Мектебінде



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата06.04.2017
өлшемі2.98 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
                                   
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.
   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 
       МЕКТЕБІНДЕ 
  Казахский язык и литература 
              в русской школе
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
БАСЫЛЫМ
   2001 жылдың
  қаңтар айынан     
12/2012 
ЖЕЛТОҚСАН
 
бастап шығады
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   
ИЗДАНИЕ
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 
ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 
БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 
Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     
МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     
САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 
 
 
«Білім және 
Ғылым» 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
ай сайын 
шығатын 
республикалық 
ғылыми - 
педагогикалық 
жұрналы 
 

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Мұғалімдерге  көмек
Зәуреш НҰРЫМОВА.                     Қазақ тілін оқытудың тиімді
                                                             технологиялары....................................................3
Әлия ҚАДЫРБАЙҚЫЗЫ.             Қазақ тіліне тән дыбыстармен жұмыс
                                                             істеуге арналған таблицалар..............................16
Әдістеме  әлемінде:  қазақ  әдебиеті
Гүлматан ТЕРЕКБАЕВА.               Абай мен Құнанбай бейнелері..........................22
Айжан АБДРАСИЛОВА.                 Бұқар - ел бірлігінің үгітшісі............................28
Венера ҚАБЫЛҒАЖЫҚЫЗЫ.     Ахмет Байтұрсынұлы. «Аққу, 
                                                              шортан һәм шаян...............................................41
Гүлбақша ШОЛОШОВА.               Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен
                                                              шығармашылығы...............................................49
Қазақ тілі орыс аудиториясында
Айгүл СЕРІКБАЙҚЫЗЫ,               Повторение и обобщение знаний по теме
Галина ШЕМИНГ.                           «Фразеологизмы»................................................54
Қазақстан тәуелсіздігіне - 21 жыл
Алмагүл ШАЯХМЕТҚЫЗЫ.         Тәуелсіздік - тұғырым.......................................64
Татьяна ДЖУНУСОВА.                  Тәуелсіздік - ел тілегі........................................69
Жидегүл ҚОЙШЫҒҰЛОВА.          Егеменді болмай - ел болмас,
                                                              Тәуелсіз болмай - жер болмас..........................72
Майпруза НҰҒМАНОВА.               Тәуелсіздік таңы................................................76
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Бақытхан ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ.    Жалғауларды дұрыс қолдана білу....................86
Ботагөз СӘРСЕКЕЕВА.                   Сөйлеу дағдылары мен Қазақстанның 
                                                               белгілі спортшылары........................................91
Шынар НЕСІПБАЙҚЫЗЫ.            Тіл дамытуда - киіз үй......................................95
Гүлнұр ОМАРОВА.                           Ы дыбысы мен әрібі.........................................99
Даржан ЕМЕНТАЕВА.                     Сын есімді оқыту.............................................103
Әлия МҰҚАТАЕВА.                          Сын есімнің түрлері.......................................106
Индира БАЙМУЛДИНА.                 Сөйлем құрататын Астанаға саяхат...............111
Салтанат ОРАЛОВА.                        Етістер..............................................................117
   
Сәтті сағат ойыны
Гүлмира ҚИБАТҚЫЗЫ.                  Қожа мен жол қозғалысының
                                                               инспекторлары................................................120
Майра КАРИЕВА.                             Қос тіл білу - өмір талабы..............................126
Білім  сынағында
Анар ШАЯХМЕТОВА.                     Ұлттық бірыңғай тестіге арналған
                                                               танымдық сұрақтар.........................................131
Әлия ЖАРКИМБАЕВА.                   Қазақ әдебиеті пәнінен тест сауалдары........137
Рухани дүниемізде
Гүлнұр НҰРҒАЗИЕВА.                     Қазақтың салт-дәстүрлері..............................140

3
Мұғалімдерге көмек
Зәуреш НҰРЫМОВА, 
Ұлықбек атындағы 
№3 жалпы орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
Шымкент қаласы. 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ    
ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
XXI  ғасырдың  жан-жақты  зерделі,  дарынды,  талантты 
адамын  қалыптастыру  бағытындағы  білім  беру  мәселесі 
–  мемлекетіміздің  басты  назарында.  Білім  мен  ғылымның 
Қазақстан  дамуына  оңтайлы  әсер  етуі  үшін  дүниежүзілік 
кеңістігіне  ену,  білім  берудің  тиімді  жолдарын  қарастыру, 
оқыту  жүйесін  заман  талабына  сай  үйлестіре  алу  міндеті 
туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар 
қойылуда.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  мұғалімге  білім  берудің 
тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. 
Қай кезеңде, қай заманда болмасын, мектептегі басты тұлға – 
мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, 
иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын 
туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой-
танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын 
қазақ  тілін  оқыту  үдерісі,  оны  ұйымдастырушы  мұғалімге 
жауапты  міндет  жүктеледі.  Сонау  XX  ғасырдың  басында 
Жүсіпбек  Аймауытов:  «Сабақ  беру  –  үйреншікті  жай  ғана 
шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген 
екен.

4
Сондықтан  қазіргі  таңдағы  педагогика  жаңалықтарын, 
қазіргі қолданылып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана 
білу  –  оқыту  мақсатына  жетудің  бірден-бір  жолы.  Өз 
тәжірибемде,  оқыту  барысында  алдыма  қойған  мақсатым 
–  баланы  субъект  ретінде  оқу  ісіне  өзінше  қызықтыратын, 
оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы – 
оқу  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру,  оқушылардың  оқудағы 
іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше 
білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы (іс-әрекет арқылы) 
жүзеге  асады.  Мұғалім  –  ұйымдастырушы,  бағыт  беруші. 
Оқыту  барысында  білім  жүйесі  негізінде  төмендегідей 
қойылады: 
Оқы, сұрақ қой, түсін. 
Түсіндір, болжай біл.
Қолдан, талда.
Салыстыр, жинақта.
Пайымда (бағала).
Өзіңе-өзің сын көзбен қара.
Әр уақытта оқушыларға төмендегі сұрақтар басты назарда 
болуы ұсынылады.
                    Не? 
        Қалай?      Қандай?
Тіл жүйесіндегі орыны?
Не үшін қажет?
Пайдалана аламыз ба?
 

5
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Білім алуға жетелейтін әдіс-
тәсілдерді
(технологияларды) пайдалану.
Өздігінен білім алудың жолдарын
ойластыру, ұсыну, әдіс-тәсілдерді
жүйелі қолдану.
Оқушы еңбегін ұйымдастыра 
білу.
Оқу үдерісін ұйымдастыру, 
жолдарын ойластыру.
Оқушы пікірімен санасу.
Қарым-қатынас мәдениетін 
тәрбиелеу.
Қадағалау, топ жетекшілері 
арқылы тексеру, бағалау.
Сұрақтар қойып, оған жауап іздеу.
Өздігінен білім алуға
ұмтылу, жауапкершілікпен қарау.
Білім алу үшін қажетті дағдыны 
өз бетімен қолдана білу.
Өз еңбегін өзі ұйымдастыра алу.
Бірлесіп жұмыс істеу.
Басқаларды құрметтеу.
Бір-бірін оқыту, тыңдау, сыйлау.
Сөзге тоқтау.
Проблемаларды анықтап, өздері 
шеше алу.
Топтың мүддесін қорғау.
Өзін-өзі, бірін-бірі бағалау.
VI  орыс  сыныбында  қазақ  тілін  оқытуда  оқу  процесін 
ұйымдастыру  жоспары  модульдік  жүйемен  құрылған 
(М.М.Жанпейісова технологиясы негізінде).
Бұл  әдіс  оқушылардың  теориялық  білімді  аз  уақытта 
меңгеріп,  өз  бетінше  ізденуіне  жол  ашады,  танымдық, 
шығармашылық  жұмыстарға  баулуға  мүмкіндік  береді. 
Сабақ  барысында  ұжымдық  оқыту  тәсілін  (ҰОТ),  топтық 
технологиясын,  профессор  Ж.А.Қараевтың  деңгейлеп 
оқыту технологиясын пайдалануға болады. Сондай-ақ тірек-
сызбалар көрнекілігі, дамыта оқыту, ойын технологияларын 
пайдалану арқылы жоғарыда айтылған мақсат-міндеттер іске 
асырылады.
Мәселен,  «Сөздің  тура  және  ауыспалы  мағынасы» 
грамматикалық, 
«Менің 
достарым» 
лексикалық 
тақырыптарын модульдік оқыту жүйесі бойынша өтудің реті 
төмендегідей болды:

6
Модуль 
құрылысы. 
Сабақ
тақырып-
тары
Сағат 
саны
Сабақ мазмұны 
және түрі
Уақы-
ты
Игеруге 
тиісті 
білім-дағды
I. Кіріспе 
бөлімі. 
1. Граммати-
калық 
тақырып: 
Сөздің 
тура және 
ауыспалы 
мағынасы.
1-са-
бақ.
Оқу моделінің 
құрылысымен 
таныстыру. 
Мақсат-міндетті 
айқындау. 
Тірек-сызбасы 
бойынша мұғалім 
әңгімесі (негізгі 
мәселелер). 
Оқулықпен жұмыс. 
Бірін-бірі оқыту. 
Ұжымдық оқыту 
технологиясы 
(ҰОТ). Келесі 
сабаққа нұсқау.
3-5 м. 
10 м.
30 м.
2 м
Сөз туралы 
түсінік.
Сөздің тура 
және ауыспалы 
мағынасы 
түрлерін 
ажырату, негізгі 
белгілерін білу. 
Өз бетімен 
оқып түсіну. 
Жұптық 
жұмыс.
II. Диалогтық 
бөлім.
2. 
Лексикалық 
тақырып: 
«Менің 
достарым».
2-са-
бақ.
1 .Суретпен жұмыс.
2. Мәтінмен 
жұмыс.
3. Топтық жұмыс.
4. Тіл ұстарту.
10 м. 
20 м. 
5 м 
10 м.
Еркін әңгіме 
құрау. Баға 
беру. Мәнерлеп 
оқу. Өзара 
сұрақ-тапсырма 
алмасу. Сөйлем 
құрау. Сызба 
бойынша 
әңгімелеу. Баға 
беру.
3. Өткен 
сабақты 
пысықтау.
3-са-
бақ.
Шығармашылық 
тапсырма. 
Жаттығумен 
жұмыс. Бекіту.
15 м
20 м
5 м
Жаттығу. 
Тура, ауыспалы 
мағыналы 
сөздерді табу. 
Мағынасына 
қарай талдау. 
Сызба бойынша 
сабақты қорыту.

7
4. 
Лексикалық 
тақырып: 
“Екі дос”.
4-са-
бақ.
1.Сергіту сәті.
2.Топтық жұмыс.
3. “Бәйге” ойыны.
4.Мәтінмен 
жұмыс.
5. “Аукцион” 
ойыны.
6.Шығармашылық 
тапсырма.
5 м
5 м
5 м
15 м
5 м
10 м
Жатқа жазу.
Сөйлем құрау.
Мақал-
мәтелдер айту. 
Мәнерлеп оқу. 
Мәтінді аудару. 
Мазмұндау. 
Синонимдер 
табу. Сөздер 
мен сөз 
тіркестерін 
аудару.
5.Лексикалық 
тапсырма: 
“Досымның 
отбасы”.
5-са-
бақ.
1.Суретпен жұмыс.
2.Мәтінмен 
жұмыс.
3.Шығармашылық 
тапсырма.
4. “Теледидар 
алдында” ойыны.
5. Жаттығумен 
жұмыс.
5 м
15 м
10 м
5 м
10 м
Еркін әңгіме 
құрау. Баға беру. 
Мәнерлеп оқу. 
Сөз тіркестерін 
құру. Өзара 
сұрақ-тапсырма 
алмасу.
Мұғалім-оқушы 
Оқушы-оқушы.
Сұхбат жүргізу. 
Тыңдау, баға 
беру. Талдау.
III. 
Қорытынды 
бөлім.
6-са-
бақ.
Тестік жұмыс.
Сынақ.
20 м
25 м
Зерттеу.
Білімді саралау.
Бақылау 
диктанты.
7-са-
бақ.
8-са-
бақ.
1.Диктант 
мәтінімен жұмыс.
2.Шағын шығарма.
3.Қатемен жұмыс.
4. “Сөз мағынасын 
тап!” ойыны.
5. Шығармашылық 
тапсырма.
20 м
10 м
25 м
10 м
10 м
Тыңдау. Баға 
беру.
Тірек-сызба 
бойынша 
талдау.
Талдау.
Білімді қолдана 
білу. Іздену.
Кіріспе  бөлімде  модульдің  құрылысы,  мақсаты, 
міндеттері,  сөз,  оның  тура  және  ауыспалы  мағыналары 
жайлы тірек-сызбасы бойынша жалпы түсінік беріліп, топқа 
бөлініп, кеспе қағаздар таратылады.
Әр  топ  өздеріне  берілген  тапсырма  негізінде  төмендегі 
алгоритм бойынша жұмыс жасайды (топ 4 оқушыдан). 

8
1. Оқулықтағы берілген мәтінді оқу, түсіну, аудару. 
2. Мысал ойластыру. 
3. Оқығанын ой елегінен өткізу. 
4. Өз сызбасын қағаз бетіне түсіру. 
II.  Жұптық  жұмыс.  Екі  оқушының  бірін-бірі  оқытуы. 
Кеспе қағазының үлгісі.
К.  С-1.  І.Сөздің  тура  және  ауыспалы  мағынасы.  Мысал 
келтіріңдер. 
2. 51-жаттығу, 31-бет (6-сынып). Сөйлемдерден сөздердің 
мағыналарын салыстыру. Оларды теріп жазу.
3.  Сөздерді  ауыспалы  мағынада  қолданып,  тіркес 
жасаңдар.  Ауыр,  қиын,  ыстық,  дастарқан,  жүрек,  қисық, 
теріс, құлақ, терең, таяз, жуан, сұйық, мұз.
К. К-1 
1. Көп мағыналы сөздер. Мысал келтіру.
2.  Мына  сөздерден  қандай  көп  мағыналы  сөздер 
туындайды?
Жұқа киім – ... 
арзан ойыншық –
Ыстық тамақ – 
сары гүл –
Қымбат дүние –
3.  Бас,  жол,  тіл.  Берілген  сөздердің  мағыналарын  тауып, 
сөйлем құрау. 
Кездесу реті.
Жұптық және жұп алмасу.
О с-1-  к-1 V     Ос-1-к-2 V
О  с-2- к-2 V     О с-2- к-1 V
О с-3- к-3  V     Ос-3- к-5 V
О  с-4- к-4 V     Ос-4- к-3 V
О с-5- к-5 V      Ос-5- к-4 V
Кездесу парағы. 

9
Оқушының аты-жөні С- 1 С-2
К-1
К-2
К-3
Мафтуна
Шаира
Сәбина
Фарух
Ұлықбек
О
О
V
V
V
Кездесу  парағына  белгілеу.  Келесі  сабаққа:  қалауы 
бойынша жаттығу орындау.
Диалогтық  бөлімдегі  сабақтарда:  сұрақ  -тапсырмаларға 
жауап  беру,  жекелеген,  топтық  іздендіру  жұмыстарын 
(жаттығу орындау, реферат, тест сұрақтарын әзірлеу, әңгіме 
құрау,  мәнерлеп  оқу,  танымдық  ойындар  құрастыру,  сызба 
дайындау) орындап, ойын, білім бәйгесі сабақтарында бала 
білімін оқушылық деңгейге дейін көтеруге мүмкіндік туды.
Ал қорытынды бөлімде оқушы білімі тексеріліп, олардың 
өз-өзін,  бір-бірін  бағалау  арқылы  жауапкершілік,  өз-өзіне 
сын тұрғысынан қарау қасиетін дамытуға жағдай жасалды.
Бірлескен  ұжымдық  іс-әрекетке  негізделген  оқыту 
технологиясы тиімді пайдаланылған жағдайда ғана нәтижелі 
болмақ.
Ол нәтиже:
•  оқушының оқуға деген қызығушылығының артуы;
•  іскерлік дағдысының дамуы;
•  өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;
•  өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алу, сызба, 
моделін құрастыра алу;
•  мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;
•  ойлау  белсенділігі,  тапқырлығы,  шешім  қабылдау 
әрекетінің дамуы;
•  шығармашылықпен айналысуға талпынысы;
•  өзіндік пікір айтуы.
Қазақ  тілін  оқыту  барысында  қазақ  тілінің  қыр-
сырын,табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын 
таба  алатын,  өзіне  сенімді,  нағыз  ұлтжанды,  парасатты 

10
ұрпақ  тәрбиелеу  үшін  педагогиканың  озық  үлгілерін 
жаңашылдықпен  пайдаланып,  тәжірибені  байыта  түсу  – 
бүгінгі таңның басты мәселесі.
Шылау сөздер. 6-сынып. ТК (техникалық карта).
Мақсаттар 
жүйесі
Тапсырмалар 
(диагностика үшін)
Жұмыстың бағыт-
бағдары
Шылау сөздер
жөніндегі тү-
сінік. 
Тірек жинақ-
тап, күрделен-
діре дамыту. 
Шылау 
сөздерге тән 
белгілер.
Шылау 
сөздердің 
түрлері. 
Сөйлемдегі
шылаулардың 
тыныс белгі-
лерін білу.
Септеулік шы-
лаулар. 
Жалғаулық 
шылаулар. 
Демеулік 
шылаулар.
Ерекшелігіне 
қарай саралау, 
қолдана білу.
Оқып шығып, негізгі 
белгілерін ажыратыңдар.
Шылаудың басқа 
сөз таптарынан 
айырмашылықтарын
анықтаңыздар.
Тірек-сызбаға
түсіріңіздер. Сөйлемнен 
шылау сөздерді тауып, 
ерекшеліктерін дәлел-
деңдер. Шылау сөздерді
(септеулік, жалғаулық, 
демеулік) қатыстырып 
сөйлем құраңдар.
Демеулік шылаулардың 
түрлерін ажыратыңдар. 
Көркем шығармалардағы 
(Ш.Мұртазаның «Қыз 
бен бота» әңгімесіндегі)
шылау сөздердің қолда-
нысын зерттеңдер.
Топтық тапсырма.
Жарыс сабағында 
қолданылатын сұрақ-
тапсырмалар дайындау.
Танымдық ойын 
құрастыру. Тест сұрақ-
тарын әзірлеу. Көркем
әңгімелер немесе 
ойтолғау жазу.
Жақсы сөз – жан азығы.
Сөйлем, оның негізгі
белгілері туралы 
еске түсіру.
Сөйлем мүшесі бола
алмау себебін
анықтауға бағыт 
беру.
Қолданылуы.
Мақсатқа назар
аудару.
Тапсырмалардың
орындалуын 
бақылап, көмек беру. 
Көркем мәтінді, 
мәліметті
оқыту арқылы
сезіміне әсер ету.
Рухани дүниесін
байытуға жетелеу.
Адамгершілік
тәрбиесі.
Жазба, тест жұмысы
арқылы білім, 
біліктерін саралау.
Қосымша түсініктер
беру.

11
Өзіндік әрекетті бағалау жүйесі.
Қанағаттанарлық
Жақсы
Өте жақсы
Түсініп оқу.
Анықтаманы білу.
Жаттығуды
орындау (қалауы
бойынша).
Тыныс белгілерін 
қоя білу.
Түсініп оқу.
Берілген 
жаттығуларды
орындау.
Сызба құрастыру.
Сөйлем құрау.
Қолдана алу.
Танымдық ойындар 
құрастыру.
Сызба бойынша
дәлелдеп 
салыстыру.
Тақырыбын қорғай 
алуы.
Тест құрастыру.
Зерттеу 
жұмыстарын
ойластыру.
Шығармашылық 
жұмыс.
Модульдік  оқыту  әдістемесі  бойынша  жүргізілген  оқу 
үдерісі  оқушылардың  қызығушылығын  арттырады,  бір-
бірімен  қарым-қатынасын  жақсартады,  оқушының  өз 
ойын  толық  жеткізуіне  жағдай  туғызады,  тапсырмалардың 
қарапайымнан күрделілігіне көшуге ынталандырады.
Білімді  жүйелі  түрде  қабылдау  негізінде  оқушылардың 
сауатты сөйлеу және сауатты жазу дағдылары қалыптасады.
Тиімді  технологияның  бірі  –  деңгейлеп  оқыту 
технологиясы  (профессор  Ж.А.Қараев).  Деңгейлеп  оқыту 
технологиясы  мәтінмен  жұмыс,  грамматикалық  тапсырма, 
әсіресе,  пысықтау  сабақтарында  өте  қолайлы.  Бұл  әдіс 
бойынша  әр  оқушы  өзінің  біліміне  сәйкес  тапсырмаларды 
алып,  орындайды.  Оқушының  белсенділігі  мен  іскерлігі 
артып,  шығармашылыққа  ұмтылады.  Қызыл,  жасыл,  сары 
түсті кеспелерге немесе қызықтыру үшін «Ертегілер елінде» 
деген атпен үш кейіпкердің (Алдар көсе, Тазша бала, Қаңбақ 
шал)  салынған  суреттеріне  деңгейлік  тапсырмаларды 
жазып, оқушыларға ұсынуға болады. Әр оқушы өз деңгейіне 
сәйкес тапсырманы таңдап алады және келесі жолы барлық 
тапсырмаларды  орындауға  қызығып  тырысады.  Мысалы: 
І  деңгей.  Төмендегі  жұрнақтарды  қосып,  сын  есім  жаса. 
Мағынасына  көңіл  аудар:  -ны,  -ні,  -ғы,  -гі,  ауызғы  бөлме. 

12
II деңгей. Бос тор көзге берілген сөз бен әріп саны бірдей, 
қарсы мәнді сөздер тауып жаз.
III  деңгей.  Сын  есімнің  түрлерімен  (негізгі,  туынды, 
дара,  күрделі)  қатыстырып,  өз  айналаңдағы  бір  адамның,  
досыңның  не  туысыңның  сөзбен  портретін  жаса.  Сабақ 
барысында  сергіту  сәтінің  де  маңызы  зор.  Әсіресе, 
бастауышта.  Орта  буындағы  сынып  оқушылары  үшін 
грамматикалық немесе лексикалық тақырыпқа байланысты 
өткізілген  сергіту  сәттері  тілді  үйретуде  атауларды,  негізгі 
түйінді  есте  сақтауға  көмектеседі,  өйткені  оқытуға  тиісті 
түйіні беріледі. Оқушы ойында не қалса, алдағы жұмыста да 
солай әрекет қылады.
Мысалы: 
1) Қолымызды көтеріп,
    Ағаш болып шайқалып,
    Жел соқса да тұрамыз,
    Өйткені біз – ағашпыз. 
    Сары, қызыл жапырақ 
    Төгіледі айнала,
    Күзде жапырақ түседі. 
(Күз  мезгіліне  байланысты  құрастырылған  сергіту  сәті, 
1-сынып оқушыларына арналған).
2) Қане, ойын бастайық,
    Санап алып, көрейік.
    Бір дегенде ұшамыз,
    ТУ-104-ке отырамыз.
    Көзді ашып, бір жұмып
    ТМД елдерін аралап
    Екі дегенде қонайық.
    Машинаға отырайық,
    Саяхатты бастайық.
    Жолда МАИ көп екен,
    Қызметкерлер сақ екен.

13
Енді жұмбақ сөздердің
Шешуін ойлап табайық.
(ТУ-104,  ТМД,  МАИ  сияқты  қысқарған  сөздерге 
байланысты  құрастырылған  сергіту  сәті,  6-сынып 
оқушыларына арналған). 
3) Аяқталды тоқсан, міне, 
    Қазақ тілі сабағы. 
    Қане, қолды белге қойып, 
    Бұрылайық оңға біз, 
    Бұрылайық солға біз.
    Әне дыбыс атасы, 
    Кім айтады: тілдің дыбыс жүйесін 
    Зерттейтұғын атасын?  (Жауабы: Фонетика). 
    А мен О-ны қосамыз,
    Сөйтіп әнді саламыз. 
    Кім айтады: А мен О дыбыстың қай баласы?
     (Жауабы: Дауысты дыбыстар) 
    Санап көріп бәріміз,
    Қанша бала атаның 
    Дауыстап әнін айтады?
    (Жауабы:12 дауысты дыбыс) 
    Санап көріп бәріміз, 
    Қанша бала атаның 
    Қатаң, ұяң, үндісі атанар, 
    Шулайды үн мен салдыр етіп? 
    Дауыстылармен буын құрар 
    Үш немересі бар атаның 
    Кім айтады: дыбыстың қай немересі? 
    (Жауабы: 1 қатаң, 8 ұяң, 6 үнді). 
    Дауысты мен дауыссыз
    Ағайынды болыпты. 
    Бірге жүріп, бірге тұрып 
    Үндесіпті бір күні.

14
   
   Кім айтады атаның бұл қай заңы? 
   (Жауабы: Үндестік заңы). 
(Фонетика саласы бойынша құрастырылған сергіту сәті). 
4) Қол, аяқ, бас, көз, мұрын, 
    Бет, маңдай, таңдай, ерін, 
    Қас пен шаш, кірпік те бар,
    Атап шықтық нелерді?
    Адамның дене мүшелері 
    Адамға қызмет етеді, 
    Мағына, ұғым береді.
    Қолды қалай ұстаймыз? 
    Баспен қалай ойлаймыз? 
    Көзбен нені көреміз? 
    Мұрынмен біз не істейміз? 
    Көрдіңдер ме, балалар, 
    Адамның дене мүшелері 
    Адамға қызмет етеді, 
    Мағына, ұғым береді. 
    Атауыш деген сөздер бар,
    Тағы маңы, жаны бар,
    Іші, сырты, алды бар.
    Көмек беріп сөздерге 
    Жұмсалады сөйлемде.
    Мағына жоқ сөздерде 
    Жұмсалады жетекте, 
    Мұндай сөздер көмекші 
    Атауышпен жүреді.
(Атауыш,  көмекші  сөздерге  құрастырылған  сергіту  сәт-
тері, 6-сынып оқушыларына арналған)

15
5) Көңіл күйін білдіру
   «Әттең» деген – өкіну,
   «Алақай» ол – қуану.
   «Жә»деген ол – жекіру,
   Мұндай сөздер – одағай.
   Болады екен тым оңай.
(Одағай сөздерге байланысты құрастырылған сергіту сәті, 
6-сынып оқушыларына арналған)
6) Ұстаз сабақ бастады:
- Қане, балалар, тұрамыз,
   Әдемі шеңбер құрамыз,
   Санамақты бастаймыз,
   Сөз таптарын санаймыз:
   1, 2, 3, ... 9
   9 саны ортада,
  Атап айтып бастаңыз:
Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, еліктеу 
сөз, шылау, одағай.
(Сөз таптарына құралған сергіту сәті әрі санамақ)

Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет