Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!




бет3/10
Дата09.01.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақ дүниетанымындағы 

Ислам рөлі

 

„



Бүгінгі таңда діннің мәні мәселеге айна-

лып, ондағы адасқан ағымдар біз тұрмақ, 

әлемді алаңдатып отыр. сан түрлі сауал 

туғызған қызып тұрған темірдей бұл мәселе 

бойынша қала жас-тары елімізде тұңғыш 

ашылған Халықаралық жоғары оқу орнының 

оқытушысы, дінтанушы ғалым Зікірия Жан-

дарбекпен кездесіп, оралымды ойларын 

ортаға салды.

старымыз басқа ағымдарға кетіп жатыр. Неге бұлай болды? Бұл мәселеге 

абай болмасақ, егемен еліміз де, мәдениетіміз бен руханиятымыз да та-

рихтан кетуі мүмкін. Қазіргі жер бетіндегі ұлы деген халықтардың барлығы 

өздерінің мыңдаған жылдар бұрын қалыптасқан мәдениеті мен дінін, 

әдет – ғұрып, салттарын сақтағандықтан ғана жойылып кетпей, жоғары 

дәрежеде өмір сүріп келеді. Қасымыздағы орыстар мен жапондықтар 

сынды халықтарда жағдай солай. Яғни дәстүрлі діні мен салтын сақтаған 

ел ғана жер бетінде тұрақты өмір сүрмек. Тарихымыздағы Алтын Орда 

елі неге ыдырады немесе Өзбек ұлысы неге үшке бөлінді, тарихтан кетті? 

Барлығының астарында дін жатыр. Біз соған көңіл бөлмейміз. Құранда 

айтады, жер бетіне бір ғана дін жіберілді деп. Ислам дінін ғана. «Нұх 

пайғамбарға жіберген дінді, Ибраһим пайғамбарға жіберген дінді, мұса 

мен Иса пайғамбарға жіберген дінді мен, саған да жібердім» дейді. Де-

мек жер бетіне бір ғана дін жіберіліп отырған. Яғни жер бетіндегі барлық 

халық мұсылман. Бірақ барлық халықтың бір-бірінен айырмашылығы 

бар. Себебі шариғаттары бөлек. Біз осыны ұғынуымыз керек. Ал бізде 

«араб халықтарының жегенін жеп, кигенін кисең ғана мұсылман боласың» 

деген кереғар түсінік қалыптасқан. Арабтар шегіртке мен кесірткені де 

қорек қылады. Жылқының етін жегізсең, олар баяғыда-ақ қан қысымы 

көтеріліп, қырылып қалар еді. Сондықтан да Алла «мен біреуіңе адалды, 

екіншілеріңе арам ғыламын» дейді. Яғни әр халықтың өмірін пешенесіне 

белгілеп  қойған.  Жаратушы  әрқайсымызға  лайықты  дәстүр  мен  тіл 

берді. Дінді ақылмен қабылдап, ақылмен таразылап, дұрыс-бұрысын 

анықтауымыз қажет,- дейді дінтанушы зікірия Жандарбек. 

Медресе – 

ғұлаМалар бесігі

 

„



Хазіреті пайғамбар (саллаллаһу әлеиһи уа саллам): «Таңертең 

үйіңнен шығып, Құраннан бір аят үйренуің сен үшін 100 рәкат нәпіл 

намаз оқығаннан да қайырлы. сол секілді таңертең үйіңнен шығып, 

ілімнен бір бөлім үйренуің сен үшін мың рәкат нәпіл намаз оқудан 

қайырлы» – дейді. Адамға білім алудың қаншалықты сауап екендігін 

әз пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы бір хадисінен білуімізге болады. 

ілім – дүние мен ақырет бақытының кілті. Құран кәрімнің 670 жерінде 

үшін Аллаға серік қосушыларды 

үзірлі  пенделер  деп  баяндар 

еді. Алла Құранда мүшіріктерді 

баяндағанда, оларды сауатсыз, 

білімі  жоқ  пенделер  екендігін, 

алайда бұл кемшіліктері олардың 

тозаққа  түсуіне  кедергі  бола 

алмайтындығын  білдіреді.  Сол 

себепті  күпір  мен  ширктің  ба-

стауы – ілімсіздік. Ілім мен хик-

мет  –  мүміннің  жоғалған  малы, 

мүмін оны қайдан тапса, бірден 

бойына сіңіріп алуы тиіс. Ілім – 

амалдардың ең абзалы.

Тарихқа  көз  жүгіртсек,  ел 

ағасы  болған  Абай,  Шәкәрім, 

мағжандар да ең алғаш сауатын 

мұсылманша  іліммен  ашып, 

Ислам қайнарынан сусындаған. 

Абай  Құнанбайұлы  «Ғылым  – 

Алланың бір сипаты» және

«Дүние де өзі, мал да өзі, 

Ғылымға көңіл бөлсеңіз. 

Білгендердің сөзіне 

махаббатпен ерсеңіз» – деп, 

нағыз  ілімнің,  ғылымның  өзегі 

Алла  хикметінде  жатқанын  ба-

яндайды. 

Қазіргі  таңда  осындай 

мұсылманша  ілім  ордалары 

көбейіп  келеді.  Қазақстанның 

әрбір қаласында ілім ошақтары 

бар.  Соның  айқын  бір  көрінісі 

-   2 0 1 2   ж ы л ы   а ш ы л ғ а н 

«Һибатулла Тарази» медресесі. 

Ілім  ордасында  жоғары  білімді 

ұстаздар, қарилар дәріс береді. 

Шәкірттер Құран кәрім, араб тілі, 

Қазақстан тарихы, фиһқ, ақида, 

ахлақ,  сира,  хадис,  т.б.  басқа 

пәндер  бойынша  тереңдетіп 

оқытылады. Оқу мерзімі - 2 жыл 

10 ай. медресені тәмамдаған соң, 

түлектер  мемлекеттік  емтихан 

тапсырып,  диплом  иеленеді. 

мәселен,  биыл  2015  жылы 

16  шәкірт  медресенің  тұңғыш 

түлектері  атанды.  Олардың 

3-і  қызыл,  13-і  көк  дипломмен 

марапатталды. 

« Һ и б а т у л л а   Т а р а з и » 

Бабалар жолы – басты жол 


дін

7

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №39 (1274), 23 ҚыркүйЕк 2015 Жыл  //



Ержан АМАНБАЕВ, 

«Һибатулла Тарази» мешітінің 

найб имамы.

Қасиетті рамазан айы да өтіп, 

Құрбан айт мерекесі де көкжиектен 

күлімдеп,  құшағын  айқара  жай-

ып  төрімізге  енгелі  тұр.  Құрбан 

айт–мұсылмандардың  ең  қасиетті 

мерекесі.Ол «Ораза айттан» кейін 

70  күннен  соң  басталып,  4  күнге 

созылады. Бұл күндер Ұлы меккеге 

қажылықпен аяқталады. Айт күндері 

Алла  Тағалаға  арнап  құрбандық 

шалады,  мал  сояды  (жылқыдан 

басқа).  Бұл  –  мұсылмандардың 

негізгі міндеттерінің бірі.

Қ ұ р б а н   –   а р а б   т і л і н д е 

«жақындау» дегенді білдіреді, яғни 

жасаған са-уап істер арқылы жүректі 

тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал 

шариғаттағы  терминдік  мағынасы 

–  «шарттарымен  санаса  отырып, 

құлшылық ниетімен мал бауыздау» 

дегенге саяды. Құрбан айт күндері 

(алғашқы үш күні) шалынатын мал 

«ұдһия» деп аталады.

Ал  құрбандық  шалудағы  ең 

маңызды жайт - оны Аллаға арнап 

сою.  Ниеттің  адалдығы  жай  ғана 

істің  өзін  ғибадатқа  айналдыра-

ды.  Құрбандыққа  шалынған  мал 

–  Жаратушының  берген  ризығы 

болғандықтан,  етін  сол  отбасы 

мүшелерімен қоса, кедей-кепшіктер 

де жейді. күнделікті өмірде жағдайы 

тым нашар адамдардың бар екенін 

ұмытпаған жөн. Бір күндік өміріне 

талшық  етерлік  ас  таппай  жүрген 

жандар  да  жоқ  емес.  Сондықтан 

мұсылман ғалымдарының айтуын-

ша,  шалынған  құрбанның  етінен 

жеу – мұстахап, мұқтаж жандарға 

үлестіру – уәжіп.

С а х а б а л а р д ы ң   а й т у ы -

на  қарағанда,  Пайғамбарымыз 

(саллАллаһу  аләйһи  уәсәлләм) 

құрбандық  шалуға  жағдайы 

жоқ  адамдардың  атынан  да 

мал  с ойған.  Сондықтан  да 

жағдайы  бар  мүминдер  ардақты 

пайғамбарымыздың  ұмыт  болып 

бара жатқан осы бір сүннетіне қайта 

жан бітіруге тырысқаны жөн.

Құрбан  шалу  адамзат  баласы 

жаратылғаннан бері, Адам атадан 

(ғ.с.) бастау алып келеді. Құрбандық 

шалу  –  мүмкіндігі  бар  барлық 

адамға уәжіп. Ислам дінінде әйел 

экономикалық  тұрғыдан  дербес, 

өзіндік  жауапкершілік  иесі  болып 

саналады. Сол себепті егер әйелдің 

меншіктік  құқы  өзіне  ғана  тиесілі 

байлығы  нисап  мөлшерінен  асса, 

әйелдің жеке өзі құрбандық шалуы 

да уәжіп. Құрбан шалуға жағдайы 

жоқ  кісілерге  жасалған  және  бір 

жеңілдік, ол - айт күні жуынып-шай-

ынып, тазалану. Себебі, бұл тазалық 

оларға құрбандық шалғандай сауап 

әкеледі.


Айт күні мұсылмандар жақсылап 

ғұсыл құйынғаннан (денені толықтай 

жуу) кейін әдемі, таза киімдерін киіп, 

үстіне  хош  иіс  сеуіп,  мешітке  айт 

намазына бару – мұстахап (жақсы 

амалдарға жатады). Намаздан кейін 

мал сойылып таратылады. көрші-

қолаң,  туыс-туғанды  қыдырыстап, 

«Айт  құтты  болсын!»  айтысады. 

Айт  күндері  мейлінше  көтеріңкі 

көңіл-күйде, жылы жүзді, кешірімді 

болуға  тырысу  керек.  ренжіскен 

кісілер  қайта  табысып,  Айтта  бір-

бірін кешірген жөн. Ауырып жатқан 

кісілердің көңілін сұрап, арнайы бас 

сұғу, жетім, жесір, мұң-мұқтаждарға 

қол  ұшын  беріп,  шамалары  кел-

се  көмектесу,  оларға  да  айттың 

қуанышын  сездіру  өте  сауапты 

істерге  жатады.  Бұған  қоса,  әке-

шешесіне, отбасындағы жандарға, 

көрші-қолаң,  жора-жолдастарына 

мүмкіндігінше  кішігірім  болса  да 

сәлем-сауқат,  сый-сыяпат  жасап, 

Айт  мейрамын  ерекше  өткізуге 

де  болады.  Айтта  осындай  амал-

дарды  жасау  адамдардың  бір-

біріне  деген  жылылықтары  мен 

сыйласымдықтарын барынша арт-

тырады.


Тарихи  деректерге  сүйенсек, 

мұсылмандардың  мерекесін  атап 

өту  мәселесін  өткен  ғасырдың 

бас  кездерінде-ақ  Алаш  зиялы-

лары  көтерген  екен.  мәселен, 

С.меңдешұлы  төрағалық  еткен, 

халқымыздың  А.Байтұрсынұлы, 

Ә.Бөк ейхан  секілді  бірт уар 

перзенттері  қатысқан  1921  жылы 

наурыздың  5-інде  сол  кездегі 

Қазақстан Автономиялы республи-

касы  Орталық  атқару  комитетінің 

О р ы н б о р   қ а л а с ы н д а   ө т к е н 

Төралқасында «мұсылмандардың 

мерекесі» мәселесі қаралып, Ора-

за айтқа 3 күн, Құрбан айтқа 3 күн, 

Наурызға 1 күн беру туралы қаулы 

қабылданыпты.  Сөйтіп  еліміз  бұл 

діни мерекелерді 1926 жылға дейін 

тойлап  келген.  кейін  келе,  бұл 

аса  ізгі  де  иманды  шешім  дінге 

жаппай шабуыл басталғанда, асы-

ра  сілтеушілік  салдарынан  күшін 

жойған.  Содан  кейінгісі  бәрімізге 

белгілі.  Дінді  «апиын»  санаған 

кеңес өкіметінің билігі жетпіс жылға 

жуық  уақыт  бойы  адамдарды  төл 

дінінен, ділінен, ата-баба дәстүрінен 

айыруға,  шамасының  келгенінше 

безіндіруге,  тіпті  жерітуге  барын 

салды.  Алайда,  қылышынан  қан 

тамған билік халқымыздың қайсар 

тұлғаларының  қолдарын  құрсап, 

армандарын  аяқ  асты  еткенімен, 

ұлтымыздың рухани тамырын жоя 

алмады,  халқымыздың  ұлттық 

құндылықтарын  тарих  қойнауына 

мүлдем батырып жібере алмады. 

Қ ұ д а й ғ а   т ә у б е ,   е л і м і з 

тәуелсіздік  алғаннан  бері  қарай 

негізгі діні – ислам, халқының ба-

сым  көпшілігін,  яғни  70  пайыздан 

астамын  мұсылмандар  құрайтын 

Қазақстанда  діни  мерекелеріміз 

айрықша ықыласпен аталып өтілуде. 

көпшіліктің  қалауы  бо-йынша, 

мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Жарлығымен Құрбан 

айт мерекесі мемлекеттік деңгейде 

демалыс күні болып жарияланды.

Алла  Тағала  Құран  кәрімде: 

«раббың  үшін  намаз  оқы  және 

құрбан шал» –деп әмір етіп, құрбан 

шалудың  уәжіптігін  білдіреді. 

Пайғамбарымыз  (с.ғ.с)  «кімде-кім 

мүмкіншілігі бола тұра құрбан шал-

маса, біздің намаз оқитын жерімізге 

жақындамасын!»  –  деп  бұйырған. 

Әрине, мұндай қатаң ескерту, кем 

дегенде, құрбан шалудың уәжіптігін 

білдірсе керек. Пайғамбарымыздың 

(с.ғ.с) «Құрбан шалыңдар! Өйткені, 

ол – Ибраһим әкелеріңнің сүннеті», 

– деуі құрбан шалудың уәжіптігіне 

теріс емес. Өйткені «сүннет жолы» 

деген  мағынаны  білдіреді.  Яғни, 

бізге  уәжіп  болған  құрбан  шалу  – 

Ибраһимнің  (а.с)  жалғаса  келген 

жолы деген мағынаны меңзейді.

Құрбан шалудың уақыты Құрбан 

айттың бірінші күні айт намазынан 

кейін басталып, айттың үшінші күні 

ақшамға  аз  уақыт  қалғанға  дейін 

жалғасады. үзір себептерге байла-

нысты Құрбан айт намазына бара 

алмай қалған адамның, намаз оқып 

болатындай  уақыт  өткеннен  кейін 

құрбанын  шала  беруіне  болады. 

Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с)  құрбан 

шалудың  уақытына  байланысты 

бірнеше  хадис  риуаят  етілген. 

Бәрә  ибну  А’зибтің  риуаяты  бой-

ынша:  «Алланың  Елшісі  (с.ғ.с): 

«Біздің бұл күнде алғашқы жасай-

тын ісіміз – намаз оқу, сосын қайтып 

келіп,  құрбанымызды  шалу.  кім 

осылай  істесе,  біздің  сүннетімізге 

ергені.  Ал  кімде-кім  бұдан  бұрын 

құрбанын  шалатын  болса,  бұл 

құрбанның  отбасына  берілген  ет-

тен  айырмашылығы  жоқ.  Бұның 

құрбан болуы мүмкін емес». Басқа 

бір  хадисте:  «кімде-кім  намаздан 

бұрын  құрбанын  шалса,  қайтадан 

шалсын»  –  деп,  намаздан  бұрын 

шалынған  малдың  құрбандыққа 

есептелмейтінін ескертеді.

Тек қой, ешкі, сиыр немесе түйе 

малдарын ғана құрбандыққа шалуға 

болады. Құрбан ретінде шалынатын 

қой және ешкі кем дегенде бір жа-

сар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар 

болуы керек. Алты-жеті айлық кепе 

қозы  бір  жасар  қой  сияқты  семіз, 

етті  болса,  құрбандыққа  шалуға 

жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, 

сиырдың  ұрғашысын  шалу  абзал. 

Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, 

қораз,  қаз,  үйрек  сияқты  құстар 

құрбан ретінде сойылмайды.

Қой немесе ешкіні тек қана бір 

адам құрбан ретінде шала алады. 

Ал  сиыр  немесе  түйені  яғни,  ірі 

қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін 

шалуына  болатыны  сияқты  жеті 

кісіге дейін бірігіп, ортақ шалулары-

на  болады.  Құрбанды  ортақтасып 

шалған уақытта әрбір адам құрбан 

шалу  ниетімен  ортақтасуы  керек. 

Бір кісі құрбан, ал екінші бір кісі тек 

қана етін алу ниетімен ортақтасса, 

шалынған мал барлық ортақтар үшін 

құрбан болып есептелмейді.

П а й ғ а м б а р ы м ы з   ( с . ғ . с ) 

құрбандыққа жарамайтын мал тура-

сында: «Анық соқыр, таза аурушаң, 

(жүре  алмайтындай  күйдегі)  таза 

ақсақ  және  жілігі  көрінетіндей 

өте  арық  малдар  құрбандыққа 

жарамайды»,  –  деген.  Ханафи 

мәзхабының  ғалымдары  хадисте 

айтылған  құрбандыққа  жарамай-

тын  малдардағы  кемшіліктерге 

қиас  (салыстыру)  жолымен  басқа 

да  кемшіліктерді  қосқан.  Ол 

кемшіліктер мыналар: бір көзі соқыр, 

сойылатын  жерге  жете  алмайтын 

дәрежеде  арық,  құлағы  немесе 

құйрығы тумадан жоқ немесе басым 

бөлігі кесілген, тістерінің көбісі түсіп 

қалған, емшектерінің басы жұлынып 

қалған, бір мүйізі немесе екеуі де 

түбінен сынған. Құрбан шалуы уәжіп 

болған кісінің құрбандық малында 

аталмыш  кемшіліктердің  біреуі 

сатып алғаннан кейін пайда болса 

немесе  алған  малы  өліп  қалса, 

қайтадан  құрбандыққа  жарайтын 

мал сатып алып шалуы керек. Ал 

өзіне құрбан шалу уәжіп болмаса да, 

сауап үшін шалуды ниет еткен кедей 

адамның сатып алған құрбанында 

бір кемшілік пайда болса, сол малды 

шала  береді.  Тіпті  құрбан  шалуы 

уәжіп болмаған кедей адам, бойын-

да кемшілігі бар малды сатып алып, 

құрбан  ретінде  шалуына  болады. 

Өйткені,  кедей  адамның  шалған 

құрбандығы – нәпіл құрбан. Нәпіл 

ғибадатта кешірім бар.

Құрбан  ретінде  шалынатын 

малды қинамау үшін, өткір пышақ 

қолдану керек. малды сою үшін сол 

жағымен жерге жатқызғаннан кейін, 

пышақты көз алдында жалақтатып 

қайрау  –  мәкруһ.  Ал,  қинамай 

сою – сүннет. Пайғамбарымыз бір 

хадисінде  былай  дейді:  «малды 

бауыздаған  уақытта  жақсылап 

бауыздаңдар. кімде-кім мал сойса, 

пышағын жақсылап қайрасын және 

тезірек бауыздасын. малдың жанын 

жай  таптырсын».  Құрбан  ретінде 

шалынатын  мал  құбылаға  қарата 

сол  жағымен  жатқызылып,  дұға 

ретінде мына аят оқылады: «Инна 

салати  уа  нусуки  уа  махиаиа  уа 

мәмәти лилләһи раббил ‘аламина 

лә  шәрик а  ләһ».  «күмәнсіз 

менің  намазым  және  басқа  да 

ғибадаттарым,  өмірім  де,  өлімім 

де  бүкіл  әлемдердің  раббы  Алла 

Тағала үшін. Оның еш серігі жоқ». 

Одан кейін: «Аллаһу әкбар, Аллаһу 

әкбар  лә  илаһа  илл  Аллаһу,  у 

Аллаһу  әкбар,  Аллаһу  әкбар  уа 

лиллаһил-хамд» - деп, кімнің атынан 

сойылып  жатқаны  ниет  етіледі. 

Артынша  «Бисмилләһи,  Аллаһу 

әкбар»  -  деп  тәкбір  айтып,  оң 

қолмен  бауыздайды.  Құрбан  мал 

шалудың арнайы дұғасын білмеген 

адамдарға  «Бисмилләһи,  Аллаһу 

әкбар! Құрбандығымды қабыл ала 

гөр!» деп ниет етіп, шала берулеріне 

болады. Тек қана құрбандық иесінің 

ғана  «Бисмилләһи,  Аллаһу  әкбар» 

-  деуі  жеткілікті  емес.  Құрбанды 

бауыздаған адам да «Бисмилләһи, 

Аллаһу әкбар» - деуі керек. Әдейі 

ұмытпастан  «Бисмилләһ»  деп 

айтпаса,  құрбанның  етін  жеуге 

болмайды.  Өйткені,  Алланың  аты 

айтылып,  бауыздалмаған  малдың 

етін  жеу  –  харам.  Құрбанның  иесі 

құрбанды бауыздайын деп жатқан 

қасаптың  қолының  үстіне  қолын 

қойып, бірге бауыздаса, екеуінің де 

«Бисмилләһ» деп айтулары керек. 

Сойылатын  мал  құрбан  ниетімен 

бауыздалу  керек.  малдың  жаны 

шыққаннан кейін барып қана терісі 

сыпырылады. Жаны шықпай жатып 

басын  кесіп  алып  тастау  немесе 

терісін сыпыру – мәкруһ. Ескерту: 

құрбан  малы  сойылатын  жердің 

тазалығына көңіл бөліп, айналысын 

былғап, шашып кетпеуді қадағалаған 

жөн. Экологиялық тазалыққа көңіл 

бөлудің де мұсылмандық әдептілікке 

жататыны анық.

Бай  болсын,  кедей  болсын, 

Құрбан айтта шалған құрбандығының 

етін  жеуіне  болады.  Құрбандыққа 

шалынған малдың етін үш бөлікке 

бөліп тарату – мұстахап. Бір бөлігі – 

туған-туыс, көршілеріне бай болса 

да сыйға тартылады, екінші бөлігі 

–  кедей  және  мұқтаж  адамдарға, 

білім жолындағыларға, үшінші бөлігі 

– өзінің отбасына, бала-шағасына 

беріледі.  Бірақ  шалынған  малды 

түгелдей кедей және мұқтаждарға 

таратуға болатыны сияқты, түгелдей 

өзінің отбасына да қалдыра алады.

Алла  Тағала  Құран  кәрімде 

құрбанның  еті  турасында  былай 

дейді:  «Құрбанның  етінен  өздерің 

жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге 

жегізіңдер».  Пайғамбарымыздың 

(с.ғ.с)  шалған  құрбанының  етін 

қалай  таратқандығы  турасында 



Құрбан айТ – 

ұлыҚ Мереке

 

„



Мейірімді Алла Тағала пендесіне өмір сүрудің барлық қағидаларын 

жеткізген. Мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағы үшін біріне - бірін 

бауыр етіп қана қоймай, ортақ берекеге толы мерекелерді де нәсіп 

етті. Пайғамбарымыз(с.ғ.с.): «шынында Алла Тағала бұл екі мейрам-

ды бұдан да жақсы екі мейрамға ауыстырды, бұл - Ораза айт пен 

8

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №39 (1274), 23 ҚыркүйЕк   2015 Жыл  //

айна

Жылы ЖүзДесу

 

„

22 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күні. Айтулы күнге орай  80 жылдық 



тарихы бар Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында бір апта бойы түрлі  

танымдық іс-шаралар легі ұйымдастырылуда. соның бірі - мектеп оқушыларының 

өңірімізге елеулі еңбек сіңіріп жүрген азаматтармен тұрақты өтіп тұратын сыр-

сұхбаты. Бұл жолы кештің қадірлі қонағы - журналист,  шонатанушы, «Жамбыл-

Тараз» газеті бас редакторының орынбасары ерман Әбдиев болды. 

Индира БАЙҚОНЫС

Кездесуге  негізінен  жоғары  сыныптың 

оқушылары  жиналыпты.  Алдымен,  залда 

отырған    көпшілікке  кештің  басты  кейіпкері 

Ерман  Әбдиевтің  автобиографиясы  слайд 

арқылы кеңінен таныстырылды. Мұнан кейін 

аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 

мұғалімі Гүлнар Есенғалиева кездесудің алғы 

сөзін алып, Ерман Әбдиевтің қазақтың белгілі 

сатиригі Шона Смаханұлы хақында жинақталған 

мақала, естелік, зерттеулер жинағы «Шоқ тілді 

Шона» атты еңбегімен мектеп оқушылары жан-

жақты танысқанын тілге тиек етті. Расында да 

балалар Шона Смаханұлының қаламынан туған 

дүниелерін оқып, көңілдеріне көп тәлім-тәрбие 

тоқығандары анық байқалды. Кеште оқушылар 

Шона  атамыздың  еңбектерін  жатқа  айтып, 

әдебиет  сүйер  қауымды  бір  серпілтіп  таста-

ды. Сыр-сұхбат барысында өскелең ұрпақтың 

өкілдері автордың  нақылдық ой орамдары мен 

көркемдік тіркестерге бай еңбегі айрықша бау-

рап алғанын жеткізіп, ағаларына көкейлерінде 

жүрген сауалдарын да қойды. Сұрақтың басым 

бөлігі кітап төңірегінде өрбіді.

- Мен қазақ халқының  аса  дарынды,  нар 

тұлғасы  Шона  Смаханұлының  көзін  көрдім. 

Жастайымнан қаламынан туған шығармаларын 

оқып өстім. Өткен жылы сатира саңлағының 

туғанына  90  жыл  толды.  Шона  атамыздың 

тоқсан  жылдығы  өзінің  есімін  иеленген  оқу 

орындарында ғана аталып өтілді. Осы мерейлі 

датаға  орай,  қаламгер-сатириктің  еңбектерін 

жинақтап, кітап шығаруды қолға алдым. Кітапқа 

материал жинақтаған тоғыз айдың көлемінде, 

60-қа жуық азаматпен тілдесіппін,- деді еңбек 

авторы.


С о н д а й - а қ ,   Е рма н   Ә бд и е в   Ш о н а 

Смаханұлының қайраткерлігіне, елжандылығына 

тоқталып, сонау 1986 жылы Алаштың азаттығы 

үшін  Желтоқсан  көтерілісіне  де  қатысқанын 

атап өтті. Артына өшпес мол мұра қалдырған 

азаматтың артында шырағын сөндірмей отырған 

жан жары мен үш ұлы егемен елімізде қоңыр 

тіршілік кешіп жатқанын да айтты.

Бозбала  мен  бойжеткендер  тарапынан                             

Ерман  Әбдиевтің  жеке  басына  қатысты  да 

қызықты  сұрақтар  қойылды.  Жалпы,  әке 

жолын  қуған  Ерман  Қанжанұлы  журналист 

болуды бала күнінен армандаған екен. Тіпті, 

ол 3- сыныптан бастап сол кезде балалардың 

сүйікті басылымы болған «Ұлан» («Қазақстан 

пионері»)  газетіне  үздіксіз  мақалалар  мен 

өлеңдер  жіберіп  тұрғанын,  мектепті  бітіріп, 

арман қуып Алматы қаласына барғанда жур-

налистика  факультетіне  оқуға  түсе  алмай, 

филолог  мамандығын  меңгеріп  шыққанына 

қарамастан, тағдыры тілшілік қызметпен ете-

не сабақтасқанын мақтаныш тұтанын айтты. 

Бүгінде ұлағатты ұл мен қылықты қыз тәрбиелеп 

отырған ардақты әке перзенттерінің өзі жүріп 

өткен жолмен жүрулеріне еш қарсы еместігін, 

керісінше, оларға қолдау көрсететінін әңгіме 

арасында айтып та қалды.  

Сегіз қырлы, бір сырлы әріптесіміз Ерман 

Әбдиевтің есімі елге белгілі. Бірнеше жылдан 

бері    қаламы  қарымды  журналист  «Айқын» 

республикалық қоғамдық-саяси газетінің Жам-

был облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін 

абыроймен  атқарып  келеді.  Бүгінде  Ерман 

Әбдиев тағы бір қазақтың қыбырғалы қаламгері, 

ақын  Нарша  Қашағанұлының  өмірінен  сыр 

шертетін  «Нарша  деген...»  кітабын  аяқтады. 

Бұйыртса,  автордың  бұл  еңбегі  таяу  күндері 

оқырмандар қолына тимек. 

Еңбекқор  азаматтың  еңбегі  де  елеусіз 

қалған  емес.  Халық  Қаһарманы  Бауыржан 

Момышұлының  туғанына  100  жыл  толуына 

орай кейіпкеріміз «Батыр шапағаты» және күні 

кеше  «Қазақстан  Республикасының  Консти-

туциясына 20 жыл» мерекелік медальдерімен 

марапатталды. 

Кеш соңында мектеп-гимназия директоры 

Салтанат Төлеу қара шаңырақта өткен келелі 

кездесуді қорытындылап, қазақ қоғамының да-

муына сүбелі үлесін қосып, ұлт руханиятының 

кемелдене түсуіне табанды еңбек етіп жүрген 

азаматтардың өнеге толы өмірлері жас ұрпақтың 

тәлім-тәрбиесіне  тигізер  ықпалы  зор  екенін 

атап  өтіп,  осындай  тұлғалық  болмысымен 

оқырмандардың  ыстық  ықыласына  бөленіп 

жүрген  Ерман  Әбдиевке  алғысын  білдірді. 

Ал  жылы  жүздесуден  көңілдері  марқайған 

оқушылар,  сырын  бүкпесіз  ортаға  салған 

ақжарқын ағаларымен естелікке суретке түсті.

Шежіре - 20

 (Сарғайған газет беттерінен)

Жалғасы, басы өткен санда 

№25 (228) 16.06.2000

Қалалық «Жыл мұғалімі» байқауына 

қатысқан 44 үміткердің ішінен оза шапқан 

№5 Жамбыл атындағы мектептің география 

пәнінің мұғалімі Дүрия Тоғатаева бірінші 

орынды жеңіп алып, облыстық байқауға 

жолдама алды.

№26 (229) 23.06.2000

Қала әкімі Болат Сауранбаев ақын 

Жақсылық Сәтібековті қабылдады. Әкім 

мен ақын ашық, емен-жарқын әңгіме-дүкен 

құрды.

№28 (231) 7.07.2000

Тараз жұртшылығы Алматы 

облысындағы Есік қаласының маңынан 

табылған сақ ханзадасының киімін киген 

«Алтын адамды» тамашалауға мүмкіндік 

алды.


№29 (232) 14.07.2000

Орталық «Достық» алаңында Кітап 

мерекесі өтті. Шараның өтуіне қала әкімі 

Болат Сауранбаев ұйытқы болды.

Журналист Лесбек Сайлаубековтың 

«Бұзықтың бір аптасы» деген балаларға 

арналған кітабы жарық көрді.

№30 (233) 21.07.2000

Қала әкімі Болат Сауранбаев бір 

топ қаламгерлерді қабылдады. Олардың 

қатарында Қазақстан Жазушылар Одағы 

Жамбыл облыстық бөлімінің хатшысы 

Елен Әлімжан, жазушы-ғалым Мекемтас                  

Мырзахметов болды.

 

№33 (236) 18.08.2000

«Хабар» телеарнасында тараздық 

өнертапқыш Александр Локтевті Елбасы 

Н.Назарбаев қабылдағаны жөнінде ақпарат 

берілді. Ол өзінің жаңадан құрастырған 

«ЛАФ» автокөлігін таныстырды. Кездесуде 

Елбасы ҚР ІІМ Қ.Сүлейменов пен Энерге-

тика министрі В.Школьникке салаға керек 

көлікті өндіріске енгізу жөнінде ой айтты.



№37 (240) 8.09.2000

Тараз қаласының тұрғыны Оксана 

Хе «Тараз» арағын сатып алып, жүлдеге 

тігілген «Нива» автокөлігін ұтып алды. (Ол 

кезде арақтың бір шөлмегі 150 теңге тұрады 

екен)


№40 (243) 29.09.2000

Қала күні қарсаңында Тараз қалалық 

мәслихатының шешімімен облыстық «Ақ 

жол» газеті бас редакторының орынбаса-

ры Бақтияр Әбілдаев «Тараз қаласының 

Құрметті азаматы» атағын алды. Сондай-

ақ, бірнеше көшелердің атауы өзгерді. 

Звездная көшесіне Естай Жанболатовтың, 

Чапаев көшесіне Т.Ақбозовтың, Спортивная 

көшесіне Т.Ыбыраевтың, Бурыл көшесіне 

Ж.Тілеубековтің, Сухэ Батыр көшесіне 

Көшек батырдың, Колхозный көшесінің 

бірінші қиылысына З.Ярошбаевтың 

есімдері берілді.



№42 (245) 13.10.2000

Облыс орталығында даңқты батыр, 

Кеңес Одағының батыры Бауыржан 

Момышұлының 90 жылдығы кең көлемде 

аталып өтті.

№45 (248) 3.11.2000

Қарағанды қаласының орталық 

көшелерінің бірінде Жамбыл Жабаевтың 

бюсті ашылды. Ол шараға Тараз қаласы 

әкімінің орынбасары Қайрат Шәріпбаев, об-

лыс әкімінің кеңесшісі Алик Аширов, өзбек 

этномәдени бірлестігінің төрағасы Ғафур 

Қасымов қатысып қайтты.



№47 (250) 17.11.2000

Белгілі қаламгер-жазушы Әбдіжәміл 

Нұрпейісов облыс орталығында болып, 

зиялы қауым мен жоғары оқу орындарының 

ғалымдарымен кездесті. Жазушы «Жамбыл-

Тараз» газетіне де бас сұғуды ұмытпады.



жалғасы келесі санда


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал