Лездік жылдамдық – радиус векторының уақыт бойынша бірінші туындысына тең векторлық шама, оның x, y, Z құраушылары сәйкес координаттардың уақыт бойынша туындыларына тең болады.
18. Үдеу
Үдеу (Ускорение) — нүктенің жылдамдығының мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық шама.екторияға жанама бойымен бағытталады.
19. Орташа үдеу
Орташа үдеу деп жылдамдықтың өзгеруінің уақыт интервалына қатынасын білдіретін векторлық шаманы айтады.
20. Лездік үдеу
Лездік үдеу деп қарастырылып отырған нүктенің қозғалыс жылдамдығының уақыт бойынша бірінші туындысын, радиус-вектордың уақыт бойынша екінші туындысын айтады.
21. Тангенциал үдеу
Тангенциал үдеу - нүктенің траекториясына жанама бойы- мен бағытталған нүкте үдеуінің кұраушысы.