Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!




бет2/10
Дата09.01.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ДәстүрДің қаймағы қайнаған орта

 

„

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қаламыздағы жүйке аурулар интернат үйінде сән-салтанаты 



жарасқан мәдени іс-шара болып өтті. 

болғандықтан,  жан  сырын  сөзбен  жеткізе 

алмайтын азамат өз арманын құс қанатына 

байлап, ұшырып жүр ме деген ойға қалдым...

35  жасар  Гүлзат  Райымбекова  үш 

перзенттің анасы. Мұнда келгеніне көп бола 

қоймаса да, көп нәрсені осында үйренгенін ай-

тады. Ол тоқығанды жақсы көреді. Кішкентай  

сәбилерге арнап көйлек, желеткі, шұлықтар 

тоқиды. Енді кілем тоқып үйреніп жүр.

-    Мені  емдету  үшін  жолдасымның 

апармаған  жері  қалмады.  Еш  нәтиже 

болмағандықтан, үйдегілер осында орнала-

стырды. Мұнда тамағымыз тоқ, көйлегіміз 

көк. Түрлі үйірмелер жұмыс атқарады. Ұл-

қызым қоңырау соғып, хабарласып тұрады. 

Оларды сағынатыным болмаса, бәрі тамаша, 

-  дейді Гүлзат.

Осы  мекемеде  тұратын  қызының  хал-

жағдайымен танысуға келген Үмітжан апай-

мен тілдесудің де сәті түсті. 

-  Менің осы өмірдегі уайымым дертке 

шалдыққан қызымның ертеңі еді. Енді еш 

алаңдамайтын  болдым.  Осындай  зәулім 

ғимарат салып, мұнда тұрушыларға барлық 

жағдай  жасап,  Отаны  үшін  қызмет  етіп 

отырған  барша  азаматтарға  алғысымды 

білдіремін,- дейді ақ жаулықты ана.

Осыдан 9 ай бұрын пайдалануға берілген 

интернаттың жаңа ғимараты жүйке ауруына 

шалдыққан 18 жастан жоғары азаматтарға 

арналған. Бүгінгі таңда  503 адам қамтылыпты. 

Осы  мекеменің  тыныс-тіршілігімен 

жақынырақ танысу мақсатында директоры 

Мұрат Бердалиевпен сөйлескен едік.

-   Мұндай интернат үйінің құрылысы 

көрші  облыстарда  да  бастау  алғанымен, 

әлдебір себептермен біте қоймады. Ал біздің 

үйдің  дер  кезінде  құрылысы  аяқталып, 

көпшіліктің игілігіне дер кезінде берілуіне 

облыс әкімі көмек тигізді. Мұнда тұрғындар 

тұрмыстық, медициналық, әдеби, мәдени, 

сондай-ақ, педагогикалық, психологиялық, 

еңбек және құқықтық қызметтер алады. Ал 

осы Қазақ хандығының 550 жылдығына біздің 

мекеменің қызметкерлері мен тұрғындары 

бір кісідей қатысып, атсалысты. Найзаның 

ұшы,  білектің  күшімен  жеткен  осынау 

байтақ  даланың  ұрпақтары  ертеңін  естен 

шығармайтынына  сенемін,-  дейді  Мұрат 

Әзімханұлы.

4

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №39 (1274), 23 ҚыркүйЕк   2015 Жыл  //



Ата заңды құрметтеу – парыз

 

„

Үкіметтік емес ұйымдар – қоғамның қозғаушы күші. Бұл орайда «Зиялы заман» қоғамдық бірлестігінің де атқарып отырған 



жұмысы жүйелі, мақсаты айқын.    

Майра АЛИМ,                                                                                        

«Зиялы заман» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Биыл Қазақ елі  Ата заңымыздың 20 жылдық мерейлі да-

тасын кең көлемде тойлады.  Бұл Қазақстан азаматтары үшін 

республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін 

ерекше оқиға болды. Жоғары да атап өткенімдей, «Зиялы за-

ман» қоғамдық бірлестігі 2015 жылы қала жастарымен бірнеше 

іс-шараларды өткізуді жоспарлады.  Оның ішінде- жастардың 

құқықтық білімдерін тереңдету, құқықтық сауаттылыққа баулу 

мақсатында, 18 мамырда жастар арасында «Ата Заңым - азат 

елдің айбары»  атты әдеби-сазды кеш Облыстық балалар 

және жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылды. Оған 

50-ге жуық адам қатысты. Іс-шара барысында Егемен елдің 

еркінен туған тұңғыш Конституциямыз, яғни халық жүрегінен 

шығып, сынынан өткен – Ата Заңымыздың тарихы және 

мемлекетті құраушы ұлттың ғасырлардан жинақталған өзіне 

тән ұстанымының, заңдарының, жүрген жолдарының өзегінен 

шығып, келешегіне бағдар жасайтындығы  тілге тиек етіліп, 

өлең жолдары оқылып, ән айтылды. Сондай-ақ, жас ұрпақтың 

саяси сауатын арттыру, қоғам алдында тұрған мақсаттарды 

шешуге белсене араласатын жеке тұлғаны қалыптастыра 

отырып шығармашылық, ізденімпаздық дағдысын дамытуға 

баулу мақсатында 18 мамырда «Айбары асқақ Ата - Заң» атты 

Педагогикалық колледжінің «Педагогика және психология» 

мамандығы студенттерімен насихаттық сағатын өткізді.

 Еліміздің Ата Заңы жөнінде жастардың түсінігін ғылыми-

тәжірибелік түрде тереңдету, насихаттау мақсатында 26 

тамызда «Конституция –кемел болашақтың кепілі» атты 

қалалық мәдениет үйінде ғылыми-практикалық конференция 

өтіп, оған облыстық және қалалық ардагерлер мен ақсақалдар 

кеңесінің мүшелері,  этноорталықтарының басшылары, жа-

стар, үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдері, 

жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты. Конференцияны Тараз 

қаласы әкімінің орынбасары

Қожаева Маржан Төреғұлқызы жүргізді. Конференцияға 

Қалалық ардагерлер кеңесінің жастар тәрбиесі жөніндегі 

тұрақты комиссияның төрағасы М.Тоқсабаев, М.Х.Дулати 

атындағы ТарМУ «Мәдениет және өнер» кафедрасының 

аға  оқытушысы  Л.Кудлай,  Философия  және  политоло-

гия кафедрасының аға оқытушысы Р.Баярисов, Жамбыл 

политехникалық  колледжінің  «Құқықтану»  пәндерінің 

оқытушысы  Р.Тұрлыбекова,  Абай  атындағы  Тараз 

гуманитарлық  колледжінің  тарих  пәнінің  оқытушысы 

Г.Оразымбет, Тараз қалалық мамандандырылған колледжінің 

оқытушысы С.Тұралиев қатысып, «ҚР Конституциясы - адам 

өмірінің құқығы мен бостандығының кепілі», «ҚР Конститу-

циясы – Мемлекетіміздің негізгі Заңы», «Азат елдің ар – на-

мысы – Ата Заң», «ҚР Конституциясына 20 жыл және оның 

қалыптасу тарихы», «ҚР Конституциясы - жастар арасында 

патриотизмді тәрбиелеу негізі» тақырыптарында  мазмұны 

терең,  ғылыми  баяндамалар  жасалынып,  конференция 

соңында қарар қабылданды.   

Ал  22  қыркүйекте  жастарды  Жамбыл  облысының 

тарихы  мен  табиғи  байлығы  құнды  жәдігерлермен  та-

ныстыру  мақсатында  ТарМУ  студенттеріне  экскурс-

сия  ұйымдастырылды.  Жастар  табиғат  бөліміндегі 

палеонтологиялық коллекция: теңіз жануарларының қатып 

қалған сүйектері, ірі жануарлардың қатып қалған сүйектері, 

қатып қалған ағаштар және т.б., сондай-ақ облыс флорасы 

мен фаунасы өкілдерінің үлкен коллекциясымен және ар-

хеология бөліміндегі профессор Х.Алпысбаевтың ғылыми 

экспедициясы Қаратау тауларында тапқан тастан жасалған 

еңбек құралдарының коллекциясы: адам сүйектері, қола 

орақ, сақ кезеңінде табылған заттар: құрбан шалынатын 

жерлердегі  мүсіндер,  жебе  және  найзалардың  ұштары, 

жауынгердің қола дулығасын қызықтады. Оларға сондай-

ақ,  Тараз кезеңі мұражайы экспозициясында құйылмаған 

және құйылған қыш бұйымдарының коллекциясы: үлкен 

және кіші формадағы түрлі сауыттар, ас үй аспаптары, су 

құбырлары, шамшырақтар, сфероконустар, дастарқандар, 

жерлеуге арналған сауыттар – оссурийлер, қоладан жасалған 

бұйымдар: хош иіс шығаратын аспаптар, осы аспаптарға 

арналған тіреуіштер ұнады. 

Мұражайдың  мақтанышы  «Ежелгі  түрік  жазбалары 

және ежелгі түрік тас мүсіндер мұражайы» болып табы-

лады. Ол қызықты құрылымға ие – мүсіннің өзі тұрған 

қорғанды бейнелейтін жартылай шеңбер түріндегі ғимарат. 

Бұл мұражайда тас мүсіндер өздерінің табиғи орналасқан 

жерлеріне  максималды  түрде  жақын  көрсетілген,  олар 

тіріліп, ежелгі тайпалар мен халықтардың тарихы жайлы 

айтатындай. Мұражай кешенінің үшінші жаңа павильоны – 

көркемөнер. Ол қуғын-сүргінге ұшырап соғыстың басында 

Қазақстанға жер аударылған бірегей суретші Л.В.Брюммердің 

шығармашылығына  арналған.  Аталған  бөлімдердегі 

жәдігерлермен танысқан студенттер өз ризашылықтарын 

білдірді.   

Жалпы  «Зиялы  заман»  қоғамдық  бірлестігінің  Ата 

заңымыздың 20 жылдығына ұйымдастырылған іс-шаралар 

легі бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді.



5

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №39 (1274), 23 ҚыркүйЕк  2015 Жыл  //

көкейкесті

 

„

Әйел бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді. Расында да, әрбір ару - 



шаңырақ шырақшысы.  Қазір қоғамда нәзікжандылардың мәселесі көлеңкеде қалмай, 

биліктің де жіті назарында тұр. Қала әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-

демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында әйелдердің 

көкейкесті мәселелері жан-жақты талқыға салынды.  

ТілекТеР ТОҒысҚАн 

келелі кеңес

Индира БАЙҚОНЫС

Қала әкімінің орынбасары, комис-

сия төрайымы Маржан Қожаеваның 

төрағалығымен өткен алқалы отырыста 

үш мәселеге басымдық берілді. Атап 

айтқанда, әйелдерді жұмыспен қамту, 

қаракөз қыздарымызға  ұлттық тәрбие 

беру және әйел құқығы.

Бірінші  мәселеге  орай,  Тараз 

қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен 

қамту орталығы директорының орын-

басары Айнұр Жұмабекова сөз алып, 

әйелдердің жұмыспен қамтылуы жай-

ында кеңінен баяндап берді. 

Айнұр Сабрайқызының айтуын-

ша, бүгінде Үкіметтің қаулысымен 

қабылданған  «Жұмыспен қамту-2020» 

бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге 

асырылуда.  Үш  бағыт  бойынша 

халықты жұмыспен қамтуды көздейтін 

әлеуметтік жобаның біздің шаһарда екі 

бағыты қолға алынып, оң нәтижесін 

көрсетіп отыр. 

–   2 0 1 1 - 2 0 1 5   ж ы л д а р ы 

бағдарламаның  бірінші  бағыты 

бойынша  қалада  369  жұмыс  орны 

ұйымдастырылып,    оған  111  әйел 

жолданды. Бұл көрсеткіш 30 пайызды 

құрайды. Ал 3-інші бағыт бойынша төрт 

жылда 3283 адам жұмыспен қамтылса, 

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы 

бойынша 1214  жас маман, яғни қыз 

бала қамтылды.  Бір айта кетерлігі, 

биыл жас мамандарға жол сілтейтін 

бағдарламаның бюджеті 2,8 пайызға 

қысқарды. Алайда, жоспарға сәйкес 

ағымдағы жылы 100 адамды қамтуды 

жоспарласақ, соның 83-і қыздар бол-

ды,-  деді Айнұр Жұмабекова. 

Баяндамашының сөздерін мұқият 

тыңдаған Маржан Төреғұлқызы мен 

комиссия мүшелері өз ойлары мен 

ұсыныстарын ортаға салды. Аталған 

мәселеге орай Маржан Қожаева жасы 

50-ден  асқан  әйелдерді  жұмыспен 

қамту мәселесін назарға алуды, қазір 

елімізде қаржылық дағдарысқа байла-

нысты көптеген мекемелерде қысқарту 

жүріп жатқанын да еске салды. 

Бүгін тұлымшағы желбіреген ба-

лауса қыз, ертең ақ босаға аттап, келін 

атанатыны анық. Қазіргі таңда жоғары 

және арнаулы оқу орындарында білім 

алып жүрген арулардың бойларына 

ұлттық құндылықтарды сіңіру - өте-

мөте маңызды іс. Бұл мақсатта Ринат 

Нұрақбаев жетекшілік ететін «Асыл ар-

ман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» 

қоғамдық бірлестігінің атқарып жүрген 

жұмысы аз емес.  

Комиссия  алдында  баянда-

ма  жасаған  Ринат  Даниярұлы  өзі 

басқаратын бірлестіктің өскелең ұрпақ 

тәрбиесінде  рухани  адамгершілік 

мәселесі мен ұлтымыздың салт-дәстүрі, 

әдеп-ғұрпына  терең  мән  беретінін 

алға тартып, өздері ұйымдастырған 

бірқатар  ауқымды  іс-шаралар  ту-

расында әңгімелеп берді. Сонымен 

қатар, баяндамашы студент қыздарды 

ұлттық тәрбиенің нәрімен сусындату 

айтарымыз бар. 

  

Суреттерді түсірген В.Алсуфьев



Әйелге жағдай жасайық

 

„

«нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында 



«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты 

сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аймақтық 

жоспардың «Әйелдерді қолдау» бағыты бойынша сарапшы 

топтың отырысы өтті.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

  Б а с қ о с уд ы   Ж а м б ы л   о б л ы с т ы қ 

мәслихатының  депутаты,  «Нұр  Отан» 

партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске 

асыру жөніндегі «Әйелдерді қолдау» бағыты 

бойынша  сарапшы топтың жетекшісі Гүлдара 

Нұрымова ашып, жүргізіп отырды. Отырыстың 

күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. 

Жиын барысында Жамбыл облысы әкімдігі 

жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік 

бағдарламалар басқармасы мүгедектер және 

ардагерлермен жұмыс жасау бөлімінің басшы-

сы Аида Утеулина  «Бала тууды ынталандыру 

жүйесін жақсарту мен балаларды тәрбиелейтін 

әйелдерді  қолдау»  тақырыбында  баяндама 

оқыды.    

-    Ағымдағы  жылдың  8  айында  3129 

азаматқа 49,1млн. теңгенің атаулы әлеуметтік 

көмегі, 21,0 мың отбасына  66,1 мың балаға 

840,2  млн  теңгенің  балалар    жәрдемақысы, 

13,0 мың отбасына 207,9 млн. теңгенің тұрғын 

үй көмегі, өмірдің қиын жағдайында қалған 

12,6  мың  азаматтарға  257,5  млн.  теңгенің 

материалдық  көмегі,  1238  мүгедек  баланы 

үйде  оқытуға  34,9  млн.  теңгенің  көмегі, 

отын  сатып  алуға  7689  отбасына  44,5  млн. 

теңгенің  мөлшерінде  әлеуметтік  көмекпен 

қаржыландырады.  Негізі  бүгінгі  таңда  об-

лысымызда  5  мыңнан  астам  мүгедек  бала 

бар.  Жамбыл облысында 2014-2015  жылдар 

аралығында  «Өрлеу» пилоттық  бағдарламасы 

енгізіліп, 2014 жылдан бері шартты ақшалай 

көмек  тағайындалуда.  Бағдарлама  негізінде 

әлеуметтік көмек жүйесіне жаңғырту жүргізу 

жоспарланып отыр. 2017 жылдан бастап, көп 

балалы  және  аз  қамтылған  отбасыларына  

берілетін әлеуметтік төлемдердің орнына жаңа 

форматтағы атаулы көмек тағайындау жоспар-

лануда. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік 

көмек    бүгінгі  күні  18  жасқа  толмаған  төрт 

баласы бар отбасыларына берілетін арнаулы 

әлеуметтік  көмек,  18  жасқа  толмаған  бала-

лары  бар  отбасыларына    жергілікті  бюджет 

есебінен  берілетін  жәрдемақы  және  атаулы 

әлеуметтік көмектің орнына берілетін төлем 

болады.  Атаулы  әлеуметтік  көмек  шартты 

және шартсыз тағайындалатын көмек ретінде 

беріледі. Шартты аз қамтылған отбасындағы  

еңбек жасындағы азаматтардың міндетті түрде 

мемлекеттің    жұмыспен  қамту  шараларына 

қатысқан жағдайда, ал шартсыз ақшалай көмек 

отбасында    жұмысқа  жарамды  азаматтары 

жоқ  отбасына  тағайындалады,  -  деді  Аида 

Асқарқызы.

Сондай-ақ,  жиын  барысында  Жамбыл 

облысы  перинаталдық  орталығының  бас 

дәрігері  Гүлнагира Байзатова: «Перинаталдық 

көмек көрсету деңгейінде және  халықаралық 

стандарттарға  сәйкес,  балаларға  арналған 

және босандыру, денсаулық сақтау ұйымдарын 

заманауи  медициналық  жабдықтармен 

жарықтандыру,  жүкті  әйелдерге  және  ерте 

жастағы  балаларға  жағдай  жасау  жөніндегі 

ДДҰ ұсынған тиімді технологияларды одан әрі 

енгізу туралы» және Балалық шақтағы аурулар-

ды ықпалдастырып жүргізу бағдарламасының 

бас  координаторы,  ұлттық  тренері  Арсен 

Коркмазов  «Жамбыл  облысындағы  ерте 

жастағы  балаларға  жағдай  жасау  жөніндегі 

Дүниежүзілік  Денсаулық  сақтау  Ұйымының 

ұсынған  тиімді  технологияларды  одан  әрі 

енгізу туралы» тақырыптарында әңгіме өрбітті. 

Отырыс барысында ана мен баланың өмір 

сүру сапасын жақсарту үшін біршама мәселенің 

түйіні тарқатылды. Перзентханадағы медицина 

саласында  болып жатқан жайсыздықтардан ба-

стап, көп балалы аналардың бүгінгі хал-ахуалы 

да назардан тыс қалмады. Ата-ананың  мектеп 

жасындағы  балаларына  көп  көңіл  бөлуіне 

мүмкіндік тудыру үшін,  нендей жағдай жаса-

луы тиістігі де айтылды.

Жәрдемақы көбейсе... 

  

Суреттерді түсірген В.Алсуфьев



  

мақсатында «Инабат» қыздар клубын 

ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.  

Қала  әкімдігі  білім  бөлімінің 

басшысы, комиссия мүшесі Гүлзия                                                                                             

Заурбекова жаһандану заманында жас 

ұрпаққа  үгіт-насихат  жұмыстарын 

ж ү р г і з ге н н е н   г ө р і   ол а рд ы ң 

қызығушылығын арттыратын әрі пай-

дасы зор істерді қолға алу керектігін 

атап өтсе,  қалалық жұмыспен қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар 

бөлімінің  басшысы  Гаухар  Олжа-

баева  мұндай  клубтардың  жұмыс 

істегенін  құптайтынын  және  оған 

қыздармен қатар, олардың аналарын 

да қосу қажет екенін алға тартты . Ал 

қалалалық мәслихаттың депутаты, ко-

миссия мүшесі Эльмира Мырза-Ғали 

қазір еліміздің кейбір қалаларында 

қыздарды, яғни болашақ келіндерді 

дайындайтын арнайы курстар жұмыс 

істейтінін, мұндай жаңашыл үрдісті 

бізге де енгізетін уақыттың жеткенін 

тілге тиек етті.  

Жиында соңғы баяндама жасаған 

қала әкімдігі аппаратының мемлекеттік-

құқықтық  бөлімшесінің  бас  мама-

ны  Гүлшат  Айтбаева  әйелдердің 

құқықтары жөнінде сөз қозғады. 

– Қазір көптеген әйелдер өздерінің 

құқықтарын  білмегендіктен,  жапа 

шегіп жатады. Өкінішке қарай, соңғы 

жылдары ажырасу деректері артып 

келеді. Ерлі-зайыптылардың жолдары 

екіге айырылған соң, көп әкелер туған 

перзенттеріне алимент төлеуден бас 

тартады. Осындай мәселемен бетпе-

бет келген келіншектер әділдік іздеп, 

бізге жиі келеді. Анықтағанымыздай, 

балаларының алдында борышы бар 

еркектер бар мал-мүліктерін ата-анала-

рына немесе туған-туыстарының атына 

рәсімдеп, өзінің жұмыссыз екенін алға 

тартады. Сондықтан мемлекет те жауап-

сыз әкелерден тиісті қарызды өндіре ал-

май отыр,- деді Гүлшат Болатбекқызы. 

Бұл  көтерілген  мәселенің  мәні 

тереңде жатқанын атап өткен комис-

сия  мүшелері  отбасын  құруға  ни-

еттенген жастар үлкен қадамға аяқ 

баспастан бұрын, әуелі оларға  отбасы 

мәдениеті  мен  киелі  шаңырақтың 

құндылығын түйсінуге тәрбиелеуге 

тиіс екенімізді тілге тиек етті. Тіпті, 

ХХІ  ғасырдың  жастары  отбасы 

жауапкершілігін сезіну үшін әрі екі 

жас өз міндеттерін мүлтіксіз орындауы 

үшін некелік келісім-шарттың болғанын 

құптайтындықтарын да жасырмады. 

Келелі отырысты қорытындылаған 

Маржан Төреғұлқызы жиын барысында 

кеңінен талқыланған мәселелерді ше-

шуге бір кісідей атсалысуға шақырып, 

комиссияның  алдағы  басқосуында 

комиссия  мүшелеріне  өздерін 

толғандырып  жүрген  мәселелерін 

ортаға салуды ұсынды. 



дін

6

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №39 (1274), 23 ҚыркүйЕк 2015 Жыл  //



Данияр ЖҰМАБАЕВ, 

«Һибатулла Тарази» мешітінің 

бас имамы

мұсылман үшін ілім алу, білімді 

болу ғибадатының кемшіліксіз орын-

далуына  жол  ашады.  керегінше 

дұрыс  діни  біліміміз  болмаса, 

ғибадатымызға  нұқсан  келіп,  тіпті 

кейбір теріс пиғылды тұлғалардың 

пайдасы  үшін  саяси  құрбандыққа 

айналып кетуіміз де ғажап емес. 

Ислам  бізге  ілім  алуды,  яғни 

дұрыс  білім  алуды  бұйырады. 

Өкінішке орай, білімсіздік мұсылман 

жамағатын  жік-жікке  бөліп,  Ислам 

әлеміне қара күйе жақтырады. Сол 

себепті  ілімсіздіктің  залалы  шаш 

етектен. 

Алла  Тағала  Құранда  бірнеше 

аятта  адамдардың  ілімсіздігі  мен 

сауатсыздығынан күнәға түскендігін 

және олардың бұл білімсіздігі олар 

үшін  сылтау  болмайтындығын 

білдіреді.  Егер  сауатсыз  болу, 

білімсіз  болу  сылтау  болғанда, 

Құран сауатсыздығы мен білімсіздігі 

24 қыркүйек – 

Құрбан айттың 

бірінші күні!

ержан қажы МАлҒАЖыҰлы,

Қазақстан мұсылмандары 

діни 

басқармасының төрағасы, 

Бас мүфти

ҚҰРБАн АйТ ҚҰТТы 

БОлсын!

Аса қамқор, ерекше мейірімді 

Алланың атымен бастаймын!

Құрметті бауырлар!

Баршаңызды мұсылман 

қауымының ұлық мерекесі – 

Құрбан айт мейрамымен 

құттықтаймын! Айтқа 

аман-есен жеткізген Алла 

Тағалаға сансыз шүкірлер 

мен мақтаулар болсын!

Халқымыздың сан 

ғасырдан бергі саналы 

ғұмырында рухани тірек 

болған асыл дініміздегі 

айтулы мереке – Құрбан 

айт мейрамы айрықша 

аталып келеді. Ұлттар 

мен ұлыстарды бірлік 

пен игілікке, мейірім мен 

кешірімге бастаған мүбәрак 

мейрам – Құрбан айт құтты 

болсын!

Айт – ағайын ара-

сын жақындастыра 

түсетін, адамзат баласын 

имандылыққа ұйытып, 

қанағат пен тәубеге 

үндейтін ұлық мереке. Бұл 

күндері барша мұсылман 

ізгі амалымен Алланың 

разылығына бөленеді. Айт 

күндері қасиетті Меккеде 

қажылық парызын өтеп 

жатқан мұсылман үмбеті 

Жаратушыға жалбарына дұға 

жасап, құрбандық шалады. 

Қаржылық мүмкіндігі жоқ 

адамға құрбан шалу – міндет 

емес. Құрбандық еті ағайын-

туыс, көрші-қолаң, тұрмысы 

төмен отбасыларына, жетім 

мен жесірлерге, мүгедектер 

мен науқас жандарға та-

ратылады. Алланың 

разылығы үшін құрбан 

шалу – пенденің иманын 

күшейтіп, тақуалығын арт-

тырады. Қасиетті Құранда: 

«Ұмытпаңдар, олардың еті 

де, қаны да ешқашан Аллаға 

жетпейді. Оған жететін 

нәрсе – жүректеріңізге 

ұялаған тақуалық, Аллаға 

деген құрмет» («Хаж» сүресі, 

37-аят), – деп баяндалған.

Мүбәрак мейрамның 

құрметі үшін барша 

жамағатты, азаматтарды 

мүгедектер, жетімдер мен 

жесірлер, әсіресе қараусыз 

қалған ата-аналарға 

қайырымдылық жасауға 

шақырамын.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

күрмеуі  шешілмей  күрделі  ғылымға  айналып  кеткен  дін  ұғымы 

адамзаттың тарихында айтарлықтай орны бар. Талай ғасырларды табанға 

басып,  замана  жаһанданса  да,  дүниеге  әр  түрлі  діндер  келіп,  дәуірлер 

өзгерсе де, адам баласының дінге деген сенімі оң болған. Ал бүгінде күллі 

мұсылманның мұңына айналған жат ағымдар пайда болды. Дәстүрлі емес 

діни ағымдар әлемнің басына әңгіртаяқ ойнатудан та-йынбай келеді. Талай 

елдерді қасіретке, талай арыстай азаматты қазаға душар етті. Осы тұста 

«Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын 

күшейтуіміз керек» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқаны еріксіз 

ойға оралады. Ел тыныштығы мен ұрпақтың бақыты үшін заман тауқыметін 

өздеріне артқан баһадүр бабалар мен ақ жаулықты аналарымыздан жеткен, 

кешегі Қожа Ахмет Ясауи даналардың діни ұғымы мен тарихи жолын қазіргі 

жастар қаншалықты түсінуде? Осындай сұрақтың төңірегінде ТармПИ №1 

оқу ғимаратының мәжіліс залында А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-

түрік университеті «Дінтану және теология» кафедрасының доценті, т.ғ.к. 

зікірия Жандарбектің және студенттердің қатысуымен танымды жиын өтті. 

Шараны институт жанындағы «Жийде» қоғамдық қорының дінтанушысы 

Таңжарық Тұрғанқұлов ашып берді. Бұдан әрі сөз сөйлеген түркістандық 

дінтанушы ғалым, студенттерге қазақ халқының дүниетанымындағы ислам 

дінінің рөлін һәм тарихын кеңінен баяндап берді. 

- Ең бастысы адамзат өміріндегі діннің рөлін білу маңызды. Дін мен 

шариғаттың ара жігін аша білуіміз керек. Бүгінде «дәстүрлі дінді сырттан кел-

ген жат ағымдардан қалай ажыратамыз» деген заңды сұрақ туындауда. Діни 

білімсіздіктен халықтың бір бөлігі, басым көпшілігі ел үміт артып отырған жа-



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал