Мәңгілік ел халық мұраты 7 тамыз, 2014 жыл Бейсенбі 2012 жылғы 4 қазаннан шыға бастады



жүктеу 211.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата11.01.2017
өлшемі211.01 Kb.
1   2   3

Гүлнұр ШАЛМАНОВА,

кітапханашы,

Арал қаласы.

Ер есімі ел есінде

АДАЛ ЕҢБЕГІ

ЕЛГЕ ӨНЕГЕ

Мәртебе

Бұл өмірде біздің сүйенетін

адамдарымыз баршылық. Шыр

етіп дүниеге келген соң, қуаны-

шы қойнына сыймай қуанып,

құшағына мәпелеп алатын анаң

мен әкең және, әрине, ардақты да

асыл жандар - атаң мен әжең.

Адам өмірінде абыз ата мен ақыл-

гөй әженің орны ерекше ғой, қа-

шанда.  Белі ауырса да, балтыры

сыздаса да немерем жыламасын

деп шыр-пыр болып жүреді. Ұр-

пағым бақытты болса екен деген

тілекпен өмір сүреді. Дана қаза-

ғым “немере тәтті” деп бекер айт-

паса керек. Сондай-ақ, “балаңды

өскенше, немереңді өлгенше баға-

сың” деген сөз де ата-әже мен не-

мере арасын алтын арқаумен бай-

ланыстырып тұрғандай. Ата-әже-

нің немереге деген сүйіспеншілігі

шексіз. Кейде ата-анадан гөрі ба-

лаға ата-әже мейірім шуағын, жан

жылуын көп береді. “Балапан ұяда

не көрсе соны іледі” дейді, сон-

дықтан да біздер де ата-әжемізді

АРДАҚТЫ

асыл жандарым

жақсы көреміз.

Менің атам Сабырбай Өмір-

зақұлы мен әжем Төлеш Құрман-

қызы Көктем ауылында тұрды.

Атам бүкіл ғұмырында балаларға

ұстаздық еткен. Ол қазақ тілі мен

әдебиетінің үздік мұғалімі болды.

Көктем ауылынан түлеп ұшқан

түлектердің барлығы атамнан біл-

ім алған. Ал, әжем Төлеш болса қа-

рапайым жұмыс істеген, бала тәр-

биелеген. Ауыл адамдары атам мен

әжемнің өнегелі істерін, адамгер-

шілік асыл қасиеттерін, үлгі болар

парасат-пайымдарын әлі күнге

дейін әңгіме етіп отырады. Ол әң-

гімелерді естігенде қатты толқи-

мын.

Міне, осындай ата мен әженің



арқасында біздер тәр-биелі болып

өстік. Атам мен әжемнің халық

аузында жүргеніне жүрегімде ри-

зашылық сезім бар. Олар қазір

бұл дүниеде жоқ болса да үнемі

жанымда жүргендей сезінемін.



Әсел САБЫРБАЕВА, оқушы.

Суретте: Т. Медетбаев отбасымен - жары Балкенже Мұзды-

байқызы,  ұлы Әуелбек, қызы Қатша, Жәңгірхан  Әбілжанов.

7 тамыз, 2014 жыл

3

Құрылтай



Айналдым Аралым, жайнаған Аралым,

Әсемпаз, жасампаз, бай қалам Аралым.

Осы бір сөзі көркем, сазы әсем, жүрек-

ке жақын әнді талай жылдардан бері, талай

мәрте көкіректі кере шырқап келе жатыр-

мыз. Алда-жалда жырақта жүрген жер-

лестер туған жерде бастары тоқайласа қал-

са, дастархан басында да, басқа жерде де

осы әнді айтып, кеудедегі көп сағынышта-

рын басады. Жарты ғасырдан астам уақыт

бойы осы әсем саз үлкен-үлкен сахналарда

орындалып жүр. Бұл  - "Арал жастарының

вальсі" әні айдынды Аралымыздың, туған

өңіріміздің әнұранындай болып, көңіл

түкпірімізге әбден орны-

ғып қалған. Әсіресе өт-

кен ғасырдың алпысын-

шы, жетпісінші жылдары

бұл әнді балабақшада жа-

ңа тілі шыққан баладан

бастап, еңкейген кемпір-

шалдарға дейін жатқа білетін. Ал, енді туған

жерден шалғайда жүргеніңде естісең көк-

ірегіңе мұң толтырып, көңіліңді алау-далау

қылатын.


"Арал жастарының вальсі" әнінің муз-

ыкасын кейінірек Алматыдағы жоғары оқу

орындарында ұстаздық еткен жерлесіміз,

белгілі сазгер Өтеген Спанов шығарған, ал

сөзі арқалы ақын Елеусіз Кенебаевтікі еді.

"Дүниеде не өлмейді?" деп сауал тас-

тайтын еді ғой даланың дарабоз даналары.

Сол мәңгі өлмейтіндерге бірінші өнерді, ғы-

лымды жатқызады. Шынымен де, шын өн-

ердің, шынайы өлеңнің өлмейтіні уақыттар

межесінен еркін аттап, болашаққа жететі-

ні, келер ғасырларға аса беретіні еш дау-

сыз. Соның бір дәлелі - осы өлең-ән. Деген-

мен де уақыт көп нәрселерді көмескілен-

діреді. Міне, содан да болар әлгі өлеңді ту-

ындатушы ақын Елеусіз Кенебаев кім бол-

ды, ақындығы қандай болғандығын кейін-

гілердің тап басып білмейтіні шындық. Ол-

ар түгілі елуді әлдеқашан еңсеріп кеткен

біздердің өзіміз ақын Елеусіздің көзін көр-

мегеннен кейін ол туралы білетініміз там-

тұм ғана. Осы ой бізді Аралдың бір заман-

дағы, жұрт айтып жүргендей, ғажайып ән-

ұранын жазған ақынның ғұмырбаяны, шы-

ғармашылығы туралы сұрау салуға итерме-

леді. Әлгінде айтқандай-ақ, мүмкін бола-

шақта, келер күнде көп нәрселер, көп жай-

лар ұмтылғанда әсем әнімен Елеусіз ақын

ғана жетер. Кейінгі ұрпақ тіпті бұлдыр тарт-

қан ақын бейнесін білмес деген ой да маза

бермеді. Туған жерінде із қалдырған талант-

ты адамдардың өмірдерегі кейінгі буынға

жетіп жатса деген игі тілек қой біздікі.

"О, Туған жер, Аралым, Бір өзіңді Ваш-

ингтон, Парижге теңгерем бе?" деп жыр-

лаған асқақ үнді, рухы мықты ақын өз қол-

ымен орыс тілінде 80-жылдары жазылған

өмірбаяны қолымызға тиді. Ақтөбе облысы

жағында тұратын оның отбасының жеке мұ-

рағатынан алдырдық, араға адам салып. Өз

жазуы бойынша, Елеусіз Кенебаев елбасы-

на күн туған ауыр да қиын 1942 жылы 20 қыр-

күйекте Арал қаласында жұмысшы жанұя-

сында туыпты. Демек ақынның балдәурен

балалық шағы болмағаны ақиқат. 1959 жы-

лы №15 метептің 10-сыныбын бітірген. Сол

жылдың шілде айынан

1962 жылдың 19 шілдесіне дейін өзі тәмамда-

ған мектепте пионер вожатый (бүгінгі тіл-

мен айтқанда тәлімгер), аудандық мәдениет

бөлімінде инструктор-массовик болып іс-

теген. Осы кезеңде алғашқы өлеңдері жергі-

лікті газеттерде жариялана бастаған. 1962 жы-

лы жас жігіт арман қуып Алатау баурайын-

дағы Алматы қаласындағы талайлар қол жет-

кізуге құштар болған еліміздегі ең іргелі оқу

орны - Қазақ Мемлекеттік университетінің

журналистика факультетіне түсіп, 1967 жы-

лы бітірген. Оқу бітірген соң туған жерге ор-

алып, аудандық мәдениет бөлімінде аға ин-

спектор, аудандық "Толқын" газетінде әдеби

қызметкер, радио ұйымдастырушы болып

қызметтер атқарған. Ол кез Аралдың аты дүр-

кіреп, теңіздің ақ толқындары көбік шаш-

ып, жағалауды ұрғылап жатқан шағы. Ақын

шабытына осы тақырыптар сол кезде көб-

ірек арқау болған.

1973 жылдың мамырында Елеусіз ақын

көрші Ақтөбе облысына қоныс аударып,

Октябрь аудандық қос тілді "Знамя Октя-

бря"-"Октябрь туы" газетінде редактордың

орынбасары болып тағайындалады. Арада

көп ұзамай 1977 жылдың қыркүйегінде осы

облыстың Исатай ауданының "Степная

заря"-"Дала таңы" газетінде редактор болады.

Ал, 1982 жылдың қаңтарында Темір аудан-

дық "Рабочая знамя"-"Жұмысшы туы" газет-

інде ауылшаруашылық бөлімінің меңгеру-

шісі болды. Өзі жазатын саланы терең білгісі

келді ме, сол жылдары Темір ауылшаруа-

шылық техникумының зоотехника бөлімін-

де сырттай оқыған. Ал, әйелі Мейіз Орын-

баева осы ауданда ауруханада медбике бол-

ып істеген.

"Арал жастарының вальсін" ақын қай

кезде жазған? деген көкейіміздегі сұрақты

60-жылдардың ортасында "Толқын" газет-

інде Елеусізбен қатар жұмыс істеген журна-

лист Аманкелді Өткелбаевқа қойғанымыз-

да, ол сол жылдарды есіне түсіре отырып:

-Жасым кіші інісі болсам да, мені Елеусіз

досындай көрді. Ол жылдары қолына қалам

алып өлең жазатын жастардың бәрі редак-

цияны жағалайды. Ал, газетте ақын Елеусіз

әдебиет жағын қарап отыратын. Өзі ақын

болған соң да, әрбір жас таланттың үкілеп

әкелген алғашқы өлеңдеріне жанашырлық-

пен қарайтын. Және де өлеңді талдағанда

кемшілігі болса

ж а с ы р м а й т ы н .

Көзіңді жеткізе

дәлелдеп, көрсетіп

айтып салатын.

Мен білетін Елекең

Қазалының дар-

ынды ақыны Бал-

табай Тәжімбетов-

пен жақсы қарым-

қатынаста, сый-

ластықта болды.

Екеуі тонның ішкі

бауындай боп жүр-

етін еді.

60-жылдары ат-

ақты жазушылар

Тахауи Ақтанов пен

Әбдіжәміл Нұрпей-

ісовтің сценарийі негізінде "Теңіз хикаясы"

аты көркем суретті фильм түсірілетін болды.

Әлі есімде, жағалауын ақбас толқындар ұр-

ғылап жатқан Аралға "Қазақфильмнен" құра-

мында біраз адамы бар түсірілім тобы келді.

Ішінде атағы жер жарып тұрған кино жұл-

дыздары Әмина Өмірзақова, Елубай Өмір-

зақов болғаны есімде. Ал, өнердегі жолын

енді-енді бастаған жап-жас жігіт Асанәлі

Әшімов осы кинода ұшқыш рөлін сомдады.

Арал қаласындағы Пионер, Водоканал кө-

шелерінде, теңізде, оның жағалауында түс-

ірілімдер жасалды. Міне, осы "Теңіз хикая-

сы" атты киноға бір тамаша ән керек болған.

Содан тапсырыспен сазгер Өтеген Спанов

пен ақын Елеусіз Кенебаев бірігіп "Арал жас-

тарының вальсін" жазып шықты. Түсірілуін

түсірілгенімен сол кино кейін әртүрлі себеп-

термен экранға шықпай қалды-ау деймін.

Дегенмен, мұрағаттан алып қараса, сол кез-

дегі Аралдың асау теңізінің ғажайып бейне-

лерін көруге болар еді. Ал, ел ішіне тез тара-

ған ән аз уақытта көпшілікке кеңінен жай-

ылып кетті,-деп есіне алады.

-Мектеп қабырғасында жүргенде жар-

ыса өлең жазамыз, сосын оның газетте бас-

ылғанын асыға күтеміз. Бірде "Толқын"

газетінде редакция қоржынына түскен өл-

ең-жырларға ақын Елеусіз Кенебаев шолу

беріпті. Соның ішінде менің "Жалғыз кем-

пір" атты өлеңімді біршама мақтапты. Бір-

неше шумағыннан үзінді келтіріпті. Аты

шығып тұрған Елеусіздей ақыннан пікір

естігенде төбем

көкке екі елі-ақ

жетпей қалды.

Сол кезеңде

жылт етіп көр-

інген жастарға,

балауса ақын-

дарға Елекең

үнемі ақ жол

тілеп отыратын,-

деп еске алады

Қазақстан Жаз-

ушылар одағы-

ның мүшесі, бел-

гілі ақын Толы-

бай Абылаев.

Арқалы ақ-

ын шығармашы-

лығының нағыз

шыңдалып, қа-

натын кеңге

сермей бастаған

шағында 2000

жылы 8 тамыза

дүниеден өтіп

кетті.


Ақын Елеу-

сіз Кенебаев-

тың 60-61-жыл-

дары жазған бірнеше өлеңдері қолымда

бар. 18-19 жасар жас жігіттің жырларына

көбінесе махаббат тақырыбы өзек болып-

ты. Сондай-ақ  теңізге, туған жерге арна-

ған өлеңдері ойлылығымен, әсем де әсерлі

суретті тілімен баурап алады. Әзіл өлеңдер

де жазған сыңайлы. Алайда кейінгі жазған

шығармаларынан бейхабармыз. Тек қана

"теңіздің дәмін тамшысынан білуге бола-

ды" дегендей, әлгі жырларының өзі-ақ

ақынның адуынды көңіл-күйін, жан-дүн-

иесін, сырлы сезімін білдіріп, атойлап тұр-

ғандай. Мүмкін іздеушісі табылса, оның

кейінгі жылдарындағы жазған өлеңдерімен

туған жеріндегі жерлестері қайта табысар

ма еді. Қалай дегенде де ақын Елеусіз Ке-

небаев теңіз жағалау жұртының әнұра-

нына айналған "Арал жастары вальсінің"

талантты авторы ретінде, туған жер жыр-



шысы ретінде ел есінде қалары сөзсіз.

Ерғали АБДУЛЛА,

Арал қаласы.

...Ерте, ерте, ертеде,

бұл өлкеге,

Ел қонбаған кез екен.

Бірер төбе

Етегінде жалғыз үй отырыпты,

Жалғыз аты болыпты күнелтерге.

Бұл өмірдің сан алуан сыры көп-ті,

Және жалғыз сол үйдің ұлы бопты,

Қасығын да... көбейтіп асығын да,

Қартайғанда әкесі ырым етті.

Дәуірлеген аңызбен дала қанша,

Әттең, соны ұқпадық даналарша.

Сол даланың төсінде ойыншық үйді,

Саз балшықтан соғатын бала болса...

Тәңір берген қауырсын қабылетпен,

Болашақтың ол соқты тамын еппен.

Осылайша түсірді ел есіне,

Талай-талай шаһардың шағын өткен...

Қайтіп шыдап көрген жан тұра алады?!

Ойыншық шаһар осынау мұнаралы.

Күннен-күнге көркейді қазағымның,

Бала соққан Саураны... Сығанағы...

Қызығына баланың дала батқан,

Қандай ғажап қиялы қала соққан.

Бәлкім, бәлкім, күндердің бір күнінде,

Үміт отын лаулатар бала жаққан.

Аспан керек ұшатын қанаттыға,

Асқар керек асатын талаптыға.

Бас шайқайтын  қарт әке күлімсіреп,

Баласының ісіне қарап мына.

Сәулеті асқан саз балшық сарай болса,

Таңырқатты,

таңданды маңай қанша.

Күннен-күнге көркейді ойыншық шаһар,

Мұхиттарға асыққан жаңа арнаша.

Сөйтіп үйдің алдына қала орнады,

Орын тепті бау менен бақ ол дағы.

Бірте-бірте асқақтап бара жатты.

Көкке қанат қаққандай  бала арманы...

...Болатұғын жалғыз үй ол бақытты,

Бала болса саздан кент орнатыпты.

Жалғыз үйден басталған бала алдында,

Бұлдыраған сағымды жол жатыпты...

Болса да алыс болашақ төрі, міне,

Көлдей арман сыйғызды ол көңіліне.

Нағыз дарын жетеді арманына,

Түсірмеген көлеңке сеніміне.

Ақын болар адуын, ол арқалы,

Сәулеткер ме,

әлде үйші болар тағы.

Құдыретіңнен о, Аллам, айналайын,

Айналдырған жалынға қоламтаны...

Мойындамай келеміз осыны әлі,

Дарындар бар белгісіз,

тосын әрі.

Сәйгүліктей бір күні топтан озып,

Қатарына мықтының қосылады...

Туатын Ай секілді қияқтанып,

Алыс жолда жүйткіген тұяқ талып.

Бәйгеге де жетеді Батыраштан,

Оза шапқан Құлагер сияқтанып...

Сарқыт еді қалған ғұн... сақтан бұлар,

Сан ғасырдан соң ұрпақ мақтан қылар.

оттан,

судан,

тіл-көзден сақтасын деп,

Жалғыз ұлға қарт байғұс таққан тұмар...

...Елден жырақ отырды жер түбінде,

Әлдеқашан кеткелі кемпірі де...

Бая-ғы-да бұл жерде шаһар болған,

Шағылысқан көктегі көркі Күнге.

Талай-талай адамзат қатесінен,

Ол қаланы дұшпанның оты өшірген.

Осы аңызды қай заман есіткелі,

Мына қарттың әкесі әкесінен...

Маңайда жоқ көз тігер оба... қорған,

Үлкен жолдан үй еді дара қонған.

Тек төбенің астында

қарт айтатын:

-Бір заманда көк жасыл қала болған...

Жау қиратқан қаланы қаталдықпен,

Бірте-бірте құм көміп...

шаһар біткен...

-Әбжыланның мекені бопты,-деп бір,

Әсірелеп соғатын атам тіптен...

Көркі болған бір кезде сар даланың,

Сөнді сөйтіп шырағы нән қаланың.

Аңыз шаһар еді ол,

Нағыз шаһар

Арманына айналған әр баланың...

Адам болса мезгілге бағынышты,

Жүйрік жылдар жүйткіген тағы да ұшты.

Жүз жылдан соң төбешік болды пайда,

Асты шаһар,

аңызақ... сағым үсті...

...Мидай дала.

жусанды... селеулі қыр,

Көз жеткісіз,

ететін ол елді ығыр.

Шаһар жайлы шал айтса жылан жұтқан,

Ертегіге ерке ұлы кенелді бір.

Мұнарасы айшықты алтын шаһар,

Шаммен ел-жұрт есіткен даңқын қатар.

Керуен-керуен көш құлап, осы арадан

Басталатын тұс-тұсқа әр күн сапар...

Сияқтанып сол жақта жер жұмағы,

Қиял атты жүйткітіп Керқұланы,

Жұмбақ шаһар есін ап жалғыз бала,

Үй мен төбе арасын жол қылады...

Толыбай АБЫЛАЕВ,

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Көңілден кетпес, жүректен өшпес

Жыр күмбезі

Аты Арал-Сырдан асып, алты алашқа мәлім болған талантты ақын, жерлесіміз Толыбай

АБЫЛАЕВТЫҢ қай-қай туындылары да оқырмандары үшін жаңа бір әлем, жаңа бір поэти-

калық шешім табуымен қызықтырады. Оның өлең-жырлары, толғау-дастандары көркемдік

кейпімен, образдық-бейнелік жаңалықтарымен, тілдік әсем өректерімен дараланады.  Оқы-

ғанда аса бір тұщынып, рухани ләззат аласың. Өлең сөздің ырғақты сазына, поэзиялық ішкі

иірімдеріне тәнті боласың. Сақа ақынның  жақында ғана жазылып біткен жаңа туындысын

сиясы кеппеген қалпында оқырмандарға ұсынғанды жөн көрдік.

(Жалғасы бар)

7 тамыз, 2014 жыл



Редактор

Ерғали АБДУЛЛА

Газет Қазақстан Республикасы Мә-

дениет және Ақпарат Министрлігінде

тіркеліп,  3.06.2012 жылы тіркеу ту-

ралы  №12860-Г куәлік берілген.

Мекен-жайымыз: Қызылорда

облысы, Арал қаласы, Бақтыбай

батыр көшесі, «Самұрық» сауда

үйі, 1 қабат.

Газет әр аптаның бейсенбі күні шығады.

Қолжазбалар өңделеді және қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі

редакцияның түпкілікті көзқарасын білдірмейді.

Газет «Құрылтай» газеті редакциясының компьютер орталығында теріліп, беттеліп,

Қызылорда қаласындағы «PRINT» баспаханасында басылды.

Электронды пошта:

aral_kuryltai@mail.ru

Құрылтайшы: «Данабаева Жанаркүл» ЖК

Телефондар: редактор 2-41-30,

2-10-32,  жауапты хатшы, жарнама

және компьютер орталығы 2-11-80.

Индекс 65117                              Таралымы 1830                           Тапсырыс 930

4

Құрылтай



Құрылтай

Жұқпалы ішек ауруларының алдын алу

Маман кеңесі

Энтеровирусты инфекция (серозды менингит) - дене қызуымен, қатты бас ауруымен,

құсумен сипатталатын асқазан-ішек жолдарының жедел ауруы. Энтеровирустар барлық

жерге таралған. Эпидемия, әдетте, жаз және күз  мезгілдерінде болады. Елімізде энте-

ровирусты инфекцияның тіркелу көрсеткіші өсе түсуде. 2014 жылдың маусым айында

Астана қаласының өзінде энтеровирусты инфекциясының этиологиясындағы серозды

менингиттің 46 жағдайы тіркеліп, оның барлығы да 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде

болған. Аурушаңдықтың 50%-дан жоғарғысы 4-6 жастағы балалар арасында тіркелсе,

7-9 және 10-14 жастағы балалар үлесінде 2%-дан жоғары болып отыр.

Жұқпалы көзі - науқас адам немесе ауру тасымалдаушысы.



Энтеровирусты инфекцияның берілу жолдары: вируспен ластанған тағам және су

арқылы, тұрмыстық жағдайда залалданған (ластанған) күнделікті тұтыну заттары ар-

қылы, оның ішінде балалар ойыншығы, әртүрлі аспаптар және басқалары немесе вирус

тасымалдаушымен тікелей жанасқанда, сонымен қатар ауа тамшылары арқылы да жұ-

ғады. Жасырын даму кезеңінің ұзақтығы орташа 2-10 күн.

Алдын алу шаралары: ауру адамдармен тікелей қатынаста болмау; жеке бас гигие-

насын; сапасыз тағам өнімдерін пайдаланбау; суды қайнатылған түрінде немесе қау-

іпсіздігі кепілдендірілген  бөтелкедегі суды қолдану; ұйымдастырылмаған орындарда,

оның ішінде жартылай кеуіп қалған су қоймаларда және тоғандарда суға шомылуға

тыйым салу; ауырған адамдар өз бетімен емделмей, дер кезінде дәрігерге көрініп, тиісті

емдерін алуы қажет.



М.САДЫҚОВА, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас

маманы.

Жедел жұқпалы ішек ауруларының тобына дизентерия, іш сүзегі, А,В паратифтері,

тағамдық токсикоинфекция, сальмонеллез, гастроэнтериттер жатады. Аталған ауруларды

әртүрлі қоздырғыштар тудырады және олар әрқалай өтеді. Қоздырғыштар - әртүрлі ми-

кроорганизмдер ішекте көбейіп, оның қандай да бір бөлігін зақымдайды, токсин  улармен

ағзаны уландырады, тағамдық улануға әкеліп соқтырады. Жұқпалы ішек ауруының

қоздырғыштары ағзадан негізінен нәжіспен, кей жағдайларда іш сүзегі кезінде  зәрмен

бірге шығады. Ағзадан шыққан қоздырғыштар сыртқы ортаны: үй-жайды, ашық су

көздерін, ауыз су құдықтарын, топырақты, тағам өнімдерін және басқаларды ластайды.

Жедел ішек сырқаттарын тудыратын қоздырғыштар адам ағзасынан тыс та біршама  уа-

қыт өмір сүре алады. Мысалы, еденде шаң-тозаңмен 5 күнге дейін өмір сүріп, құрғақ

сыпыртқымен сапырғанда бүкіл үйге таралуы мүмкін, жаздың күні сырқаттың нәжі-

сіндегі қоздырғыштар 24 тәулікке дейін, қыста бірнеше апта бойы өмір сүреді. Тұрмыстық

заттарда, есік тұтқаларында, шүмектерде, ыдыста дизентерия қоздырғыштары 5 күннен

24 күнге дейін сақталады. Қолайлы болған жағдайда, жедел ішек ауруларын тудыратын

қоздырғыштар топырақта 1 айға дейін, суда 10 күнге дейін, нанда 14 күн, сүтте 20 күн,

көкөністер мен жемістерде 14 күнге дейін сақталады. Сүт пен сүт өнімдерінде, салат пен

басқа да азық- түліктерде ішек жұқпаларының қоздырғыштары сақталып қана қоймай,

тамақ өнімдерінің дәмдік сапасын өзгертпей-ақ көбеюі мүмкін. Микробтар қайнатқан

кезде бірнеше секундтың ішінде өлсе, 60 градусқа дейін қыздырған кезде 30 минуттың

ішінде өледі.

Жұқпалы ішек инфекциясының берілу жолдары: тағам өнімдері бүлінгенде, жеміс-

жидектер жуылмай желінгенде, су дезинфекцияланбаса, сырқат адаммен жеке бас та-

залық шараларының қажетті ережелері сақталмаса жұғуы мүмкін.



Алдын алу шаралары: суды қайнатылмаған күйінде, сүтті пісірілген күйінде ішу; піскен

тамақты тоңазытқышта 6 сағаттан артық сақтауға болмайды; иісі, дәмі бүлінген тағамды

пайдалануға болмайды; шикі көкөністер мен жемістерді пайдалану алдында ағын сумен

мұқият жуып, ыстық сумен шаю; дайын тағамды, сусынды, ыдысты шыбындардан ау-

лақ ұстау;  лас-қоқыстардан тазалау; жеке бас тазалығының қарапайым қағидаларын

сақтау қажет.



А.САТЕКЕЕВА, Арал аудандық ТҚҚБ басшысы, Арал ауданының бас мемлекеттік

санитарлық дәрігері.

Бір-бірімізді тірімізде қадірлеу, сый-

лау маңызды екен. Қадірін білмеген жан-

ды жоқ кезінде іздеп, сағынудың қажеті не.



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 211.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет