Берілген тізбекте бөліп қарастыруға болатын кез келген тұйықталған контурларға арналған: кез келген тұйықталған контурда кедергілерді кернеудің түсулерінің қосындысы осы контурдағы ЭҚК- тердің қосындысына тең болады:
Егер берілген бөлікте контурды айналып өту бағыты токтың оң бағытымен бағыттас болса, онда ток көзінің ішкі кедергісіндегі және өткізгіштердегі кернеудің тусуі оң деп есептеледі. Егер ток көзін айналып өту бағыты теріс полюстен басталып оң полюсте аяқталатын болса, онда ЭҚК-і оң таңбамен алынады. Ток көзін оң полюстен бастап теріс полюске қарай айналып өтетін болса, онда ЭҚК-і теріс таңбамен алынады. Мысалы 9,8 суретте көрсетілген сұлба үшін: