-ы, N 27, 225-құжат);  
2) "Қазақстан  Республикасы  Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы  
N 3014 Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
қызметшілеріне  еңбек  сіңірген  жылдарына  проценттік  үстеме  ақы  төлеу  үшін 
мемлекеттік  қызмет  стажы  мен  зейнетақы  тағайындау  үшін  еңбек  сіңірген 
жылдарын  есептеудің  тəртібі  туралы  ережеге  толықтыру  мен  өзгеріс  енгізу 
туралы"  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 1998 жылғы 23 сəуірдегі  
N 3919 Жарлығы . 
3.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бір  ай  мерзімде  өз  актілерін  осы 
Жарлыққа сəйкес келтірсін. 
4. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 
Қазақстан Республикасының Президенті  
 
  Қазақстан Республикасы       
 Президентінің            
 2000 жылғы 10 наурыздағы       
 N 357 Жарлығымен           
 Бекітілген               
 
Мемлекеттік қызмет өткеру тəртібі туралы ереже 
 
Ескерту.  Ереже  жаңа  редакцияда - ҚР  Президентінің 22.03.2013 N 526 
Жарлығымен (26.03.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
 
        Осы Ереже мемлекеттік саяси жəне əкімшілік қызметшілердің мемлекеттік 
қызмет өткеру мəселелерін регламенттейді. 
 
 
116

1-бөлім 
 
Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеруі 
 
1. Мемлекеттік саяси қызметшілерге қойылатын талаптар 
 
        1.  Мемлекеттік  саяси  лауазымға  орналасу  азаматтар  арнайы  тексеруден, 
сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  жағдайларда 
келісуден өту шартымен жүзеге асырылады. 
 
2. Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі функциялары жəне олардың 
қызметін ұйымдастыру 
 
        2.  Мемлекеттік  саяси  қызметшінің  функционалдық  міндеттері  Қазақстан 
Республикасының 
заңнамалық 
актілерімен, 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің  актілерімен,  осы  Ережемен,  тиісті  мемлекеттік  орган  туралы 
ережемен жəне міндеттер бөлінісімен айқындалады. 
3. Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі функциялары: 
1)  мемлекеттік  саясатты  тұжырымдауға,  айқындауға  жəне  іске  асыруға 
ықпал ететін шешімдер қабылдау; 
2) қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау; 
3)  мемлекеттік  жəне  өзге  де  бағдарламалар  мен  жобалардың  орындалу 
барысын реттеу мен бағалау; 
4) мемлекеттік органның жұмысын басқару; 
5)  бағынысты  мемлекеттік  қызметшілердің  жұмысына  басшылық  жасау 
болып табылады. 
4.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілерге  мемлекеттік  əкімшілік  қызметтің 
лауазымдарын қоса атқаруға жол берілмейді. 
 
3. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы 
 
        5.  Мемлекеттік  саяси  қызметшінің  атқаратын  саяси  лауазымындағы 
өкілеттігі: 
        1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған; 
        2) мемлекеттік орган таратылған (жойылған); 
        3)  мемлекеттік  саяси  қызметші  өзінің  табысы  мен  мүлкі  туралы  көрінеу 
жалған мəліметтер берген; 
        4)  «Мемлекеттік  қызмет  туралы»  Қазақстан  Республикасының Заңында 
(бұдан əрі – Заң) белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған; 
        5)  өзіне  меншік  құқығы  бойынша  тиесілі  мүлікті  сенімді  басқаруға 
бермеген; 
        6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; 
117

        7)  мемлекеттік  саяси  қызметшіге  қатысты  соттың  айыптау  үкімі  заңды 
күшіне енген; 
        8)  мемлекеттік  саяси  қызметшінің  өз  өкілеттігінен  тоқтату  туралы  жеке 
жазбаша өтініші негізінде орнынан түсуі қабылданған; 
9)  мемлекеттік  саяси  қызметшіні  ол  атқаратын  лауазымға  тағайындау 
(сайлау) құқығы берілген лауазымды тұлға (орган) тиісті шешім қабылдаған; 
        10) басқа жұмысқа ауысқан; 
        11)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген  өзге  де  негіздер 
туындаған жағдайларда тоқтатылады. 
        Мемлекеттік  саяси  қызметшінің  өкілеттігі  сондай-ақ  мемлекеттік  орган 
қайта құрылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған 
жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. 
  
6.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілер  Қазақстан  Республикасының  
Конституциясында,  Заңында  жəне  өзге  де  заңнамасында  белгіленген  негіздер 
мен тəртіпте орнынан түсуге өтініш береді жəне қызметтен кетеді. Егер орнынан 
түсудің  негіздері  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделмесе, 
мемлекеттік 
саяси 
қызметшілер 
Қазақстан 
Республикасының 
еңбек  
заңнамасында көзделген жалпы негіздер бойынша жұмыстан шығарылады. 
7.  Мемлекеттік  органдардың  басшылары,  əкімдер  болып  табылатын 
мемлекеттік  саяси  қызметшілер  өздері  тағайындаған  басшы  лауазымдардағы 
бағынысты  мемлекеттік  қызметшілер  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарын 
жасаған,  оларға  қатысты  соттың  заңды  күшіне  енген  айыптау  үкімі  болған 
жағдайда орнынан түсуге өтініш береді. 
 
2-бөлім 
 
Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеруі 
 
4. Мемлекеттік əкімшілік қызметке кіру 
 
        8.  Мемлекеттік  органның  қызметкерлерін  лауазымға  тағайындауды  жəне 
лауазымнан  босатуды  лауазымдық  өкілеттіктеріне  сəйкес  осындай  құқығы  бар 
тұлға (орган) не осы өкілеттіктер берілген өзге тұлға (орган) жүзеге асырады. 
Еңбек  қатынастары  мəселелері  заңнамалық  актілерге  сəйкес  жоғары 
тұрған  мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  тұлғалардың  құзыретіне 
жатқызылған  қызметкерлерді  қоспағанда,  орталық  атқарушы  органда  орталық 
атқарушы  орган  қызметкерлерін  лауазымға  тағайындауды  жəне  лауазымнан 
босатуды  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес  орталық  атқарушы 
органның  жауапты  хатшысы  немесе  белгіленген  тəртіппен  орталық  атқарушы 
органның  жауапты  хатшысының  өкілеттіктері  жүктелген  лауазымды  тұлға,  ал 
орталық  атқарушы  органның  жауапты  хатшысы  немесе  көрсетілген  лауазымды 
тұлға  болмаған  жағдайда – орталық  атқарушы  органның  басшысы  жүзеге 
асырады. 
118

       Орталық  атқарушы  органның  жауапты  хатшысы  немесе  белгіленген 
тəртіппен  орталық  атқарушы  органның  жауапты  хатшысының  өкілеттіктері 
жүктелген лауазымды тұлға: 
орталық  атқарушы  органның  басшысымен  келісім  бойынша  орталық 
атқарушы  органның  басшысы  немесе  оның  орынбасарлары  қадағалайтын 
орталық  атқарушы  органның  департаменттері  директорларын  жəне  дербес 
басқармалары  бастықтарын  лауазымға  тағайындайды  жəне  лауазымнан 
босатады; 
        орталық  атқарушы  органның  басшысымен  келісім  бойынша,  еңбек 
қатынастары  мəселелері  заңнамалық  актілерге  сəйкес  жоғары  тұрған 
мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  тұлғалардың  құзыретіне  жатқызылған 
қызметкерлерді  қоспағанда,  облыстық  аумақтық  органдар  мен  бөлімшелердің 
басшыларын лауазымға тағайындайды жəне лауазымнан босатады; 
еңбек қатынастары мəселелері заңнамалық актілерге сəйкес жоғары тұрған 
мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  тұлғалардың  құзыретіне  жатқызылған 
қызметкерлерді  қоспағанда,  облыстық  аумақтық  органдар  мен  бөлімшелер 
басшыларының  орынбасарларын  лауазымға  тағайындайды  жəне  лауазымнан 
босатады; 
        еңбек қатынастары мəселелері заңнамалық актілерге сəйкес жоғары тұрған 
мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  тұлғалардың  құзыретіне  жатқызылған 
қызметкерлерді  қоспағанда,  тағайындау  үшін  ведомстволар  басшылары 
ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындайды; 
заңнамалық  актілерде  көзделген  жағдайларда,  ведомстволар  басшылары 
тағайындау  үшін  ұсынатын  ведомстволар  басшыларының  орынбасарларын 
орталық 
атқарушы 
орган 
басшысының 
тағайындауын 
келіседі; 
        осы тармақтың үшінші бөлігінің екінші абзацында көрсетілген лауазымды 
адамдарды,  сондай-ақ  еңбек  қатынастары  мəселелері  заңнамалық  актілерге 
сəйкес  жоғары  тұрған  мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  адамдардың 
құзыретіне  жатқызылған  қызметкерлерді  қоспағанда,  орталық  атқарушы 
органның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды жəне лауазымнан босатады. 
        9.  Заңның 24-бабы 4-тармағының  екінші  жəне  үшінші  бөліктерінде 
көзделген  жағдайларда,  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілер  өздерінің 
келісімімен  жəне  қойылатын  біліктілік  талаптарына  сəйкес  келген  жағдайда 
конкурстық іріктеуден тыс мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға тағайындалады. 
10.  Өз  өкiлеттiктерiн  теріс  себептермен  тоқтатқандарды  қоспағанда,  өз 
өкілеттіктерін  кемінде  алты  ай  орындаған  жəне  қойылатын  біліктілік 
талаптарына 
сай 
келетін, 
өз 
өкілеттіктерін 
тоқтатқан 
Парламент 
депутаттарының,  тұрақты  негiзде  жұмыс  iстейтiн  мəслихат  депутаттарының, 
мемлекеттiк  саяси  қызметшiлердің,  судьялардың  «Б»  корпусының  мемлекеттiк 
əкiмшілiк  лауазымдарына  орналасуы  олардың  өз  өкілеттіктерін  тоқтатқан 
күннен бастап бір жылдың ішінде конкурстық іріктеуден тыс жүзеге асырылады. 
        11. Мемлекеттік органды құру кезеңінде қызметтік қажеттілік жағдайында 
бос мемлекеттік əкімшілік лауазымымен көзделген міндеттерді уақытша атқару 
119

үшін адамдарды үш айдан аспайтын мерзімге жұмысқа қабылдауға жол беріледі. 
Ұзартылуға  жатпайтын  осы  мерзім  ішінде  аталған  лауазымдар  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  қызмет  туралы  заңнамасында  белгіленген 
тəртіппен  толтырылуға  тиіс. «А»  корпусының  бос  мемлекеттік  əкімшілік 
лауазымымен  көзделген  міндеттерді  уақытша  атқару  үшін  жұмысқа  алу  «А» 
корпусы  мемлекеттік  əкімшілік  қызметінің  кадр  резервіне  алынған  адамдар 
арасынан жүзеге асырылады. 
Міндеттерін  уақытша  орындау  үшін  жұмысқа  қабылданатын  адамдардың 
саны мемлекеттік органның штат санының жиырма пайызынан аспауға тиіс. 
Мемлекеттік  қызметшілер  болып  табылмайтын  мұндай  адамдар  мен 
оларды уақытша жұмысқа қабылдаған мемлекеттік органның еңбек қатынастары 
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. 
Бұл  адамдардың  еңбекақысының  мөлшері  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  қызмет  туралы заңнамасында  осы  лауазым  үшін  көзделген  шекті 
жоғарғы еңбекақы мөлшерінен аспауға тиіс. 
12. «А»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымына  тағайындау 
кезінде,  егер  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  жəне  Президенті 
актілерінде  өзге  мерзім  белгіленбесе,  ол  адаммен  төрт  жыл  мерзімге,  аталған 
мерзімге  бір  реттен  артық  емес  ұзарту  мүмкіндігімен  еңбек  шарты  жасалады. 
Еңбек шарты осы Ережеге қосымшаға сəйкес үлгілік еңбек шартының негізінде 
жасалады. 
        «А»  корпусының  уақытша  бос  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымына 
орналасқан  жағдайда  еңбек  шарты «А»  корпусының  осы лауазымды  атқаратын 
мемлекеттік  əкімшілік  қызметшісінің  уақытша  орнында  болмайтын  кезеңіне 
жасалады. 
       
Ескерту. 12-тармаққа  өзгеріс  енгізілді - ҚР  Президентінің 21.11.2013 
№ 
697
  Жарлығымен  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
13. «А»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілермен  еңбек 
шартын  лауазымға  тағайындауға  жəне  лауазымнан  босатуға  құқығы  бар  тұлға 
(орган) жасасады. 
Егер  Қазақстан  Республикасының  Президенті  өзгеше  белгілемесе, 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  тағайындайтын  «А»  корпусының 
мемлекеттік əкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын Қазақстан Республикасы 
Президенті 
Əкімшілігінің 
Басшысы 
жасасады. 
       Егер  Қазақстан  Республикасының  Премьер-Министрі  өзгеше  белгілемесе, 
Қазақстан 
Республикасының 
Премьер-Министрі 
тағайындайтын 
«А» 
корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілерімен  еңбек  шартын  Қазақстан 
Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы жасасады. 
Еңбек  шартының  мерзімі  аяқталуынан  кемінде  төрт  ай  бұрын  мерзімде 
лауазымға  тағайындауға  жəне  лауазымнан  босатуға  құқығы  бар  адам  (орган) 
мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  уəкілетті  органға  «А»  корпусының 
мемлекеттік  əкімшілік  қызметшісімен  еңбек  шартының  мерзімін  ұзарту,  еңбек 
120

шартын  бұзу  туралы  негізделген  ұсыныс  не  «А»  корпусының  мемлекеттік 
əкімшілік қызметшісін ротациялау туралы ұсыныс енгізеді. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Кадр  саясаты 
жөніндегі  ұлттық  комиссия  (бұдан  əрі – Ұлттық  комиссия) «А»  корпусының 
мемлекеттік  əкімшілік  қызметшісінің  мемлекеттік  қызметті  одан  əрі  өткеруі 
туралы  не  оның  мемлекеттік  қызметті  тоқтатуы  туралы  ұсыным  шығарады. 
Ұлттық  комиссия  көрсетілген  өкілеттіктерді  лауазымға  тағайындауға  жəне 
лауазымнан босатуға құқығы бар адамға (органға) беруге құқылы. 
Еңбек шарты мерзімінің біткеніне дейін тиісті шешім болмаған жағдайда, 
Ұлттық комиссия не Ұлттық комиссия өкілеттігін берген жағдайда – лауазымға 
тағайындауға  жəне  лауазымнан  босатуға  құқығы  бар  тұлға  (орган)  шешім 
қабылдағанға  дейін  «А»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшісі 
атқаратын лауазымында жұмысын жалғастырады. 
Орталық  атқарушы  органдардың  жауапты  хатшыларымен  еңбек 
қатынастарын ұзарту, оларды атқаратын лауазымынан мерзімінен бұрын босату 
туралы  мəселелерді  шешуді  Қазақстан  Республикасының  Президенті  жүзеге 
асырады. 
       
Ескерту. 13-тармаққа  өзгеріс  енгізілді - ҚР  Президентінің 21.11.2013 
№ 
697
  Жарлығымен  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
14.  Азаматтардың  мемлекеттік  қызметке  кіруін  ресімдеу  кезінде 
мемлекеттік  орган  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызмет  жəне 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасы талаптарының сақталуын 
қамтамасыз етеді. 
15.  Əскери  немесе  арнайы  атағы  бар  адамдардың  басқа  мемлекеттiк 
органдардан  iссапармен  бару  тəртібімен  мемлекеттiк  əкiмшiлiк  жəне  саяси 
қызметке  кiруi  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  актiлерiне  сəйкес 
жүзеге асырылады. 
16. Персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) барлық мемлекеттік 
қызметшілерге қызметтік тізім ашады. Қызметтік тізімнің нысанын мемлекеттік 
қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган бекітеді. 
17.  Мемлекеттік  қызметшілерге  мемлекеттік  орган  белгілеген  тəртіппен 
қызметтік куəлік беріледі. 
 
5. Мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға ауысу тəртібімен орналасу 
 
        18.  «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілерін  қызмет 
бойынша  жоғарылату  олардың  бiлiктiлiгi,  қабілетi,  сiңiрген  еңбегi,  қызметтiк 
мiндеттерiн  адал  орындағаны,  сондай-ақ  олардың  соңғы  лауазымындағы 
қызметтерінің нəтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады. 
19. «А»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілеріне  мемлекеттік 
органның  ішінде  жəне  басқа  мемлекеттік  органдардан  ауысу  тəртібімен  «Б» 
корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына орналасуға рұқсат етіледі. 
121

«Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшілерінің «Б» корпусының 
мемлекеттік əкімшілік лауазымына ауысу тəртібімен орналасуы: 
1)  олардың  аумақтық  бөлімшелерін  қоса  алғанда,  мемлекеттік  органның, 
оның ведомствосының ішінде, сондай-ақ олардың арасында; 
2) «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымдарының  А  жəне  В 
санаттарының  топтарына  жатқызылған  лауазымдарға  мемлекеттік  органдарға, 
сондай-ақ  мемлекеттік  органдардан  А  жəне  В  санаттарының  топтарына 
жатқызылған лауазымдардан басқа мемлекеттік органдарға; 
3)  мемлекеттік  органдардан  Қазақстан  Республикасының  шет  елдердегі 
мекемелеріне жəне керісінше; 
4)  басқа  мемлекеттік  органдардан  мемлекеттік  органдар  бірінші 
басшыларының 
көмекшілері 
мен 
кеңесшілері, 
баспасөз 
хатшылары 
лауазымдарына  жүзеге  асырылады.  Олардың  аумақтық  бөлімшелерін  қоса 
алғанда, мемлекеттік органның, оның ведомствосының ішінде аталған адамдарға 
одан əрі ауысуға рұқсат етілмейді. 
20. «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымына ауысу тəртібімен 
орналасу  мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  уəкілетті  органның  немесе  оның 
аумақтық бөлімшелерінің келісімімен жүргізіледі. 
«Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшісі  «Б»  корпусының  дəл 
сондай,  мемлекеттік  органның  сол  құрылымдық  бөлімшесіндегі  басқа 
мемлекеттік лауазымына ауысқан жағдайда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі 
уəкілетті  органның  немесе  оның  аумақтық  бөлімшесінің  келісімі  талап 
етілмейді. 
        Мемлекеттік  қызметшіге  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық 
жасағаны  үшін  əкімшілік  жаза  қолдану  туралы  актінің  орындалуы  аяқталған 
күннен  бастап  бір  жыл  ішінде  немесе  оның  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылық  жасағаны  үшiн  алынбаған  тəртiптiк  жазасы  болған  ретте, «Б» 
корпусының  мемлекеттiк  əкiмшiлiк  лауазымына  ауысу  тəртiбiмен  орналасуға 
жол берiлмейдi. 
21. «Б» корпусының бос мемлекеттiк əкiмшiлiк лауазымы бар мемлекеттiк 
орган мемлекеттiк əкімшілік қызметшiнi ауысу тəртiбiмен тағайындауға келiсiм 
алу  үшiн  мемлекеттiк  қызмет  iстерi  жөнiндегi  уəкiлеттi  органға  немесе  оның 
аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды: 
1)  мемлекеттiк  əкімшілік  қызметшiнiң  тиісті  лауазымға  ауысу  тəртібімен 
орналасуға өтiнiштi; 
2) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куəландырған толтырылған 
қызметтік тiзiмдi табыс етедi. 
22. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уəкiлеттi орган не оның аумақтық 
бөлімшесі табыс етiлген құжаттардың негiзiнде бес жұмыс күнi iшiнде мынадай 
шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: 
1) тағайындауға келiсiм бередi; 
2) келiсiм беруден бас тартады. 
122

23. 
Мемлекеттiк 
əкімшілік 
қызметшiнiң 
қойылатын 
бiлiктілік 
талаптарына, 
Қазақстан 
Республикасының 
мемлекеттік 
қызмет 
туралы заңнамасының  талаптарына  сəйкес  келмеуі,  осы  Ереженің 21-
тармағында  көрсетілген  құжаттарды  табыс  етпеуі  немесе  толық  табыс  етпеуі 
келiсiм беруден бас тарту үшін негiздер болып табылады. 
 
6. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің сынақ мерзімі 
 
        24.  Сынақ  мерзімін  белгілеген  жағдайларда  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметшінің  өзіне  жүктелген  лауазымдық  міндеттерін  тиісінше  атқаруға 
қабілетсіздігі  сынақ  нəтижелерін  қанағаттанғысыз  деп  тану  үшін  негіз  болып 
табылады. 
       Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшінің  лауазымдық  міндеттерін  атқаруға 
қабілетсіздігін  растайтын  барлық  фактілерді,  сондай-ақ  материалдар  мен 
құжаттарды персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жазбаша тіркейді жəне 
жинақтайды, олар сынақ нəтижелері туралы ұсыныста көрсетіледі. 
25.  Сынақ  мерзімін  өткеруші  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілерге 
Қазақстан 
Республикасының 
мемлекеттік 
қызмет 
туралы 
заңнамасы 
қолданылады. 
 
7. Еңбек қатынастарының туындауы жəне еңбек тəртібі 
 
        26.  Мемлекеттік  əкімшілік  қызметші  оның  тағайындалуы  туралы  актіде 
көрсетілген күннен бастап қызметте тұрады деп есептеледі. 
27.  Мемлекеттік  органның  бейінді  қызметіне  сəйкес  келетін  мамандық 
бойынша  білім  ұйымында  оқып  жатқан  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшіге 
мемлекеттік  органның  қызметкерлерін  лауазымдарға  тағайындау  жəне 
лауазымдардан  босату  құқығы  бар  тұлғаның  шешімімен  Қазақстан 
Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес оқу демалысы беріледі. 
28.  Мемлекеттiк  əкiмшiлiк  қызметшiні  мемлекеттiк  тапсырыс  негiзiнде 
қайта  даярлауға  жəне  бiлiктiлiгiн  арттыруға  жiбергенде,  оған  Қазақстан 
Республикасының заңнамасында  көзделген  iссапар  кезiндегi  кепiлдiктер  мен 
өтемақылар қолданылады. 
29.  Мемлекеттік  орган  мемлекеттік  қызметшіні  мемлекеттік  тапсырыс 
шеңберінде  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  бағдарламалары  бойынша  оқуға 
жіберген  жағдайда  оған  жалақысы  сақталмайтын  демалыс  беріледі  жəне  оның 
жұмыс орны (лауазымы) сақталады. 
Оқу  мерзімі  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  тиісті  білім  бағдарламаларында 
белгіленеді. 
       Егер  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  өзгеше  көзделмесе, 
мемлекеттік  қызметші  оқу  бітіргеннен  кейін  кемінде  үш  жыл  мемлекеттік 
қызметте еңбек қызметін атқарады. Бұл ретте, оқу бітіргеннен кейін мемлекеттік 
123

қызметші  кемінде  бір  жыл  тікелей  өзін  оқуға  жіберген  мемлекеттік  органда 
еңбек қызметін атқарады. 
Мемлекеттік қызметте жəне оқуды бітіргеннен кейін мемлекеттік органда 
жұмысын  өтеудің  жағдайы,  сондай-ақ  мемлекеттік  қызметшінің  өзінің 
міндеттемелерін  орындамағаны  үшін  жауапкершілігі  тиісті  оқыту  шартында 
көзделеді. 
       Оқуды  бітіргеннен  кейін  мемлекеттік  органға  қайтуы  сəтіне,  сондай-ақ 
жұмысын  өтеуі  кезеңінде  мемлекеттік  қызметші  зейнеткерлік  жасқа  жеткен 
жағдайда Заңға  сəйкес  оның  мемлекеттік  қызметте  болу  мерзімін  ұзартуға 
рұқсат етіледі. 
30.  Мемлекеттік  тапсырыс  негізінде  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының  Мемлекеттік 
саясат  ұлттық  мектебіне  «Б»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшісін 
оқуға  жіберген  мемлекеттік  орган,  мемлекеттік  əкімшілік  қызметші  оқуды 
бітірген  күнінен  бастап  оны  үш  ай  ішінде  мемлекеттік  органдағы  «Б» 
корпусының  бос  жоғары  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымына  тағайындау 
жөнінде шаралар қабылдайды. 
Осы  тармақтың  бірінші  бөлімінде  аталған  мерзім  ішінде  бос  жоғары 
лауазым  болмаған  жағдайда  мемлекеттік  орган  бір  жыл  ішінде  тағайындау 
бойынша жоғарыда көрсетілген шараларды қабылдайды. 
 Мемлекеттік  қызметші  ұсынылған  лауазымнан  бас  тартқан  жағдайда  ол 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  жанындағы  Мемлекеттік  басқару 
академиясының  Ұлттық  мемлекеттік  саясат  мектебіне  оқуға  жіберілгенге  дейін 
атқарған лауазымында жұмысын жалғастырады. 
31.  Мемлекеттік  қызметшілерді  қайта  даярлаудың  жəне  бiлiктiлiгiн 
арттырудың  мемлекеттік  бағдарламалары  бойынша  мемлекеттiк  тапсырыс 
негiзiнде  оқу  бітірген  адамдардың  мемлекеттік  қызмет  өткеруіне  мониторинг 
жүргізуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган жүзеге асырады. 
32.  Мемлекеттік  қызметші  тағылымдамаға  жіберілген  жағдайда  оның 
жұмыс орны (лауазымы) жəне жалақысы сақталады. 
33.  Қазақстан  Республикасының заңнамасына  сəйкес  мемлекеттік 
қызметшілерді мерзімді əскери қызметке шақырған жағдайда, оларға жалақысы 
сақталмайтын  демалыс  беріледі  жəне  олардың  жұмыс  орны  (лауазым) 
сақталады. 
 
Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет