«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.

бет32/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Бөрте  /1154-1230/31/—Шыңғыс ханның жұбайы. Қоңы-

рат тайпасының көсемі Дай (Тай) мырзаның қызы. Қият ішін-

дегі боржіген (бөрітегін) руының батыры Есугей 9 жасар ұлы 

Теміршіні (болашақ Шыңғыс хан) қоңырат еліне ертіп барып

ежелгі түркілер дәстүрі бойынша Бөртеге құда түсіп қайтады. 

Көп ұзамай Есугей қайтыс болып, Темірші жетім қа лып, көп-

теген қиыншылықтарды бастан өткізеді. Тек ержеткеннен 

кейін ғана, шамамен 1178 жылы Бөртені іздеп барып, алып 

қай тады. осы кезде Теміршінің ауылына меркіттер ша буыл 

жасап, Бөртені тұтқын ретінде алып кетеді. Темірші әке сінің 

андасы керей хандығының ханы Тұғырыл (уән хан) мен жа жи-

рат руының нояны, өз андасы Жамұқаның көмегімен Бөр тені 

босатып алады. Шыңғыс ханның бірнеше әйелінен көптеген 

бала тараған. Дегенмен Шыңғыс хан Бөртеден туған төрт ұлын 

өз мұрагерлері ретінде таныған. 

Бұқар жырау /1693-1787/—әйгілі қазақ жырауы, Абы-

лай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» 

23-136


354

күй аңыздар

деп те атаған. Абылай ханды сынай отырып, оның көргендігі 

мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола 

білгенін тебірене жырлайды. Бұқар жыраудың Абылай ханға

Бөгенбай, Қабанбай, олжабай батырларға шығарған арнау-

лары, насихат жырлары ел есінде сақталып қалған. 

Дайрабай Ерназарұлы  /1860-1937/—күйші. Туып-өскен 

же рі Қарағанды обылысының Атасу өзенінің бойы. Әкесі Ерна-

зар орташа дәулеті бар саятшы, атбегі, қыран құс пен жүйрік 

атқа құмар сері адам болған. Дайрабайдың бойындағы сал-

серіге тән мінез-құлық, әншілік-күйшілік қасиет ата-анасынан 

дарыған. Дайрабайдың есімі Ақмола, Қараөткел, Қорғалжын 

төңірегіне жақсы таныс болып, осы өңірдегі Жарылғапберді, 

Ғазиз, иманжүсіп, үкілі ыбырай, Төлебай сал сияқты әйгілі 

адамдармен дәмдес-тұздас, қадірлес дос-жар болған. олардың 

өнерінен тәлім ала жүріп, өзі де «Шұбар тау», «Қараторғай», 

«Келіншек» деген әндер шығарса, «Дайрабай», «Қоштасу», 

«Қыр», «Сыр», «Сырдың суы» т.б. күйлері оны қазақ жұртына 

әйгілегені дау тудырмайды.

Дәулеткерей Шығайұлы  /1820-1887/—күйші, домбыра-

шы, композитор, қазақтың күй өнеріндегі лирикалық бағыт-

тың негізін салушы. Бөкей ордасының сұлтаны болған әкесі 

Шығай орыс тілін жақсы біліп, орыс мәдениетіне ден қойған. 

Болашақ күйшінің өмірге көзқарасын қалыптастыруда исатай-

Махамбет бастаған көтерілістің әсері зор болды. 1869 жылғы 

қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазымен кездесуі Дәулеткерей-

дің өміріндегі маңызды кезең. Дәулеткерейдің күйлері халық 

арасында кең тараған. оның «Желдірме», «Тартыс», «ысқыр-

ма», «Қос алқа», «Қыз Ақжелең» т.б күйлері бар.



Дәуітбай Тауданбекұлы /1873-1937/—күйші, композитор, 

ақын. Туып-өскен жері Шығыс Қазақстан облысының Бұқ тыр-

ма өзенінің бойы. орта жүз құрамындағы найман тайпасы ның 

Байсары бұтағынан шыққан. Дәуітбайдың әкесі Таудан 

бек 

Моңғолия қазақтарына танымал ақын, ел ісіне ерте аралас-



қан шешен адам болған. осындай ортада өскен Дәуітбай бала 

кезінен домбыра мен сыбызғыны тең ұстап, бозбала шағын да-ақ 

құрбы-құрдастарына, жеңгелеріне арнап күй шығара бас тайды. 

оның артында «Ертіс толқыны», «Жалама айдаған», «Ар на», 

«Қайран Бежең», «Тартау» т.б. күйлері қалған.


354

355


ғылыми қосымшалар

Дина Нұрпейісова (Дина Кенжеқызы Нұрпейіс келіні) 

/1861-1955/—домбырашы, күйші, композитор, Қазақстан ның 

халық артисі, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Әкесі 

белгілі домбырашы болған. Дина домбыра тартуды 8-9 жа сын-

да үйренеді. оның Құрманғазымен кездесуі болашақ өнер жо-

лында шешуші рөл атқарған. Құрманғазы Динаның дары ны  на 

тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді. Ақыл-кеңес беріп, күй үй  ре-

теді, оны өзіне шәкірт тұтады. Дина ұстазының күйлерін орын-

дап қана қоймай, оның күйшілік, орындаушылық өнерін  де гі 

ерекшеліктерін, стилін, дәстүрін жалғастырды. Құрманғазы-

ның мектебінен өту Динаның домбырашылық өнерін шың-

дай түсті. Динаның «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүн» атты 

күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 

Дулат—қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпалары-

ның бірі. Қазақ шежіресі бойынша, Дулат—ұлы жүз құрамына 

кіретін ірі тайпалардың бірі. Н.А.Аристов жазып алған Ди-

ханбай батыр шежіресі бойынша, үйсін Бәйдібектің кіші әйелі 

Домалақ енеден (Нұрила) туған Жарықшақтан Албан, Суан, 

Дулат тарайды. Дулат өз ішінде Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шы-

мыр болып бөлінеді.

Едіге—ХIV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген та-

рихи тұлға. Ерекше шешендігімен қоса, батыр әрі қолбасшы 

болған. ол Алтын орда мемлекетінің бірнеше хандары тұсында 

тәуелсіз билік құрумен бірге, ел басқару істеріне белсене ара-

ласты. Дешті Қыпшақтың ханы Тоқтамыс кезінде өз билеу-

шісі мен Ақсақ Темір арасындағы текетіресті өз пайдасына 

шешуге ұмтылыс жасады. Сол дәуірде көршілес ресей жеріне 

бірнеше рет баса көктеп кірді. 1396-1419 жылдары ұлы Ноғай 

ордасын құрып, оның басты бегі болды. Қара халық арасы-

нан шығып, көшпелі ноғай-қыпшақ ұлыстарының намысын 

қорғағандықтан, қазақ халқының тарихи жадында «Ел қамын 

жеген Едіге» деген атпен өшпестей жазылған. оның бейнесі мен 

есімі бірқатар қазақ эпостарына арқау болды. Кейбір деректер бой-

ынша, Едіге мырзаның бейіті қазақ жерінде—ұлытауда жатыр.



Мергенбай  Ерденеұлы  /1843-1929/—ел аузында батырлы-

ғы да, күйшілігі де ерекше танылған дара тұлға. Әкесі Ердене 

Байғозыұлы бес ағайынды болған. Ең үлкені Ердене байлығы-

мен де, әділ билігімен де көзге түскен. ұлы жүздің ресей құра-

мына кіруі жөніндегі құжатқа қол қойғандардың бірі. Ерден нің 


356

күй аңыздар

Мергенбай, Дайырбай, Көдек, Тұрғанбек, Татамбай, Жан бота 

деген алты ұлы болған. Ал Мергенбайдың өзі тоғыз әйел алып-

ты. Соңғы екеуінен бала жоқ екен. Басқаларынан отыз ұл, отыз 

қыз көріпті. Солардың он төртінен ұрпақ тараған. Бәрі де өз 

ортасында беделді, өнерпаз, батыр-палуан болып өседі. 

Жетісу өңіріндегі күйшілік өнердің өрнегі бөлек тағы бір 

мектебі, осы Мергенбай атымен тікелей байланысты. Арғы 

ата лары Байғозы, Шыңғысбай, өз әкесі Ерденеден қалған күй-

шілік-домбырашылық өнерді ұрпағына аманат еткен Мерген-

бай көптеген күйлер шығарған адам. оның шаңырағына «Дәуіт 

пайғамбар қонған» деген тәмсіл әлі күнге дейін айтылады.

Жантай батыр—қазақ халқының жоңғар шапқын 

шы-


лығына қарсы азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр. 

орта жүз—арғын тайпасының қанжығалы руынан шыққан. 

Абылай хан 1771 жылы ресейден Қытайға қарсы ығысқан 

қалмақ әскерін барлауға әрқайсысына 500 әскерден беріп, 

Бөгембай мен Жантайды жіберген. Жантай батыр қолға 

түсіп қалған інісі Арқандарды құтқармақ болып, 10 мыңдық 

жау шебіне басып кіріп, осы соғыста ерлікпен қаза табады. 

Батырдың сүйегі Есіл өзенінің бойындағы Жантай ауылының 

жанында жерленген.

 

Жантөре Айшуақұлы /1759-1809/—мемлекет қайраткері, 

дипломат, Кіші жүз ханы (шамамен 1805-1809). ол ресейдің 

қазақ жеріне ықпалын тежеу саясатын ұстанды. Хан сайлан-

ған алғашқы айлардан бастап-ақ билікке таласқан бәсекелес-

те 

рінің қарсылығына тап болды. Әсіресе өзінің нағашысы 



Қаратай сұлтанның оны хан ретінде танудан бас тартуы Кіші 

жүздегі саяси ахуалды шиеленістіріп жіберді. Жантөре осын-

дай қарсылық жағдайында жетіру бірлестігіне арқа сүйеп, ше-

бер дипломатиялық саясатымен қарсыластарының арасына 

іріткі салды. Байұлының бір бөлегі Жантөреге қолдау көрсет ті. 

Сондай-ақ ол кіші жүз арқылы өтетін ресей мен Бұқар, Хиуа 

хандықтары арасындағы керуен саудасының қазақтар үшін 

пайдалы екенін түсініп, оны қолдады және үстемелеп баж 

салығын алып, хандық қазынаны молайтты, керуен тонаушы-

ларды қатаң жазалап отырды. 



Жарылғап батыр /1733-ө.ж.б./—батыр, би, шешен. Бұ-

қар жырау «Қарашорда Сәңкібай, Алтекеде—Жидебай, То-

бықтыда—Қараменде, Кернейде—Жарылғап» деп Жарыл ғап 


356

357


ғылыми қосымшалар

батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған ба тырлар 

қатарында мадақтайды. Жарылғап батырдың әкесі Түйте 18 

ғасырдың басында ресей отаршыларына қарсы кү рескен. Жа-

рылғап батыр 16 жасында Қаз дауысты Қазыбек биден бата 

алып, жорыққа аттанған. 1748 жылы Қалба-Шаған шайқасында 

Кебін қалмақты жеңіп, ерлігімен көзге түскен. Сонымен бірге, 

Абылай ханмен, Қаз дауысты Қазыбек бимен, Бөгенбай ба-

тырмен сөз қағыстырып, артына тағылымды шешендік сөздер 

қалдырған.



Жәнібек хан, Әбу Сайд /XV ғасырдың басы-1470/—Қазақ 

хандығының негізін қалаған хандардың бірі, орыс ханның 

ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы. Туысы Керей ханмен бірлесе 

отырып, Қазақ хандығының негізін қалаған. Сондықтан та-

ри хи жазба деректерде болсын, «Хандар шежіресінде» болсын 

Жәнібек хан есімі Қазақ хандығының құрылуына байланыс ты 

кездеседі. 1465-66 жылы Керей хан қайтыс болғаннан кейін, 

Жәнібек хандық билікке келеді. Бұрындық ханның билік 

құрған жылдарын есептемегенде, Қазақ хандығының билігі осы 

кезден бастап Жәнібек ханның ұрпақтарына толық көшеді.



Жәңгір /1801-1845/—Бөкей ордасының ханы (1821/23-

1845), Бөкей ханның баласы. Бөкей қайтыс болғаннан кейін хан 

тағы мұрагерлік жолымен Жәңгірге берілген. Алайда Жәңгір 

жас болғандықтан, ол ержеткенге дейінгі ордадағы билік Бөкей 

ханның інісі Шығай сұлтанға тапсырылады. Жәңгір 1823 жыл-

ға дейін Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбие-

леніп, еуропаша білім алып, хандықты әкімшілік жа 

ғы 


нан 

басқаруды үйренеді. Жәңгір орыс, татар, неміс тілдерін біл-

ген. Жәңгір билік еткен тұста Бөкей ордасында сауда жәр мең-

кесі (хан жәрмеңкесі) ұйымдастырылып, дәрігерлік бөлімше, 

дәріхана, архив ашылды, хандықтың алғашқы картасы жа-

салды. Сондай-ақ Жәңгір хан өз қаражатымен мектеп ашып, 

М.С.Бабажанов, М.Бекмұхамедов, Қ.Шығаев т.б. білім алған.

Жиренше шешен—Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан 

(XV-XVI ғғ.) тұсында өмір сүрген атақты шешен. Жиренше ше-

шен есімі ақыл-парасаттың үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиеті-

нен берік орын алған. Халық аңыздары бойынша, Жиренше 

шешен кедей адам болған. ол дербес Қазақ хандығын құру-

да ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық 

бұқарасының атынан сөйлеген. оның атынан айтылып, халық 


358

күй аңыздар

жадында сақталған шешендік сөздер мен аңыз-әңгімелер көп. 

Жиренше шешен туралы аңыз-әңгімелер түркі тектес басқа 

халықтарда да кездеседі. Мысалы, қарақалпақта Жиренше 

шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түркіменде ақылды да, 

тапқыр ийкренче туралы аңыздар бар.

Жошы /1187-1227/—Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Жошы 

ұлысының негізін салушы, қазақ хандарының атасы. Жас 

кезінен бастап аса көрнекті әскери қолбасшы ретінде көзге түсіп, 

Шыңғыс хан жүргізген барлық жорықтарға белсене араласты. 

1223 жылғы құрылтайда Ертістен оралға дейінгі және онан әрі 

Батысқа қарай бағынған жерлердің бәрі Жошының иелігіне 

өтті. ордасы Ертіс өзені бойына орналасты. Жошы әкесінен ал-

ты ай бұрын қазаға ұшыраған. оның өлімі жөнінде халық ара-

сын да әртүрлі аңыз әңгімелер бар. оны бірде «аң аулап жүр ген-

де құланның айғыры шайнап өлтірген» десе, кейбір де рек тер де 

«өзіне қарсы келуі мүмкін» деп, құпия түрде әкесі Шыңғыс хан 

өлтірткен. Мазары Жезқазған қаласынан 45 шақы рым жер дегі 

Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Жібек, Төлеген—қазақтың «Қыз Жібек» эпосының бас 

кейіпкерлері. Жібек пен Төлеген қазақ халқында шын ғашы-

қтар символы ретінде құрметпен аталады.

Исатай Тайманұлы /1791-1838/—Бөкей ордасы мен Кіші 

жүздің батыс бөлегінде 1836-1837 жылдарда болған азат тық 

көтерілістің басшысы. Кіші жүз құрамындағы байұлы тай па-

сының беріш руынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығы кезін-

де атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. 

Керей—қазақ халқын құрған ежелгі түркі тайпаларының 

бірі. Шежіре бойынша, орта жүз құрамына енеді. IX-XII ға-

сырларда керей тайпасы Керей хандығы аталған мемлекет 

құрып, Завхан, Тула, Сэлэнгэден Шығыс Моңғол құмына 

дейінгі сайын даланы қоныс етіп, батысы Найман хандығы, 

солтүстігінде меркіттер, оңтүстігінде татарлар, шығысында Ся 

мемлекетімен іргелес жатты. ол кезде Керей хандығы керейт

жиркин, қонхойт, сақайт, тумаут, албат, тункайт-киркун деп 

аталатын тайпалардан құралатын. Аталған тайпалардың ең 

ірісі керейлер болғандығы мәлім.



Кемпірбай Бөгембайұлы  /1834-1895/—айтыс ақыны. өз 

өмірінде талай саңлақ ақындармен сөз додасына түсіп, жең ген 

де, жеңілген де тұстары аз болмаған. Сол айтыстарының мән-


358

359


ғылыми қосымшалар

жайына қарағанда, ақынның үнемі әділдік пен шындық 

ты 

айтқанда, аталы уәжге тоқтауды жөн санағанын байқауға бола-



ды. Айтыстарының ішінде ең ұтымды да көркемі атақты ақын 

Шөжемен айтысы деуге болады. Ақынның: «Кеудемнен көк 

ала үйрек қош деп ұшты, шіркін, сол кәрі жолдас өлең білем» 

деуіне қарағанда, бойындағы дарынның өзіне қонған киелі 

қасиет екенін айтып сыр шертеді.

Кенесары Қасымұлы 

/1802-1847/—қазақ жеріндегі 

1837-47 жыл 

дар аралығындағы ұлт-азаттық көтерілісінің 

қолбасшысы, қазақтың соңғы ханы. Абылай ханның немересі 

Кенесарының негізгі мақсаты—Абылай хан тұсындағы Қазақ 

хандығының территориялық тұтастығын қалпына келтіру 

еді. 1841 жылы үш жүздің өкілдерінің мақұлдауымен қазақ 

ханы болып сайланады. Кенесары бастаған әскери қимылдар 

1838  жылы Ақмола бекінісін басып алып, өртеп жіберуден ба-

сталады. Сондай-ақ Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын 

алады. ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше 

рет ойсырата жеңеді. ресей империясы Кенесары ханның басы 

үшін қомақты бәйге тігеді. 1847 жылы қырғыздармен болған 

шайқаста қаза табады. 

Кетбұға  /шамамен 1150-1225/—жырау, күйші, аңыз 

кейіп кері. орта жүз құрамындағы найман тайпасының баға-

на лы тармағынан шыққан. 14 ғасырда жазылған «Шаджарат 

әл-атрак» («Түрік шежіресі») кітаптағы деректер мен ел ауы-

зын дағы аңыздар бойынша, «Жошы хан аң аулап жүріп қаза 

тапқанда, Шыңғыс ханға қаралы хабарды жеткізуге ешкім бат-

пайды. Сонда Кетбұға бас кетер ауыр міндетті өз мойнына алып, 

баласы Жошының қаралы хабарын күй тілімен жеткізеді. 

«Ақсақ құлан» күйі осылай туыпты-мыс». Бүгінге Кетбұға ның 

осы күйі және күй шығарар алдындағы айтқан бірнеше жол 

өлеңі ғана жетті.

Көтібар Бәсенұлы  /1757-1833/—батыр. Кіші жүз құра-

мындағы шекті руынан шыққан. Сырым Датұлы бастаған ұлт-

азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, ресей үкіметінің 

отарлауына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге 

бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібардың жеті баласы болған, 

үлкені атақты—Есет батыр тарихи тұлға. Көтібар—«Айман—

Шолпан» дастанының, М.Әуезовтің осы дастан желісімен жа-

зылған пьесасының кейіпкері.



360

күй аңыздар



Қазанғап Тілепбергенұлы /1854-1921/—күйші-композитор. 

Арал аймағындағы Құланды түбегінің тумасы. Шығармалары 

Батыс Қазақстан аймағындағы төкпе күй дәстүрінде көрінген. 

Бірақ күйшінің өзіне ғана тән көркемдік-образдық, музыка лық 

суреткерлік өрнектері де айқын. оның сексеннен астам күйі 

болған. олардың алды ноғайлы дәуірінің оқиғаларын тол ғаса, 

енді бір тобы «Ақжелең» (І-ІІ түрі), «Күй шақырған Ақ желең», 

«Домалатпай Ақжелең», «орынбай-Ақжелең», «Тен 

тек Ақ-

желең», «Бұраң бел Ақжелең» (І-ІІ түрлері), «Кербез Ақ же-



лең», «Серпер Ақжелең», «Бұлбұл Ақжелең» болып ке леді. Бұл 

Ақжелеңдер—Батыс Қазақстан аймағындағы күй ші лік өнер ге 

тән образдық әлем. Қазанғаптың басқа да «Кө кіл», «ыс қыр ма», 

«Қиту-қиту», «Қайт-қайт», «Торы жорғаның бө ге лек қақ пайы», 

Шымырауыл құс» т.б. күйлері ел ішіне кең тараған.

Қазтуған Сүйінішұлы  /XV ғ./—даңқты ноғай-қазақ жы-

рауы. Көшпелі Ноғай ордасының биі һәм батыры ретінде та-

нылатын оның бірнеше айшықты тұлғалары ел жадында 

сақталып, бүгінгі ұрпаққа жетті. Жырау шығармашылығы ту-

ралы М.Мағауин, Қ.Сыдиықұлы тәрізді қазақ ғалымдары ның 

зерттеулерінде жан-жақты сөз болып, есімі әдебиет тари хы-

нан лайықты орын алды. Қарға бойлы Қазтуған—«Қырым ның 

қырық батыры» желілі жырларының жеке қаһарманы. 

Қазтуған шығармаларынан қазіргі кезге «Бұдырайған екі 

шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» 

деп аталатын үш толғау ғана жеткен. Бұл аталған жырлар қа зақ 

әдебиетінде өзінің мазмұны мен көркемдік сипаттары жағы нан 

ғана емес, сыртқы түзілім, құрылыс тұрғысынан да ерек ше да-

раланады. 



Қазыбек би Келдібекұлы  /1667-1764/—қазақ халқының 

бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мем-

лекет қайраткері. орта жүздегі арғын тайпасының қаракесек 

тармағынан. Тәуке хан «Жеті жарғыны» шығарарда Төле 

би, Әйтеке билермен бірге ханға ақыл-кеңесші болды. Жасы 

ұлғайып, көз жұмған бидің сүйегі 1710-1711 жылдары Жоңғар 

хандығына үш рет елшілікке барған. Бидің мүрдесі Қожа Ах-

мет иасауи кесенесіне қойылды. Халық арасына «Қаз дауысты 

Қазыбек» есімі кең тараған.

Қанжығалышежіре бойынша, орта жүз—арғын тайпасы-

нан тарайтын белгілі рулардың бірі.



360

361


ғылыми қосымшалар

Қаракесек—орта жүз—арғын тайпасының бір руы. Ше-

жіре деректеріне қарағанда, Қаракесек Арғын тайпасының 

«Бес мейрам» атанатын рулар бірлестігіне кіреді, яғни Мей-

рам сопының кіші әйелі Қарқабаттан туған Болатқожа деген 

баласынан тарайтын ру. Қаракесектен Майқы, Бошан, Танас 

тарайды. Қаракесектің рулық ұраны мен таңбасы Арғын тайпа-

сымен бірдей болғанымен, өздері Арғын ішінде Болатқожа ның 

шешесі—Қарқабат атын ұран еткен.



Қарашаш—қазақтың Жиренше шешенге байланысты аңыз-

дарының кейіпкері. Жиреншенің әйелі Қарашаш туралы ерте-

гілердің сюжеттері, көбінесе, шешендік жұмбақтар сарыны 

негізінде құрылған. Қазақ фольклорында «Қарашаш» деген ат-

пен әйгілі болған тиіптік бейненің қалыптасу тарихы өте ұзақ. 

ол шешендік, тапқырлық, даналық туралы ертегі, аңыздардың 

пайда болу, қалыптасу, даму тарихымен тығыз байланысты. 

Қожеке Назарұлы /1828-1881/—күйші, сазгер. Қазіргі Ал-

маты облысы, райымбек ауданы, Қарқара ауылында туылып, 

ҚХр, Іле Қазақ автономиялы облысы, Қызылкүрке деген жер-

де қайтыс болған. Қожеке Арқа, Атырау, Жетісу күй өнері 

мектептерінің үлгісін жарасымды үйлестіріп, өрнегі өз геше шы-

ғармалар тудырған. оның туындыларында төкпе, шерт пе, терме 

күйлердің белгілері араласып, айырықша мә нер мен тартыла ды. 

Ерекше күш-қайратты танытатын, жігерлі күйлер жүрек қы-

лын шертетін нәзік те, сырлы сазға ұласып отырады. 1860 жылы 

ресей отаршылдары Жетісудың Сарыжаз, Текес, Қарқара сияқ -

ты жайлауларын зорлықпен тартып алғанын көрген Қожеке

қа 


зақ би-болыстарының отаршылдық озбырлығына көнбіс, 

тоқ мейіл, жігерсіздігін әшкерлеп, «Шалқайма» күйін шығар-

ған. осы күйі үшін патша әкімдерінен теперіш көріп, ақыры 

өзіне қарасты 25 үймен Шығыс Түркістанға қоныс аударған. 

Бі рақ мұнда да жергілікті билеушілер жағынан құғынға ұшы-

рап, тұтқынға алынып, түрмеге жабылады да, азаптап өлтірі-

леді. оның «Қамбар хан», «Жиренше», «Стамбұл», «Мұңлық», 

«Біржан мен Сара», «Көрұғылы сұлтан» т.б. күйлерін атауға 

болады.

Қозы Көрпеш—Баян сұлу—осы аттас дастанның бас кейіп-

керлері. Қазақ арасына мол тараған аңыз бойынша, Қозы мен 

Баян бір кезде өмір сүріп, кейін олардың моласы да сақталған 

тәрізді, яғни халық оларды өмірде болған адамдар деп сенеді. 



362

күй аңыздар

орыс-қазақ зерттеушілерінің мәліметтеріне қарағанда, бұл 

мола және олардың басына орнатылған ескерткіш қазіргі 

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық ауылына 

таяу—Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан.



Қорқыт /VІІІ-ІX ғғ./—жырау, композитор, әнші, күйші, 

қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Тарихи жазба 

мәліметтер мен аңыздар, халық шежірелері бойынша, Қара-

қожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы 

ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында, 

Жаңкент қаласында өмір сүрген. 



Қоңырат—орта жүз құрамындағы тайпа. Түркі халық та-

рының, соның ішінде қазақтардың этникалық тарихында қо-

ңырат тайпасының өзіндік орны бар. Көбінесе Жиделібайсын, 

Сыр бойы мен орта Азия далаларын мекендеген. өзбекстанда 

Қоңырат қаласы бар. Алпамыс батыр осы қоңырат руынан 

шыққан делінеді. 



Құнанбай Өскенбайұлы /1804-1886/—би, аға сұлтан, 

Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Бұрынғы Семей облысы, 

Шыңғыстау, Ақшоқы қыстауында туған. Құнанбай жасынан 

палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп, 

әкесі өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты. 1846 ж. 

генерал Вишневскийдің ұлы жүз қазақтарын ресейдің боданы 

ету мақсатында жүргізген арнайы экспедициясына қатысты. 

Экспедиция құрамында болған поляктың саяси қайраткері 

А.янушкевич сапарнамалық күнделігінде Құнанбайдың қай-

раткерлік тұлғасы туралы: «Құнанбай өңірге аты жайылған 

адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және 

жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам 

жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, 

қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай 

біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. 

Жұрт пайғамбардай сыйлайды. одан ақыл сұрауға жас та, 

кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады. 

Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған..., 

әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан 

болған»—деп сипаттайды («Қазақ даласына жасалған сая-

хат туралы жазбалар». А., 1979). Кей деректерде Құнанбай 

қажыға 1874 жылы барды делінеді. Меккеде 2 жылдан астам 

уақыт тұрып, Құдайға құлшылық етушілерге арнап тәкие 


362

363


ғылыми қосымшалар

(қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. ол би, 

болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын—қазақтың 

дәстүрлі заңын, патша өкіметінің «Сібір қазақтарына арнал-

ған низамын», шариат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрі нің 

негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асыр ды. 

Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң 

тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай 

білді. Балаларын орысша оқыта отырып, мұсылмандықты 

уағызда ды. Құнанбайдың өмірі мен қайраткерлігі туралы 

деректерді жинап, бір ізге түсірген—М.Әуезов. оның «Абай 

жолы» эпопеясында Құнанбай бейнесі кеңестік идеология 

ықпалына сай бұрмаланғанымен, жан-жақты сипатталып, ше-

бер сомдалған. 





1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал