«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.

бет4/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

24. «Кәрібоз бен Салторы» 

Ертеректе жүйрік атты жазбай танитын сыншы, атбегі бо-

лыпты. оның өзімен бірге қартайған Кәрібоз деген жүйрігі бол-

са керек. Кәрібоздың даңқы құнан күнінен шығып, қашан ар са-

арса болып қартайғанға дейін небір егелескен жарыста ал дына 

қара салмайды екен. Тіптен, Кәрібоздың даңқы дүрілдеп тұр ған 

кезде талай тойдың бас бәйгесін шаппай-ақ алып жүріпті. 

Бірақ, мәңгіні Құдай жаратқан ба, Кәрібоз да әбден шегіне же-

те қартаяды. «өміріме серік болып, талай қызық күндерді бір ге 

өткізген пырағым едің ғой» деп, иесі Кәрібозды бос қоя береді. 

Ақтылы қой, алалы жылқы баққан ел іші жүйріксіз бола 

ма, сол кезде Салторы деген бір аттың атағы шыға бастайды. 

Жүйрік атқа марапат көп, Салторының бітім-қасиеті жұрт ау-

зынан түспейтін болады. Әсіресе, Салторының шыға шабатын 

ұшқырлығы, сол бетінде алдына тұяқтыны шығармастан мә-

реге жеке-дара келетіні ел ішіне аңыз болып тарайды. 

Күндердің бір күнінде ұлан-асыр той болады. Той иесі ат жа-

рысының бас бәйгесіне қырық тай тігемін деп, дәмелі жұртты 

қызықтыра жар салады. ұлы дүбір бәйгеге Салторы бастаған 

небір жал-құйрығы сүзілген жүйріктер келеді. Мұндай дүбірлі 

шақты талай көрген Кәрібоз сол күні бір бөлек мінез шығарып, 

өзінен-өзі тықыршып, үй желкесіндегі ат байлар мама ағашты 

шырқ айналып, жер тарпып тұрып алады. Бұған иесі онша мән 

бермейді. «Жануарым, әбден алжып, үйкүшік болдың-ау енді!» 

дейді де қояды. 

осының бәрін көріп, байқап жүретін бір тазша бала бола-

ды екен. өзі де бір, жыланның күйсегенін білетін зерек болса 

керек. Сол тазша бала Кәрібоздың иесінің жанына келеді де: 



42

күй аңыздар

«Ақсақал, Кәрібоздың әлі де бір шабарлығы бар екен, тіленіп 

тұр ғой, обалына қалмаңыз. Егер тілімді алсаңыз, бас бәйгенің 

қырық тайы өрісіңізді толтырады. Кәрібоздың шын жүйрікке 

лайық ең соңғы өнерін көресіз. Ал тілімді алмасаңыз, осы үйден 

өз сүйегіңізді Кәрібозға артып шығарады»,—дейді. 

Мына сөзді естігенде шалдың зәресі ұшып кетеді. «Қой, 

осы баланың аузына Құдай сөз салып тұрған шығар» дейді де, 

Кәрібозға тазша баланы мінгізіп қоя береді. 

ұлы дүбір бәйге де басталып кетеді. Әдеттегідей, Салторы 

суырылып алға шығады. Сол бетінде алдына қара салмай, со-

зыла сілтеп келе жатады. Салторының шабысы көрген жанның 

айызын қандырғандай еді дейді. 

Ал, Кәрібоз болса, ә дегенде кәрілігін жеңе алмай кібіртіктеп 

барып, бірте-бірте бауыр жазады. Содан көмбенің қарасы 

көрінгенше Салторының артында арқан бойы келе жатады. 

Кешікпей-ақ, көмбенің қарасы көрініп, ат қосқан елдің 

ұрандаған дауысы естіледі. Сол кезде қырқылжың тартқан 

Кәрібоздың белі көтеріліп, делебесі қозып, Салторыны тықсыра 

түседі. Салторымен жесісіп келе жатқан Кәрібоздың үстіндегі 

тазша бала: 

«Алыспан да салыспан, 

Салторыдан қалыспан.

Салторыдан қалыссам,

Байдың тайын алыспан.

Бұл Кәрібоз әлі де 

Қалған емес жарыстан!»—

деп, қамшыны басады ғой. Кәрібоз ышқына шауып, көсіле 

сілтегенде Салторыны тұсаған аттай артына қалдырып, көмбе-

ге оқ бойы бұрын келеді. Келген бетте пышаққа ілінген екен. 

Кәрібозды білетін халық мұны да қас жүйрікке тән қасиетке 

балап, ырым көріп, етін бір-бір жапырақтан пышақ үстінен 

бөлісіп әкетеді. 

«Кәрібоз бен Салторы» күйі үш буынға бөлініп тартылады. 

Күйдің басын «мынау Салторының шабысы» деп, күйдің ор-

тасын «мынау—Кәрібоздың шабысы» деп, күйдің аяғын «мы-

нау—Кәрібозға тазша баланың қамшы басқан жері» деп тар та-

ды домбырашылар. Ел ішінде бұл күйдің аңызы бір бол ға ны мен, 

тартуға келгенде екі бөліп «мынау—Кәрібоз күй», «ал мы нау- 

—Салторы күй» деп, бөлек-бөлек тартатын дәстүр де бар. 


42

43

халық күйлерінің аңыздары



25. «Ақ Ертіс» 

орта жүз Керей ішіндегі он екі ата Абақтың бір бұтағы—

Жантекей деп аталады. Жантекейлер өсіп-өнген іргелі ел. ол 

жөнінде ел ішінде «Бір Жантекей ауса бүкіл Абақ-Керейге сый-

майды, бүкіл Абақ-Керей ауса, бір Жантекейге сіңіп кетеді» де-

ген сөз бар. Мұнысы, Жантекейлер санының көптігін айтқаны. 

Міне, осы Жантекей елінің ішінде елдің қадірлі бір адамы-

на әңдігер ас беріліпті дейді. Аяқ жетер жерге сауын айтылып, 

Қара Ертістің батыс қапталынан құятын бір өзеннің шүйгін 

алқабында ас беру белгіленеді. 

Межелі күн де келіп жетеді. Көшпелі елдің қуаныш пен 

қайғыны бөліп көтерісетін қашанғы әдеті ғой, ас беретін алқап 

ақтылы қой, алалы жылқыға толады. Әр үйден, әр ауылдан 

арнайы әкелінген еміздікті қара сабалардың сары қымызы бы-

жылдап, өзен жағасындағы салқын шымға қаз-қатар бауыр ба-

сады. 


Әрине, ас пен тойдың өкпе-назсыз өтпейтін әдеті тағы бар. 

осы аста Абақтың ноқта ағасы—ителі елінің бір адамы «маған 

арнайы үй тігілмеді» деп жатып ашуланады. Ноқта ағасы ру-

ларға өзгеден бөлектеу құрмет көрсетіліп, алдымен жол бе рі ліп, 

төрелігіне тоқтайтын дәстүрдің бары рас. Сол дәстүр ите лі нің 

адамына көңілдегідей болып жасалмаған ғой. 

Содан бұрқ еткен ашу оңайлықпен басыла ма, ителінің ада-

мы ашу үстінде өзен жағасында қаздай тізілген қара сабалар-

ды бір-бір төңкеріп, қымыздың бәрін суға ағызып жіберсе ке-

рек. Асқа әкелінген қымыздың көптігі сондай—өзен арнасы 

көтеріліп, ақ толқын көбік шашып еді дейді. Содан бері Қара 

Ертістің бұл сағасын Ақ Ертіс деп атайтын болыпты. 

осы оқиғаны асқа қатысқан бір өнерпаз күй тіліне түсіріп, 

оны «Ақ Ертіс» деп атаған екен. 

Күні бүгінге дейін ителі руы Монғол Халық республикасы-

ның Баян-өлгий аймағындағы Қобда алабын, Ақ Ертіс бойын 

мекендейді. ителі өз ішінде Ақбақты, Күйік, Бесшал болып үш 

атаға бөлінеді. ұрандары—Бұқарбай, Күйік пен Бесшал ұрпағы 

осы ғасырдың 30-50 жылдарындағы аласапыран ауыртпалық-

та Еуропаға ауып кетті. Бірақ ата жұртында қызық дәурен нің 

белгісіндей болып күй қалды. 

«Ақ Ертіс» күйінің ел ішінде айтылатын екінші бір аңызы 

бар. Бұл аңыз бойынша, төрт түлік малды тіршілік тірегі ет-


44

күй аңыздар

кен ел Ақ Ертістің қос қапталына кезек аунап көшіп, мұңсыз-

қамсыз ғұмыр кешеді екен дейді. яғни өзеннің бір беті қыстау, 

бір беті жайлау болған ғой. 

Бір жыл көктем ерте белгі беріп, қар аяқ астынан күрт еріп, 

Ақ Ертістің суы көтеріліп кетеді де, қалың ел жайлауға шығып 

үлгере алмай қалады. Қыс бойы аяқты малдың тебінінде бол-

ған қыстау маңының өрісіне қамалуға мәжбүр болады. Сол жы-

лы төрт түлік мал қоң жинай алмай біраз шығын болып, елдің 

берекесі кетіңкіресе керек. 

Ел бейғам болмасын, Ақ Ертістің де ақ өркеш толқыны бо-

латынын ұмытпасын деген ниетпен бір өнерпаз «Ақ Ертіс» 

күйін шығарыпты дейді. 

Бұл күйді ел ішінде «Ертіс толқыны» деп тартатындар да бар.

26. «Қара атты мен торы атты» 

Арғы, алыс заманда қазақ даласында барымта-сырымта де-

ген болмапты. ол кезде жауды алыстан күтіп, бір жағадан бас, 

бір жеңнен қол шығарған заман екен. Тіптен, алалы жылқы-

ны барымталау былай тұрсын, біреудің жалғыз атын ұрлаған 

адамның жанын қиып жіберген қатал тәртіп болған. Беріде 

ғой, халық ханынан айырылып, хан тағынан айырылған соң, 

«үлкені жоқ ауылдың жастары дуана» дегендей, қазекем өзді-

өзін түртпектеп, барымта-сырымтаны әуезе етіп алғаны. 

осындай ауыл-үйі аңдысып, барымта-сырымта қабындап 

тұрған кезде бір ауылдың қарттары екінші бір ауылдың 

ерулікке шақыруынан қайтып келе жатса, сайтандай сақ етіп 

ұрылар кездеседі де, қаукерік қарттарды топылдатып аударып 

тастап, аттарын ала жөнеліпті. осы жағдайдың үстіне басқа 

жақтан жолаушылап келе жатқан бір қара атты, бір торы атты 

жігіт тап болады. Көз алдарында қарттарға жасалған зорлық ты 

көрген қара атты мен торы атты бөгеліп тұрмастан, тақым қаға 

ұмтылып, ұрыларымен сарт-сұрт ұрысып кетеді. Қара атты 

мен торы атты екеуі де өз күштеріне сенген жігіттер болса ке-

рек, әрі-бері қағысқан соң-ақ басымдық көрсетіп, қарттардың 

мінген атын алып қалады. Жай алып қалмайды, құрық тиіп 

елірген аттарды қоғамдап, ұстап береді. Шалдар кәукілдесіп, 

қос жігітке алғыстарын жаудырады. Қара атты мен торы атты 

қош айтысып жөндеріне кетеді. 



44

45

халық күйлерінің аңыздары



Сонда көрген түстей болған жағдайдан абдырап қалған қарт-

тар, аттарына мініп, өздеріне-өздері келген соң, «ау, әлгі екі 

жігітті құрғақ алғысқа тойдырып қоя бергеніміз ұят болды-

ау, тым болмаса аты-жөндерін сұрап қалайықшы, өздері алты 

сай етіп бөрік киген екен, керей жігіттері болар» дейді де, соң-

дарынан қуғыншы жібереді. Қуғыншы астындағы атын қам-

шылай түсіп, «Қара атты мен торы атты, тоқта, керей, тоқта!» 

деп дауыстай шауыпты дейді. 

осы оқиғаны қарттардың ішіндегі бір өнерпазы кейін ауыл-

ға келген соң күйге салып тартса керек. 

Қазақтың күйшілік дәстүрінде бұл сияқты күй атауын 

әуен-ырғаққа салып тартатын күйлер көп. «Қара атты мен то-

ры атты» күйінде де «қара атты мен торы атты, тоқта, керей, 

тоқ та!» деген сөздер күй ырғағына бағынып, адамша сөйлейді. 

Адамша сөйлей отырып, әуен-сазымен бүкіл оқиғаның жанды 

суретін елестетеді. 



27. «Аңшының зары» 

Аңшылықты кәсіп қылған екі ағайынды жігіт әлдебір се-

беппен елден кетіп, бір таудың шатқалын мекендейді. Күндер-

дің бір күнінде екеуі екі қырқада аң аулап жүргенде, ағасы 

бір құлан атып алады. Атып алған құланның етін қапқа са-

лып, терісін күнге дегдітіп отырғанда аспанды аяқ астынан 

бұлт торлап, қалың нөсер бұршақ құйып кетеді. Аңшы құлан 

терісін тастың бір қуысына күркелеп, соны паналауға мәжбүр 

болады. Міне, осы бір шақта, бір қырқаға шыға келген інісінің 

көз ұшында құлан көсіліп жатқандай болады. ойланбастан 

садақ тартқан інісі, құланды бауыздап ала қояйын деп кел-

се, өліп жатқан өзінің ағасы болып шығады. Ағасын келмеске 

жөнелткен бейбақ ауыр қайғыға душар болып, еңіреп жүріп, 

ағасын арқалап қосына қайтады. Бірден қосқа әкелуге баты-

лы бармай, сүйекті жақын бір жерге жайғастырып, ағасы ның 

қосына келеді. Алдынан шыққан жеңгесі қайнысын қан нен-

қаперсіз қарсы алады. «Кешіктіңдер ғой, ағаң қайда?» деген 

сұраққа, қайнысы айтарға жауап таппай, жоқ сылтау айтып қо-

сына кіреді. Сол кезде керегеде тұрған қоңыр домбыра қолына 

түсіп, бір мұңды күй шертеді. Сезімтал жеңгесі: «ойпырым-ай! 

Мына күйің бұрын-соңды естілмеген зар ғой! Сен не сұмдықты 


46

күй аңыздар

бастап отырсың! осы, ағаңнан айырылып қалып отырғаннан 

саумысың?»—депті. Сонда аңшының қолынан домбыра түсіп 

кеткен екен деп аңыз қылады. 

28. «Қорамжан»

(І нұсқа)

«Қорамжан» жесір әйелдің жар дегенде жалғыз ұлы екен. 

Байдың түйесін бағып жүріп, қыстың бір боранды күні адасып, 

үсіп өліпті. Сондағы қайғылы хабарды естігенде, шешесінің: 

«Жалғыз қалған сорлы анаң, 

Қайғы мен зарға жаралған. 

Ажалың болды бораннан, 

Айналайын Қорамжан, 

Сорлап қалдым, Қорамжан!

Зарлап қалдым, Қорамжан»,—

деп айтқан жоқтауынан туған күй екен. 

29. «Қорамжан күйі» 

(ІІ нұсқа)

Қорамжан бір кемпірдің жалғыз баласы екен. Қорамжан-

ның «Тепеңкөк» деген жүйрік аты бар екен. Қорамжан алыс-

та ғы бір елден қыз айттырып, соған ұрын барып, қалыңдық 

ой нап жатады. Түнде сол Қорамжан жатқан ауылдың жылқы-

сы на жау тиіп, аттандаған айғай естіледі. Қорамжан да аттан-

ды естіп орнынан тұрмақ болғанда, қасындағы қалыңдығы 

«шаппа, қума» деп қолқа қылады. Қорамжан болмай қаруын 

алып, Тепеңкөкке мініп, айғай шыққан жаққа қарай жөней-

ді. Алдыңғы қуғыншыларды қуып жетеді. Бірақ ұзап кеткен 

жау қарасы көрінбейді. Тепеңкөк бүйірі қызбай, еті терлемей 

жақсы шаппайды екен. Қорамжан атымның бүйірі қызып тез 

шапсын, жауға тез жетейін деп екі қап құм теңдеп алып, жауды 

қуып кетеді. Тепеңкөк терлей бастағанда, қаптағы құмды төге 

бастайды. Сөйтіп, бүйірі қызған Тепеңкөкпен құйындатып, 

ұзап кеткен жауға Қорамжан сәтте жетіп келеді. оны көрген 

жау батыры жарда бұғып отырып Қорамжанды атып түсіреді. 

Қорамжан оққа ұшып өледі. осыны күйшілер «Қорамжанның 

шешесінің жоқтауы», жас оң жақта қалған «қалыңдығының 


46

47

халық күйлерінің аңыздары



жоқтауы», «Тепеңкөктің шабысы» деп, домбыраға тартады. 

Мұны «Қорамжан күйі» дейді. 



30. «Бозайғыр»

(І нұсқа)

Бұл күйді ертеде «Алатау асқан боз тарлан» деп те шерткен 

екен бабаларымыз,—дейді Бағаналы ақсақал. Тұлғасы кесек 

жануар бір топ жылқымен бірге жоғалады. Жыл уағына дейін 

іздеу салынып, табылмаған айғырды «қолды болдыға» жорып 

қояды. Сонымен жыл уағынан асқанда ел жайлауға қонып жай-

ғасқан күндердің бірінде, биенің екі сауымынан кейін алыс тан 

бір боз жылқы құйындатып келе жатады. Желі басынан көз 

тіккен жылқы иесі: «я, пірім-ау! Мынау не жылқы болды екен? 

Тұлғасы тым кесек қой»,—деп тамашалап тұрады. Сөйтсе 

әлгі көзден ғайып, көңілден ұмыт бола бастаған Бозайғыр бо-

лып шығады. Бозайғыр кісінеп кеп, жер тартып желі басына 

көлденең тұра қалады. Жал-құйрықтан айрылған, көк шолақ 

болып өзгерген. Басында ноқтаның жұрнағы ғана қалған. Кө-

зінен қанды жас парлайды жануардың. «Құрулаған» иесі де 

жылап көріседі. 



31. «Бозайғыр»

(ІІ нұсқа)

өткен заманда бір байдың жылқыларының ішінде боз ай-

ғыры бар екен. Боз айғыр жылқылардан ұзап алысқа кетпей, 

шет жағында жүретін. Бір күні жылқыны ұрылар айдап кетеді. 

Бозайғыр үйірімен бірге ұрылардың қолында үш күн болып, 

төртінші күні өздерін айдап келе жатқан адамдардың бөтен 

екенін сезіп, ауылға қарай қашып, үйге келеді. Бозайғырдың 

үйірінен бұлайша бөлініп келуінің тегін емесін сезген бай-

дың баласы, айғырды жүгендеп, жылқының соңынан қуады. 

Жыл  қыға жетіп, алдын орап үйірді кейін қарай қайырады. 

ұры лар балаға жан-жақтан лап қойып ортаға алмақшы бол-

ған да, Бозайғыр үстіндегі баланы бір шетке алып шығады. Ба-

ла ұрыларға бір бүйірден тиісіп, бір-екеуін құлатады. ұрылар 

баланы тірідей ұстап алып, жәбірлегісі келеді. Бірақ олардың 

бұл ойына бала да, Бозайғыр да көнбей, ұрылардың тағы екеуін 


48

күй аңыздар

құла тып, кейін қарай бет бұрғанда, ұстай алмасына көздері жет-

кен ұрылар садағымен баланы атып санынан жаралайды. Ба ла 

жаралы санын белбеумен таңып алып, ұрыларға өшіге қай та 

тиісіп, өзі аттан түсіп, жүруге шамасы келмей қансырап жата  ды 

да, атты қоя береді. Бозайғыр босанған бойда ауылға тартады.

Бозайғырды көрген бай қамығып: «Балам өлген екен, енді 

не болса да ізіне түсіп іздейін» деп айғырға мінгенде, Бозайғыр 

байға бас бермей, тауда қалған балаға қарай ала жөнеледі. 

Келсе, шынында, бала өліпті. Баласының өліміне қайғырып, 

жылап-еңіреп бай далада отырғанда қасында тұрған Бозайғыр 

оқыранып қоя берді. «Тағы да ұрылар келіп қалған екен»,—деп 

бай зәресі кетіп, орнынан ұшып тұрса, бір салт атты жалғыз жо-

лаушы екен. Ерінің қасында домбырасы бар. Әлгі жолау шы ға 

бай болған жағдайды түгел баяндайды. Сонда жолаушы: 

—Шіркін, жануарым-ай! Ат болса осындай, ер болса сенің 

балаңдай болсын. «Жақсы ат ер сүйегін далаға тастамайды» де-

ген осы да. Балаңның ерлігіне астындағы аты сай екен. «Жақсы 

ат жаман жігітті де ер етеді» деген бар ғой. Мына жануар дәл 

соған сай келеді екен,—деп қолына домбырасын алып бір күйді 

тарта беріпті.

Күй күңірене барып аяқталғанда күйзеліп отырған бай:

—Замандас! Мына тартқаның қайғылы саз болды ғой? Атын 

не дейсіз?—депті. Сонда күйші:

—Жануар мына тұрған Бозайғырға разы болып, соған арнап 

тарттым, өйткені бұл айғыр болмаса, сенің балаң қайда қалар 

еді, сен балаңды қайдан табар едің?—депті.

осыдан бастап бұл күй ел арасында «Бозайғыр» атанып, 

таралған көрінеді. 



32. «Бозайғыр»

(ІІІ нұсқа)

Ертеде тау бөктерінде жатқан жылқыларды ұрылар айдап 

кетулі. Жылқы ішінде Бозайғыр бар екен. ол үйірден ұзап 

алысқа кетпей, шет жағында жайылып жүрсе керек. ұрылар 

жылқыларды қуғанда Бозайғырды да үйірімен қоса әкеткен. 

Жолда үш күн болып, төртінші күні жердің, оны айдап келе 

жатқан адамдардың бөтен екенін сезген Бозайғыр айнала пыс-

қырынып, ауылына қашып келеді. 



48

49

халық күйлерінің аңыздары



Бозайғырдың үйірінен бұлайша бөлініп келуі тегін емес 

екенін білген байдың баласы, айғырды жүгендеп, ерттеп, қару-

жарағын асынып, жылқының соңынан қуады. Жылқыға же-

тіп, алдын орап үйірді кейін қайырады. Мұны көрген қарақ шы-

лар жан-жақтан қаумалап баланы ортаға алып, қолға түсі ріп, 

қорламақшы болады. Бірақ олардың бұл ойын түк шық пай-

ды. өйткені бала Бозайғырмен бір шетке шығып, ұрылар ға 

тұтқиылдан тиісіп, екеуін құлатады. Қызып алған айғыр мен 

қайта шауып, қарақшылардың тағы екеуін түсіріп, ауылға 

қарай жылқымен бет бұрғанда, баланың енді ұстатпайтынына 

көздері жеткен ұрылардың тірі қалғаны оны білтелі мылтық-

пен атып, санынан жаралайды. оқ тиген бала бұрынғыдан да 

бетер өшігіп, тұла бойын ыза кернеп, жаралы санын қыл бел-

беумен қатты таңып, қарақшыларға қайта тиіседі. олардың 

қалғандарын құлатып, жылқыны айдап ауылға қайтады. Жол-

шыбай бір төбенің етегіне жетіп, ілгері жүруге шамасы кел-

мей қансырап, атынан жығылады. Бозайғыр әрі-бері оқыранып, 

баланың қасынан кете алмай, ақыры болмаған соң ауылға тартады. 

Баланың әкесі Бозайғырды көріп, «балам өлген екен, енді не 

болса да іздейін» деп жолға шығады. Бозайғыр иесіне бас бер-

мей, тауда қалған балаға қарай оны ала жөнеледі. Келсе, шы-

нында да бала өліпті. Баласының өліміне әкесі қатты қайғы рып

жылап-еңіреп отырғанда қасында тұрған бозайғыр оқыра нып, 

кісінейді. Тағы да ұрылар келіп қалған екен деп, бай зәресі 

кетіп орнынан ұшып тұрса, ерінің қасына ілген домбрасы бар, 

салт атты жалғыз жүргінші екен. Жолаушы баланың жанына 

келіп, әкесіне көңіл айтады. Бай болған жағдайды оған түгел 

баяндайды. Сонда жолаушы: 

—Шіркін, жануарым-ай! Ат болса осындай, ер болса сенің 

балаңдай болсын! «Жақсы ат ер сүйегін далаға тастамайды» 

деген осы да. Балаңа астындағы аты сай екен. Жақсы ат ерге 

қа 


нат бітіреді деген. Мына жағдай дәл соған келеді,—деп, 

домбы расын алып, бір күйді тартыпты. Күй күңірене барып 

аяқталғанда баланың әкесі: 

—Замандас! Мына тартқан қайғылы сазыңыздың аты қа-

лай?—деп сұрағанда домбырашы: 

—Бауырым, мына тұрған Бозайғырға разы болып, соған 

арнап тарқан күйім еді, атын «Бозайғыр» қойдым. Бұл айғыр 

болмаса, балаң қайда қалар еді, сен оның сүйегін қайдан табар 

едің?—депті. 

4-136


50

күй аңыздар



33. «Бозайғыр»

(ІV нұсқа)

Қазақ даласында үлкен жұт болады, даладағы жылқы малы 

көп қырылады, көп жылқыдан жалғыз бозайғыр қалады. Көк-

ке тойғаннан кейін үйір іздейді. 

Бозайғыр әуелі қатты желіп, соңынан шоқытып бар күші-

мен ағызып таудың басына келіп, шығады да, жан-жағына қа-

рап тұрып, пәрменімен кісінейді, кісінеп-кісінеп болып аяғын-

да бір түрлі үнмен қоңыраудай сылдыратып үзілтіп-үзілтіп кеп 

тоқтайды, сонда осы Бозайғырдың кісінеген үні адамға бір ая-

нышты әсер ететін еді. Қазақ халқының өмірінің арқауы бол ған 

төрт түлік малы, оның ішінде жылқысын халық өте қадір леген 

ғой. Міне, Бозайғыр күйі жұттың әсерінен туған. 



34. «Бел асар» 

Бұл күйді бір ұры шерткен екен. Нөкерлеріне жылқыны ай-

датып жіберіп, жол-жөнекей бір үйге кіріп, сусындап отырып, ілу-

лі тұрған үкілі домбыраны алып бір күй шертеді де, аттанып ке те-

ді. Домбыраның иесі қыз, қонақ аттанысымен: «Мына күйші нің 

тартқан күйі «Бел асар» дейді. ол неғылса да ұры. Жылқыны бел 

асырып жіберіп, өзі жәй жолаушы болып сусындап алдап отыр» 

деген екен. Сол қыздың тапқырлығы бойынша ел болып ұры ның 

ізіне түсіп, жылқыны құтқарып, ұрыны қолға түсіріпті. 

35. «Ақсақ құлан»

(І нұсқа)

«Саруалының арығы деген жерде үйір-үйір құлан жатыр» 

деген хабарды естіп Жошы ханның жалғыз ұлы өзінің құра лай-

ды көзге атқан мергендерімен жолға шығыпты. Ханның ұлы 

құланды көргеннен кейін, үстіне қызыл шекпен киіп, қолына 

қаруын алып, ордалы құланмен жалғыз айқаспақшы болып

басқаларға тоқтау салады. Басқа қу шоқайлы сұр мергендер 

сай-сайдың тасасымен бет-бетіне аң аулап кетеді. Сол кезде 

үйір ішінен ханның баласына қарсы шапқан жалғыз құлан жер 

тартып, пысқырып ханның баласын айнала шауып ойқастап 

өткендей болады. Жер бетін қара түнек тұман басады. Мерген-

дер бір-бірінен адасады. Сөйтіп жүргенде, бір құдіретті өктем 



50

51

халық күйлерінің аңыздары



дауыс: «Қу шоқайлыдан қаша жүрің, қызыл шекпендінің үстін 

баса жүрің!»—деп жар салып өтеді. осы өктем үннен кейін лезде 

қараңғы түнек сейіліп, жер беті жап-жарық болып шыға келе ді. 

Енді мергендер келіп қараса, ойнақ салған құлан да жоқ, оны-

мен айқасқан ханның баласы да жоқ. Мергендердің тапқаны 

ханның баласының жалғыз шынашағы екен. Сол шынашақ ты 

алып, олар аулына қайтады. 

Хан өзінің баласының оралмағанына күйініп қаһарына мі-

ніп, елге жарлық айтады: 

—Менің балам аман-есен оралатын болсын! Баламның суық 

хабарын естімейтін болайын. Кімде-кім «өлді» деген хабар айт-

са, көмейіне қорғасын құйғызамын. Баламның бір хаба 

рын 

естімейінше, азық-түлік беру тоқтатылсын,—деп хабар 



лап, 

бүк түсіп жатып алады. Хабаршы болып ханның алдына ба ру-

ға жан шықпайды. Сөйтіп, қалың ел қатты торығып, күй зе ліп 

тұрғанда Кербұқа деген домбырашы шығып: 

—Баласының өлімін домбырамен мен естіртейін,—деп 

дүйім жұртты өзіне қаратады. Ханның босағасына келіп, тізе леп 

оты рып бір күй бастайды. Бұл күйі құланның жүрісі мен ай бар 

шеккен сәтін суреттейді. Екінші күйін шалады. Бұл күйде хан 

баласының қаза болғаны анық айтылады. Сонда мұны түсін ген 

хан басын көтеріп: 

—Сенің мына күйің «Балаң өлді, Жошы хан» деп тұр ғой,—

деп тіл қатады. Сонда Кербұқа: 

—Ей, тақсыр! Балаңыздың өлгендігін өз аузыңыздан естіп 

отырмын,—депті. Сонда, хан қатты қапаланып: «Қап, мен 

сөзден жығылдым. Қорғасынды домбыраның көмейіне құйың-

дар! Домбырашыны айдаһар алдына апарып тастаңдар! Жы-

лан жұтсын» деп бұйырған екен. Домбырашы жыланның ал-

дында да күй тартады. Жылан күйге балқып, бауырын жазып, 

тұмсығымен, жұдырықтай алтынды күйшінің алдына домала-

тып әкеп тастайды. Кербұқа өлімнен құтылып, еңіреген елдің 

батасын алып, олжаға батып, жөніне кетеді. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал