Мəдениет жəне өнер институты



жүктеу 0.5 Mb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата26.04.2017
өлшемі0.5 Mb.
1   2   3   4   5

2.  Музыка  туралы  əңгіме.  Бұл  кезеңнің  де  балалардың    музыкалық 

деңгейлерін  дамытуда  маңызы  зор.  Оқушылар  музыкалық  шығармаларды 

тыңдап  қана  қоймай,  əн  немесе  күйден  алған  əсерлерімен  бөліседі, 

шығарманың авторларын, шығу тарихын, мазмұнын əңгімелейді, сұрақтарға 

жауаптар  қайтара  алады,  ой  қозғайды,  сурет  салады,  талдайды.  Сонымен 

қатар,  жеткізуші  –  орындаушы  –  тыңдаушы  –  көрермен  т.б.  ұғымдармен 

танысады.  Мысалы,  Дəулеткерейдің  «Қос  алқа»  күйі  мен  Құрманғызының 

«Сарыарқа» күйлерін тыңдатқанда:  

-        Шығарма  қалай  орындалды?  (көңілді,  мұңлы,  жігерлі,  қуанышты 

т.б.) 


-        Балалар  шығармалар  қандай  жанрға  жатады,  əн  бе,  жоқ  əлде  күй 

жанры ма?  

Қандай аспапта орындалды? 



Қалай орындалды? 

Күйдің екпіні қандай? ( жай, тез, жылдам, орташа т.б.) 



Кімнің күйлері екен? 

Күйшілердің тағы қандай шығармаларын білесіңдер? 



 

МУЗЫКА ТЫҢДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

1. 


Музыканы түсіну үшін оны басынан аяғына дейін зейін қойып тыңда.  

2. 


Музыканы тыңдап отырғанда басқаға көңіл аударма.  

3. 


Əннің немесе күйдің атына, мазмұнына назар аудар. 

4. 


Музыканы есіңде ұзақ сақтау үшін оны бірнеше рет қайталап тыңда. 

5. 


Музыканың негізгі əуенін еске сақтап қалуға тырыс.  

6. 


Əуенін ішіңнен айтып орында.  

7.  Тыңдалған музыканың композиторын ұмытпа.  

 

2.  Халқымыздың  музыка  тілін  терең  түсінетіндігі  ел  арасында  ертеден-ақ 



аңыз  болып  таралған.  Бүгінгі  таңда  мамандардың  алдында  тұрған 

мəселелердің  бірі-ата-бабаларымыздай  музыканың  құдіретін  терең  түсініп, 

оны  өзінің  рухани  азығы  етіп,  адам  өмірін  нұрландыруға  ат  салысатын 

музыкалық білімді азамат теіп тəрбиелеу.  

 

Музыканы  қабылдау  күрделі  үрдіс.  Сонау  XI  ғасырдағы  Шығыс 



педагогикасы  тарихында  тəлім-тəрбиелік  мəні  жағынан  аса  құнды  еңбек 

болып  табылатын  «Кабуснама»  шығармасында  музыканы  тыңдау  жəне 

қабылдауға  байланысты  біраз  пікірлер  айтқан.  Автор  (Кайкаус)  осы  еңбегін 

63  жасында  ұлы  Гиланшахқа  арнап  жазған.  «Жыршы  жəне  музыканттық 

туралы» деп аталатын 16-тарауында «Балам, біліп қой, егер музыка жолына 

түсер  болсаң  жеңіл  де  жайдарлы  бол.  Музыка  өнеріне  арналған  сарайға 

кіргенде  бет-əлпетіңді  тыжырайтпа,  қабағыңды  түйме.  Бір  ғана  баяу  не 

жылдам орындалатын шығармаларды тыңдай берме. Өйткені, адамның мінезі 

де  бірдей  емес...»  деген  екен. Музыканы  қабылдауды Яворский:  «музыканы 

қабылдау ісіне негіз болатын нəрсе- ойлау, бəрімізге анық естілетін сөйлеген 

сөз  сияқты  түсіне  білу»  деп  есептейді.  Асафьев  «белгілі  бір  шығарманы 

жанды  орындау  арқылы  таныстыру,  сол  арқылы  музыкалық  терминдерді 

жеткізу,  оларды  пайдаланудың  анық  та,  айқын  түсінікті  түрін  қарау.  Ең 

негізгісі-оларды қызықтыра білу.  

 

Кабалевский  «Музыкаға  деген  қызығушылық  музыкамен  əуестену, 



ұнату-оның  ғажайып  сұлулығын  түсіну  үшін  қажетті  шарт.  Джон  Лок: 

«Тəрбие  арқылы  адам  жетіледі.  Адам  жаны  ақ  тақта  сияқты  тап-таза, 

сондықтан тəрбиеші нені қажет деп тапса соны сол ақ тақтаға жазуы тиіс.  

Əдебиеттер:  

1. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. 

Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: 

Просвещение, 1983 



2.  Осеннева  М.С.,  Безбородова  Л.А.  Методика  музыкального  воспитания 

младших  школьников:  Учеб.  Пособие  для  студ.  Фак.  Педвузов.-М.: 

Издательский центр «Академия», 2001  

 

№6 дəріс сабақ

 

Дəріс тақырыбы: Екінші сыныптағы музыкалық тəрбие. 



Дəріс мазмұны:1. Екінші сыныптағы музыкалық тəрбие мазмұны.   

                             2.  2-сыныпқа музыкалық сипаттама 

                             3.  2-сыныптағы музыкалық сауаттылық 

 

Балаларда  2-сыныпқа  қарай  түрлі  музыкалық  əсерлер  мен  түсініктер 



қалыптасады, біршама тəжірибелер жинақталады. Сабақтың алғашқы күнінен 

бастап  есте  сақтау  қабілеті  мен  ырғақтық  сезімдерін  одан  əрі  дамыту, 

музыканың  мəнерлеу  мен  бейнелеу  мүмкіндіктерін  түсіну,  əн  айту 

дағдыларын  қалыптастыру  жұмыстары  тиянақты  жүргізілуі  керек.  1-сынып 

пен  2-сынптар  арсындағы  байланыс  жаңа  материалдар  негізінде  көрінеді. 

Сабақ барысында мұғалім қазақ халқының əдет-ғұрпын қадірлейтін, өмірімен 

байланыстылығын түсіне, ішкі жан дүниесі бай, өнерлі тұлғаны тəрбиелеуді 

мақсат етеді.  

Тəрбие  беру-халық  музыкасы  арқылы  туған  еліне,  өз  халқының  салт-

дəстүріне  құрметпен,  сүйіспеншілікпен  қарауға,  халық  музыкасын  тыңдау 

жəне  орындау  арқылы  қоршаған  ортадағы  сұлулықты,  табиғаттағы  əсемдік 

пен  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  сезініп,  түсінуге  тəрбиелеуді 

көздейді. Балалар музыкалық материалдар арқылы жылдамдық(темп), дыбыс 

күші  (динамика),  стаккато  жəне  лигато,  фермата  түсініктерін  тереңірек 

меңгереді.  

Екінші  сынып  оқушыларының  дауыстары  табиғи  дамып,  ашық  еркін 

бола  бастайды.  Дауыстарының  жоғарғы  диапазоны  до-ре¹,  ре-ми²  октава 

аралығында 

болады. 

Мұғалім 


əншілік 

репертуарларды 

біртіндеп 

күрделендіру арқылы балалардың дауысын дамыту мен диапазонын кеңейту 

жұмыстарын жүргізеді.  

 

2-сынып  материалында  балалар  сал,  сері,  хор,т.б.  ұғымдармен  таныса 



алады. Кейбір 1-сыныптағы материалдар 2-сынптада күрделеніп қайталанып 

отырады.  



 Əдебиеттер:  

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа 

арналған оқулық. Алматы, 1998. 

2. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. 

Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: 

Просвещение, 1983 

3.  Осеннева  М.С.,  Безбородова  Л.А.  Методика  музыкального  воспитания 

младших  школьников:  Учеб.  Пособие  для  студ.  Фак.  Педвузов.-М.: 

Издательский центр «Академия», 2001  

 

№7 дəріс сабақ

 


Дəріс тақырыбы: Үшінші сыныптағы музыкалық тəрбие.  

Дəріс мазмұны: 1. Үшінші сыныптағы музыкалық тəрбие мазмұны.   

                             2.  3-сыныпқа музыкалық сипаттама 

                             3.  3-сыныптағы музыкалық сауаттылық 

Үшінші сыныптағы музыкалық тəрбие қазақ халқының дəстүрлі поэзиясымен 

аспаптық  музыка  өнерінің  өзара  байланысын  көрсетуге  арналған.  Өз 

халқының  əншілік  дəстүрі,  халық  асаптық  музыкасы  мен  ақындық 

шығармашылығы  жөнінде  жан-жақты  мағлұматтар  ала  бастайды.  Сонымен 

қатар  музыка  сабағында  халықтың  ақындық  шығармаларымен  (жыр,  терме, 

айтыс оның түрлері, жыршы, жырау, күй тартыс т.б.) таныса алады. Үшінші 

сыныпта  вокальды  хор  жұмысына  көп  көңіл  бөлінеді.  Ұсынылып  отырған 

əндердің  тəрбиелік  мəні  зор,  танымдық  жағы  да  өте  құнды.  Əндер  балалар 

дауысына  икемді.  Дауыс  диапазонының  ұлғаюына  ықпал етеді.  Бұл  кезеңде 

оқушылардың  ести  білу,  есте  сақтау  қабілеттері  тұрақты  зейін  болып 

қалыптасқандықтан  балалар  бір  дауысты  əндермен  қатар  екі  дауысқа 

құрылған  əндерді  де  орындай  алады.  Сол  сияқты  жыр  мен  термеден  де 

үзінділер орындап, тыңдай алады.  

 

Үшінші сынпта эпос сарыны тақырыбы бойынша балалар тоқсан бойы 



«Алпамыс  батыр»  жырымен  танысады.  Ол-тəрбиелік  мəні  зор  шығарма. 

Əрбір  кейіпкерлерге  жеке-жеке  тоқталып,  жағымды  жəне  жағымсыз 

жақтарына  көңіл  бөлінеді.  Сабақта  Алпамыс  бейнесін  қарастырып,  оның 

батырлық,  өжеттік,  адамгершілк  т.б.  қасиеттерін  ажырата  отырып,  оның 

орнында өздері болса, қандай жақсылық істер жасай алатынын айтып беруге 

мүмкіндіктер алады.  

 

Жас  ұрпақты  тəрбиелеуде  терме-жырдың  тəрбиелік  маңызы  зор. 



Балалар терме, жыр, толғау, термеші, жыршы ұғымдарымен кеңірек «Ақыл, 

нақыл, өсиет» атты тоқсан тақырыбында танысады.  

 

Үшінші тоқсанда оқушылар қазақ халқының шешендік сөз өнерінің бірі 



–айтыспен тансады. Балалар айтыс-айтысу, тартысу, дауласу, жарысу, сынасу 

мағынасында қарапайым тілмен сөз жарысы екендігін түсінуі тиіс.  



Əдебиеттер:  

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа 

арналған оқулық. Алматы, 1998. 

2. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. 

Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: 

Просвещение, 1983 

3.  Осеннева  М.С.,  Безбородова  Л.А.  Методика  музыкального  воспитания 

младших школьников: Учеб. Пособие 



 

№8 дəріс сабақ

 

Дəріс тақырыбы: Төртінші сыныптағы музыкалық тəрбие.  



Дəріс мазмұны: 1. 4- сыныптағы музыкалық тəрбие мазмұны.   

                             2.  4-сыныпқа музыкалық сипаттама 

                             3.  4- сыныптағы музыкалық сауаттылық 


Бұл  кезеңде  балалар  толығымен  қай  жағынан  алсақта  кемелденген  шағы. 

Түйсік,  қабылдау,  есте  сақтау,  зейіннің  толысып  толығатын  кезеңі.  Бұл 

сыныпта төменгі 1-2-3-сыныптардағыдай емес, музыка туралы түсінігі мол. 

 

Қос  арна  деп  аталатын  жартыжылдық  тақырыбында  халқымыздың 



дəстүрлі  талғам-танымы  бойынша  төл  музыкалық  мұрамыз-халық 

музыкасымен  қатарлас  тағы  бір  арна-  кəсіби  композиторлар  музыкасынан 

хабардар  болады.  Қазақстандық  кəсіби  композиторлар  Байділдаев,  Ғизатов, 

еспаев,  Нүсіпбаев  т.б.  олардың  əндерін  тыңдап,  үйрене  алады.  Сонымен 

қатар  бұл  тоқсанда  балаларға  таныс  емес  болып  келген  халық  музыкасына 

қарағанда  құрылысы  жағынан  күрделірек,  көлемдірек  болып  келетін 

симфония,  опера,  балет,  хор  жəне  аспапты  музыкамен  таныса  алады. 

Өздеріне бұрыннан таныс 

 əн-күй, 

жыр, 


халық 

музыкасының 

шығармалары симфониялық, опералық, хор жəне аспаптық музыкада өзгеше 

құлпырып,  керемет  үндестік  табатынын  түсіне  жəне  байқай  алады.  Халық 

музыкасы  мен  Қазақстан  композиторларының  кəсіби  музыкасы,  яғни  қос 

арна өзара тоғысып, үлкен бір арнаға айналады.  

 

Бұдан əрі балалар зейіні Халық музыкасының əлемдік арнаға ұласуына 



бұрылады.  Көлемді  тақырыптар  арқылы  басқа  ұлт  өкілдерінің  төл 

музыкасынан хабардар бола алады.    



 

Əдебиеттер:  

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа 

арналған оқулық. Алматы, 1998. 

2. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. 

Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: 

Просвещение, 1983 

3.  Осеннева  М.С.,  Безбородова  Л.А.  Методика  музыкального  воспитания 

младших  школьников:  Учеб.  Пособие  для  студ.  Фак.  Педвузов.-М.: 

Издательский центр «Академия», 2001  

 

№9 дəріс сабақ 

Дəріс тақырып:  Қазақтың ұлттық аспаптары.  

Дəріс мазмұны: 1. Аспаптар классификациясы (топтасуы). 

                             2. Аспаптар туралы аңыздар. 

1.    Халықтың  музыкалық  мұрасын  жиып-теріп,  оны  зерттеу 

жолында  артында  ұмытылмас  із  қалдырған  А.В.Затаевич,  академик 

А.Жұбанов  өнер  зерттеушісі  Ерзакович,  Равин  жəне  Б.Сарыбаев  сияқты 

ғалымдардың  шексіз  еңбектері  халқымыздың    игілігіне  жарап,  ұрпақтан-

ұрпаққа  жалғасып  келеді.  Біз  аспаптарды  жүйелеу  арқылы  олардың  ішкі 

мүмкіндігін,  дыбыстық  бояуын,  құрылыс  –құрамын  ажыратамыз.  Осы 

мақсатқа  жеткеннен  кейін  ғана  əр  сыныпты  жеке-жеке  алып  тереңірек 

зерттеуге мүмкіндік аламыз. 

 

Аспаптардың  құрылысы,  жасалуы,  жөнделуі,  шығу  тарихы,  өзіне  тəн 



ерекшеліктері  туралы  өнертанушы  ғалым  Болат  Сарыбаевтың  еңбегінде 

көрінеді.  Ол  өзінің  орысша  –  қазақша  шыққан  «Қазақтың  музыкалық 



аспаптары»  деген  еңбегінде  құнды  құнды  пікір  айтып,  өмірде  қолдануына 

көп  күш  салып,  аспаптар  коллекциясын  жасады.  Ол  музыка  аспаптарын 

былайша топтастырады: 

1. 


Ішекті аспаптар: жетіген, шертер, домбыра, қобыз т.б.  

2. 


Үрмелі аспаптар: сыбызғы, керней, сазсырнай, үскірік, ысқырауық т.б.  

3. 


Ұрып ойнайтын аспаптар: дабыл, дауылпаз, даңғыра, мүйіз, тұяқтас т.б.  

4. 


Сілкіп ойнайтын аспаптар: асатаяқ, қоңырау т.б.  

Əдебиеттер:  

3. 


Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 1-2 сыныпқа 

арналған оқулық. Алматы, 1998 

     2. Б.Сарыбаев «Қазақтың ұлттық аспаптары. 

 

 

№ 10 дəріс сабақ

 

Дəріс тақырыбы: Балалар сазгерлері 



Дəріс мазмұны: 1. И.Нүсіпбаев шығармашылығы 

                             2. Ə.Еспаев əндері 

                             3. К. Дүйсекеев шығармашылығы     

И.Нүсіпбаев  əндері:  «Құттықтаймын  мама,  туған  күніңмен!»,  «Қызыл 

жалау», «Ойыншықтар», «Мектеп полькасы», «Домбырасыз сəн қайда», «Дос 

болайық  бəріміз»,  «Кел  билейік»,  «Мұғалім  ол  біздің»,  «Анадай  асыл 

мектебім», «Жарқын жүзді ұстазым», «Шырша» т.б. 

 

Ə.Еспаев əндері: «Ортеке», «Бақытты балалық шақ» т.б.  



Б.Ғизатов əндері: «Біз өмірдің гүліміз», «Төлдер», «Əліппе» т.б. 

 

К.Қуатбаев  əндері:  «Көктем»,  «Ел  қорғауға  əзірміз»,  «Ақ  əжем», 



«Каникулда» т.б. 

 

К.Дүйсекеев «Ана», «Жау-жау жаңбыр» т.б. 



 

Əдебиеттер:  

1. Ғизатов Б.Г. Мектептегі əн музыка сабағы. Алматы, 1968. 

2. И.Нүсіпбаев Балалар əндер жинағы. Алматы. 

 

 

№ 11 дəріс сабақ 

Дəріс тақырыбы: Балалар сазгерлері. Б.Ғизатов. 

Бисенғали  Ғизатов  –  Қазіргі  Батыс  Қазақстан  облысы,  Жəнібек 

ауданы  Жəнібек  ауылында  дүниеге  келген.  Музыкатанушы,  өнертану 

кандидаты  (1966),  қАЗкср-інің  еңбек  сіңірген  мəдениет  қызметкері  (1991). 

1953ж.  Алматы  мемлекеттік  консерваториясының  музыка  теориясы  мен 

тарихы  факультетін  (А.Жұбанов,  Л.А.Хамиди  дəріс  алған)  бітірген  соң 

ҚазКСР-і  Министрлік  кеңесі  жанындағы  көркемөнер  басқармасында  жəне 

Алматы  музыка  училищесінде  (1953-57)  қызмет  етті.  1957-63ж  «Жазушы» 

баспасында  музыкалық  редактор  болады.  1966-91ж  ҚРҰҒА  –ның  Əдебиет 

жəне  өнер  институтында  музыка  бөлімінде  кіші,  одан  кейін  аға  ғылыми 

қызметкер,  ал  1991  жылдан  республикалық  дəрежедегі  зейнеткер.  Ұстазы 



Л.Хамидимен бірігіп шығарған  «Домбыра үйрену мектебі» (1983)атты еңбегі 

жəне «Мектептегі əн-музыка сабағы» (1994) атты жарық көреді.  

Оның  балаларға  арнап  жазған  «Төлдер»,  «Əліппе»,  «Біз  өмірдің 

гүліміз», «Біздің əн», «Көңілді əн», «Анамызға мың алғыс» сияқты əндері 

балалар аузында жатталған.  

Бірінші  сыныпта  үйретілетін  Ж.Өмірбековтың  сөзіне  жазылған 

«Төлдер» əнін алып талдап көрейік.  

1. «Қошақаны қойдың, 

     Қайда қалып қойдың? 

     Бұлтиып тұр бүйірің, 

     Қай өрістен тойдың? 

2. 


Секең-секең, ей, лақ, 

Жүрмін саған кеіп-ақ. 

Тыным тапсаң, болмай ма, 

Секірмей-ақ, кей уақ! 

3. 

Ботақаны нардың  



Жарға неге бардың? 

Тілерсегің дірілдеп, 

Секіре алмай қалдың»,- өлең сөздері арқылы мұғалім балалардан 

төрттүліктің қандай түрлерін білетінін сұрап, төрттүлік балаларын қалай 

атайтыны туралы түсінік беріп, суреттерін көрсетеді. Əн сіңімді  жəне 

балаларды жалықтырып алмауы үшін қимылмен үйретеміз. 



Əдебиеттер:  

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 4 сыныпқа 

арналған оқулық. Алматы, 1998 

2. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. Хрестоматия. 4 

сыныпқа арналған. Алматы, 1998 

 

 



 

№12 Дəріс   

Дəріс тақырыбы: К.Қуатбаев əндері. 

Дəріс мазмұны: 1.К.Қуатбаев өмірі 

                       2.Сазгер əндеріне сипаттама. 



Мақсаты: Сазгердің əндерімен таныстыру. 

Шығармаларының көбін балалар əндеріне арқау еткен композитордың бірі 

- Күнсайын Қуатбаев. Оның мектептегі пəндерді таныстыруға арналған  «Əн 

сабағы»,    «Сурет  сабағы»,  «Есеп  сабағы»,  «Əлі  оқып  жүр  ақылдың»  əндері 

бар. Табиғат, Отан, жыл мезгілдеріне арнаған «Моншақтар»,  «Көктем», «Біз 

–туған ел баласы», «Ел қорғауға əзірміз»,  «Саяхатта», «Жарқын жаз» əндерін 

айтуға болады. 

Өзіндік бақылау сұрақтары: 

Сазгердің əндерін ата? 

Əндерінің тақырыптық мазмұны қандай? 

Əндеріне аннотация бер. 



Əдебиеттер: [2 ]; [14 ]; [ 15]; 

 

 

№13 Дəріс сабақ  

Дəріс тақырыбы: Интегративтік оқыту технологиясы 

Мақсаты: Интеграция сөзін ашып, интеграцияланған сабақтарды оқыту. 

Кілттік сөздер: Интеграция. 

Дəріс мазмұны: 

 1. Интегративтік оқыту технологиясына сипаттама 

 2. Өнер пəндерін интеграциялап оқыту технологиясы   

Латынша  «integratio»  сөзінің  қазақша  мағынасы  қайта  құру 

(восстановление), толықтыру (восполнение), педагогика жəне психологиялық 

қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігінде  «қалпына 

келтіру»/  /  дегенді  білдіреді.Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді 

дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасында: 

«отандық  дəстүрлер,  əлемдік  тəжірибе  жəне  тұрақты  даму  қағидаттары 

негізінде  білім  берудің  мазмұны  мен  құрылымын  жаңғырту»  міндеттері 

көзделген /10, 2б/. 

Білім берудің құрылымы мен мазмұны жаңартылып, оқу орындарының 

жаңа  түрлері  мен  үлгілері  пайда  болуымен  қатар,  білім  берудің  саралануы 

мен интеграциясы күшеюде.  

Мемлекетіміздің  болашақ  дамуына  арналған  «Қазақстан-2030» 

бағдарламасында  жоғарғы  білімнің  сапалығы,  адам  сүйгіштігі  жəне 

ғаламдануы  арқылы  мəдениет  жасауға,  интеграцияға  ерекше  мəн  бергені 

белгілі /11/. 

Интеграциялық  оқытуды  жүзеге  асыру,  оның  ғылыми  деңгейін 

арттыру,  тұтастай  алғанда  оқушылардың  танымдық  əрекетіне  тəн 

дағдыларды  қалыптастыру  міндеті  күн  тəртібіне  қойылған  ділгір 

мəселелердің бірі.  

Оқыту  мен  тəрбиелеудегі  сабақтастық,  пəнаралық  байланыс  мəселесін 

жəне  білім  берудегі  интеграцияны  əртүрлі  негізде  жасауға  ұлы  педагогтар 

Я.А.Коменский,  К.Д.Ушинский,  Н.К.Крупская  т.б.  бастау  салып,  əрі  қарай 

ғалымдар  М.Н.Берулова,  Н.К.Виноградова,  Л.С.Выготский,  М.А.Данилов, 

В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, В.Н. И.А.Лошкарева, И.Л.Лернер, В.Н.Максимова, 

Н.В.Малахов,  Н.Н.  Светловская,  Ю.С.Тюнников,  т.б.  зор  үлестерін  қосты. 

Бұл  педагог-психолог  ғалымдардың  еңбектерінде  интеграция  жан-жақты 

қарастырылып,  пəнаралық  байланыстың  оқу-тəрбие  үрдісіндегі  ролін 

көрсетіп, оқушылардың танымдық қасиеттерінің дамуына тиімді əсер беретін 

жақтарына тоқталып, шəкірт қызығушылығын тудыратынын дəлелдей білді.   

        Қазақстандық педагогикада жалпы білім беретін оқу – тəрбие үрдісіндегі 

интеграция  мəселесінің  педагогикалық  негізін  А.А.Əбдиев,  Р.К.Аббасова 

А.Р.Бектениярова,  А.А.Бейсенбава,  А.  Ерімбетова,  Б.Т.  Нəбиева,    т.б. 

сипаттаса,  жаңа  үлгідегі  мектептердің  ғылым  мен  тəжірибе  интеграцияның 

педагогикасының  негізін  Г.К.Меңдіғалиева,  бастауыш  білім  мазмұнын 


интеграциялау  мəселесін  К.Жүнісова,  Ə.М  Мұханбетжанова  жəне  т.б. 

қарастырған.        

 Өнер-ой мен сезім бірлігі арқылы əлемнің тұтастай көрінісін жасайтын 

адам  əрекетінің  бір  түрі,  өнер  жəне  оның    түрлері  өзінің  жақсы  үлгілері 

арқылы  адамның  рухани  мəдениетін  байытып,  дүниетанымын  кеңейтеді. 

Өнердің қай түрі болмасын ең алдымен түйсік, қабылдауға баса көңіл аудару 

қажет .  

        Өнер пəндері арқылы жеке тұлғаны рухани əлеміне мақсатты түрде əсер 

ету үшін, алдымен оқушылардың өнер шығармасына деген қызығушылығын 

оятып,  оны  көре,  əсерлі  тыңдай,  қабылдай  білуге,  көркемдікті,  əдемілікті 

сезіне білуге баулу қажет. 

 

Əдебиеттер:  

1. Педагогикалық психологиялық сөздік 

 

 

 

№ 14 дəріс 

 

Тақырып: Күй өнері 

Мақсаты: Төкпе жəне шертпе күйлер туралы түсінік беру. 

Кілттік сөздер: Төкпе күйлер. Шертпе күйлер. 

Дəріс мазмұны: 1. Төкпе күй мектебі 

                              2. Шертпе күй мектебі 

Қазақ  музыкасы  өнерінің  халықпен  бірге  жасасып,  тарихи  əлеуметтік 

өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы - əн 

мен күй. Соның ішінде күй жанрының алар орны бір бөлек.  

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда 

табиғат  құбылыстары  («Алатау»,  «Саржайлау»  т.б.),  тарихи  оқиғалар  («Ел 

айрылған»,  «жеңіс»  т.б.),  халық  мерекелері  («Тойбастар»,  «Мереке»  т.б.), 

жан-жануарлар  («Аққу»,  «Ақсақ  киік»  т.б.)  т.б.  түрлі  оқиғалар  мен 

құбылыстар  суреттеледі.  Күйлер  тақырыбы  мен  мазмұнына  қарай  аңыз 

күйлер,  тартыс  күйлер,  тарихи,  арнау,  лирикалық  жəне  психологиялық 

күйлер болып жіктеледі.  



 Төкпе  күйлер  –  бұл  күйлер  көбінесе  Батыс  Қазақстанда,  кіші  жүз 

қазақтарында қалыптасқан. Бұл күйлердің екпініжүрдек, шапшаң, алай-дүлей 

шабыс,  ат  тұяғының  сатыры  естілгендей  болады.  «Кіші  жүзді  найза  бер  де 

жауға қой» - дегендей, көрші орыс, қалмақтармен көп қақтығысқандықтан да 

болар немесе С.Датов, И.Тайманов т.б. көтерілістер де күй мінезіне əсер етуі 

хақ.  Мысалы,  «Нарату»,  «Бөгелек»,  «Адай»,  «Төремұрат»,  «Түрмеден 

қашқан», «Тартыс» т.б. күйлер. 

2.  Шертпе  күйлер-қазақтың  күй  жанрының  ішіндегі  көп  тараған 

күйлерінің  бірі.  Екі  ішектен  қос  дауыстың  мүмкіншілігін  жеке-жеке 

пайдаланып,  нəзік  нюанстар,  əсем  қағыстарға,  сыршыл  лиризмге  толы 

көптеген 

күйлер 


топтастырады. 

Шертпе 


күйлер 

мектебін 

қалыптастырушылар  Тəттімбет,  Тоқа,  т.б.  жəне  бұл  өнерді  əрі  қарай 

жалғастырушылар Ə.Хасенов, М.Хамзин, Т.Момбеков т.б.  


1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет