«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет5/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

36. «Ақсақ құлан»

(ІІ нұсқа)

Жошы ханның маңдайына біткен жалғыз ұлы құлан аулау-

ға құмар екен дейді. «Құлан аулау қоян аулау емес, қауіп-қатері 


52

күй аңыздар

көп» деп хан оны аңға жалғыз жібермейді екен. Күндердің 

күнінде ханзада әкесінен ұрланып, аңға бір өзі шығып кетеді, 

бір жерлерге келгенде жайылып жүрген бір үйір құланды кө-

реді. Қуанғаннан екі көзі жайнап, қорамсағынан сұр жебесін 

суырып алады да, жазықсыз жануарларды қынадай қырады. 

Қырудың қызығына түсіп кеткен ол, оғының таусылғанын да 

білмей қалады, ханзаданың қауқарсыз халін сезген көсем құ-

лан оны қос өкпеден қос аяқтап теуіп, айдалада өлтіріп кетеді. 

ұлы хабар-ошарсыз кеткен соң, бір сұмдықты білген хан 

жаманатты естуге дәті бармай былай деп жар салады: «Кімде-

кім баламның өлгенін есіттірер болса, аузына қорғасын ерітіп 

құямын». Мұндай сөзді естіген соң жаман хабарды барып айту-

ға кімнің батылы жетсін! Ешкім тіл қатып, тіс жармайды. 

Бір күні тақта отырған ханның алдына қызметшісі жүгі ріп 

келеді: «Алдияр тақсыр, ханзаданың хабарын білем деп есік ал-

дына бір кісі келіп тұр» дейді ол. Хан: «Кірсін!» деп әмір етеді. 

Ішке қолында домбырасы бар бір кісі енеді. Хан: «Жолау шым, 

білгеніңді жасырмай түгел айт!»—дейді. Сонда күйші қолы на 

домбырасын алып: «Менің білгенімді екі шек пен бір тиек ай-

тып береді»,—деп күмбірлетіп жөнеледі. 

Күйдің алғашқы шумақтарынан шапқан аттың тұяқ дүбірі 

естілгендей болады. Көзінің қарашығындай жалғызы үй жа-

нына кеп қалды ма деп жүрегі тулап қоя береді. Ханның жүзі не 

қан жүгіріп шырайлана түседі. Бірақ осы мезетте үстіңгі шек-

тен жан дүниеңді әлем-тапырық еткен орны толмас өкініш пен 

қайғының сұмдық сарыны құлаққа келген еді. Домбыра адам-

ша жылап, адамша егілді. Хан қабағын демде қара бұлт жай лап, 

еңсесі түсіп қоя береді. Қол созған жақсы үміті көзден ғайып 

боп, көңілін қапалықтың ауыр мұңы басады. Ендігі сәтте күйші 

құланды көрген ханзаданың қуана салған әнін, ажал алып зуыл-

дай ұшқан сұр жебенің дыбысын, өлімнен қашқан аңдардың 

тұяқ дүбірін суреттегенде, ханның ойы отызға бөлінеді. Күй ті лін 

түсінуді бұған несін жазды екен тәңірі! Күй шарықтап шыр қау 

шегіне жетті—кенет арындаған екпін кілт үзілді де, дом быра 

көмейінен жан тәсілім еткен жанның ақырғы демі естілгендей 

болды. Ханның өңі сазарып қоя берді де, орнынан атып тұрды. 

Екі көзіне қан толып, бармағын тістелей берді. Күйші бұл кезде 

бастапқы қаралы тақырыпқа қайта оралып, күй екпіні әлсіреп, 

қайраты кеміп, дүниеден көшіп бара жатқан пенденің жете ал-


52

53

халық күйлерінің аңыздары



май кеткен арманын айтып, жанары сөніп бара жатқандай еді. 

Хан жас жуған жүзін екі алақанымен басып отырып қалды. 

Бірақ есін тез жинап алды да, өз әмірін екі етпей орындамақ-

шы боп: «Жалғыз ұлымның жапанда мерт болғанын естірт-

тің, жазаңды ал ендеше»,—дейді де,—«жақсыны да, жаман-

ды да айтпасын, осымен өмір бақи үні өшсін» деп домбыраның 

көмейіне балқыған қорғасын құйдырады. 

37. «Айрауықтың ащы күйі»

ұлы жүзде Тайлақ деген кісі өтіпті. Тайлақ батыр асқан 

сыбызғышы адам болыпты. Тайлақ батыр «Айрауықтың ащы 

күйін» өзінің Шекер мен Барақ дейтін екі ұлына арнап шы-

ғарған деседі. 

Тайлақ батыр сексенге келіп әбден қартайған кезінде жыл-

қысын жау шауып кетеді. Шекер мен Барақ атты екі баласы 

қарт әкесін үйде қалдырып, жау соңынан қуады. Сол жолда 

Шекерге оқ тиіп, қаза табады. Барақ жылқыдан айрылып, жа-

ралы қайтқанда үй сыртында төбеде отырып, күні бұрын осы 

оқиғаны, жаны сезіп, күңіреніп тартқан күйі екен. Бұл күйді 

жиналған елі-жұртына тарту арқылы үйде отырған келініне 

естіртеді. Сонда үйде отырған келіні: «Әкем тартар күй емес, 

өзім естір күй емес, сақта Құдай, сақтай гөр!»—деп үйден шыға 

алмай отырып қалады деп аңыз қылады. 

38. «Тепеңкөк»

(ІІ нұсқа)

Астындағы жалғыз атынан басқа маңдайында әке де, шеше 

де, бауыр да, туыс та, мал-мүлік те жоқ бір кедей жігіт бір ұлан-

асыр тойда тепеңкөк жүйрігін бәйгеге қосады. Бәйгеден келер 

аттардың жолын тосып, ол дөң басына шығып отырады да, дом-

бырасын шерте жөнеледі: «Терлігінен тер кешпеген Тепеңкө-

гім, алыс жолдан алқынбай жет мәреге. Ешкімім жоқ шабысың-

ды қостайтұғын қиқулап, дем беретін демің біткен сәтінде. Тек 

өзіңде бар үмітім! Домбырамның үні жетсе құлағыңа, бәлкім 

ұш қыр қанат бітер тұяғыңа». Күй сарынын естіген Тепеңкөктің 

бойына тың күш құйылып, не байлардың саңлақ сәйгүліктерін 

шаң қаптырып, жарыста жалғыз қара боп келген екен дейді. 



54

күй аңыздар



39. «Тепеңкөк»

(ІІІ нұсқа)

—өткен заманда, бір кедейдің жалғыз көк тұлпары болып-

ты. өзі жуас, бірақ жүйрік болса керек. Кедей онымен аңға 

шығып, күнелтіс етеді екен. Аңда жүргенде қасқыр, түлкілерді 

тұлпармен қуып, соғып ала береді. Тұлпардың бір қасиеті—тері 

шықпаса, шаба алмайтын болған. «Аттың сыры иесіне мәлім» 

дегендей, аңға шығардың алдында екі қанжығасына екі дор-

ба құмды өңгеріп алып, әрлі-берлі аяңдатып, желдіртіп, көк 

тұлпардың терін шығарып алады екен. 

Бір күні елде үлкен той болып, соған жер-жерден әнші-

күйшілер, ақындар, палуандар, бай-билер сәйгүлік жүйрік ат-

тарымен келеді. Той басталып, ойындар өтіп, кезек аттардың 

жарысына қалады. Бәйгіге дайындалған сәйгүліктер көп екен. 

Бәрі де бірінші жүлдеден үміткер. осы жарысқа көк тұлпарды 

да қосайыншы деп, тұлпардың иесі, ат айдаушы келгенше көк 

тұлпардың терін шығару үшін, қанжығасына құм өңгеріп, 

тұлпардың тепеңдетіп жортып жүреді. 

Көп кешікпей ат шабыс басталады. Бірінші болып көк тұл-

пар келеді. Бәйгі алғаннан кейін тұлпардың иесі, атына разы 

болып, жарыс алдында тепеңдетіп, жортқанын есіне түсіріп, 

«Тепеңкөк» деп күй тартыпты. 

40. «Тепеңкөк»

(ІV нұсқа)

Ертеде бір кедейдің мал дегенде жалғыз көк аты болыпты. 

өзі бәйгеге қосқанда алдына қара салмайтын жүйрік екен. 

Бірақ бір қасиеті—тері шықпаса, мүлдем шаба алмайды, ал 

жақсылап тері шықса, қандай жарыс болса да алдын бермейді. 

Аттың сыры иесіне мәлім демекші, сол елде үлкен ас болып, 

асқа жан-жақтан небір сәйгүліктер келулі. Аста ат шабыс, 

жамбы ату, балуан күрестері белгіленіп, озғандарына жүлде 

тағайындалады. Бұл асқа әлгі кедей де келеді. Көк тұлпарын 

жарысқа қосу үшін иесі бәйге басталмас бұрын қанжығасына 

екі дорба құмды өңгеріп, әрлі-берлі желдіртіп, терін шығарып 

тепеңдетіп келе жатқанда, елдегі бір домбырашы көріп, аттың 

сұлулығына, жүрісіне көңілі толып «шу, жануар, тепең көк» 

деп күй тартыпты. Содан бұл күй ел арасында «Тепеңкөк» ата-

нып кеткен. 


54

55

халық күйлерінің аңыздары



41. «Тепеңкөк»

(V нұсқа)

Ертеде бір ханның қойшысы бар екен. Сол қойшы ханның 

жалғыз баласымен бір жаққа барып келе жатса, өзеннің 

жағасында жылқының басы жатыр екен. Сонда қойшы: «Мені 

Толыбай сыншының баласы деп кім айтады, сені көкорақ 

тұлпар деп кім айтады?»—деп жылқының басын құшақтап 

жылайды. осы уақиға жайын ханның баласы әкесіне айтып 

келеді. Мұны естіген хан қойшыны шақырып алып: «Сен 

сыншы болсаң, менің бес жүз жылқымның ішінен шаба-

тын тұлпар бар ма, айқындап бер»,—дейді. Қойшы ханның 

жылқыларын аралап, ешбір жылқыға көңілі толмай, ханға: 

«Сіздің жылқыларыңыздың ішінде шабатын тұлпар жоқ»,—

дейді. Хан қойшыға қаражатын, керек-жарағын беріп, тұлпар 

тауып келуін сұрайды. Қойшы шаһардан-шаһар кезіп, базар-

ларды түгел аралап, ешбір тұлпар таба алмай, бір қойшыдан 

жауыр, жүні түскен қотыр тайды сатып алып ханға келеді. Хан 

қойшыға: «Бір айдан кейін болатын бір бәйге бар, соған осы тай-

ды қосасың»,—деп бұйырады. Қойшы «мақұл» деп, тайды бір 

табын жылқыға қосып жібереді. Асқа он күн қалғанда ханның 

баласы үйірге барып қараса, әлі сол қалпында, жауыр арық 

тайды қойшы мініп жүр екен. Қойшыдан: «Ханның бәйгеге 

қоса тын тұлпарын мініп жүргенің қалай?»—десе, ол: «Ханның 

бес жүз жылқысының ішінде осыдан басқа ұшығына шыға-

тын жыл қы көрмедім»,—дейді. Содан бәйге болып, тепеңкөк 

бәйгені алып келеді. Сонда қойшы Тепеңкөкті: 

Кекіліңе болайын күлтеленген жібектей, 

Сауырыңа болайын, түбі түскен шелектей,—деп еркелеткен 

екен. 


42. «Нар идірген»

(ІІ нұсқа)

Баяғыда бір шал мен оның жалғыз қызы болыпты. олар-

дың күн көретіні де жалғыз нар екен: ішсе асы, мінсе көлігі. 

Күндердің күнінде сауып отырған түйесінің ботасы өліп қап, 

қызы мен әкесі ас-сусыз қалады. үйлерінде үнем жоқ, аш-

тан өлуге айналады, шал не істерін білмей қатты қапаланады. 

Ақылды қызы оны жұбатып: «Әке, қайғыра берме, Құдайдың 


56

күй аңыздар

бір жақсылығы бар шығар, шыдай тұрайық»,—дейді екен. 

Сол айтқан сөзін естігендей күн сәскеге көтеріле кедейдің 

үйіне екі жолаушы келіп түсіпті. Келген ақсақал қарт кісі де, 

жанындағы жас жігіт те домбырашы болып шығады. Қыздың 

әкесі өзегі талып, өлімнің аз-ақ алдында отырған жайын қо-

нақтарына айтып беріпті. Қарт домбырашы екі сөзге келмей 

«қызыңды маған қисаң, нарыңды ботасыз-ақ иітіп беремін» де-

ген. Бұл сөзді әкесі қызына келіп айтады. Сонда қызы: «Бетін 

қайтарма, әке. Әуелі түйені идірсін, қалғанын көре жатармыз» 

дейді. Күйші қызға: «Қарағым, көнегіңді алып барып, желінін 

ұстап дайын отыр» деп, домбырасының құлақ күйін келтіреді. 

Сосын түйенің жанына барып тарта жөнелгенде, домбыра «қос, 

қос» деп сөйлеп қоя береді. Бір кезде қыз түйе иіп, емшегіне сүт 

келе бастағанын байқайды, бірақ шалға тигісі келмеген ол, сүті 

ағып кетпесін деп үрпісін саусағымен қысып ұстап отырады. 

«Қалай?» деп ымдаған қарияға әлі сүт келген жоқ деп ымдай-

ды, қыздың жайын қабағынан ұққан жігіт домбырасын алып, 

енді ол тарта жөнеледі. Сол кезде сүт қысқан желінді қоя беріп 

еді, сүт көнекке сауылдап төгіле бастады. Қарт домбырашы 

бұған аң-таң қалады. отағасы өзінің берген уәдесін орындап 

нарды иіткен жігітке қызын береді. Сол түйенің сүтін азық етіп, 

әкесі, қызы, күйеу баласы үшеуі ештемеден тарықпай көзін са-

тып ешкімге телмірмей, көңілі де, қарыны да тоқ болып өтіпті 

деседі. 


43. «Нар идірген»

(ІІІ нұсқа)

Ертеде бір кемпір-шал қызымен елден безіп, аң жортпас, 

құс ұшпас бір құла даланы мекендеп өмір өткізіпті. олардың 

күнкөрісі жалғыз нары екен. Жылдарда бір жыл қуаңшылық 

жүріп, даланың шөбі қурағандықтан, бір үйлі ғаріптің, бетіне 

қарап отырған нарының ботасы өліп, нар жүдеп-жадап, суа-

лып кетіпті. үркердей үш жанның талшығы құрып, тағды ры-

на қауіп төніп, қасірет-қайғыда қалыпты. Бір күндері бір шал 

мен бір жігіт осы араға пайда болған екен. Жүргіншілер бұлар-

дың мұң-зарын ұққан соң, әлгі шал жанындағы жігіт арқылы 

кемпір-шалға: «Егер қарымжыға қызын берсе, қазір қара нар-

ды домбырамен иітіп берем!» деген екен. 



56

57

халық күйлерінің аңыздары



Бұл сөз сорлы кемпір-шалдың қайғысын ауырлата түсіпті. 

Қыздарын бейсауат біреуге қолынан жетелете салғанға шыда-

мапты. Зерделі қыз әке-шешесінің ойын аңғарып:

—Тағдыр басқа салса, мақұлмын,—деп шалға күй шерттір-

ген екен. үй ішінен бебеулеген күй үнін естіген даладағы қара 

нар орнынан тұрыпты. Қыз ыдыс-аяқ жақтағы шелекті ала 

жүріп, шалға лесіп келген жігітке ым қағады. ол тысқа шықса, 

қара нар рас иіген екен. Қыз нардың қос емшегін тас қып қысып 

тұрып, ере шыққан жігітке өз жүрек сырын жанарынан төк кен 

жаспен аңғартып, өзіне көмек сұрапты. Шалға қор болып ба ра 

жатқанына қорланып, жалын атқан жүрегі өзіне үміт ар тып 

тұрғанын аңғарған жігіт шапшаң басып үйге кіреді де, шын 

жүрегі өзі деп тұрған қыз көңілінің кілті болған зарлы, мұңлы 

бір күйді шертеді. Сонда қыз шелегіне сүт бұлақ болып ағады. 

Қыздың көз жасы да тоқтаусыз сорғалайды. осы кезде кем пір-

шал да риза болып қызын жігітке атап, ақ батасын берген екен. 

«Нар идірген» сондағы жігіт шерткен күй дейді. 

44. «Нар идірген»

(ІV нұсқа)

Ертеде бір кедейдің мал дегенде жалғыз түйесі болыпты. 

Жазғытұрым түйесі боталап, екі күннен кейін ботасы өліпті. 

Ботасыз қалған жануар иімей, желіні сыздап, күңірене боздай-

ды. Бұл жағдай кедейдің жанына қатты батады. Қарт жалғыз 

қызымен ақылдасады. Сонда қызы әкесіне: 

—Сіз елге хабар салыңыз? Кімде-кім осы маяны иітсе, сол 

кісіге мен тұрмысқа шығамын,—депті. Мұны естіген адам-

дар, түйені домбыраның күйімен ғана иітуге болатынын әңгіме 

етеді. Талай домбырашылар маяны иітуге келеді, бірақ мая иі-

мейді. Нардың оқиғасы сол өңірге тегіс тарайды. Хабар жеткен 

жердегі домбырашылар қыздан үміткер болып, өздерінің өнер 

күштерін сынамақшы оймен жан-жақтан келе береді. осындай 

топтың ішінде түрліше жастағы домбырашылар болады. 

Шарт бойынша, маяны кім иітсе, қыз сол кісіге тұрмысқа 

шығуы керек. Қыз маяны құдықтың басына әкеліп, бұйдасын 

мойнына іледі де, шелегін қолына алып, саууға даяр тұрады. 

үш домбырашы келісіп, бірінші кезекті жасы үлкен шалға 

береді. Шал домбыраның үнін түйенің боздағанындай күңі-


58

күй аңыздар

рен те тартқанда, маяның алпыс екі тамыры шымырлап иій бас-

тайды. Мұны сезген қыз нардың емшегін қатты қысып тұра бе-

реді де, ортасынан аса бергенде: 

—иімеді! Домбыраны келесіге беріңіз,—дейді қыз шалға. 

Бұл шалға бармау үшін қыздың істеген әрекеті екен. Сөйтіп, 

шалдың тартқан күйі «Нар идірген» өмірге осылай келулі. 

Екінші кезекті алған жігіт домбыраны күңіренте тартады. 

Қыз өз ісін сол жерде отырғандарға сездірмес үшін, күй біраз 

тартылғаннан кейін маяның емшегін босатып сауа беріпті. Сөй-

тіп, қызды жігіт алатын болады. 

үшінші домбырашы балаға кезек жетпейді. Бұған қатты 

қапаланған бала, қыздан айырылған өкінішіне арнап «Күйдім, 

жандым» деген күй тартыпты. 

осылайша, үш домбырашы күйлерін тартып болғаннан соң, 

өзі өнеріне сенімі мол шал қызға қарап: 

—Шырағым! Маяны иіткен мен едім, сіз зорлық жасап 

отыр сыз. Егер осы айтқанымды бекер десеңіз, біз әлгіде тарт қан 

күйлерімізді тартып үшеуміз үш бағытқа кетелік. осы тұр ған 

жануар кімге «ботам» деп еміреніп ерер екен,—дейді. 

Қыз маяны иіткен кім екенін біле тұрса да, шалдың талабын 

орындауға мәжбүр болады. Айтқандай-ақ, мая шалдың арты-

нан қалмай, шапанын иіскелеп ере беріпті. Мұны көрген халық 

маяны кім иіткенін біледі. Бұл жағдайды жұртшылық тегіс 

көрген соң шал қайта келіп қызға: 

—Қарағым, бұдан былай өтірікке үйір болма, қалаған қо са-

ғыңмен бірге қартай,—деп шын батасын беріп, қызды жігітке 

қосып кетіпті. 

Халық күйі «Нар идірген», немесе, кейбір жерлерде «өрелі 

мая» деп аталатын күйдің шығу тарихы осылай болған. 

45. «Аққабынның толқыны» 

(І нұсқа)

Керей руынан шыққан Мұса деген бір кісі қызын күйеуге 

ұзатарда қалың малына қосып, «мінгізгенім» деп Бурылат де-

ген атын да береді. Жыл өткен соң Мұса қызын көріп қайтайын 

деп жекжатының аулына келе жатқан екен дейді. Ауылдың 

қарасын көрген соң, қолына сыбызғысын алып, «Аққабынның 

толқыны» деген күйді тартқан екен. Дәм-тұзы бөтен жерге 


58

59

халық күйлерінің аңыздары



бұйырған Бурылат шалғайдан сыбызғы үнін естігенде құла-

ғын қайшылап, кісінеп қоя береді. Жайылып жүрген үйірінен 

жалғыз бөлініп шығып, ауылды айналып шаба беріпті. Жас-

тайынан сыбызғы күйін естіп өскен Бурылаттың бұл мінезін 

қыз «әкем келе жатыр» екен дегенге жориды. Айтса айтқан дай, 

қыр басына қылт етіп шыға келіп, ауылға құлаған атты кісі 

әкесі болып шығады. 

46. «Аққабынның толқыны»

(ІІ нұсқа)

«Аққабынның толқыны» атты күйдің аңызында Бұхтарма 

ат ты өзеннің жағасында тұрған, Керей руындағы тамаша сы быз-

ғышы Мұса туралы айтылады. ол өзінің жалғыз қызын «Мар-

қакөл» көлінің жағасында тұратын бір қазаққа күйеуге ұзатып, 

оның жасауына өзінің сүйікті атын береді. Жат жерде ақылды 

жануар сенделіп жүреді. Бір күні Мұса қызының жағдайын 

бі 


луге «Марқакөлге» бара жатып жолшыбай «Аққабынның 

тол қыны» атты күйін ойнағанда, жасауға берген Мұсаның аты 

үйірінен бөлініп шығып, кісінеп ауылды айналып шауып жү реді. 

иесіне шын берілген ат, Мұса ауылға келгенінен тыным 

таппады. Мұсаның ойнаған сыбызғысының үніне дағдыланып 

қалған ат, иесінің дауысын он шақырым жерден естіп білді. 

Асыл мінезді жануардың тынышсыздануын білетін Мұсаның 

қызы мұны көргенде үй ішіне: «Сірә, менің әкем келе жатқан бо-

лар, біздің аттың ойнақшып айнала шабуы тегін емес»,—дейді. 

47. «Аққу»

(І нұсқа)

Баяғы өткен заманда бір жарлы кемпір өмір сүріпті. оның 

бар байлығы—жетім сәбилер—немере ұлы мен немере қызы 

болыпты. оның ойлағаны соларды бағып өсіру болған. Кемпір 

көрші ауылдың байының сиырын сауып, кірін жуып, тамағын 

пісіріп болмашы ғана еңбек ақысын алып отырған. Немерелері 

де байдың жұмысын істейді: бала қозы бағады, қыз шай қайна-

тып, анау-мынаусын істейді. осылайша олар үйтіп-бүйтіп өмір 

көре береді, тағдырға тағар кінәсі де болмайды. Бір күні ойла-

ма ған, күтпеген жерден оларға пәле тап болады. Бай аулына 



60

күй аңыздар

жау шауып, ел бір түн ішінде сапырылысып басқа жаққа кө-

шіп кетеді, аласапыран кезінде жұртта абайсызда бала-шаға-

сы мен кемпір қалып қояды. оның үстіне көзге түртсе көргісіз 

дауылды, ала құйын соғады. Таң ата дауыл басылады, жұртта 

қалған сорлы бейшаралар аң-таң қалады. олардың ішейін десе 

асы, баспанасы тағы жоқ. Жұртта жетім болып қалған сорлы-

лар егіліп тек жылай береді. Баланың әкесінен қалған аң ата-

тын мылтығынан және оның екі сұрағынан (ашасынан) басқа 

олардың дымы болмайтын. Ақыры, алдында балаларын ертіп 

кемпір, басы ауған жаққа жүре береді. Күні бойы жүріп-жүріп, 

күн батуға таянғанда әбден діңкелері құрып шаршаған олар, бір-

біріне жантая жатып, үлкен көлдің жағасында ұйықтап кетеді. 

Таң сәріде ұйқылы-ояу жатқан бала бір әдемі дауыс естиді. 

ояна келсе, төбесінде айнала ұшып, қонғалы жүрген аққуларды 

көреді. Бала әлден кейін аққулардың көлге қонғанын сезеді. 

Бала қуанғаннан әндетеді. Бар деген үйінің қымбат мүлкі—

мылтығын алып бала көздеп атып жібереді, бірақ кербез құсқа 

оның оғы тимей кетеді. Аққулар ұшып кетеді, жолы болмай 

қамыққан бала көл жағасында қала береді. «үшеуіміз де енді 

аштан өлеміз ғой» деп ойлайды ол. Біраз уақыттан кейін осы 

арадан қашық емес тау мен орман арасындағы көлде аққулар па-

налайды деген аңшылардың сөзі баланың есіне түседі. Әжесіне 

осыны айтып, оны қарындасына қалдырып, қолына мылты ғын 

алып, аққулар ұшып кеткен жаққа қарай жүріп кетеді. Жүгі-

ріп келе жатып бала әндетеді: 

Барар жерің Балқан тау, 

о да біздің көрген тау!

Әбден шалдыққан бала қараңғы түсе, Балқан тауының басы-

на шығып, тұңғиықта жалтыраған көлді көреді. Қалың шөпті 

қақ жарып жоғары қарай тырмысып, бала көлдің жағасына 

келіп, тәтті ұйқыға сүңгіп кетеді. Ертеңгісін бала тағы да көл 

үстінде айналып ұшып жүрген аққуларды көреді. Міне, аққу 

су ға қонды. Ешбір қауіпсіз тұмсығын қанатының астына ты-

ғып аққудың ұйықтап кеткенін бала бақылайды. Бала аққуды 

атып тигізеді. осы кезде баланы күте-күте зарығып, оның әжесі 

мен қарындасы жылайды. Бұл кезде атып алған аққуын арқа-

лап, бала да өзінің әжесі мен қарындасына келеді. оны көріп 


60

61

халық күйлерінің аңыздары



қуанғандығынан көңілді ән шырқайды. олар аққудың етін 

жеп, тәтті ұйқыға шомып кетеді. Ертеңгісін үшеуі көңілденіп, 

тынығып алғаннан кейін жолға шығады. Кешке қарай олар 

қатерлі, қауіпті түнде бұларды далаға тастап, көшіп кеткен 

ауылға келіп қосылып, бұрынғысындай өмір сүре береді. Бала 

тек мерген болмаған, әкесінен қонған дарынды, жақсы күйші 

де болған көрінеді дейді. Еліне келіп «Аққу» атты күйін ол 

қобызда ойнап береді. 



48. «Аққу»

(ІІ нұсқа)

Қап тауы деген дүниедегі ең үлкен тау болады екен. Бергі 

бетіне қыс түссе, ар жағы жайма-шуақ жаз болғандықтан, 

әлемдегі жылылықты аңсайтын құс атаулы солай қарай арқан 

тартып ұшатын көрінеді. Солардың қатарында аққу деген киелі 

құс та бар екен. Қанаты бүтін, топшысы берік, өзі тың болса, 

сол Қап тауынан әрі асады екен де, ақсақ, қауырсыны қатпаған, 

әлсіз болса, бергі жағында қалып қояды екен. Кейбірі неше рет 

өрлеп, неше рет төмендеп, кейде баяу, кейде жылдам ұшып, 

әрең асады дейді. Сондағы Қап тауын айналып ұшып жүрген 

аққудың таудан әрең асқандағы күйі мынау... 

(Соңында күйші өзін Қап тауына балап, домбыраны аққу 

қылып, иығынан асырып тастайды.)

... Сол жолда аққуды бидайық құс қуады. Аққу қашып барып 

суға түсіп, әрі қарай жүзіп барып, қанатын керіп сілкінеді... 

49. «Аққудың зары» 

Ертеде бір сұлу қыз бен күйші жігіт бір-біріне ғашық бо-

лыпты. Күндердің күнінде жігіт алыс сапарға аттанады. Аман-

есен оралып, қыздың ауылына келсе, ол осыдан сәл бұрын 

қайтыс болған екен. Ел-жұрты сүйегін ауыл шетіндегі көлдің 

қасындағы төбенің басына жерлейді. Жігіт сол жерге барып, 

домбырасымен қалыңдығын жоқтап, күні бойы зарлана күй 

тартады. Көлдің ортасында кішкене арал бар көрінеді. Сол 

аралды аққулар мекендейді екен. Көл маңындағылар аққу жұ-

мыртқалаған кезде үнемі салға мініп барып жұмыртқасын алып 

кетіп отырыпты. Жігіт сүйгенін жоқтап мұңайып отырса, бала-


62

күй аңыздар

пандарынан айырылып сұңқылдап, тынымсыз ұшып жүрген 

жалғыз аққуды көреді. 

—Бұл дүниеде ұшқан құс, жүгірген аңның бәрі де мұңды, 

бәрі де зарлы екен ғой,—деп әлгі күйші жігіт аққудың зарын 

күйге қосып тартқан екен... 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет