«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет34/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Әбжылан [ әб /п/—су]—фольклорлық шығармаларда суды 

мекендейтін улы жылан



Әйдіңгер /ж.с./—атақты, үлкен, әйгілі деген мағынада қол-

данылады


Әләй /ж.с./—1. жол; 2. дүлей

Әмеңгер /к.с/—қазақ дәстүрі бойынша, жесір әйелдің күйе-

уінің орнын басуға құқылы қайын не қайынағасы



Әндігер /ж.с./қадірлі, құрметті

Базына—өзім деген адамға айтылатын наз, өкпе, тілек. 

Бақастық /ж.с./көре алмастық, қызғаншақтық, күншіл-

дік 


Бақшы /т/—ақын, жырау, бақсы

Бардам /с.е./—Күйлі, әл-ауқатты 

Бек /з.б./—таулы жерде өсетін айыр жапырақты, тамыры 

жеуге жарамды өсімдік 



Ботташық—сәбізге ұқсас, көпжылдық шөптесін өсімдік

Бөблік, боплік—мәтінде құлақтандыру, хабарландыру ма-

ғы насында



Бөгенай /ж.с./—түр, тұлға, дене бітімі деген мағынада

Бөктергі—ұсақ жәндіктерді аулайтын ақсары жүнді жырт-

қыш құс


Бұла—еркін, ерке, қағусыз өскен, еш бейнет көрмеген 

(адам, мал)



Дәулескер—майталман, шебер. Мыс: дәулескер күйші 

Дерітіп (дерту)—1.ісіну, сыздау; 2. Пісіп жетілу, толысу

СөЗДІК


374

күй аңыздар



Дилы—күйлі, қуатты 

Дутар—өзбек, ұйғыр, түрікмен, тәжік халықтарының қос 

ішекті музыкалық аспабы



Ексе /с.к./—Ересек, мосқал

Жәрмеңке—үлкен базар, көшпелі немесе маусымдық сауда 

орны 


Жойдасыз /ж.с./—үлкен, жойқын, ерекше деген мағынада

Зәңгі—1. Жергілікті әкімдердің ең кішісі, старшина; Қы тай 

қазақтары арасында қолданылған ең төменгі әкімшілік лауа-

зымы. 2. Қара нәсілді адам, негр. 3. Қызметші, құл. 4. Саты, 

басқыш. 


Зәрезапмезі болу, шошыну, жалығу, запы болу

Зоң /з.з./—қарғаның түрі 

Зүбәржат /а/—жасылдау түсті, жылтыр, асыл тас

Ибадат—инабат 

Кебенек  /к.с./—малшылар аязда, жауын-шашында киетін 

жұқа киізден тігілген сырт киім.



Күбі—айран, іркіт, қымыз пісуге қаймақтан май түсіруге 

арналған ағаштан жасалған, ауыз жағы тарлау келетін піспегі 

бар ыдыс.

Қарқара—1. құстың бір түрі; 2. мәртебе, мерей; 3. қауыр-

сын


Қаукерік—аңқау, аңғал, әңгүдік

Қоғамдау—топтау, жиыстыру, басын біріктіру, шоғырлау

Қормал /с.ж./—жанашыр, қамқор адам 

Қузау—қуза етістігінің қимыл атауы. 1. Бір нәрсені қозғау, 

қаузау. 2. /ауыс./ Мәселе көтеру, қозғау салу 



Қылшан/к.с./—ертедегі батырлардың жебе салып жүруі 

үшін жылқының қылынан істелген оқ қабы, қорамсақ 



Қысырақ—үйірге қосылмағандықтан қысыр қалып құ лын-

дамаған байтал, бие



Ләббай /а/—құп; құзырыңа әзірмін

Лепес /ар./—айтылған сөз, лебіз 

Летаргілік—мәтінде бірнеше тәулік үйқы мағынасында

Мағұрланып /ж.с./—маңғазданып, бойына тоғытпай деген 

мағынада қолданылады



Мәзһап

 

/а/—жол; діни мектеп; ағым; бағыт



Мосыағаш—/к.с./—ілгегіне шелек, шәугім іліп тамақ пісі-

ретін үш тағанды темір құрал



374

375


ғылыми қосымшалар

Мүсе /ж.с./—місе

Нәнталап /ж.с./—үлкен талапты, талапшыл деген ма ғы-

нада


Нәркүмән /ж.с./—күмәнді, сенімсіз деген мағынада

Нәубет /а/—1. ырызық, ырыс, бақ, дәулет; 2. апат, кесепат, 

ауыртпалық; 3. кезек



Нәуетек /ж.с./—еңбек істеуге қыры жоқ, бос

Нөпір—қалың, қаптаған, көп 

Перен /ж.с./—ақ берен. «Берен» сөзі парсы тілінен енген, 

қазақ тілінде бірнеше мағына береді. Бұл жерде берік метал дан 

соғылған мылтық дегенді білдіріп тұр 

Пұшайман /п/—бейшара, сорлы, қайғы, өкініш 

Пылан /о/—жоспар

Раборт /о/—рапорт, мәлімдеме

Сабат—шөбі шүйгін, салқын жер, көгал

Сықырлауық—киіз үйдің ши есігінің ішкі жағынан жабы-

латын, оюлап жасалған, жарма ағаш есік



Сіргежияр—күзде бие ағытарда ең соңғы қымызға көрші-

қолаңды шақыру кәдесі



Түнкелі—Шөбі шүйгін, шұрайлы, тың жер 

Түсел /ж.с./—түсетін, қонатын үй, қоналқы 

Уәж—тапқыр сөз, сылтау, ұтымды жауап

Уызқағанақ—қойдың уыз сүтін бүйенге құйып, аузын 

буып, бумен пісіретін тағам.



Ұйқыашар—наурыз мерекесі кездерінде, сақпан кезінде 

қыздардың жігіттерге арнап пісіретін тағамының атауы



Шалғай—1. алыс, қашық, қиыр шет. 2. Киім етегінің екі 

аралығы


Шашыратқы—1. өсімдік; 2. күйек түсер кезде істелетін 

ырым, той



Шәйіт, (Шаһид, шейіт) /а/—1. ислам діні жолында қа-

сиетті соғыстарда қаза болған адамдарды шаһид, яғни шейіт 

деп атайды; 2. әділет жолында қайтыс болған адам

Шерік /з.к./—1. Жиын;  2. Сарбаз, жауынгер, қарулы 

әскер 


Шыбар /с.с./—шұбар 

Шікірә /ж.с./—дәргәр, пана, ұлық

376

ЖЕр-Су АТАулАры



Азау (Азов теңізі)—ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүс-

тігіне орналасқан теңіз. Керч бұғазы арқылы Қара теңізбен бай-

ланысады.

Ақмола—Есіл өзенінің бойында ескі керуен жолы өтетін 

Қараөткелде орналасқан, аққайрақ тастан әдемілеп жасалған 

ескерткіш белгілері; Қазақстанның бас қаласы Астананың 

бұрынғы атауы.



Алатау—басы Хантәңірінен басталып, Ташкент қала-

сы 


 

ның маңына барып аяқталатын биік шыңдарын мәңгілік 

мұз дықтар мен қар басып жататын алып таулар тізбегі. олар 

Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы т.б. деп ата-

лып, Алматы, Жамбыл, оңтүстік Қазақстан облыстары мен 

Қырғызстан республикасының біраз аумақтарын алып жатыр. 



Алматы—республикалық мәртебесі бар қала. Қазақстан-

ның оңтүстік шығысында Іле Алатауының солтүстік баура йын-

да орналасқан. 1927 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның 

астанасы болды. Қазір 1,5 миллионнан астам тұрғыны бар ірі 

қала.

Алтай—тау жотасы, аймақ. Түркілердің атамекені болған 

Алтай тауы қазір орыс Алтайы, Монғол Алтайы, Қазақ Алтайы 

деп бөлінеді. оның үштен бірі Қазақстанның үлесінде. Қазақ 

Алтайы өз ішінде өр Алтай, Кенді Алтай болып, Ертіс өзені 

арқылы екіге бөлінеді. оларды Қалба жотасы жалғастырып 

тұр. Алтай тауы батыстан шығысқа қарай, яғни ең биік нүктесі 

Мұзтауға қарай биіктей береді. Алтайдың осы аймағын қазақ-

тар өр Алтай деп, Катонқарағай мен Марқакөлдің арасындағы 

тау жотасын белгілеп жүр. Қазақ ішінде ол таулар Тарбағатай, 

Алтай жайлаулары делінеді. 



376

377


ғылыми қосымшалар

Алтын Орда—орта ғасырларда Шыңғыс хан империя сы-

ның құрамында Дешті Қыпшақта құрылған түркі мемлекеті. 

Алтын орда құрамына Ертістің шығыс жағалауынан Балтық 

теңі зіне дейінгі, Сібірден Хорезмге шейінгі ұлан ғайыр аумақ 

енді. Бату хан тұсында мемлекет астанасы Еділ бойындағы 

Сарай қа ласы болып, кейін Берке хан кезінде Сарай-Беркеге 

көшірілді. Алтын орда Анадолымен, Сириямен, Мысырмен, 

Визан тия мен және Шығыс елдерімен сауда қатынасын орна-

тып, елші ліктер алмасты. ұлы Жібек жолының маңызды бір 

тармағына бақы 

лау жүргізді. Әмір Темірдің жойқын әскері 

жасаған үш жорығы нан кейін Алтын орда әлсіреп, 1502 ж. 

соңғы билеуші Шейх Ахмед ханның өлімінен соң мемлекет 

жойылды. Алтын орда жерін де Қазақ, Ноғай, Қырым, Қазан, 

Қасым, Астрахан, Сібір, Башқұрт хандықтары пайда болды. 

Амудария (Ежелгі атаулары—Әму, окс, Балх, Жәйхун)—

орталық Азиядағы ең ірі және суы мол өзен. Амудария жаға-

лауында Тәжікстан, өзбекстан, Ауғанстан, Түркіменстан орна-

ласқан. осы мемлекеттер өзенді ауыл шаруашылығына, егін 

шаруашылығына пайдаланады. 

АрқаҚазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл 

Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда орталық Қазақстанды 

білдіреді. Шындығында, қазір Арқа—орталық, Шығыс, Сол түс-

тік Қазақстанды және Ақтөбе облысының бір бөлігін қам титын 

үлкен аймақ. Арқа туралы тарихшы Құрбанғали Халидтің 

«Тауарих-и Хамса-и шархи» атты еңбегінде көп деректер бар. 

Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен шежіресі» атты еңбегінде Арқа мен 

Дешті-Қыпшақты бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.



Арыс—оңтүстік Қазақстан облысындағы өзен. 

Астрахан (Қажы-Тархан)—қала, ресей Федерациясы-

ның облыс орталығы. Еділ өзенінің екі жағалауын ала Каспий 

теңізінен 150 шақырым қашықтықта орналасқан. ІІІ ғасырда 

Астраханның орнында хазарлардың ежелгі астанасы итиль, 

VІ ғасырдың аяғында Балангир қаласы болды. ХІІІ ғасырда 

Шыңғысхан ұрпақтары ескі қаланың орнына Хажытархан қа-

ласын салды да, ХІV ғасырда хандықтың астанасы етті. 1459-

1556 жылдары Астрахан хандығының басты қаласы болды. 



АягөзАлматы, Шығыс Қазақстан облысы аумағы арқылы 

ағатын өзен. Тарбағатай жотасының солтүстік сілемдерінен ба-

стау алады. Балқаш көлінің солтүстік шығыс бөлігіне құяды. 


378

күй аңыздар



Бағдат—көне қала, (кейбір жорамалдар бойынша, ежелгі 

парсы тіліндегі «бага»—Құдай, «дад»—берген, яғни «Құдайдың 

сыйы» деген ұғымды білдіреді). ирак мемлекетінің астанасы. 

Тигр өзенінің екі жағалауында орналасқан шаһарды «Мәдинат 

ас-салам», яғни «Бейбітшілік қаласы» деген атпен Халиф 

Мәнсүр 762 жылы тұрғызған. 



Балқан  тау—Каспий теңізінің оңтүстік шығысында, Түр-

кіменстан республикасы жеріндегі тау жоталарының тіз бегі. 

оқ Балқан, Кіші Балқан сияқты атауларымен де мәлім. «Барар 

жерің Балқан тау, ол да біздің барған тау» деген қазақ мәтелі 

осы араны меңзеген. 

Балқаш көлі—Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұй-

ық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңізінен кейінгі ірі 

су қоймасы. Балқаштың батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне 

Қаратал, Ақсу, лепсі және Аягөз өзендері құяды. 



Бетпақ шөлі, Бетпақдала—Қазақстанның орталық бөлі-

гіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қара-

ғанды, Жамбыл, оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында 

орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, 

шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, 

солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі.



Бұқтырма өзені

 

— өзен, Ертістің оң саласы. Шығыс Қазақ-

стан облысы, Қатонқарағай, Зырян аудандарының жерімен ағып 

өтеді. Ағысының күштілігіне байланысты «Бұқтырма» атанған.



Бұхара (санскритше вихара—монастырь)—б.д. І ғасырында 

іргесі қаланған, Зарафшан өзенінің төменгі ағысында орна-

ласқан, орта Азиядағы көне қалалардың бірі. Қазірде өзбек-

стан республикасының осы аттас облысының орталығы.



Еділ  (Волга)—Еуропадағы ең үлкен өзен. Еділ бастауын 

Валдай қыратынан алып, Каспий теңізіне құяды. Еділге 200-

ден астам сала құяды. Еділ өзенінің әдеби—тарихи деректер де-

гі орны ерекше. оны барша түркі халықтарының ақын-жы рау-

лары құрметпен атап, өз шығармаларына арқау еткен.

Ерейментау—Сарыарқаның солтүстігіндегі таулы алқап. 

Ақмола, Қарағанды облыстарында орналасқан. ол өлеңті және 

Шідерті өзендерінің су айрығы болып табылады. осы өзендер-

дің салалары—Жарық, Қарасу, олжабай, Тұрғынбай өзендері 

тау беткейлерінен басталады.

Ертіс—Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі өзен. обьтың 

сол саласы. Монғол Алтайының оңтүстік-батыс беткейіндегі 



378

379


ғылыми қосымшалар

мұздықтардан бастау алып, Шығыс Қазақстан, Павлодар, 

Қарағанды облыстарының аумағын басып өтеді. 

Жайық—Каспий алабындағы өзен. оңтүстік орал тауы 

және Каспий ойпаты, ресей Федерациясының Башқұртстан 

республикасы, Челябі, орынбор және Қазақстанның Батыс 

Қазақстан, Атырау облыстарының жерінен ағып, Атырау қа-

ласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Жайық өзені бойымен 

Еуропа мен Азияның шартты шекарасы өтеді.



Жаңкент (Жаңакент)—орта ғасырлардан сақталған кө-

не қала орны. Сырдарияның Арал теңізіне құяр тұсында орна-

ласқан. Жувейнидің, Несевидің және омаридің тарихи ең бек-

терінде айтылады. Жанкент X-XI ғасырларда оғыз бір лес тігі 

билеушілерінің қысқы ордасы, мұсылмандар қонысы, сау-

да жолы болды. Қала Шыңғыс хан шапқыншылығына дейін 

Х-ХІІ  ғасырлар аралығында өркендеген.

Жем—Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау об-

лыс тарымен ағып өтеді. 



Зайсан—Шығыс Қазақстан облысының аумағында орна-

ласқан көл. Солтүстігінен Нарым мен Күршім, оңтүстігінен 

Сауыр-Тарбағатай жоталарының сілемдерімен қоршалған қа-

заншұңқырда жатыр. Зайсанға Қара Ертіс өзені құяды да, 

Ертістің (Ақ Ертіс) бір саласы ағып шығады.

Қазалы—Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы қала 

(1867 жылдан). Аудан орталығы—Әйтеке би кентінен оңтүс-

тікке қарай, Сырдарияның оң жақ жағалауына орналасқан. 

Кейбір деректер бойынша, елді мекен аты «Қаза» деп атала-

тын балық аулау жабдығынан шыққан болса, басқа деректер-

де мұнда әділ қазылығымен аты шыққан халыққа жаққан бір 

адамға байланысты «Қазы» атанып кейін «Қазалы» болып 

өзгерген дейді. 



Қазығұрт—Шымкентке жақын жердегі тау. Қазақ аңыз-

да рында «Нұх пайғамбардың кемесі осы Қазығұртқа келіп тоқ-

таған» делінеді.

Қанас—Қытайдың Шыңжаң өлкесінде орналасқан тау ара-

сындағы ірі көлдердің бірі. 



Қара теңіз—Атлант мұхитының жерорталық теңізі. Жаға-

лау лары ресей, румыния, Болгария, Түркия елдеріне ортақ. 



Қарқара—Алматы облысының райымбек ауданындағы 

өзен, тау, жайлау, ауыл атауы. Биік тау етегінен Шырғанақты 



380

күй аңыздар

өзеніне дейін созылып жатқан кең алқапты және сол өзен 

жағасындағы ауыл атын жергілікті халық Қарқара атайды. 

осы жер 1916 жылы Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілістің 

ошағының бірі болғаны тарихтан белгілі.



Қиыл өзені—ойыл алабындағы өзен. Ақтөбе облысы, ойыл, 

Қобда аудандары жерімен ағады. Қиылдың салалары—Ақ-

құдықсай, Қоңырсай өзендері Доңызтаудан басталып, Сарал-

жын аралы тұсында ойылға құяды. 



Қобда—Ақтөбе  облысындағы аудан орталығы. Елек ала-

бындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға, Қобда ауданы жер ле-

рімен ағады.

Қордай—тау, асу аты. Жамбыл облысындағы аудан орта-

лығы. Шу-Іле тауларынының оңтүстік-шығысындағы Кіндік-

тас және Жетіжол жоталары аралығындағы асу.

Қырым—Еуропаның оңтүстігіндегі түбек. Қара теңіз, 

Азов теңіздерімен Перекоп мойнағы арқылы шығыс Еуропа 

жазығымен ұштасады. Солтүстік бөлігі-жазық даламен, оң-

түстік жағы Қырым тауларымен ұласады. 



Маңғыстау—облыс, тарихи аймақ. Қазақстанның оңтүс-

тік-батысында орналасқан. Ел аузында Маңғыстаудың ойында 

360 әулие өмір сүргендігі айтылады. 

Марқакөл—Шығыс Қазақстан облысындағы көл. Халық 

аузындағы бір аңызда: «Көл орнындағы бір аңғарға қап-қара 

марқа қозы түсіп кетіп, соны шығарып алғаннан кейін орнында 

аяқ астынан үлкен көл пайда болыпты» деген мәлімет кезде седі. 

Сондай-ақ көл атының осылай аталуын жалайыр тайпасы ның 

марқа руымен байланыстыру да бар. Тарихи деректерде ХІІІ-

ХV ғасырларда Алтай тауының Күршім ауданында жалайыр-

лардың тұруы бұған дәлел. Ғылыми этимология бойынша, Ал-

тай тауында қар суынан жиналатын көптеген көлдердің «үлке ні, 

марқасы» деген мағына береді. Марқакөл—«үлкен көл» деген 

атауЕл аузында осы көлде ақмарқа деген жануардың тірші лік 

ететіні де айтылады. Ақмарқа—балық атауы. Бұл да мағына сы 

жағынан жақын байланысады. 

Мысыр—араб елінің африкалық бөлігіндегі көне шаһар 

әрі ел атауы. Жергілікті арабтар Египетті де, оның астанасы 

Қаһираны (Қайыр) да Мысыр деп атайды. Қазақ фольклорын-

да, сондай-ақ көптеген шығыс халықтарының ауыз әдебиеті 

шығармаларында Мысыр шәрі деген атау жиі ұшырасады.


380

381


ғылыми қосымшалар

Нарынқол—Алматы облысының райымбек ауданына қа-

расты елді мекеннің аты.



Нарын құм—Батыс Қазақстан аймағындағы үлкен құм. 

ХІХ ғасырдың соңына дейін мұнда Жәңгір хан мен оның мұ-

рагерлерінің ордалы қонысы орналасқан.

Өлеңті—Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан облы-

сының Сырым және Ақжайық жерлерімен ағады. Қазақ эпос-

тарында жиі аталатын, тарихи-мәдени маңызы зор көне эпо-

нимдердің бірі. 



Сағыз—Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау облыс-

тарының жерімен ағады. Қазақтың батырлық эпостарында, 

Асан қайғы, Махамбет, Мұрат жырларында жиі аталатын та-

рихи-эпикалық гидроним.



Сайрам—оңтүстік Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық 

ірі қалалардың бірі. Бұрынғы аты—исфиджаб. орналасқан 

жері қазіргі Сайрам кентінің оңтүстік батысында, Шымкент 

қаласынан 12 шақырым жерде. Сайрам жайлы алғашқы дерек 

Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-түрк» атты еңбегінде 

кездеседі. Моңғол шапқыншылығынан кейін Сайрам маңыз ды 

орталықтардың біріне айналған. ХV-VІІІ ғасырларда қазақ хан-

дықтары кезінде ірі сауда, діни және мәдениет ошағы болған.



Самарқан—ІV ғасырда Марақанда деген атпен белгілі бол-

ған, Зеравшан өзенінің аңғарына жақын орналасқан орта Азия-

да ғы көне қалалардың бірі. Қазір өзбекстан республикасы ның 

осы аттас облыс орталығы. 



Сарай—Алтын орданың астанасы. осы аттас екі қала бол-

ған. олардың бірі Батудың сарайы, екіншісі, Беркенің Сарайы 

деп аталған.

Семей—Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала. Іргесі 

ХVІ ғасырда қаланған қаланың алғашқы атауы—Жетішатыр. 



Сыр—Сырдария өзені. орта Азиядағы ірі өзен. Қарадария 

мен Нарын өзендерінің Ферғана қазан шұңқырының шығыс 

бөлігіндегі қосылған жерінен бастап Сырдария аталынып, 

Арал теңізіне құяды.



Сібір—Азияның орал таулары мен Тынық мұхит жаға ла-

уының және Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы мен Моңғолия 

шекарасы, Сарыарқа етегі аралығындағы бөлігі.

Тайсойған—Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы 

құм. ойыл өзенінің төменгі бөлігінің сол жағалауымен жарып 

шыққан өзенді бойлай созылып жатыр.


382

күй аңыздар



Тарбағатай—Зайсан және Балқаш—Алакөл арасындағы су 

айырық тау қыраты. Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының 

жерінде орналасқан. Тау ендік бағытта батыстан шығысқа қа-

рай созылып жатыр. Аягөз ауданында Тарбағатай ауылы бар.



Тәшкен (Ташкент) [/т.,п./—тас қала]—көне тарихи қала. 

өзбекстан республикасының астанасы. Қазақ халқының ауыз 

әдебиеті мен фольклорында жиі ұшырайды.

Текес—Алматы облысының райымбек ауданына қарасты 

ауыл және өзен атауы.



Түркістан—тарихи қала. Қазіргі оңтүстік Қазақстан об-

лы 


сындағы Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның 

оң жақ аңғарында орналасқан. 2000 жылы көне қаланың 

1500  жыл дығы аталып өтті. Арабтардың географиялық жазба-

ларына қарағанда, ІV-X ғасырларда бұл қаланың орнында Ша-

угар (арабша Шауағар) мекені болған, бірақ бұдан із қалмаған. 

XІІ-XІV ғасырларда Түркістан яссы деген атаумен белгілі 

болды. Қожа Ахмет яссауидің кесенесі салынған соң, түркі 

халықтарының діни-рухани орталығына айналды.



Ұлытау—Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі ұсақ шо-

қылы, таулы өлке. ұлытауда атақты Жошы хан мазары сақ-

талған. Бұл арада өткен ғасырларда үш жүздің бас қосып, ел 

тағдырына қатысты алқалы жиындар өткізіп тұрған.



Ұрым (Үрім, Рум)—Византия. Шығыс халықтары оны орта 

ғасырларда осылай атаған. Сол халықтардың фольклоры мен 

әдебиетінде рұм атауы өте алыс, ғажайып өлкенің символы 

ретінде қолданылған.



Үнді (Үндістан)—үнді мұхиты жағалауында, оңтүстік 

Азияда орналасқан мемлекет. гималай тауларынан оңтүстік-

ке қарай оңтүстігі, оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа 

және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе 

жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Арабия 

теңізінің, Шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының сулары-

мен қоршалған. 

Үргеніш—ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекеті нің 

астанасы. орны қазіргі Түркменстан республикасы, Ташауыз 

уәлаятындағы Көне үргеніш елді мекенінің жанында. үргеніш-

тің гүлдену кезеңі XII-XIII ғасырлардағы хорезмшахтар би лік 

еткен кезеңге тура келеді. XIII ғасырдың ортасынан бас тап 

Алтын орданың құрамында болып, сауда, қолөнер, әкімші-



382

383


ғылыми қосымшалар

лік орталық ретінде өз маңызын жойған жоқ. XIV ғасырдың 

ортасына қарай Хорезм Алтын ордадан бөлінген кезде үргеніш 

қайтадан оның астанасына айналды. XVII ғасырда қала тірші-

лігі құлдырап, кері кетті.


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет