Мектебінде


II. Баланың  білімін тексеру



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата09.04.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

II. Баланың  білімін тексеру.
Үй жұмысын сұрау:
а) 3тапсырма; ә) енді тақтаға қарап, оқу құралдары туралы 
жұмбақтарды шешіп жіберейік.
1. Оқуыма төреші,
 Тоқуыма төреші,
 Парақтасам байқалар,
 Білімімнің өресі,
 Онда және жазылған
 Кестем де бар келесі. (Күнделік)
2. Ата тегі ағаштан болды,
Ақылын тауып, әсем жанды.
Теңіз беті шимайланды,
Бірақ ойым симай қалды. (Дәптер)                                                                      
3. Білімі берген – сыйасы,
Балғындардың ұясы (Мектеп)
4. Ілулі тұр кең алаң
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп. (Тақта)

121
5. Бір нәрсе білмегенімді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.  (Кітап)
6. Білімнің  дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)
III.  Бейнефильм  көру  (Әр  көріністен  соң  сұрақтарға 
жауап беру).
1. №31 мектеп-гимназиясы бойынша көрініс.
– Балалар, таныдық па, бұл қай мектеп?  Осы мектепте 
кімдердің  мектеп  өмірі  өтеді?    Мектеп  қандай,  ауласы 
қандай?  Балалар мектеп ауласында не істейді?
2. 1-қабат.
–  Балалар  1-қабатта  кім  отыр?  Күзетшінің  қызметі 
қандай?  1-қабатта  кім  кезекшілік  етеді?  Мынау  кімнің 
кабинеті? (Асхана, спорт залы)
3. 2-қабат.
2-қабатта не бар? Біз мұнда не істейміз? Балалар 2-қабатта 
кім  отырады?  Кітапханада  кім  жұмыс  істейді?  Оның  есімі 
кім? Кітапханада не бар?
Мәжіліс залы.
Мәжіліс залында біз не істейміз?
IV. Жаңа сабақ: «Мектеп өмірі».
Алдымен жаңа сөздермен танысайық!
Шақ – время;                           Үйрену – учиться;
Сыныптас – одноклассник;   Құрбы-құрдас – ровесник;
Ықыласпен – с вниманием;     Балалық шақ – детство;
Ұмытылмас – незабываемый.
1. Сөз тіркесін жасату.
2. Сөйлемдер құрастыру.
3. Сөз таптарына ажырату.
4. Синоним, антонимін табу.
V. Мәтінмен жұмыс.

122
Мәтінді оқып беру. Не туралы айтылған?
Балаларға оқыту.
Мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қойдыру.
Түсінігін әңгімелету.
Ербол  –  сенің  құрдасың.  Ол  мектепте  оқиды.  Ербол 
оқитын  мектеп  –  үш  қабатты,  жаңа  мектеп.  Мектеп 
үлкен әрі жарық. Ол Жеңіс даңғылында орналасқан. Ербол 
мектепке  үлкен  ықыласпен  барады.  Ербол  үшін  мектеп 
өмірі – балалық шақтың есте қаларлық кезі. Ол мектепте 
сыныптастарымен,  құрбы-құрдастарымен  кездеседі. 
Олармен бірге оқып-үйреніп, көп білуге ұмтылады.
Ербол үшін мектеп өмірі – ұмытылмас шақ.
VI. Дәптермен  жұмыс. Бос орынға керек сөзді қой.
1. Кітап  ... қазына. 2. Кітап – ғылым, тілсіз ... . 3. Қына 
тасқа бітеді,  ... басқа бітеді. 4. Білімдінің алды  ... ,  Білімсіздің 
түбі  ... . 5. Біліп тұрсаң да, ... ... .
VII. Сергіту сәті. Сөздік ойын – «Жалғасын тап»
1.  Есть  –  бар,  (Узкий  –  тар.)  2.  Дорожка  –  алаша,  (Как 
ребенок – балаша.) 3. Развиваться – даму (Гореть – жану.) 4. 
Молоко – сүт  (Жди – күт.) 5. Работа – іс, (Зубы – тіс.) 6. Бить 
– ұру, (Установить  – құру)
VIII. үй тапсырмасы: 1) мәтінді әңгімелеу; 2) сөздерді 
жаттау;  3)  құрдас,  мектеп  сөздеріне  фонетикалық  талдау 
жасау.
IX. Сабақты бекіту, қорытындылау.
Лотерея  сұрақтары:  1.  «Мектеп»  деген  сөз  қай  тілден 
шыққан?  2.  «Мектеп»  сөзі  қандай  ұғымды  білдіреді?  3. 
Алғашқы  қоңырау  қашан  соғылады?  4.  Оқушының  басты 
міндеті не? 5. Біздің мектебіміз қай көшеде орналасқан? 6. 
Сенің мектебің қандай? 7. Өз мектебіңнің  тарихы туралы не 
білесің? 8. Мектебіңнің директоры кім?
X. Бағалау.
XI. «Мектеп өмірі» әнін тыңдау.

123
Сыныптан тыс сабақ
Қызғалдақ НҰРҒАЗЫҚЫЗЫ,
Астана қаласындағы 
№32 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – СӨЙЛЕУ 
ШЕБЕРЛІГІНЕН БАЙҚАЛАДЫ
Мақсаты:  алдыңғы  өткен  материалдар  негізіне  сүйене 
отырып,  жоспар  құру,  оқушылардың  білімдерін  тереңдету 
мақсатында  қолданатын  әдебиеттер  көлемін  көбейту.
Оқушылардың тіл байлығын және шығармашылық деңгейін 
арттыру.Орыс  тілді  мектептердегі  мемлекеттік  тілде 
сөйлейтін, басқаға үлгі болатын ортаны құру.
  Міндеттері:    а)  жас  ұрпақтың    бойынан  ұлттық  сана-
сезімді  оятып,  ұлттық  дүние  танымын  байыту,  халық 
тағылымдарын бойына сіңгізу; ә) оқыту мен тәрбие берудегі 
танымдық материалдарды орынды пайдалану; б) танымдық 
материалдар  арқылы  оқушылардың  халқымыздың  салт-
дәстүріне,  ұлттық  дүниетанымына,  мәдениетіне,  тарихына 
деген сүйіспеншілігін арттыру; в) оқушылардың қоғамда тіл 
мәдениеті мен сөйлеу шеберлігін қалыптастыру.
3.  Өзектілігі:  ата-дәстүрімізді,  әдеби  мұраларымызды 
үлгі етіп, ортаға тарату.
4.  Күтілетін  нәтиже:  оқушылар  аталған  тарихи 
тұлғалардың  ерекшелігін,  олардың  еңбектерін,  әдеби 
шығармаларды жан-жақты оқып, танып біледі, мемлекеттік 
тілдің деңгейін көтеруге, терең игеруге ұмтылады, әр түрлі 
іс-шараларға атсалысады.
  5.  Жүзеге  асырудың  түрі:  а)  берілген  шығармаларды 
еркін  түсініп,  өз  ойларын  жеткізе  білетін  оқушыларға 
танымдық материалдардың көлемін ұлғайту; ә) электрондық 

124
оқулықтарды  пайдалану;  б)  аудио-бейне  жазбаларын 
қолдану;  в)  Қазақфильм  үзінділерін  мүмкіндік  болса  көру; 
г) қазақ драмалық театр қойылымдарына бару; е) қазақ тілі 
грамматикасын  тереңдете  беру;  д)  оқушылардың  сөйлеу 
стилін қалыптастыру.
 6. Тиімді жақтары:
  а)  Оқушылар  қазақ  тілінің  грамматикасын  тереңдете 
игереді және практикада қолдану мақсатында мазмұндама, 
шығарма  жазады.Әдеби  шығармалардан  үзінділер,  халық 
ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  жан-жақты  қамти  отырып, 
оқушылар танысады, өзіндік ерекшелігін біледі, ойлау мен 
сөйлеу қабілеттерін көркем жеткізуге үйренеді.
ә)  Мұғалім  жан-жақты  ізденеді,  құрылған  жоспар 
бойынша  материалдар  жинақтайды,  шығармашылық 
жұмыспен  айналысады,  жұмысының  қорытындысын 
оқушылардан көреді.
б)  Ата-аналар  балаларына  көмекке  келеді,  сол  арқылы 
өздері де ізденеді, мемлекеттік тілдің дамуына атсалысады.
Факультативтің міндеті:
Оқушыларға тіл мен әдебиеттен тереңдете білім беру;
Курстың  мақсатымен  таныстырып,  оқушыларды 
шығармашылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
Әдеби  мұралардан  нәр  алып,    салт-дәстүрді,  мақал-
мәтелді, көркем сөзді меңгерген, адамгершілік қасиеті бар, 
отбасын, отанын сүйетін тұлғаны әкелу.
Берілген 
материалдардың 
тақырыбын 
түсіну,тіл 
байлығымызды  күнделікті  өмірде  қолдана  білу,  сауатты 
жазу, жобаларға, байқауларға қатысып, нәтижесін көру.
2011-2012 оқу жылына жоспарды мына модульді негіз ете 
отырып құрастырдым.Сабақ жоспары 10 модульдан тұрады.
Жалпы сағат саны - 68. Олар;
•  «Тіл жоқ жерде- халық жоқ».

125
•  Нағыз адамның белгісі – кісілік.
•  Өмір-тіршілік және уақыт.
•  Халқымыз – қонақшыл.
•  Өнер жүйріктері.
•  Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
•  «Жалғасады дәстүрім...»
•  Наурыз – шығыс халықтарының мейрамы.
•  Ердің анасы - елдің анасы.
•  Татулық – табылмас бақыт.
Әр  модульға  керекті  материалдар  әр  түрлі  оқулықтан, 
әдеби  шығармалардың  жиынтығынан  топтастырылды.
Шығармаларды  тақырыпқа  байланысты  таңдап  алдым.
Сонымен  қатар  оқушылардың  сауаттылығын  дамыту 
мақсатында грамматиканы да өткізіп отырамын.
ІІ. «Тілге құрмет - елге қызмет» жобасы бойынша қазақ 
тілі  мен  әдебиеті  пәнінен  факультатив  курсына  арналған 
күнтізбелік жоспар.
1
  «Тіл 
жоқ 
жерде 
– халық      
жоқ »
Тіл туралы 
мақал-
мәтелдерге 
тоқталу. Қазақ 
тілі туралы 
мәлімет беру.
Грамматика: 
сингармонизм 
заңы.
3
1. Мақал – сөздің мәйегі.
2. Қазақ тілі туралы 
қысқаша мәлімет.
3. Прогрессивті, 
регрессивті ассимиляция.
2
Нағыз 
адамның 
белгісі – 
кісілік.
Адамгершілік 
туралы 
ойтолғау.
Әл Фараби 
еңбектеріне 
тоқталу.  
Абайдың 
қара сөзі.
Грамматика: 
сөйлем 
мүшелерінің 
орын тәртібі.
5
1. Көне дәуір әдебиеті.
2. Ғұлама тұлға.
3. Абайды тыңдасақ.
4. Сөйлем мүшелерінің 
орын тәртібі.

126
3
Өмір- 
тіршілік 
және 
уақыт.
Поэзияға  
тоқталу.
12 1. Зар заман ақындары. 
2. Дулат Бабатайұлы.
«Өскен-өнген жеріңіз».
3. Сал-серілер поэзиясы. 
«Ақбұлақ».
4. «Замана».
5. Ән айтайық: «ГауҺар 
тас», «Ақбақай».
6. «ГауҺар тас», 
«Ақбақай».
7. Біржан сал.
8. «Жамбас сипар». 
9. Ақан сері.
10. Сабақтас сөйлемнің 
түрлері.
11. Сабақтас сөйлемнің 
түрлері.
12. Нәтиже сабақ.
4
Халқы-
мыз – 
қонақ-
шыл
Қазақ халқының 
қонақжайлылы-
ғын, туыс 
атауларының 
ерекшеліктерін 
білу, қонақ күту 
дәстүріне көңіл 
аудару
1. Қазақ – қонақжай 
халық.
2. Туыс атаулары.
Болжалды келер шақ.
3. Табақ тарту.
4. Қонақ үй.
5. Төлеген Айбергенов 
«Бір тойым бар».
6. Нәтиже сабақ.
5
Өнер 
жүйрік-
тері.
Қоғам 
қайраткерлері, 
ақын-
жазушыла-
рының өмір-
баянымен, 
шығармала-
рымен танысу.
1. Әбділда Тәжібаев.
2. Әбділда Тәжібаев.
3. Ғали Орманов.
4. Ғали Орманов. 
5. Жұбан Молдағалиев.
6. Жұбан Молдағалиев. 
7. Мұзафар Әлімбаев.
8. Мұзафар Әлімбаев. 
9. Әбдіжәміл Нұрпейісов.
10. Әбдіжәміл Нұрпейісов.
11. Шерхан Мұртаза. 
12. Шерхан Мұртаза.
13. Төл сөз бен автор сөзі.
14. Нәтиже сабақ. 
15. Нәтиже сабақ.

127
6
Бұл 
далада  
өскен   
жанда 
жоқ  
арман!
Табиғат туралы 
жазылған 
шығармаларға 
тоқталу. 
«Абай жолы», 
«Көкшетау», 
тағы басқа 
шығармалар-
дың үзінділерін 
оқып, мәнерлеп 
жатқа оқу.
1. Ш.Уәлиханов. 
«Ыстықкөл күнделіктері».
 2. Мұхтар Әуезов- 
суреткер. 
 3. Мұхтар Әуезов- 
суреткер.
 4. С.Сейфуллин. 
«Көкшетау».
 5. І.Жансүгіров. 
«Гималай».
 6. Нәтиже сабақ.
7
«Жалға-
сады дәс-
түрім»
«Абай жолы» 
романынан 
дәстүрді көрсе-
тетін үзіндіге 
тоқталу, сахна-
лық көрініс 
жасау.
 1. М.Әуезов. «Абай жолы».
 2  М.Әуезов. «Абай жолы».
 3. Сахналық көрініс. 
 4. Сахналық көрініс.
8
Наурыз 
– шығыс 
халықта-
рының 
ұлы 
мейрамы.
Оқушыларды 
шығармашы-
лыққа баулу, 
өз өлеңдері, 
өнерлері болса, 
ортаға салу.
1. Мәшһұр-Жүсіп 
Көпейұлы. «Наурыз» 
2. Жүрегімнен жыр 
жазамын. 
 
9
Ердің 
анасы 
– елдің 
анасы.
Ғабит 
Мүсірепов, 
Мұхтар 
Шахановтың  
ана тақырыбына  
жазылған 
шығармаларына 
тоқталу.
1. Ғ.Мүсірепов. «Ананың 
арашасы» 
2. Ғ.Мүсірепов. «Ананың 
арашасы»
3. М.Шаханов. «Төрт ана»
4. М. Шаханов. «Төрт ана»
5. Ән үйренейік
6. Нәтиже сабақ
10
Татулық-
табылмас 
бақыт.
Шығармалар 
жазу, әндерді 
жатқа білу.
1. Қасым Аманжолов. 
«Дариға, сол қыз». 
2. Б.Момышұлы. «Баукеңнің 
нақыл сөздерінен».
3. Ж.Молдағалиев. 
«Тек қана туған жерден 
айырмағай».
4. М.Шаханов.
5. Нәтиже сабақ.
6. Нәтиже сабақ.
7. Нәтиже сабақ.
8. Қорытынды.
9. Қорытынды.
68

128
ІІІ. І жарты жылдықта жүргізілген жұмыстарға шолу.
2011  жылғы  оқу  жылына  «Тілге  құрмет-елге  қызмет» 
тәжірибелік алаңға 10 оқушы келді.Алдыңғы оқу жылынан 
Сериков Ерғанат басқа қалаға кетсе, екінші тоқсанда Естай 
Бинұра  басқа  мектепке  ауысып  кетті.  Сонымен  оқушы 
саны  –  9,  бір  оқушы  –  Байменов  Темірлан  қосылды.  Оқу 
жылының  басында  жаңадан  күнтізбелік  жоспар  құрылды. 
І  тоқсанда  18  сағат  жүргізілді.  Салыстыру  ретінде  10  «г» 
сыныбы  алынды.  Балалармен  сөздік,  диктант  жұмыстары 
жүргізілді. Сабақ жоспары бойынша Абайдың қара сөзінен 
алып, оқушылармен пікірталас жүргіздік. Жиырма бірінші, 
жиырма үшінші қара сөзін талдай отырып, қазіргі өмірмен 
байланыстырып, қорытындыға келдік. «Зар заман», «Сазгер-
әншілер» шығармаларымен таныстық. Оларға әдеби талдау 
жүргіздік. Сабақта Төлеген Бибінұр, Естай Бинұр, Өтенияз 
Жеңіс  жақсы  жұмыс  істесе,  ұлты  басқа  оқушылардан 
Ткачева Дина өте жоғары білімін көрсетті.Төмендегі суретте 
сабақ үстіндегі оқушы жұмыстары көрсетілуде.
2-тоқсан  бойынша  21  сабақ  өтті.  Бұл  «Қазақ  халқы  – 
қонақшыл» модулі бойынша өткен сабақтар. Сабақ бойынша 
оқушылар жаңа сөздерді игерді. «Қонақ» сөзіне байланысты 
сөз тіркестерін білді. «Қырықтың бірі – қыдыр», «қонақты 
қусаң  құт,  ырыс  қашады»,  «қонақпен  еріп  құт,  ырыс 
келеді»,  «арнайы  қонақ»,  «құдайы  қонақ»,  «қыдырма 
қонақ», «қылғыма қонақ» сөз тіркестерінің мән-мағынасын 
ашты. Қонақ сөзіне байланысты мақал-мәтелдермен таныс 
болды.  «
Қонақ  бір  қонса-құт,  екі  қонса-жұт»,  «Құтты 
қонақ келсе, қой егіз табады», т.б.  мақалдарды тақырып 
етіп,  өз  ойларын  жазды.  Сонымен  қатар  туыс  атауларын 
толық  қамтыдық,  онда  бұрынғы  білетін  туыс  атауларына 
жаңа туыс атауларын қоса біліп, ерекшеліктеріне тоқталдық.
Мысалы:  жиеншар,күшік  күйеу,ілік,  жекжат,кіндік  шеше.
Мақал-мәтелдерді  тиісті  орнында  қолданып,  жатқа  білуді 
міндеттедік.

129
«Өз  жұртың  –  күншіл,  нағашы  жұртың  –  сыншыл, 
қайын жұртың – міншіл келеді», «Туысы бірдің – уысы 
бір», «Құдаңды құдайдай сыйла», «Жиен назары жаман». 
Сонымен қатар грамматикаға да тоқталдық.Қазақ халқының 
бір  ерекшелігі  кісіні  күткенде  табақ  тарту  рәсімінің 
ерекшелігіне көңіл бөлдік.
2-тоқсанда  ата-аналар  жиналысында  Ткачева  Дина 
өзінің жобасы бойынша сөйледі. «Тыйым сөздердің тәрбиелік 
ерекшелігі»  туралы  айтты.  Дина  қажетті  материалды 
жинақтап,  өз  ойын  толық  жеткізді.1-тоқсанның  есебі 
бойынша  өткен  педагогикалық  кеңесте  өзім    эксперимент 
бойынша есеп бердім. Мынандай ұсыныс жасалды:
-  Оқушыларды  мемлекеттік  тілде  барлық  іс-шараға 
тарту;
-  Оқушылар  отырған    сыныпта  басқа  пәндерде 
мемлекеттік тілде кейбір сабақ кезеңдерін енгізу.
Сонымен қатар кездесетін қиындықтар туралы айтылды.
Мұнда  сабақ  кестесінің  қолайсыздығы,  сабақ  өткізу 
үшін  жоспарланған  жоспардың,  істің  толық  іске  аспауы, 
толығырақ  айтса,  электронды  оқулықтарды  қолдануда 
техникалық жабдықтың жоқтығы туралы айтып өттім.
Тәуелсіздіктің  20  жылдығына  байланысты  мектепте 
«Тәуелсіздіктің белестері» атты  ашық тәрбие сабақтарын 
өткіздік.Ашық  тәрбие  сағатына  10-11-сынып  оқушылары 
қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Сабақты  өткізуде  мынандай  оқулықтарды  негізге  ала 
отырып, сабақ өткіземін.
Ш.Г.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, «Қазақ тілі», А., 2002 жыл, 
Қазақ  әдебиетіне  арналған  хрестоматия  (1,2,3)  томдары, 
Қазақ  әдебиеті  энциклопедиясы.  Сабаққа  материалдарды 
өзім  дайындаймын  немесе  оқушылар  интернеттен  іздеп, 
тауып әкеледі. Сабақ мұғалімнің ізденісін қажет етеді.
IV. Эксперименттің болашағы және күтілетін нәтиже:
•  Қазақ  тілінің  салаларына  жекелей  тоқталып,  тереңдете 
игереді;

130
•  Теория мен практиканы байланыстыра отырып, өз ойын 
айтуға, сөйлемді сауатты құруға машықтанады;
•  Жан-жақты  іздене  отырып,  өз  ойларын  ортаға  салуға 
үйренеді; 
Қазақ әдебиетінен:
•  Бағдарламадан тыс әдеби шығармалармен танысады;
•  Әдеби шығармаларды мәнерлеп оқу және түсініп оқиды;
•  Авторлардың шығармалардағы айтатын ойын ашады;
•  Әдеби көркем сөздерді игеріп, тіл байлығын дамытады;
•  Алған білімдерін шығармашылықпен байланыстырады;
•  Әдеби  мұралардан  нәр  алып,    салт-дәстүрді,  мақал-
мәтелді,  көркем  сөзді  меңгерген,  адамгершілік  қасиеті 
бар, от басын, отанын сүйетін тұлғаны әкелу.
•  Берілген  материалдардың  тақырыбын  түсіну,тіл 
байлығымызды күнделікті өмірде қолдана білу, сауатты 
жазу, жобаларға, байқауларға қатысып, нәтижесін көру.
Қорыта  келе,  орыс  тілді  мектептерде  тілді  тереңдете 
оқытудың тиімділігі өте зор. Бұл 2017 жылғы бағдарламаның 
талабына  да  сай  келеді.  Өйткені  сол  ортада  басқаға 
үлгі  болып,  әдеби  мұрамызды  насихаттайтын  жастарды 
тәрбиелесек, бұл біздің де үлесіміз болар еді.
 Айгүл БЕКҚҰЛИЕВА,
Алматы қаласындағы
№113 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ОБьЕКТІСІ – 
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Сабақтың мақсаты: оқушыларды еліміздің тәуелсіздік 
алғалы  21  жыл  ішіндегі  жетістіктерімен    таныстыру; 
білімділік  –  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
   
   
 

131
рәміздері  туралы  мағлұмат  беру.  Қазақстан  туралы 
білімдерін  кеңейту;  дамытушылық  –  сөздік  қорын 
байыту.  Тапсырмалар  орындау  арқылы  оқушылардың 
логикалық  ойлау  қабілеттерін,  есте  сақтау  қабілеттерін 
дамыту; тәрбиелік – оқушылардың туған жерге, елге деген 
сүйіспеншілік  сезімін  арттыру,  адамгершілік  қасиеттерін 
тәрбиелеу.  Отанын  сүюге,  елжандылық  қасиеттерін 
тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: мультимедия.
Сабақтың барысы: Кіріспе.
1) Қанатты сөздер Тәуелсіз ел – Қазақстан,
Жарқыратқан нұрлы өмір шырағым
Көк байрағым еркінділік паш етіп,
Қыран қанат – көкке самғар жыр әнім. Ә.Ысқақбай.
1-жүргізуші: - Армысыздар, Құрметті ұстаздар! Мереке-
леріңіз құтты болсын! 
2-жүргізуші:  -  Тәуелсіздік  –  ең  басты  құндылығымыз. 
Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік.  21 жыл ішінде 
тәуелсіз  Қазақстан  елін  қалыптастырып,  нарықтың  қиын 
өткелдерінен аман өтіп келеміз. 
1-жүргізуші: 

Барша 
қазақстандықтар 
үшін 
Тәуелсіздіктің  мәні  де,  маңызы  да  айырықша.  Өйткені  біз 
Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, 
дінімізді  қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері 
қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. 
2-жүргізуші:  -  Тәуелсіздіктің  21  жылдық  тарихы  да 
өз  ерекшеліктерімен  қалды.  Біз  бүгін  атаулы  жылдарға 
тоқталмақпыз. 
1-жүргізуші: - Міне, бүгін осы мереке құрметіне 7 «Б» 
сынып  оқушыларының  қатысуымен  «Тәуелсіз  Қазақстан» 
атты сыныптан тыс сабағымызды өткіземіз. 
2-жүргізуші:  -  «Тәуелсіз  Қазақстан»  тақырыбындағы 
сыныптан тыс сабағымызды ашық деп жариялаймыз. 

132
1-оқушы:  -  Қазақстан  Жоғарғы  кеңесі  1991  жылы  16 
желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. 
Бұл  күн  –  Қазақстан  тарихына  «Тәуелсіз  Қазақстан 
Репбуликасының  туған  күні»  деп  алтын  әріптермен 
жазылды.  Сондықтан  да  16  желтоқсан  –  бүкіл  халықтық 
мереке. Бұл республиканың барлық халықтар үшін маңызды 
тарихи  оқиға  болды.  Тәуелсіздік  республиканың  барлық 
халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.
2-оқушы: - 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні,
Елдің ұлы мейрамы. 
Жаңа шыққан көктемдей, 
Жаз күніндей жайдары. 
Арымыздай тап-таза, 
Жанымыздай шуақты.
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы.  Т.Молдағалиев.
3-оқушы: - Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. 
Ол  –  Тәуелсіз    Қазақстан.  Мемлекеттік  тәуелсіздігімізді 
жариялағаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі 
таныды.  Біздің  еліміз  бір  қатар  аса  беделді  халықаралық 
ұйымдарға,  оның  ішінде  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына, 
Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
4-оқушы: - «Тәуелсіздік»
Өзіңдікі – Елің де,                 
Өзіңдікі – Жерің де, 
Өзіңді өзің еткен Бақ – 
Тәуелсіздік – төрінде.
Орыс, ұйғыр, неміс те
Үміт қосып жеңіске.
Жұдырықтай жұмылды
Келешегі кең іске.
Асқар тау да сенікі,
Бақша, бау да сенікі,

133
Қалтықсыз жау да  сенікі,
Қатал жау да сенікі,
Өзіңдікі – Туың да,
От пен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
2-жүргізуші:  -  Тәуелсіздігімізді  алғаннан  бері  елімізде 
көптеген өзгерістер болды.
5-оқушы:  -  Егеменді  ел  болып,  халқымыз  өз  еркімен 
тұңғыш  Президентін  сайлады.  Елтаңбамызды,  Туымызды 
белгіледік.  Қазақ  тіліне  мемлекеттік  мәртебе  берілді.  1991 
жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров Ғарышқа ұшып, ұлттың 
мерейін  көтерді.  Туған  жерімізде  талай-талай  өзгерістер, 
жақсы  жаңалықтар  болып  жатыр.  Ең  Бастысы    тату-тәтті 
ынтымағы мол халқымыз бар.
6-оқушы: - «Туған өлкем».
Көгінде күн нұрын төккен, 
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем 
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем, 
Осы менің туған өлкем!
Ел еңбегі шалқып, тасқан.
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем, 
Осы менің туған өлкем!
7-оқушы: - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 
1992  жылы  Мемлекеттік  Туды  бекітті.  Тудың  авторы  – 
Шәкен Ниязбеков. Ту көк түсті. Оның себебі, бүкіл дүниеге 
көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Күн де бәрімізге ортақ. Қыран 
болса, киелі құс. Ою-өрнек, қазақ елінің танымын білдіреді. 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет