Мектебінде


Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдаңдар



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата09.04.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3. Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдаңдар.
Отбасылық  бюджетті  басқару  –  тұтас  бір  өнер.  Шын 
мәнінде,  бұл 
– 
әдетте,  бір  айлық  мерзімге  құрылатын 
отбасының ақшалай кірісі мен шығысын реттеу жоспары. 
Отбасылық  бюджетті  жылдам  әрі  қалай  болса  солай 
жұмсай  беретін  болса,  онда  ол  ешқашан  ең  негізгі 
қажеттілікке  де  жетпейтін  болады.  Отбасының  бюджетін 
жоспарлап, оны кішкентай балаға дейінгі отбасының барлық 
мүшелері сақтауы тиіс.
Отбасының әрбір мүшесі өзінің жеке кірісі мен шығысын 
анықтап алуы қажет және өзінің құрған бюджетінің орындалу 
жауапкершілігін өз мойнына алуы тиіс. Мектеп жасындағы 
оқушының  да,  студенттің  де  “өз”  ақшасы  болуы  мүмкін, 
егер бірінші айдың өзінде олардың жұмсаған шығыны өзінің 
қаржы шегінен асып кетсе, онда екінші айда  оған тәбетін 
азайтып,  шығын  жұмсау  ісіне  салмақтырақ  қарауға  тура 
келеді. 
Біз  әркез  ақшаның  жетіспеушілігіне  шағымданамыз. 
Ақшаны  біз,  әрине,  табамыз,  бірақ  ол  құм  сияқты  қолдан 
сусып  кете  береді.  Балалар  еркелікпен  қажеті  шамалы 
заттарды  сатып  алуды  талап  етулерін  азайтса,  үлкендер 
жағы  сәнділік  пен  бос  шығынға  әкеп  соқтыратын  жаман 
әдеттеріне  ақшаны  аз  жұмсайтын  болса,  бұл  –  отбасы 
бюджетіне  нұқсан  келтірмей,  әр  отбасының    өз  қаржылық 
мақсаттарына жетуіне мүмкіндік берері сөзсіз.  
Үнемделген  ақшаның  тапқан  ақшадан  еш  өзгешелігі 
жоқ.  Еңбекпен  келген  1000  теңге  мен  үнемделген  1000 
теңгенің  құны  бірдей.  Ең  бастысы,  жеке  қаржы  есебі  мен 
отбасылық  бюджетті  жоспарлау  ғана  отбасының  жарқын 
болашағына  үміт  беретінін  отбасының  әрбір  мүшесі  терең 

61
түсінуі керек. Ірі бірлестіктерге қараңызшы, олардың сондай 
ірі әрі танымал болуларының негізгі себебі – олардың қатаң 
тәртіптегі қаржылық жоспармен жұмыс істеулерінде. 
«Отбасылық бюджетті басқару негіздері» кітабынан. 
Тапсырма:
1. Мәтінді бірнеше рет тыңдаңдар.
2. Диктордың сөйлеу мәнеріне назар аударыңдар.
3.  Мәтіндегі  қазақ  тіліне  тән  дыбыстардың  дұрыс 
айтылуына  назар  аудара  отырып,  мәтінді    өздерің  бірнеше 
рет оқыңдар.
4. Жазылым.  Мәтіннің әр азат жолындағы негізгі ойды 
білдіретін сөз тіркесі немесе сөйлемді теріп жазыңдар.
5.  Айтылым.  Жазғандарыңа  сүйеніп  мәтіннің 
мазмұнын қысқаша айтып шығыңдар.
6. Тыңдалым. Кейіпкерлердің  әңгімесін  тыңдаңдар. 
–  Сәлеметсіз бе?
–  Сәлеметпін.
–  Сіз отбасы бюджеті дегенді қалай түсінесіз?
–    Отбасы  бюджеті  дегеніміз  –  отбасының  ақшалай 
табыстары мен шығындарын реттеу жоспары. 
–  Отбасының бюджеті неге байланысты?
–  Отбасының бюджеті еңбекақыға байланысты.
  Отбасының бюджетіне кім жауапты?     
–    Отбасының  бюджетіне  барлық  отбасы  мүшелері 
жауапты.
–  Отбасында өздік есеп болу керек пе?
–  Әрине, отбасы қаражаты есеппен жұмсалуы керек.
–    Отбасы  мүшелері  тапқан  еңбекақыларын  үнемдеу 
керек пе?
–    Иә,  тапқан  еңбекақыларын  ысырап  қылмай,  келесі 
еңбекақыларына дейін үнемдеп жеткізу керек.
–  Сіз отбасы бюджетін қалай жоспарлайсыз?
–  Мен отбасы бюджетін бір айға жоспарлаймын.

62
–    Отбасы  бюджетіне  түскен  қаражатты  қандай 
қажеттіліктерге жұмсайсыз?
–    Отбасы  бюджетіне  түскен  қаражатты  азық-түлікке, 
киім-кешекке, коммуналдық  төлемдерге жұмсаймын.
–  Отбасы бюджетін үнемдей аласыз ба?
–  Иә, отбасы бюджетін үнемдей аламын.
–  Сұхбатыңызға рақмет. Сау болыңыз.
–  Сау болыңыз.
Тапсырма:
1. Кейіпкерлердің әңгімесін бірнеше рет тыңдаңдар.
2. Кейіпкерлердің сөйлеу мәнеріне назар аударыңдар.
3. Кейіпкерлердің орнына өздерің сөйлеңдер. 
7. Тілдесім. Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Сұхбат не туралы?
2. Сұхбатқа қанша адам қатысып тұр?
3. Отбасының бюджеті неге байланысты?
4.  Отбасы  мүшелері  тапқан  еңбекақыларын  қалай 
үнемдейді?
5. Отбасы бюджеті қандай мерзімге жоспарланады?
6.  Отбасы  бюджетіне  түскен  қаражат  қандай 
қажеттіліктерге жұмсалады?
7. Отбасы бюджетін үнемдеу не үшін керек деп ойлайсың?
8.  Айтылым.  Жағдаят.    iPоd  –  қазіргі  заман  балалары 
үшін ең керемет сыйлық. Сен де Apple-дың планшетін сатып 
алғың келеді. Бірақ отбасы бюджетінде  саған мұндай қымбат 
сыйлық әперу жоспарланбаған.  Планшетті өз ақшаңа сатып 
алу жолдарын қарастыр, оған  ақшаны қалай жинар едің?  
1) Ата-анам берген  қалта ақшамды үнемдеймін.
2) .... және тағы басқалары.
Грамматика. Сөзжасам. Туынды сын есімді қайталау. 
Жұрнақтар
(суффиксы)
Прилагательные, 
образованные от именных 
частей речи
1.
-лы,-лі, -ды, -ді, 
-ты, -ті
далалы, орманды, күшті

63
2.
-сыз, -сіз
кінәсіз, баласыз
3. 
-ғы, -гі,- қы, -кі
жазғы, кешкі, сыртқы
4. 
-лық, -лік, -дық, 
-дік, -тық, -тік
қалалық, аудандық, отбасылық
5.
-шыл, -шіл
кекшіл, ойшыл
6.
-шаң, -шең
бойшаң, сөзшең
7. 
-дай, -дей, 
-тай, -тей
тастай, судай
8.
-қой, -қор
сәнқой, әуесқой, еңбекқор
9.
-и, -ы, -і
тарихи, қазақы
Жұрнақтар
Прилагательные, 
образованные от глагола
1.
-ғак, -гек, -қақ, -кек, 
-ақ, -ек
жабысқақ, үркек
2. 
-ақ, -ік, -қ, -к
ақсақ, ашық
3. 
-ғыш, -гіш, 
-қыш, -кіш
білгіш, айтқыш
4.
-ғыр, -гір, -қыр, -кір тапқыр, алғыр
5.
-шақ, -шек
ұялшақ, мақтаншақ
6.
-ынды, -інді, 
-нды, -нді
асыранды, үйінді
7.
-малы, -мелі, -палы, 
-пелі, -балы, -белі
ауыспалы, созбалы, аспалы
8.
-ымды, -імді, 
-мды, -мді
шыдамды, төзімді
9.
-аған, -еген
қабаған
10.
-улы, -улі
ілулі, асулы
11.
-ыңқы, -іңкі, 
-ңқы, -ңкі
басыңқы, бағыныңқы
көтеріңкі
9. Оқылым. Мәтінді оқыңдар.
Коммуналдық шығыстарды басқару.
Тегін әрі шектеусіз қордың болу заманы баяғыда өткен. 
Бұл  күні  суды,  электр  қуатын,  жылу  беру  жүйесін  және 
газды пайдалану төлемі күн өткен сайын қымбаттай түсуде. 
Ай  сайын  отбасы  бюджетінен  коммуналдық  шығыстарды 
өтеуге  қомақты қаржы кетіп жатады. Шығыстың бұл бөлімін 
қысқартудың  ең қарапайым тәсілдеріне тоқталып өтейік.  
Ыстық  және  суық  суды  пайдаланғанда    суды  есептеп 
тұратын  құралдың болмауы үлкен қаржы шығысына апарып 

64
соқтырады.  Суды үнемді пайдаланған кезде оған орнатылған 
есептегіш  –  ақшаны  үнемдеудің  жақсы  тәсілі  екенін  естен 
шығарма.
Электр қуаты.  Бүгінгі таңда үкімет тарапынан  электр 
қуатын  үнемдеу  үшін    барлық  жағдай  жасалған.  Үйде 
қолданылып жүрген әдеттегі қыздырғыш шамдарды электр 
қуатын  үнемдейтін  түрлеріне  ауыстыруға  болады.  Қуатты 
үнемдеумен  қатар,  ондай  шамдар    тұтынушыға  8-10  жыл 
бойы    қызмет  етеді.  Жаңа  тұрмыстық  техниканы  сатып 
аларда электр қуатын үнемдейтіндігіне қарап таңдау керек. 
Әдетте, олардың бетінде «А тобы» деген белгі тұрады. Егер  
таңдау жасауға қиналсаң, кеңес беруші-сатушымен ақылдас. 
Ол саған электр қуатын үнемдейтін үлгіні таңдап бере алады.
«Отбасылық бюджетті басқару негіздері» кітабынан.
10. Тілдесім.  Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Мәтін не туралы?
2. Өз отбасыңда коммуналдық шығыстарды өтеуге қанша 
қаржы кететінін білесің бе?
3.  Коммуналдық  шығыстардың  көлемін  қалай  азайтуға 
болады деп ойлайсың?
4. Сенің пәтеріңде ыстық және суық суға есептеуіш құрал 
орнатылған ба?
5. Жаңа тұрмыстық техниканы сатып аларда қалай таңдау 
керек?
6. Таңдауға қиналсаң, кіммен  ақылдасу керек?
11.  Жазылым.    Мәтіннен  сын  есімдерді  тауып,  үлгі 
бойынша бөліп жазыңдар.
Үлгі: негізгі сын есімдер: тегін, ... туынды сын есімдер: 
өлшеусіз, ...
12.  Жазылым.  Мәтіннің  бірінші  азатжолын  көшіріп 
жазып, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
13.  Жазылым.    үй  төлемінің  түбіртегін  толтырып 
үйренеміз. 

65
көрсетілген  қызметке  төлемақы  –  оплата  за  оказанные 
услуги 
дербес шот                                    – лицевой счет
төлеуші                                          – плательщик
жалпы аудан                                  – общая площадь
сумен жабдықтау                          – водоснабжение
суды бұру                                      – водоотведение
эксплуатациялық  шығындар      –  эксплуатационные 
расходы
есептелген                                     – начислено
қайта есептеу                                – перерасчет
өсімақы                                          – пеня
қарыз                                              – долг
артық төлем                                   – переплата
төлемге                                           – к оплате
төлеу мерзімі                                 – срок оплаты
ІV. Сабақты бекіту және қорытындылау (4 минут)
- Балалар, сендер бүгін қандай ақпарат алдыңдар?
- Қандай қосымша ақпарат алғыларың келеді?
- Бүгінгі сабақта қанша сөз үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақта қандай мәселе көтерілді?
V.  Бағалау  (2 минут)
VІ. үйге тапсырма (2 минут)
1. Тақырып бойынша сұхбаттасуға дайындалу.
2. Отбасының  коммуналдық төлемдерге  кеткен қаражаты 
жөнінде жазғанын ауызша баяндау. 
3. Мәтін мазмұны бойынша аннотация жазу. 
Жалпы  «Отбасы  бюджеті»  тарауындағы  материалдарды 
меңгеру    оқушы    үшін  аздап  қиындық  туғызуы  мүмкін. 
Өйткені  осы  уақытқа  дейінгі    қолданыстағы  оқулықтарда 
бұл  тақырып  мүлдем  оқытылмағандықтан,    оқушылардың 
тақырып  төңірегінде    сөздік  қорлары    жинақталмаған. 
Сондықтан  да  оқушыға  бұл  тарауды  меңгерту  мұғалімнен 

66
үлкен дайындықты қажет етеді. 
«Отбасы бюджеті» тарауы арқылы оқушылар экономика, 
отбасылық бюджет, қаржы саласындағы  жиі қолданылатын 
лексика  мен  грамматиканы    меңгереді.  Тақырып  бойынша 
өзіндік  көзқарасы    қалыптасып,    экономикалық  ой-өрісі 
дамиды,  қаржылық сауаттылығы артады.  
«Отбасылық  бюджетті  басқару»  тақырыбы  «Отбасы 
бюджеті»  тарауының  2-сабағы.  Жаңа  сабақты  бастамас 
бұрын  үй  тапсырмасын  сұрау  барысында    алдыңғы 
«Отбасылық  бюджет  дегеніміз  не?»  тақырыбы  бойынша 
барлық тапсырмаларға шолу жасап өту керек. Мұның жаңа 
тақырыпты  меңгертуде  тигізер  пайдасы  зор.  Тақырыптық-
күнтізбелік  жоспарда  бұл  тақырыпқа  3  сағат  беріледі. 
Сондықтан    қай  жұмыс  түрін  қай  сабақта  қолданатынын, 
қандай  әдіс-тәсілдерді  пайдаланатынын    мұғалім  өзі 
жоспарлай алады.   
Жаңа  сабақ  сөздікпен  жұмыстан  басталады.  Жаңа 
тақырып  бойынша  меңгерілетін  сөздер  мен  сөз  тіркестері 
мыналар: отбасы мүшелері, басқару, жоспарлау, анықтау,  
кіріс,  шығыс,  төлем,  жарату,  қаржылық  мақсат,  
қаржылық  жоспар,  нұқсан  келтірмеу,  құн,  қатаң  тәртіп, 
қаражат, сұраныс,   еңбекақы, қажеттіліктерге жұмсау. 
Бұл  сөздердің  бәрі  жаңа  сабақтағы  тапсырмаларда    жиі 
кездеседі.  Енді  осы  сөздерді  есінде  ұзақ  сақтауы  үшін 
оқушылар  оқулықтағы мына тапсырмаларды орындайды:
1.  Бұл  тапсырма    жаңа  сөздерді  фонетикалық  тұрғыдан 
дұрыс айтуға арналған. Егер оқушы сабақтың басында жаңа 
сөздерді  дұрыс  айтып  жаттықпаса,  сол  айтып  үйренгені 
бойынша  қалыптасып  кетуі  мүмкін.  Сондықтан  бұл 
тапсырмада дыбыстар мен жаңа сөздердің дұрыс айтылуына  
ерекше  мән  берген  жөн.  Тапсырма  бойынша  оқушылар 
басым   сөздерді оқиды, сөздіктен қарап  аудармасын табады.  
Осылайша жаңа сөздерді бірнеше рет оқып, қайталау арқылы 

67
оқушының тілі жаттығады әрі есінде қалады. Оқушы жаңа 
сөздерді дұрыс айта білсе, оның сауатты жазылуына да мән 
береді. 
2. Оқушының назарын жаңа сабаққа аудару мақсатында 
сабаққа  қатысты  сөз  тіркестерімен  сөйлем  құрастыруға 
тапсырма беріледі. Мәтінге дейінгі  бұл  тапсырмалар мәтінді  
меңгерту барысында пайдасын тигізеді.
3. Мәтінді тыңдалым арқылы меңгерту. Тыңдалым, яғни, 
аудирование – соңғы жылдары  оқу үдерісінде кеңінен орын 
алып  жүрген  маңызды  салалардың  бірі.  «Аудирование»  
деген термин «есту арқылы түсіну»  деген мағына береді. Тіл 
үйренуде тыңдалымның маңызы мен ерекшелігін белгілейтін 
ең  басты  көрсеткіш  –  тыңдалымға  арналған  мәтін,  яғни, 
аудиомәтін.  Аудиомәтінмен  жұмыс  істеудің  тиімділігі 
мынада:  біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен 
жеткізеді;  екіншіден,  оқушының  бақылаушылығы  мен 
талдау дағдыларын жетілдіреді; үшіншіден, өз пікірін, ойын 
тұжырымдап  айтуға  үйретеді.  Таспа  арқылы  тыңдалатын 
мәтін  оқушының  тілін  дамытады.  Тіл  үйренудегі  тыңдау 
сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін 
қазақ тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған 
мәтін бойынша сұрақ қою 
– 
ең тиімді жол, өйткені оқушы 
сұраққа  дұрыс  жауап  беру  үшін  мәтінді  ынтамен  тыңдап, 
мәнін түсінуге тырысады.
4. Оқушының мәтінді қай деңгейде түсінгенін тексеруге 
арналған тапсырма. Мәтіннің әр азатжолындағы негізгі ойды 
білдіретін сөз тіркесі немесе сөйлемді теріп жазады. 
5.  Жазғандарына  сүйеніп  мәтіннің  қысқаша  мазмұнын 
айтып шығады.
6. Сұхбат жаңа лексикалық минимумды қамтитындықтан, 
сұхбат  бойынша  тапсырмаларды  орындау  барысында  оқу-
шының отбасы бюджетіне байланысты сөйлеу дағдысы қа-
лыптасады. Әуелі сұхбатты мұқият тыңдап, кейіпкерлердің 

68
сөйлеу  мәнеріне  оқушылардың  назарын    аудару  қажет.  
Сұхбат  мәтіні  арқылы  оқушы  тағы  да  жаңа  сөздерді 
тыңдайды, оқып жаттығады. Сұхбатпен жұмыс жүргізгенде  
рөлге бөліп оқу, дауыс ырғағын жөндеу, берілген тақырыпта 
өз бетінше сұхбаттасу жұмыстарын жүргізуге болады
7.  Сұрақтарға  жауап  алу  арқылы  оқушылардың 
жоғарыда берілген мәтінді қалай түсінгендерін тексеру   әрі 
оқушыларды сөйлеуге жетелеу көзделген. 
8.  Жағдаят.  Жағдаяттық  тапсырмалар  оқушылардың 
қызығушылығын  тудырып,  өздігінен  шешім  жасауға 
ынталандырды,  қазақ тілінде белгілі бір өмірлік жағдаяттар 
төңірегінде сөйлесім дағдылары дамиды.   Бұл жағдаяттық 
тапсырманы  орындау  барысында  мынадай  нәтижеге  қол 
жеткізуге болады: тапсырма мазмұны оқушы өміріне етене 
жақын болғандықтан, шынайы орындалады,  оқушылардың 
шынайы  коммуникативтік  қажеттілігіне  дәл  келіп,  белгілі 
ортада  өз  ойын  жеткізуге  көмектеседі,  сондықтан  ол 
оқушылар үшін қызықты болды. 
9. Тапсырмаларда оқушыларға коммуналды шығыстарды 
басқару  жөнінде  пайдалы  кеңестер    беріледі.  Бұл 
тапсырмалардың мақсаты – коммуналдық төлемдерді төлеу   
кезінде  жиі  кездесетін  лексикалық  минимумды  меңгерту, 
оқушыны өз бетінше сөйлеуге дайындау. 
10.  Оқушылардың    мәтінді  қалай  түсінгендерін  тексеру 
мақсатында сұрақ-жауап әдісі  қолданылады. 
11. Тапсырма сын есімді  қайталауға берілген. Оқушылар 
туынды  сын  есімдер  тудырушы  жұрнақтарды  алдында 
берілген  кесте  арқылы  қайталайды,  негізгі  және  туынды 
сын  есімдердің  айырмашылықтарын  тапсырманы  орындау 
арқылы естерінде сақтайды.
12. Сөйлем мүшелерін  қайталауға берілген тапсырма. 
13.  Тапсырма  қазақ  тілінде  қысқаша  мәтін  жаза  білуге 
үйрету  мақсатында  берілді.  Оқушы  отбасы  бюджетінің 

69
коммуналды  шығыстарға  кететін  қаражатын  нақты  жаза 
отырып,    пәтерақы  түбіртегінде  кездесетін  қазақша 
атауларды    сауатты  жазып  үйренеді.    Жаңа  сөздерді  әдейі 
жаттамай, жұмыс барысында есте сақтайды. Бұл тапсырмада 
сауатты жазуға және сөйлемдердің стильдік жағынан  дұрыс 
құралуына мән беру қажет.
  Үй  тапсырмасын  бергенде,  жаңа  сөздерді      әдейі  
жаттау  емес, жұмыс барысында есте сақтау керек екендігін 
ескерген жөн.  Сондықтан да,  үй тапсырмасына оқулықтағы 
тапсырмалардан  басқа  тақырыпқа  қатысты  жоба,  эссе, 
конспект,  аннотация  сияқты  оқушы  қызығушылығын 
тудыратын  өздік  жұмыстар  беруге  болады.  Ал  бұл 
тапсырмаларды мұғалім оқушының білім, білік деңгейлерін, 
психологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып  береді. 
Мысалы, орыс сыныптарында  қазақ тілін  еркін меңгерген 
қазақ  балалары  кездеседі,  оларға    жоба,  эссе  сияқты 
шығармашылық  ізденістерге  жетелейтін  тапсырмалар 
берілсе,    тілді  орта  деңгейде  меңгерген  балалар  үшін 
өлеңнен  үзінді  жаттау,  сұхбат  түрлерін  оқып  жаттығу 
сияқты  жеңілірек  тапсырмалар  беруге  болады.  Сондай-ақ,  
алдыңғы  сабақта  үйге  берілген  тапсырмаларды  уақытында 
ұмытпай тексеріп отырған жөн. Ол – оқушыларды сабаққа 
жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарауға жетелейді. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ф.Оразбаева. Қазақ тілін деңгейлік меңгеруге арналған 
«Қазақ  тілі»  оқу-әдістемелік  кешені.  А.,  «Жазушы»,  2007. 
Авторлық құрамда;
2.  Д.Шардарбеков.  Қазіргі  заман  сабағы:  құрылымы, 
талдау әдістері. А., 2008;
3.  Қ.Қадашева.  Оқу  орыс  тілінде  жүретін  жалпы  білім 
беретін  мектептердің  5-11-сыныптарына  арналған  «Қазақ 
тілі»  деңгейлік  оқу-әдістемелік  кешені.  Астана:  «Ел-Рун», 
2010. Авторлық құрамда.

70
Педагог пайымы
Айнұр ЕРДЕНОВА,
Ақмола облысының
Щучинск қаласындағы
Жоғары техникалық мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы.
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВТЫң 
«ДАРАБОЗ» РОМАНЫНДАҒЫ 
ТАРИХИ ШЫНДЫҚ
Тарихи  романдар 
– 
өткен  тарихтың  маңызды 
оқиғала-рын  қайта  жаңғыртып,  оларды  көркем  түрде 
баяндайтын  туындылар.  Жазушылар  тарихи  романда 
тарихты  жаңғыртумен  шектеліп  қоймай,  адамгершілік, 
психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл 
бөледі.
Тарихи  шығарма  сол  өткен  заманның  әлеуметтік-
эстетикалық  қайта  құрылымы  ғана  емес,  онда  бүгінгі 
уақыттың  да  философиялық  тұжырымдамасы  жатады. 
Тарихи  шығармалардың  өмір  танытқыштық  мәнін  айтқан 
кезде,  онда  бүгінгі  рухани  тіршілігімізге  қатысты  көп 
мәселелер қамтылатынын ескеру керек.
Ел  бірлігі,  ұлт  бірлігі  70-80  жылдардағы  қазақ  тарихи 
романдарының  басты  тақырыбына  айналды  және  таптық, 
революцияшылдық  ағымдағы  әдебиеттен  өзгеше  аңғар 
танытты.  Қазақ  елінің  сан  ғасырлық  тарихын  байлар  мен 
кедей  таптардың  қырқысуында  көрсет  деген  тоталитарлық 
саясаттан бұра тартып, басқаша сарында бағыт алды. Бүкіл 
қазақ  даласы  көркем  шығарманың  негізгі  эпикалық  өрісі 
болғанда, сол даланың ұлт-азаттық идеясын ту етіп көтерген 

71
қазақ тарихы қаһармандары оның бас кейіпкеріне айналды.
Тәуелсіздік  жылдары  Жұмаділов  қаламының  қарымы 
тіптен  асқақ  естілді.  Тәуелсіздіктен  бергі  кезеңде  жазушы 
қаламынан  «Дарабоз»  роман-дилогия,  «Прометей  алауы», 
«Қыл  көпір»  романдары  мен  тағы  қанша  әңгіме,  повестер 
туды. Қазіргі кезде біреулер жарапазан айтқандай жалаулатып 
жүрген ұлттық идеология туралы алғашқы болып айтқан да, 
жазған да Жұмаділов болатын.
90-жылдары  қазақ  елі  ежелгі  арманы  тәуелсіздікке 
қол  артқанда  тарихи  роман  тың  серпін  танытып,  бұның 
алдындағы  туындыларда  жеріне  жеткізе  қазылмаған, 
аршылмаған  көп-көп  жаңалық  ақиқаттарды  бүкпелемей, 
сыздықтатпай  бар  дауыспен,  ашық  айтып  берді.  Бұл  ретте 
алдымен  ауызға  алынатын  шығарма 

  жазушы  Қабдеш 
Жұмаділовтың «Дарабоз» роман-дилогиясы.
Шығармаға  «Қаракерей  Қабанбай  батыр  туралы  тарихи 
роман»  деген  қосалқы  ат  қойылған.  Роман  екі  кітаптан 
тұрады.  Бірінші  кітабының  аталымы  –  «Толас».  Екіншісі 
–«Шүршіт  шапқан»,  «Алаш  туы  астында»  және  «Ақырғы 
айқас» дейтін үш бөлімнен бас құрайды.Қаракерей Қабанбай 
батыр  –  ХVІІІ  ғасырдың  маңдай  алды  тұлғаларының  бірі. 
Абылай  хан  үкілеуінде  –  дарабозы.  Оның  есімі  фольклор, 
қазақ  ауызекі  эпосында  және  талай  тарихи  көркем 
туындыларда ерекше бейнеленіп отыратыны белгілі. Мұның 
бәрін «Дарабоз» романының авторы мұқият есепке алған
.
Жазушы  шығармасы  құпталып  та,  қай  тұсы  сыналып 
та  үлгерді.  Өз  тарапымыздан  айтсақ,  құпталатын  тұстары 
әлдеқайда  басым.  Роман-дилогияның  ұзына  бойына  әдемі 
әуенімен  баурайтын  ән  қайырмасындай  кредосы  бүгін 
ары тарт пен бері тартқа салынып дау-дамайлатып жүрген 
ұлттық идея түсінігінде жүрегіңнің ең төрінен орын алады. 
Ол  кредо  Төле  би  сөзімен  былайша  тұжырымдалады:  «...

72
Халқымыздың қазақ деген есімі 

 азат деген сөзбен төркіндес. 
Азаттықтан  айырылғаны 

  қазақтың  құрып  біткені...». 
Қазақ  ұлттық  есіміміз  үш  жүз  боп  бөлшектенуден  емес, 
үш  жүздің  ажырамас  тұтастығынан  тұрады  дейді  роман. 
Шығарма  соңғы  нүктесіне  дейін  сол  мәселелі  жауапты 
ойға  толы.  Халық  боп  бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас 
шығармай, төре, сұлтандардың бір қазақты үшке жарып, ру-
руға бөлшектеуінің салдары Ақтабан шұбырындыға әкеліп 
соқтырды.  Біртұтастығы  бұзылғанда  небары  үш  түмен 
жоңғардан қынадай қырылдық. Қазақтану мектебінде бұдан 
ауыр сын болмаса, Қабдеш романы сол тарихи сынның әр 
түрлі сабақ салдарын тексереді.
Жоңғар  халқы  -  бір  әскер,  бір  жұдырық.  Ал  үш  жүзге 
бөлшектенген  қазақ  рулары,  тіпті,  Аңырақай,  Алакөл 
жеңістерінен  кейін  де  етек-жеңін  жия  алмай,  жан-жаққа 
сауын айтып, жасақ жинаумен әлек. Бас кедергі 

 төрелердің, 
ру  басыларының  бақталастығы.  Шығарманың  бастапқы 
жолдарынан-ақ  оқырман  бас  қатырып  мәңгірткен  сол 
кінәраттың  тамырын  ұстағандай  болады.  Әбілмәмбет  хан 
өткізіп отырған кеңесте ру, тайпа қошқарларының арасында 
ұйымшылдық  аз,  күдікшілдік  көп.  Қақтығыс  қай  тұста 
ұрыс-керіске  соға  жаздап  барып,  әзер  басылады.  Өйтпеске 
амалдары  жоқ.  «Мұндайда  өкпелеген  ағайын  өзі  ғана 
кетпейді,  қазақ  үшін  қасқалдақтың  қанындай    бірер  мың 
сарбазды соңынан ерте кетеді. Береке-бірлігі жоқ, бәтуасыз 
елге хан болған адамның да маңдайының соры 
– 
бес елі».
Роман  бас  кейіпкерінің  атқаратын  міндетін  бірден 
алдыңа  жайып  салады.  Қазақ  жерін  жаудан  біржолата 
аластау идеясы күн тәртібіне қойылады. Қандай да идеяның 
ұйытқысы 

  адам.  Шығарма  сол  ұйыстырғыш  образ  рөлін 
талай  қанды  шайқастарда  үздік  қолбасылық  қабілетін 
көрсеткен,  қазақтың  шынайы  тарихының  шын  дарабозы 

 

73
Қаракерей Қабанбай батырға «жүктейді». Кей шығарманың 
бас  кейіпкері  сюжет  шиеленісінде  біртіндеп  қалыптасады. 
Ал,  роман-дилогияның  бас  кейіпкері  Қабанбай  жоңғарға 
қарсы соғыстарда қырық жыл аттан түспеген атақты батыр, 
ысылған оқырман көзінде қалыптасқан кейіпкер. Сондықтан 
автор  бас  кейіпкерінің  бейнесіндегі  белгілі  сипаттарға 
қосымша  және  бір  елеулі  қасиеттер  қосады.  Солардың  ең 
көрнектісі  және  татымы  мықтысы  -  Дарабоздың  ұлттық 
идея  ұйытқысы  бола  білгендігі.  Бұл  қасиет  оты  образдың 
барша  тірлік-тынысынан  ұшқындап  тұрады.  Аты-жөні 
найман руының белгілі тармағымен қосақтала аталғанымен, 
бас  кейіпкер  өзін  Алаш  ұлымын,  Қазақ  перзентімін  деп 
сезінетіндігімен  сүйсіндіреді.  Қабанбайдың  қолбасылық, 
батырлық  үлгілері,  үлкен  саясаткерлігі  осы  ұлттық  рухтан 
туындайды. 1748 жылғы ұлы хан Әбілмәмбеттің ордасында 
Түркістанды,  Ташкентті,  ұлы  жүздің  Жетісудай  жаннат 
жерін,  Алтай,  Тарбағатайдың  сулы,  нулы  өңірін  жаудан 
тазарту ісін жүзеге асыру дәл осы бас кейіпкердің 

 Қабанбай 
батыр басқарған сарбаздардың үлесіне тиеді.
Романның жақсы аталуының да, оны сынап-мінелуінің де 
себептерін қазақтың азаттығы, ұлттық арман-тілегі жөніндегі 
авторлық ұстанымның жүзеге асуы деңгейінен іздеу керек.
Біріншіден, әр автордың өзіне ғана тән дүниетанымдық 
мұнарасы болады. Ұлттық мінез, бейне жасаудың жолдары 
қилы-қилы. Кей көркем сурет тарихи фактілермен санасса, 
кей  тұста  санаспайды.  Іріктелген,  жинақталған  тарихи 
шындықпен бірге ойдан қосу аралас жүреді. Кейде тарихи 
шындық  пен  көркем  шындықтың  қарама-қайшы  келетін 
жағдайы да болады. Бір кезде белгілі тарихшы Лев Гумилев 
Ресейді Батыстан төнген қауіптен Батый хан құтқарды, Чуд 
көлі мұз айдынындағы тевтондардың көзін жойған соғыста 
татар  атты  әскері  шешуші  рөл  атқарды  деп  жазды.  Ал, 

74
«Александр  Невский»  фильмінде  татар-монғол  ханы  әжуа, 
сайқымазақ  қалыпта  сықақталады.  Ұлы  Отан  соғысының 
қарсаңында  туған,  халықты  елжандылық  рухта  тәрбиелеу 
ісінде  бағалы  орны  бар  фильмді  қойған  өнер  иелерін  сол 
үшін тарихты бұрмаладың деп сөгуге бола ма?
«Дарабоз» 

 көркем туынды. Әбілқайыр ханның рөлін оң 
бағалайтын тарихи  ғылымның өлшем-таразысына Қабдеш 
Жұмаділов романының сурет бағамы сәйкесе бермеуінде еш 
оғаштық жоқ. Тәуелсіздік пен демократия жағдайында әркім 
өз көзқарасын іркілмей, ашық айтуға құқылы екенін есепке 
алмағанның өзінде де...
Екіншіден,  «Дарабоз»  романы  Әбілқайыр  ханның 
Аңырақай  соғысындағы  ерлігін  жоққа  шығармайды. 
Жоққа  шығармағанымен,  іле-шала  Болат  ханның  орнына 
сайламадыңдар  деп  өкпелеп,  ұрыс  даласынан  Кіші  жүз 
қолын  бөліп  әкеткендігін  жақсы  мінезге  жатқызбайды. 
Жеңістің  жемісін  толық  тере  алмай,  қапыда  қалғанымызға 
Әбілқайырды айыпты санайды.
Үшіншіден,  Әбілқайыр  образы  тақырыбының  астарына 
Қазақстанның  Ресейге  өз  еркімен  қосылу  мәселесі 
қабылданғанын ұмытпау керек. Қазақ қай елге де құл болмау 
керек  дейтін    ұстанымды  басшылыққа  алған  жазушы: 
жолбарыстан қашып, арыстанның аузына түсу қалай болады? 
Арыстан асамайды деп кім айтты? - дейді.
Романда Ресейдің сол кезде қазаққа оң көзімен қарамаған 
фактілері көптеп келтіріледі. Орыс патшасының Әбілқайырды 
алдап  соққанын  айта  келе,  Әбіш  Кекілбаевтың  романында 
көрсетілмеген бір фактіні еске салады. Әбілқайыр хан Еділ-
Жайық арасынан қоныс сұраған екен. Патша қоныс бермек 
түгіл, бұл екі өзеннің маңына бұратана атаулыны жуытпауды 
шығарған. Жайықтың екі қапталынан әлденеше шақырымға 
дейін  от  қойып  өртеп  жіберген  соң,  ол  өзеніңе  енді  қазақ 

75
малын  да  суара  алмайтын  болған.  Сауда  істеп,  қару  алып 
жырғап жатыр дегені де 

 құр қауесет. Патша, тіпті, бұратана 
халыққа күрек, орақ, балта сияқты темір бұйымдарды суық 
қару жасауға пайдаланады деп сатуға да  тыйым салған. Жай 
қара темірін қимай отырған патшалық бізге от қару беруші 
ме  еді?  -  дейді  романның  орталық  кейіпкерлерінің  бірі   

Абылай хан.
Төртіншіден,  Ресей  өзге  жұртты  «өз  еркімен 
қосып  алуында»  қазақтың  бірқатар  бетке  шығарының 
дүниеқоңыздығын  кеңінен  пайдаланған.  Орыс  отаршы-
ларының  лорд  Керзон  мақтаған  зымиян  тәсілінің  қазаққа 
да  қолданыла  бастағанын  роман  Әбілқайыр  ханның  күйеу 
баласы  Шақшақ  Жәнібектің  мысалында  есте  қаларлықтай 
етіп суреттейді. Орыс патшасынан тархан шенін  алғаннан 
бері «сән-салтанаты ат тарта алмайтын дәрежеге жетіпті» деп 
шенейді. Оның хан кеңесінде ақ патшаға арқа сүйемейінше, 
жоңғар алдыра қояр ма екен деп тәлімсігенін Төле би қатты 
түйіліп  сөгеді.  Жасағың  не  күйде?  «Бәлкім,  Әбілқайыр 
екеуің  етегінің  астына  барып  тығылған  қатын  патшаның 
рақымы  түсіп,  жеріңді  жаудан  тазартып  беретін  шығар? 
Орыс 
– 
өнерлі  жұрт  қой.  Бірақ  аузыңды  ошақ,  мұрныңды 
мұржа етіп, түтін жұтқаннан өзге үйренген өнерің бар ма сол 
елден? Тархандығың ел қорғайтын қалқан болмай, мойныңа 
салған арқан болып жүрмесін!» деп келекелейді.
«Дарабоз» роман-дилогиясының «Түйінінде» автор «ұзақ 
жыл архивтің шаңын қаққандағы» алға қойған «міндетіміз 
тарих  жасаушылардың  бұрмалаған  фактілерін  орын-
орнына  қойып,  белгілі  бір  жүйемен  баяндап  беру  ғана..» 
дейді.  Бұндағы  жүйе 

  қай  жүйе?  Біздіңше,  кейіпкерлер 
қатынасынан туындайтын сюжеттің айтпағы 

 елдің елдігін, 
ұлттың  ұлттығын  сақтау  идеясының  күні  бүгінге  дейінгі 
зәрулігі.  Ол  жағын  автор  романында  толық,  жан-жақты, 

76
терең ашып көрсетсе де, авторлық түйін сөзінде, не себепті 
екені  белгісіз  бұл  пікірін  шегіне  жеткізбей  іркіп  қалған. 
«Абылайдан соң арада тура екі жүз он жыл өткенде, қазақ 
елі тәуелсіз мемлекет болып, жасыл туы көк жүзінде қайта 
желбіреді»  деген  қорытындысын  романның  идеялық-
эстетикалық  тұрғысымен  байланыстырып,  жалғай  түспей, 
қарапайым қысыр кеңеске бұрылып кеткен.
  «Дарабоз»  роман-дилогиясының  дүниеге  келуі  тағы  да 
сол тәуелсіздік тауқыметінен туып отыр. Бүгінгі бұқаралық 
ақпарат  құралдарын  оқыған  кісіге  тәуелсіздікке  қол 
жеткізгенімізден оны қорғау одан да қиын екен ғой дегізеді. 
Сол  алаңдаушылық  «Дарабоз»  романының  өнбойынан, 
өткір, өтімді сөз, ақ жүрек жүйесінен айқын сезіліп отырады.
Әдебиет  құдіреттілігі 

  көркем  сөздің,  оның  иесінің    
жаны  мен  қаны  ұлт  рухынан  жаратылғанында.  Не  заман 
тусын, айтқан сөзі халық сұранысына, халық тілегіне сәйкес 
келеді. 
Жоғарыда 
талданған 
ірі 
тарихи 
шығарма, 
Қабдеш  Жұмаділовтің  «Дарабоз»  роман-дилогиясы  - 
тәуелсіздігіміздің  кешелі-бүгінгі  тауқыметінен  туған 
дүниелер.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет