Мемлекеттік қызмет туралы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/36
Дата21.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

 
Мемлекеттік қызмет туралы 
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 Заңы 
 
МАЗМҰНЫ 
 
1-тарау. Жалпы ережелер 
 
1-бап. Негізгі ұғымдар 
 
        Осы 
Заңда 
мынадай 
негізгі 
ұғымдар 
пайдаланылады: 
        1)  «А»  корпусы – Қазақстан  Республикасының  Президенті айқындайтын 
кадр  резервіне  іріктеудің,  конкурстық  іріктеудің,  мемлекеттік  қызметті  өткеру 
мен  оны  тоқтатудың  ерекше  тəртібі,  сондай-ақ арнайы  біліктілік  талаптары 
көзделген  басқарушылық  деңгейдегі  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымдар; 
        2)  ауысу – мемлекеттік  қызметшіні  атқарып  жүрген  қызметінен  бір 
мезгілде 
босата 
отырып, 
Қазақстан 
Республикасының заңнамасында 
белгіленген  тəртіппен  оны  бос  не  уақытша  бос  мемлекеттік  əкімшілік 
лауазымға тағайындау рəсімі; 
        3)  «Б»  корпусы – «А»  корпусына  енгізілмеген  мемлекеттік  əкімшілік 
лауазымдар; 
        4)  бiлiктiлiк  талаптары – мемлекеттiк  əкiмшiлiк  лауазымға  орналасуға 
үмiткер азаматтарға олардың кəсiптiк даярлық деңгейiн, біліктілігін жəне нақты 
мемлекеттiк əкiмшiлiк лауазымға  сай  келуiн  айқындау мақсатында қойылатын 
талаптар; 
        5)  лауазымды  адам – билiк  өкiлiнiң  функцияларын  тұрақты,  уақытша 
немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда 
ұйымдастырушылық-өкiмдік  немесе  əкiмшiлiк-шаруашылық  функцияларды 
орындайтын адам; 
        6)  лауазымдық  өкiлеттiктер – мемлекеттiк  қызметшiлер  өз  қызметiн 
жүзеге  асыратын  мемлекеттiк  органдардың  алдында  тұрған  мақсаттар  мен 
мiндеттерге  сай  келетін  нақты  мемлекеттiк  лауазыммен  көзделген  құқықтар 
мен мiндеттер; 
        7)  мансаптық  жоспарлау – «А»  корпусының  мемлекеттік  əкімшілік 
қызметшісінің  лауазымдық  ауыстырылуы  жəне  кəсіби  дамуы  кезеңдерін 
айқындауға бағдарланған процесс; 
        8)  мемлекеттiк  əкiмшiлiк  қызметшi – Қазақстан  Республикасының 
заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген 
жағдайларды қоспағанда, өз қызметін тұрақты кəсіби негізде жүзеге асыратын 
мемлекеттiк қызметшi; 
        9)  мемлекеттiк  əкiмшiлiк  лауазым санаты – тиісті біліктілік   талаптары 
бар мемлекеттік əкiмшiлiк лауазымдар жиынтығы; 
        10)  мемлекеттiк  қызмет – мемлекеттiк  билiктiң  мiндеттерi  мен 
функцияларын  iске  асыруға  бағытталған  лауазымдық  өкiлеттiктерді  атқару 
жөнiндегi  мемлекеттiк  қызметшiлердiң  мемлекеттiк  органдардағы  қызметi; 
1

        11)  мемлекеттік  қызметтің  кадр  резерві – бос  мемлекеттік  лауазымдарға 
орналасуға  үміткер  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген 
тəртіппен 
қалыптастырылған 
жүйеленген тізімі; 
        12)  мемлекеттiк  қызметшi – мемлекеттiк  органда  Қазақстан 
Республикасының заңнамасында  белгiленген  тəртiппен  республикалық  немесе 
жергiлiктi  бюджеттерден  не  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкiнiң 
қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын жəне мемлекеттiң мiндеттерi 
мен  функцияларын  iске  асыру  мақсатында  лауазымдық  өкiлеттiктерді  жүзеге 
асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; 
        13)  мемлекеттік  қызметшілердің қызмет  этикасы – мемлекеттік 
қызметшілердің  осы  Заңда,  мемлекеттік  органдардың  актілерінде  белгiленген 
жəне жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларға негізделген мінез-
құлық қағидалары; 
        14) мемлекеттiк лауазым – мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық 
актiлерде  белгiленген  лауазымдық  өкiлеттiктер  жəне  лауазымдық  мiндеттер 
аясы жүктелген құрылымдық бiрлiгi; 
        15) мемлекеттiк  саяси  қызметшi – тағайындалуы  (сайлануы),  босатылуы 
жəне  қызметi  саяси-айқындаушы  сипатта  болатын  жəне  саяси  мақсаттар  мен 
мiндеттердi iске  асыру  үшiн  жауапты  болатын  мемлекеттiк  қызметшi; 
        16)  мүдделер  қақтығысы – мемлекеттік  қызметшінің  жеке  басының 
мүдделері  өзінің  лауазымдық  өкілеттіктерін  тиісінше  атқармауына  əкеп  соғуы 
мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен 
оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық; 
        17)  ротация – осы  Заңға  сəйкес  мансаптық  жоспарлау  шеңберінде  «А» 
корпусының  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілерін  олардың  келісімімен 
лауазымдық ауыстырулар; 
        18)  тағылымдама – мемлекеттік  қызметшілердің,  сондай-ақ  мемлекеттік 
əкімшілік  қызметтің  кадр  резервіне  алынған  адамдардың  мемлекеттік 
органдардың  жолдамасы  бойынша  тұрақты  жұмыс  орнынан  тыс  жерде  кəсіби 
білім алуы мен тəжірибе жинақтауы; 
        19)  тəлімгер – мемлекеттік  қызметке  алғаш  рет  қабылданған 
адамға бекітілген,  оның  кəсіби  даярлығына  практикалық  көмек  көрсететін 
мемлекеттік қызметші; 
        20)  уақытша  бос  мемлекеттік  лауазым – аталған  лауазымды  атқаратын 
мемлекеттік  қызметшінің  əлеуметтік  демалыста  болуына,  сондай-ақ  ауыруы 
салдарынан,  егер  ауру  Қазақстан  Республикасының  еңбек заңнамасына  сəйкес 
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  екі  айдан  астам  еңбекке  уақытша 
жарамсыздық мерзімін белгілеуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесіне енген болса, 
оның  жұмыс  орнында  болмауына  байланысты  уақытша  бос  мемлекеттік 
лауазым. 
        Ескерту. 1-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 14.12.2012 № 59-V Заңымен 
(алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі);  өзгерістер  енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 101-V (алғашқы  ресми 
2

жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізiледi) 
Заңымен. 
 
2-бап. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдар 
 
        Мемлекеттiк  қызмет  туралы  заңдар Конституциядан,  осы  Заңнан, 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.  
 
3-бап. Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi 
 
1.
 
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет: 
1) заңдылық; 
2) қазақстандық патриотизм; 
3)  мемлекеттiк  өкiметтiң  заң  шығарушылық,  атқарушылық  жəне  сот 
тармақтарына  бөлiнуiне  қарамастан,  мемлекеттiк  қызмет  жүйесiнiң 
бiртұтастығы; 
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының жəне заңды мүдделерiнiң 
мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы; 
5)  жалпы  қол  жетiмдiлiк,  яғни  Республика  азаматтарының  мемлекеттiк 
қызметке  қол  жеткiзуге  жəне  өз  қабiлеттерi  мен  кəсіби  даярлығына  сəйкес 
мемлекеттiк 
қызмет 
бойынша 
жоғарылатылуға 
тең 
құқығы; 
    
6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi; 
7)  мемлекеттiк  қызметшiлердiң  кəсiбилiгi  мен  жоғары  бiліктiлiгi; 
    
8)  мəнi  бiрдей  жұмыстарды  орындағаны  үшiн  еңбекке  ақыны  тең  төлеу; 
     
9)  жоғары  тұрған  мемлекеттiк  органдар  мен  лауазымды  адамдар  өз 
өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк 
қызметшiлер  мен  төменгi  мемлекеттiк  органдардың  қызметшілерi  үшiн 
мiндеттiлiгi; 
    
10)  мемлекеттiк  қызметшiлердiң  бақылауда  болуы  жəне  есептiлiгi; 
       11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып 
есептелетiн  қызметтi  қоспағанда,  қоғамдық  пiкiр  мен  жариялылықты  ескеру; 
       12)  мемлекеттiк  қызметшiлердiң  құқықтық  жəне  əлеуметтiк  қорғалуы; 
       13)  мемлекеттiк  қызметшiлердi  қызметтiк  мiндеттерiн  адал,  ынталы 
атқарғаны,  ерекше  маңызды  жəне  күрделi  тапсырмаларды  орындағаны 
үшiн көтермелеу; 
       14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не 
тиiсiнше  орындамағаны  жəне  өздерiнiң  өкiлеттiгiн  асыра  пайдаланғаны  үшiн 
жеке жауаптылығы; 
15)  мемлекеттiк  қызметшілердiң бiлiктiлiгiн  арттыруды  үздiксiз  жүргiзу 
принциптерiне негiзделедi. 
 2.  Мемлекеттiк  органдарда  саяси  партиялардың  ұйымдарын  құруға  жол 
берiлмейдi.  Мемлекеттiк  қызметшiлер  лауазымдық  мiндеттерiн  атқарған  кезде 
заңдардың талаптарын басшылыққа алады жəне саяси партиялардың, қоғамдық 
бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.  
 
3

4-бап. Осы Заңның қолданылуы 
 
        1.  Осы  Заң  барлық  мемлекеттiк  қызметшiлерге  қолданылады,  бұған 
Қазақстан  Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында 
немесе өзге де заң актiлерiнде олар үшiн өзгедей құқықтық мəртебе белгiленген 
жағдайлар қосылмайды. 
       1-1.  Осы  Заңның  күші  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  жəне 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  актілерінде  реттелмеген  бөлігінде 
Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес  жергілікті  өкілді  органдар 
тағайындайтын  немесе  сайланатын  мемлекеттiк  əкімшілік  қызметшiлерге 
қолданылады. 
       2.Мыналар: 
       1)  техникалық  қызмет  көрсетудi  жүзеге  асыратын  жəне  мемлекеттiк 
органдардың  жұмыс  iстеуiн  қамтамасыз  ететiн  адамдар  мемлекеттiк 
қызметшiлерге 
жатпайды. 
Мұндай 
адамдардың 
тiзбесiн 
Қазақстан 
Республикасының Үкiметi белгiлейдi; 
        2) 
Қазақстан 
Республикасы 
Ұлттық 
Банкінің 
жəне 
оның 
ведомстволарының қызметшілері  мен техникалық  қызметшілері  мемлекеттiк 
қызметшiлерге жатпайды. 
        Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми 
жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі), 
13.06.2013№ 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен. 
 
5-бап. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уəкiлеттi  
             орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi 
 
        1.  Мемлекеттiк  қызмет  iстерi  жөнiндегi уəкiлеттi  орган  (бұдан  əрi - 
уəкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты 
жəне  есеп  беретiн,  мемлекеттiк  қызмет  саласында  бiрыңғай  мемлекеттiк 
саясатты  iске  асыруды  жүзеге  асыратын  мемлекеттiк  орган,  оған  мыналар: 
         1)  алып  тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен  (алғашқы  ресми 
жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі); 
        2) мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны 
жетiлдiру  жөнiнде  ұсыныстар  əзiрлеу,  сондай-ақ  өз  құзыретi  шегiнде заңдарда 
белгiленген 
тəртiппен 
нормативтiк 
құқықтық 
актiлер 
қабылдау; 
        3)  мемлекеттiк  əкiмшiлiк  лауазымдар  санаттарына үлгiлiк  бiлiктiлiк 
талаптарын əзiрлеу жəне бекiту; 
        4)  мемлекеттiк  қызмет  персоналы  жөнiндегi  республикалық  дерекқорды, 
оның  ішінде  автоматтандырылған  бірыңғай  дерекқорды  (ақпараттық  жүйені) 
қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттік қызметтің кадр құрамы жай-күйінің 
жəне мемлекеттік лауазымдардың мониторингін жүргізу; 
    
4-1)  мемлекеттiк  əкiмшілiк  қызметтің  кадр  резервін  қалыптастыру; 
        4-2) 
мемлекеттік 
қызметшілерді 
жəне 
мемлекеттік 
əкімшілік 
4

лауазымдарға  орналасуға  кандидаттарды  тестілеу тəртібін, бағдарламаларын 
айқындау, сондай-ақ тестілеуді ұйымдастыру; 
         5)  алынып  тасталды - ҚР 13.01.2014  № 159-V Заңымен  (алғашқы  ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
        6) осы Заңға сəйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін, 
сондай-ақ  актілерді  əзірлеу  жəне  Қазақстан  Республикасының  Президентіне 
бекітуге ұсыну; 
        7)  мемлекеттiк  органдардың  мемлекеттiк  қызметшiлер  даярлау, қайта 
даярлау  жəне  бiлiктiлiгiн  арттыру,  оның  iшiнде шетелдерде  де,  мəселелерi 
жөнiндегi қызметiн үйлестiру; 
        8)  мемлекеттiк  қызметшiлердi  даярлау,  қайта  даярлау  жəне  олардың 
бiлiктiлiгiн  арттыру  бойынша  мемлекеттiк  тапсырысты  қалыптастыру  мен 
орналастыруды үйлестiру; 
        8-1)  мемлекеттік  əкiмшiлiк  қызметшiлерден  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылық  жасағаны  үшiн  берiлген  тəртiптік  жазаны  мерзiмінен  бұрын  алып 
тастауға келiсiм беру; 
        9)  мемлекеттiк  органдардың  мемлекеттiк  қызмет  саласындағы  заңдарды 
сақтауын бақылауды жүзеге асыру; 
        9-1)  мемлекеттік  қызметшілердің  қызмет  этикасын  сақтауын  бақылауды 
жүзеге асыру; 
        10)  мемлекеттiк  əкiмшiлiк  лауазымды  атқаруға  арналған  конкурстарды 
өткiзу тəртiбiн белгiлеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн бақылауды 
жүзеге асыру; 
        10-1) кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі бөлігінде 
мемлекеттік əкімшілік лауазымға тағайындауға келісу; 
        10-2)  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшінің  лауазымдық  нұсқаулығын 
əзірлеу мен бекіту тəртібін айқындау; 
        10-3)  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Əкімшілігімен  келісе 
отырып, мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) 
туралы үлгілік ережені бекіту; 
        11)  мемлекеттiк  органдардың  осы  Заңды  жəне  өзге  де  нормативтiк 
құқықтық актiлердi бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы 
ұсыныстар енгiзу; 
        12)  мемлекеттiк  қызметшiлердiң  мемлекеттiк  қызмет  туралы  заңдардың 
қолданылу  мəселелерi  бойынша  мемлекеттiк  органдардың  немесе  лауазымды 
адамдардың  iс-əрекетi  мен  шешiмiне  жасалған  шағымдарын  қарау; 
         13)  алынып  тасталды - ҚР 13.01.2014  N  159-V  Заңымен  (алғашқы  ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
        14)  мемлекеттiк  қызмет  мəселелерi  жөнiндегi  халықаралық  шарттардың 
жобаларын дайындауға қатысу; 
        14-1)  мемлекеттiк  органдар  көрсететiн  қызметтердiң  сапасын  арттыру 
жөнiнде ұсыныстар əзiрлеу; 
        15)  осы  Заңда,  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  заңдарында  жəне 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  актілерінде  көзделген  өзге  де 
функцияларды жүзеге асыру жүктеледi. 
5

        2.  Мемлекеттiк  қызмет  iстерi  жөнiндегi  органдардың  бiрыңғай  жүйесін 
уəкiлеттi  орган  мен  оған  бағынысты аумақтық  бөлiмшелер  құрады. 
        Аумақтық  бөлiмшелер  өз  қызметiн уəкiлеттi  орган  белгiлеген  құзырет 
шегiнде жүзеге асырады. 
        2-1. Уəкiлеттi  органның  облыстарда,  республикалық  маңызы  бар  қалада, 
астанада  тəртiптiк  кеңестерi  болады,  олар  туралы ереженi  уəкiлеттi  органның 
ұсынуы 
бойынша 
Қазақстан 
Республикасының 
Президентi бекiтедi. 
         3.  Уəкiлеттi  орган  мен  оның  аумақтық  бөлiмшелерiнiң  шешiмдерi 
бұйрықтар нысанында ресiмделедi. 
        Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08. N 
75 (2-1-тармақтың  күші 2005 жылғы 1 шілдеден бастап  қолданысқа енгізіледі; 
қолданысқа енгізілу тəртібін 2-баптан қараңыз); 2011.07.05 N 452-IV (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін); 14.12.2012 N 59-V 
(алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін 
күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V 
(алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң 
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 
6-бап. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) 
 
        1. Персоналды  басқару  қызметі  (кадр  қызметі)  өз  құзыреті  шегінде: 
        1)  мемлекеттік  органның  құрылымдық  бөлімшелерінің  Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы жөніндегі 
қызметін үйлестіреді; 
        2) тəртіптік, аттестаттау, конкурстық жəне кадр мəселелері жөніндегі өзге 
де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады; 
        3)  аттестаттауды  жəне  конкурстық  іріктеуді  жүргізу,  мемлекеттік 
қызметшілерді  қызмет  бойынша  жоғарылату,  мемлекеттік  қызметшілерді 
тəртіптік  жауаптылыққа  тарту,  мемлекеттік  қызметшілерді  қызметінен  босату 
рəсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; 
        4)  кадрларды  іріктеуді  ұйымдастырады,  мемлекеттік  қызметшілердің 
мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді; 
        5)  мемлекеттік  қызметте  болуына  байланысты  шектеулердің  сақталуын 
қамтамасыз етеді; 
        6) мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тəлімгерлігін, қызметін 
бағалауды,  оқуын,  қайта  даярлығын  (қайта  мамандануын)  жəне  біліктілігін 
арттыруды  ұйымдастырады,  мемлекеттік  қызметшілерді  көтермелеу  түрлерін 
жəне оларды қолдану тəртібін əзірлейді; 
        7)  мемлекеттік  қызметшілердің  дербес  деректерін,  бағалау,  аттестаттау 
жəне  оқудан  өту  нəтижелері  туралы  мəліметтерді  есепке  алуды  жүзеге 
асырады; 
        8)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
6

        2.  Персоналды  басқару  қызметі  (кадр  қызметі)  мемлекеттік  органның 
басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болады, жауапты 
хатшыға немесе аппарат басшысына, ал жауапты хатшы жəне аппарат басшысы 
лауазымы  енгізілмеген  мемлекеттік  органдарда  мемлекеттік  органның 
басшысына тікелей бағынады. 
        3.  Облыстарда,  республикалық  маңызы  бар  қалаларда,  астанада, 
аудандарда,  қалаларда  тиісті  əкімшілік-аумақтық  бірліктердің  бюджеттерінен 
қаржыландырылатын  атқарушы  органдар  үшін  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасына  сəйкес  персоналды  басқарудың  бірыңғай  қызметін  (кадр 
қызметін) құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын 
облыстық,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  аудандық, 
қалалық  атқарушы  органдардың  персоналды  басқарудың  бірыңғай  қызметі 
(кадр  қызметі)  осы  атқарушы  органдардың  басшыларын  тағайындауға  құқығы 
бар адамның шешімімен құрылады. 
       Орталық  мемлекеттік  органның  жəне  оның  ведомствосының  аудандық, 
қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның жəне оның 
ведомствосының  өңіраралық  немесе  облыстық  аумақтық  бөлімшесінде 
персоналды  басқарудың  бірыңғай  қызметін  (кадр  қызметін)  құруға  жол 
беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің персоналды басқарудың 
бірыңғай  қызметі  (кадр  қызметі)  орталық  мемлекеттік  органның  жəне  оның 
ведомствосының  өңіраралық  немесе  облыстық  аумақтық  бөлімшесі 
басшысының  шешімімен  немесе  жоғары  тұрған  органның  шешімімен 
құрылады. 
        Ескерту. 6-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен 
(алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі). 
 
2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы 
 
РҚАО-ның ескертпесі! 
7-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.12.14 N 59-V (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 
7-бап. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарын сыныптау 
 
        1.  Мемлекеттiк  қызметшiлер  лауазымдарының  құрамына  мемлекеттiк 
қызметшiлердiң 
саяси 
жəне 
əкiмшiлiк 
лауазымдары 
кіредi. 
          2.  Мемлекеттік  қызметшілер  лауазымдарының  тізілімін  уəкілетті 
органның  ұсынуы  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Президенті бекітеді. 
        Мемлекеттік 
əкімшілік 
қызметшілер 
үшін 
лауазымдар 
санаттары белгіленеді.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілер  үшін  лауазымдар 
санаттары белгіленбейді. 
        Ескерту. 7-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 14.12.2012 № 59-V Заңымен 
(алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі). 
7

8-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары 
 
       Мемлекеттiк қызметшiнiң: 
       1) 
Республиканың 
азаматтарына 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясымен  жəне  заңдарымен  кепiлдiк  берiлетiн 
құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 
        2)  өз  өкiлеттiгi  шегiнде  мəселелердi  қарауға  жəне  олар  бойынша 
шешiмдер  қабылдауға  қатысуға,  тиiстi  органдар  мен  лауазымды  адамдардың 
оларды орындауын талап етуге; 
        3)  белгiленген тəртiппен  лауазымдық  мiндеттердi  орындау  үшiн  қажеттi 
ақпарат пен материалдар алуға; 
        4)  лауазымдық  мiндеттердi  атқару  үшiн  белгiленген  тəртiппен  меншiк 
нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға; 
        5)  басшыдан  мемлекеттiк  қызметшiнiң  атқаратын  лауазымына  сəйкес 
қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дəл белгiлеудi талап етуге; 
        6)  жеке  басының  қадiр-қасиетiнiң  құрметтелуiне,  басшылар,  өзге  де 
лауазымды  адамдар  жəне  азаматтар  тарапынан  өзiне  əдiл  жəне  құрметпен 
көзқарас жасалуына; 
        7)  өзi  атқаратын  лауазымға  жұмыс  сапасына,  тəжiрибесiне  жəне  осы 
Заңда  белгiленген  өзге  де  негiздерге  қарай  ынталандырылуына  жəне  еңбегiне 
ақы төленуiне; 
        8) 
тиiстi 
бюджет 
қаражаты 
есебiнен қайта даярлануға 
(қайта 
мамандануға) жəне бiлiктiлiгiн арттыруға; 
        8-1)  мемлекеттік  орган  оны  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 
сəйкес  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  бағдарламалары  бойынша 
мемлекеттік  тапсырыс  шеңберінде  оқуға  немесе  тағылымдамаға  жіберген 
жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына; 
        9)  өзiнiң  мемлекеттiк  қызмет  өткеруiне  қатысты  материалдармен 
кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге; 
        10) бiлiктiлiгi, қабілетi, сiңiрген еңбегi жəне өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн 
адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға; 
        11)  қызметшiнiң  пiкiрiнше  негiзсiз  айып  тағылған  жағдайда қызметтiк 
тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; 
        11-1)  өзіне  мəлім  болған  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтың 
анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының 
назарына  немесе  құқық  қорғау  органдарына  жеткізген  жағдайда  Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сəйкес құқықтық жəне өзге де қорғалуға; 
       12)  еңбегiнiң  қорғалуына,  денсаулығының  сақталуына,  қауiпсiз  жəне 
жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына; 
       13) əлеуметтiк жəне құқықтық қорғалуға; 
       14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға; 
       15) зейнетақымен жəне əлеуметтiк қамсыздандырылуға; 
       16)  жоғары  тұрған  мемлекеттiк  органдар  мен  лауазымды  адамдарға 
мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар. 
8

        Ескерту. 8-бапқа  өзгеріс  енгізілді - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен 
(алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі). 
 

Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет