Мәдениет деңгейі рухани құндылықтың өлшем • Орайы келген әңгіме



жүктеу 77.83 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.09.2017
өлшемі77.83 Kb.

Мәдениет деңгейі -

рухани құндылықтың 

өлшем 

• Орайы келген әңгіме 

Қарқаралы аудандық мәдениет, ішкі саясат және тілдерді 

дамыту бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері 

Раушан Жылтыбаевамен әңгіме-сұхбат 

- Раушан Рәшидқызы, Қарқа-

ралы  ә з е л д е н - а қ  м ә д е н и е т , 

өнер-білім, рухани құндылық 

атаулы өркендеген өресі биік, 

мәйекті өлке  ғ о й . Ұлы Әуезов 

мәңгі өлмес «Абай жолы» эпопея-

сында Қарқаралыдан сонау XIX 

ғасырда-ақ ісі қазақтың оқыған 

жастары шыға бастады, болашақ 

та солардың қолында, деп тегін 

жазбаған. Сол Мұхаң мезгеген 

Әлихан, Жақып, Байтұрсынұлда-

ры тек ғалым қайраткерлер ғана 

емес, бәрінен бұрын ішкі мәде-

ниеттері бай, шын мағынасын-

дағы зиялы азаматтар еді. Тәт-

тімбет, Мәди, Қасым, Жүсіпбек, 

Қалибек - әрқайсысы қазақтың 

саз, сөз өнерінің бір-бір биік шо-

қысындай емес пе. Кезінде ұлт 

өнерінің ұйығына айналған атақ-

ты Қоянды жәрмеңкесі, Парижді 

таңғажайып дауысымен тәнті ет-

кен Әміре... тамаша әнші Бибігүл, 

талантты актер Шолпан Жандар-

бекова. Иә, айта берсек, таусыл-

майды. Ал сол ғажайып өнер мен 

мәйекті мәдени үрдістің заңды 

мұрагерлері де, ілтипатты ізба-

сарлары да сіздер деп білеміз... 

- Сөз жоқ, өнер, рухани байлық 

ылғи да Даму, өрістеу үстінде болма-

са, тоқырайды. Бұл тұрғыда қасиетті 

Қарқаралының әріден тамыр тарт-

қан өнер, мәдениет үрдісін үзбей, 

жалғастыра беру - бүгінгі өнерлі 

ұрпақтың борышы, парасатты пары-

зы десек, әділет болады. Аз ғана 

арғы тарихқа көз салсақ, қазақ теат-

ры өнерінің туы біздің Қарқаралыда, 

сонау Қоянды жәрмеңкесінде көте-

рілген. Осы жәрмеңкедегі театрда 

алғашқы спектакльдер қойылған. 

1928 жылы мұндағы оқу залынан 

3300 адам кітап алып тұрыпты. Ал 

Қарқаралы қаласының өзінде XX 

ғасыр басында әжептәуір үлкен 

кітапхана болған. Колхоз-совхоз те-

атры 1935 жылы құрылыпты. 1970 

жылдарға дейін аудандық клуб үйінің 

«Халық үйі» деп аталуы да тегін емес. 

1960 жылдары Қазақстанда «Халық-

тың өнер ұжымы» деген жоғары 

атаққа ие болған жеті театрдың бірі 

- Қарқаралы театры болды. Оның 

тұңғыш режиссері Атығай Шанин 

республикада алғашқылардың бірі 

болып Қазақстанның еңбек сіңірген 

мәдениет қызметкері атанды. Құры-

лғанына 35 жыл толған атақты «Сал-

танат» ән-би халықтық ансамблі 

Францияда, Алманияда, Болгарияда 

өнер көрсетсе, қазақ өнерінің бала-

лар мен жасөспірімдер орталығының 

балалар ұлт аспаптар оркестрі рес-

публикалық жарыстан бірінші орын-

да иемденіп оралды. Бір қызығы, осы 

оркестрдің жетекшісі Раушан Сызды-

қова театр майталманы Атығай 

Шаниннің қызы. Сондай-ақ, кейінгі 

жылдары халық қошеметіне бөленіп, 

республикалық жарыстардың лауре-

аттары атанған, Қазақстанның еңбек 

сіңірген қайраткері Мейірхан Адам-

беков, Сержан Мұсайынов, Ержан 

Найманбаевтар да бізден қанат 

қаққан өнер саңлақтары. 

Өнер жалғастығы дегеніміз де 

осы емес пе... 

- Раушан, өткен мамыр айын-

да Астанада мәдениетті сақтау 

мен дамытуға байланысты пар-

ламенттік тыңдау болып, оған 

біздің облыстан өзіңіз де қатыс-

тыңыз ғой... 

- Осы жылғы наурыз айында 

«Мәдениет туралы» жаңа заң жоба-

сы жарияланғаны мәлім. Парла-

менттік тыңдауда облыстық Мәсли-

хаттың хатшысы Қасымбек Медиев 

мәдениет ұйымдарының қызметін 

құқықтық қамтамасыз ету, мәдени-

ет және өнер қызметкерлерін әлеу-

меттік қорғау сияқты мәселелер 

бойынша біздің атымыздан ұсыныс-

тарды ортаға салды. Алдағы уақыт-

та бұл заңның маңызы үлкен бола-

ры сөзсіз. 

- Аудандық орталық кітапхана 

ұлы ғалым Шоқан мен Потанин 

тоқтаған белгілі тарихи ғимарат-

та орналасуының өзі сол игі де ізгі 

өнер-білім, мәдени үрдістің жал-

ғастығын паш етіп тұр емес пе?.. 

- Жер көлемі 3,5 млн. гектар 

ұлан-асыр аймақты алып жатқан 50 

мың халқы бар Қарқаралы өңірінде 

бүгінгі күндері 60-қа жуық мәдениет 

ошақтары жұмыс жасайды. Осы ара-

да айта кетейін, кезіндегі атышулы 

«оңтайландыру» науқаны тұсында 

аудандағы кітапханалар мен клуб-

тардың көпшілігін сақтап қалдық. 

Соңғы жылдары ауданда мәдениет 

ошақтарын ұстауға және дамытуға 

бөлінетін қаржы көлемі де ұлғаюда. 

Мәселен, осыдан 6 жыл бұрын мәде-

ниет саласын қаржыландыруға 10 

млн. теңге бөлінсе, биылғы жылға 65 

млн. 480 мың теңге қаралып отыр. 

Демек, осы 6 жыл ішінде қаржылан-

дыру көлемі 6,5 есеге артты. Аудан 

әкімі Н.Омарханов мырза мәдениет 

мекемелерінің жұмысына үнемі көңіл 

бөліп, қамқорлық көрсетіп келеді. 

Жалпы мәдениет бөліміне қарасты 

мекемелер,,оның ішінде өзіңіз айт-

қан кітапханалар да бар, жыл ба-

сында жасалған жоспар негізінде 

жүйелі жұмыс атқарады. Олар: 

Қазақстан Президентінің Жол-

дауын насихаттау, мемле-

кеттік бағдарламаларды 

орындау, мәдени ошақтар-

дың жұмысын жандандыру 

мен сараптау, «Болашақ 

кітапханалар» жобасын 

дамыту, халықтық фольк-

лорды зерттеу. Сондай-

ақ, мұражайлар жұмы-

сы, тарихи-мәдени 

ескерткіштерді сақтау, 

жастардың рухани-

мәдени тәрбиесі де 

үнемі назарымызда бо-

латын мәселелер. 

Бәрімізге мәлім, 

рухани байлықтың қай-

нар көзі - кітапхана де-

сек біздің аудан - бүкіл 

облыс көлеміндегі ең 

көп кітапханасы бар өңір 

екендігін айта кеткен 

жөн. Қазір ауданда кітап 

қорында 700 мың дана 

кітап бар 50 кітапхана ха-

лыққа рухани қызмет көр-

сетуде. Өткен жылы ғана 

аудан бюджетінен кітапхана-

ларға 11 млн. теңге қаржы 

бөлініп, жұмсалды. Өткен жы-

лғы желтоқсан айының 27-сі күні 

облыс әкімі Камалтин Ескендірұлы 

ауданымыздың 5 кітапханасына 

«Модельді кітапхана» сертификатта-

рын тапсырды. Сөйтіп, Қарқаралы-

дағы орталық, Егіндібұлақ, Абай, 

Аманжолов, Көктас селолық кітап-

ханалары «Модельді кітапхана» са-

натына кірді. Бұл кітапханаларға ал-

ғашқы кезекте 3 млн. теңгеге компь-

ютерлер, жиһаздар алынды. 

Қазір аудан кітапханаларына 

тіркелген оқырмандар 30 мыңға жуық-

тайды. Бұлар бір жылдың ішінде 553 

мың кітап алып, оқыпты. Өткен жылы 

жаңадан 13451 кітап алынса, мұның 9 

мыңы қазақ тіліндегі басылымдар. 

Жалпы мәдениет ошақтарында, 

оның ішінде кітапханаларда «мемле-

кеттік тіл - мемлекеттік қолдау» тақы-

рыбы ерекше орын алады. Бұл өзекті 

мәселеге арналған кітап көрмелерін, 

жаңа әдебиеттерге шолу, тақырып-

тық стендтерді былай қойғанда, 

қазақ әдебиетінің классиктері 

І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфул-

линнің туғанына 110 жыл толуына 

арналып өткізілген поэзиялық-әде-

би кештер, «Атамекен» клубы ұйым-

дастырған «Қазақ елі - татулық пен 

үміт елі» атты сазды-әдеби кеш, ин-

теллектуалдық-танымдық ойындар 

оқырман жұртшылықтың ықыласына 

бөленді. Өткен жылдары аудандық 

орталықтандырылған кітапхана 

қызметкерлерінің тарихи-танымдық 

бағыттағы жұмыстарының дені туған 

Қарқаралының 180 жылдығына ар-

налды. Осы тақырыпқа арналған 

«Тарих толқынында» атты ғылыми-

практикалық конференция орталық 

кітапханада өтті. Конференцияға Ал-

маты, Астана, Қарағанды ғалымда-

рымен бірге, жергілікті өлкетанушы-

ларымыз бен әдебиетші-тарихшы-

ларымыз да қатысты. Қарқаралының 

180 жылдығына арналып шыққан 

профессор Д.Шаймұхановтың «Қа-

сиетті мекен - Қарқаралы», жоғары-

дағы «Тарих толқынында» атты кон-

ференцияның материалдар жинағы, 

белгілі фотосуретші В.Петуховтың 

«Қасиетті Қарқаралы» атты кітабы-

ның тұсаукесер кештері аудандық 

кітапханада, ал жерлес жазушыла-

рымыз С.Ләмбекұлының «Арыстар», 

М.Омарбекұлының «Махаббат пен 

қиянат» атты кітаптарының тұсау-

кесері бұрынғы жылдары аудандық 

Мәдениет үйінде өтті. Сондай-ақ, ту-

ған өлке тарихын, өлке шежіресін 

зерттеуге, насихаттауға арналған 

«Ауыл энциклопедиясы» жасалып, 

оның қорытындысы тарихи қаланың 

180 жылдығы қарсаңында шығарыл-

ды. Облыстық Гоголь атындағы 

кітапхананың бастамасымен «Қазіргі 

заманғы ауыл кітапханасы: өмір 

формуласы» атты облыстық көшпелі 

семинар-жиынның Қарқаралыда өтуі 

де көп нәрсені аңғартса керек. 

- Халыққа мәдени қызмет 



көрсетудің үлкен саласы - мәде-

ни-сауық орталықтары, клубтар 

емес пе. Халықтың көп баратын 

жері де осы ошақтар ғой... 

- Дұрыс айтасыз. Халыққа эсте-

тикалық-рухани-мәдени, танымдық 

қызмет көрсетуде мәдениет үйлері 

ерекше орын алады. Біздің ауданда 

Қарқаралы мен Егіндібұлақта мәде-

ни-сауық орталықтары, Қарағайлы-

да «Кенші» мәдениет үйі, 18 кітап-

хана-клуб, 2 «Зерде» бейнемобилі 

жұмыс жасауда. Бұл мәдениет орын-

дарында жыл ішінде мемлекеттік 

тілді, жастар мен жасөспірімдер 

тәрбиесін, көркем өнерпаздықты да-

мыту, өнер мен мәдениетті насихат-

тау бағытында көптеген шаралар 

өткізілді. Айталық, мәдени-сауық 

орталықтарында жыл бойы 3 мың, 

кітапхана-клубтарда 2 мың, «Зерде» 

бейнемобилі арқылы 800 мәдени-

көпшілік шаралары өтті. Солардың 

ең бастылары ретінде атақты «Сал-

танат» ансамблінің «Тағдырым менің 

- Ауғанстан», «Қарқаралы - Арқа-

дағы Гүлстан», «Асар - балаларға 

көмек» атты концерттік бағдарлама-

ларын, «Ауылым - алтын бесігім» ай-

дарымен өткен облыстық мәдениет 

департаментінің Қарқаралыдағы 

күндерін, «Сарқылмас бұлақ» 

атты отбасылық ансамбльдер 

мен әуесқой сазгерлер ән-

дерінің байқауларын, «Қай-

ран жастық», «Аңыз», «Бал-

қантау сазы» ансамбль-

дерінің концерттік қойы-

лымдарын айта кеткен 

жөн. Қарқаралының 180 

жылдығы мерекесі 

мыңдаған көрермен-

дердің қатысуымен 

қаламыздың орталық 

стадионында өткені 

мәлім. Сол күні ау-

дандағы белгілі өнер 

ұжымдары, облыс-

тық Сәкен Сейфул-

лин атындағы театр 

ұжымы шежірелі өл-

кенің арғы-бергі та-

рихын кеңінен қамти-

тын үлкен театрлан-

дырылған қойылым 

көрсетті. Жылдағы 

дәстүр бойынша 

«Ауыл береке - 2004» 

жәрмеңкесіне біз ерек-

ше дайындықпен бар-

дық. Облыстық өнер сай-

ысына белгілі ансамбль, 

оркестрлермен бірге жаңа 

өнер ұжымдары: «Ұлан» три-

осы, Қаракөл аулының «Ауы-

лым» ансамблі, балалардың 

«Жас дәурен» ансамблі және Жа-

нар Хамитова, Айнүр Топаева, 

Дархан Жанғазы, Жанерке Кеңесба-

ева, Айнүр Қасымова сынды жарқы-

рап шыққан жас таланттар белсене 

қатысты. Сөйтіп, облыстық «Ауыл -

береке» көрме-жәрмеңкесінде Қар-

қаралы ауданының өнер ұжымы 

қатарынан 5-ші рет бас жүлдені 

жеңіп алды. Бір атап өтерлік жай, 

Қарқаралыдан кейін Егіндібұлақ се-

лосының өнерпаздары аудан көле-

мінде өтіп жүрген конкурс, фести-

вальдарға үлкен дайындықпен қаты-

сады. Осындағы мәдени-сауық ор-

талығындағы «Тамаша» ойындары 

аса тартымды. Халық театрының 

спектакльдеріне халық көп жиналып, 

сүйсіне тамашалайды. Қарағайлы-

ның «Кенші» мәдениеті үйіндегі түрлі 

тақырыптағы жастар кештері қызық-

ты өтіп жүр. Аудан көлеміндегі шал-

ғай ауылдарды мәдени қызметпен 

қамтуда «Зерде» бейнемобилі көп 

жұмыстындырып жүр. Бригада құра-

мында мәдениет қызметкерлерімен 

бірге медицина, білім, ішкі істер 

бөлімдерінің мамандары да бар. Бұл 

ұжым «Аңсағаным - ауылым», «Жеңіс 

- той», «Жастар - жастарға», «Ақ би-

дай - әнім» атты бағдарламалар мен 

Қарқаралыдағы А.Шанин атындағы 

халық театрының «Аққу Жібек» 

спектаклін шалғай ауылдарға апа-

рып көрсетті. 

- Ауданда «Мәдени мұра» бағ-

дарламасы бойынша қандай ша-

ралар жүзеге асырылуда? 

- Бәрімізге мәлім, Қарқаралы 

өңірі еліміздің ежелгі тарихынан та-

мыр тартатын тарих, сәулет және 

мәдениет ескерткіштері көп сақтал-

ған шежірелі өлке. Қазіргі уақытта 

ауданда мемлекеттік қорғауға алын-

ған 309 тарихи, мәдени ескерткіш 

тіркелген. Мұның ішінде Мәди Бә-

пиұлы зиратының басындағы ес-

керткіш, «Қызыл кент» сарайы рес-

публикалық маңызы бар ескерт-

кіштер қатарына жатады. «Мәдени 

мұра», «Жібек жолы» бағдарламала-

ры бойынша облыстық туризм және 

спорт комитеті арқылы Абай ғимара-

тына, Қүнанбай қажы мешітіне, По-

танин мен Шоқан тоқтаған ғимарат-

қа және бұрынғы Совдеп, қазіргі та-

рихи-өлкетану мұражайына күрделі 

жөндеу, қалпына келтіру (реставра-

ция) жұмыстары жүргізілді. «Мәдени 

мұра» бағдарламасына орай аудан-

дағы Қарқаралы, Егіндібұлақ, Мамы-

раев елді мекендеріндегі мұражай-

лар едәуір жұмыстарды іске асыру-

да. Аудандық тарихи-өлкетану мұра-

жайында қазір 5 мыңға жуық жәдігер 

жинақталған. жыл ішінде осы мұра-

жайларда 200-ге жуық мәдени-

көпшілік шаралары, экскурсия өткі-

зіліп, 1800 адам тарихи жәдігер-

лермен танысып, танымдық дерек-

терге қаныққан. Биылғы жылы 

Санкт-Петербург қаласында тұра-

тын, бұрынғы жерлесіміз Юрий По-

повтан - 27 фотокөшірме, Ю.Попов 

пен Н.Русакованың «Дорога на Коун-

рад» кітабы алынды. Қала тұрғыны 

өлкетанушы Ә.Ақынов ғұлама ғалым 

Ақжан Машанидің Сириядағы Әбу-

Насыр әл-Фараби зиратынан топы-

рақ орап әкелген орамал-шүберегін, 

С.Деева көпес Рязанцевтер суретін, 

С.Көпбаев туралы фотоқұжаттар 

тапсырды. Сонымен бірге Франция-

да өткен көрмеден аяқ қап, алтын 

адам макеті, бал-бал тастар, темір 

дәуірінің құралдары келушілер наза-

рына ұсынылуда. Қарқаралының 180 

жылдығына орай сыйға тартылған 

тарихи-мәдени маңызы бар жәді-

герлерді аудан әкімі Н.Омарханов 

мұражай ұжымына салтанатты түрде 

табыс еткенін де айта кету керек. 

Мұражайдың 7 залына археология, 

Қазақ хандығының құрылуы, Қоянды 

жәрмеңкесі, Алаш арыстары, Қар-

қаралы батырлары, Қарқаралының 

фаунасы мен флорасы және туған 

өлкенің бүгінгі әлеуметтік-экономи-

калық бейнесі, мәдениеті мен  с п о р т і 

туризмі туралы құнды құжаттар 

көрнекі құралдар орналастырылған. 

Бір сөзбен айтқанда, қазақтың ұлт-

тық мәдениеті мен өнерінің ту тіккен 

өңірі Қарқаралы - Балқантауда 

«Мәдени мұра» бағдарламасы 

аясында жүзеге асатын шаралар 

жетерлік. 

- Раушан Рәшидқызы, аудан-

да мәдениет пен өнерді дамыту-

да бірқатар шаруалар тындыры-

лыпты. Өзіңіз де білесіз, «Театр 

мәдениеті - киім ілгіштен баста-

лады» демей  м е . Осыған орай 

мәдениет мекемелерінің матери-

алдық-техникалық базасын ны-

ғайтуда қандай проблемалар 

тұр? Биылғы жылы қандай ірі ша-

ралар өтеді? 

- Әрине, мәдениет мекемеле-

рінің ішкі қызмет мазмұны сыртқы 

көркемдігі, сәулет-сәні бір-біріне 

үйлесіп тұрса, қандай ғанибет. 

Биылғы жылы ауылдағы мәдениет 

ошақтарын күрделі жөндеуден 

өткізуге 9 млн. теңге бөлініп отыр. 

Егіндібұлақ селосындағы апатты 

жағдайда тұрған мәдениет үйіні 

күрделі жөндеуден өткізуге былты-

рғы жылы 5 млн. теңге бөлінсе, биыл 

да қалған жұмысты аяқтау үшін 

едәуір қаржы қарастырылды. Был-

тырғы жылы облыс әкімінің қолдауы 

нәтижесінде 17 ауыл клубына 4 млн. 

теңге бөлініп, қажетті техникалық 

жабдықтар мен аспаптар алынды. 

Алайда, ауыл клубтарының матери-

алдық-техникалық жабдықтарының 

әлі де болса жұтаңдығы ойға алған 

көп шаруаларды жүзеге асыруға қол 

байлау болып жүргенін де айта 

кеткім келеді. Үлкен бір проблема -

аудандық мәдениет сарайы 30 жыл-

дан астам күрделі жөндеу көрмей, 

жүдеп тұр. Бұл орайда кейінгі 5 жыл 

бойы біз тиісті қаржы бөлдіре алмай 

жүрміз. Сондай-ақ, шалғай елді 

мекендердің мәдени-рухани, ақпа-

раттық сұранысына орай арнайы 

жабдықталған «Библиобус» авто-

көлігі де керек-ақ. Биылғы жылы 

Мәди Бәпиұлының 125, ұлы күйші 

Тәттімбеттің 190 жылдығы аталып 

өтпек. Бұл мерекелерге дайындық 

жұмысы ауданымызда басталып та 

кетті. Облыстық ұйымдар мен меке-

мелер тарапынан да нақты көмек, 

қолдау болар, деп сенеміз. 

«Мәдени мұра» бағдарламасы 

бойынша әр көшесі мен әр бұрышы, 

әр ғимараты шежіреге толы қала-

мызды этномұражай кешені жасау 

керек-ақ. 

Бұл орайда Үкімет тарапынан 

тәп-тәуір басталып, кейінгі екі жыл-

да тоқтап қалған тарихи-сәулеттік 

маңызы зор ғимараттарды қайта 

қалпына келтіруге қаржы бөлінсе, 

дұрыс болар еді. Осында айтылған 

негізгі проблемалар туралы мен об-

лыстық Мәслихат сессиясының 

мінбесінен де айттым. Алдағы уақыт-

та тиісті шешімін табар деп сенемін. 

- Әңгімеңізге рахмет! 



Әңгіме-сұхбатты жүргізген: 

Мақсым ОМАРБЕКҰЛЫ, 

«Орталық Қазақстан» газетінің 

меншікті тілшісі. 

Орталық Қазақстан.-2005.-23 шілде.-8 б. 

Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Madeniet
Kraeved -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
Madeniet -> Жәнібек Әлиман, «Орталық Қазақстан» Мәртебелі мереке
Madeniet -> «Орталықтың» ормандай оқыр мандарына Кәмел Жүністегін тәптіштеп
Madeniet -> «кітапханашы» МӘртебелі мамандық
Madeniet -> Андай қиын күресте өткен
Madeniet -> Ел ертеңіне көз тіккен Елбасы
Madeniet -> Дина аманжолова
Madeniet -> Әңгімені әуелі ардақты да аяулы, парасатты, театр мен шәкірттері үшін өзінің бүкіл өмірін
Madeniet -> Ұлы отан соғысыңДАҒы жеңістің 60 жылдығына арналған кеш

жүктеу 77.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет