«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет7/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

68. «Жалғыз көзді әулие» 

Баяғы өткен заманда бір асқан байдың бар жылқысын жау 

барымталап алып кетіпті. Бай не істерін білмей қайғырып 

жүргенде, бір әйел жолығыпты: 

—Бай-еке, жылқыларыңның жартысын берсең, мен ма лың-

ды түгел қайтарып әкелем,—деген екен. Бай бұл талапты қабыл 

алыпты. 


74

75

халық күйлерінің аңыздары



Ал әйелдің сондағы күйеуі жалғыз көзді әулие екен. Соның 

жалғыз қара айғыры болыпты. Күйеуін сол қара айғырына 

мінгізіп, алдына үлкен қарағайды бүрімен өңгертіп, арқанмен 

таңып, жаудың кеткен ізімен жетелей жөнеліпті. 

Жылқыларды айдап бара жатқан жаудың шеті көрінген-

де, әйел қара айғырдың жүгенін сыпырып қоя берген екен. 

Жылқыларды көрген қара айғыр жауға қарай кісіней азынап 

шаба жөнеледі. 

Қара айғырдың шабысы арқасын қоздырған, делебесін 

оятқан жалғыз көзді әулие қаһарланып жауға жете бергенде, 

«Тоқта! Тоқта деймін!» деп айғай салыпты. 

Азынап шапқан қара айғырды, үстіндегі алпамсадай жал-

ғыз көзді әулиені, алдына өңгеріп алған дәу қарағайды көрген 

жау «бір сұмдық келе жатыр екен» деп, айдаған жылқыларын 

тастай салып, жан-жаққа қашып кетіпті. 

Жалғыз көзді әулие болса, жауды жеңіп, аман-есен аулына 

қарай қуана шауыпты. 

69. «Бөкен жарғақ»

(ІІ нұсқа)

Баяғыда бір елге оба тарап, оның үстіне ақ сүйек жұт болып, 

ел түгел қырылып, тек бір жігіт қарындасымен ғана аман қал-

ған екен. Жігіт аң аулап, қарындасы екеуі аңның терісін киіп, 

етін азық етіп күнелтіп жүріпті. 

Шіліңгір шілденің бір күнінде ыстықтамас үшін бөкен те-

рісінен киген киімнің жүнін сыртына қаратып киіп алған жігіт 

күндегі бөкен аулайтын бөкен жалаққа тартыпты. ол Бөкен 

жалақтың маңына таяп барып бөкен аңдып бүк түсіп жатады. 

осы кезде тағы бір аңшы жігіт бөкен ауламақ болып осы 

маңайға келеді де, бүк түсіп жатқан бөкенді көріп атып қала ды. 

Аңшы жігіт оны бауыздап алмақ болып жүгіріп жетіп кел се, 

бөкен емес бір жігіттің жайрап жатқанын көреді. оқыс жаза ға 

жаны ашып кеткен жігіт мұңайып ойға кетеді. 

«Бұл жігіт те мен секілді жалғыз ба екен, әлде серігі бар-

ма екен? Егер серігі болса іздеп келер» деп тосып отырады. 

Ертеңінде бір қыз келіп жігіттің өлігін көріп зар еңіреп жы-

лайды. Мұны анадайдан көріп отырған жігіт қыздың жанына 

келіп:


76

күй аңыздар

—Ағаңды бөкен деп мен атып едім, әдейі атқам жоқ. Мен де 

жалғызбын, адам баласын көрмей далада жүргеніме талай жыл 

болды. Адам екенін білсем, бүйтер ме едім! Ағаңның өліміне 

мен де арманда қалып бармағымды шайнадым. Бақиға жол ал-

ған оралмайды. Ағаң үшін кегімді алам десең, міне құрал, мені 

ат та кегіңді ал. Мен де оның соңынан кетейін, бұл өкініштің 

куәсі болып артымызда сен қал!—деп жігіт қолындағы қа руын 

ұсынады. 

Көп жылап іші-бауыры езілген қыз, ақылы сабасына түскен 

соң жігітті өлтіруге қимайды да, жігітпен бірге өмір сүруді 

жөн көреді және жігітке: «Менің өксік атқан зарымды тарих қа 

қалдырар өнерің бар ма?» дейді. Жігіт: «бар» дейді де ұзақ тол-

ғанып алған соң, домбыраға қыздың оқыс өлген ағасын жоқтап 

зарлап жылаған қасіретін «Әттең, бөкен жарғақ-ай! Әттең, 

бөкен жарғақ-ай!» деген күйге айналдырып шертеді екен. 

Халық күйі «Бөкен жарғақ» осылай шығыпты. 



70. «Жалғыз жігіт» 

(І нұсқа)

Бір жылы Ертіс өзені өткел бермей Қара айғыр деген жер ден 

ел тосылып, төрт түлік мал неше күн иіріліп күйісі кетеді. Ел 

ағалары бұлай ширыға бермей ел мен малды судың аржағына 

өткізуді ақылдасады да, адамды да, малды да қырқарлап өткізе 

бастайды. 

осы арпалыста астында шолақ торы байталы бар бір жетім 

жігіт, елден қалмайын деп, байталымен суға түсіп кетеді. 

Аласұрған ақ бурыл толқын, арық байталы мен жалғыз жігітті 

ала жөнеледі. Сонда жалғыз жігіт өзінің қылығына өкініп:

Ат сал! Ат сал елім! Ат сал!—деп зар қаққанымен, аранын 

ашқан ажалға кім бара қойсын, сонда астында көк байталы бар 

Бейілбай деген тағы бір жарлы жігіт, зар қаққан құрбыласын 

құтқаруға, «көк байтал жаның үшін жүзерсің» деп, байталы-

мен суға күп береді. 

Асау толқын Бейілбайды да ала жөнеледі. Әйтеуір лақ ты-

рылған шалмаулардың бірі түсіп, ол зорға құтқарылады. Бірақ 

әлгі жігіт сол беті суға кетеді. Бейілбай мен Қамади жалғыз дық 

пен жарлылықтан туған мына ойға кейінгілердің есінде жүр сін 

деп «Жалғыз жігіт» күйін шығарады. 



76

77

халық күйлерінің аңыздары



71. «Жалғыз жігіт» 

(ІІ нұсқа)

Ертеде ешбір туыс-туғаны жоқ бір жалқы жігіт болған екен. 

Жалғыздық мұңын ешкімге айта алмағандықтан домбыра мен 

сыбызғыны ермек етіп, ішкі дертін шығарады екен. 

ол шерткен күйлерінде ылғи бір зардың сарыны білініп 

тұратындықтан, ел де бара-бара көп тыңдайтын болыпты. Әйт-

се де, олар мұңлы-зарлы күйдің нендей күйініштен туғанын 

білмек болып, жігіттен:

—Бұл немене деген күй?—деп сұрағанда, жігіт: 

—өзім де білмеймін,—деп құтылады екен. Бірақ ол күй 

шерт кенін қоймапты. Ел іздеп келіп тыңдауын тоқтатпапты. 

Кейін келе ел оның осындай атсыз көп күйлерін тыңдай беріп, 

ақы ры «Жалғыз жігіттің күйі» немесе «Жалғыз жігіт» деп атап 

кетіпті. 

—Мұңлы-зарлы бұл күйлерді ел бірден-бірге таратып 

ке 


тіпті. Күндердің бірінде бір байдың күйге құмар қызы 

естіп, әлгі күйші жігітке ғашық болыпты. уақыт өте келе 

қыздың ғашық екенін білген жігіт, жалғыз деп кемсітпей 

ғашық болған қызға ынтық болыпты. Бұл оның жалғыздық 

мұңына тағы бір қасірет болып қосылыпты. Қызға сөйлесуге 

жалғыздығы, байға сөйлесуге кедейлігі тұсау болған соң, ол 

тағы домбыра, сыбызғысымен сол арманын күйге айналды-

рып, шерлі жүрегінен «Делдал» деген күй шығарыпты. 



72. «Көк төбет»

(І нұсқа)

Бір қойшы бір байдың қойын талай жыл бағып, тышқақ 

лағын да ит-құсқа бермепті. 

өзі өрісте ұйқыдан, түнде күлкіден де ексе емес екен. Мұның 

сыры күндіз-түні қасынан қалмайтын көк төбетінде екен. Көк 

төбет қасқырды қойып, аюға да айбарлы екен. Бұған дән риза 

болған қойшы, кезеңде отырып, «Көк төбет» деген сыбызғы 

күйін шығарған екен. 



78

күй аңыздар



73. «Көк төбет»

(ІІ нұсқа)

Ел аузындағы аңыздарда «Көк төбет» күйінің шығуы әртүр-

лі айтылады. Соның бірі, Алтайды мекендеген Зуқа батырдың 

ауыл маңына бөтен адам бастырмайтын, атты адамның дыбы-

сын күншілік жерден сезетін, құнан өгіздей көк төбеті бар екен. 

Зуқаға қатты өштескен үкімет Зуқаның мықты жігіттерінің 

алысқа, жортуылға аттанып кеткенін, жақын мезгілде қайтып 

оралмайтынын білген соң Зуқаны ұстауға шерік аттандырған. 

осы кезде оның көк төбеті үш күн жатпай үрген. итте тіл жоқ, 

болмаса ол бір қауіптің болатынын сезген. ұдайы үш күн, үш 

түн үрген ит, үшінші күн таңға жақын дауысы қарылып, жағы 

талып, үні өшкен екен. Дәл осы кезде Зуқа таң намазын оқуға 

қамданады. Күндіз қарауылдап, қараңғы түсе ауылды қоршап 

алған шеріктер дәл осы сәтте оның үйіне басып кіреді. Зуқа 

не мылтық алып атысуға, не қашып шығуға үлгірмей қалады 

да, тек қолына түскен кереге басында ілулі тұрған кісенмен 

мықтысынып алдымен кірген екі шерікті ұрып өлтіреді. Бірақ 

мұздай қаруланған көп шерік оны осы арада атып жібереді. 

Дайын тұрғандар жалма-жан басын алып, зыта жөнеледі. осы 

оқиғадан бұрын да талай рет Зуқаны ұстауға келген әскерлерді 

көк төбет алдын ала біліп үргеннен кейін, адамдар дайындық 

көріп, жаудың сазайын тарттырып, өздері аман қалған. Бұл 

реткі көк төбеттің үш күн үргенін ескермеген Зуқа ауылы ар-

манда қалыпты, осыны ел есіне салған бір күйші «Көк төбет» 

күйін шерткен екен.

74. «Ыңыршақты боз» 

Жалғыз боз атынан басқа ешбір көлігі жоқ бір кедей болып-

ты. оның жайшылықта бұта артар, көшкенде жүк артар көлігі 

де осы аты екен. 

ол бір күні бар-жоғын боз атына артып, көшіп бара жатса, 

бір ауылда қалың адам жиналып ас беріп, бәйге қосып, дыр-

думан болып жатыпты. олардың тұсынан әлгі адам боз атын 

жетектеп өтіп бара жатқанда, боз аты бір күрсініп қалған 

екен, тарту арқаны үзіліп кетіпті. Мұны көрген әлгі кедей: «е, 

жануар-ай, ішіңде өнерің бар екен ғой, сенің де қарызыңнан 

бір құты 

лайын» деп жүгін сол жерге түсіріп тастап, аттың 



78

79

халық күйлерінің аңыздары



ыңыршағын ал мастан, бәйге болып жатқан ауылға барыпты, 

оған ешкім қарап та қоймапты. Тек аттарды айдайтын кезде 

кедей: «Атымның арқасы жайдақ мінуге келмейді, ыңырша ғы-

мен балам мініп барады»,—депті де қалың жүйріктердің соңы-

нан ілестіріп жіберіпті. 

Бәйге келеді-ау деген мезгілде аты барлар да, басқалар да 

кезеңге шығып, шаң көрінген жаққа қараумен болады. Бірі ана 

ат келеді десе, бірі мына ат келеді деп тұрғанда, жалғыз шыққан 

боз ат екені анық болады. Аздан соң басқа аттардан көш бұрын 

ыңыршағын сүйретіп боз ат келген екен. 

үстіндегі баласы жығылып, ыңыршағымен келген атқа, жол 

бойынша екінші бәйге беріліпті. осыдан бастап, бұл кедейдің 

күйсіз көлігі—боз атқа арналып «ыңыршақты боз» деген күй 

шығарылған екен. 



75. «Алшаң қоңыр» 

Базарқұл Байынқара деген кісі болыпты. ол киімді тым 

сәндеп киетін сәнқой, атты таңдап, баптап мінетін мырза екен. 

Бір жолы бір ауылда үлкен той болып, тойдың дыр-думанын 

анадайдағы дөң басына шығып, тамашалап тұрған ел ағалары, 

топ арасынан өзімен аты құп жарасқан, атқа отырысы мен дене 

бітімі келіскен бір жігітке таңырқасып қалады. Бұлардың өзін 

сөз қып тұрғанын аңғармаған әлгі жігіт қоңыр атты алшаң басты-

рып көлденеңдей өте берген екен. Мәми Бейсі қасындағыларға:

—Әке-ау, керейден де мұндай келісті азамат, осындай әдемі 

ат шығады екен-ау?!—депті. 

Мұны өз құлағымен естіп Бейсімен бірге таңырқаған бір 

күйші, әлгі жігіттің қоңыр атының алшаңдай басқан әсем жү-

рісіне «Алшаң қоңыр» деген күй арнаған екен. 



76. «Көк дөнен» 

Мұңғұл мен қазақ арасының дау-шары бір кездері асқынып 

соғысқа айналыпты. 

Бұл соғысқа көк дөненін мініп, бала Жәнібек те шығады. 

Хан Абылай мұны көрсе де, бетінен қақпапты. 

Сұрапыл соғыс бастала сала-ақ, қарсы жақтың күші басым 

келіп, Абылай жақ ығысып қашқан екен. Қалың айғай-сүрен, 


80

күй аңыздар

у да шудың ішінде жүрген Жәнібек бір кезде Абылайдың арт-

та қалып қойғанын аңғарып, жау жаққа қайта ұмтылыпты да, 

Абылайды ұтылап, қаумалап жүрген жауға араласып кетіпті. 

Жаудың бірталайын жер құштырып, бетін бір қайтарып жі-

беріп, Абылайға келіп, көк дөненін көлденең тартып:

—Қашып құтылыңыз, жаумен мен айқасамын!—депті. 

Абылай намыс көріп, көк дөненге мінгісі келмепті. Сонда Жә-

ні бек  ызаланып:

—Басыңды жауыңа алдырғанша, өзім алайын!—деп қы лы-

шын суырып алған екен. Абылай амалсыз көк дөненге мініпті. 

Жәнібек Абылайдың атымен қайта соғысқа шығып, жауды 

қанға тоғытып, бетін қайтарыпты. 

Жаудың беті қайтқан соң Жәнібек бір кезеңге шығып, атын 

қаңтарып тастап, демалайын деп ұйықтап қалады. 

Қайтып барған Абылай тобының ішіндегі керейдің бір шалы, 

Жәнібектің қайтып келмегенін біліп, іздеп шығады. Шал Жә-

нібек жатқан маңға келгенде атын қаңтарып тастап ұйқыда 

жатқан Жәнібекті көреді. Шал Жәнібекті оятып, ахуалды оған 

айтады да, топқа бастап кетеді. 

Бұл кезде ордадан Абылай да «көк дөненін берген баланы 

қайта көремін» деп қузау салып жатқан кезі екен. осы кездің 

үстіне Қабанбай келіп ханға үш талап қойған екен. 

Сондағы үш талабы мынау екен: оң тізесінен орын беру; ол 

болмаса, асық жіліктің басын ұстатып бала қылып алу; ол да 

болмаса, қолында ұстап туын беру. Сонда Абылай тұрып:

—оң тіземе отырғызып уәзір етсем, халық не дейді? Ал асық 

жіліктің басын ұстатып бала қылып алғаныммен кісі баласы 

кісіге бала бола ма? Ең дұрысы ешкімнің таласы жоқ, туымды 

берейін,—деп Жәнібекке қолындағы туын берген екен. (осы 

туды Жәнібектің үшінші немересі Зарыққан сақтап келген)

Бұл аңыз елге тарап, ханды жаудан құтқарып кеткен көк 

дөненді домбырашылар күй етіп, «Жәнібектің көк дөнені» 

деп шерткен. осы күй шертілсе болғаны, ел әруақты батыр 

Жәнібектің ерліктерін еске алады.



77. «Ала айғыр» 

Ерте уақытта жылқылы бір бай болыпты. оның жылқысын-

да бітімі бөлек бір айғыры бар екен. 


80

81

халық күйлерінің аңыздары



Бір жылы қарашада осы айғыры із-тозсыз жоғалып, бай тұс-

тұсқа жоқшы аттандырды. Жоқшылар қанша сандалса да, бәрі 

байдың алдына құр оралыпты. 

Сөйтіп жүргенде аяқ астынан әлгі жоғалған ала айғыр өзі 

жылқыға келіп, бай мен жылқышыларды қайран қалдырыпты. 

Арқа-басы бүтін, қайта оралған айғырын көрген бай жыл-

қышыларына:

—Ала айғыр үйірін қалай айдаса, сендер де ол жүрген ба-

ғытпен жылқыны айдаңдар, ол хайуан да болса қыстың қатаң 

боларын сезіп, өз үйіріне жер шалып келген секілді,—дейді.

Айтса, айтқандай болып шығады. Ала айғыр өз үйірін ай-

дайды. Жылқышылар да барлық жылқыны оның соңынан са-

лады. олар осы жүріспен айлық жол жүріп, іздесе табылмай-

тын бір түнкелі иен далаға барып тиянақтайды. Жылқышылар 

бір қысты осы жерде өткізіп, жылқысы аман-есен жазғытұрым 

бай аулына келеді. Қыс орасан қатты болғандықтан, басқа жер-

дегі байлардың жылқылары түгел жұтап қалған екен. Қуа ныш-

қа бөленген байдың ауылы ақсарбас сойып той жасапты. Сол 

тойда бір домбырашы елдің ала айғырға алғысын бейнелеп «Ала 

айғыр» күйін шерткен екен. 



78. «Мұңлы қыз» 

(І нұсқа)

Бұрын бір жетім қыз болыпты. Бір күні таңғы алаң-елеңде 

біреудің тепкілеуімен қыз шырт ұйқыдан шошып ояныпты. ор-

нынан ұшып тұрып қараса, өгей шешесі екен. Қорқып, діріл деп 

тұрған бишара қызға өшіге қараған өгей шешесі:

—Жатамысың, мынаған толтырып бүлдірген теріп кел!—

деп аяғымен қауға шелекті қызға қарай теуіп жіберіпті. Қыз 

шелекті алып тауға кетіпті. 

Қыздың әкесі көшетін болған соң, бір күн бұрын жоғалып кет-

кен екі сиырын іздеп кетіп, сол сиырларын тауып, ертемен үйіне 

келсе, әйелінің үйін жығып көліктерге артып-тартып жат қа  ны-

ның үстінен түседі. Келе сала көш қамымен болып көшті жүр-

гізеді. Балалары көп болғандықтан әлгі қызын да жоқтамайды. 

олар жаңа қонысқа қонып су әкелуге қамданғанда, шелек-

тің біреуі жоқ болып шығады. Сонан өгей шешенің қылығын бі-

летін қыз әкесі зар илеп жұртқа шабады. 

6-136


82

күй аңыздар

Ал қызы әлгі шелекті түс ауғанда әрең толтырып, аш қарын 

сүйретіліп үйіне келсе, күлі шашылып жұрты жатыпты. Қыз 

мұны көріп өгей шешенің қылығын ойлап, өз шешесін сағы нып 

еңіреп жылап отырғанда, астындағы атын қара тер қып әкесі 

жетіп, аттан домалай түсіп қызын құшақтап, екеуі бірдей егі-

ліп жылайды. 

Бір қауымнан кейін әкесі: «Жүр, балам, кетейік» дегенде, 

жетім қыз жылап тұрып:

—Бармайыншы, әкем-ай, күн көрсетпейді шешем-ай!—де-

ген екен. 

Бұны естіген елдің қызға жаны ашыпты.. Бір домбырашы 

осыдан «Мұңлы қыз» деген күй шығарыпты. 



79. «Мұңлы қыз» 

(ІІ нұсқа)

Қол, аяғы кемтар қыз жастайынан кемтарлықтың бейне-

тін көріп бұйығы болып өседі. өзі теңдес балалар қозы жайып, 

күр ке тігіп, өзен бойлай жүгіріп көбелек қуып дегендей бала-

лық тың базарының ортасында жүріп, өскенде тауда кемтар 

қыз оның біріне де ілесе алмай қапада өмір сүреді. Балалық-

тың база ры на ілесе алмаудан басталған қайғы өскен сайын өсе 

түспесе ор таймайды. өз теңдес қыз-бозбаланың бірі тұрмыс-

қа шығып, бірі тұрмыс құрып, өз алдында түтін түтетіп, бала 

өсіріп отырғанда кемтар қыз баяғы сол күйі от басынан ұзап 

шыға алмайды, мұңнан сейілмейді. Сол қыздың құрбыларына 

қызықтай қа рап, өз мұңына қапалануын көрсеткен күй деседі. 



80. «Мұңлы қыз» 

(ІІІ нұсқа)

Бір байдың алпыс жасқа келгенде жастай отасқан бәйбіше-

сі дүние салып шалқыған дәулетті, жиһазы келіскен үйі иен 

қалады. Бай төсек жаңғырту үшін бір кедейдің балам дегенде 

жалғыз қызына құдалық сөйлеседі. «Шал-екең алмайды, мал-

екең алады»,—дегендей, байдың қалың малға атаған ақтылы 

қой, алалы жылқысын қимаған қыз әкесі жалғыз қызын байға 

тоқалдыққа береді. Әкенің қатігездігіне өзегі өртеніп, за ма ны-

ның әділетсіздігіне күйінген қыз ұзатыла жатып: «Қара кер аттың 


82

83

халық күйлерінің аңыздары



тоқтығы-ай, жалынан ұзын шоқтығы-ай. Мені малға сатқаны 

әділеттің жоқтығы-ай»,—деп зарлаған екен. Қыз ұзатуға жиы-

лып, қыз зарын естіп тұрған көпшілік «о, мұңлы, сорлы-ай!»—

деп өкініседі. о баста қыз ұзату салтанатын күйге қоспақ болған 

күйші адамның іш-бауырын елжіреткен мына қайғылы халге 

іштей елжіреп, қыз зарына арнап, «Мұңлы қыз» күйін шертіпті. 



81. «Мұңлы қыз» 

(ІV нұсқа)

Ертеде өз заманында даңқы асқан керейдің бір байы қайтыс 

болады да, байдың асына ат аяғы жетер жердегі аяқ артар 

жалғыз аты бар кедей-кепсектен бастап, ұлы кәрінің бәрі жиы-

лады. Асқа өзен бойын жағалата өңшең ақбоз үй тігіліп, қатар-

қатар жер ошақ қазылады, қоралы қой, үйірлі жылқы сойылып, 

қымыз сел боп ағады. Аста бүткіл керейге байлығын танытуға 

талпынған байдың балалары дәулеттерін аямайды. Бірінші бо-

лып келген аттың бәйгесіне ат басындай алтынға қоса, тоғыз 

ақбас атан жетектетіп, атанға бір қыз мінгізіп беретіндіктері ту-

ралы бір жыл бұрын сарын айтады. осы сарын бойынша бірінші 

атқа жоғарыдағы сыйлықтарын береді. Ат бәйгесіне тігілген 

жетім қыздың зарына байланысты «Мұңлы қыз» күйі осылай 

шығыпты деседі. 



82. «Беген» 

Қосар атпен келіп белдеуге түскен жігітті даяшылар ықы лас 

білдіріп ордаға бастайды. 

ордада жатқан бай есіктен имене сәлем берген жас жігіт тің 

бас-аяғына одырая көз салып:

—иә, кім боласың? Жол болғай,—дейді қырылдаған дауыс-

пен.

—Тақсыр алты алашқа Қарынбай атанған, тайлағы сансыз



тайы таңбасыз, қойы енсіз Бегеннің баласымын,—дейді. 

Бегеннің аты шығысымен басын көтеріп құрмет білдірген 

бай, өзіне зор Бегеннің аты аталғанда, бейтаныс қонағына жалт 

ете түседі. 

Жігіт белдеуге байлаған бір атты «әкемнің сізге сәлемдеме сі» 

деген соң, жігітке бай оңаша үй тіктіріп, бірнеше күн күтеді. 



84

күй аңыздар

Қонақ жігіт асқан домбырашы екен де, бай қызының дом-

бырашы атағын естіп келген екен. Жігіт бай қызына өнерімен 

жағып қалады. Бірақ қу қыз жігітті бағып, сынаумен болады. 

Бір күні бай қызы жігіттің ұйықтап жатқан үйіне келсе, 

жігіттің аяғы көрпеден шығып жатыр екен. Аяғының әр же-

ріндегі шақай бауы қиған мойыл көк бунақтарынан оның Бе-

ген нің баласы емесін аңғарып, ендігі жерде бұрынғыдай рай 

бай қатпайды. Ақыры жігіт қайтуға ыңғайланғанда, бұйымтай 

сұрай келген байға:

—Әкем мені лайық көрсе құда болсам, отауы мен еншісін, 

күңін қоса бір-ақ жолда әкеліп салып, қалың малын айдап 

қайтса деген еді,—дейді. 

Мал дегенде аңсары ауып, Бекеннің жер қайысқан малы ның 

жарымын айдап алуға індіні кеткен бай:

—ойбай-ау, ол не дегені, Бегеннің лебізін қалай ғана жерде 

қалдырайын, баламның бас-аяғын бүтіндеп, тоғанақтарыңмен 

жолға салайын, бірнеше күн аялда, балам,—дейді. 

Сезікті қыз әкесіне өз ойын айтып қыңқылдай береді. Бұған 

көнбеген бай ақыры арттырып, тарттырып қызын ұзатады. Салт 

бойынша қыздың шешесі ілесе жүреді. Айшылық жолдан асып 

кеткен соң, жігіт қалыңдығына:

—Бегеннің есігіндегі бір жетім едім, бас құрауды қанша ар-

мандасам да қалыңсыз маған қыз қайда, ақыры осы бір әдіспен 

бір қарпып қалмақ болып өзіңді алып келемін,—деп шынын 

айтады. 

Бұны естіген қыз көш басшыға:

—Тоғанақты түсіріңдер!—деп бұйырады. отауды тіктірген 

соң, қыз домбырасын қолына алып, бір сұмдық күйді шерте бас-

тайды. Күй тілімен қыздың ішкі ой дүниесін жігіт те аңғарады. 

Сонда қыз өзінің өкінішін домбыра тілімен:

Келіп едім Бегенге,

Бай Беген бар дегенге.

Тайлағы сансыз, қойы енсіз,

Тайы таңбасыз дегенге.

Қош, аман бол, ата-екем,

Қош, аман бол, апа-екем.

Енді маған сай қайда,

Түсіп кетем тереңге.

Енді маған сай қайда,


84

85

халық күйлерінің аңыздары



Енді маған сай қайда,

Бай Бегенге қыз беріп,

Қалың малды көп айда!—

деген сөздер айтылады. Қыздың шешесі істің нағына көзі жетіп, 

ертесі күйеу баласын шақыртып: 

—Бегенге сәлем айт, келер жылы осы уақытта қалың малын 

айдап алуға кісі жіберемін!—деп жол ортадан қайтып кетеді. 

Сондағы қыздың шерткен күйі кейін келе, ел ішіне қызды 

өкіндірген де, байды армандатқан да Беген деп «Беген» күйі 

атауымен тараған екен. 



83. «Сары бел»

(І нұсқа)

Бір ауылда жасы тоқсаннан асқан бір қария болыпты. Ауыл 

адамдары бұл қарияны қадір тұтып, үнемі алдына барып аман-

сәлем жасап, амандық сұрап тұрады екен. 

Бір жолы ауыл ағалары барып көңілін сұрап:

—Ақсақал, хал-жайыңыз қалай?—дегенде, төсегінде жан-

тайып жатқан ол басын көтеріп:

—Е, қарғаларым-ай,

Кәрілік келіп қалды кезіменен,

Қарайды келін жаман көзіменен.

Қолындағы көсеумен ұрмаса да,

ұрғандай боп кетеді сөзіменен,—депті де, төсегінің іргесінде 

сүйеулі тұрған домбырасын алып:

—Жастықтың жалыны қайтқан, кәріліктің қарымы бат қан, 

сарғайып сары белде отырғаным. Ал тыңдаңдар,—депті де дом-

бырасынан бір түрлі мұңлы, күмбірлі күй төгіпті. Сонан «Са ры 

бел» атты күй тарапты.

Бұл күйді кей білетіндер отарбай Дүйсекеұлының қартай-

ғанда шығарған күйі деседі. 

84. «Сары бел»

(ІІ нұсқа)

Байлардың жемқорлығын өткір тілімен шенеп, сыбызғы да-

ғы күйімен әжуа-сықақ еткен сыбызғышыны елдің игі жақсы-

ла ры бірігіп алып, көзін құртпақ болады. оған тұс-тұсынан 



86

күй аңыздар

қысым жасап, тілін тигізіп, тікенегін қадайды. Ел ішін ара-

лап сыбызғы тартып, әзіл-сықақ айтуды қойып, қаршадай қа-

ра күркесінде, бала-шағасының қасында, отынының басын-

да көңілді өмір сүруіне тосқауыл жасап, басқан ізін бағатын 

аңдушы қояды. осынау қапас өмірден құтылуды армандаған 

сыбызғышы таңы рауандап ататын, күні күліп бататын, адам-

дары ала-құла бай мен кедей болып бөлінбейтін, зәбір-жапасы 

жоқ елді іздеп жолға шығады. Әділдіктің ордасын іздеп талай 

елді аралайды, талай жолды басады, талай белден асады. Бірақ 

ондай елді таба алмай, арман тауы шағылған сыбызғышы арып-

шаршап, қара күркесіне қарай қайта оралады. Қайда барса да, 

еңіреген елді, шерменде болып сорлап, қапас өмірде қан жұтқан 

кедейді көреді. Бостандықта өмір сүруді армандаған сыбызғы-

шы ұзақ жол жүріп, еліне бет алып келе жатады да, көлбеп 

жатқан құба белге келіп, сыбызғысын тартып отырып қаза бо-

лады. Ел арасында жүрген тағы бір сыбызғышы жігіт жол жү-

ріп келе жатып, құба белде сыбызғысын сүйеу етіп қаза болған 

жігітке тап болады. Жігіт аттан түсіп қайтыс болған жігітті 

сол жерге жерлейді. оның кейіп-кескінінен шаршағандық тан, 

арманына жете алмаған мұң мен зардың белгісін көреді. Жол-

жөнекей ауыр жайға, өкінішті оқиғаға тап болған сыбызғы шы 

жігіт айнала ойлана көз жүгіртеді. Шегі жоқ, шеті жоқ дала. 

Дала төсінен тіршіліктің жөнкіген дүрбелеңі де, қызған өмір 

әні де көрінбейді. Тек о жағы мен бұл жағы тұманданып көрі-

ніп ыстық демін ішіне тартып жатқан, мынау сияқты қаншама 

қыршын жасты қапас құшағына алған төңірек сарғыштанып, 

зілденіп көрінеді. Дәл мына қалпымен жаңбыр жаумаған, шуақ 

көрмеген, қайғыдан басқаны білмейтін керенаудай сезіледі. 

осы тылсым тіршілікке ішқұса болып қайғырған сыбыз ғышы 

сары белде отырып, қаза болған сыбызғышыға арнап «Сары 

бел» күйін тартады. 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет