Tурбуленттік ағын (лат. turbulentus — тәртіпсіз, долы) — сұйықтықтың немесе газдың әр нүктесінде уақыт өзгеруіне байланысты қозғалыс жылдамдығының мәні де, бағыты да өзгеріп, жылдамдығы тамырдың соғуына ұқсас сипатта өтетін ағыс. Ешбір зандылықсыз қозғалған сұйық (газ) тамшыларының (ортаның өте шағын бөлшектерінің) бір-бірімен араласуы мейілінше қарқынды өтетін және сындарлы көрсеткіштен жоғары жылдамдықтармен қозғалған сұйық (газ) ағысы.
Рейнольдс саны (ағылшын ғалымы О.Рейнольдстың атымен) — инерциялық күш пен тұтқырлық күш арасындағы қатынасты анықтайтын, тұтқыр сұйықтық пен газ ағысының ұқсастық критерийлерінің бірі: мұндағы: — тығыздық, кг/м3; — ағынның жылдамдығы, м/с; — ағынның сызықтық өлшемі, м; — газ немесе сұйықтық тұтқырлығының динамик. коэфф, Н·с/м2. Сұйықтық ағысының режимі кризистік Рейнольдс саны (Reкр) арқылы сипатталады.