«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет8/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38

85. «Көк бұқа» 

Мұңғұл-қазақ жауласып тұрған шақтарда, мұңғұл елі қа-

зақтың бір ауылының мал-жанын барымтаға алып кетіпті. осы 

барымтаға айдалған малдың ішінде бір қора сиыр кетіпті. Ке ле-

сі көктемдердің бірінде әлгі бір қора сиырды бір көк бұқа қайта 

айдап келіпті. Бақса, көк бұқа барымтаға кеткен сиырлардың 



86

87

халық күйлерінің аңыздары



біреуінің ішінде бұзау кеткен екен. Жануар мұңғұл жеріне ба-

рып туып, бұзауынан бұқаша болғанға дейін ол жерді жерсінбей 

жүріпті де, өзі құнан бұқаға айналған көктемде бір қора сиыр-

ды айдап ежелгі мекеніне жеткен екен. «Көк бұқа» күйі осыдан 

пайда болыпты. 

86. «Балжыңгер» 

(ІІ нұсқа)

Кезінде байлығы басынан асқан бір мұңғұл болыпты. оның 

жүйрік желмаясы, ісімер бір қызы болыпты. Атқұмар мұңғұл 

байы сол өңірде Балжың дегенде бір жүйрік ат бар дегенді 

естиді. осы атты қолыма түсірсем деп ойлаған бай, Балжыңды 

шақыртып алып, Желмая мен кер атты үш күндік жолға бәйге-

ге қосады. Бәйге келгенше әлгі қызына бір кісілік киімді тігіп 

үлгертпек болады. Егер қыз киімді бітіре алмаса, бәйгеден жел-

мая келмей, кер ат келсе, бай Балжыңға қызын бермек, ал жел-

мая озып, қыз киімді үлгертіп кетсе, кер атты бай алмақ болып 

келіседі. Келісімнен кейін жарыс басталып кетеді. 

Сонымен, «бәйге келеді» дегенде хабаршы байға кер аттың 

келе жатқанын, желмаяның жолда шөгіп қалғанын жеткізеді. 

Ендігі сенімін қызынан күткен бай бәйге жетісімен киімнің бір 

түймесі қалғанын естіп сасқалақтайды. Сонда Балжың өзінің 

ұтқанына көзі жетіп:

—Менің атым Балжың кер,

Білмеген адам қалжың дер.

Түйме бауы бітпепті,

Былжырамай қызыңды бер,—деп айғайлап шы-

ға келеді. Ақыр көп болып байдың күш көрсеткеніне қарат пай, 

Балжыңға байдың қызын алып берген екен. осы кер ат тың 

ерекшелігін сол кездегі аралас отыратын мұңғұл-қазақ ішін дегі 

Байжігіт күй етіп шерткен екен. 



87. «Балжыңгер» 

(ІІІ нұсқа)

Бұрын Марқакөл жағасын мекен еткен, дәулеті асқан бір бай 

болыпты. ол қайда жүйрік бар десе, кейде алдап, кейде зор лап 

алмай қоймайтын озбыр да екен. Күндердің бірінде бай «Сал-



88

күй аңыздар

даман деген кедейде бір ат бар, ол атқа бұл жалғанда ат жете 

алмайды» деген ел дақпыртын естіп, қалай да осы атты қолына 

түсіруге аңсары ауыпты. Бай Салдаманды атымен шақыртып 

жұқалаған екен. Салдаман да қу іші сезгендей «кедейлік бағыма 

біткен әдеттегі жәй ат» депті. Бай Салдаманға: 

—Айналасы алты күндік көлді ет пісірім уақытта айналып 

кел. Егер ет пісірім уақытта келе алмасаң, атыңа алтын ер салып 

өзім мінем, келе алсаң, саған бір тоғызға жығынды боламын,—

деп уәде беріпті. Салдаман атқа сеніп жолға шығыпты. Бай 

шіне келе қуанып ордаға кіріп, есе сөйлеп, «қанат бітсе де, ет 

пысқанша аттың жете алмайтындығына» көзі жетіп, еттің кө-

бігін алуға бұйрық бергенше даладан аттың қарасы көрінген 

хабар келеді. Бұл хабардан шошынған бай далаға шықса, ат 

тұяқтары жер ойып, ұшқан құстай екпіндеп келе жатыпты. 

Сонда, өзегіне өрт түскен бай отыра кетеді. Бірақ айтқанынан 

қайта алмай, амалсыз бір тоғызын беріпті. «Балжыңгер» деген 

күй осыдан қалған екен.

88. «Майдажал—Телқоңыр» 

Алтай бетінде бұрын өткен бір жылқылы бай болған екен. 

оның бір түнде екі биесі құлындап, бірінің енесін қасқыр жеп, 

құлыны қарағанның түбіне кіріп аман қалыпты. Енді біреуі 

құлынын емізіп тұрады. Содан бұл жетім құлынды тірі қалған 

биеге теліп, екі құлын бір биені еміп өседі. Ат сыншылары екі 

құлынды жақсы ат болады дейді екен. Бұл құлынның бірін 

«Телқоңыр», бірін «Майдажал» деп атапты. Бай көшкенде екі 

баласына екі құлынды мінгізіп қойып, екеуінің жүрісін күйге 

қосады екен. «Майдажал», «Телқоңыр» күйі осыдан қалған 

екен. 

89. «Бұлдыр тау» 

Ертеде бір ауылдан өзінің сүйген қызын алып қашып келе 

жатқан жігіт, жол-жөнекей бір үйге сусындауға түседі. олар 

түскен үйдің есігі ғашықтардың беталысына қарап тігілген 

болса керек. Жігіт есіктен сонау көз ұшында бұлдырап көрініп 

тұр ған өз елі мен жерін көріп, арттағы қуғыншылардан құты-

лып, аман-сау сол бұлдыр тауға жетсем деген арманмен, жүкте 


88

89

халық күйлерінің аңыздары



сүйеулі тұрған домбыраны алып: «Бұлдыр, бұлдыр, бұлдыр тау, 

саған қашан жетем-ау, шу-шу жаным» деп күй шерткен екен. 

Мұны түсінген қыз да көзіне жас алыпты. Екі ғашықтың бірдей 

күйзелісін көрген үй иелері «бұ не күй?»деп сұрағанда жігіт: 

«Бұлдыр тау» деген күй»,—дейді.

90. «Бозінген» 

(І нұсқа)

Көктемнің шуағын көріп, қойы төлдеп, қара шаңырақты 

салар жалғыз інгендері боталап қарық болып отырған үйге тү-

нерген жәй бұлтындай жауыз шапқыншылар лап қояды.

Шапқыншылар үйді ойрандап, өрістегі малға тап береді. 

осы қуғын ішінде қыр асып қана жайылып тұрған бозінген де 

кетеді.

Бозінген басы-көзге сабаланып, зорлықпен жетекте бара жа-



тып, өзінің артта қалған ақ ботасын қимай зар илеп боздап, тос-

тағандай жанарынан жас сорғалайды.

осылайша зар илеп бара жатқан бозінген бір қолдан босай 

қалған орайда сытылып кейініне қашады. Қуғыншылар қанша 

қуғанымен жете алмай, ақыры күдер үзеді.

Неше күндік жолды зар еңіреп ботасына жеткен інгеннің 

сүлдері қалған екен. Сонда боздап тұрған бота да інгеннің алды-

нан жүгіріп табысады.



91. «Бозінген»

(ІІ нұсқа)

Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің 

бірі—«Бозінген» сюжеті. «Мұндағы Бағланбай малының құты 

болған Бозінгенді тумады деп, бір шал мен кемпірге бақтырады. 

Бозінген басы алтын, құйрығы күміс бота туғанда, кемпір 

мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын 

алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын жоқтап 

жылаған Бозінгеннің зарлы даусына құрылған. Бағланбай дың 

екі баласы Бозінгеннің даусын танып, оны ботасына қосады. 

Бозінгеннің жоқтауы: 

Жаралғаннан жасымнан, 

Күйіп, жанып сабылдым. 



90

күй аңыздар

Тартып беру бала үшін, 

үстіме кілем жамылдым. 

Көрер күнім бар ма екен, 

Мен ботамды сағындым. 

Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген ұшқан құстар дан, 

түнде жортқан жапалақтан ботасының дерегін сұрайды. иесі 

түйені құтқарып, ботасына алып келе жатқанда да Бозінген 

оны көруге асығып, адамша мұңданып, көз жасын төгеді. 



92. «Бозінген күйі» 

(ІІІ нұсқа)

Ерте уақытта бір үлкен жұт болады. Елде жөнді мал 

қалмайды. Бүкіл ауылды жұттан қалған жалғыз бір бозінген 

асырайды. Көпшіліктің күн көріп отырған бозінгені бір күні 

иімей қалады, жан сақтап отырған халық қатты сасады. Содан 

соң, пәлен жерде бір асқан күйші бар екенін естіп, кісі жіберіп, 

соны алдырады. Егер күйші бозінгенді идіріп берсе, сол ауылда 

бір сұлу қыз бар екен, соны бермек болады. Күйші домбырасын 

күйлеп, ағызып тарта жөнеледі. Күйге құлақ салған бозінген иіп 

қоя береді. Бермек болған қыз түйенің сүт аға бастаған емшегін 

ұстай алады. Сол арада күйші жап-жас қызды көріп қалады. 

Бірақ ол жұрттың ұйғарындысына рахмет айтып, рұқсат етеді. 



93. «Алакөз аттың жүрісі» 

Ертеде Қобда жерінде атақты жүйрік Құбақан кер ат бер 

дегені естіген байлар ұрыларын аттандырып, осы атты әкелуге 

жібергенмен кейбірі бос оралыпты, кейбірі ұсталып қалыпты. 

Ең ақыры бір ұры ұрлап әкелгенімен, Қобданың ұрылары қайта 

ұрлап әкетеді. өстіп үш алдырып, үш алдыртқан соң, төртінші 

рет ұрылар аттың кірпігін жұлып, бір жылдай үйден шығармай 

бағады. Жыл уағында алып шыққан ат құбақан торылығы бол-

маса, кірпігі ағарып шығып, шарасы алайған көрер көзге ерсі 

ат болады. осы жыл дабыралы ас болады. осы аста не бір май-

талман жорға-жүйріктен озып шығыпты. Сонда Қобдадан кел-

ген ұрылардың ішінде біреуі өз аттарын танымай, ала көз атқа 

көзі түсіп, домбыраға оның жүрісін, шабысын күй етіп қосады. 


90

91

халық күйлерінің аңыздары



94. «Шыңырау» 

(І нұсқа)

Зәулім құз жартасқа ұя салған қыран өзінен ұрпақ көрмей 

шерлі өтеді. Жылдағы тапқан жалғыз жұмыртқасын ордалы 

жылан жылда жарып тұқымын құртып кетеді. 

Бір жылы тағы да жұмыртқаға өрмелеп келе жатқан сұр 

шұбардың үстінен тап болған ызалы қандыкөз қыран өткір 

тұяқтарымен құлақ-шекеден қатты серпіп, зәулім құздан зын-

дан шыңырауға қарай лақтырып жібереді. осыдан кейін ұяда 

бір күні шұңғыл көз, ақ үрпек балапан пайда болады. Жұмырт-

қа жарып жарық дүниеге көз салған балапанын аялап өсіріп, 

кең әлемге қанат қақтыру үшін алыс-алыс сапарлар шегіп жем 

тартады. Тянь-Шань асып, Алтай кетіп, Алатау шарлауға тура 

келеді. осындай бір алыс сапардан жем тартып келе жатқанда, 

шыңырау түбінен құзға қарай өрмелеген аждаһар-жыланның 

бейнесі көз алдына елестеп, қыран өз ұясына жетуге жан ұшы-

ра талпынады. Биік-биік құздарды артқа тастап самғап келе 

жатқанда, үстінен қалың нөсер жаңбыр құйылады. Көзінен 

тамшылаған ыстық жас жаңбырмен бірге тамшылайды. 



95. «Шыңырау»

(ІІ нұсқа)

Ертеде оңайға өткел бермейтін Көкжал деген өзеннің екі 

жағалауында Байбол, Тауасар деп аталатын екі ауыл болыпты. 

Байболдың кіші келіні гүлбике енесіне ақыл салғаннан кейін, 

ауылдағы жылқышы баланы шақырып:

—Сен, Тауасар ауылына бар, күйеу жігіт Әзілбек ұрын келіп 

кеткелі осы ауылдың есігін ашқан жоқ. Бала өзі келеді деп 

отырсақ, күз келіп, көші-қон болып кететін түрі бар. Сен, бар да 

күйеу баланы шақырып кел!—жұмсайды.

Жылқышы бала тау асып, тас басып, өткелден ат жалдап 

өтіп, әзер дегенде Тауасар ауылына барады. Жылқышы бала 

Әзілбекке биебау басынан кезігіп, келген бұйымтайын оған 

оңашалап жеткізеді. 

онысызда сағынышпен сарғайып жүрген Әзілбек бұл хабар-

ға қуанады да, қайын жұртына кешікпей баратынын айтады. 

Әнші, биші, күйшілердің бір тобын ертіп, Байболдың кіші 

ауылына Әзілбектер келгенде, ауыл той болып жатқан секілді 


92

күй аңыздар

әбігер екен. Қонақтардың алдынан шығып ат ұстаған даяшы-

лар бірінен соң бірі келіп, қонақтардың атын алып, ілтипат 

көрсетеді. 

Арнайы орналастырылған үйлерге жайғасқан күйеу жігіт 

және оның серіктері ауыл азаматтарының «Той бастар», «Күй 

басы» деген күйлерін тыңдайды. 

Әзілбектің өнерлі серіктері әр алуан өнерлерін көрсетіп, 

ауыл ды думанға бөлейді. олар осылай отырғанда, үкілі камшат 

бөркін шекесіне салған бір топ қыздың ортасында Әзілбектің 

қалыңдығы Назигүл де топ ортаға келеді. 

Жастардың ән-сазы күн батарға дейін толастамайды. 

Кешкі қызықты да гүлбике алдын ала орайластырып қояды. 

Екі-екіден жұптасып, әріптесін тақымдап қуып айтысқандар 

таңның қалай атып, күннің қалай батқанын сезбей де қалады. 

осылай өткен сауық кештер мен қызықты күндердің неше ау-

нап түскенін білгендер болмапты. 

Бір күні сәске мөлшерінде шайға отырған Әзілбек гүлбике ге 

иіліп келіп:

—Біз қайтайық, ауылдан аттанғанымызға бірнеше күн бо-

лыпты,—дейді. Күйеу жігіттің ойын біле қойған гүлбике де 

қонақтардың қайту талабын үлкен шешесіне жеткізіпті. Сонда 

көп ойланып алғаннан кейін, қарт ана гүлбикеге тесіле қарап 

отырып:

—Суы құрғыр ағаш басына шығап, сабасынан асып жатыр 



дейді ғой, балалар абай болсын!—деген екен. гүлбике күйеуді 

жолдастарымен аттандыру қамына кірісіпті. 

«Тіл астында тіл бар» дегендейін, неше түнге созылған әзіл-

дердің соңы айтылып, бірін-бірі қимаған жүректердің белгісі—

кестелі орамалдар қолдан-қолға өтіпті. 

олардың осындай аттанар кезінде, Әзілбектің кенже балды-

зы келіп, бір домбыра ұсынған екен. Бұл домбыра тоғыз түрлі 

ағаштан қиылып жасалыпты. үп еткен салқын самал тигенде 

екі шегінен сазды үн шығады екен. 

олар аттанғанда, тұрып қалған жеңгесі қайта айналып үйге 

кіргенде, Назигүлдің өзінің төсегінің үстінде отырғанын кө ріп: 

«Жатып, тынықшы»,—деп Назигүлді төсегіне жатқызып, шы-

мылдықты түсіріп қояды. Мамық төсекке жата сала көзі ілі ніп 

кеткен қыз «Алла!» деп ұшып түрегеледі. оның шошып оян-

ғанын білген жеңгесі «не болды?» деп қасына барғанда, қыз:


92

93

халық күйлерінің аңыздары



—Бір жаман түс көрдім, түсімде Әзілбек екеуіміз бір биік 

шыңға шығып бара жатыр едік, бір алып айдаһар жолымыз-

ды бөгеді. Алдымен оны, артынан мені жұтты. Содан шошып 

кеттім,—дейді жеңгесіне үрейлене қарап.

олар дәл осылай сөйлесіп отырғанда бағана Әзілбектер кет-

кен жақтан аттан сап айқайлаған дауыс бүкіл даланы жаң ғы-

рықтырып, жайын отырған ауылды елең еткізеді. Мұны есті ген 

Назигүл мен гүлбике жүгіріп далаға шыға келсе, Әзілбектің 

Бәйгеторысына мінген ақ жейделі бала шыр-шыр етіп келе жа-

тады. 


—ой, не болды?..

—Әзілбектің аты су ортасында жығылып... сұраулар мен 

үздік-үздік жауаптар Назигүлге анық ұғылмады. 

онсызда дымы құрып әрең тұрған арудың бойы бір ғажап 

қорқынышты жалынға шарпылғандай дір етеді де, не болға-

нын өзі де сезбей, белдеуде тұрған сандал торыға қона кетіп 

ұмтылады. 

оның артынан дүркірей шапқан ауыл адамдары келгенде, 

Сандалторы бір боз талға байлаулы тұр екен. Маңында жан 

көрінбепті. Тек өзеннің қан жұтып, құтырынып алған асау 

толқыны айбар шегіп жатыр екен. 

өзеннің екі жағындағы ел екі бірдей есілінен айрылып зар 

еңірейді. 

Күн бесігіне дейін атты-жаяулар өзеннің екі жағын көп 

қарап, түк таппай тарығыпты. Ақыры жеті дөңбекті сал етіп, екі 

өнерпазды «Қан иірім» деген жерге дейін қарауға шығарыпты. 

Бұл екеуі асау толқынмен жағаласып, ақыры тастан-тасқа 

соғылып быт-шыты шыққан салдан, екі дөңбекке жармасып, 

«Қан иірімге» жетіпті. олар иірімдегі бүркіт ұясынан бір нәр-

сенің елбең еткенін көріп қалыпты. 

Қиынның ала қанат қыранын аумен алатын бұл екеуі өмір 

бойы бүркіт ұясынан осындай жәндік байқамаған екен. олар 

бұған қайран қалады. 

Мына екі өнерпазға бір ғажап елес көрінеді. Суға иіліп тұр-

ған боз талға Сандалкерді іле салған Назигүл асау ағынға ашы-

на қарап тұрғанда, қанды толқын арасынан Әзілбек елестеп, 

өзін суға атады. 

ол сұрапыл толқын соңынан жағаласып, «Қан иірімге» кел-

генде, бауыры Әзілбекке берген домбыра», иірімді бір айна лып 


94

күй аңыздар

барып жағаға шығады. Қыз толқынды жарып барып домбыра-

ны алады да, асау ойдың езгісінен талықсып кетіп, бүркіттің 

ұясынан бір-ақ шығады. ол соңында тұрып «Қан иірімнің» 

түбін бір көргісі келеді. 

Тасқа жабысып тұрған екі адамның: «Қарағым, бері кел, 

құлап кетесің»,—деп тұрғанын Назигүл естіген жоқ. Көз жасы 

құрғаған қатулы қабағын түйіп тұрып, туған ел, өскен жеріне 

қош айтып, тоғыз түрлі ағаштан қюлап жасалған домбыраны 

үйіріп лақтырып жібереді де, қарын иірімге ыршиды. оның 

қызыл сәтен көйлегі көбелектей көлбеп барып, су бетіне қона 

бергенде, рақымсыз тылсым күш оны лып еткізіп жалмай сала-

ды!..


Домбыраны жел аударып кетіп жағаға түсіреді. Домбыраның 

күйін қойып, өзін жасап жүрген екі өнерпаз осыдан кейін көп 

ойланып, ғашықтардың арманына, қиуасыздығына кез болған 

бақытсыздығына толы «Шыңырау» деген күйді шерткен дейді. 

«Шыңырау» күйі елге осылай тарап кетіпті.

осыдан соң бұрынғы Көкжал өзені «Шыңырау» өзені деп 

атаныпты. 

96. «Шыңырау»

(ІІІ нұсқа)

Күз жетіп құстар қайтқанда Шыңырау деген торғай да 

қайтады. ол жол ортада бір мұхитқа тап болып, шексіз мұхит-

тың үстінен ұшқанда, қанаты талып, судың бетіне шыққан қа-

мыс бастарына, сал сияқты нәрселерге қонып дамылдапты. Мұ-

хиттың ортасына жеткенде қонуға қамыс жоқ, ұша берейін десе 

дәрмені жоқ шырылдап тұрған екен. Бір күйші осы жан шыры-

лын күйге түсіріп, күй атын «Шыңырау» деп атаған екен.



97. «Шыңырау»

(ІV нұсқа)

Бір торғай бір ағаштың басына ұя салып жұмырқаласа, әр 

жылы жылан жеп тоқтатпапты. Әбден запы болған торғай, 

жұмыртқасына өрмелеп келе жатқан торғайды көріп, қайтерін 

білмей шырылдаған екен. Мұны көрген күйші осы шырылдан 

«Шыңырау» атты осы күйді тудырыпты.



94

95

халық күйлерінің аңыздары



98. «Шыңырау»

(V нұсқа)

Самұрық дейтін құс болған екен. ол үнемі мұхиттың ор-

тасындағы бір үлкен бәйтерекке балапандап, балапандарына 

жем тасығанда, бір ретте бірер айлық жемін әкеліп тастап ке-

теді екен. Самұрық тұяғына бес киіктен, он тұяғына он киік іліп 

әкеледі екен. ол бір жолы жем әкеле жатып, теңізден өтерде қа-

наты талып, бірде төмендеп, бірде көтеріле беріпті. Жемді тас-

тайын десе қимай, тастамайын десе дәрмені кетіп шырылдай ды 

екен. «Шыңырау» күйі сол самұрықтың зары екен дейді.

99. «Шыңырау» 

(VІ нұсқа)

Шыңсысай өктемдігі заманында, халық мылтық тапсыру-

дың қыл бұраулы қысымына ұшырапты. осындай жан түрші-

гер лік қысымда үкімет бір азаматты, әншейінде тас бірдеме-

лерді тастап жібергенде, бір-екі минутқа дейін дүңгірлеп 

дауысы есті ліп тұратын шыңырау құдыққа сүйреп апарады да, 

тамам ха лық ты жиып алып, шешесінің зарлағанына қарамай: 

«кімде-кім үкіметке қарсы шықса, осылай өлтіріледі!»деп 

осы құдық қа тастайды. Кейін осы аянышты жағдайды Шақабай 

шалап де ген адам «Шыңырау» деп күймен бейнелеген деседі.



100. «Шыңырау»

(VІІ нұсқа)

Бұрын осы дүниеде бір үлкен көл болған екен. оның ар жақ-

бер жағы көз жеткісіз, әрі түпсіз шыңырау екен. Сондықтан 

жұрт оны «Шыңырау көлі» деп атасып кетеді екен.

осы көлден күзде жылы үйекке қайтатын самұрық деген 

алып құстың өзі әзер ұшып өткенде балапандарын алып өтуге 

дәрмені жоқ самұрықтың зары төрт әуенмен шертілетін күй 

болған.


101. «Шыңырау»

(VІІІ нұсқа)

Бір торғай өзінің екі жұмыртқасына иен далада қалған бір 

жұмыртқаны әкеліп қосады. үш жұмыртқаны бірдей басып, 

уақыты жеткенде үш балапан шығарады. Әлгі тауып әкел-



96

күй аңыздар

ген жұмыртқадан сүрепеті өз балапанынан бір басқа балапан 

шығады.


Торғай «Қызылшақа ғой, біраз есейсін байқайық» деп 

аялдай-аялдай жүріп, бір жолы жем іздеп кетіп оралса, бір ба-

лапанының ақ үрпек жүні дода болып жатқанын көреді. Бақса, 

әлгі бөтен балапанының аузы қан екен. Бірақ бұған тағы сен-

бей, тағы бір жолы келсе, екінші балапанын да додасын шыға-

рып жеп алып отырған екен. онымен тынбай өзіне тап беріпті.

Сөйтсе, ол қаршығаның балапаны екен. Сонда торғайдың 

екі балапанынан айырылғанына, өзінің қас жауын, өзі бағып 

жетілдіргеніне өкініп опық жеп зарлаған «Шыңырау» деген 

күй болған дейді аңыздардың бірі.



102. «Тайшынның тарғыл бұқасы» 

Моңғол-қазақ жауласқан кезде, Тайшын деген сиыршыны 

атып кетеді. иесіз қалған малды қазақтар айдап кетеді. Ертесі 

айдап келген сиырлар жоқ болып шығады. «Күншілік жер-

ден әкелген мал ешқайда кетпес» деген оймен ізін шалса бір 

қора сиырды тарғыл бұқа қайырып ауылына таятып қалғанын 

көреді. «Еңбексіз малды қайта әкелгенмен мал болмас» деп 

қуғыншылар қайырмайды, десе де, тарғыл бұқаның қасиетін 

ел көп сөз қылады. осы оқиғадан «Тайшынның тарғыл бұқасы» 

деген күй шығады.



103. «Қозыкүрең» 

Ертеде бір бай жылқышыларына әр жылы табан ет, маңдай 

терің бір жабағы тай деп белгіленген екен.

Бай бір жолы жылқыға шығып, жылқыларын сырттай та-

машалап жүреді. Сонда қасында аралатып жүрген жалшысы 

өзінің жылдық ақысын сұрап қалады. Бай оған айғыр үйірінің 

шетінде тұрған өлі жүні түспеген бір күрең тайды көрсетеді де, 

соны ақыңа бергенім дейді. Айлар ауысып, жылдар жылжып 

күрең тай ат болған да, бір ауылда үлкен бір той болып, 300 ат 

бәйгеге қосылады. Бәйге келгенде бірінші болып қоян сүйек 

күрең ат келеді. оны көрген бай аттың иесін, тегін қузай келе 

өзінің кезінде жалшыға берген жаман жабағысы екенін біледі. 

Сонда бай өз айғырының тұқымы екенін айтып дау шығарады, 


96

97

халық күйлерінің аңыздары



жалшыға күш көрсетеді. Жиылған барлық ұлық бұған белгілі 

кесім айтпайды. Әділетсіздікке күйген жалшы, кезінде та-

бан ет, маңдай терім үшін өзі берген деп шыжықтайды. Сонда 

көлденең адам ретінде араға біреу түсіп жалшыға: «Бұл жолғы 

бәйге өзіңдікі, ал талас болып отырған осы атқа кім жүз жылқы 

берсе, сол алсын»деген екен. отырғандар дуылдасып келісе 

алмай отырғанда, есік жақта бір азамат домбырадан күмбір-

ле тіп күй шертеді. үй іші тына қалып, ершімді күйден бүгінгі 

жүл делі жүйріктің көсіле шапқан шабысын бір көргендей бо-

лады.


Күйші домбырасын бәсеңдетіп барып: «Мен екі жүз жылқы 

атадым. Мына күй бүгінгі Қозыкүреңнің шабысы, мұным— жүз 

жылқы, енді басынан ұрып жүз жылқы санап беремін»,деп 

кеуде ұрады. Ақыры, осы бір жомарт салдың пиғылына риза 

болған жалшы «Атымның атағы тарихқа күй болып қалғаны 

үшін елуін алайын, міне, атың»,—деп салға атты беріпті.



104. «Байшыбырдың күйі—арман» 

Ертеректе аң аулап, күн көретін Байшыбыр деген адам 

болған. ол жар дегенде жалғыз ұлы ғана бар, басқа жар-

лы адам екен. Қақпан салып шиті мылтығымен аң-құс атып 

күнелтіп жүріпті. Мергеннің қосының маңын да суырдың 

іні бар екен. Індегі бір жуан суыр қалай аңдыса да, мергенге 

атқыза қоймапты. Бір күні мерген аңнан қайтып келе жатса, 

әлгі аңдып алдырмай жүрген суыры іннің аузында отырыпты. 

Атып алудың орайы енді келген екен деп білген мерген оты-

ра қалып тартып жіберіпті. Жүгіре келсе, атқаны суыр емес, 

өзінің саржарғақ тонын киіп іннің аузында әкесін тосып ойнап 

отырған жалғыз ұлы болып шығады. Қанша өкіріп, бақырып өз 

басын өзі тоқпақтағанмен оққа ұшқан бала тірілер ме?! осыдан 

«Арман» күйі қалған екен.



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет