2. Термодинамикалық әдіс
Термодинамикалық әдіс – зерттелетін дененің ішкі құрылымын, әр бөлшектің қозғалыс ерекшеліктерін ескермейтін, энергияның түрлі – түрлі өзгерістері кезінде, көп бөлшектерден тұратын жүйені бүтін күйіндегі жағдайын білдіретін шамалармен жұмыс жасайтын жүйелерді зерттеу әдісі.
3. Термодинамика
Термодинамика - сыртқы ортамен, макроскопиялық денелермен, басқа денелермен өзінің арасында энергия ауысып және әсерлесіп, термодинамикалық жүйемен жұмыс жасайды.
4. Идеал газ
Физикалық моделі мынадай:
1) Газ молекулаларының көлемі ыдыс көлемімен салыстырғанда аз болады.
2) Газ арасында молекулалары күштік әсер болмайды.
3) Газ молекулаларының өзара және ыдыс қабырғасымен соқтығысуы абсолютті серпімді болады.
Бұдан шығатын қорытынды:
Идеал газдарды көлемі көзге ілінбейтін және қашықтықта бір – бірімен
әрекеттеспейтін тәртіпсіз қозғалыстағы молекула – шариктердің жиынтығы деп қарастыруға болады.
Идеал газ әрекеттерін сипаттайтын заңдар: Бойль –Мариотт, Авогадро, Дальтон, Гей – Люссак заңдары.
Поделитесь с Вашими друзьями: |