«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.

бет35/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Хорасан—орта Шығыстағы тарихи аймақ. Хорасанның 

құрамына қазіргі иран ислам республикасының солтүстік-

шығыс бөлігі, Мерв шұраты, қазіргі Түркменстан респуб ли-

ка сының оңтүстігіндегі шұраттар, қазіргі Ауғанстанның сол-

түстігі және солтүстік-батыс бөліктері кіреді. Хорасан атауы 

Сасани әулеті кезінен белгілі. VII ғасырдың ортасында Хорасан-

ды арабтар жаулап алды. Араб халифаты ыдырағаннан кейін, 

IX ғасырдан XVI ғасырдың бас кезіне дейін Тахири, Саффари, 

Самани, Ғазнауи, Салжұқтар әулеттерінің, Хорезмшаһтар т.б. 

мемлекеттердің құрамында болып, орта Шығыстың эко но ми-

калық жағынан неғұрлым дамыған облыстарының бірі болды.

Шымкент—ежелгі қала, оңтүстік Қазақстан облысының 

орталығы. 



Шын-Машын—орта Азия, иран, араб елдері орта ғасырда 

Қытайды «Чин» деп атаған. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі 

221-жылдан бастап Қытай елін билеген Цинь династиясының 

өзгертілген атауы.



Шыңғырлау—Жайық өзенінің сол саласы. Батыс Қазақ-

стан жерімен ағады. орал тауларынан бастау алып, Жайық өзе-

ніне келіп қосылады. осы аттас аудан да, жер аты да бар. 

Шу—Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Теріскей 

Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық 

және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Шу атала-

ды. Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері Қазақстанда. Қорағаты, 

Мерке, Қарабалта, Ақсу т.б. 

Шідерті—Батыс Қазақстанның Сырым ауданындағы өзен, 

өлеңті алабында. Эпостық туындыларда екеуі қатар аталады. 



Іле—Қазақстан мен Қытай жеріндегі өзен. Алматы облы-

сы ның райымбек ауданынан бастау алып, Қытай жері арқылы 

елімізге оралып, Балқаш көліне құяды. Шекарадан бері атал-

ған облыстық ұйғыр, Іле, Балқаш аудандарының жерлерін ба-

сып өтеді.

Ірбіт, Үркіт—Бұрын қазақтардың ауызекі тілінде Сібір дің 

қалалары осылай атала берген. Қазіргі иркутск қаласы.



Ақынбайұлы Дәулет  /1924-?/—қобызшы. Қобыз күй ле-

рінің аңыз-әңгімесін жақсы біледі. Жамбыл облысына қарас ты 

Сарысу ауданындағы «Жайлаукөл» совхозының тұрғыны. 

Дәулет—белгілі қобызшы, күйшісі ықылас Дүкенұлының 

туған немересі. ықыластың Дүйсенбай, Түсіпбек, Ақынбай 

атты үш ұлы болған. Ақынбайдың баласы Дәулет. ықыластың 

қара қобызы осы Дәулеттің қолында сақталған көрінеді. 

Ауғанбаев Шанақ  /1912-?/—сыбызғышы. Шығыс Қазақ-

стан облысына қарасты Қатонқарағай ауданының Тайпақ село-

сындағы Топқайың деген жерде туған. ол кезде бұл жер Таңба 

ауылы деп аталған. Шанақ сыбызғы тарту өнерін әкесінің аға сы 

Төти, нағашы ағасы Сүлеймен деген кісілерден үйренген. 

Шанақ сыбызғы тартудың тамаша шебері болумен бірге, 

сыбызғыда тартылатын көптеген халық күйлерін бүгінгі күні-

мізге жеткізген адам. оның репертуарында «Ертіс толқыны», 

«Жамал-ай», «Жесір әйел», «Жетім қыз», «Телқоңыр», «Боз-

інген», «Қалмақтың күйі», «Балжыңгер», «Жорға аю», «Көк 

бұға» сияқты ондаған күй бар. Қазақтың көптеген музыка 

зерттеушілері Шанақтың тартуында көптеген сыбызғы күй-

лерін алғаш рет нотаға түсірді. 

Ахмедияров Қаршыға (Қаршымбай)  /1946-2010/—дәу-

лескер домбырашы. Бұрынғы гурьев облысының Махамбет 

ауданына қарасты Таңдай селосында туылған. Қаршымбай Ал-

маты консерваторясын Қ.Мұхитовтың класы бойынша 1972 

жы лы бітірді. 1967 жылдан бастап-ақ Құрманғазы атындағы 

ха лық аспаптары оркестрінде жетекші домбырашылардың бірі 

болып еңбек етті. Қазақтың күй өнерін насихаттаудағы толым-

ды еңбегі үшін және сирек кездесетін дәулескер домбырашы лы-

ғы үшін 1982 жылы Қр Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 

ТоМҒА ЕНгЕН АңыЗДАрДы АйТуШы һӘМ 

ЖиНАуШылАр ТурАлы МӘлІМЕТ


385

ғылыми қосымшалар



Ахмерұлы Қабыкей /1924/—музыкалық фольклор жинау-

шы белгілі маман. Баян-өлгий аймағындағы Бұлғын сұмы-

нының Сөңкіл деген жерінде туған. 1975 жылы өлгийде 

қазақ тың ұлт аспаптар оркестрін ұйымдастырушы қызметін 

атқарған, МХр-дың еңбек сіңірген артисі. 

Қабыкейдің өскен ортасына ән мен күй дарыған. Әкесі Ах-

мер, ағасы Қызыл, әпкесі Жұқа өнерпаз адамдар болған. Қабы-

кейді ән-күйге баулыған. Сол ортадағы Н.Қытайбай, Ж.Қасихан 

домбырашылар, М.ыбырай сыбызғышы Қабыкейге халықтың 

ұшан-теңіз күй өнерін үйреткен. 

Қабыкей 1958-1959 жылдары Қазақстанда болып, Тілендиев 

Нұрғиса, оспанов Тұрғыт, Қажығалиев Шамғон, Есқалиев 

Әзидолла сияқты белгілі композиторлардан, музыка маманда-

рынан, домбырашылардан тәлім алады. 

Қабыкейдің халқымыздың ән-күйін жинап, нотаға түсіріп, 

жариялауда сіңірген еңбегі зор. ол жинаған ұшан-теңіз музы-

калық мұралар «Монғолия қазақтарының халық әндері» 

/1965/, «Ән» /1927/, «Баян-өлгий қазақтарының домбыра жә-

не сыбызғы күйлері» /1976/, «Қазақ әндері» /1984/ деп атала-

тын кітаптарда жарияланды. 

Қабыкейдің өзі шығарған ән-күйлері де ел арасына жақсы 

таныс.


Әбіқаев Ахметжан /1903-1986/—Торғай өңірінің белгілі 

халық ақыны, жезтаңдай әнші, дәулескер күйші. Торғай об-

лысы, Жангелдин ауданы, «Шилі» совхозында дүниеге кел-

ген. Әкесі Әбікай да төңірегіне ақындығымен танылған. Ах-

метжан белгілі халық ақыны Ахметбеков Нұрқан сияқты ел 

ішінің шежіре-сырына жүйрік адамдармен дәмдес, дос болған. 

иісі қазақтың шежіре сөзі мен өнегелі әңгімесін Ахметжан 

мейлінше мол білген, ғалым-зерттеушілеріміз бен ақын-жазу-

шы ларымызға көп дерек берген. 

1937 жылы Алматыда өткен көркемөнерпаздардың рес пуб-

ликалық байқауында Дина Нұрпейісова бірінші орынға, Ахмет-

жан екінші орынға ие болды. 



Әбілтаев Шәміл /1948/—белгілі күйші-композитор, Қа -

зақ стан ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. Құр ман-

ғазы, Дәулеткерей, Дина күйлерін жеріне жеткізе тартумен 

бірге, өзі шығарған әндері мен күйлері де жұртшылыққа 

жақсы таныс.

25-136


386

күй аңыздар



Әлпекұлы Ахметбек  /1938/—күй аңызын айтушы. МХр, 

Баян-өлгий аймағының  ұланхұсын сұмынында туылған. 

1972 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерватория-

сын Ш.Қажығалиевтың класында бітірген. Қазір Баян-өлгий-

дің музыкалық драма театрындағы Қазақтың халық аспаптар 

оркестрінің дирижері болып еңбек етеді. 



Әлімғазиев Закария  /1915-1977/—домбырашы.  Семей об-

лысына қарасты Мақаншы ауданының Фрунзе атындағы кол-

хозында туып-өскен. Халық күйлерінің аңызын мол білген, со-

нымен бірге күйді де нәшіне келтіре тартқан адам. үлгі тұтып, 

тәрбие алған ұстаздары Бәдіғұл, Жасболат, Нұрбек деген 

төңірегіне белгілі домбырашылар. Закария «Шаңды шабуыл», 

«Қапты қақ», «Барақ батыр» сияқты ондаған халық күйлерін 

тартқан. 

Жасынан жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы ұстап, саят-

шылық құрған Закария өзінің сергек болмысымен төңі ре гінде 

сері атанған. Дәулескер домбырашының бұл қасиеті рес публика 

киношылары түсірген «Ақиық» атты деректі фильмде жарқын 

көрініс тапқан. 

Әрінұлы Башар /1889-1872/—қазақ шежіресін мейлін-

ше көп білген адам. Жезқазған облысының Жаңаарқа ауда-

нын 

дағы С.Сейфуллин атындағы совхозда ғұмыр кешкен. 



Баше кең Шоңманұлы Тоқа, Дүкенұлы ықылас сияқты әйгілі 

күйшілердің көзін көрген адам. Шоңманұлы Тоқа дүниеден 

қайтқанда топырақ салған. 

Белгілі жазушы Мұқанов Сәбит кезінде Башар ақсақалды 

арнайы іздеп келіп, көп сұхбаттасып, «Шерім бір тарқады-ау!» 

деп аттанған екен. 



Әсемқұлов Талас /1956/—домбырашы, белгілі жазушы. Се-

мей облысының Шұбартау ауданынан. Әйгілі күйші Байжігіт-

тің мұрасын тұңғыш жеткізіп, нотаға түсуіне, күйтабаққа жа-

зылуына себепші болған. 

ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасқан Байжігіттің мол мұ-

расын нәшіне келтіре тартқан соңғы тұяқтардың бірі Жүніс-

бай домбырашы болған. Жүнісбай өз кезегінде бойындағы асыл 

өнерді жиені Таласқа үйреткен. 



Әубәкіров Ілияс  /1895-1967/—белгілі домбырашы. Қара-

ғанды облысының Теңіз ауданында туылған. Кезінде үкілі 

ыбырай, Балуан Шолақ сияқты өнерпаздардың жанына еріп, 


386

387


ғылыми қосымшалар

серілік құрған. Балуан Шолақтың «Ғалия» әні арналатын ару 

Ғалияның қолынан қымыз ішкен. Жастық желікпен барымта-

сырымта жасап, Сібірге жер ауған. 

Кеңес заманында Ілияс өз бойындағы күйшілік, әншілік, 

жыршылық қасиеттерін жарқырата көрсетті. 1934 жылы өт-

кен халық дарындарының Бүкілқазақстандық байқауында 

Әубәкіров Ілияс күй тартуда екінші орынды жеңіп алды. 

Ілиястың репертуарында «орақ зары» сияқты халық күйі, 

Абылай ханның «Садақ қақпай» деп аталатын күйі болған. Со-

нымен бірге өз жанынан «Толқыма» деген күй де шығарған. 

Әшімов Шәміртаза  /1908-?/—белгілі домбырашы. Жез-

қаз ған облысының Балқаш қаласында туылған. Жеті атасы-

нан бері қарай әншілік, күйшілік дәстүрі үзілмей келе жатқан 

әулеттің ұрпағы. Домбыра тартуды ағасы Шыраттан үйренген. 

1935 жылы М.Калининнің Қазақстанға келуіне байланыс-

ты қойылған салтанатты концертке А.Жұбановтың шақыруы 

бойынша Шәміртаза да қатысып, толымды өнері үшін бағалы 

сыйлық пен мақтау грамотасын алған. 

Әшімов Шәміртаза халық күйлерін нәшіне келтіріп тарту-

мен бірге, өз жанынан ән-күй де шығарады. оның «Жас дәурен» 

әнін өз төңірегі қызыға айтады. 

Байсейітов Мақсұт  /1927-1972/—ақын, халық мұрасын 

жинаушы. Қарағанды облысының Тельман ауданындағы Са-

рытау деген жерде туған. «өмір оты» /1953/, «Қарқаралы ба-

сында» /1977/ атты өлең кітаптардың авторы. 

Мақсұттың әкесі Байсейітов ыбырай кезінде республи-

ка жұртшылығына танымал домбырашы болған. Алғаш рет 

Тоқаның, Дайрабайдың, Қыздарбектің, Әбдидің күйлерін ас-

тана тыңдаушыларының алдында тартқан кісі осы ыбырай. ол 

кісінің өзі шығарған «Нарқызыл» атты күйі де бар. 

Балмағамбетов Садуақас  /1941-1999/—әйгілі күйші, 

Қа 


 

занғаптың мол мұрасын жеткізген санаулы домбы 

рашы-

лар  дың бірі. Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты 



«Сар 

бұлақ» совхозында туған. 1974 жылы Алматы консер-

ваториясын Қ.Тастановтың класында бітірген. Кейін осы 

консерватория 

да аға оқытушы болып қызмет істеген. оның 

қолында Қазанғаптың алпысқа тарта /варианттары мен жүз 

қаралы/ күйі бар. Садуақастың әкесі Балмағамбет дәулескер 

күйші болған адам. Бекет пен Ерназар батырларға арнап «Қос 



388

күй аңыздар

қыран» атты күй де шығарған. Балмағамбет ертерек дүние са-

лып /1941/, Садуақас домбыра тартуды нағашысы Қуантайұлы 

Матайдан үйренеді. Кейін Қазанғаптың көзін көрген Ержанов 

Қадыралы /1905-1987/, Байғанин Момын /Нұрпейіс жыраудың 

баласы/, Айпақов Жәлекеш, Сартов Шүрен сияқты домбыра-

шылардан көп өнеге, дерек алған. Қазанғап күйлерін өзіндік өр-

нек-сазымен тартатын бірден-бір домбырашы осы—Садуақас. 

Басығараев Бақыт  /1928-2001/—белгілі домбырашы, 

күй ші, Қазанғаптың күйшілік мектебін жалғастырушы, Қа-

зақ 

станның еңбек сіңірген қызметкері. Қызылорда облы 



сы-

ның Арал ауданына қарасты Құланды деген жерінде туған. 

Қазір Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты Айшуақ 

ауылындағы музыка мектебінде домбырадан сабақ берген. 

Бақыт ел ішінде жүріп, халықтың күйшілік өнеріне жас-

тайынан ден қойған, көкірегіне мол дерек жинақтаған дарын ды 

домбырашы. оның репертуарында Қазанғап күйлері айрық ша 

мол. Себебі Қазанғаптың көзін көрген төл шәкірттерінің бірі Ес-

жанов Қадыралы /1905-1987/ Бақыттың туған нағашы ағасы. 

Бақыттың шешесі Балсұлу Қадыралының туған қарындасы. 

Қадыралы Бақытқа домбырашылықтың қыр-сырын үйрету мен 

бірге, Қазанғаптың қыруар күйін мұра еткен. Қазанғаптың кө-

зін көріп, күйін өз қолынан үйренген Әлім руының Төртқара-

сы нан шыққан Жұмәлі, Жанқылышынан шыққан Әбдіғали 

сияқты домбырашылар да Бақытқа көп үлгі-өнеге берген. 

Бақыттың өз жанынан шығарған «Толқын», «Аманғосым, 

аман бол» атты күйлері бар. 

Бәдіғұлов Нүкеш  /1936-1999/—белгілі ақын. ҚХр, Шың-

жаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданының Ақсу аулында 

туған. «Бәйтерек» /1974/, «Нұрлы жұлдыздар» /1976/, «Кү-

лім де шуақ» /1979/, «Жарық сәуле» /1982/, «Сырлы ағыс» 

/1984/ сияқты кітаптары жарық көрген. Абай атындағы Қазақ 

мемлекеттік педагогикалық университеттің филология фа-

куль тетін бітірді. Қазір Қазақстан Жазушылар одағында әдеби 

кеңесші. 



Бегалин Сапарғали  /1895-1982/—белгілі жазушы. Семей 

облысының Абай ауданында туған. Сапекең өзінің тырнақ алды 

өлеңін 1914 жылы «Айқап» журналына жарияланғаннан ба-

стап, өмірінің соңына дейін қаламын қолынан түсірмей өндіре 

жазған қаламгер. 


388

389


ғылыми қосымшалар

С.Бегалин шығармашылының елеулі бір арнасы халық 

ақындарының, әнші-күйшілерінің өмірі мен өнеріне арналған. 

өмірден көрген-түйгені мол Сапекең бұл тақырыпта да тари-

хымыз бен мәдениетімізді нұрландырар қыруар дерек қалдыра 

білді. 


Бекмұратов Шамұрат  /1925-?/—қобызшы, қобызға дау-

ыс қосып жыр-терме, қыса-дастан айтатын байырғы дәстүрдің 

соңғы өкілдерінің бірі. Туып-өскен жері Қарақалпақстан ның 

Қоңырат ауданы. Қазір Нүкіс қаласында тұрады. Қобыз ша-

луды нағашы ағасы Ақназаров Жанғазардан үйренген. 

Ш.Бекмұратов ұлы отан соғысына қатысқан. оның қобыз-

ға дауысын қосып айтуында «Қобыланды» эпосы күйтабаққа 

жазылған. Әйгілі сыбызғы күйшісі Сармалай күйлерін Шамұрат 

қобызға салып тартады. 

Бекмұханбетұлы  Омархан /1915-1986/—Мергенбай күй-

шінің екінші ұлы Бекмұханбеттің кіндігінен шыққан дарын ды 

күйші, домбырашы. Алматы облысының Шәлкөде жайлауын да 

өмірге келген. 1930 жылдары голощекиндік солақай саясат тың 

кесірінен туыстарымен бірге Қытай жеріне өтеді. онда мек теп 

директоры, аудандық оқу ағарту ісінің бастығы болып қыз-

мет атқарады. Көзі ашық, көкірегі ояу, ішкі мәдениеті жо ға ры 

омархан атадан қалған күйшілік өнерді де тастамай, одан әрі 

жалғастыра береді. 

Аталары Байғозы, Ердене, Мергенбай, Нұрмұханбет және 

Қожеке, Шалтабай, Абылай күйлерін, басқа да халық күйлерін 

нәшіне келтіре тартқан арқалы домбырашы, өзі де күй шығар-

ған күйші болған. өкінішке қарай, Кеңес өкіметінің сыңар жақ 

саясатының кесірінен омарханның өнері көзі тірісінде ресми 

орындар тарапынан ескерілмеді, еленбеді. 

Битенов Мұхит /1912-1983/—домбырашы. орал облы сы-

ның Жәнібек ауданындағы Қамысты аулында туды. Домбы ра-

ны бала кезінен тартқан. оның домбырашылық өнерінің шың-

далуына туысқаны—дарынды күйші Дүйсенғалидың ықпалы 

көп болды. 

Мұхит 1941 жылы ұлы отан соғысына аттанып, 1945 жылы 

оралғанда үш баласының бірдей қайтыс болғанын естіп, қатты 

қайғырып «үш балам» атты жоқтау күйін шығарды. Соғыстан 

кейін Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы «ортау» 

совхозында тұрды. 



390

күй аңыздар

Мұхиттың репертуары өте бай болған. ол көптеген халық 

күйлерін орындаумен қатар, Құрманғазы, Соқыр Есжан, 

Түркеш, Әкібас, ыбырай т.б. күйші-композиторлардың күй-

лерін жақсы тартатын. орындаушылық өнерімен қатар, Мұхит 

өз жанынан да көптеген күйлер шығарған. 

Бөкеев Оралхан  /1943-1993/—белгілі қаламгер. Шығыс 

Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданына қарасты Шың-

ғыстай ауылында туған. 1969 жылы әл-Фараби атындағы Қа зақ 

мемлекеттік университетін бітірді. республикалық «ле ниншіл 

жас», «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» сияқты газет-журналда-

рында қызмет атқарды. 

ол Н.островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық-

тың, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Молодая гвар-

дия», «Жалын» баспаларының сыйлықтарының және Қр Мем-

лекеттік сыйлығының иегері. Шығармалары ағылшын, неміс, 

чех, болгар, венгр, араб, жапон тілдеріне, сондай-ақ туысқан 

республикалар халықтарының тілдеріне аударылған. 

о.Бөкеев тамаша қаламгерлігіне қоса, Қазақстанның шы-

ғыс өңірінде айтылатын аңыз әңгімелердің, этнографиялық 

мысалдардың білгірі. 

Бөкейханов Науша /1870-1944/—күйші. Бөкей хандығына 

қарасты Шоңай көлі (қазіргі орал облысының Жәнібек ау-

даны) деген жерде туды. ол—Бапастың (Дәулеткерейдің) 

жиені. Науша Бөкей ордасының атақты домбырашыларының 

ортасында өсті. оған Салауат, Мақар, Тұрып сынды дарынды 

күйшілер ұстаздық етті. Науша Дәулеткерей күйлерін оның 

ұлы Салауаттың өзінен үйренді. Сондықтан болар, Наушаның 

репертуарында Дәулеткерейдің 50-ден астам күйлері болған. 

ол 1935 жылы Алматыға келіп, сол кезде құрылып жатқан 

халық аспаптары оркестрінің іргетасын қалаушылардың бірі 

болды. Наушаның репертуарында тоқсаннан аса күй болатын. 

оның репертуарынан алынған отыз күй Құрманғазы атын да ғы 

халық аспаптары оркестрінің алтын қорына айналды. 

Ғинаятұлы Бабағұмар  /1967/—ел ішінің шежіре әң 

гі-


мелерді жинап жүретін зерделі жас. Моңғол Халық рес пуб-

ликасының Баян-өлгий аймағында туған. Венгрияның ауыл 

шарушылығы институтында екі курс оқып, қазір ұлан-Батор 

Ауыл шаруашылығы институтын аяқтаған. 



Дүйсеков Бейсен  /1877-1962/—шежіреші, халық мұрала-

рын жинаушы. Семей облысының Жарма ауданына қарасты 



390

391


ғылыми қосымшалар

«рассвет» совхозындағы Бүрліағаш бөлімшесінде туып-өскен. 

Жас кезінен Сарыарқаны, Алтай мен Тарбағатайды, Моңғо лия-

дағы Қобда аймағын көп аралаған. Қалмақ, қытай тілдерін де 

еркін сөйлеген.

ол әсіресе Қазақстанның орталық, шығыс өңіріне қатысты 

ру шежіресін, жер жайын, топонимдік аңыз-әңгімені мейлін ше 

көп білген адам. 



Жақанов Илья /1936/—жазушы, композитор. Жамбыл 

об 


лысының Сарысу ауданына қарасты «Жаңатас» (бұрынғы 

«Ілгерібас» колхозы) совхозында туған. Әйгілі қобыз күйшісі 

Дүкенұлы ықыластың аталас ұрпағы. 1963-1984 жылдары 

Қазақ радиосының музыка редакциясында еңбек етіп, қазақ 

музыкасын насихаттауда елеулі еңбек еткен. 

и.Жақанов қазақ музыкасы мен қазақ өнерінің майтал-

мандарына арналған «Қайта оралған ән» /1968/, «Хош бол 

вальс» /1968/, «Екі жирен» /1971/, «Махаббат вальсі» /1983/, 

«Аққулар қонған айдын көл» /1988/ сияқты кітаптардың және 

көптеген радиопьесалардың авторы. оның «Нені ойладың», 

«Даниярдың әні», «Әсел», «Жайлаукөл кештері», «Түнгі сыр», 

«Толағай», «Балқан тау» сияқты ондаған әндері жұртшылық қа 

кеңінен танымал. 

Жалмышев Сағын  /1936/—домбырашы. Туып-өскен же-

рі—Атырау облысы. Сағын домбыра тартуды жеті жасынан 

бастаған. 1958 жылы әскери міндетін өтеп қайтқан соң, Аты-

рау қаласында Қр-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 

күйші Құсайынов Сейілхан ұйымдастырған Нұрпейісова 

Дина атындағы ұлт аспаптар оркестріне қатысады. Мұның өзі 

Сағынның домбырашылыққа біржолата ден қоюына себепші 

болады. Бұл жолда оған ұстаздық етіп, көп тағылым берген 

адамдар: күйші-композитор Тілендиев Нұрғиса, домбырашы-

лар өскенбаев Мұрат, Сұлтанов Фазыл, Есқалиев Әзилдолла.

С. Жалмышев Құрманғазы, Дәулеткерей, Боғда, Сейтек, 

Қазанғап сияқты дәулескер күйшілердің жүзге тарта күйін 

орындайды. оның тартқан күйлері күйтабақ болып шық-

қан. Қазақ радиосының теледидардың, Қр Ғылым академия-

сы Әдебиет және өнер институтының қорында Сағын тартқан 

көптеген күйдің үнтаспасы сақталуда. 



Жаманғараев Совет /1929/—күйші. өзбекстандағы Бұха-

ра облысына қарасты Тамды ауданында туған. Әкесі Сүгірбаев 



392

күй аңыздар

Жаманғараның күйлерін тартып, аңыз әңгімелерін жеткізу ші, 

«Жас дәурен» /1960/, «өлеңдер» /1965/, «Құрдастар» /1966/ 

деп аталатын өлең кітаптары жарық көрген. 

Жантайлақұлы Қасихан /1914-?/—домбырашы, халық 

күйлерін насихаттаушы. МХр, Баян-өлгий аймағының Бұл ғын 

сұмынында туылған. оның әкесі Жантайлақ—әйгілі Көбеш 

батырдың нересі. 



Жантілеуов Қали /1902-1970/—Қр-нің халық артисі 

/1954/, белгілі күйші-домбырашы. орал облысының Жаңа-

қа 

ла ауданында дүниеге келген. ұстазы—әйгілі халық 



күй 

 

шісі Ерғалиұлы Мәмен /1858-1931/. Мәмен өз кезінде 



Құр манғазыға шәкірт болған. Қ. Жантілеуов 1934 жылы Қа-

зақ стан өнерпаздарының тұңғыш рет өткен слетіне қатысып, 

бірінші орын алған. Көп жылдар бойы Құрманғазы атындағы 

Мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің домбырашысы бол-

ды. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерватория 

ның ха-


лық аспаптары кафедрасында /1945-1955/, Қазақтың Жамбыл 

атындағы мемлекеттік филармониясында /1955-1968/ еңбек етті. 

Қ.Жантілеуов Қазақстанның батыс өңіріндегі күйшілік 

өнер дің майталман білгірі, күйдің әрін тайдырмай халықтық 

дәстүрде орындаудың буынсыз шебері. ол кісіден тағылым ал-

ған күйші-композиторлар, домбырашылар: ү.омаров, Х.Тас-

танов, Қ.Мұхитов, Н.Тілендиев, Ә.Есқалиев, Қ.Ақмедияров, 

Ш.Әбілтаев, С.Балмағамбетов т.б. 



Жәлімбетов Нәби  /1907-1989/—белгілі домбырашы. Қы-

зыл орда облысының Қазалы ауданына қарасты Ақсиық деген 

жерде туылған. Халықтың байырғы күйлерін көп біл ген, ол 

білгенін келістіре тартқан дәулескер домбырашы. Сыр бойын-

дағы Мырза, Айсүгір, Жалдыбай сияқты әйгілі күй ші лер дің 

дәстүрін жалғастырған соңғы өкілдерінің бірі. 

Нәби 1940 жылға дейін Қазалы темір жолында еңбек етіп, 

кейін Қызылорда облыстық филармониясында домбырашы-

лық қызмет атқарған. «Нар идірген», «Ақсақ құлан», «Құлан 

жорға», «Баулы ешкі» сияқты байырғы күйлерді белгілі дом-

бырашы, музыка маманы райымбергенов Абдулхамит нотаға 

түсірген. 





1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал