Мектеп тынысы



жүктеу 360 Kb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата28.03.2017
өлшемі360 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
5822

Nazarbayev Intellectual school of Physics and Mathematics in Semey
 
2014-2015
МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
ЖИЗНЬ ШКОЛЫ
SCHOOL LIFE

Алтыншы мəрте соғылған қоңырау
   Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғашқы қоңырау 
соғылды. Əдеттегідей  қалыптасқан дəстүр бойынша жаңа оқу жылы күміс 
қоңыраудың сыңғырлы үнімен бастау алды. Биылғы қоңырау  мектебіміздің 
ашылуына 5 жыл толуымен сəйке с келіп отыр. 5 жыл ішінде болашақ 
жастарымызды  сапалы біліммен кемелдендіріп,  əр оқушының бойында зияткер 
тұлға қалыптастыру жолында жемісті де жеңісті жетістіктерге қол жеткіздік. Атап 
айтқанда,  о сы жылдарда  "Семей қаласындағы физика-математикалық 
бағыттағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің" 82 жуық  түлегі    Назарбаев 
Университетінің студенттері қатарына қосылды. Бұл  санаулы  5 жыл ішіндегі  
жоғарғы  көрсеткіш.Сондай-ақ, шамамен 240 жуық  оқушы Испания, Италия, 
Греция,Франция, Швецария, Ресей,Турция мемлекеттерінде өткен əр түрлі 
деңгейдегі  халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанды.Қазіргі таңда 
мектебімізден түлеп ұшқан 10 нан астам оқушы шетелдің  белді ЖОО да білім 
алуда.
     Бүгінде о сындай шəкірттер тəрбиелеп,  əр оқушыдан  зияткер тұлға 
қалыптастыру жолында, сапалы білім мен саналы ой беруде аянбай еңбек етіп 
жүрген ұстаздардың еңбегі  ерен. Міне, биылғы  2013-2014 жаңа оқу жылында 
жаңа белестерді бағындыру  мақсатында  зияткерлік мектебіміз салтанатты түрде  
өз есігін 6-шы мəрте айқара ашты.
   
Қыркүйек 2014-2015

Мереке аясында «Қазақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты 
білім жəне Конституция күндеріне орайластырылған «Мəңгілік  Ел-қазақстандық 
патриотизм негізі» атты  патриоттық форумы өтті.
     Патриоттық форум  барысында  5-12 сынып оқушылары арасында  арнайы 
лездеме өтіп, сондай-ақ, шаңырақ сағаттарында  оқушылар өздерінің  дайындаған 
арнайы презентацияларымен таныстырып, топтық жұмыс барысында түрлі 
жобалар қорғалды.Сондай-ақ, жазғы экспедиция бойынша дайындалған бейне 
роликтер көрсетіліп, сурет жəне бейнелеу көрмесінде  оқушылар өз қолдарымен 
жасаған туындыларын  қонақтар назарына ұсынды.Мереке барысы көңілді 
флэшмобпен жалғасын тауып, əріде оқушылар арасында  түрлі тақырыптағы  
қызықты пікір алмасу өтті.
Жалпы, Семей қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа оқу жылына толықтай 
дайын.Алда жаңа белестер мен асулар.
Барша ұстаздар мен оқушылар қауымын жаңа оқу жылымен шын жүректен 
құттықтап, толғай табыстар тілейміз!
 
Баспасөз орталығы.
Nazarbayev Intellectual school of Physics and Mathematics in Semey
Қыркүйек 2014-2015

Менің Кореяда өткен  ұмытылмас демалысым
       Кезінде əлемнің кедей елдерінің бірі саналатын Оңтүстік Корея қазіргі 
заманда экономикасы мен технологиясы қарқынды дамыған  мемлекеттердің 
қатарында.  Əр туристің арманы саналатын Сеулге 2014 жылдың 14-23 тамыз 
аралығында  Назарбаев Зияткерлік мектебінің 18 оқушысы барып қайттық. Туған 
қаламыз Семейден Алматыға жеткеннен соң, бізді «Диалог» аудармашылар одағы 
қарсы алды.  Елшілікке апарып, тəртіп жайлы түсіндірді. Біз «Dostyk plaza» атты 
ойын-сауық орталығында серуендеп, қуанышты көңіл күймен көптен күткен Сеул 
қаласына аттандық. 
       Əуежайдан түскенде ең алғашқы байқағаным тəртіпке бағынған, қонақжай 
жəне таза ел. Сеул -қаржылық, саяси, тарихи жəне мəдени қала. Менің ерекше 
есімде қалғаны  «Нанта» шоуы. Ыдыс-аяқтарды музыкалық аспап ретінде 
пайдаланып, бізге комедиялық шоу көрсетті. «Нанта»  қаланың мəдениетін 
көрсетсе, Кенбоккун  ғибадатханасы - ЮНЕСКО қатарына ілінген буддалық 
кереметтің бірі жəне Кореяның Чосон дəуірінен қалған тарихи мекен.
       Ал, корей тағамы өзгеше,тым  ащы немесе  
тəтті  болғанымен де,«Кимчи» тағамы маған 
қатты ұнады. Бір қызығы «Ас ат асы – нан»  
с а н а л ат ы н  т а ғ а м д ы  же м е й д і  е ке н .  Ке й б і р 
оқушыларға шошқаның етінен жасалған дəмсіз 
тағамдар  ұнамады. Корея халқында "Жан жəне 
дене біртұтас, ал ас - басты дəрі " деген ұғым бар. 
Олардың ойынша, ас тек аш қарынды тойдырып, 
кеткен энергияны қалпына келтіру үшін ғана 
емес, бүкіл ауруға қарсы тұра алатын құрал болып 
табылады. Корея мəдениетінде "инь-ян" жəне бес элемент қағидасы бар. Осы 
қағида бойынша , адамның денсаулығының рационында осы 5 элементтің 
болуымен тікелей байланысты. Сол себепті, үстелге 5 (ақ, қара, қызыл, жасыл 
жəне сары) түсті тағамдар қойылады. Тағамдарының көбі ащы немесе тəтті 
болады. Асханада тамақтанған кезде , берілген тамақтың түгелін тауысып жеу - 
аспазшыға деген құрмет пен алғысты білдіреді. Сондықтан тамақты жемей, 
қалдырып кетуге болмайды, бұл үлкен күнə болып саналады.
      
Қыркүйек 2014-2015

 
Кəрістердің ерекше сұлу əрі тартымды болып жүру  себебі: ол-опа-
далаптар.Қызы да  ,ұлы да пайданалатын заттың ең танымал дүкені - «Odbo» 
дүкені. Мен анама арнап женьшень маскасын, тырнақ бояуға арналған лак  сатып 
алдым. Женьшеньді  басқа мемлекеттерге экспорттамайды, себебі оның емдік 
қасиетті  бар.Адамның жүйке- жүйесін тыныштандырып, ерекше əсер береді 
екен.
     Біз екі күндей дем алсақ та, төрт сағаттық «Lotto World» саябағы  таңғажайып 
ертегідей əсер берді. Мен  «Horror room»  бөлмесінде болдым. Үш корей қызы мен 
бір корей ұлы жəне мен бесеуміз кірдіік.  Бөлмеге кіре салысымен, корей балалары 
шыңғыра бастады, ал мен қорқынышты ерекше ештеңе көрмей жүре бердім. 
Біраздан кейін корей жігіті менің батылдығыма таңданып, қымсынғандай болды. 
Мен қазақтың қызы екенімді мақтанышпен айтқанымда , корей балалары 
батылдығыма ризашылықтарын білдірді, менімен таныса бастады.
     Менің достарыма «American hill» жəне түрлі балмұздақтар ұнады.Əрбір 
баланың арманы болатын  «Lotto World» біздің естен кетпес орындалған 
арманымызға айналды. Менің ойымша,өзін ғажайып ертегідей сезінуге əр бала 
лайық , сол себепті «Lotto World» , « Disneyland» сияқты саябақтар біздің елімізде 
де болса екен.
 
Содан кейін біз «Янпенг» деп аталатын ағылшын ауылында болдық. 
Табиғатына көз тоймайтын биік таулардың етегінде қарағай , түрлі ағаштар өсіп 
тұр, дəл біздің Бурабай сияқты.Ауасы дымқыл, күнделікті жаңбыр жауғанымен, 
күн жылы, қыс  мезгілінде ең төменгі температура -10 C болады.
Ауылдағы т ағам  бізге т аныс болды, с ебебі арнайы орыс аспазшысын 
шақыртты.Күнделікті тəртібіміз  таңғы жетіден басталады .Содан кейін  тоғыздан 
бастап төртке дейін ағылшын тілінен курстар немесе «Active English» болды. 
Əлемнің əр жерінен келген шетелдік мұғалімдер  брелок, шарлармен түрлі фигура 
жасау, компьютермен жұмыс жəне хорндог жасауды үйретті.Ең қызықты сəт 
сабақтан кейін басталды, олар бассейнге түсу, серуендеу немесе спорттық 
ойындар ойнау. Жаңбырдың жауғанына қарамастан, бассейнге түсуге деген 
қызығушылығымыз арта түсті.Сонымен қатар бүкіл əлемге танымал «Жігіттер 
сарбаздары» фильмін түсірген жерде болып, олардың  пайдаланған заттарымен 
жақын таныстық.
     
      
Қыркүйек 2014-2015

 
Кешкі астан соң, тəрбиешіміз Кристинамен  кешкі  рефлексия болды.Менің  
күні бойы шаршағаным осы жерде  басылды. Би билеп, маска бояп , қызықты 
ойындар ойнаймыз.  Соңғы кешкі рефлексияда  «Таланат шоу»  концертін 
қойдық.Кəріс пен қазақ балалары жиналып, өз таланттарын көрсетті. Ал күндіз 
топқа бөлінген  балалар  қойылым көрсетті. 1-орынға ойыншық, 2-орынға  ыдыс, 
3-орынға  қа лам  сыйлыққа берілді. Янпенгда ба ла лармен  т аныстым. 
Жасөспірімдер арасында қол мен иықты соғыстыру құрметті білдіреді. Оларда 
құрсақта жатқаны үшін жəне жаңа жылдың алдында дүниеге келгені үшін жас 
қосады екен. Біз кəріс балаларына  қазақтың теңгелерін естелікке берсек, олар 
бізге ойыншықтар берді. Бірге дискотекаға барып,олардың кеңпейілдігін жəне 
досқа деген адалдығын аңғардым. Осы қызықты сəттер менің есімнен еш 
кетпейді, олармен тағы да кездесіп,  Қазақстан мен Корея  арасындағы достықты 
нығайтып, жалғастырсам деймін.
 
Қазақстан мен Корея елінің  тілі мен ділі өзгеше. Алматының əуежайына келе 
сала , қазақтың қара түтінінің иісін сезіндік. Фотада көріп тұрған  корей 
жүргізушісі  қара костюм, ақ қолғап киіп, ауыр жүктерімізді көтеріп, бізді 
күлімсіреп шығарып салды.
 
Қыркүйек 2014-2015

 
Корей халқы өте еңбекқор халық,  сенбі күні барлығында жұмыс күні болып 
есептеледі.Арнайы мейрамдар мен демалыстар болмайды. Қазақстанға 20 жыл, 
Кореяға 50 жыл болғандықтан, біз үшін бағындырар шың əлі алда. Біздің бет-
əлпетіміз ұқсас болып келеді. Кейбір кəрістер мені кəріс деп қалды, ал  кейбірі 
қазақ екенімді бірден білді. Қайдан білгенін сұрағанымда «қазақ жəне кəріс -  
ұқсас халықтар » деп жауап берді. Ең қызығы Алматыда «Корея» деп жазылып 
тұрған жейдемізді киіп жүргенде, қазақтар «Кəрістерге сəлем» деп ағылшынша 
сөйлеп жүрді. 
 
«Əркімге өз жері - жұмақ»дегендей ,Қазақстан біздің есімізде болды. Еліме 
келіп, жұдырықтай жүрегім мезгілсіз соғып, «өз туған жеріме келдім» деген 
сағыныш сезімі болды.  Алматыға келісімен тамақтануға барғанда ,бірден 
бауырсаққа жүгірдік. 
 
Осы кезде əр түрлі ұсыныстар ойымызға келді.Мысалы Азамат: «Менің 
ұсынсым бар .Осы Янгпёнг ауылындағыдай ,сабақ кезінде аптасына бір –екі рет 
«Fun sport» өткізіліп отырса, өте жақсы болар еді .Себебі бұл шара оқушыларды 
тек дем алдырып қана қоймай , барлығын оқуға ынталандыра  түседі». Еркежан 
Манекина: « Көлемі бойынша тоғызыншы орынды иеленетін сонау байтақ  қазақ 
жерінде де , «English village»ауылын құрса екен деймін.» 
      Кореяда аз уақыт болсақ та, мен  Сеул  қаласына ғашық болдым. Ол керемет , 
ғажайып жəне тамаша қала екен. Егер тағы да Кореяға апаратын  болса, мен қуана 
–қуана барар едім. Сеулде болған ұмытылмас демалысым үшін алғысымды 
білдіремін!
Сəулебекова Дана 
9 «В» сынып оқушысы
Қыркүйек 2014-2015

Қазақстан халқы тілдерінің күні 
қайырымдылық шарасы өтті
       22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні. Аталмыш мереке 1998 жылдың 
20 қаңтарында еліміздің  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  
жарияланған болатын.
 
Жылда  осынау мерекені Қазақстандағы  көптеген  ұлт 
өкілдері мен ұлыстар тойлап келеді. 
Осыған орай  Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  арнайы  
мерекелік  апталық басталып кетті.
Жалпы, биылғы оқу жылында алға қойылған басты мақсаттар жөнінде  мектеп 
директоры  Бағдан Қайыржанов былай деді:
    -Биылғы оқу жылында білім мен тəрбиені ұштастыру үшін  басты 3 
концепцияға көңіл аударып отырмыз.Олар: өзгерістер, идея жəне жүйе деп 
аталады.Осы концепцияларды іске асыру үшін жыл бойына үш апталық 
жоспарладық.Соның ең біріншісі  «Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір» 
деп аталады.Осы апталықтың көлемінде  «Тілдер күні» сол сияқты басқа да 
балалардың білімі мен тəрбиені ұштастыратын көп шаралар қарастырылған.
А п т а л ы қ  а я с ы н д а  т ү рл і  т і л д і к    б а й қ аул а р  ж а р и я л а н ы п ,  о қ у ш ы л а р  ө з 
біліктіліктерін сынға салды.Мəселен, қазақ тілі əдістемелік бірлестігі «Алтын 
сақа», «Жұбыңды тап», «Адасқан əріптер» сынды түрлі қызықты байқаулар 
ұйымдастырды.

Бүгін мектебімізде үлкен іс шара өтіп жатыр тілдер мерекесіне арналып. 
«Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір» деген тақырыпта.Сол бүгінгі іс 
шараның ең негізгісі  өткізіп жатқан жəрмеңкеміз.Біздің жəрмеңкеміз 
қоянды жəрмеңкесін балаларға тек қана жəрмеңке емес,тілді насихаттап, 
əр бір сатылған нəрселерімізге қазақ тілінде аттарын жазып, үйретіп 
жатырмыз-дейді қазақ тілі пəні мұғалімі Райхан Жүнісова. Сондай-ақ, 
апталық аясында  мектептің барша шаңырақ өкілдері, мұғалімдер мен 
шетелдік педагогтардың жəне ата-аналардың қатысуымен  «Global village» 
атты арнайы  қайырымдылық жəрмеңке сі өтті. Жəрмеңке мүмкіндігі   
шектеулі балаларға жəне 2012-2014 оқу жылында мектебімізде білім алған 
Дильназ есімді оқушымызға көмек көрсету үшін  арнайы ұйымдастырылып 
отыр.Ол  өте сирек кездесетін онкологиялық ауруға шалдыққан. Науқастың 
денсаулығына қажетті қаражат жинауға қол ұшын созу мақсатында, ұстаздар 
мен оқушылар өз үйлерінен əкелген  түрлі тағамдар мен жеміс-жидектерді 
жəрменке барысында қолжетімді бағада сатты.
Қыркүйек 2014-2015

Қыркүйек 2014-2015

Қыркүйек
Директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Абылқасымова мерекелік 
шараның маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларды  мереке күнімен 
құттықтады :

Бұл шараның тəрибелік мəні өте зор.Барлық жиналған қаражат 
мүмкіндігі шектеулі балаларға  арналады. Жəне біздің оқушымыз осында       
оқып,былтыр кетіп қалған оқушымыз  қатты ауырып жатыр.Сол балаға 
көмек көрсетуге ат салысудамыз.Баршамыз, оқушылар, ата-аналар жəне де 
ұстаздар  ұжымы бірауыздан ат салысып жатыр.Оларға көп-көп рахмет, 
алғысымды айтқым келеді.Жалпы, бүгінгі тілдер мерекесімен құттықтауға 
рұқсат етіңіздер.

Сол жəрмеңкеміз тіл мерекесін тəй-тəй басып, ашып жатыр. Бір апталық 
шаралар өткізу жоспарындамыз.Жалпы, біздің ұжымымызға жəне де 
оқушыларға алдағы өмірде табыс тілеймін.
Ж ə р м е ң к е д е н  ш е т е л д і к  ұ с а з д а р  д а  ш е т  қ а л ғ а н  ж о қ . Т і л  м е р е к е с і н е 
орайластырылған қайырымдылық шарасына барынша ат салысты. Мəселен, 
шетелдік педагогтар арасында  ағылшын тілі пəні мұғалімі  Пол Суини  
Лондоннан  тұқым алып келіп, Семейдегі өз бақшасында  өсірген асқабақтарын  
осынау жəрмеңкеде саудаға салды.
Қыркүйек 2014-2015

-Жəрменкеде маған əсіресе ұнағаны тəтті тағамдар.Сол себепті 20 шақты 
алма қосылған бəліштер сатып алдым.Жəне  жəрменкеге өзім өсірген асқабақ 
алып келдім-дейді ағылшын тілі пəні мұғалімі Пол Суини. 
  Сондай-ақ, жəрменке барысында жаңа піскен жемістер(апельсин, банан, алмұрт, 
алма), жаңа піскен көкөністер, пеште пысырылған тағамдар, аспаздық печенье, 
вафли, үй тұздықтары  сынды көптеген  тағам түрлері тұтынушылар көңілінен 
шықты.Əсіресе, шараға  ат салысқан  ата-аналар  шараның маңыздылығына, əрі 
оған белсенді түрде ат салысқан барша  қатысушыларға  өз ризашылықтарын 
білдірді.
-Осында өзіміздің пісіріп, даярлап алып келген  тағамдарымызды ұсынып 
отырмыз.Халықтар, жалпы енді, балалар, оқушылар, мұғалімдер барлығы 
көп.Бəрі сатып алуда. Енді осы мектептің ұжымдарына, мектептің 
оқушыларына, барлығына тегіс алғысымызды білдіреміз- дейді ата-аналар 
комитетінің мүшесі Айгүл Қазыбаева. Ата-аналар комитетінің мүшесі Татьяна 
Антонова да қайырымдылық шарасы барысында алған өз əсерімен бөлісті:
-Бүгін біз қайырымдылық шарасына  ата-аналар комитетінің атынан  
қатысып, 5 мың теңге шамасында қаражат  жинап бердік.  Біз бұған өте 
қуаныштымыз.Байқасам, ұстаздар мен оқушылардың  барлығы өте  белсенді 
түрде ат салысып, мүмкіндігі шектеулі балаларға барынша қол ұшын созуға 
тырысып бағуда. 
Қыркүйек 2014-2015

Сондай-ақ, ата-аналар комитетінің мүшесі Айман Бертісбаева да осынау мереке 
күні өзінің жүрек жарды тілегін жолдады:
-Балаларды жанашырлыққа, қамқор болуға, үлкендерді сыйлау, сондай жақсы 
тəрбие алады осы мектептен.Ата-аналар комитетінекөп алғыс айтқым 
кел еді.Осыны ұйымдастырған əкімшілікке.Сол түгел жақсылық қана 
тілеймін.Осындай жиі-жиі жақсы мереке бола берсін.Мерекелеріңіз құтты 
болсын!
 Жəрмеңке соңында қайырымдылық қорына  жиналған 204000 теңге  (екі жүз 
төрт мың ) науқастың арнайы е сеп шотына жедел түрде аударылды.Ал, 
мектебімізде жылда өткізілетін  мұндай игі шаралар əлі де өз жалғасын таппақ.
Баспасөз орталығы
Қыркүйек 2014-2015

Шахматтан Спартакиадаға дайындық
25 қыркүйекте Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 
оқушылар мен мектеп қызметкерлері арасында тұңғыш рет шахматт ан  
жолдастық кездесу өтті.Сайысқа шетелдік педагогтарда қатысты.
Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша    7,5 : 7,5 есебімен екі 
жақ тең ойын көрсетті.Оқушылар арасында 12-C сыныптан Əлішер Нысанбаев, 
Мирас 9-В сынып оқушысы Қабденов жəне 7-С сынып оқушысы  Карим 
Құрманғалиев ұстаздар мен мектеп қызметкерлерінен басым түсті.
Қыркүйек 2014-2015

Мектеп бағбаны Əсет Айткенов, аудармашы  Əлішер Ильясов жəне шетелдік 
ұстаз  Джим Сартор- үздік ойындарымен ерекшеленіп, жекелей ойындарда 
жеңіске жетті.
Мұрат Оқасов
Шахматтан үйірме жетекші 
 
Қыркүйек 2014-2015

TEDХ клубы Семей НЗМ
TEDx клубы дегеніміз не?  Бұл клуб біздің 
мектебімізде неліктен өтеді жəне оның қандай 
пайдасы бар?  Əрине, бұл TEDx клубы жайлы хабары 
жоқ адамдар үшін , орынды сұрақ туындауы мүмкін.
TEDx клубы дегеніміз – ағылшын сөзінен аударғанда 
(
Technology Entertainment Design, Технология Ойын 
Сəулет өнері 
) дегенді білдіреді.Əлемді жаңартуға 
ұмтылатын адамдар үшін халық алдында таратуға 
тұрарлық ойларын баяндайды. Сол себепті TEDx 
клубы əр мемлекетте жəне əр мектепте құрылғаны 
дұрыс болады. TEDx клубы Назарбаев Зияткерлік 
мектептерінде 3 жылдай жұмыс істеп келеді.Бірақ, 
бүгін Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет салтанатты 
түрде барлық оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен өткізілді. Негізгі мəселе 
«Менің ұлағатты ұстазым»  жəне «Жақсы ұстаз болу» деген тақырыпта қозғалды. 
Мысалы: Жақиянов Елжар 11 сынып оқушысы өзінің бала жүрегінен шыққан 
өлеңдері арқылы жеткізсе, кейбірі қарапайым шанышқыны мысалға алып 
креативті ойларын айтса, кейбірі TEDx клубына алғаш сөйлегенімен де сахнада  
өзін – өзі нағыз шебер ретінде танылды. Бұл тек ең алғашқы сынау жүзінде 
өткізілді.Енді мектебіміздің  TEDx клубы жалғасып, оданда аумақты түрде 
өткізіледі деп сенеміз.Ал, болашақ қатысушыларға сəттілік тілейміз!
Дана Сəулебекова
9 сынып оқушысы
Қыркүйек 2014-2015

Конференция TED
Впервые в нашей школе в сентябре месяце 2014 года прошла конференция TED. В этой 
конференций участвовали как учителя так  и ученики. Темой  была «Мой-любимый учитель» 
Они должны были за минуту рассказать о выбранной теме. А  теперь немножко о TED:
С 1984 года в Калифорнии, в США проходит конференция, собирающая на одной сцене 
ученых, политиков, предпринимателей, художников, музыкантов, инженеров и многих 
других. Она называется TED — Technology, Entertainment, Design, что можно перевести как 
«Наука, Искусство, Культура». Слоган конференции, «Идеи, достойные распространения», 
объясняет ее главную задачу — рассказать об интересных идеях как можно большему 
количеству людей. История Организаторами первого TED стали Ричард Сол Вурмен и Гарри 
Маркс. Среди прочего там, на первом TED, показали только что выпущенный компьютер 
Macintosh, первый в мире компакт-диск компании Sony; математик Бенуа Мандельброт 
рассказал о приложениях созданной им теории фракталов, а специалист по искусственному 
интеллекту Марвин Мински рассказал о новой модели разума. И сейчас конференция TED 
собирает лидеров современной мыслительности и деятелей, которые могут рассказать о 
своих идеях за 18 минут. Среди людей, в разное время выступающих на TED были Билл Гейтс, 
Эл Гор, Джейн Гудол, Элизабет Гилберт, Сэр Ричард Брэнсон, Нандан Нилекани, Филипп 
Старк, Нгози Оконджо-Ивеала, Изабель Алленде и премьер-министр Великобритании 
Го р д о н  Б р ау н . С  1 9 9 0  г о д а 
к о н ф е р е н ц и я  п р о в о д и т с я 
ежегодно. В настоящие время 
конференция TED проводится в 
г. Лонг-Бич, в Калифорнии, с 
прямой трансляцией в Палм-
С п р и н г с ,  т а к ж е  е ж е г о д н о 
п р о в о д и т с я  к о н ф е р е н ц и я 
T E D G l o b a l   в   О к с ф о р д е , 
В е л и к о б р и т а н и я .   В с е 
выступления выкладываются в 
с в о б о д н ы й  д о с т у п  н а  с а й т 
организации. За выступлениями 
TED также можно следить через 
Twitter или Facebook.В этом году вперые  состоился  TEDxNIS.По  традиции  желающие 
найти ответы на свои вопросы соберутся вместе. Мы ищем новые идеи, достойные 
распространения Она отзывается у каждого из нас и мы верим, что не станет пустым звуком 
для участников TEDxNIS 2014.
Мы начинаем поиск спикеров, которые осознанно или волею случая пережили 
переломные моменты своей жизни и чьи истории вдохновят нас. Следите за нашими 
апдейтами на сайте, а также на нашей странице в Вконтакте. Увидимся на следующей 
конференций TEDxNIS!
Дилназ Уалелова
Ученица 8 «Е» класса
Қыркүйек 2014-2015

Семей пəтерлерін жерасты суымен жылытуға болады
Астанада ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесіне арналған фестиваль өтті. 
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 жас ғалым қатысты. Олардың барлығы 
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары. Қатысушылардың ең кішісі 
жетінші, ал ең үлкені 11 сыныпта оқиды. 
 
Семейлік Дана Сəулебекова қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді жердің 
г е о т е р м а л ь д ы  э н е р г и я с ы  к ө м е г і м е н  ж ы л ы т у  т ə с і л і н  о й л а п  т а п т ы . 
     
 
Оқушы қыз өзінің бұл жаңалығын EXPO-2017 көрмесіне ұсынбақ. Ол тың 
туындысын аталмыш  ғылыми жобалар фестивалінде көпшілік назарына алғаш 
рет ұсынды. Дана ойлап тапқан жаңалық семейліктердің жырға айналған жылу 
мəселесін бір жола шешпек. Жаңа жүйенің жұмысы да қарапайым. Ол үшін тек 
ж е р а с т ы   с у ы н   с о р а т ы н 
қондырғы мен gельтье элементі 
б о л с а  б о л ғ а н ы .  Ж ү й е д е  с у 
а й н а л ы м ы  п а й д а  б о л ы п , 
пəтерлерді жылытады. Өйткені 
жерасты су көздері 8 градус 
жылы болады. Жобаның тағы 
б і р  е р е к ш е л і г і  ж а з д ы г ү н і 
с а л қ ы н д а т қ ы ш   р е т і н д е 
қ о л д а н у ғ а  б о л а д ы  е к е н .  
Электр стансасы шығындарын 
қала шығынын, адамдардың 
т ө л е й т і н  қ а р а ж а т ы н  д а 
есептеп көрдім. Сол кезде ақша 
к ө п т е г е н  сом м а д а  ш ы қ т ы . 
Соларды көріп мен өзім қатты 
таң қалдым. Өзекті мəселені 
жасау керек екеніне бел будым. Бұл бір жағынан қоршаған ортаға мүлдем 
з а л а л ы н  т и г і з б е й д і    -  д е й д і  ж а с  ө н е р т а п қ ы ш    Д а н а  С ə ул е б е ко в а . 
Қыркүйек 2014-2015

Ал, жоба жетекшісі, физика пəнінің мұғалімі Зəмира Мамəділова - Біріншіден, бұл 
арзан. Қазір ғаламтор жүйелерінде бір пельтье элементі 900 теңге тұрады. 
Оның 8 элементін сатып алуға болады жəне үш есе тиімді. Екі бөлмелі үй үшін 
көмірге қарағанда 3 есе аз ақша кетеді-дейді.
Осынау фестиваль барысында балалар ғылыми жобаларын көпшілікке 
ұсынды. Олар табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану, электр энергиясын 
үнемдеу жəне қоршаған ортаны қорғауға бағыттылған. Ал, олардың қаншалықты 
тиімді жұмыс істейтіндігін қазылар алқасы анықтады. Олар əр жобаға тиісті 
бағасын беріп, балаларды сыйлықтармен марапаттады.

Каталог: semey fmsh -> portal -> Portals
Portals -> Екі апта ауылда
Portals -> Зияткерлік мектебіндегі қызықты жазғы демалыс басталып кетті
Portals -> Сулейменова Алуа Бериковна Ойын элементтерін қолдану арқылы қалыптастырушы бағалауды тиімді өткізу
Portals -> Ұраны: Достықпен үміт жалғайтын, Оқудан ешбір талмайтын. Алтайдай бір шаңырақ Білімді мәң
Portals -> Оберкулова Лаззат Ахметуллаевна Оқушыларды ынталандыруда – биологиялық терминдердің ролі
Portals -> «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ «Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы
Portals -> Презентация книги «Наш Президент»
Portals -> Бүгінгі санда: «Жігер жеңіске жетелейді» атты спорттық отбасылар сайысы өтті “Осенний Remix. Dance party” мерекесі өтті 7 бет 12 бет Қараша-Желтоқсан 2013 жыл Болашаққа кемел біліммен «Елімнің бақытын
Portals -> Шаянбаева Салима Боскынбаевна Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытудағы swot-анализ тиімділіктері

жүктеу 360 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет