Мектепке дейін білім беру сапасы және оны өзгертудің негізгі тенденциялары



жүктеу 18.31 Kb.
Дата21.06.2022
өлшемі18.31 Kb.
#20655
тенденциялар

Мектепке дейін білім беру сапасы және оны өзгертудің негізгі тенденциялары
Мектепке дейін білім беру мекемелері қазір өзіндік білім беру траекториясын таңдау, негіздеу және дамыту жолын жүзеге асыруда. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелерді дамыту бағдарламалары, мамандардың өздерінің бағдарламалары, балалар бақшаларының балалармен және ата-анамен жұмыста жаңа бағыттардың пайда болуы, мектепке дейінгі мекемеде тәжірибе эксперименттік жұмыстар жүргізу және т.б. Мектепке дейінгі мекемеде өз бет-бейнесін көрсететіндей мағыналы бағдар мен нақтылы білім беру түрлерін іздестіру тенденциясы байқалды, мектеп жасына дейінгі балалар үшін бейімдеу, тәрбиелеу, оқыту, дамыту, жөнге салу және басқа да міндеттерді орындайтын жеке білім беру мекемелері, қысқа мерзімді жұмыс істейтін топтар ашылды.
Бірақ Н. Н. Кудрявцев атап көрсеткеніндей, мектепке дейін білім берудің мазмұны мен түрлерін өзгертуге жағымды тенденциялардың бірқатар проблемасы болды:

  • мектепке дейінгі мекеменің білім беру мазмұнын, түрлерін және әдістерін жаңартуда өз бетімен ізденісі көбінесе бағдарламаларды ретсіз қалай болса солай іздеуге әкеп соқты немесе өз бағдарламаларын жасауға тырысты. Бұл жағдайда педагогтар олардың сапасын анықтауға қабілетсіз;

  • білім беру мазмұнын өзгерту меңгерілуге тиіс білімнің көлемінің ұлғаюына, негізсіз стандарттың талаптарын кеңейтуге немесе тарылтуға (астрология, мектепке дейінгі мекемеде йога) алып келді;

  • ойлау жүктемесінің көбеюі және қозғалыс белсенділігінің төмендеуі;

  • мектептің мектеп жасына дейінгі жастағы балаларға талабының күшеюіне байланысты интеллектуалдық дамытудың көркем өнер, дене, адамгершілік, эстетикалық жақтарына қарағанда приоритет алуы;

  • білім мазмұнын меңгеру тәсілдерін таңдағанда үлгілерді, дайын рецептерді шамадан тыс пайдалану;

  • мектепке дейін білім беру мазмұнының маңызды элементтерінің бірі ретінде шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға жеткіліксіз назар аударылуы.
    Мұндай проблемаларды көптеп табуға болады. Олардың болуы мектепке дейінгі мекеме мамандарының уақыт талабына сай болуға, басқалармен бәсекеге түсуге, кәсіби шығармашылық қабілетін көрсетуге ұмтылысы мен мектепке дейін білім беру мазмұнын ойланбай іріктеу салдарынан білім беру сапасының төмендеуінің арасында қайшылық тудырады. Бұл қайшылықтарды ғылым мен практикада шешуге талпыныс мектепке дейінгі білім беруді дамытудың қозғаушы күші болады.

  • Мектепке дейін білім беру мазмұнын жаңартумен, ең алдымен, оның сапасын көтеру байланысты. Соның өзінде, Л. А. Парамонованың пікірінше, бұл жаңа әдістерді пайдалану және дәстүрлілерін қайта құру. Білім мазмұнын анықтау балалардың толыққанды дамуы үшін қажетті және жеткілікті стандартты жасаумен байланысты. Маңыздысы балалардың білімін ары қарай дамыту үшін олардың тең бастауын қамтамасыз ету керек.

жүктеу 18.31 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет