Мәңгілік ел халық мұраты 7 тамыз, 2014 жыл Бейсенбі 2012 жылғы 4 қазаннан шыға бастады



жүктеу 211.01 Kb.

бет3/3
Дата11.01.2017
өлшемі211.01 Kb.
1   2   3

*  *  *

Ол кім қазір? Аяуға бола ма? Ол жай-

ында ойлағым да келмейді. Менің ешкімді

аяп, мүсіркеуге хақым да жоқ...



*  *  *

Бұл адам өзінің не істеп, не қойғанын

қайдан білсін дейін десең, есі бар. Оны

айтам да, неге соншалықты өзін тастап

кетті. Кезінде қандай мейірімді, ақылды,

сыйлы еді. Атам тірі кезінде, балаларға ұр-

ысқанда: "Адам болмайды бұлар" дейтін.

Расымен де  байқампаз болғаны ғой. Егер

сенің балалығыңды қайтып берсе, түзелер

ме едің, қайтер едің?.. Ол бәрі-бір түсін-

бейді.

Оты болмаған үйдің жарығы ерте сөн-



еді...

*  *  *

Балам, бүгінгінің ығына бүгежектей

берме, ертеңіңді ойла. Сонда ғана алға

жылжи аласың.

"Арманымен ер сұлу

Орманымен жер сұлу"

Армандамаған артта қалады. Арман -

адам қанаты! Армандағанның айыбы жоқ.

Өйткені, арман жолы адастырмайды. Иә,

асыл арман ауытқымас Темірқазық жұл-

дызындай. Ендеше атан көтермес ауырды

арман көтереді. Арманыңа қол жеткенде

әлгі сөздердің ақиқаттығына көзің де жет-

еді. Себебі, арманды адам пәрменді.

*  *  *

Адамға қиналғанда жылы сөз, күле қа-

раған қабақ қажет екен. Осы бір қиын кез-

еңде қолұшын берген әр адам көкейіңде

жүреді. Кімнің кім, жақынның қанша-

лықты жақын, алыстың қаншалықты ал-

ыс екенін бағамдар осы сын адам өміріне

ауадай қажет. Өйткені, адам боп өту әр са-

налы пенденің басты мақсаты. Ал, Адам

боп қалу үшін әр нәрсені саралап, ақылға

салып, жүрекпен таразылап алу керек. Он-

ың бәрін өмір баспалдақтары қиын да қи-

ыншылықты кезеңдерді үйретеді, тәрбие-

лейді. Тәрбие тек түзу ғана болмайды, қы-

ңыр-қисық, салдыр-салақ, салиқалы-сал-

мақтысы кезігеді. Әр адам "Өмір" атты тең-

ізде салмақты, салиқалы жүзіп өтсе екен.

Р.АҚБАСТЫҚЫЗЫ.

ОЙ

ИІРІМДЕРІ

Энтеровирусты инфекциялардың алдын алу

Кокктар - патогенді, шартты-патогенді

және патогенді емес өкілдері кіретін ау-

қымды микроорганизмдер тобы.

Патогенді кокктардың барлығына ор-

тақ белгі олардың іріңді  процесстер шақ-

ыруы, сондықтан оларды іріңтудырушы

(пиогенді) деп атайды.

Барлық патогенді кокктар қозғалмай-

ды, спорта түзбейді, пневмококктар кап-

сула түзейді.

Тинкториальді қасиеттері бойынша

грамоң (стафилококктар, стрептококктар)

және грамтеріс (минингококктар, гонкок-

ктар) болып бөлінеді.

Іріңдудырушы топтың патогенді өкіл-

дері бір-бірінен қоректік заттарға қажетті

және биохимиялық белсенділігімен ер-

екшеленеді.

Қоректік ортаға мейілінше талапсыз,

бірақ биохимиялық белсенді - стафилоко-

кктар. Қоректік ортаға жоғары талғампаз

және биохимиялық белсенділігі төмен -

гонококктар.

Neisseria - Гонококкты 1879 жылы Ней-

ссер тапқан және оның құрметіне солай

аталған. Марфология гонококктар - бұл

кофе дәндеріне ұқсас диплококктар. Көл-

емі 1,2-1,3х0,7-0,8 мкм. Олар полиморфты.

Гонококктар қозғалмайды,  спорасыз. Грам

теріс.

Гонококктар - аэробтар. Қоректік ор-



таға өте талғампаз. 37

о

С және рн 7,2-7,4



өседі.

Қоршаған ортада гонококктар   тұрақ-

сыз. 56-60

о

-та олар өледі. Төменгі темпе-



ратура және құрғақшылық оларды тез өл-

тіреді.


Ауру көзі - гонореямен ауырған адам.

Берілу жолдары: тұрмыстық қарым-қат-

ынас, сирек ластанған заттар арқылы.

Патогенез. Гонококктардың табиғи иесі

ауру адам. Олар уретра кілегей қабаты ар-

қылы, әйелдерде уретра және жатыр мой-

ны арқылы өтеді.

Иммунитет. Гонококктарға табиғи  тұр-

ақтылық жоқ. Аурудан кейін де иммунитет

қалмайды.

Емі.  Антибиотиктер (пенициллин, биц-

иллин, стрептомицин. Сонымен бірге суль-

фаниламидті препараттар. Созылмалы

түрінде гонококкты вакцина қолданылады.



Г.ИСАТАЕВА,

ҚОСЭСО Арал аудандық филиалының

зертхана лаборанты.

Патогенді кокктар

Гонококктар

Міне, бүгін де тірі адамға

Тәңірдің таңы жан-жағына

шуағын, жер бетіндегі бар тір-

шілік иесіне нұрын төгіп, ар-

айлап атып келеді. Сол күн

нұрынан қуат алған жандар

быз. Ой-пікіріміз үнемі бір жерден

тоғысатын. Тіпті кейде баспасөз

арқылы бір-бірімізге ашық хат

жолдап, сыр шертетінбіз.

Адал жары Жансұлу қайтқанда

ол қатты күйзеліп жүрді.

-Білесің бе, достым. Осы жүрген-

де мен сыңарынан айрылған жара-

лы жүрек аққудың күйін кешіп жүр-

мін,-деген сөзі ойымнан кетер ем-

ес. Сен солай құдай қосқан қоса-

ғыңды іздеумен өттің мына дүние-

ден. Бірақ басқаларға сыр шашпай,

оңашада тек өзіңнің қимас достар-

ыңа ғана мұңыңды шағатынсың.

-Жақында қорадағы түйемді сат-

уға тура келді. Ал, сол түйенің мен

үшін қаншалықты қымбат екенін

білесің бе. Жо-жоқ, мен  малжанды

емеспін. Ол Жансұлуымның мәпе-

леп бағып-қағып, сауған түйесі ғой.

Соның көзіндей көріп жүретін едім,-

деп ақын жанды адал досым көзіне

жас алып, қайғыра қапаланды.

Бірде мен оған:

-Биеке, науқасыңды көп уай-

ымдап, ойға ала берме. Менің жүр-

егім ауырып, кейде жүріп-тұруым

мұң болса да, сол дертке  бойым-

ның үйренгені сонша, құрдасым-

дай қалжыңдасып, бой бермей

келемін,-дегенмін.

Кейін бір сөйлескенімде ол:

-Сен айтқандай мына науқас-

ыммен санасқым-ақ келмейді-ау,

бірақ шындап бара жатыр ма, қа-

лай,-деген еді.

Иә-ә, өлшеулі өмірге өкпе жүр-

мейді, салынатын құрық жал таң-

дамайды, алатын ажал адам таңда-

майды. Айтып келген ажал алмай

тынбайды екен. Абзал азаматты ар-

сыз ажал арамыздан алып тынды.

Ендігі ғұмырын өмірінің жалғасы

балаларына бергей деген тілектен

басқа қолымыздан не келеді. Өт-

кенімізге өкініп, өзегіміз өртенген-

мен құдай алғанын қайтып бере

ме. Барымызға береке, қалғаным-

ызға қанағат қылайық.

Базары тарқап кеткен соң барып

бақ біткен,

Саусаққа салып санаймыз күнді

саусақпен...

Кеудеден қашан кетеді шығып

ақтық дем?!

Қарияң қайсы қабірстаннан хат

күткен,-дегендей кезегіміз кел-

генде бәріміздің де баратын жер-

іміз сол жақ.

Сен кеткеніңмен, сенің кісіге

күле қарап тұратын жақын бейнең

біздердің - достарыңның, бала-

ларың мен ағайын-туғандарың-

ның жүрегінде мәңгіге сақталады.



Батады күнім,

Балбырап қайта шығады.

Ұлтанды ұлдар ұлтының мұңын

ұғады...

Тарланым-ай,

Тарқамай кеткен құмары,

Өзіңе бүгін бағыштадым мен

дұғаны,-деп еске алып, бет сипай-

мыз.


Сайлау БОТАБАЕВ.

(ҚАЛАМДАС ДОС БИМҰРАТ ҮСЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУ)

әдеттегідей тіршілігіне кірісті.

Алайда... сол көптің  ішінде жал-

ғыз мен ғана жан-жағыма елегізи

қарап, мына шуақты күнде бір нәр-

сем жетіспегендей жаным жабыр-

қау тарта береді. Оның маған күле

қараған жарқын бейнесі елес бол-

ып, бейне бір кинокадр суретін-

дей көз алдыма көлбеңдей береді.

Мына думанды дүниеде ол жоқ.

Ол келместің кемесіне мініп, со-

нау сағымды көкжиектің арғы жа-

ғындағы көз көрмес, құлақ есті-

мес  алыстарға сапар шегіп кетті

дегенге мына құрығыр көңіл се-

нер емес.

Көңілің күңгірт тартып, күй-

зеле отырып, күңіреніп кеткені-

мізді сезбей де қалғандаймын.

Сондайда Әскербек ақынның өл-

ең шумақтары ойға оралады:



Азаматым-ай,

Көтерген жүгін түйенің,

Сырқырап бәлкім жатқанда

шығар сүйегің...

Маусымды мынау көре алмай

кеткен киелім.

Тізерлеп отырып рухыңа бас

иемін,-деп қамыға күбірлеймін.

Ол екеуіміз жиі сырласатын-



Дидар ғайып

Қазақы қалжың

Тапқыр бала

Кезіндегі аудан әкімі 60

жасқа толғанда, қала мектеп-

терінен аз қамтылған отбасынан

шыққан жеті баладан алдырып,

біршама қайырымдылық көр-

сетеді. Салтанатты сәт басталар

кезде жиналып, дөңгеленіп тұр-

ған балаларға жақындап келген

әкім:


-Мен кіммін, балалар?-депті.

-Әкімсіз...-деп оқушылар

жамырай шу ете қалады.

Сол кезде қала әкімі:

-Бүгін ағаларыңның туған

күні. Туған күні міндетті түрде

тілек айтылады. Қане, сен айт-

шы,-дейді алды жақта тұрған

№83  мектептің Самарқан деген

оқушысына.

Ұялшақтаған бала тосылың-

қырап барып:

-Қажымас қайрат, талмас қа-

нат тілеймін. Қатарыңның алды

болма, көз тиеді. Қатарыңның

соңғы болма, сөз тиеді. Ортасын-

да өйтіп-бүйтіп, өйтіп-бүйтіп

жүре бер...-деп зауылдатып қоя

бергенде, не күлерін, не ашула-

нарын білмеген әкім мен жан-

ындағылар бір-біріне қарасып,

аңтарылып қалған екен.



Е.КЕҢТОҒАЕВ,

Арал қаласы.


1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал