«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



жүктеу 2.22 Mb.
Pdf просмотр
бет1/22
Дата29.03.2017
өлшемі2.22 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Астана  

2005


«Мәдени МұрА» 

МеМлекеттік бАғдАрлАМАсының  

кітАп сериялАры

ҚАзАҚстАн республикАсының тұңғыш президенті  

нұрсұлтАн нАзАрбАевтың  

бАстАМАсы бойыншА шығАрылды



Тасмағамбетов И.Н., бас редактор

Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары

Тәуекел С.Т., жауапты хатшы

Әбділдин Ж.М.

Әуезов М.М.

Байпақов К.М.

Зиманов С.З.

Кәлетаев Д.А.

Кекілбаев Ә.

Кенжеғозин М.Б.

Қасқабасов С.А.

Қойгелдиев М.Қ.

Қосыбаев Е.М.

Құл-Мұхаммед М.А.

Мағауин М.М.

Мәмбеев С.А.

Нұрпейісов Ә.К.

Нысанбаев Ә.Н.

Рахмадиев Е.Р.

Сұлтанов Қ.С.

Сүлейменов О.О.

Хұсайынов К.Ш. 

«Мәдени МұрА» 

МеМлекеттік бАғдАрлАМАсының 

кітАп сериялАры

бАс редАкциясының АлҚАсы



25 том

БАБАЛАР  

СӨЗІ

жүз томдық

Қытайдағы қазақ 

фольклоры

Ғашықтық дастандар

ББК 82.3 (5 Каз)

Б12

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының 

Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:

Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары),

Жұмасейiтова Г. (жауапты хатшы), Әзiбаева Б., Егеубаев А., 

Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б.

Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 

Ғылыми кеңесі ұсынған



Томның редакция алқасы:

Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Ысмағұлов Ж., 

Ісмақова А.   

Қытайдағы қазақ фольклоры үлгілерін жинап, баспаға дайындаған: 

Егеубаев О.



Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындаған:

 Қосан С. филология ғылымдарының кандидаты

Егеубаев О. (жауапты шығарушы).

 

Б12 



Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2005.

Т. 25: Ғашықтық дастандар.—2005.—408 бет.

 

ISBN 9965-35-093-0



«Бабалар сөзі» сериясының 25-томына  «Анар—Сәуле», «Әнуар—

Күләнда», «Садық—Сәлиқан», «Байын—Жүрек», «Салиқа—Сәмен», 

«Досан»,  «Нұртаза  мен  Күнасыл»,  «Олжа  қыз»  атты  ғашықтық  

дастандар енді.  

Б

4702250205



00(05)—06

  

 



ББК 82.3 (5 Қаз)

ISBN 9965-35-093-0  (т. 25)  

© Әдебиет және өнер институты, 2005



ISBN 9965-619-60-3 

  © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2005



ҚұРАСТЫРуШЫлАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемле-

кеттік  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  шеңберінде  жариялана-

тын  «Бабалар  сөзі»  атты  жүз  томдық  басылымды  дайындап, 

жариялау жұмысын жалғастыруда.

Серияның жарық көрген жиырма төрт томы ұлттық фольк-

лорымыздың  аса  бір  көркем  де  көлемді  саласы  болып  санала-

тын  дастан  жанрына  арналды.  Дәлірек  айтқанда,  бүгінге  дей-

ін  хикаялық  дастандардың  он  бір  томы,  діни  дастандардың 

жеті томы, ғашықтық дастандардың бес томы әзірленіп, баспа 

бетін  көрді.  Қазақ  халқының  қымбат  қазынасы—фольклор 

жинақтарының  жоғары  деңгейде  безендірілген  жаңа  басылы-

мын  оқырман  қауым  үлкен  қуанышпен  қарсы  алды.  Алла  қа-

ласа, дастандық эпос үлгілерін жариялау осымен шектелмейді. 

ОҒК  және  ӘӨИ  Қолжазба  қорларында  сақталған  көптеген 

дастан мәтіндері ғылыми тұрғыдан сараланып, баспаға әзірлену 

үстінде.

Көпшілік назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 

25-томы  Қытайдағы  қазақ  фольклорының  кезекті  жинағы—

ғашықтық  дастандарға  арналып  отыр.  Бұл  томға  «Анар—

Сәуле»,  «Әнуар—Күләнда»,  «Садық—Сәлиқан»,  «Байын—

Жүрек», «Салиқа—Сәмен», «Досан», «Нұртаза мен Күнасыл», 

«Олжа қыз» атты ғашықтық дастандар енді. Олардың сюжеті, 

негізінен,  жергілікті  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігінен 

алынған.  Ал  «Әнуар—Күләнда»,  «Нұртаза  мен  Күнасыл»  се-

кілді шығармалар шығыстық сюжеттердің ізімен яки әсерімен 

жырланғаны байқалады. Дастандардың мазмұнында араб, пар-

сы  фольклорының  жекелеген  персонаждары,  ұқсас  эпизодтар 

мен оқиғалардың және тілдік белгілердің жиі ұшырасуы осыған 

меңзейді.



6

ҒАШЫҚТЫҚ  ДАСТАНДАР

Бір  айта  кетерлігі,  бұл  томға  кірген  дастандардың  біразын 

сол  өлкенің  тумасы,  үрімжілік  белгілі  қазақ  ақыны,  марқұм 

Таңжарық  Жолдыұлы  жырлағаны  мәлім  («Анар—Сәуле», 

«Садық—Сәлиқан»,  «Әнуар—Күләнда»).  Әйткенмен,  аталған 

дастандардың негізгі оқиғасы бұрыннан халық арасында айты-

лып келгендігі және бұл шығармалар бұрын Қытайдағы қазақ 

зиялыларының ұйғарымымен «Қазақ қиссалары», «Ғашықтық 

жырлар»  сынды  фольклорлық  жинақтарда  жарияланғандығы 

ескеріліп,  «Бабалар  сөзі»  сериясының  аясында  жарық  көріп 

жатқан «Қытайдағы қазақ фольклорының» құрамына шартты 

түрде қосылып отыр.

Мәтіндерді 

жинап, 

баспаға 


дайындаған 

Қытай 


мемлекетінің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, жа-

зушы,  ҚХР  фольклортанушылар  қоғамының  мүшесі—про-

фессор Оразанбай Егеубаев.  

«Бабалар сөзі» сериясының принциптеріне сәйкес, аталмыш 

жиырма бесінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. 

Ғылыми  қосымшаларға  томға  енген  мәтіндерге  жазылған 

түсініктемелер,  сөздік,  жер-су  атаулары,  мәтіндерде  кездесе-

тін  тарихи  тұлғалар  мен  діни  есімдерге  арналған  түсініктер, 

дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де-

ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын 

тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі—25,5 б.т.  



6

М Ә Т I Н Д Е Р



Анар—Сәуле

Дүниеден жақсы да өтті, жаман да өтті,

Түрленіп неше қилы заман да өтті.

Бай, патша, палуан, мырза, ақын, шешен,

Ғұлама нелер білгіш адам да өтті.

Данышпан нелер батыр, көпес, жомарт,

Қан шықпас кесіп алса сараң да өтті.

Қызығын өз әлінше шайқап көріп,

Ішінде осылардың Қаман кетті.

Сау қалып дүниенің құрығынан,

Ойласаң, қай пендесі аман кетті?!

Билеген дүниені бірі де жоқ—

Түбіне бәрінің де заман жетті.

Есепсіз өтіп жатыр қанша халық,

Ақ өлім жаралмыштан қалған салық.

Толымы толған күні кетіп жатыр:

Көкте құс, тоғайда аң, суда балық.

Жырланып осы күнде сөйленіп жүр,

Бұлардың кейбірінен белгі қалып.

Белгісі өзі өлсе де жоғалмайды,

ұмытпай сөйлеп жүрсе ауызға алып.

Тоқтаусыз өтіп жатыр жыл менен ай,

Күн мен түн есебі жоқ аққан судай.

Сол өткен көп заманның бір кезінде

Қазақта Қаман деген болыпты бай.

Қаманның екі қызы, үш ұлы бар—

Жан екен кемшіліксіз, дүниесі сай.

10

20



10

ҒАШЫҚТЫҚ  ДАСТАНДАР

10

11

ұлының бәрі мерген, сайыпқыран,



Аң қарап қысы-жазы жатпайды жай.

Қысы-жаз сауық құрып түспейді аттан,

Білінбей қызықпенен кеші батқан.

Ойналып дойбы, карта, қыс болса асық,

Үйінде он-он бестен жігіт жатқан.

Әнші жас, әсем жігіт бәрі сонда

Құс салып, құмарланып мылтық атқан.

Қаманның үлкен қызы аты—Анар,

Көрген жан көңілі ауып, көзін сатқан.

Солардың көршілесі қатар жүрген,

Бір шал бар шаруашы аты—Ақтан.

Ақтанның өзі момын, төрт ұлы бар,

Таралған адам еді кедей таптан.

Сәулебек үшінші ұлы—он жетіде,

Жайнаған қараңғыда шамдай жаққан.

Әрі әнші, әрі мерген, әрі ақын,

Жел сөзге сөйлегенде судай аққан.

Еркесі бір ауылдың һәм мырзасы,

Әлпештеп ағалары жастан баққан.

Оқыған жас күнінен өзі әдепті,

Ибалы қылығымен жұртқа жаққан.

Жасынан бір мектепте сабақ оқып,

Сәулені Анар көрсе бұраң қаққан.

Көргенде көзі тұнып, іші жанып,

Майда тіл, тәтті сөзбен жауап қатқан.

Жыландай бірін-бірі ыммен арбап,

уымен махаббаттың іштен шаққан.

Ғашық от лауласа да көкіректе,

Жалғыз-ақ емес оның дәмін татқан.

Сәулені Анар көрсе бұраңдаған,

Түрленіп шашын тарап, сылаңдаған.

Тесіліп көз қараудан бір тоймайды,

Арбасқан дәуітке ұқсас жыланменен.

Келтіріп келтесінен кескен кекіл,

Үкісі кәмшатының бұлаңдаған.

Адамды ыстық лебі оттай тартып,

30

40

50



60

10

10

11



АНАР—СӘулЕ

Көргенде сабыр қылып тұра алмаған.

Еріксіз көргендердің көзі тұнып,

Мойынын басқа жаққа бұра алмаған.

Түп-түгел адамзатқа ондай мүше

Ешқашан толық болып құралмаған.

Ақ маңдай жарқ етеді алса бөркін,

Көз тойып, көңілің шат көрсең көркін.

Гауһардай қарақат көз жайнағанда,

Адамның қай-қайдағы қозғар дертін.

Тартқанда магниттей жүрегіңді

Адасып ақылыңнан, қалмайды еркің.

Келмейді буын босап, басуға аяқ,

Бергендей айырылмасқа қасам-сертін.

Желбіреп жел тигенде қолаң шашы,

Нұрланған шаш астында кесер басы.

Ақмаңдай айнадайын жарқылдаса,

Иіліп скопкідей қара қасы.

Көзіндей жас ботаның екі көзі—

Қоңырлау сұрғылт тартып айналасы.

Қыр мұрын, қан аралас ақша беті,

Дөңгелек рюмкадай көз шарасы.

Езіліп жаңа пысқан бүлдіргендей,

Тамылжып қос танаудың екі арасы.

Қаланған аппақ болып маржан тісі,

Секілді сопылардың таспиық тасы.

Аршын төс, алма мойын, сұңқар иық,

Көрінер ақ тамақтан жұтқан асы.

Тал бойы ұзын да емес, қысқа да емес,

Таразы тал шыбықтай дәл шамасы.

Талма бел, нәзік саусақ, балғын бармақ,

Аршыған шидей қолдың он саласы.

Келбеті бір басына біткен толық,

Анықтап байқағанға жоқ шаласы.

Ақыл-ой, білім, пікір бәрі сонда—

Адамның сондай болар бір баласы.

Кәмшатын қырын киіп, қиғаш тұрып,

Бір түрлі мойын толғап көз қарасы.

70

80

90



100

12

ҒАШЫҚТЫҚ  ДАСТАНДАР

12

13

Бұралған тал шыбықтай нәзік белі,



Мөлшермен айтқан жанға төрт-ақ елі.

Жайдары, ашық-жарқын мінезі бар,

Аузынан балдан тәтті шыққан лебі.

Мінезі майға еріген қорғасындай,

Қыздардың асып туған кемеңгері.

Ерте-кеш қашан көрсең бір қалыпта,

Кетпейді яки ары, яки бері.

Мұңайса бұлт қаптап, күн жауғандай,

Көзінен таса болса Сәуле сері.

Сәуленің құйқылжыған әні шықса,

Тарқайды жүректегі қайғы-шері.

Шаттанса бұлт тарқап, күн шыққандай,

Адамды күйдіретін осы жері.

Шағылып күн түскендей маңдайынан,

Сөйлесе бал тамады таңдайынан.

Әдепті, өзі ісмер және оқыған,

Жауаптың жаңылмайды қандайынан.

Көреді досы тұрмақ, дұшпан жақсы—

Адамға жақындығы жандайынан.

Тұрасың «сөйлесе» деп жауап күтіп,

Аузынан шыққан сөзі балдайынан.

Жүргенде ақмаралдай ойқастайды,

Аяғын сілтіңкіреп жай тастайды.

Қалыңнан қырға шыққан қырғауылдай

Жан-жағын мойын толғап байқастайды.

Келмесе айтар сөздің дәл жүйесі,

Біреумен сөз таласып шайқаспайды.

Орынсыз басқа қыздай күле сөйлеп,

Қисынсыз жауап жаққа айқаспайды.

Меңі бар оң бетінің шұқырында,

ұшы жүр қара шаштың мықынында.

Аққудай көлде отырған аппақ болып,

Болсайшы титтей міні сықылында!

110


120

130


12

12

13



АНАР—СӘулЕ

Кекілін ақ күміспен қойған түйреп,

Қара шаш қалың біткен, емес сирек.

Арқадан алтын шолпы сылдыр қағып,

ұшқандай көлден шошып көкала үйрек.

Ойқастап ор түлкідей жөнелгенде

Етегін торғын көйлек жерге сүйреп.

Жарқылдап омырауда асыл моншақ,

Жаңқадай ұшып түскен жатыр күйреп.

Күлкісін езу тартқан көзің шалса,

Еріксіз елжірейді бауыр-бүйрек.

Аймаққа, ауылға да қадірі артық,

Ақылмен үйдің ішін түгел билеп.

Сөйленіп ойда-қырда Анар сөзі,

Бозбала жүр сыртынан босқа күйлеп.

Сол кезде он бес жаста сұлу Анар,

Сөйлесе таңдайынан балы тамар.

Қасынан қайда жүрсе айырылмайды,

Сіңілісі он үш жаста, аты—Қамар.

Анардай болмаса да ол да сұлу,

Жалтылдап екі көзі оттай жанар.

Анар қыз он жасынан Сәулеге асық,

Қосылып қай заманда шөлі қанар.

Қаманның үлкен ұлы аты—Қабыл,

Аң қуған, бүркіт салған, күнде сабыл.

Қасында он-он бестен жігіті бар,

Ауылы дыр-думанмен абыр-сабыр.

Қабылдың Сәулеменен көңілі жақын

Екеуі жас күнінен «аузы тамыр».

Біреуі-біреуінен айырылмайды,

Көрсе де не жақсылық, зұлым, зәбір.

Үйінде бір-бірінің кезек қонып,

Салады ойын-қызық, дүбір-дабыр.

Сәуленің бұл жүрісі Анар үшін,

Мақсатын көңіліндегі табар үшін.

Қалмайтын Мәтен деген жолдасы бар,

Арналған аралықта хабар үшін.

140


150

160


170

14

ҒАШЫҚТЫҚ  ДАСТАНДАР

14

15

Ол Мәтен ит үргізбес епті бала—



Алысқа атқа жеңіл шабар үшін.

Және бар Қырғи деген бір жолдасы,

Екеуін алған өзі бағар үшін.

Ол Қырғи қырғи десе—қырғи сынды,

Созылған исіз қайыс—шылғи сынды.

Жанашыр, жақын туған бір інісі,

Кештірсе кейімейтін ылғи суды.

Әрі әнші, әрі жылпың, әрі мерген,

Жасынан жолдас еді қасына ерген.

Мәтенді Қырғименен ылайықтап,

Сәулеге Құдай әтей арнап берген.

Сәулемен жас күнінен бірге жүріп,

Өлең мен ән үйреніп үлгі көрген.

Сәуленің атқан оғы жерге түспес,

Көзге атқан құралайды түстік жерден.

Алтыатар нұсқағанда сау кетпейді,

Қашқан аң ана кер мен мына керден.

Өнері бір басына бар жетерлік—

Жалғыз-ақ шығып еді нашар елден.

Сәулені көрген қыздың бәрі құмар,

Өнері асқан үшін талай ерден.

Аққумен аспандағы әнін қосып,

Дауысын жарыстырған соққан желмен.

Болжайды ақылменен әрбір істі,

Атағы он үш жастан аспанға ұшты.

Айлакер, ақылы артық, ер жүректі,

Бәріне атты-жаяу бірдей күшті.

Кең ойлы, орта бойлы, өткір көзді,

Жүзінің ақ аралас алмас түсті.

Керіліп кемеліне келе жатқан,

Кердеңдеп еркек қойдай екі тісті.

Бір сырлы, сегіз қырлы мінезі бар,

Аумайды бір қалыптан жазы-қысы.

Ардақты, абыройлы халық ішіне,

Айырған ақылымен жез бен мысты.

180


190

200


14

14

15



АНАР—СӘулЕ

Сондайын көре алмаған құрбы ішінде

Жоқ емес дұшпаны да ішті-тысты.

Анарға он жасынан ғашық болып,

Қайғы мен қасіреттің уын ішті.

Анарды көрген жігіт бәрі ғашық,

Жалғыз-ақ айта алмайды сырын ашып.

Қабылдың Нәзір деген бір жолдасы,

Сәулеге жүреді екен тісін басып.

Ғашық боп Анар—Сәуле жүргендігін,

Жібермек жөні келсе жұртқа шашып.

Таратты Нәзір өсек ел ішіне,

«Сәулемен кетеді—деп,—Анар қашып.

Қу кедей бай қызының теңі емес,

Бұл оның өз әлінен жүргені асып».

Ол Нәзір жас күнінен арам ниет,

Өсекшіл жігіт еді көңілі пасық.

Рахымсыз, діні қатты, тастан сараң—

Ер қанын судай көрмес жалғыз қасық.

Замандас Қабыл, Сәуле—бәрі құрбы,

Төл еді бір жыл туған Нәзір сасық.

Туысы екі жаққа бірдей еді,

Қабылға жүр демесең жақындасып.

Ол тағы «палуан» еді, жарбаңдасып,

Той болса лақ тартқыш тақымдасып.

Бұл сырды үлкендерге сездірмекші,

Қабылдың әйелімен ақылдасып.

Көңілі бар Анар жақта оның дағы,

Сөзіне келмесе де мақұлдасып.

Ондайды надан еді ар көрмейтін,

Еш адам қаттылықта пар келмейтін.

Сараңның кессе қансыз біреуі еді—

Жазда шөп, қысты күні қар бермейтін.

Ойлады Нәзір қастық Сәулебекке,

Сәуле өлсе қалады деп Анар текке.

уәде Зейнеппенен қылды қатты,

Сәулені ебін тауып өлтірмекке.

210


220

230


240

16

ҒАШЫҚТЫҚ  ДАСТАНДАР

16

17

Зейнеп өш Сәулеменен бұрынтыннан,



Ол да жүр өз айтқанын келтірмекке.

Үндемей іштен тынып жүруші еді,

Қозғалып ол да айналды серпілмекке.

Осындай бұл екеуі қылды тоқтам:

Бір сұмдық ойлап тапты ойда жоқта.

«Аң қуып тауда жалғыз жүргенінде,

Ажалы болсын» десті жалғыз оқтан.

Бұрмайды оның сөзін өлсе Зейнеп,

Қимайтын ойнасы еді Нәзір соққан.

Жолынан арамдықтың басын тартпас,

Ит еді жиіркенбес жеген боқтан.

Бұл Нәзір өз үйінен жүрген безіп,

Қабылмен аң қуады тауды кезіп.

Нашарды қолы жетсе зар жылатып,

Талайдың ішіп жүрген қанын езіп.

Хабарсыз еш нәрседен Сәулебек жүр,

Қорқыныш, уайым жоқ, қауіп-сезік.

Сәулеге кезін тауып ұқтырмақшы,

Бұлардың ойлағанын Анар сезіп.

Бар еді Қабылда бір малай қатын,

Деуші еді Бикеш апай оның атын.

Зейнеп пен Нәзір сөзді байлағанда,

Мұны естіп үй сыртында тұрған жақын.

Анарға келді дағы айтты Бикеш:

—Сәулеге қылады,—деп,—бұлар зақым.

Анаржан, тез хабар бер Сәулебекке,

ұқтым,—деп,—осындай сөз Құдай ақын.

Бұл істі сездірмеді басқа жанға,

Салып жүр патша Құдай ғашық жанға.

Ниеті жеңгесінің бұзылған соң,

Бір қайғы кетті кіріп Анаржанға.

Біле алмай не қыларын басы қатып,

Отырды кірпік қақпай ұзақ таңға.

250


260

270


16

16

17



АНАР—СӘулЕ

Жіберді Сәулебекке Қабыл кісі:

«Саят қып жүреміз,—деп,—ертең аңға».

Анар жүр іші күйіп, көзі жайнап,

Сандалып сағым оймен, қаны қайнап.

Сәулеге ебін тауып берейін деп,

Бір хатты оңашада жазды жайлап.

«Нәзірден, жаным Сәуле, сақтанып жүр,

Мылтығын кезеді деп сені ыңғайлап.

Жүргенде оңашада тау ішінде,

Сақ болып жүргейсің деп соны абайлап.

Бұл жолы тілімді алсаң аңға шықпа,

Қамданды дұшпандығын Нәзір сайлап.

Егер де тілімді алмай бара қалсаң,

Шапшаң қайт зарлап жүрген Анарды ойлап.

Бұл хатты әрең жаздым ішім күйіп,

Қасірет жүрегімде жатыр ұйып».

Печаттап жазып болып, қолын қойып,

Кестелі ақ жаулыққа қойды түйіп.

Сәскеде Бәйге кермен Сәуле келді,

Ақ селеу аңға ылайық киім киіп.

Қасында Қырғи, Мәтен жолдасы бар,

Қырандай тұрымтай көз, сұңқар иық.

Қабыл да даяр болып отыр еді,

Он неше жігіттерін мұнда жиып.

Отырды қымыз ішіп, дүрілдесіп,

Қабылдың отауына зорға сыйып.

Сәулебек домбыра алып басты күйге,

Қанғандай күйін естіп құлақ иге.

«Аха...хай арман» деген әнге салып,

Ырғалды жел тигендей құрақ, шиге.

Айдыннан аққу, қаздар ән қосысып,

Шырылдап шегірткелер түсті биге.

Жүгіріп қыз-келіншек тұс-тұсынан,

Итеріп бірін-бірі үйме-жүйме.

Қақтығып кимелесіп, үйге сыймай,

Деседі: «бала-шаға отқа күйме!»

280


290

300


310

18

ҒАШЫҚТЫҚ  ДАСТАНДАР

18

19

Қыла алмай сабыр-тағат бай, бәйбіше,



Шақыртты Сәулебекті үлкен үйге.

Шақырған мұнда келіп Қамар еді,

Жайнаған екі көзі фонар еді.

«Шақыр» деп шешесіне түрткі салып,

Бастаған бұл жұмысты Анар еді.

Сәуленің мұңмен шыққан үнін естіп,

Шыдамай жүрегі от боп жанар еді.

Анардың шешесінің аты—Маңлық,

Не десе баласына нанар еді.

Сәуленің құйқылжыған әнін естіп,

Анардың сонда шөлі қанар еді.

Көргенде Анаржанды Сәулебек те,

Зарлы әнге неше түрлі салар еді.

Мұңайып мұңлылардың дерті қозып,

Көзінен ыстық жасы ағар еді.

Мейлі жас, мейлі кәрі тыңдағанға,

Сәуленің үні майдай жағар еді.

Жақтырмай қарсы жүрген Нәзір, Зейнеп,

ұнатпай сөзіне мін тағар еді.

Қолынан келе алмай жүр, лажы жоқ,

Жілігін әлдеқашан шағар еді.

Қамар кеп шақырған соң болды жүрмек,

Басылды отаудағы ойын-дүрмек.

Сәуленің қиялында қам-қайғы жоқ,

Өтінді: «Нәзір мырза, сен де жүр» деп,

Тұра кеп Сәуле, Қырғи, Нәзір, Мәтен,

Далаға шыға келді болып дүрмек.

Алдына үлкен үйдің келген шақта,

Нәзірге тағы өтінді «бұрын кір» деп.

Кіруге Нәзір бұрын қадам басты,

Бұралып Анар шығып есік ашты.

«Келдің бе аман-есен?» дегендей-ақ,

Сәулеге Анар қарап қақты қасты.

Қарасып, түсін бұзып, көзін сүзіп,

Босасып буындары, бұраңдасты.

320


330

340


18

18

19



АНАР—СӘулЕ

Жауап жоқ онан артық үйге кіріп,

Ақсақал Қаманменен сәлемдесті.

—Жүрмісің аман-есен, Сәулежан?—деп,

Бәйбіше Маңлық қарап, амандасты.

Езіліп мас кісідей отыр Сәуле,

Көргенде Анар сұлу замандасты.

—Қымыз құй, самаурын қой,—деп бәйбіше,

Бұйырды қызметке Анар жасты.

Далаға самауырмен қойылды шай,

Бұраңдап болды Анаржан дүниесі сай.

Күмісті тегенеге қымыз құйып,

Қамарға деді: «Апарып дастарқан жай!»

Даярлап дастарқанды Қамар жайып,

Әкелді кеселерді Анар шайып.

Қымызды майысып кеп сапырғанда,

Дариға-ай, айтып-айтпай, не қылайық!

Ақ ожау, ақ тегене, ақ самауыр,

Ақ кесе, аппақ Анар—бәрі лайық.

Шағылып Анар нұры осыларға,

Атқандай үйдің іші таң қылайып.

Нұрланып, беті тершіп, мойын толғап,

Сәулеге қарағанда әр мұңайып.

«Сағым ба, сайтан ба?» деп таң қаласың,

Тұрғанға бола жаздап көзден ғайып.

Адасып ақыл-ойдан, буыны құрып,

Ақ кесе кете жаздап қолдан тайып.

Аққудай көлде отырған аппақ болып,

Болсайшы тал бойында титтей айып.

Қамарға:—Домбыра әкел,—деді Қаман,

—Сағындық даусыңды, жаным балам.

Әкеңе айт, Талдыкерді бір жайлайық,

Тысқары топырақтан болсақ аман.

Қонсаңдар Қайыңдыға өрісі кең,

Жақын ғой бұрынғыдан ол бір табан.

Ертерек елден бұрын қоныс алсын,

Асықпас сенің әкең тіпті шабан.

350


360

370


380


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 2.22 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет