«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет6/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

50. «Қоңыр бұқа» 

Халық аңызында ерте уақытта бір ауылдың өзен жағасында 

жайылып жүрген бір қора сиырларын жау қуып кетеді. Сол 

сиырлардың арасында көк бұқа болады. Сол көк бұқа жанына 

ешкімді жолатпайтын сүзеген болады. Сондықтан да ішінде осы 

бұқа жүрген бір қора сиыр бойлай басқа малдардан бөлек жайы-

лады екен. Бір күні жем іздеп ашыққан қасқырлар осы бір қора 

сиырға шабуыл жасайды. Көк бұқа қасқырлармен арпалысып, 

әзірге ауылдан кісілер келгенше бірде-бір сиырды қасқырларға 

жегізбей қорғайды. Міне, көк бұқа тынышсыздана бастайды 

да, басын қорқынышты көтеріп алып, ауыл жаққа қарап, ауа-

ны иіскелейді. өз үйірін еш уақытта ауылдан еш адам іздеп 

келмейтінін сезген көк бұқа үйірін туған ауылына алып келеді. 

51. «Шал бүркіт» 

Ертеде бір қазақтың жанында жақсы көретін, қасқыр мен 

түлкіге найзағайдай түсетін аңшы бүркіті болыпты. ол көп 

жыл өмір сүріп, ақырында қартайып аңшылыққа жарамайды. 

оның қанат жүні сиреп, құйрығының қауырсындары түсіп, 

ұша алмай, ұшса қайтып жерге қона алмай қатты қиыншы лық 

көреді. Бір күні аспанда өте жоғары самғап ұшып, содан жерге 

жақындап келіп, жалбарына аянышты ысқырық үн шығарады 

да, бірақ қонбайды. ол солай әбден күш-қуаты біткенше ұшып 

тастай құлдырап жерге түседі. Құстардың қалықтап түсуі-

не көмектесетін құйрық қауырсынынан жұрдай болған қарт 

бүркіт өлімге душар болады. оның аянышты шаңқылын естіген 

иесі үйінен жүгіріп шығады. өлім халінде жатқан бүркітке ол 

ешқандай айла көмек көрсете алмайды, бірақ көп уақытқа дейін 

есінен де шығармайды. 


62

63

халық күйлерінің аңыздары



52. «Жетім қыз»

(І нұсқа)

Ертеде бір өзеннің жағасында жетім қыз бен бала болып-

ты. ол қыз қайықты жақсы еседі екен. Сол маңдағы балалар 

бұларға келіп қайықпен ойнап серуендейді екен. Бір күні қыз 

таудан жүзім жинауға кеткенде үйде қалған бала апасының 

жоғын пайдаланып қайыққа мініп жүзеді. Бірақ ол қайықты 

есе білмейтін. ойламаған жерден қатты дауыл жел тұрып қайық 

үлкен толқынның арасында аударылады, бала суға кетеді. Жа-

нында қалған жалғыз інісінің суға кетіп өлгенін естіген қыз 

зарлап жылайды. 



53. «Жетім қыз»

(ІІ нұсқа)

Ертеде бір байдың ауылында өте сұлу қыз бойжетіпті. Әлгіні 

көрген адам көңілі кетіп, үйленуге құмартады екен де, сөз сала-

ды екен. Сонда қыз: 

—Мен—әке-шешесі жоқ жетім қызбын,—деп қана жауап 

береді екен. 

Мына сөзді естігендер: «ой, жетім екен ғой!»—деп ынтықтық 

райынан айнып, қайтып кете береді екен. 

Сондағы қыздың: 

—оу, жетім қыз, жетім қыз, 

Көрген жанды ынтықтырды бетің, қыз. 

Әкесі жоқ жетім қыздың 

Кәдесі жоқ. 

Шешесі жоқ жетім қыздың 

Некесі жоқ. 

Ағасы жоқ жетім қыздың 

Бағасы жоқ. 

Інісі жоқ жетім қыздың 

Тынысы жоқ. 

өз-өзіңмен жетіл, қыз, 

Сүйгеніңмен кетіл, қыз!—

деп мұңайып, арман қып тартқаны екен... 



64

күй аңыздар



54. «Бұлғын—Сусар» 

Бұрын елден асқан бір күйші аң-құстармен күй арқылы 

тілдесіп, сөйлесе береді екен. оны «аңның тілін білген, құстың 

үнін түсінген» деп жұрт аса ардақтайтын көрінеді. Бірде әлгі 

күйші тоғай аралайды. Бір-бірімен таласып жатқан бұлғын мен 

сусар мұны көре сала тұра қашыпты. Жігіт сонда домбырасын ала 

салып күй шертіпті. Әлден уақытта әлгі екі аң кілт тоқтап, бір-

біріне еркелей жақындап, ойнақтап, күйдің ырғағымен билеп ала 

жөнеледі. Сондағы сол екі аңды достастырған күй екен... 

55. «Жеті атан—Ерке атан» 

...Бір бай болыпты. ол кедейленеді. Күндердің күнінде 

өледі. Артында азын-аулақ мүлкі, бір ұлы және бір түйесі 

қалыпты. Сол түйе боталайды. Әлгі ұл ботаны сатамын деп же-

телеп жүреді. Сөйтіп жүргенде бір байдың қызы есігінің алды на 

шығып: 


—Әй, жігітім, андағы ботаңды сатасың ба?—дейді. 

—Сатам,—дейді жігіт. 

Сөйтіп, қыз ботаны сатып алып, жеті жасқа келгенше асы рап 

бағады. Тіл үйретеді, адамның тілін білдіреді. Қыз білгіш екен. 

Түйенің өсе келе қасиетті болатынын алдын ала байқайды. Түйе 

өте зор, алып атан болған екен. оны ел «түйенің пілі», ал қыз 

«Ерке атан» деп кетеді. 

Енді қызға біреу дарияның ар жағынан келіп құда түседі. 

Қызды ұзатар күн келеді. отыз күй ойын, қырық күн тойын 

жасайтын болады. Бай қызға қалау салады: 

—Қызым, нарға не арттырайын?—дейді. 

Қыз айтады: 

—Не арттырушы едіңіз, өзіңіз біліңіз, байсыз ғой. Артқы 

еліңіз күйінгендей, алдыңғы еліңіз сүйінгендей арттыры ңыз,- 

—дейді. Сонда бай жеті атанға жүк арттырады. Қыз өзі асыра-

ған әлгі Ерке атанға келіп: 

—Сен «қалып барамын» деме. Мен дарияның ар жағына 

өтті-ау дегенде маған қарай қаш. Қаш та қуып жет. Мен өтіп 

болғанша сен де жетесің. Сенің соңыңнан қуады. Қуғанда да 

қара жорғамен қуады. ол жеткенше сен судан өт,—дейді. Со-

нымен қызды ұзатады. Жеті атанға «алдыңғы елім сүйінсін, 

артқы елім күйінсін» деп жасау-жабдық артады. 

олар ұзап кеткенде, әлгі Ерке атан қашады. Соңынан қара 

жорғамен қуады.



64

65

халық күйлерінің аңыздары



Ерке атан судан өтіп кетеді. Қара жорға барып суға тіреледі 

де қалады. 

Ерке атан аман-есен судың арғы бетіне өткен соң, қыз 

жүктің бәрін бір Ерке атанға арттырып, жеті атанды қайыра 

судан өткізіп, соңындағы еліне айдатып жібереді. Сондағы 

жеті атанның жүгін жалғыз өзі көтеріп, Ерке атанның жолдың 

жиегіндегі жантақты шалып жеп, желіп бара жатқаны дейді.

56. «Жаңылтпаш сайқал» (бәдік күй)

Ертеде бір қыз бен жігіт домбыра тартысады. Бірін-бірі жеңе 

алмайды. Бірінің күйін бірі қайыра тартып ұзақ жауаптасады. 

Ақыры қыздың күйі артыла бастайды. Сонда жігіт: 

—Мен бір «Жаңылтпаш сайқал» деген күй тартамын. Соны 

қайталасаң, жеңесің,—деп күй тартады. Тартқанда саусағы-

мен «сенікі анау, менікі мынау» деп көрсетіп тартады. (Бұл 

өзі ұят күй ғой.) Қыз жұрттың көзінше әлгінің қол қимылын 

қайталай ал майтын болған соң, домбыраны тастап, бетін ба-

сып шығып кетіпті. 

57. «Сұр теке» 

Баяғыда бір мерген болыпты. Бір күні баласын аңға ертіп 

шығады. Баласына: 

—Сен мына ну тоғай, қалың қурайдың ар жағына өтіп, аң 

болса бері айда,—дейді. 

Бала тапсырманы орындау үшін тонын теріс айналдырып 

киіп, тоғайды аралап, қалың қурайдың арасымен келе жат қан-

да, аңдып отырған әкесі «теке екен» деп атып жібереді. Жетіп 

келсе, баласы өліп жатады. 

Сонда: Қалың қурай, сұр теке,

 

       Мені алмадың, қу теке,—



деп зар еңіреп тартқан күйі екен... 

58. «Мұңлық—Зарлық» 

Ертеде, қылышынан қан тамған қаһарлы ханның жал-

ғыз қызы бойжеткенде бір кедей жігітке ғашық болып, кө-

ңіл қосып жүреді екен. Мұны біліп қойған хан жігітті дар ға 

5-136


66

күй аңыздар

астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей бір 

ұл, бір қыз табады. Көп көзінен, ел сөзінен сескенген хан 

жаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің 

көзін жоюды астыртын Мыстан кемпірге тапсырады. Мыс-

тан кемпір өмірге жаңа ғана келген сәбилерді көз көрмес, 

құлақ естімес жерге апарып, биік өскен жап-жасыл ағаштың 

басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. 

Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып, 

қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек 

те өсуін доғарады. 

Ел ішіндегі өсек сөз, өтірік-өкпеге шыдамаған патшаның 

қызы егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жер, баспаған тауы 

қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар, 

жылаумен жылдар өтеді. 

Қатты шаршап, діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабығы 

түсіп, шіруге айналған биік ағаштың түбіне келіп қисаяды. 

ұйықтап кеткен соң, оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оята-

ды. Құлақ түріп, тың тыңдаса, «ән салып» тұрған қасындағы 

биік ағаш екен. Қыз күндіз қос бүлдіршінін іздеп, түнде осы 

«әнші» ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуез естіп, көңіл 

жұбатып, тынығып жүреді. 

Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басы-

на шығамын деп оны құлатып алады. Бірақ көп ұзамай са-

мал соғып, «әнші» ағаш қайта зарлай жөнеледі. Қыз оның 

құпясын білмек болып, тексереді. Ағаш жуан түбінен басы-

на дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан 

бұтаққа ке рі ліп қалған ішектерді көреді. Бұл—қыздың екі 

баласынан қал ған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бос-

тау, ал шығыс жа ғын дағы ішек қатты тартылыпты. Егізінің 

өлімінен хабары жоқ қыз, енді ағаш неге ән салатынын 

түсінеді де, өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы екі ішекті 

соған тағады. Шертіп көрсе, үні жүрегіне жақын, жаны-

на жайлы естіледі. Қыз бай ғұс бостау тартылған ішекке үні 

мұңды шығатындықтан, «ұлым 

— 

Мұң 


лық», ал ащы, тым 

зарлы шығатындықтан, қатты тартыл 

ған ішекке «қызым 

- Зарлық» деп ат қойып, күндіз-түні қолы нан тастамай күй 

шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен... 


66

67

халық күйлерінің аңыздары



59. «Сал күрең» 

Ел ішінде әйгілі бір күйшінің жүйрік күрең аты бәйгенің 

алдын бермейтін көрінеді. Қазақ-қырғыз бас қосқан үлкен аста 

бүкіл сыншылар барлық тұлпарды сыннан өткізе келіп, күрең 

аттың қасына тоқтайды: 

—Қамыс құлақ, қой жұтқыншақ, үңгір сағақ, қуыс қолтық, 

құлан жал, бәйгені өзге алмас, сен аларсың, күрең сал,—деп 

бағалапты. 

Бірақ ат күзетушінің көзін ала бере қаскөй біреу күрең аттың 

табанына шеге қағып жібереді. 

Күйші шегені суырып тастап, бәрібір бәйгеге қосады. Топ 

ішінен ақсаңдай басып шыққан күрең атқа қарап жұрт: 

—Әй, ақсақ атты бәйгеге қосқан қай ақымақ!—деп шулай-

ды. Күйші ерегескенде үндемейді. Денесі қыза келе аяғының 

ауырғанын ұмытқан күрең сәйгүліктердің бірінен соң бірінен 

озып, ақыры бірінші болып келеді. 

Бірақ мәреге жеткен соң-ақ, аяғын баса алмай, сал болып, 

жүруден қалады. Күйшінің күреңнің сау күнін армандап, сал 

күреңнің жүрісін салып тартқаны екен... 

60. «Жиренше шешен» 

(І нұсқа)

Жиреншенің жары Қарашаш қайтыс болады. Әз Жәнібек 

хан Жиреншеге: 

—Әкесі өлген қалай болады?—дейді. 

—Әкесі өлгені—асқар тауы құлағаны,—депті. 

—Шешесі өлген қалай болады? 

—Сарқылмас бұлағының суалғаны. 

—Ағасы өлген қалай болады? 

—оң қанаты қайырылғаны. 

—Інісі өлген қалай болады? 

—Сол қанаты қайырылғаны. 

—Апа-қарындасы өлген қандай болады? 

—өрісі тартылғаны. 

—Қатыны өлген қандай болады? 

—Аһ, дариға! Қарашашым өлген екен ғой,—деп күңіреніпті 

де, тұрмыстағы қызына барып, шешесінің өлімін күймен ес-

тіртіпті. Қарашашты жоқтап күй тартыпты... 


68

күй аңыздар



61. «Жиренше шешен» 

(ІІ нұсқа)

Атақты Жиренше алыста жүргенде, жат жұртта ауырып 

қайтыс болады. Қара тілдің шешені Жиреншенің еліне сөз та-

уып, жөн біліп естіртуге ешкімнің батылы бармайды екен. Сол 

ауылда жалғыз жетім бала бар екен: 

—Жиренше шешеннің өлімін үй-ішіне мен естіртемін, — деп 

Жиреншенің ауылына жетіп, үйіне кіріп келеді. Кіріп кел се, 

төрде бір сұлу қыз отырады. 

—Сіз кімі боласыз Жиренше шешеннің?—дейді. 

—Мен Жиреншенің қызы Қарлығашпын,—дейді. 

—олай болса, тыңда,—деп жетім бала домбыраны теріс бұ-

рауға салып, «әкең өлді, қарындас» дегізіп, бір зарлы күйді тар-

та жөнеліпті. 

Қабырғасы қайысқан Қарлығаштың көңілін жұбатпақ бо-

лып, жетім бала домбыраны оң бұрауға түзеп, сабырлы сал-

мақты тарта келе, өзінің де жетімдігі есіне түсіп кетіп, зарлап 

қоя бергені дейді. 

62. «Батырдың арман күйі» 

Қалмақтардың ауылын шауып, малын тартып алып, жыл-

қыларын айдап келе жатқан батырдың алдынан біреу шығып: 

—уа, батыр, осынша жылқыны өзің бағасың ба, балаңа бақ-

тырасың ба?—деп сұрапты. 

Сонда батырдың баласының жоқтығы есіне түсіп, күйініп 

тартқаны дейді. 

63. «Алып қара құс» 

Баяғыда кемпір мен шал мал бағыпты. Тоғыз ұлы бірінен 

соң бірі ес біле бастағанда шетіней береді екен. оныншы ұлы 

дүниеге келгенде, шілдехананың үстіне құдайы қонақ келіп 

қоныпты. Қонақ кетерінде: 

—Сіздің балаларыңыздың иесі алып қара құс. Сол иесіне 

жетпей, тіл-көзден өледі екен. Бұл ауылдан жыраққа кетіңдер. 

ұлыңыз ер жеткен соң ораласыздар,—дейді. 

Кеткен соң «қонақ—қыдыр, айтқаны жөн болар» деп кемпір 

мен шал бір түнде көшіп, бір тоғайдың шетіне барып үйлерін 

тігіп, сонда өмір сүре бастайды. Бала үш-төрт жасқа келеді. 


68

69

халық күйлерінің аңыздары



Күндердің күнінде шал аңға шығып, жебесіне еш нәрсе 

ілінбей арып-ашып қайтып келе жатса, аспаннан бір алып қа-

ра құс көрінеді. Тырнағына қыстырған қызарғаны бар. Мұны 

көріп шал: 

—Дәу де болса, сен еліктің лағын әкетіп бара жатсың ғой,—

деп көздеп тұрып үш мәрте атады. Сонда құс қалықтап барып 

үлкен дарияның ар жағына құлайды. Шал олжаға кенелдім 

деп масаттанып, сал жасап дарияның ар жағына әрең өтіп, 

құсқа жетіп барса, қасында сұлап өзінің баласы жатады. Тасқа 

ұрылған алып қара құста жан жоқ. 

Шал жылап-еңіреп, етегі жасқа толып отырғанда, құсқа жан 

да, тіл де бітіпті: 

—Ей, аңшы, сенің ұлдарыңның көктегі иесі мен едім. Тоғыз 

ұлыңды елің өлтірді. Соңғы ұлыңды өзің өлтірдің. Мен оны ада-

сып келе жатқан жерінен алып келе жатыр ем. Сен оны көк тегі 

иесінен айырдың,—деп өледі. 

Сонда барып шалдың есіне баяғы құдайы қонақтың сөзі тү-

седі де, бармағын тістейді. Баласын шекпеніне орап үйіне ора-

лады. үйінде бәйбішесі жоқ екен. Баланы күндегі жататын ор-

нына жатқызып қойып, домбырасын қолына алып, теріс бұрап 

отырғанда кемпірі кіріп келеді: 

—ой, құдай-ай, аспаннан алып қара құс көріп, балама бір-

деңе болды ма деп өкпемді қолыма алып жүгіріп келмеймін бе? 

Сен нағып қабағыңды түйіп отырсың? «Таңғы нәсіп тәңірден», 

«өлмегенге өлі балық жолығар». Елден, жұрттан айналайын, 

сәлемдеме беріп жіберді,—дегенде, шал «Балаң өлді, бәйбіше» 

деп естірту күйін тартқан екен. 

Күйді тыңдап бола бере кемпірі: 

—Әй, шал, сен мұндай күйді тартпаушы едің. Мынауың 

суық хабар айтып тұр ғой,—деп, жүгіріп барып шалдың шек-

пенін көтеріп қалғанда, ұзыннан түскен ұлы сұлық жатыр 

екен. Сонда қарғап-сілеп, шалдың домбырасын қолынан жұ лып 

алып, «Құлыным!», «Құлыным!» деп зарлап, солқылдап, өксіп 

күй тарта жөнеледі... 

... Кемпірдің күйі тым зарлы, зәрлі, ащы болып, шал да шы-

дай алмай домбыраны қолына қайыра алып, «ойбай, ботам!» 

деп егіле тартады да, соңынан «Жылама, қатын, жылама» деп 

жұбату күйін шертеді. 



70

күй аңыздар

... Сөйтіп, кемпір мен шал баланың өлігін көтеріп елге 

оралыпты.  (Ескерту: Тағы бір нұсқасында күй соңында бала 



тіріліп, көзін ашып алыпты,—делінеді.) 

64. «Кенесары—Наурызбай» 

орыс әскерімен белдесуге күш жию үшін: 

Қамауда жатып хал болмас, 

Қасыңа қалың ел қонбас,—

деп, Кенесары соңынан ерген елімен, батырларымен Ілені ке сіп 

өтіп, Шу бойын өрлей көшпеді ме? Сонан Қордайда шапы раш ты 

Тойшыбек батырдың ауылына тоқтайды ғой. Атағы жер жар-

ған Кенесары, Наурызбай келді деген соң, ұлы жүз елі қалмай 

жиналады. Күні-түні Кененің ауылын босатпайды. Дулаттың 

батыры Сыпатай да, шапыраштының ерлері Саурық, Сұраншы 

да, қоңыраттан шыққан Байзақ та, төре рүстем де қалмай келе-

ді. Кенесары екі күн ұдай ешбір адаммен сөйлеспей, маң дайын 

ұстап, ауыр ойланып, төмен қарап отырып алды. рүстем төре 

де, Сыпатай батыр да Кенесары отырған ақбоз үйдің алды нан 

анадай жерден түсіп, «алдиярлап» қолын қусырып, рұқсат 

сұраудан басқа бір ауыз тіл қата алмаған. Келгендердің бәрі мен 

Наурызбай ғана сөйлескен. Сонда 19 жасар жас батыр Сұран-

шы атының басын Кенесары отырған үйге тіреп тұрып, есіктің 

маңдайшасын көтеріп, былай депті: 

—Хан бетін басып, басын тұқыртып, неге төмен қарай бере-

ді? Біз ұялшақ қатын көргелі келгеніміз жоқ, ондай қатындар 

ауылымызда жеткілікті, біз ел бастаған, жау жасқаған батыр ды 

көргелі келдік,—депті. Сонда Кенесары басын жұлып алып: 

—уа, ерім екенсің ғой, атыңнан түсіп, жоғары шық,—

депті. 

Сұраншыға оң тізесін беріпті. Сонан кейін барып Сыпатай, 



рүстемдер де «алдиярлап» үйге кірген екен. Бірақ Кенеса-

ры олардың бірде-бірімен жылы сөйлеспей, өзінің үйіне баса-

көктеп кірген ер жігіттермен ашылып сөйлесіпті. 

он жеті жасар Байсейіт батыр да атымен құйғытып шауып 

келіп, Кенесарының отырған үйінің дәл табалдырығының ал-

дына тоқтапты. Әкесі Тойшыбек: 

—Бұл не бейбастылық, сен ханды басынамысың?—деп шы-

ға келіп ұрысқан екен, Байсейіт кимелеп: 



70

71

халық күйлерінің аңыздары



—Мен хан деп келгем жоқ, батыр деп келдім, батырдан ба-

тыр қорықпайды,—деп үйге кіре беріпті. Кенесары бұған да оң 

тізесінен орын берген. 

Кенесарыға еріп келген өңкей батырларға Жетісудың кі лең 

айбынды ерлері қосылып, Алатауды сілкінткендей бір қа лың 

қайратты қол құралады...



65. «Бесік күй» 

Бір күйші-батыр жортып келе жатса, алдынан жау шауып 

кеткен жұрттан жалғыз қараша үй шығады. Әлгі үйге жа қын-

даса, іңгәлап шырылдап жатқан баланың үні естіледі. Жақын 

келіп үйге кірсе, бесікті құшақтаған күйі бір әйел өліп жатыр 

екен. Анасын жерлеп болғанша бесіктегі бала шырылдап жы-

лауын қоймайды. Сонда күйші-батыр айдалада жалғыз қалған 

бесіктегі баланы тербетіп тартқан күйі екен... 



66. «Сарбарпы бұлбұл» 

(І нұсқа)

Сарбарпы—адамның құсқа айналған түрі екен дейді. Баяғы-

да елден асқан оқымысты адам болыпты. Көктің де, жер дің де, 

судың да, оттың да, құстың да құпиясын біліпті. Бірақ адам-

затқа ешбір пайда келтірмепті. Сондықтан Алла тағала оны 

құсқа айналдырып жіберіпті. 



66. «Сарбарпы бұлбұл» 

(ІІ нұсқа)

Баяғыда Сарбарпы аталған сайрауық құс болыпты. өте 

сұлу Сарбарпы сайрағанда ұшқан құс қонып, жүгірген аң тоқ-

тап, естіген адам ұйып тыңдайды екен. Сондай қасиеттерін—

сұлулығын да, сайрауықтығын қызғанған құрлықтағы жылан 

атаулы бұлбұлдың балапандарын жеп қоя беріпті. Сарбар пы 

енді ұясын судың жағасына салады. Мұнда су жылан тыныш-

тық бермепті. Көкте қырғи, жерде жылан тұқымын құрта бер-

ген соң зар еңірей сайрапты. оның сайрағанын су тартылып, 

күн тұтылып, тау шайқалып, дауыл көтеріліпті. Бірақ ешбір 

аң немесе құс жәрдем жасамапты. Сонда бір аңшы көріп, естіп, 


72

күй аңыздар

Сарбарпы бұлбұлды әлгі озбырлықтан құтқарыпты. өзінің 

үйіне әкеліп, төрінде бағыпты. Содан бастап Сарбарпы бұлбұл 

адамның айнымас досы, жыршы құсы болыпты... 

67. «Нұрғазарын бұлбұл» 

Баяғыда Махмұд деген елден асқан әділетті патша болып-

ты. оның Асан, үсен, Хасан деген үш ұлы бар екен. Күндердің 

күнінде Махмұд түс көреді, түсінде ғажайып құс көреді. Әлгі құс 

жер мен көктің ортасы, көк перілер шаһарында, тордың ішінде 

тұрады. Соны қолына түсіруді армандап, күндіз күлкіден, түнде 

ұйқыдан айрылады. Тіпті, тағынан безіп, көшедегі күлге аунап 

жатып қалады. Содан Асан мен үсен әке арманын орындап ке-

луге жолға шығады. 

Ең кішісі Хасан да сұранады. Әкесі әрең жібереді. Хасан екі 

ағасын қуып жетеді. үшеуі келе жатып үш айрыққа тап болады. 

Сол жерде тас бар екен, тастағы жазуда бірінші жол—«барса ке-

лер», екінші жол—«келер-келмес», үшінші жол—«барса кел-

мес» деп жазылыпты. Хасан жасы кіші болғандықтан үшінші 

жолға түсіпті. 

Әуелі гүлбаһрам перінің шаһарына келеді. Мыстан кемпір 

бар екен, ол Хасанды киікке айналдырып жібереді, бірақ гүл-

баһрам оны қайта адамға айналдырып, өзі ғашық болып елу 

күн, елу түн бірге болады да, Хасанды қимай жолға салады. 

Жылдар жүріп биік таудың басына шыққанда, алып ағаш 

кезігеді. Ағаш басында екі басты Самұрық құстың ұясы бар екен, 

ұяда балапандары жатады. Сол ұяның астында дем алып жат са, 

жеті басты айдаһар өрмелеп келе жатады. Хасан қорықпай же ті 

басты жеті жаққа ұшырып, тыныш демала береді. Әлден уақ та 

күн тұтылып, дауыл тұрып, ағаш ырғалады. Сөйтсе, Самұ рық 

ұшып келіп қонған екен. Хасанды көріп өлтірейін дегенде, ба-

лапандары араша болады. 

—Сен жоқта бізді жеті басты айдаһар жеп кетуші еді, оны 

өлтірген сол адам,—дейді. 

Самұрық Хасанды қасына алады. Жөн сұрасады. Мән-жай-

ды білген соң: 

—Е... е, Хасан, жолың ұзақ. Жеті дарияның ар жағында, 

көк перісі—Ғайнижамалдың шаһарында ол құс. Пері, жын, 

диюдың бәрі сонда. олар тек адам етімен қоректенеді. Сен оған 



72

73

халық күйлерінің аңыздары



бара алмайсың, барғанмен аман оралмайсың, кері қайт,—

дейді. 


Хасан көнбейді. Амал жоқ, Самұрық жетпіс киіктің етін 

алып, жетпіс мес су алып, арқасына Хасанды мінгізіп, жеті да-

рияның ар жағына қарай ұшты дейді. Әр дариядан он күнде 

өтеді екен. Самұрық күніне бір киіктің етін жеп, бір мес суды 

ішеді екен. Ең соңғы күні Хасан киік етін түсіріп алады да, өз 

санынан ет кесіп береді. 

Жетпісінші күні Ғайнижамал перінің шаһарына жетеді. 

Келсе, перілердің бәрі ұйқыда екен. Ғайнижамал да ұйқыда. 

Тек Нұрғазарын бұлбұл ғана ояу. Күлсе, көмейінен гүл төгіледі 

екен. Хасан жөнін айтып зарлайды. Нұрғазарынға: 

—Жүрші әкеме, әкем сенсіз өлетін болды, мен әкемнің ал-

дындағы перзенттік парызымды өтеу үшін сонша азаптан өтіп 

келдім, сөзімді жерге тастай көрме,—дейді. 

Нұрғазарын бұлбұл адамша сайрағанда тілінен бал тама-

ды екен, ақылы адамзаттан артық екен, тек денесі құс екен. 

онда да басы лағыл, көзі алтын, кеудесі күміс, қанаты жауһар, 

құйрығы зүбәржат, әр қауырсыны күн нұрымен шағылысып, 

көздің жауын алады екен. 

Хасанға айтады: 

—Жарайды. Сен маған ұнадың. Тек менің айтқанымды 

орын да. Әуелі ұйықтап жатқанда Ғайнижамалға қосыл. Мен 

некелеріңді қиямын. өз жүзігіңді оған сал, оның жүзігін өзіңе 

сал,—дейді. 

Хасан айтқанын істеді. Нұрғазарынды алып Самұрыққа кел-

ді. Самұрық Хасанға айтты: 

—Алпыс тоғызыншы күні сен соңғы киікті түсіріп алдың. 

Сонда маған ненің етін бердің? Сондай тәтті, сондай қуатты 

болды,—деді. 

Хасан айтты: 

—өз санымнан кесіп бердім,—деді. 

Самұрық екеуін алып ұшты. ұясына әкелді. Келген соң: 

—Сен маған жақсы дос болдың. өз етіңді кесіп бердің. Мен 

саған бір қанатымды беремін. осыған мініп еліңе жетесің,—деді. 

Хасан Нұрғазарынды алып ұшты. Жер перісі гүлбаһрамға 

келді. гүлбаһрам жақсылап қарсы алды. Бір оқ берді. 

—осы оқпен сені киікке айналдырған мыстан періні атып 

өлтіріп кел, әйтпесе кете алмаймыз,—деді. 


74

күй аңыздар

Хасан барып Мыстан кемпірді көздемей атты, оқ өзі қуалап 

жүріп зәлімнің табанынан кіріп, миынан бір-ақ шықты. Сөйтіп, 

өлді. гүлбаһрам далада жүрген киіктердің бәрін адамға айнал-

дырып, тіл бітірді. Бәрін де әлгі мыстан оқып тастаған екен. 

Бәрі де батыр екен. Хасанға ерді. Қалың қол болды. Еліне тарт-

ты. Жолда азып-тозып жүрген екі ағасын көрді. Азаптан құт-

қар ды. Бірақ жолда Асан мен үсен арамдық ойлады. Хасанды 

құ дық қа құлатып, таспен басып кете барды. 

Елге келгенде бір күнде аспаннан адам жауды. Сөйтсе, 

Ғайнижамал мен оның пері, дию, жындары екен. Махмұдқа 

жо лықты. «Нұрғазарынды ұрлаған адамды көрсет» деді. үсенді 

ша қырды. 

—Сен қалай алдың Нұрғазарынды?—деді Ғайни пері. үсен 

айтты: 


—Атпен барып едім, сіздер түгел ұйықтап жатыр екенсіңдер, 

ала қаштым,—деді. 

Асанды шақырды: 

—Желмаямен барсам, перілер ұйықтап жатыр екен. Ала 

қаштым,—деді. 

Ғайнижамал сенбеді. Нұрғазарын бұлбұлға «сайра» деді. Бұл 

құстың адамша сөйлейтінін үсен мен Асан білмеді. Нұрғаза рын 

барлық оқиғаны бастан аяқ сайрап берді. 

Ғайнижамал үсен мен Асанның басын алды. өзінің Мах мұд 

патшаға келін болғанын біліп ұялды. Бір күннің ішінде Хасан-

ды алып келтірді. 

оң жағында жер перісі гүлбаһрам, сол жағында көк перісі 

Ғайнижамал, екеуін де қатын қылған Хасан көп кешікпей әкесі 

ұсынған таққа отырып, әділ патша болды. 

Аңыздағы Хасанның ақыл-парасатына тамсанған күйші, 

«ұл туса, Хасандай боп тусын» деп осы күйді тартыпты. 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет