«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.

бет33/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Құрманғазы Сағырбайұлы /1823-1889/—күйші, компози-

тор, дүлдүл домбырашы. оның күйлеріне тарихи мазмұнмен 

қатар, терең ойларға жетелейтін саздылық тән. Кең тынысты, 

буырқанған шығармалар мен баяу, терең мәнді туындылар 

Құрманғазы шығармашылығының жанды буыны. Құрман-

ғазы ның күйлерінің бірсыпырасы қазақ халқының поэзиялық 

өлең  өрнектерімен сабақтас. Мысалы, «Аман бол шешем, аман 

бол!» деген шығармасы 8 буынды поэзиялық өлшемнің көріні-

сі. Құрманғазы 70-тен аса күй қалдырды. Қазақ мәдениеті 

және музыкатану ғылымы үшін Құрманғазы күйлерінің 

фольклорлық келбеті—көп нұсқалылығын; музыка тілінің 

даму ерекшеліктері—стадиялылығын; жалпы күй өнеріне 

тән белгілері—типологиясын т.б. анықтаудың маңызы зор. 

Құрманғазы ның «Ақбай», «Қайран шешем», «Кісен ашқан», 

«Түрмеден қашқан», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым», 

«Қызыл қайың», «Кішкентай», «Көбік шашқан», «Сарыарқа» 

т.б. көптеген күйлері бар.

Қыпшақ—қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі ха -

лық тарының негізін құрған ежелгі тайпа, орта ғасырларда 

орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыс-

тардың бірі. Қыпшақ атауы алғаш ежелгі түркінің Шина 

усу ескерт кі шінде кездеседі. Махмұт Қашқари еңбегі бой-

ынша IX ға сыр да ғы қыпшақтардың құрамына қимақ, субар, 

қаңлы, қарабө рік ті, тоқсаба, жете, бөрлі т.б. рулар мен тай-

палар енген. Қыпшақтар түрік қағанаты ыдырағаннан кейін 

алғашында қи мақ қағандығының құрамында болып, XI ға-


364

күй аңыздар

сырда бөлініп шықты. Шыңғысхан империясының батыс 

бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын орда) тарихшылар Дешті 

қыпшақ деп атаған.

Махамбет Өтемісұлы /1803-1846/—батыр, ақын, күйші. 

исатай Тайманов бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды 

жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, аздап орысша оқыған. 

Әкесі өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдар орын-

бор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында 

болды. 1834 жылдан бастап исатай батырмен бірікті. Жәңгір 

хан Махамбетті өз жағына тартып старшын лауазымын ұсы-

нып та көрді. Бірақ орыс империясының қазақ хандығын жою 

мақсатындағы іс-әрекеті, жердің тарылуы, әсіресе, Жәңгір 

ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен қайын ата-

сы Қарауылқожаға ұстемдік беруі бүліншіліктің туылуына 

себепші болды. ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін 

байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, 

елдікті сақтап қалуға шақырды. оның «Мұнар күн», «Ереуіл 

атқа ер салмай», «Әй, қызғыш құс, қызғыш құс», «ұлы арман», 

«Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер», 

«Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы» т.б. көптеген 

жырлары бар. Махамбет тек қана ақындығымен емес, күйші-

лік өнерімен де әйгілі. Мысалы, «Қайран Нарын», «Жұмыр 

қылыш», «Шілтерлі терезе», «Жайық асу», «Қиыл қырғыны» 

қатарлы бірнеше күйлері бар. 

Мәмен Ерғалыұлы /1868-1931/—күйші, композитор. Ба-

тыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданынан. Құрманғазы-

дан тағылым алып, халық арасында оның күйлерін («Адай», 

«Байжұма», «Төремұрат», «Теріс қақпай» т.б.) нәсихаттады. 

ұстазының орындаушылық нақышын терең меңгерген Мәмен 

өз жанынан «Ақ шолпан», «Қайғылы қара», «Қаражан ханым», 

«Кербез Ақжелең» т.б. күйлер шығарған. 20-ғасырдың басын-

да қазақ даласында болған аласапыранды кезеңді меңзейтін 

«1916  жыл», «1917 жыл» атты күйлері бар.

Орда Ежен /т.ж.б.-1253/—Ақ орда мемлекетінің негізін 

қалаған хан. Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның 

үлкен ұлы. Қазақ хандарының арғы атасы. орда Ежен 1236-

1242 жыл 

дардағы моңғолдардың батысқа жасаған барлық 

жо рықтарына белсене қатысты. Жошы ұлысы екі қанатқа бө-

лінгенде сол қанатын орда Ежен, оң қанатын Бату басқарған. 


364

365


ғылыми қосымшалар

осының негізінде 13 ғасырдың ортасында әскери-саяси иелік-

тер қалыптасып, соңынан олар дербес мемлекеттерге айналды. 

Рүстем төре, Рүстем, Тентек төре — қазақ сұлтаны. 

1821 жылғы Қоқан хандығының езгісіне қарсы Түркістан, 

Әулиеата, Шымкент және Сайрам қалаларының аумағын 

қамтыған көтеріліске жетекшілік етті. ол қақандықтармен 

бол 

ған ұрыста күштің тең болмауы себепті жеңіліп, қо 



қан-

дықтармен ымыраға келеді, алайда Саржан төре бастаған ұлт-

азаттық көтеріліске қолдау білдірді. рүстем төре ұлы жүз 

қазақтарының арасына көшіп келіп, Түрген өзені бойынан 

бекініс салдырады. осы жылы өзіне қарасты билермен бірге 

Құдайберді дуанбегі жіберген, қоқандықтардың 56 зекетшісін 

қырып салғаннан кейін Қарқара жаққа өтіп кетті. Шоқан 

уәлихановтың көрсетуінше, ол Құлжа маңын қыстаған. Ке-

несары Қасымұлының Жетісуға келгенін қолдағанымен, қыр-

ғыздармен болған соғысын құптамады. 



Салжұқ—түркі-оғыз тайпасының бір тармағы. Құрамына 

қынық тайпасы басшылығындағы әртүрлі оғыз тайпалары 

кіріп, қынықтардың тайпа көсемі Салжұқ бектің атымен атал-

ған. Салжұқ әулетіне бағынды және саяси тарихы Салжұқ 

сұлтандығымен тығыз байланысты болды. Салжұқтар қазіргі 

түрік, түрімен, әзербайжан т.б. түркі халықтарының ұлт 

ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

Саржан Қасымұлы /т.ж.б.—1836/—қазақ халқының 1825-

1836 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, 

Абылай ханның немересі. орта жүзде хандық биліктің жойы-

луына тақ мұрагері Ғұбайдолла уәлиұлы және әкесі Қасым 

сұлтанмен бірге қарсылық танытып, ресей өкіметі жағынан 

ашылған округтерді жойып, хандық билікті қалпына келтіруді 

талап етті. оның осы мақсаттағы көтерілісі он жылға со-

зылды. 1836 жылдың жазында Қоқан билеушілері Саржан-

ды зұлымдықпен өлтірді. оның бастаған ісін інісі Кенесары 

жалғастырды. 



Саурық Ыстамбекұлы /1814-1854/—батыр, би. ұлы жүз—

шапырашты тайпасының есқожа руынан шыққан. Қарасай 

батырдың алтыншы ұрпағы. Немере ағасы Сұраншы батырмен 

бірге Жетісуді Ілеге дейін билеген Қоқан хандығының езгісі не 

қарсы шығып, жергілікті халықтан жасақ құрды. 1853 жыл-

ғы Сарыкемерде Тілеуқабыл руларын шапқан қоқандықтарға 



366

күй аңыздар

қарсы ұрысқа Саурық батыр да белсене қатысқан. ол ресейдің 

Жетісуді жаулап алу саясатына наразылық танытушылар-

дың да алдыңғы қатарында тұрып, орыс әскерлерінің Тойшы-

бек бекінісіне шабуылына ашық қарсылық білдірді. Саурық 

қырғыздармен соғыс кезінде қаза тапқан. Саурық туралы 

Сүйінбай, Жамбыл жыр толғаған. 



Сейтек Оразалыұлы /1861-1933/—күйші, композитор. 

Батыс Қазақстан Бөкей ордасы ауданында туылған. Жасы-

нан домбыраға құмар Сейтек 12 жасында күйшілік шеберлі гін 

танытқан. Алғашқы домбыра тартуды ағасы Сұлтанғали 

дан 

үйренген. 17 жасында Салауаткерей, Әлікей сынды дом 



бы-

рашылармен жүздесіп, олардың «Көркем-ханым», «Алтын 

шаш», «Әсем» т.б. күйлерімен репертуарын толықтырады. 

Сейтек шығармаларының негізгі тақырыбы халықтың тұр-

мыс-тіршілігі, өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік теңсіздігі, 

озбырлығы болса, осы ойын күйлері арқылы жеткізген Сей-

тек талай мәрте абақтыға да жабылады. Кейін Сейтек Сібірге 

айдалғанда ел-жұртына деген сағынышы, оның тұрмыс жай-

ына деген күйзелісі «Айдау», «Түңілдім», «Арман», «Замана» 

сияқты күйлері арқылы өрнектелді. Сондай-ақ Сейтек осы за-

мана шындығын күй тілімен жеткізсе, оның тағы лирикалық 

толғанысты арнау күйлері болғаны мәлім.



Сиқым—ұлы жүз дулат тайпасына кіретін рулардың бірі. 

Шежіре деректері бойынша, дулаттан сиқым, жаныс, ботбай, 

шымыр тарайды. Сиқымнан—аққойлы, қарақойлы, қусирақ, 

шуылдақ, әлсейіт, жансейіт тараған. 



Сыпатай Саурықұлы /1837-1899/—Қоқан хандығы бас-

қын шылығына қарсы күрескен батыр. ұлы жүз—шапы раш ты 

руының есқожа тармағынан шыққан. 1857 жылы Ш.уәлиханов-

тың Жетісуға сапарында оны Іле өткелінде Диқанбай батыр-

мен бірге қарсы алып, жергілікті халықтың кәсібі, әдет-ғұр-

пы жөнінде көптеген мәліметтер берген. Сыпатай батырдың 

ерлігі, елін қорғаудағы жауынгерлік жорықтары Жамбыл мен 

Құланаян Құлмамбет, Жамбыл мен Сарбастың айтыстарын да, 

Сүйінбай жырларында айтылған.

Сырым Датұлы /1723-1802/—батыр. Азан шақырып қой-

ған есімі Шынтемір екен. Батыс Қазақстан облысының Сырым 

ауданындағы Сарыой аулында дүниеге келіп, Хиуа хан дығы 

жерінде қаскөйлердің қолынан қаза тапқан. Тегі—он екі ата 



366

367


ғылыми қосымшалар

Байұлына жататын Байбақты руының Шолан (Әйтімбет) ата-

сынан. Халықтық шежіре бойынша, Шоланнан—Дат, Есен бай, 

Байторы; Даттан—Адамбай, Шынтемір (кейін оны ерке летіп 

«Сырым» атандырған), Атымтай, Жомарт, Базарбай, Барлы-

бай, Жандыбай, Дүйімбай, Қорлыбай, Қалдыбай және жастай 

өл ген Шыбынтай деген он бір ұл туады. Патшалық ресейдің 

да ла лық өлкеде әкімшілік-саяси реформа жүргізіп, хандық би-

лік ке дәстүрлі шектен асыра артықшылық беруі арқылы қа лың 

бұқараның табиғи-өзіндік құқыларын шектеуі (атақоныс 

тан 

ажыратып, бағзылы иеліктегі өзен, көл жағалауларын, өріс, 



жайылымдарын пайдалануға тыйым салуы т.б.), алым-салым-

ды көбейтуі Сырымды және оның тұстастарын қатты ашын ды-

рады. олар қолдарына қару алып, қалыптасқан саяси жүйе-

ге—отарлаушы орыс үкіметінің жергілікті әкімшілік 

тері 

не, 


«орыс тағайындаған» хан, сұлтандарға қарсы көтеріледі. Бұл—

дәстүрлі қазақ қоғамының қалың бұқарасын, оның әр алуан 

әлеуметтік топтарын (қарасын да, төресін де, шаруасын да, бай-

бағыланын да, би-ақсақалын да, батыр-баһадүрін де) қамты ған, 

ресейдің отарлау әрекетіне қарсы бағытталған ұлт азатты ғы 

жолындағы көтеріліс-тұғын 



Сұраншы батыр Ақынбекұлы /1815-1864/—қазақ баты-

ры, Саурық батырдың немере інісі. ұлы жүздегі шапырашты 

тайпасының есқожа руынан шыққан. Аталары Қарасай батыр, 

Түрікпен, Мырзабек, Кәшке ел арасында атағы шыққан ше-

шен, батыр болған адамдар. Сұраншы батыр ресей үкіметіне 

Верный (Алматы) бекінісін салуға көмектеседі. орыс әскерле-

рі мен бірге Тойшыбек бекінісі жанында Қоқан хандығының 

3 мың әскерімен соғысып, жеңіске жеткен. осы сияқты орыс 

әскерлерімен бірігіп Қоқан басқыншыларының езгісіне қарсы 

сан рет соғысқа шыққан. Сұраншы батыр бейнесі Жамбыл дың 

«Сұраншы батыр» поэмасында, Сүйінбайдың «Сұраншы», «Ту 

алып жауға шықсаң сен» толғауларында жырланады. 



Тама—қазақ халқының құрамындағы тайпа. Шежіре 

бойын 


ша, Кіші жүз құрамына кіретін жетірудың ішіндегі 

бел 


гілі атаның бірі. Кейбір деректер бойынша, тама XI-XII 

ғасыр лар да Қаратау бөктерін, Созақ қаласын, Қазалы өңіріне 

қоныс тан ған. Тама Қарадөң батыр ұрпақтары Мұрын жырау-

дың айтуынша, былай өрбиді: Қарадөң батыр—Жұбаныш—

Сүйініш—Ер Бегіс—Ер Көгіс—Тама. Ел аузындағы шежіреде 


368

күй аңыздар

және М.Тынышбаевтың пайымдауы бойынша, Тамадан—Қа-

рабура, одан—Нәрік, Нәріктен—Шора батыр, Шорадан—Шот-

қара, ал Шотқарадан—Есенгелді, Жөгі, Жабал өрбиді.

Тарақты—орта жүз құрамындағы тайпа. Тарақты ежел-

гі одақтар мен мемлекеттердің құрамына енуі жайында әде-

биетте деректер кездеспейді. оның шығу тегі жөнінде қазақ 

шежіресінде бірізділік жоқ. Шежіре деректері бойынша, ақ-

жолдан қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, тарақты, 

уақ, тарақтыдан апай, тоқтауыл, қыдыр, жәші (жасши), әлі, 

сары, әйтей, қосанақ, алакөз, шәуке, әлеуке, көгедей болып он 

екі арыс ел тарайды. Басқа шежіре деректерінде Тарақтыны 

арғын тайпасына жатқызады. Тарақты Қазан төңкерісіне дейін 

орталық Қазақстанның Ақтау, Қызылтау, ортау мекенде-

рін, Жоғарғы Сарысу, Көктің көлі, Есіл, Нұра өзендерінің 

бойын мекендеген. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес-

те Тарақтының Наймантай, Байғозы батырларының есімдері 

аңызға айналған. Бетпақдаланың Арқа жақ шетінде, Шажа ғай 

өзенінің бойында Тарақты Алтыбай батырға ескерткіш-күм без 

соғылған. ұраны—Жауғашар, Байғозы, тарақ таңбалы.



Тәттімбет Қазанғапұлы /1815-1862/—күйші, компози-

тор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негі-

зін салушылардың бірі. Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен 

дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі 

Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Тәттімбет-

тің түрлі тақырыпты қамтитын 40 тан аса күйлері бар. оның 

«Қос басар», «Сары жайлау», «Сары өзен», «Терісқақпай», 

«Сылқылдақ», «Бес төре», «Азамат», «Алшағыр», «Азына», 

«Көкейтесті», «Бозторғай», «Қорамжан», «Бозайғыр», «Ерке 

атан», «Ноғай-қазақ», «Кер киік», «Қашқан қалмақ», «Қара 

жорға», «Балбырауын», «Жетім қыз», «Сал қоңыр», «Көш 

жанаған», «Сары қамыс», «Шәйір қалды» т.б. күйлері өмірді 

терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін 

аңғартады.



Тойшыбек Қасаболатұлы /1783-1860/—би, батыр. ұлы 

жүз—дулат тайпасының ботбай руынан. Кенесары Қасым ұлы 

бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қолдау 

танытқан. 1849 жылы Алматы қаласына таяу маңда, Ақсай 

және Қарасу өзендерінің түйіскен тұсында бекініс салдырған. 

Тойшыбек батыр өз өмірінде ресейдің отарлау саясатына қарсы 



368

369


ғылыми қосымшалар

қол бастаған. Талай рет Қоқан, Қырғыздармен бірлесіп Іле 

өңіріндегі бекіністерге шабуыл жасап, орыс әскерлерін көп 

шығынға ұшыратқан. 



Төле, Толуи—түркі-монғол ханзадасы. Шыңғыс ханның 

төртінші ұлы. Шешесі Бөрте Қоңырат қоңырат тайпасынан 

шыққан. Төле жас кезінен бастап үнемі әкесінің қасында бо-

лып, монғолдардың негізгі жорықтарының бәріне дерлік қа-

тысқан. Кейін Шыңғыс хан өзі билеген аймақтарды Бөртеден 

туған төрт ұлына бөліп бергенде, Төлеге қарашаңырақ иесі—

кенже бала ретінде монғол үстірті мен түркі-монғолдардың 

не гізгі әскер күші мұраға қалдырылған. Негізгі әскер күшін 

өз қолына шоғырландырған ол моңғолдардың 1235-1242 жыл-

дар Қытайға, Шығыс Еуропаға, иранға жасаған жорықтары на 

белсене араласып, көмекке балаларын жіберіп отырды. Жаз-

ба деректерге қарағанда, ағасы Шағатай мен үгедейден бұрын 

қайтыс болған.

Төле би Әлібекұлы /1663-1756/—қазақтың атақты үш биі-

нің бірі. Қазіргі Жамбыл облысының жерінде, Шу өзенінің 

бойындағы Жайсаң жайлауы деген жерде дүниеге келген. ұзақ 

өмір сүріп, 1756 жылы қазіргі оңтүстік Қазақстан облысы, Төле 

би ауданына қарасты Ақбұрхан-орда деген жерде қайтыс бол-

ған. Сүйегі Тәшкен қаласындағы Жүніс ханның қабырының қа-

сына жерленген. Дулат ішіндегі Жаныс. Жаныс—Жайылмас—

Қожамберді—Құдайберді—Әлібек. орта жүздің биі Қазыбек 

Келдібекұлы мен кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлы үшеуі 

Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болып, қазақ халқының 

заңы ретінде «Жеті жарғының» дүниеге келуіне ат салысады. 

Тәукеге Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүзді бір жер-

ден басқаруға, сөйтіп, бір тұтас қазақ хандығын нығайтуға 

көмектеседі.



Төремұрат Тайлыбекұлы /1821-1823/—белгілі батыр. Кіші 

жүздің таз руының жастабан тармағынан шыққан. өтен, На-

рынбай батырлардың үзеңгілес серігі болып, ресей отаршыла-

рына, түрікпен аламандарына қарсы соғыстарда ержүректілі-

гімен аты шыққан. Қаһармандығы үшін таз руының ұранына 

айналған. Палуан, мерген, домбырашы ретінде де қадірленген. 

Түрмеден қашып шыққан ұлы күйші Құрманғазыны панала-

тып, қамқорлық көрсетеді. Біреуге айттырылып қойған, сүйген 

қызы Данай сұлуға үйленгендігі үшін елден қудаланып, Хиуа 

24-136


370

күй аңыздар

жұртына кетуге мәжбүр болған. Түрікпен аламандарымен 

соғысып, Күйкен тауы маңында қаза тапқан.



Уақ—орта жүз құрамына кіретін тайпа. Шежіре деректе-

рінде уақ аталарының бірі ретінде әйгілі Ер Көкше батыр мен 

оның ұлы Ер Қосай батырдың есімдері аталған. уақтың шығу 

тегі туралы пікірлер де әртүрлі. Тарихшылар Ә.Марғұлан мен 

Н.Мыңжани IX-XIII ғасырларда моңғол үстіртін мекендеген он-

гуттарды уақ деп есептеген. Ш.Құдайбердіұлы мен А.левшин 

оларды қазақ хандығына XVI-XVII ғасырларда ғана қосылды 

деп санаған. Ал Ш.уәлиханов Ер Көкше, Ер Қосай батырлар 

арқылы уақтар Алтын орда ыдыраған кезден бастап көріне ба-

стады дейді. Қазақ арасына кең тараған аңыз бойынша, уақ керей 

тайпасымен туыстас. уақтың алғашқы атамекені Қазақстанның 

оңтүстік-шығысы мен Моңғолияның батысы болса керек. 



Шағатай /1183/85-1241/—Шыңғыс ханның Бөртеден ту-

ған екінші ұлы. Аса ержүрек батыр және қайсар мінезді адам 

болған. 1211-1216 жылдары әкесінің Солтүстік Қытайға қарсы 

жасаған жорығына ағасы Жошы, інісі үгедеймен бірге аттан-

ды. Хорезм жорығына аттанар алдында келешек мұрагер ту-

ралы сөз болып, Шыңғыс хан Жошы туралы пікірін сұрағанда 

дөрекі жауап беріп, ағасы мен ата-анасының көңіліне қаяу 

салады. осы оқиғадан кейін Жошы мен Шағатай, кейіннен 

екеуінің ұрпақтары арасында бітіспес алауыздық пайда бола-

ды. үгедейдің билігі тұсында империя өмірінде Шағатайдың 

рөлі күшті болды. Інісі онымен үнемі ақылдасып отырды. 

1235 жылы Қарақорымдағы ұлы құрылтайда Батысқа жорық 

жасауды қолдап, Батудың рус пен Шығыс Еуропаға жасаған 

жорығына ұлы Байдар мен немересі Бүриді аттандырады. 

Шағатай қоңыраттың қызы Есенунды, кейіннен оның сіңілісі 

Турьханды әйелдікке алды. Шағатай өз ажалынан қайтыс бо-

лып, Әмудария бойына жерленген.

Шеруші—шежіре бойынша, орта жүздегі абақ керейден та-

райтын он екі атаның бірі.



Шоқан Уәлиханов /Мұхамед-ханафия/ Шыңғысұлы /1835-

1865/—қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, та-

рихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші. омбы 

ка 


 

дет корпусын бітірген (1853). Петербург университені 

нің 

тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған. Арғы ата-



лары—Абылай, уәли хандар. Әжесі Айғанымның тәрбиесін 

370

371


ғылыми қосымшалар

көрген ол жастайынан оқу-білімге әуестеніп, Құсмұрындағы 

мұсылман мектебінде бастауыш білім алады. Шоқан осы мек-

тепте оқып жүріп өлең, жыр, аңыз, әңгімелерді оқуға және 

хатқа түсіруге машықтанады. Халық мұрасын жинауды қолға 

алған әкесіне көмектесе жүріп, «Қозы Көрпеш—Баян сұлу», 

«Едіге» жырларының нұсқаларын хатқа түсірді. Шоқан жа-

сынан араб, шағатай тілдерін, кейінірек орта Азиядағы түркі 

тілдерін меңгерді. Шоқан уәлиханов аз ғұмырында артына 

ұшан-теңіз мұра қалдырған көрнекті тұлға.



Шора батыр—1. Шора Нәрікұлы батыр, тарихи тұлға. Кіші 

жүздің Жетіру тайпалық бірлестігінің Тама руынан шыққан. 

2. Шора ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген аты 

әйгілі құсбегі. Жалайыр руынан шыққан. Ауыз әдебиеті жан-

рында батырлар, тарихи тұлғалар жайлы қайталау, алмасу көп 

болғандықтан, жырдағы Шора есімі анық емес. Дегенмен бұл 

жырда дулаттар мен жалайыр руы көп сөз болғандықтан, Шора 

батырды осы жалайыр Шорамен байланыстыруға болады.



Шыңғыс Уәлиханов /1811-1895/—аға сұлтан, полковник, 

қоғам қайраткері. ұлы ғалым Шоқан уәлихановтың әкесі. 

уәли ханның кіші әйелі Айғанымнан туған. Жастайынан би-

лік ке араласып, алдымен Аманқарағай (Құсмұрын), кейіннен 

Көкшетау округтерінің аға сұлтаны болып сайланды. Кенеса-

ры Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қолдады, бірақ 

белсене қатыспады. Заман ағымын терең түсініп, оқу-білімді, 

экономикадағы өзгерістерді жоғары бағалады.



Шыңғыс хан—моңғол ханы. ХІІІ ғасырдың басында 

Қазақстан, орта Азия елдеріне шапқыншылық соғысын бас-

тайды. Жолында кездескен ұлыстар мен ру-тайпаларды жау-

лап алып, өз әскерлерінің қатарын толықтыра отырып, олар-

ды кезекті жорығына пайдаланады. Ғалымдардың зерттеулері 

Шыңғыс әскерінің басым көпшілігі осы түркі тектес ру-тай-

палардан құралғанын көрсетті. Тіпті, ол орта Азияны жау-

лап алып, енді Солтүстік Африкаға қол сұға бастайды, осы ке-

зеңде Мысыр елін (Египет) басқарып отырған Бейбарыс сұл тан 

Шыңғыс хан жорығының бетін қайтарып, Мысыр еліне аяқ 

бастырмай қояды. Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт 

ұлына (Жошы, Төле, Шағатай, үгедей) бөліп беріп, олар өздері 

жаулап алған елдерде хандық құрады.


372

күй аңыздар



Үгедей, Өгедей  /1186-1241/—Шыңғыс ханның үшінші 

ұлы, әрі мирасқоры. Жас кезінен бастап әкесінің жорықтарына 

қатысқан. Шыңғыс хан империясының 1229-1241 жылдар ара-

лығындағы «ұлы ханы» болған. Ағалары Жошы мен Шағатай 

арасында үнемі дау туа бергендіктен Шыңғыс хан үгедейді алға 

шығарып, екі ағасын оған бағынуға міндеттеді. үгедей білімді 

әрі ақылды адам болған. Мемлекет іргесін нығайту мақсатын-

да ел астанасы Қарақорымды салып, халық санағын жүргіз ді. 

Жылдам хабар алу үшін пошта қызметі ұйымдастырылды. 

Ықылас Дүкенұлы /1843-1916/—күйші, қобызшы, компо-

зитор. ықыластың атасы Алтынбек айтулы зергер, ұста болған 

адам, ағаштан қобыз, домбыра жасап, өзі сол аспаптарды жақ-

сы тарта білген. ықыластың күйшілік дарыны ерте ашылып, 

7-8 жасынан бастап-ақ қобыз ұстап, әкесі тартқан күйлерді 

тез игеріп алған. оның күйлерінің ырғағы өзінен бұрынғы 

күй шілерге ұқсамай, адам көңілінің тоқсан толғаулы сырын 

жыр етті, уақытты, замана тынысын, өмір шындығын шертті. 

оның «Қорқыт», «Кертолғау», «Қоңыр», «ықылас», «Қазан», 

«Қамбар—Назым», «Жезкиік», «Шыңырау», «Аққу», «Ер-

ден», «Жарым патша», «Бес төре», «Жалғыз аяқ» т.б. толғау 

күй лері  бар.



372

Аждаһааздаһа, айдаһар, алып жылан 

Антектік, әнтектік /ж.с./—қателік, кемшілік 

Аңқа /к.с./—кеңсірік, тамақ қуысы



1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал