«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.

бет36/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Жұбанышұлы Сандуғаш  /1959-1998/—домбырашы. Мон-

ғол Халық республикасының Баян-өлгий аймағындағы Делуін 

сұмынында туған.


392

393


ғылыми қосымшалар

Сандуғаш еңбек жолын машина жүргізуші болып бастап, 

өлгийдің музыкалық драма театрындағы оркестрде біраз уа-

қыт домбырашы болды. Қазір Қазақтың ауыл шаруашылығы 

институтының мал дәрігерлік факультетінде оқиды. Сандуғаш 

халқының рухани мұрасына қатысты шежіре сөзді көп біледі. 



Жылқыбаев Қойбағар /1900-1981/—күйші. Жезқазған об-

лысының Жаңаарқа ауданында туып-өскен. Әртүрлі жұ мыс-

тар атқарған еңбек адамы. Әйгілі күйші Шоңманұлы Тоқаның 

көзін көріп, көптеген күйлерін, өмір деректерін білген. 

1960 жылдары республикалық халық шығармашылығы 

үйі мен республикалық радиоға Тоқа Шоңманұлының «Жал-

ғыз шырақ», Бәйшеттің Қыздарбегінің «Жетім қыз» сияқты 

күйлерін бас етіп, бірнеше күй жаздырған. 



Кәбішев Өзбек  /1921-1981/—күй аңызын айтушы. Қара-

ған 


ды облысының Егіндібұлақ ауданында туған. өзбек—

Тәттімбеттің туған шөбересі. Тәттімбеттен Қыстай, одан Кәбіш 

/1880-1934/, одан өзбек туады. Күйші бабасының тұтын ған 

заттары, суреті, медальдары мен грамоталары осы өзбектің 

үйінде сақталып келді. өкінішке орай, 1928 жылы Тәттімбет тің 

немересі Шайқы бай-болыстың тұқымы ретінде кәмпеске ле ніп, 

тұтқындалған кезде, басқа туыстары күйші бабасына қа тыс ты 

заттардың бәрін құртып жіберуге мәжбүр болған. 

Семей музейіндегі Қазанғап пен Тәттімбеттің медальдарын 

жазушы Сатаев Амантай осы өзбектен алып, табыс еткен. 



Керімқұлов Омархан /1935/—күйші. Алматы облысының 

Еңбекшіқазақ ауданындағы Сөгеті ауылында тұрады. 

1954 жылы Құлжа қаласында күйші-домбырашылардың 

күй сайысы өтеді. 19 жасар омархан сонда 120 күйді мүлтіксіз 

орындап, жеңімпаз атанады. 

Күйшілікке Қожекенің баласы рақыш, Шіде секілді өнер 

иелері баулыған. Заман ағымы, тұрмыс тауқыметі омарханға 

көп жылға дейін домбыра ұстатпады. оның күйшілік-дом-

бырашылық өнерінің қайта түлеуі еліміздің тәуелсіздік алуы-

мен байланысты. ол туралы газеттерде, теледидарда бағалы 

пікірлер айтылып, Жетісу өлкесіндегі күйшілік мектебінің есігі 

қайта ашылғандай болды. омарханның өзі де күй шығарумен 

айналысады. 

Қазыбеков Нұрқасым /1936/—белгілі жазушы. Туған же-

рі—ҚХр, Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Текес ау-



394

күй аңыздар

даны. «Тұсаукесер» /1974/, «Шалғайдағы мектеп» /1974/, 

«Бей таныс» /1978/, «Ағайын» /1982/ сияқты кітаптары жа-

рық көрген. Құлжадағы А.Хасыми атындағы педагогикалық 

училищені /1957/, ҚазМу-дің филология факультетін /1968/ 

бітірген. 

Қаймолдин  Омар  /1910-2011/—күйші. Қазіргі Семей об-

лысының Шұбартау ауданында туған. Домбыра тартуды ма-

мандық етпесе де, жан азығы еткен. репертуарында қалың 

көпшілікке белгісіз күйлер көп. Әсіресе Байжігіт күйлерін көп 

тартады. Алғашқы ұстазы—әкесі Қаймолда. үлкен атасы Шон-

тай да белгілі күйші болған. Әкесінен күйлер үйренумен қа тар, 

рәмилә, рақыш, ысқақ, оразай сияқты ел ішіндегі белгілі 

күйшілерден шеберлігін толыстырған. 



Қалбасұлы  Сыбанқұл /1865-1945/күйші. Қазіргі ұйғыр 

ауданына қарасты Кетпен тауының баурайында дүниеге кел-

ген. 

Сыбанқұл жастайынан қолына домбыра алып, еліне күй-



ші бала атана бастаған шағында ауыл-ауылды аралап, ел 

ішіндегі күйшілерден күй, ән-жыр, аңыздар үйреніп, бойына 

сіңіреді. Сонымен бірге өзі де күй шығара бастайды. ол өмірде 

қиыншылық көп көрген. Бір жағынан кедейшілігі қолын бай-

ласа, екінші жағынан жалпы елдің басына төнген аласапыран 

аумалы-төкпелі заман да оның еңсесін басады. Сондықтан да 

күйлерінің көбінің сарыны мұңды-зарлы келеді. 

Қатшаұлы Шабдарбай  /1936/—жазушы, музыка тари-

хын зерттеуші. Монголиядағы Баян-өлгий аймағында туған. 

1963 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика лық 

университетін бітірді. «Көрімдік», «Күн ашық», «Қалқатай», 

«Алтай суреті» деп аталатын өлең кітаптарының, «Керім-ау 

айдай» атты пьесалар жинағының, «өрлеу», «өз қолымен», 

«Бақталас», «Түтін иісі» романдарының авторы. 

Белгілі музыка зерттеушісі Ахмерұлы Қабыкеймен бірле сіп 

қазақ ән-күйлерін, аңыз-әңгімелерін жинасуға атсалысқан. 

Қожаханов Кәрмен—күйші. Семей облысында туып-өскен. 

өзге дерек жоқ.



Құдайбергенов Бұралқы  /1878-1962/—халық ақыны, ше-

жіреші. Жезқазған облысындағы Жаңаарқа ауданына қа-

расты «Жеңіс» совхозында туған. Жиырмасыншы жылдары 

коллективтендіру жұмысына қатысып, үгіт-насихат өлеңдер 



394

395


ғылыми қосымшалар

шығарған. ұлы отан соғысы жылдарында үгіт-концерт брига-

дасына жетекшілік етті. 

Б.Құдайбергенов Жапақов Маясар, Нұрмағамбетов Жолде-

кей сияқты халық ақындарымен айтысқан. Бұралқының орал 

қызбен айтысы ел ішінде кең тараған. 

Құдайбергенов Бұралқыдан қалған мұралар Қр ҒА орта-

лық ғылыми кітапханасының (250, 730, 1457-бумалар) және 

М.о.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қол-

жазба қорында (749-бума) сақтаулы тұр. 



Құмақайұлы Кәлек  /1930/—сыбызғышы. МХр, Баян-

өлгий аймағындағы Тұлба сұмынында туған. Сыбызғы тарту 

өнерін және сыбызғыда тартылатын көптеген күйлерді әкесі 

Құмақайдан үйренген. Қазір Баян-өлгийдің музыкалық дра-

ма театрындағы Қазақтың халық аспаптары оркестрінде еңбек 

етеді. 


1976 жылы өлгийде жарық көрген «Баян-өлгий қазақ-

тарының домбыра және сыбызғы күйлері» атты кітапта 

Қ.Құмақайұлының тартуында бірнеше күй берілген. 

Құсайынов Мұқас /1927-?/домбырашы. орал облысының 

Тайпақ ауданындағы Краснояр ауыл советіне қарасты Масат де-

ген жерде туған. Домбырашылық әулетіне дарыған. Мұқас та 

домбыраны өз бетінше үйреніп, репертуарындағы Баламай саң, 

Түркеш, Құрманғазы сияқты күйшілердің шығармаларын ел 

ішінен құлағына сіңірген. 



Құсайынұлы Мұсайып /1941/—күйші. МХр, Баян-

өлгий аймағының Алтынсөг сұмынында туылған. 1967 жылы 

Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын Қ.Таста нов-

тың класы бойынша бітірген. Қазір Баян-өлгийдің музыкалық 

драма театрында еңбек етеді. 

Қылыбайұлы Риян /1932-1986/—күйшілер туралы және 

олардың аңыздарын жеткізуші. МХр, Баян-өлгий аймағы-

ның ұланқұс сұмынында туған. ол өсерханнан тәлім алған. 

«Бәйге», «Қайран тәтем», «Намыс», «Құлагер» қатарлы он күй 

шығарған. 

Марғұлан Әлкей /1904-1986/—аса көрнекті қазақ ғалымы, 

бұрынғы Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі 

/1933/, филология ғылымының докторы /1946/, Қр Ғылым 

академиясының академигі /1958/, Қазақ КСр-інің еңбек сі-

ңірген ғылым қайраткері /1961/, профессор /1960/, Қазақ КСр 


396

күй аңыздар

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты /1966/. Қазақстандағы та-

рих, архелология, этнография, әдебиет пен өнер саласындағы 

ғылыми ойдың дамуы Ә.Марғұланның есімімен тікелей бай-

ланысты. ол кісінің 300-ден астам ғылыми зерттеу еңбектері 

орта Азия мен Қазақстан мәдениетінің тарихи тегін тануда 

сүбелі мұра болып табылады. 



Мергенбайұлы  Нұрмұханбет /1886-1944/Жетісу өлке-

сіне аты әйгілі күйші, әрі домбырашы болған адам. Мерген-

бай күйшінің үлкен ұлы. Сан рет күй тартысына қатысқан. 

Домбырасының ішегі ұстараның жүзімен сипай тартқан май-

дақоңыр күйлерін ешкім қайталай алмаған. Кейде аяғының 

саусақтарымен де тартқан екен. Ақбайдың Нұрғожасымен 

күй тартысады. Нұрғожа пышақтың жүзімен тартады. Есесіне 

Нұрмұханбет ұстараның жүзімен тартып жеңеді. 

репертуарында аңыз күйлер, тарихи күйлер, табиғат су-

реттеріне, адам тағдырына арналған күйлер мол болған. 

Домбыраны таңды-таңға ұластырып тартқанда еш шар ша-

маған, тыңдаушысын да жалықтырмаған. Төрде отырса, күй 

ырғағымен бірге жорғалап босағаға барып, босағадан төрге 

өтіп кеткенін өзі де байқамайтын болған. Нұрмұханбет оң қол 

саусақтарын шанаққа тигізбей тартуды шеберліктің шыңы деп 

бағалаған да, шәкірттерінен соны талап еткен. 



Мерғалиев Тмат /1936-2009/музыка зерттеуші. 

1964 жы 


лы көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып 

қыз мет атқарып жүрген Құсайынов Мұқастан Асанқайғы ның 

«Ел айырылған» күйін жазып алып, нотаға түсірген.

Мүсәпіров Әшірбек  /1904-1982/—белгілі домбырашы. 

Жезқазған облысының Балқаш қаласында туған. Төңірегіне 

әнші-күйшілігімен танымал болған өнерпаз адам. 1935 жылы 

М.и.Калининнің Қазақстанға келуіне байланысты қойылған 

салтанатты концертте күй тартып, шебер домбырашы ретінде 

көзге түскен. Кейін Құрманғазы атындағы халық аспаптары 

оркестрінде біраз жыл қызмет атқарады. 

1939 жылдан бастап денсаулығына байланысты Балқаш 

қаласына қайтып оралған Әшекең Қоңырат руднигіндегі көр-

кемөнерпаздар үйірмесінде халық аспаптары оркестрін бас-

қарды. 

Ә.Мүсәпіровтың өзі шығарған көптеген ән-күйлері Балқаш 



өңіріне кеңінен мәлім. 

396

397


ғылыми қосымшалар

Мықтыбаев Дәулет /1904-1976/—әйгілі қобызшы. ықы-

лас күйлерін жеткізіп, аңызын айтқан санаулы қобызшылар-

дың бірі. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында туған. 

Дәулет ықыластың төл шәкірті Тоқтамышұлы Әбікейден, 

ықыластың баласы Түсіпбектен қобыз тарту өнерін үйреніп, 

тағылым алған. Кейін Д.Мықтыбаев Құрманғазы атындағы 

консерватория студенттеріне ұстаздың етті. Бүгінгі күніміз-

ге белгілі қобыз күйлерінің басым көпшілігін жеткізген 

Мықтыбаев Дәулет. 

Мырзабеков Алдаберген  /1930/—Қазақ КСр-інің халық 

артисі. Жамбыл облысының Сарысу ауданына қарасты 

Бай 

қадам селосында дүниеге келген. 1955 жылы Алма-



ты консерваториясының халық аспаптары факультетін 

л.М.Шаргород 

скийдің класы бойынша бітірген. Сол жыл-

дан бастап бүкіл шығармашылық өмірі халық аспаптары 

оркестрі мен тығыз байланысты. 1960 жылдан бастап Қа зақ-

тың Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптары ор-

кестрінің дирижері, сонан соң, бас дирижері, әрі көркемдік 

жетекшісі болды. 1964 жылдан Алматы консерваториясында 

педагогтық қызметпен қатар айналысып келеді. Консервато-

рия студенттерінен құрылған халық аспаптары оркестрінің бас 

дирижері, әрі көркемдік жетекшісі болған. 1988 жылы профес-

сор атағын алған.



Оңғаров Мүйімсат  /1912-?/—белгілі сыбызғышы. Маң-

ғыстау облысының Маңғыстау ауданына қарасты «Ақшымы-

рау» совхозында туған. Жеті атасынан бері қарай сыбызға 

тартқан әулеттің соңғы ұрпағы /Дәулеті—Құлбарақ—Ахмет—

Қажыр—Байнияз—оңғар—Мүйімсат/. Содан да болар, 

Мүйім сат репертуарында сыбызғы күйлерінің сирек кездесе тін 

нұсқалары бар. Сыбызғышылық өнерінің шыңдалуына ағасы 

Бауыржан көп ықпал еткен. 

Мүйімсат—еңбек адамы. Жастайынан балықшылық кә-

сібінде, Таушықтағы көмір шахтасында еңбек етті. ұлы отан 

со 

ғысына қатысты. Кейін қой шаруашылығында болып, 



1975  жы лы еңбек демалысына шықты. Қазір Маңғыстау ауда-

нына қарасты «Шетпе» ауылында дүниеден озды. 

Белгілі домбырашы, музыка маманы райымбергенов Аб-

дулхамит Мүйімсат ақсақалдың тартуында көптеген сыбызғы 

күйлерін алғаш рет нотаға түсірді. 


398

күй аңыздар



Оразалиев Класбек /1933/—домбырашы, күй аңыздары-

ның білгірі. өзбекстан, Науаи облысы, үшқұдық ауданында дү-

ниеге келген. репертуарында жүзден астам күй бар. Әсіресе Сыр 

байындағы, үстірт, Маңғыстау атырабындағы жыр-термелер 

мен толғаулардың сарынын күйге айналдырып тарту дәстүрін 

терең меңгерген. Тосын тыңдаушы тап басып тани бермейтін, 

тіптен құлақ қанықпаса, бір сарын болып естілетін осынау 

мейлінше қызықты күйшілік мектептің ел ішіндегі ең жарқын 

өкілдерінің бірі деп Класбекті айтуға болады. Балқы Базар, 

Көшкінбай жырау, Бала жырау, Дүр оңғар, Шораяқтың омары, 

Кете Жүсіп, Әкімкерей, Кетенің қос жүйрігі атанған Сүйкімбай 

мен Сүйіндік сияқты жыршы-жыраулардың сарын-саздарын, 

әндерін Класбек бас-аяғы бүтін күй деңгейінде тартады. 

Класбектің ұстазы белгілі домбырашы Жайықбаев Жүсіп 

болған. Ал Жүсіп өз тұсында республикамызға танымал күйші 

ретінде 1936 жылы Москвада өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің 

онкүндігіне қатысқан. 

Орымбеков Бегімсал  /1911-1985/—күйші, домбырашы. 

Жез қазған облысының Босаға теміржол станциясында туып-

өскен. Тоқа, Қыздарбек, ықылас, Әбди, Әбікен сияқты белгілі 

күйшілердің көзін көрген, негізінен, сол күйшілердің күйлерін 

мейлінше нәшіне келтіріп тартқан. 

Бегімсалдың «Бес перне», «Мырза шертпек» атты күйлерін Қа-

рағанды, Жезқазған облысындағы домбырашылар жақсы біледі. 

Орынтаев Оспанбай  /1909-1981/—журналист, халық мұ-

ра 


ларын жинаушы. Семей облысының үржар ауданындағы 

Ақжар селосында туған. Көп жылдар бойы Қарағанды облыс-

тық «орталық Қазақстан» гезетінде еңбек еткен. республика-

мыз ға аты мәлім халық ақындары мен әнші-күйшілер туралы 

мағлұматы мол естеліктерді, зерттеу мақалаларды жиі-жиі жа-

зып тұрған. 



Оспанов Зарлық  /1898-1971/—домбырашы. Қостанай об-

лысының Аманкелді ауданына қарасты «родник» совхозында 

дүниеге келген. Арқа мен Атыраудың домбырашылық дәстү рін 

тел игерген, шежіре сөздің білгірі. 



Өскенбаев Мұрат /1904-1979/белгілі күйші, домбыра-

шы. Қазіргі Маңғыстау облысына қарасты Ералиев ауданын-

да дүниеге келген. Домбыраны өз әкесі, белгілі күйші, домбы-

рашы әрі ақын, саятшы, серілігімен танылған өскенбайдан 



398

399


ғылыми қосымшалар

үйренген. Мұрат та, әкесі өскенбай да сол өңірдегі әйгілі Боғда, 

Еспай сияқты дәулескер күйшілердің дәстүрін жалғастырушы 

ірі домбырашылар. 

Сондай-ақ Мұрат өскенбаев Тазбала, Абыл, Сәулебай, өз 

әке сі өскенбай күйлерін толық меңгеріп, бүгінгі күнімізге жет-

кіз ген адам. Мұрат репертуарында 300-ден астам күйдің болуы, 

бұл кісінің қазақ музыка мәдениетіне қаншалықты өлшеусіз 

үлес қосқан танытса керек. 

Өтебаев Рахмадия /1902-1989/—халық ақыны, шежіреші. 

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туып-өскен. 

Әдеби мұрасы Қазақ ССр Ғылым академиясының М.о.Әуезов 

атындағы Әдебиет және өнер институтындағы қолжазбалар 

қорында /502/ сақтаулы. 

Райымбергенов Абдулхамит /1957/—белгілі күйші, ұстаз. 

Ақтөбе қаласында туған. 1972 жылы орта мектепті бітірген соң, 

Ақтөбе қаласындағы музыка училищесіне түседі. оны ойда-

ғыдай бітірген соң Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Алматы 

консерваториясына түсіп, Тастанов Хабидолла мен Мұхитов 

Құбыштың класы бойынша 1981 жылы бітіріп шығады. 

Абдулхамит 1984-1985 жылдары консерватория қабыр ға-

сында құрылған «Мұрагер» ансамблін ұйымдас 

тыру 

шы 


лар-

дың бірі. осы ансамбльдегі жемісті еңбегі үшін Абдулхамитке 

1990  жы лы Қазақстан ленин комсомолы сыйлығының лауреа-

ты атағы берілді. 

Абдулхамит әйгілі Қазанғап күйшінің шығармаларын 

жинап, насихаттауға елеулі еңбек сіңіріп жүр. Қазанғаптың 

«Ақжелең» атты күй кітабының /1984/ жарыққа шығуына 

мұрындық болып, күйлерін жинап, нотаға түсіруде Абдулхамит 

халық мұрасының жанашыры ретінде тамаша өнеге көрсетті. 

Садуақасұлы Кәдіркей /1898-1981/—домбырашы, шежіре 

сөздің білгірі. Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданы 

С.Сейфуллин атындағы совхозда туып-өскен. Белгілі күйші 

Шоңманұлы Тоқаның көзін көрген. Тоқа күйлерін бүгінгі 

күнімізге жеткізушілердің бірі. Кәдекеңнің шәкірті—белгілі 

домбырашы Тілеуханов Мұхаметжан. 



Сағынғанұлы Құмар /1909-1987/күйші және олардың 

аңыздарын жеткізуші. МХр, Баян-өлгий аймағының ұлан-

құс сұмынында дүниеге келген. «Құдіретторғай» және әкесі 

Сағынғанның «Делдал» деген күйлерін орындаған. 



400

күй аңыздар



Сартқожаұлы Қаржаубай  /1949/—белгілі түркітанушы, 

тарихшы. МХр, Баян-өлгий аймағында туған. ұлан-Батор 

университетінің филология факультетін бітірген және ленин-

град университетінің аспиратурасында оқыған. Қ.Сартқожа-

ұлы 

ның белгілі кеңес түркологы С.г.Кляшторныймен бірге 



жүргіз ген зерттеулерінің нәтижесінде бірігіп жазған ғылыми 

еңбектері ғылыми ортаға жақсы таныс. Қаржаубай көркем про-

за жазумен де айналысады. «Аялдамалар» /өлгий, 1983/ атты 

әңгіме-повестер жинағы жарық көрген. 



Сәлбенбекұлы Мұсайбай /1910-?/күйші. Қожеке баста ған 

күйшілер ауылында өскен. Күй шертуді рақыштан, Шаңия дан, 

Шідеден үйренген. репертуарында Қожеке мектебінің жүзге 

жуық күйі сақталған. Әр күйдің шығу себебін, аңыз-әңгіме сін 

жатқа білумен қатар, ел тарихын да көкейінде деректерді де 

өте көп біледі. өзі де күй шығарған. Ақындығы, термешілігі де 

бар. 

Сүйінбеков Оразғали /1889-1964/—күйші, күй аңызын 

айтушы. Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданында туған. 

Әкесі Сүйінбек өз еліндегі белгілі домбырашылардың бірі 

болған. оразғали домбыраны алғаш әкесінен үйреніп, бертін 

келе ауылдағы домбырашылардың тартқан күйлерін мұқият 

тыңдап, репертуарын молайтады. Сөйтіп, ел ішінде әнші-күйші 

оразғали атанады. ол домбыраны Абыл, Есбай, Кәуен, Арыс-

тан, Боғданың дәстүрінде тартады. оразғалидың өзі шығар-

ған, кеңес заманының тақырыбына арнаған күйлері де бар. ол 

халық композиторларының күйлерін орындаған және олар дың 

шығу тарихын жақсы білген. 

Таласбай  Елемес /1926/—күйші. Алматы облысының ра-

йымбек ауданындағы Кеген ауылында дүниеге келген. Ста лин-

дік-голощекиндік асыра сілтеу заманында балдырған кезінде 

ата-ана, туған-туыстарының құшағында Қытай жеріне ауады. 

Арғы аталары Еспембет бақсылығымен әулие атанған, әрі асқан 

күйші болған екен. Еспембеттен Қожабек, Таласбай деген екі ұл 

туады. Таласбай да аймағына әйгілі күйші болған. 

Елемес Таласбай «Мүйізбай», «Қарайт пен Сарайттың күйі», 

«Мұңлық-Зарлық», «Кенесеры-Наурызбай», «Аққу», «Бұлғын-

сусар», «Бозінген», «Сұр теке» секілді халық күйлерін, Қоже-

кенің, Бөлтіріктің т.б. композиторлардың күйлерін жеткізу ші. 

өзі де күй шығарады. 



400

401


ғылыми қосымшалар

Тоқтағанов Айтжан  /1948/—белгілі домбырашы. орал 

облысының орда ауданында туған. Алматы консерваториясын 

дәулескер домбырашы Қарабалина Бақыттың класы бойын-

ша бітірген. Айтжан біраз жыл Құрманғазы атындағы халық 

аспаптары оркестрінде еңбек етті. 

Айтжан—қазақтың күйшілік мектептерін жақсы меңгер ген 

санаулы домбырашылардың бірі. оның домбырашылығы күй дің 

нәзік те сезімтал сырларын таныта тартуымен ерекшеленеді. 



Тұрсынбеков Түсіпбек  /1943/—домбырашы. Қарағанды 

облысының Егіндібұлақ ауданында туылған. Тәттімбеттің ата-

дан балаға жалғасқан мұрасын көкірегіне түйіп, тынымсыз на-

сихаттап жүрген ұрпақтарының бірі. Түсіпбек әйгілі күйші, 

бабасының немересі Шайқының, шөбересі өзбектің көзін кө-

ріп, нақтылы өмірбаяндық деректер жинақтаған. Тәттімбеттің 

«Азына», «Секіртпе», «Кенжетай», «Манабай», «Балқантау», 

«Майдасары», «Көш жанаған», «Сары қамыс» сияқты сирек 

тартылатын күйлерін жеткізуші де осы Түсіпбек. 

Тұтқабеков Фазыл /1942/—домбырашы. Жезқазған облы-

сының Жаңаарқа ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылдық 

советіндегі Талдыбұлақ деген жерде туған. Әкесі Қасым Ар-

қаның Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, ықылас, Қыздарбек, Әбди 

сияқты күйшілерінің алдын көрген арқалы домбырашылардан 

күй тартуды үйренген. өзінің баласы Фазылды да алты жасы-

нан бастап домбыра тартуға баулыған. 

Фазыл мал шаруашылығының маманы болғандығына қа-

рамастан, домбырашылыққа жан-тәнімен берілген адам. 

Тәттімбет, Тоқа сияқты дәулескер күйшілердің дәстүріне шаң 

жуытпай, әрін тайдырмай еңбектеніп жүрген ел ішіндегі білік-

ті өнерпаздардың бірі. 



Түсіпбеков Тұрсынбек—домбырашы. Қарағанды облысы-

ның Егіндібұлақ ауданында туылған. 



Тілеуханов Мұхаметжан /1946/—домбырашы. Жезқазған 

облысының Жаңаарқа ауданында туып-өскен. Қазақ КСр-інің 

еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Тоқа күйлерін күйлерін 

республика жұртшылығына алғаш таныстырушылардың бірі. 

Мұхаметжанның тартқан күйлері күйтабаққа жазылған. 

Тілегенов Тай /1900-1985/—тарихи аңыз-әңгіменің біл-

гірі, шежіреші, төрт түліктің сыншысы. Жезқазған облысы, 

ұлытау төңірегіндегі Жезді ауданында туып өскен. Әсіресе 

26-136


402

күй аңыздар

сол өлке тарихына жүйрік адам. Сәтпаев Қаныш, Марғұлан 

Әлкей сияқты ғалымдарға мол дерек берген. ұлытаудың 

Алтыншоқы деген биігіндегі Ақсақ Темір қалдырған жазу-

лы тасты тұңғыш рет /1922 ж./ ғылыми ортаға Тай Тілегенов 

хабарлаған. 1923 жылы ленинград Эрмитажынан Семенов 

деген кісі келіп, Тай бастаған жеті адамға Алтыншоқыдағы 

жазулы тасты алдыртқан. Сөйтіп, ленинградқа Жосалы 

темір жол станциясы арқылы алып кеткен. Бұл таста тарихи 

құнды айғақ-жазудың бар екенін кейін профессор Поппэ мен 

академик Ә.Марғұлан анықтады. 



Уатханұлы Кәбетай—сыбызғышы. МХр, Баян-өлгий ай-

мағы, Тұлба сұмынында туған.



Уәлиев Ысқақ  /1908-1944/—дәулескер сыбызғышы. орал 

облысының Казталовка ауданында туып-өскен. ысқақтың әке-

сі уәли төңірегіне танымал сыбызғышы әрі аңшы, сері болған. 

Құрманғазы, Дина сияқты әйгілі күйшілердің көзін көріп, 

дәм-тұзы жарасқан. ысқақ сыбызғышылық өнерді алдымен өз 

әкесінен үйренген. 

1934 жылдан бастап уәлиев ысқақ өнерін республика 

жұрт шылығы тани бастаған. КазЦиК атындағы оркестрде сы-

бызғышы бола жүріп, Қазақтың Жамбыл атындағы филар-

мониясының өнерпаздар тобымен бірге ел ішіне жиі-жиі шығып 

тұрған. Сол жылдары халық аспаптарында ойнаушылардың 

Бүкілодақтық конкурсына қатысып, жүлделі орынға ие бола-

ды. «Амангелді» кинофильмін дыбыстауға қатысады. 

Әйгілі Сармалай күйшінің мұрасын бүгінгі ұрпаққа тұңғыш 

жеткізген осы уәлиев ысқақ. ысқақтан алғаш рет жазып алған 

академик Жұбанов Ахмет. 

уәлиев ысқақ ұлы отан соғысында ерлікпен қаза тапқан. 

Үмбетбаев Сматай—қобызшы. Жезқазған облысының 

Жаңаарқа ауданына қарасты «Жеңіс» совхозында туған. Қобыз 

тартуды өз бетінше үйренген. Әкесінің айтуынша, Сматай 6-7 

жасында қобыз сұрап, кешікпей-ақ көне аспапты тартуды 

игеріп кеткен. Сматай әйгілі күйші Дүкенұлы ықыластың ру-

лас /Тама руының ішіндегі Шақа бұтағы/ ұрпағы. Сондықтан 

да ол өскен ортасында жүйрік қобызшыларды көп тыңдап, 

халық өнерінің дәстүрлі үлгілерін көкірегіне қонақтата біл ген. 

Кейін Сматай өзінің туа біткен дарынын Құрманғазы атын да-

ғы консерваторяның қабырғасында шыңдап, Ж.Қаламбаев 



402

403


ғылыми қосымшалар

пен Д.Мықтыбаев сияқты дәулескер қобызшылардан тағылым 

алған. ол өз репертуарында бүгінгі күнімізге жеткен қобыз 

күйлерін түгелге жуық игерген. 



Үрістемұлы Көпжасар /1957/—домбырашы. МХр, өлгий 

қаласында дүниеге келген. Баян-өлгий аймағы музыкалық 

мәдениетінің білгірі. 1990 жылы Құрманғазы атындағы Ал-

маты консерваториясын белгілі домбырашы Жайымов Айт-

қа 

лидың класында оқып бітірді. Көпжасар домбыра тарту 



өне рін Баян-өлгий аймағына аты жайылған дәулескер домбы-

рашы Дәуітбайұлы Сәнияздан үйренген. Ал Сәнияздың әкесі 

Дәуітбай /1968-1937/ болса шығыс өңірімізге есімі әйгілі 

күйші-композитор. 

Көпжасар үрістемұлы Қазақстанның шығыс өңіріндегі, әсі-

ресе Баян-өлгий аймағындағы күйлерді нәшіне келтіре тартып, 

аңыз әңгімесін тарата айтатын зерделі домбырашы. 

Хасенов Әбікен  /1897-1958/—қазақтың  күйші-дом бы ра-

шы сы, шертпе күйдің шебері, актер, Қазақстанның еңбегі сің-

ген артисі (1945). Қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданын-

да туылған. Домбырашылық өнерге баулыған әкесі Хасен, 

немере ағасы Мақаш Садуақасұлы және Ақмолда Дүйсенұлы 

болды. Кейіннен ол белгілі күйші-домбырашылар Баубекпен 

Қыздарбектен Тәттімбеттің күйлерін үйренеді. 1934 жылдан 

қазіргі Қазақ академиялық драма театрында қызмет етті. Со-

нымен қатар ол Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Көкейкесті», 

«Сылқылдак», «Бес төре», «Азамат», «Қос-басар» (бірнеше тү-

рі) т.б. туындылары күйтабаққа түсірілді. оның өзі шығарған 

«Қоңыр» атты күйі бар.



Хасенов  Әбікен /1897-1958/—домбырашы. Қарағанды об-

лысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы деген жерде дүниеге 

келді. Домбыраны 7-8 жасынан ойнай бастады. оның алғашқы 

ұстаздары—туыстары, домбырашылар Мақаш пен Ақмолда 

өздерімен ілестіріп жүріп, өнерге баулыды. Әбікен Арқада аты 

шыққан Әбді, Баубек, Қыздарбек күйшілермен кездесіп, күй 

үйренді, олардан бата алды. 1934 жылы Сәкен Сейфуллиннің 

айтуымен Алматыға шақырылып, қазақ драма театрына орна-

ласты. ол өмірінің соңына дейін осы театрда актерлік қызмет 

атқарды. 

Әбікен—Арқа күйлерін өте шебер орындайтын күйшілер дің 

бірі болды. ол орындаған шертпе күйлер мәдениетіміздің ал тын 



404

күй аңыздар

қорына айналып, көпшілігі халық аспаптары оркестрі мен же-

ке орындаушылардың негізгі репертуарына енді. 



Хатшанұлы Шабдарбай—күй аңыздарын жеткізуші. МХр, 

өлгий қаласында туылған.



Ықылас келіні Рәзия /1886-1976/—күйші. Жамбыл облы-

сы, Сарысу ауданы, «Жайлаукөл» совхозында дүниеге келген. 

Әйгілі қобызшы Дүкенұлы ықыластың шаңырағына рәзия 

он бес жасында келін болып түскен. Алғашқы кезде рәзия өз 

әке-шешесін сағынып, мұңайған сәттерде ықылас еркелетіп 

ал дына отырғызып, қобыз тартады екен. Мұндайда рәзия қобыз 

үніне ұйып, атасының алдында бұйығып отырып ұйықтап қала-

тын көрінеді. Сонда ықылас: «Ал, шырағым, тұра ғой, әкең де 

бүйтіп еркелеткен жоқ шығар, орныңа жата ғой»,—дейді екен. 

1932 жылғы ел басына түскен аштық нәубеті кезінде 

рәзия мен күйеуі Ақынбай, қолдарында бір жасар баласы бар, 

қоржынында ықыластың киелі қара қобызы бар, Арқадан 

оңтүстікке қарай жаяу шыққан. осы сапар Бетпақтың шөліне 

бір жасар баласын жерлеп, қолдарында жалғыз қара қобыз бар, 

Шу бойына өліп-талып жеткен.

ықылас туралы қазіргі ғылыми айналымда жүрген дерек тің 

көбі осы рәзия келіні арқылы жеткен. 

Ысмағұлов Мұстафа /1914-1988/—өнер тарихын зерттеп, 

музыкалық фольклорды жинаумен айналысқан адам. орал 

облысының Жәнібек ауданына қарасты Свердлов атындағы 

кеңшарда туған. Жастайынан еңбекке араласып, Еділ бойы, 

Ташкент, Қызылорда, Балхаш, Владивосток, Қарағанды, Алма-

ты сияқты жерлерде әртүрлі қызмет атқарғанына қарамастан, 

туған өлке тарихын зерттеп-тануға ұдайы көңіл бөліп отырған. 

Шәменұлы Ысмайыл (лақап аты—Нышан) /1883-1979/—

дәулескер қобызшы. Туып-өскен, ғұмырын өткерген мекені—

Сыр бойы, Қызылорда (Ақмешіт қаласы). Нышан—Сыр 

бойындағы ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасқан Қорқыттың 

қобызшылық дәстүрін бүгінгі күнімізге жеткізген соңғы тұяқ. 

С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин, Ә.Марғұлан сияқты өнер пар-

қын тап басып түсінетін халқымыздың зерделі азаматтары 

Нышанның көшелі қобызшылығына 20-30 жылдардың өзінде-

ақ назар аударған. 

өкінішке орай, Нышан өнерін магнитофон таспасына жа-

зып, хатқа түсіру ісіне музыка зерттеушілеріміз тым кеш кі-


404

405


ғылыми қосымшалар

рісті. Әйгілі қобызшыға жасы тоқсаннан асып, қолынан қуат, 

бойынан шабыт қайтқанда ғана назар аударылды. Сөйтіп, оның 

теңіздей шалқыған өнерінен тамшыдай күй мұрасы жазы лып 

алынады. Бүгінгі күндері әйгілі Қорқыттың жиырмаға тарта 

күйі сақталып жетті десек, соның тоғызы Нышан ақсақал дың 

орындауында нотаға түскен. 


ШАрТТы ҚыСҚАрТулАр

Әөи—М.о.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

ҚҚ—Қолжазба қоры

оҒК—орталық Ғылыми кітапхана

Ш—шифр 

ҚазМу—Қазақ Мемлекеттік университеті



дәп.—дәптер

А.—Алматы

/а/—араб

/ир/—иран

/моңғ./—моңғол

/о/—орыс


/п/—парсы

/с.а.с./—Салла Аллаһу алейһи ас-салам

/тат./—татар

/т/—түркі

/к.с./—көнерген сөз

/қалм./—қалмақ

/қыт./—қытай

/ж.с./—жергілікті сөз

/солт./—солтүстік

/оңт./—оңтүстік



ПАйДАлАНылҒАН ӘДЕБиЕТТЕр

1.  Ахмадияров А. Ғ. Сержан күмбірлеткен күйлер.—Алматы, 

1997.

2.  Әбеуұлы Асан. Қазақ ауыз әдебиетінің өнерпаздары.—



Шинжаң халық баспасы, 1996.

3.  Әбілтаев Ш. ұлытау (күйлер жинағы).—Алматы, 1979. 

4.  Әсемқұлов Т. Домбыраға тіл бітсе.—Жұлдыз, 1989, №5.

5. Бейсенбі күйлері. Құраст.: Қабылалды Абдоллаұлы.

Шинжаң халық баспасы, 2006.

6.  Бекенов Уәли. Күй табиғаты.—Алматы: өнер, 1980. 

7.  Бекенов Уәли. Шертпе күй шеберлері.—Алматы: Жалын, 

1977.—92-бет.

8.  Бекхожина Т. Даламның назды саздары.—Алматы: өнер, 1996. 

9.  Жақанов І. Аққулар қонған айдын көл.—Алматы: Жазу-

шы, 1988.

10.  Жұбанов А. Ән-күй сапары.—Алматы, 1975.

11.  Жұбанов А. Ғасырлар пернесі (Қазақтың халық компо зи-

торларының өмірі мен творчествосы туралы очерктер). Баспаға 

дайындаған—Бисенғали Ғизатов.—Алматы: Жазушы, 1975.

12.  Жұбанов А. Дәулеткерей.—Алматы, 1961.

13.  Жұбанов А. Замана бұлбұлдары.—Алматы, 1975.

14.  Жұбанов А. Қазақтың халық композторлары, 1962.

15.  Жұбанов А. Құрманғазы.—Алматы, 1978.

16.  Жұбанов Қ. Қазақ музыкасында күй жанрының пайда 

болуы жөнінен.—Алматы, 1960.

17.  Жүзбасов Қ. Қазақ халқының музыкалық аспабы—

домбыра // Қазақ ССр ҒА-н хабаршысы, 1972, №2.

18.  Жүсіпов Б. Жиделі Байсын күйлері: оқу құралы.—

Алматы: Ғылым, 2000.


408

күй аңыздар

19.  Затаевич А.В. 500 казахских песен и кюев.—Алматы, 

1931.


20.  Затаевич А.В. 1000 песен казахского народа.—Алматы, 

1960.


21.  Есенұлы Айтжан. Күй—Тәңірдің күбірі.—Алматы: 

Тоо «Дайк-Пресс», 1996.

22.  Күй аңыздары. Қазақ халық ауыз әдебиетінің қазынасы. 

// Құраст.: Г. Қуанбекқызы. 1-кітап.—үрімжі: Шинжаң халық 

баспасы, 2009.

23.  Күй аңыздары. Қазақ халық ауыз әдебиетінің қазынасы. 

// Құраст.: Қ. Баймұратұлы, Г. Қуанбекқызы. 2-кітап.—

үрімжі: Шинжаң халық баспасы, 2009.

24.  Күй қайнары.—Іле халық баспасы, 1985.

25.  Қазақтың музыкалық фольклоры // Қазақ ССр ҒА ха-

баршысы. Әдебиет және өнер институты.—Алматы, 1982.

26. Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 1-том. Көне 

музыкалық фольклор.—Алматы: Қазақпарат, 2005.

27. Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 3-том. Ал-

ғашқы авторлық музыка.—Алматы: Казақпарат, 2006.

28.  Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 4-том. Кәсіби 

халық композиторларының шығармашылығы (XIX ғасырдың 

екінші жартысы—XX ғасырдың басы).—Алматы: Қазақпарат, 

2006.

29.  Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 5-том. Кәсіби 



халық композиторларының шығармашылығы. (XIX ғасырдың 

екінші жартысы—XX ғасырдың басы)—Алматы: Казақпарат, 

2006.

30.  Қыдырбайұлы Х. Күйшілер мен күйлер.—Ақтөбе, 1994.



31.  Қорқыт. Елім-ай. Құраст.: М. Жарқынбеков.—Алматы, 

1987.


32.  Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі // Жұлдыз, 1993, №12.

33.  Мағауин М. Алғысөз // Бес ғасыр жырлайды.—Алма-

ты, 1984.

34.  Мақайұлы Камал. Күй күмбірі.—Шинжаң халық баспа-

сы, 1989.

35.  Мақайұлы Камал. Күй пірі.—Шинжаң халық баспасы, 

2008.

36.  Мерғалиев Т. Домбыра сазы (Музыкалы-этнографиялық 



жинақ).—Алматы: Казақ ССр-інің «Ғылым» баспасы, 1972.

408

409


ғылыми қосымшалар

37.  Мерғалиев Тмат, Бүркіт Сәрсенбай, Дүйсен Орынбай. 

Қазақ күйлерінің тарихы.—Алматы, 2000.

38.  Мұхамбетова Ә. Қағажу көрген қазақ музыкасы // 

Жұлдыз.—1991, №5.

39.  Мухамбетова А. Национальное и интернациональное 

в музыке советского Казахстана // Вопросы теории и эстетики 

музыки.—Вып. 7.—л., 1972.

40.  Мухамбетова А. о програмности казахской народной 

инструментальной музыки.—Москва, 1973.

41.  Мүптекеев Б., Медеубекұлы С. Жетісу күйлері.—Ал-

маты: өнер, 1998.—352 бет.

42.  Мұра.—Алматы: Жазушы, 1990.

43.  Мұхитов Қ. Домбыраға арналған пьесалар.—Алматы, 

1990.

44.  Райымбергенов А. Ақжелең (күйлер жинағы).—Алматы, 



1986.

45.  Райымбергенов Абдулхамит, Аманова Сайра. Күй қай-

нары. голоса народных муз.—Алматы: өнер, 1990.

46.  Сарыбаев Б. Күй нотаға толық түссін // Жалын.—1981, №1.

47.  Сарыбаев Б. Қазақтың музыка аспаптары.—өнер, 1981.

48.  Сатаев А. Тәттімбет жайлы мақала // Жұлдыз.—1965, №5.

49.  Сейдімбеков А. Күй және көшпелілер мәдениеті // Жұл-

дыз.—1991, №№ 2,3.

50.  Сыр саңлақтары.—Алматы: өнер, 1985.

51.  Тарақты Ақселеу. Күй шежіре.—Алматы: КрАМДС-

яссауи, 1992.

52.  Тарақты Ақселеу. Қазақтың әйгілі күйшілері.—ұлттар 

баспасы, 2003.

53.  Тәттімбет. Сары жайлау. Құрастырған: Е. Үсенов.—Ал-

маты, 1988.

54.  Тоқтағанов А. Қазақ күйлерінің этимологиясы // Аста-

на дауысы, 1993.

55.  Тоқтағанов А. Күй мәдениетіндегі кейбір жұмбақ сыр-

лар // Астана дауысы, 1993.

56.  Толыбаев Құрманбай. Нар идірген.—Алматы, 1993.

57.  өлген қазан. Аңыздар. Құрастырған: Көбей Сейдеханов. 

Алматы: Жалын, 1985.

58.  Шарапат. Құраст.: М. Сатыбалдиев.—Алматы: Казақ-

стан, 1973.


күй аңыздар

59.  Шегебаев П. Домбровые кюи Западного Казахстана. Тра-

диционная форма и индивидуальный стиль. Автореферат дис... 

кандидата искусствоведения.—л., 1987.

60.  Ысқақова Г. ой шақыру.—Қызылорда, 1994. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН БУМАЛАР

1.  Әөи: ҚҚ, Ш.241, 2-дәптер. Айтушысы: Айнабеков Қайып, 

жазып алған—Сәйділ Талжанов. 

2.  Әөи: ҚҚ, Ш.296, 1-дәптер. Қазақ күйлері туралы аңыз-

әңгімелер жинағы. Жинаушысы—Ахат Құдайбердиев.

3.  Әөи: ҚҚ, Ш.1058. Бейсенғалиқызы Айсұлу. Құрманғазы, 

Дина әңгімелері.

4.  Әөи: ҚҚ, Ш.1066, 13, 25, 38-дәптерлер. Жақыпбаев Боз-



тай жинаған ән мен күй жинағы. 

410


рЕЗЮМЕ

институт литературы и искусства им. М.о. Ауэзова продол-

жает работу над изданием стотомной серии книг «Бабалар сөзі» 

в рамках Стратегического национального проекта «Мәдени 

мұра». 

Предыдущие, вышедшие из печати, 83 тома серии были 



посвящены публикации многочисленных жанров казахского 

фольклора, выдающихся в художественном отношении образ-

цов и таких крупных по объему текстов, как эпосы, историчес-

кие сказания, дастаны, а также множества малых жанров—пе-

сен, загадок, пословиц и поговорок. До настоящего времени из 

печати вышли одиннадцать томов «романических сказаний», 

семь томов «религиозных сказаний», тринадцать томов «ли-

рических сказаний», один том «генеалогических сказаний», 

одиннадцать томов «исторических песен», двадцать томов 

«героического эпоса», сборник загадок—один том, пять то-

мов «Пос ловиц и поговорок», двухтомник «Народные песни», 

однотомник «Детский фольклор», пятитомник «Сказки»; две-

надцать томов серии составляет фольклорное наследие казахов 

Китая, опубликован однотомник «Казахские мифы»; вышел из 

печати один том книги «Фольклор казахов Монголии», опубли-

кован однотомник «Топонимические легенды» и четырехтом-

ник «родословные сказания и предания».

Предлагаемый читателям очередной, 84-й том серии посвя-

щен «родословным сказаниям и преданиям»—одному из древ-

нейших жанров казахской народной литературы, дошедшему 

до нашего времени в своем первозданном виде и сохранившему 

свои исключительные художественные черты и особенности.



412

күй аңыздар

Как отмечено выше, данный том представляет собой по счету 

4-й том, посвященный указанному жанру. 

Музыкальные предания, корни которых уходят в глубину 

веков, занимают особое место в культурном наследии народа 

и представляют собой ценнейший пласт казахской духовной 

культуры.

Эти древнейшие традиции жанра берут свое начало от зна-

менитого Коркут-ата и, передаваясь из поколения в поколение, 

дошли до нашего времени, о чем и свидетельствуют образцы 

преданий, бытующие и ныне в народе. 

Следует всегда помнить, что существует незыблемая взаимо-

связь между преданием и его исполнителем, между историей 

кюя и его интерпретатором.

исследователь этого жанра казахского фольклора профес-

сор А.Сейдимбеков подразделяет историю их происхождения 

на пять этапов. Первый этап охватывает период с VІІІ-V вв. до 

н.э.—до VІ в. нашей эры. Это доисламский период развития 

жанра, характеризующийся преимущественно тематикой вол-

шебных преданий: о военных походах, великих предводителях, 

женщинах-героях, крылатых конях, волшебных животных 

(«Қос мүйізді Ескендір», «Көк бөрі», «Аққу», «Сарын» и др.). 

Второй этап охватывает огузо-кипчакский период (VІ-ХІІ вв.), 

включающий предания Коркут-ата, в том числе «Абыз толғауы», 

«Саймақтың Сарыөзені», «Балжыңгер». Третий, ногайлинский 

этап (ХІІ-ХVІІ вв.) включает предания-кюи. К их числу отно-

сятся народные предания: «Жошы ханның жортуылы», «Ақсақ 

темір», «Қамбар күйі», а также широко известные предания 

«Ақсақ құлан», «Ел айрылған» Асанкайгы, «Сағыныш» Каз-

тугана. К четвертому этапу, охватывающему период джунгар-

ских набегов (ХVІІ-ХVІІІ вв.), относятся предания, в которых 

превалирует историческая правда: «Қаратаудың шертпесі», 

«Абылай ханның Майдақоңыры», «Қалмақ биі», «Қалмақтың 

қаражорғасы» и др. Пятый этап характеризуется появлением в 

народе преданий, созданных по мотивам или об истории произ-

ведений известных казахских авторов ХVІІІ-ХІХ вв.—начала 

ХХ в. Эти произведения отличаются как своими объемами, так 

и художественными характеристиками. 

В 84-й том серии включены рукописи Б.Жакыпбаева, 

К.Айнабекова, А.Кудайбердиева, А.Бейсенгалиевой, сохранив-


412

413


ғылыми қосымшалар

шиеся в рукописных фондах института литературы и искусс-

тва им. М.о. Ауэзова и ЦНБ МоН рК, а также опубликован-

ные в различных сборниках произведения:

 

«Ғасырлар пернесі» 



А.Жубанова (1975), «Күй шежіре» А.Сейдимбекова (1992), «Күй 

табиғаты» у.Бекенова (1981), «Домбыра сазы» Т.Мергалиева 

(1972), «Шарапат» М.Сатыбалдиева (1973), «Жетісу күйлері» 

Б.Муптекеева и С.Медеубекова (1998), «Қазақ күйлерінің та-

рихы» Т.Мергалиева, С.Буркит и о.Дуйсенова (2000), «өлген 

қазан» К.Сейдеханова (1985), из пятитомной антологии «Қа-

зақ музыкасы» (2005, 2006); «Жиделі Байсын күйлері» Б.Жу -

сипова (2000), «Күй қайнары. голоса народных муз» А.рай-

ымбергенова и С.Амановой  (1990), а также из изданного в 

Китае 2-томника преданий китайских казахов «Күй аңыздары» 

(2009).

В первой части книги «Народные предания о кюях» помеще-



ны произведения неизвестных авторов; во вторую часть вклю-

чены предания о кюях, созданных сказителями начиная со вре-

мени Коркыт-ата, которая называется «Предания о кюях и их 

исполнителях». В процессе подготовки данного тома преиму-

щественно использован принцип классификации, предложен-

ный в свое время профессором А. Сейдимбековым.

В соответствии с принципами научной подготовки данной 

серии, приведенные тексты пронумерованы и снабжены прило-

жениями.

Научные приложения тома состоят из сведений о собирате-

лях (записей) текстов, их составителях, об изданиях; научного 

комментария к публикуемым текстам, словаря, указателя гео-

графических названий, комментариев об исторических и рели-

гиозных личностях, встречающихся в текстах, о названиях эт-

нических групп и племен, сведений о сказителях и собирателях, 

списка использованной литературы, а также резюме на русском 

и английском языках.

общий объем тома — 27,0 п.л. 



SummAry

Institute of Literature and Art named after m.O. Auezov 

continues publishing of a hundred volume series of the book 

«Babalar sozi» in the frame of the Strategic National Project 

«madeni mura».

Previous 83 volumes of the series were devoted to the pub-

lication of numerous genres of Kazakh folklore, remarkable in 

terms of their artistic designs and such large volume texts as epics, 

historical tales, dastans, as well as many smaller genres—songs, 

riddles, proverbs and sayings. So far, the following volumes have 

been published: eleven volumes of «romantic stories», seven 

volumes of «religious legends», thirteen volumes of «Lyrical Le-

gends», one volume of «Genealogical stories», eleven volumes of 

«Historical Songs», twenty volumes of «Heroic epic», a collection 

of puzzles—one volume, five volumes of «Proverbs and sayings», 

two volumes of «Folk Songs», one volume of «Children’s Folklore», 

five-volume edition of «Tales», twelve volumes of folk heritage of 

the Kazakhs of China, one-volume of «Kazakh myths»; one volume 

book « Folklore of the Kazakhs of mongolia», one-volume «Topo-

nymic legends» and four-volume «Genealogical stories tales and 

legends».

The proposed to the readers volume 84 of the series is devoted 

to «Genealogical stories and legends»—one of the oldest genres of 

Kazakh folk literature, which have reached nowadays in its origi-

nal form, and retained the exceptional artistic features and cha-

racteristics.

As it was mentioned above, this volume is the 4th volume de-

voted to the specified genre.



415

ғылыми қосымшалар

musical legends which originated many centuries ago, occupy a 

special place in the cultural heritage of the people, and represent a 

valuable layer of spiritual culture of the Kazakh people.

These ancient genre traditions have originated from the famous 

Korkut-Ata, were transferred from one generation to another and 

reached nowadays, as evidenced by the legends, which currently 

exist among the people.

We should always remember that there is a strong relationship 

between the legend and the performer, between the kuy story and 

the interpreter.

The researcher of this genre of Kazakh folklore professor 

A.Seydimbekov divides the history of their origin into five stages. 

The first phase covers the period from VІІІ-V c. BC—up to VІ c. AD. 

This is a pre-Islamic period in the development of the genre, which 

is mainly characterized by the theme of magic-legends: about mili-

tary campaigns, great leaders, women-heroes, winged horses, magic 

animals («Kos myuizdі Eskendіr», «Kok borі», «Akku», «Saryn», 

etc.). The second phase covers the Oguz-Kipchak period (VІ-XII c.), 

which includes legends of Korkut-Ata, including «Abyz tolgauyi», 

«Saimaktin Saryozenі», «Balzhynger». The third stage - Nogayli 

(XII-XVІІ c.) includes legends-kuis. Among them are folk legends: 

«Zhoshy hannyn zhortuyly», «Aksak Temir», «Қambar kүі», as 

well as the well-known legends «Aksak kulan», «El ayrylgan» by 

Asankaigy, «Sagynysh» by Kaztugan. The fourth stage, covering 

the period of Jungar raids (XVІІ-XVІІІ c.) includes legends which 

tell about the historical truth: «Karataudin shertpesі», «Abylai 

hannin maidakoniri», «Kalmak biі», «Kalmaktin karazhorgasy», 

etc. The fifth stage is characterized by the appearance of the legends 

that were created based on the history or the works of renowned 

Kazakh writers of XVІІІ-XIX century—the beginning of the XXth 

century. These works are distinguished by both the volume sand 

artistic characteristics.

The 84th volume of the series includes the manuscripts of 

B.Zhakypbaev, K.Ainabekov, A.Kudayberdiev, A.Beisengalieva 

which are preserved in the manuscript collections of the Institute 

of Literature and Art named after m.O. Auezov and CSL of rK, and 

the works published in various collections: «Gasyrlar pernesі» by A. 

Zhubanov (1975), «Kuy shezhіre» by A.Seydimbekov (1992), «Kyy 

tabgaty» by u.Bekenov (1981), «Dombyra saz» by T.mergaliev 


416

Күй АңыЗДАр

(1972), «Sharapat» by m.Satybaldiev (1973), «Zhetysu kuylerі» 

by B.muptekeev and S.medeubekov (1998),»Kazakh kuylerіnіn 

tarihi» by T.mergaliev, S.Burkit and O.Duysenov (2000), «Olgen 

kazan» by K.Seydekhanov (1985), in a five-volume anthology 

«Kazakh muzykasy» (2005, 2006), «Zhidelі Baisyn kuylerі» by 

B.Zhusipov (2000), «Kuy kaynary. Voices of people’s music» by 

A.rayimbergenov and S.Amanova (1990), and 2-volume edition 

of the legends of Chinese Kazakhs «Kuy anyzdary» published in 

China (2009).

The first part of the book «Folk legends about kuy» includes the 

works of unknown authors; the second part contains stories about 

kuys created by storytellers since the time of Korkyt-ata, which is 

called «Legends about kuys and the performers». In preparing this 

volume, the principle of classification proposed by professor 

A. Seydimbekov was used.

According to the principles of scientific preparation of this se-

ries, the included texts are numbered and supplied with annexes.

Scientific annexes of the volume consist of the following: 

information about collectors (records) of the texts, their publi shers, 

editions; scientific comments to the published texts, dictionary, 

index of geographical names, comments on historical and religious 

persons, mentioned in the texts, names of the Kazakh clans and 

tribes, information about the storytellers and collectors, list of 

references and summaries in russian and English languages.

The total volume is 27,0 pp. 


416

МАЗМұНы



1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал