Мәңгілік ел халық мұраты 7 тамыз, 2014 жыл Бейсенбі 2012 жылғы 4 қазаннан шыға бастады



жүктеу 211.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата11.01.2017
өлшемі211.01 Kb.
  1   2   3

Мәңгілік ел - халық мұраты

7 тамыз, 2014 жыл

Бейсенбі

2012 жылғы 4 қазаннан шыға бастады

Қызылорда облысы аумағына тарайтын апталық газет

№32 (97)

Құрылтай

Теміржол - әулетіміздің еншісі

Мектептен соң сонау 50-жыл-

дары Қарағанды қаласында құр-

ылыс мастерін дайындайтын оқу-

ға түстім. 1954 жылы оқуды бітір-

іп, қағазымды қолыма алып Сек-

сеуілге келгенмін. Сол кезде па-

равоз депосын теплавоз депосына

айналдыру жүріп жатыр екен.

Осы үлкен жұмысқа бел шеше,

білек сыбана кірісіп кеттім. Жұм-

ысты мамыр айында бастап, ескі

депоны бір жарым метр көтеріп,

мұнаралы көтергіш қондырдық.

Алғашқы осы жұмысымның өзі

елеусіз қалмады. Сол кездегі Ор-

ынбор-Ташкент жолына қарасты

теміржол бастығы Задарожный

"Үздік құрылысшы" медалімен ма-

рапаттады, ақшалай сыйлық бер-

ді. Міне, осы саладағы абырой-

лы еңбек жолым әп дегеннен осы-

лайша табыстармен басталған.

Табан аудармастан қырық жыл ең-

бек етсем, соның жиырма жылын-

да машинист болдым.

Депо 1983 жылы қосалқы ша-

руашылық ретінде түйе өсірмек-

ші болды. Қызылорда жол бөлім-

шесінің бастығы Орынбай Жане-

ділов осы шаруаға байланысты

әдейі келіп, қосалқы шаруашы-

лықтың жауапкершілігін маған

жүктеді, сенім артты. Сүйікті кә-

сібім машинистіктен енді осы са-

лаға ауысуыма тура келді. Мұнда

да абыройсыз болған жоқпын.

Басында алған 50 түйенің саны

90-жылдары 400-ге жетті. Айта

кетерлік нәрсе, заманындағы

КСРО теміржол бойынша қосал-

"ЭКСПО - 2017" қазақ  елінің бұрын-соңды болмаған ең ірі "им-

идж-жобасына" айналмақ. Елбасы Н.Назарбаев "ЭКСПО енді бес

жылдан кейін қайда өтеді?" деген сауалдың жауабын адамзат бүкіл

әлем болып іздегендігін айтады. Себебі Халықаралық көрмелер

бюросына дүниежүзіндегі 161 мемлекет мүше, сайлауға сол елдердің

барлығы қатысты. "Олардың барлығы Қазақстанның қайда екендігін,

Астананың не екендігін талқылады, олардың барлығы өз таңдауларын

білдіру үшін біздің еліміздегі ахуалды саналы түрде зерттеді. Олардың

барлығы ақыр соңында осынау жаһандық ауқымдағы көрмені өт-

кізуді Қазақстанға, Астанаға сеніп тапсырды" деп түсіндірді Елбасы.

Ал, ЭКСПО Қазақстанға қандай пайда бермек?

-Біріншіден, әлемнің осыншама Қазақстанды "ең лайықты" деп

тануының өзі маңызды,- дейді мемлекет басшысы:-Екіншіден, 100-

ден астам ел Астанада өз павильондарын салу үшін келеді. Үшін-

шіден, "ЭКСПО - 2017" көрмесіне біз ұсынған "Болашақтың қуаты"

ұраны негізінде елордамызға жаһандағы мемлекеттер өздерінің жаңа

технологияларын жеткізеді, паш етеді. Іс жүзінде ІІІ индустриялық

революция "жасыл экономикадан" басталмақ. Бұл ретте қай елде

"жасыл экономика" болса, соның қолында жаңа технологиялар бар.

Ал, жаңа технологияларсыз енді даму жоқ. Яғни, "ЭКСПО - 2017"

Қазақстан үшін экономикалық дамудың түбегейлі жаңа бетін ашу-

дағы бетбұрыс бекетіне айналмақ!

"Жасыл экономика" саласындағы жетістіктер паш етілетін осы

жаһандық көрме үшін Астана қаласы жанында арнайы қалашық

бой көтермек. Мемлекетіміз ЭКСПО өткеннен кейін оны қалай пай-

даланатындығын енді айқындап қойыпты. "Онда тұрғызылғанның

бәрі бізде қалады,-деді Н.Назарбаев:-Бұл жаңа, "жасыл" техноло-

гияларды бүкіл Қазақстанда ендіруге қызмет ететін зертхана-ла-

бораторияға, ғылыми паркке айналады. Өйткені бүкіл әлем осы

жолмен ілгері жылжитын болады".

Қазақстан Көшбасшысы "алдағы бес жыл бойы бүкіл әлемнің

Қазақстан туралы айтатындығын" нықтайды. "Мен мұның айрықша

маңыздылығын атап өткім келеді,-деді Президент:-Біздің елор-

дамызда ғылым мен техниканың барлық ең үзік әлемдік жетістіктері

ұсынылады. Біздің өз халқымыз, көптеген қазақстандықтар бола-

шақтың экономикасын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды".

Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО - 2017"-ні

"мега-жоба" деп жариялады. "Одан барлық өңіріміз пайда табады. Бұл

еліміздің инновациялық дамуына қуатты серпін береді" деді ол.

Н.Назарбаев осы жетістік пен жеңіс - мемлекеттің сарабдал сая-

сатының нәтижесі, халқымыздың еңбекқорлығының арқасы деп ба-

ғалады.

М.МЕҢДІБАЕВ.

Отбасын құрғысы келетіндердің өзара шынайы

келісімімен неке қиылады. Сонымен қатар неке жа-

сына жетудің үлкен маңызы бар. Қазақстандағы неке

жасы 18 жас. АХАТ органдары дәлелді себептермен

ғана неке жасын 2 жылдан аспайтын мерзімге төм-

ендете алады. Дәлелді себептер - жүктілік, баланың

тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке тол-

мағандардың нақты отбасын құруы жатады.

Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен

қиылса жарамсыз деп танылады. Некеге тұру келі-

сімін некені тіркеу рәсімі барысында некеге тұрушы

адамның өзі ауызша білдіреді және қол қойып рас-

тайды.


Некеге тұратындардың келісімімен медицина-

лық, сондай-ақ медициналық-генетикалық, реп-

родукциялық денсаулық қорғау мәселелері жөнінде

кеңестер алып, тексерулерден өтуіне болады. Тексе-

ру нәтижесі медициналық құпия болып табылады

және некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден

өткен адамның келісімімен ғана хабарланады.

Некеге тұратын жұптардың тікелей қатысуымен



«ЭКСПО-2017»-

БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ

қы шаруашылықпен шұғылдану-

дан біздің депо бірінші болды. Ең-

бегімнің рахатын көріп, зейнетке

шықтым. Зейнетке шыққанда Ақ-

төбе теміржолының бастығы құр-

метпен маған №28 маркалы трак-

торды сыйға берді. "Құрметті темір-

жолшы" атағымен марапатталдым.

Мен теміржолшы болғанымды

үнемі мақтан тұтамын. Құдай қос-

қан қосағым да теміржолда істеп,

1992 жылы ол да зейнетке шықты.

Отбасымызда он баланы тәрбиел-

еп, өсірдік. Ұрпақтарымызды тек

адал еңбектің жемісін көруге тәр-

биеледік. "Ата көрген оқ жонар, ше-

ше көрген тон пішер" дегендей, біз-

ден үлгі алған балаларымыз да тем-

іржолшы мамандығын қалады. Үл-

кен ұлым Ұзақ Сексеуіл локоматив

депосында 30 жылдай машинист

болып істеп келеді, немерем Әу-

елбек те көлік және коммуника-

ция саласы бойынша жоғары оқу

орнын тәмамдап, осы салада қыз-

мет етуде. Ұлым Марат Сексеуіл

локоматив депосында слесарь, ал

одан туған немерем Ержан Шиелі

локоматив депосында машинис-

тің көмекшісі. Қалиматым Қан-

дағаш локоматив депосында сл-

есарь. Жұбайы Жібек теміржол ст-

анциясында жұмыста. Олардың

баласы Еркін де машинист көмек-

шісі. Қалжан өзіміздегі локомат-

ив депосында отбасымен темір-

жолшы. Мұратбек болса Шиелі

локоматив депосында машинист.

Екінші ұлым Болат қана Орал қа-

ласында кәсіпкер.

Міне, осылайша бүкіл әулеті-

мізбен мамандық таңдауда, кәсіп

етуде еліміздің экономикалық кү-

ре тамырындай болған теміржол

саласын еншілеп отырмыз. Еге-

мен еліміздің осы қарқынды дам-

ып келе жатқан саласына қомақ-

ты үлес қосып жүргенімізді әрқа-

шан мақтаныш етеміз. Біздің әу-

леттің теміржол саласындағы ең-

бек өтілін жалпы санасақ жүзде-

ген жылдардан асатынын біз мәр-

тебе көреміз. Кейінгі буындары-

мыздың да, яғни немере-шөбере-

леріміздің де осы саладан өздері-

нің сүйікті мамандықтарын таба-

тынына сенімдіміз.



Ахан ЖҮГІНІСОВ,

"Құрметі теміржолшы",

сала ардагері, Сексеуіл кенті.

ОТБАСЫН ҚҰРҒЫСЫ КЕЛЕТІН

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАПЕРІНЕ

Салауатты өмір сүру салтын на-

сихаттауда бөлімнің бөліністерінде

тұрақты көпсайыс, қызметтік-қол-

данбалы және спорттық көпшілік

түрлері, қаруды қолдану шеберлігі,

саптық түзеу жарыстары, спартак-

иада, эстафета өтеді. Полиция кап-

итаны М.Баубеков, полиция аға

лейтенанты Б.Жүгінісова, полиция

лейтенанты А.Сермағамбетова,

полиция сержанты Ж. Өтешов өн-

ерлерімен әрдайым көрермендерді

тәнті етіп, бөлімнің қоғамдық жұм-

ыстарына белсене араласады.

Бөлімде сыбайлас жемқорлық-

қа қарсы заңдылықты және әске-

ри-қызметтік тәртіпті бұзуды бол-

дырмау және сақтандыру бойынша

алдын алу жұмыстары атқарылуда.



ТҮЗЕТУ

Газетіміздің 31 шілде №31 (96)

санындағы «Тегіне тартып ер  ту-

ар» атты мақаланың авторы -

«Шектібай ЖОЛАМАНОВ, Арал

аудандық Өнер мектебінің қыз-

меткері» деп оқылсын.

АШЫҚ ЕСІК

КҮНІ

2014 жылдың 14 тамызы күні

сағат 16.00-де Арал қаласы Т.Ес-

етов көшесі, №6 мекен-жайда

орналасқан Арал аудандық сот-

ының ғимаратында ашық есік

күні өтеді.

Алдын ала жазылу 2-42-28

телефоны бойынша жүргізіледі.

Арал аудандық сотының

баспасөз қызметі.

АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат не-

месе өкілдер арқылы қиюға тыйым салынады.

Қамауда не бас бостандығынан айырылғандар

да некеге тұра алады. Алайда, олардың некесін мем-

лекеттік тіркеу - АХАТ органында емес бас бостан-

дығынан айыру орнында, яғни қамауда отырған

жерінде тіркеледі. Заңда неке қиюға кедергілер де

көзделген. Олар өзге некенің болуы, болашақ ерлі-

зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушы-

лардың біреуінің іс-әрекетке қабілтсіздігі және т.б.

Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер

АХАТ органына арыз берген күннен бастап 1 ай мер-

зім өткен соң жүргізіледі. Егер дәлелді себептері бол-

са, онда неке қиюды 1 ай өткенге дейін қиюға және

осы мерзімді 1 айдан аспайтын уақытқа рұқсат еті-

леді. Тіпті ерекше себептер орын алған жағдайда

неке өтініші берілген күні қиылуы мүмкін.

Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұр-

уына тек ата-аналарының келісімімен рұқсат етіл-

етінін айта кеткеніміз жөн болар.

М.ЖУМАШЕВА, басқарманың бас маманы.

Сондай-ақ ішкі істер органы-

ның абыройы мен беделін нығай-

туда тұрақты негізде мемлекеттік

және ұлттық мерекелерге арналған

іс-шаралар өткізіледі. Бөлім қыз-

меткерлері мен ардагерлер арасын-

да Кеңес әскерінің Ауғанстаннан

шығарылғанына 25 жыл толу күн-

іне, Халықаралық Әйелдер күніне,

Наурыз мерекесі, ҰОС Жеңісіне-

69 жылдығына, Полиция күнін ат-

ап өту бағытында іс-шаралар ұйым-

дастыру жыл сайын өз жалғасын

табуда. Әрбір іс-шарада бөлім қыз-

меткерлері мен шақырылған қона-

қтардың қатысуымен концерттік

бағдарлама ұйымдастырылып,  ер-

екше көзге түскендер салтанатты

түрде марапатталады

беті, қызметтік куәліктерінің жә-

не жеке белгілерінің болуы бақы-

лауда. Осы мақсатта ОІІД-ті тара-

пынан әрдайым оқыс тексерістер

жүргізілуде. Бөлім қызметкерлер-

інің автокөлік тәртібін сақтау жұм-

ыстары назардан тыс қалмайды.

Облыстық ІІД ӨҚБ, ЖПБ, ТҚеБ

және КЖБ қызметкерлерінің ара-

сынан жұмылдырылған топтың

жеке құрамы бақылануда. Нәти-

желері бойынша тиісті шолу және

бұзушылыққа жол берген қызмет-

керлерді жазалау туралы бұйрық

дайындалады.

А.ЖАҚСЫЛЫҚОВА,

Арал АІІБ-ның кадр жұмысы

тобының инспекторы,

полиция капитаны.

Ұлттық патриотизмді қалып-

тастыру мақсатында аудандық

ішкі істер бөлімінде әлеуметтік-

құқықтық оқыту жүйесінде жо-

ғарғы азаматтық жауапкершілік

пен қоғамның рухани бірлігін ны-

ғайту, мемлекеттік рәміздерге дұр-

ыс қарау және оны қолданудағы

ақпараттық-түсіндірмелі және  на-

сихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Таңдаған мамандығына мақ-

таныш сезімін ұялату, ұлтжанды-

лыққа тәрбиелеу, ұрпақтар сабақ-

тастығы, Қазақстан полициясы-

ның қаһармандарының тарихын

насихаттауда, бөлімде түрлі мәд-

ени іс-шараларды ұйымдастыру

жеке құрамды тәрбиелеу ісіне ба-

ғытталған негізгі бір бағыты.



ХАЛЫҚ САҚШЫСЫНЫҢ ТІРШІЛІК-ТЫНЫСЫ

Бекітілген киім үлгісін

кию ережесін сақтау, қыз-

меткерлердің сыртқы кел-



ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ

САЛАУАТТЫ ДЕМАЛЫС

Акция

Арал аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқар-

масының ұйымдастыруымен «Ұландар» Арал лагерінде балалардың

құқықтарын қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық сауаттылы-

ғын қамтамасыз ету, тұтынушылардың сауаттылығын жетілдіру, ба-

лалар арасында жұқпалы іш аурулары мен тағамнан уланудың ал-

дын алу мақсатында «Балалардың қауіпсіз және салауатты  демалысы»

тақырыбында аудандық акция өтті.

Басқарма басшысы акцияның ұйымдастырылу мақсатына, маң-

ыздылығына тоқталды. Акцияның бағдарламасына сәйкес «Ұландар»

лагері туралы лагерь директоры Д.Жұлдызбаев баяндама жасады. Ак-

цияға қатысқан аудандық  мәслихат депутаты, ауыл әкімі, үкіметтік

емес ұйым өкілдері, ата-аналар, ардагерлер балалардың құқықтарын

қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығы бойынша өз

пікірлерін ортаға салды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру  бөл-

імшесінің қызметкерлері балалар арасында  тренинг өткізді.



(Өз тілшімізден).

2

7 тамыз, 2014 жыл

Құрылтай

Еліңе бердің алтын,

маржаныңды,

Арнадың және соған бар

жаныңды.

Т. МОЛДАҒАЛИЕВ

Арал өңірінің ірі тұлғасың бірі

де бірегейі -ТөлегенМедетбаев.

Иә, уақыт - ұлы таразы. Арал  қа-

ласының ірге тасы қаланған тұс.

Әлеуметтік сана мен қоғамның

өсіп-дамуы  үшін, жаңа бетбұрыс

қалыптасқан кезең. Дәл осы тұс-

та Уәйіс Қосымов

пен Төлеген Ме-

детбаев есімі қа-

тар аталады. Бұл

бабаларымыз өң-

ірдің іргесін қал-

ыптастырып, қа-

һарман ерліктер-

імен тарих беттер-

інде  алтын әріп-

термен жазылып

қалын-ды. Кеш-

егі Кеңестік дәу-

ірдегі Аралдың

атын әлемге тан-

ытқан тұлғалар.

Бүгінгі өскелең

ұрпақ үшін олар

ұлы дала тарихы-

ның аңыз


адамдары.

Айдынды өңірдің топырағы

талай таланттылар мен айтулы

тұлғаларды тудырған өңір. Осы

бабаларымыздың өнегелі өмірін,

әр кезең ұрпағына зерделеп-зерт-

теп мұрағат деректерінен, жаз-

ылған естеліктерден, ұрпақтар

сабақтастығынан айтылған сыр-

ларды жинақтап бір бүтін дүние

жазып  шығу, тек өсер елге лай-

ықты міндет. Тарих беттерінде

Т.Медетбаевтың сол тұстағы ер-

лікке толы қаһарман істері тарих

жылнамасында жарқырай жаз-

ылды. Атамыздың өмір жолы мен

ерекше болмысын тұтастай аша-

тын басы бүтін бір дүние жоқтың

қасы. Өмір сабақтастығын  жал-

ғастырған бел баласы аудандық

председателі Медетбаев Әуелбек

Төлегенұлы. Осындай ірі тұлға,

қос тұлғаның тектілігіне тұтастай

талдау жасау, басы бүтін бір дүние

жазып шығуды мақсат еттім.

Жақайым Көлімбет руының

шежірешісі Нұрмағанбет Әліба-

евтың  естеліктерінде  Медетбай

жарлы, арқасы бар, көзі қарақты

адам болған деп жазылған. Той-

домалақтарда  Медетбай ақсақал:

"Менің Төлегеніме сыбаға берің-

дер, күні ертең азамат болғанда

талайыңа пайдасы тиеді, аға бол-

ғанда " дейді екен.

Төлеген Медетбаев 1890 жы-

лы Арал қаласында қарапайым

шаруа  отбасында дүниеге келген.

Қазалыдағы жергілікті  орыс мек-

тебіне барып оқуға түсіп, онда 2

кластық мектепті бітірген.  Онда

Күзембаев, Күлетов, Тәжімбетов,

Сырғабаев, Мұратбаев секілді

қазақтың жігерлі жігіттерімен

танысады. Алғырлығы мен зер-

ектігінің арқасында орысша жазу

мен сөйлеуді жылдам меңгерген

"мол нан алып жер тілі бар " азамат

болды.

Қатарынан күші басым, тұл-



ғалы, бір беткей, сөзді астарлаң-

қырап бір айтар, арам еті жоқ ,тіл

алғыш, тындырымды, мығым жі-

гіт атанды. Алғашқы еңбек жол-

ын байлардың жалшысы  болудан

бастаған. 1906 жылы Кеңес өкі-

метінің алғашқы жылдарында

жұмысшы шаруа милициясының

ерікті отрядын ұйымдастыруға

қатысқан. 1917 жылдың аяқ ше-

гінде Аралдағы алғашқы больше-

виктер ұйымына бас болып Бек-

бембетов, Борматов, Медетбаев ,

Иванов т.б. мүше болды.1918

жылы Дутов-Колчактар қолы

Кеңес үкіметін тұтастай басып

алуды мақсат етіп, ақтар мен қыз-

ылдар арасындағы азаматтық

соғыс болды. Бұл соғыстың соң-

ғы шешуші шайқасы Арал топы-

рағына табан тіреді. Осы ұрыс

Ұстаз - құрмет сөз. Шәкірттеріне білім

мен тәрбиенің нұрын шашатын, адамгер-

шілікке баулитын жан. Үлгілі ұстаздан тәлім

алған адам жақсы тұлға болып қалыптаса-

ды. Білім нәрін сепкен кешегі ұстаз, бүгін-

дері іргелі отбасының анасы Қамажай Қа-

бақбаева туралы қалам тербегіміз келді. "Өз-

генің бақытын аялап, өзінің уақытын аяма-

ғандықтан да" шәкірттер жүрегінде өшпестей із қалдырған жаны жай-

саң, парасат-пайымы мол ардагер ұстазды айналасындағылар, ау-

ылдастары құрметтейді.

Жас қыз Қамажай Сексеуіл кентіндегі №423 мектепті бітірген

соң, Орал қаласындағы педагогикалық институттың география фак-

ультетіне түсті. Араға бес жыл салып, арман қуған талдырмаш қара

қыз жолдамамен өзі бітірген мектебіне оралып, мұғалім болып қаб-

ылданды.

Дана халқымыз "Өнерлінің қолын ұста, өнегелінің жолын ұста"

дегендей, қасиетті мектеп қабырғасында ұзақ жылдар ұстаздық еткен

еңбек жолында Әбдіразақ Досмырзаев, Жалғас Нұрманов, Амандық

Исаев сынды білім саласының нағыз майталмандарымен бір ұжымда

еңбек етті. Үйренді, кәсібінің қыр-сырын жете түсінді. Жас маман

ретінде жыл өткен сайын шыңдалып, мұғалімдік мамандықтың биігіне

көтерілді. Білімі кемел Қамажайдың бойынан асықпай, мәнерлеп

сөйлейтін пайымды сөзінен әр балаға, оқушыға деген шынайы ниетін

аңғаруға болатын. Қамажайдың күллі тыныс-тіршілігі, жеке басының

қуанышы, шаттанған сәттері түгелдей өзінің екінші ұя атанып кеткен

ұжымымен біте қайнасып кеткен. Шәкірттерге берген сапалы білімі

ескерусіз қалмады. Ол аудандық, облыстық білім саласының мақ-

тауына сан мәрте ие болды.

"Шәкіртсіз ұстаз - тұл" демекші, бүгінде өзі тәрбиелеп, мектеп

қабырғасынан ұшырған балғын шәкірттері қабырғасы қатып, бұ-

ғанасы бекіп, еліміздің түкпір- түкпірінде абыройлы еңбек етуде. Әр

тарапта жүрген шәкірттері бастары қосыла қалғанда сүйікті ұстаздары

Қамажай апай туралы былай әндетеді:

Бір үзік сыр біз үшін таусылмайтын,

Басқан ізің мектепте асыл дәйім.

Кетсек те бұл мектептен жырақ асып,

Білім берген ұстазымды ұмытпаймыз.

Асыл ана, ардақты ұстаз Қамажай өмірлік жолдасы Асан екеуі

отбасының алтын діңгектері.

Өмірдің үлкен белестерінен өткен Қамажай өз ортасына сыйлы

жан. Ол қарасөздің қаймағын қалқитын шешен. Ақынжандылығы

тағы бар. Өз замандастары арасында "Қамажай айтыпты" деген

әңгімелер де жетерлік. Өмірдегі көргені мен түйгені мол көкірегі қаз-

ына зейнеткер халқымыздың салт-дәстүрін әрқашан насихаттап кел-

еді. Жасы келіп егде тартса да, әлі тұғырынан таймаған. Қоғамдық

жұмыстарға белсене араласады. №87 мектептің ардагерлер кеңесінің

төрайымы.

Жүрегі шуақты, көңілі нұрлы ұстаз ана Қамажай Қабақбаева міне

осындай жан.

Ж.ЖОЛДАСОВ, Сексеуіл кенті.

даласында Арал жұмысшылары өз

еркімен қызыл гвардия қатарына

топ-тобымен еніп,  жауынгер тобы

құрылды. Оларды партизан Төле-

ген Медетбаев басқарды. Жасақ-

ты жауға ел азаматтары қолдарына

қару алып қарсы шықты. Әр жер-

ден жұмысшылардың ерікті отряд-

тары құрылды. Перов, Борисов бас-

таған Ақмешіт жұмысшылар отря-

ды, Моисеев бастаған Қазалы от-

ряды, Медетбаев бастаған Арал

отряды, Ақтөбе, Шалқар жұмыс-

шы отряды Дутов-Колчактың мың-

сан қолына қарсы ұрыс жүргізді.

Қызыл әскер 1918 жылы май

айынан бастап шығысқа қарай

шегіне ұрыс жүргізді.  Колчак-Дут-

ов әскерінің сілесін қатырды, өрі-

сін тарылтты. Бұл ұрыс даласының

соңғы нүктесі Арал қаласының

Қарақұм бекінісінің  оң  жақ бет-

кейі болды.  Онда Төлеген Медет-

баев  қол бастады. Бұл революция

тарих бетіне "Аралдағы ақырғы ай-

қас"  атты Тойбазар Елемесовтың

роман трилогиясында алтын сия-

мен жазылып қалды.

1918 жылы "Совдепке жаңа

басшы керек. Ол саяси сауатты,

революция ісіне шын берілген

және табанды большевик болу

керек. Ол Төлеген Медетбаев" де-

ген ұсыныс бір ауыздан мақұлдан-

ды. Төлеген Медетбаев Совдеп төр-

ағалығына  сайланды.  Сол жылы

қалада  мектеп ашылды.

Осыдан бастап қазақ балала-

рын мектепке тарту күресі бас-

талды.1920 жылы қазақтың жетім

балалары үшін мектеп жанынан

интернат ашылып, барлық бала өз

ана тілінде терең білім алды. Кеш-

құрым жұмыстан кейін жұмыс-

шылар да оқып, сауаттарын ашты.

Бұндай мектеп интернат  Бөгенде,

Қамыстыбас елді мекенінде болды.

1919-1920 жылдары ол Аралда

милиция бастығы болады. Осы

жұмыста жүріп, ол шаруа семина-

ры, ауыл шаруашылығы бірлестік-

терін, сонымен қатар Бөген бал-

ықшылар бірлестігін құрды. Оның

құрамы 7 бірлестіктен құралған:

Қарашалаң, Қаратерең,  Қаратүп

солтүстік жағалауынан  Сарышы-

ғанақ,  Райым, Жалаңаш, Шөміш-

көл, Ақшатау көлдері  біріктіріліп

бірлестік құрылды.

1921 жылы 7 қазанда Арал бал-

ықшыларына арнап В.И.Ленин

өзінің үндеу хатын жазды. Онда:

«Сіздерге бүкіл Еділ бойы және



Приуральенің бір бөлігін бұрын соңды

болмаған құрғақшылық белең алды.

Астрахань губерниясынан бастап

Татар республикасы, Пермь губер-

ниясына дейін созылған құрғақшы-

лық  миллондаған адамдар аштық-

тан қырылып жатыр. Сол халық-

тарға, ісініп жатқан кемпір шал-

дарға, күйзеліп жатқан сегіз миллон

еңбеккерге, ең ақыры бәрінен бұрын

қырылып кетуі мүмкін жеті миллон

балаға көмек беріңіздер" .

 Халық тегіс жұмылды, топ -

топқа бөлініп жылымдар салынды.

Екі жарым айдан кейін Арал Сов-

депі  телеграммада: "Арал бассейн-

інің балықшылары он төрт вагон

шикі балық жөнелтті. Бұған Бөген

балықшылары ерекше белсенділікпен

қатысты" делінген хатқа қол қой-

ды.


Төлеген Медетбаевтың тұс-

ында өңірде балық тресімен  мем-

лекеттік параходство жерлеріне

ағаш пен каркастан мемлекеттік

зәулім үйлер бой көтерді . Кешегі

"Маяк"  бүгінгі жыраулар үйі .

Балықшылардың оқу комбинаты,

мектептер мен медициналық

кешендер бой көтерді. Арал қа-

ласы аз жылдың ішінде жоғарғы

қарқынмен жан-

данды. 1939 жылы

Арал аудандық ең-

бекшілер сьезінің

бірінші шақырыл-

ымында  депутат

болып сайланды.

1947 жылдан өмір-

інің соңына дейін

Сазды колхозының

төрағасы болды.

1949 жылы 4 мау-

сымда 59 жасында

өмірден өтті .

Төлеген өз өм-

ірінде ылғи жетім

баққан адам. Оның

үйінде ойдан - қыр-

дан құралған 10

шақты жетім бала-

ларды бағып тәрбиелеген . Сол он

жетімнің үлкені мен едім дейді

Тойбазар Елемесов. Сондай же-

тімдердің бірі Жәңгірхан Әбіл-

жанов.  Ол Алматы жоғарғы соты-

ның тізгінін ұстаған. Сол он жет-

іммен бірге көже ішіп, олармен

бірге жатып, бірге тұратын "ис-

палком "  Төлеген атамыз аталық

сөзді көп айтқан жан.

"Еңбекші халыққа әкірең ем-

ес, қамқоршы болу керек, ал бат-

ырлық соғыста керек",  "Адам

көркі- адалдық", "Адалдық -адам-

ның бойында ", "Бас кімге біт-

пеген, ми кімде жоқ " деген аталы

сөздерді айтып кеткен. Кешегі әр

аға  ұрпақ,  жас жеткіншек, ұрпа-

ғы  оны өзіне үлгі тұтты  және оған

ұқсауға тырысты. Көгілдір көк

теңіздің тарланы, жазиралы жаз-

ық даланың сайып қыранының

өмірлік жары Балкенже  Мұзды-

байқызы қызы Қатша мен ұлы

Әуелбектің тәрбиесіне ерекше

көңіл бөліп және үй шаруасының

тізгінін берік ұстаған. Ойдан-

қырдан құралған 10 жетімге  жет-

імдікті көрсетпей, бүтіндей бау-

ырына  басқан батыр ана .

Әуелбек Медетбаев  Төлеген-

ұлы аудан тізгінін ұстаған ерен

тұлғаның ізбасары.Үлкен саясат

сахнасына, замана толқыны , өмір

ағысына өзі шығарды. Болашақ

ұлы істерге ол жастайынан шың-

далды.

Әуелбек Медетбаев өзінің ғи-



братты ғұмырында ұрпағына тағ-

лымды із қалдырған, саналы тәр-

бие берген, асқаралы биік тұлға.

Өңіріміздің жоғарғы деңгейде да-

муы жолында өзінің зор үлесін

қосқан азаматтардың бірігейі.

Әйелі Орал Мырзалиева нағыз

азаматтың абыройы, намысы.

Әуелбек Медетбаев пен Орал

Мырзалиева да 10 баланы өмірге

әкеліп, тәрбиелеп өсірген батыр

ана мен әке. Бүгінде  сол 10 ұрпақ

қанатын кеңге жайған мәуелі бәй-

терек. 29 немере, 13 шөбере -

Медетбаев әулетінің өрісін кең-

ейтуде.


Өтпелі кезеңнен ел көшінің

сүрінбей өтуіне үлкен үлес қосқан

байсалды, көреген саясаткерлер

әкелі-балалы Төлеген мен Әуел-

бек ағаларымыздың еңбегін бұл

күнде бәрі де біледі. Қызылорда

қаласында Т.Медетбаев  есімімен

аталған көше және әкелі-балалы

қос тұлғаның есімдерімен өңірі-

мізде көше атаулары  берілді.  Ер-

дің еліне жасаған еңбегінің баға-

ланғанының негізгі жемісі осы.Ел

жадында ұрпақ санасында қалды-

рудың жарқын істері осындай.



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 211.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет