«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет31/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

Күй шежіре: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 

17, 18, 19, 20, 21, 25, 26, 155, 156, 157, 159, 160, 162, 163, 164, 

165, 166, 167, 171, 172, 174, 175, 176, 178, 179, 202, 240, 256, 

257, 259, 260, 268, 269, 270, 271, 272, 274, 275, 276, 277, 278, 

289, 290, 292, 297, 298, 299, 300, 301, 308, 317. 

Домбыра сазы (Музыкалы-этнографиялық жинақ): 27, 28, 

29, 30, 32, 34, 39, 44, 94, 116, 117, 235, 236, 237, 238, 267, 293, 

302, 318, 319, 323, 325, 342, 343, 344, 345, 348, 355, 356. 

Күй аңыздары. 1-том: 31, 43, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 

78, 82, 83, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 93, 95, 96. 97, 98, 99, 100, 101, 

102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 120, 208, 321, 333, 

334, 347, 349, 350, 351, 352, 353, 354.



Қазақ күйлерінің тарихы: 40, 91, 92, 118, 119, 121, 122, 123, 

173, 184, 185, 294, 311, 326.



Күй аңыздары. 2-том: 158, 181, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 

192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 203, 205, 207, 

209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 

222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 239, 245, 246, 

250, 251, 252, 253, 254, 255, 304, 305, 306, 307, 327, 328, 329, 

330, 331, 332, 335, 336, 337, 338, 339, 340.



Ғасырлар пернесі: 36, 38, 42, 45, 46, 47, 50, 51, 52, 168, 169, 

170, 232, 233, 234, 241, 242, 243, 244, 261, 263, 273, 281, 309, 

310, 320, 322, 324. 

Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 1-том: 41, 147, 

148, 149, 79, 80, 81, 84, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 136, 138, 

139, 140, 141, 142, 143, 145, 146, 151, 152, 137, 144, 161, 279, 

280, 150, 153.



Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 3-том: 126, 127, 

183, 346.



Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 4-том: 296. 

Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 5-том: 204, 258.

Жетісудың күйлері: 48, 49, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 

62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 180, 247, 248, 249, 262, 282, 313, 314, 

315, 316. 


күй аңыздар

Күй табиғаты: 35, 37. 

Күй қайнары. Голоса народных муз: 111, 134, 135, 177, 182, 

206, 291.



Күй тәңірдің күмбірі: 112, 113, 114, 115, 264, 265, 266. 

Жиделі Байсын күйлері: 283, 284, 285, 286, 287, 288, 341.

Өлген қазан. Аңыздар: 295. 

Шарапат: 154

ӘӨИ. №1066-бума: 33.

ӘӨИ. №296-бума: 124, 303. 

ӘӨИ. №241-бума: 125. 

ӘӨИ. №1058-бума: 312. 

344


МӘТІНДЕрДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАриХи ЖӘНЕ ДІНи 

ЕСІМДЕр


Алла (Аллаһ)ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дү-

ниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жал-

ғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. 

Құран Кәрімде айтылғандай: «ол Алла біреу-ақ, Алла мұң-

сыз (әр нәрсе оған мұқтаж). ол тумады да, туылмады. Әрі оған 

ешкім тең емес».

Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды 

және адамды жаратты. ол адамдардың тағдыры—жазмышты 

белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пә-

нидегі істерін таразылап, біреулерін жұмаққа, енді біреулерін 

тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін, Алла 

Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. 

Мұхаммед [с.а.с.]

Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі. 



оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігі мен 

жиырма үш жылда толық түсті. 

Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те 

емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген-

дік ті білдіруге болады. 

Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым ды-

лығын т.б.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз 

есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), 

Кәрім (жомарт), рахман (мейірімді), рахым (рақымды), Халық 

(жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), 

Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.

Мұхаммед пайғамбар—ең соңғы пайғамбар, ислам діні-

нің негізін салушы. Мұхаммед (с.а.с.) 570 жылы Мекке қала-

сын да дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед 

өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина 



346

күй аңыздар

Мұхаммед алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед 

Мұстафа (с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң ата-

сы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің 

тәрбиесінде болған. Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден 

үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні 

таң алдында рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40 

жасында Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—исламды 

уағыздай бастайды. Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткен-

де арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. олар ислам 

дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондық тан 

б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге 

Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам 

жыл санауының басы деп есептеледі. оның арабша атауы—

«хижра», яғни «қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа 

(с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина қаласында қайтыс бол-

ды. Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипат-

ты), «расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағи-

дулла» (Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.



Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы—қазақ халқының ұлы ақы-

ны, философ, ағартушы, композитор. 1845 жылы қазіргі Шы-

ғыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауын да 

дүниеге келіп, 1904 жылы Шыңғыстауда қайтыс болған. Бейіті 

Жидебай қыстауында. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.

Абақ —керей тайпасының бір тармағы. Керейдің «Төр ше-

жіресі» керей этнонимінің Абақ (Әппақ) деген әйелімен бай-

ланыстырып, Абақ керей сол ананың ұрпағы дейді. Ел ішінде 

«Абақ—үйсін Сармырзаның қызы. Күйеуі қайтыс болған соң 

Шымыр деген ұлын алып, төркініне кеткен. Нағашысы әлгі 

баланы кішкентайынан ашамайға мінгізіп «менің ашамайлы 

керейім» деп ертіп жүреді екен» деген аңыз сақталған. Абақ 

соңғы күйеуінен Құттықожа деген ұл туады. одан Майқы (би 

Майқы емес), Майқыдан: Ермен-изен, Жусан туады. Абақ 

керейдің қазіргі 12 атасы осыдан өрбиді. Абақ керей руы 

ХVIII ғасырдың соңына қарай өздерінің атамекендері Қара 

Ертіс алқабына, Алтайға оралады.



Абыл Тарақұлы /1820-1892/—халық күйшісі. Маңғыстау 

өңірінде туып-өскен. Шын аты Абылай. Абыл бала кезінде 

еркелетіп атаған есімі. Жасынан ән мен күйді серік етіп, Боғ -

да, Қошқар сынды күйшілерді ұстаз тұтқан. олардың күй-



346

347


ҒылыМи ҚоСыМШАлАр

лерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шыға рып, 

орындаушылық, күйшілік өнерімен танылған. Қазақстан ның 

батыс аймағын, Түркіменстан, Қарақалпақстан, Хиуа айма-

ғын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түсті. Абыл-

дың «Абыл», «Ақжелең» (Абыл нұсқасы), «Нар ату», «Ақсақ 

құлан», «Кеңес», «Аранжанның шалқымасы» аталатын күй-

лері сақталған. Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, өскенбай, 

Арал, Құлшар, Қауен, Есір т.б. күйшілер өздерін Абылдың 

шәкірті санаған, әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық 

дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген. 

Абылай хан /1711-1781/—қазақтың ұлы ханы, мемлекет 

қайраткері, қолбасшы және дипломаты. Арғы тегі Жошы хан, 

бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған әз-Жәнібек, 

кейін ер Есім хан, Жәңгір хан. Абылай—Жәңгір ханның бе-

сінші ұрпағы. Жәңгірдің екі әйелі болған: қазақтан уәлибақы, 

қалмақтан Тәуке хан туады. уәлибақыдан Абылай. Ал енді 

Шәді Жәңгірұлы таратқан шежіре бойынша, Абылай Жошы—

Тоқайтемір әулетінің өзге бір бұтағынан тарайды және аштар-

ханид Әбілфайыз ханның (Бұхара ханы) баласы деп саналады. 

Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр 

болған. Тұтқындарды аямай жазалағандықтан «қанішер Абы-

лай» атанған. Абылайдан Көркем уәли, одан Абылай (Әбіл-

мансұр) туады. Аңыз бойынша, Абылай жетім қалып, үйсін Төле 

бидің қолында тәрбиеленеді. Абылай қаһарлы хан болуымен 

қатар, қазақ халқының рухани мұрасынан еркін сусындаған 

дарынды күйші ретінде де белгілі. оның «Ақ толқын», «Ала-

байрақ», «Шаңды жорық» т.б. күйлері сақталған. Жетпіс жа-

сында жорықтан келе жатып, Арыс өзенінің жағасында қай тыс 

болған. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет яссауи кесене сінде 

жерленген.



 

Адай—Кіші жүздің он екі ата Байұлы бірлестігіне енетін 

басты рулардың бірі. Қыдырғожа әулетінен тарайтын Бай-

ұлында: Есентемір, Адай, Беріш—үш ру бөлек аталып, өзінше 

бір топ құрайды. Ел аузында «Есентемір, Адайсың, Берішің-

мен қалайсың» деген сөз де бар. Адай руы Байұлы ішінде хал-

қы ның саны жағынан да алдыңғы орындардың бірін алады. 

ХІХ  ғасырдың орта шеніндегі есеп бойынша, Адайлар қырық 

мың түтін болған. осы Адайлар негізінен үлкен екі атадан—

Құдайке мен Келімбердіден тарайды.


348

күй аңыздар



Албанқазақ халқын құрайтын ежелгі ірі тайпалардың 

бірі. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамына кіреді. Албан ата-

уы көне жазба тарихи деректерде кездеседі. V-VI ғасырларда 

Жетісу өңіріндегі үрбі (Юебань) қауымдастығында чубань тай-

пасы аталып, дулу одағында болған. Шежіре деректері бойын-

ша, Домалақ енеден (Нұрила) жалғыз ұл болған. оның атын 

Тілеуберді қойып, Жарықшақ атандырған себебі—бала туғанда 

жарық шеке болып дүниеге келген. Содан оны алғашында 

«Жа рықшеке», кейіннен «Жарықшақ» атап кеткен. Сол Жа-

рықшақтан үш ұл: Албан, Суан, Дулат тарайды. үшеуі өсе келе 

үш рулы елге айналады. үлкені—албан, ортаншысы—суан, 

ең кенжесі дулат болып бөлінеді. Қазіргі кезде албандар Алма-

ты төңірегі, Нарынқол, Шонжы, Кеген аудандарымен қатар, 

Қытайдағы қазақ автономиясының Құлжа, Текес, Нылқы, 

Мұңғылкүре, Шапшал т.б. аудандарында қоныс тепкен. 

Арғын—қазақ халқын құраған көне тайпалардың бірі. 

Ше жіре бойынша, орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі қо ны-

сы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Бал-

қаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның ежел-

ден келе жатқанын орхон жазба ескерткіштеріндегі, Қы тай 

жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс зерт теу шісі 

Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Қазақ шежіре сін-

де арғындар: бәйбіше арғын, тоқал арғын болып екіге бөліне-

ді. Бәйбішеден тарағандар «бес мейрам» аталып: қуандық, 

сүйіндік, бегендік (қозған), шегендік (қақсал), қаракесек деген 

аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «жеті момын» аталып: 

қанжығалы, тобықты, бәсентиін, қарауыл, атығай, сарыжетім, 

шақшақ болып жіктеледі.

Арқалық батыр  /XVIIІ ғ. соңы—XIX ғ. басы/—сыртқы 

жау 


ларға қарсы соғыста даңқы шыққан батыр. Абақ-керей 

төресі Әжі Көгедайұлына наразы топты бастаған. Бұл күресте 

оған қалмақтың Қарамерген, Қоңқа деген батырлары қосыл-

ған. Арқалық батыр туралы ел аузында аңыз, әңгімелер, жыр-

лар көп сақталған. 

Асан қайғы Сәбитұлы /XIV ғасырдың соңы—XV ғасырдың 

басы/—мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Ке-

рей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған.

Асан қайғы заманында Алтын орда ыдырап, оның орны-

на Қырым, Қазан, өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ор-


348

349


ғылыми қосымшалар

дасының тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы 

хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапы-

ран кезеңдермен тұспа-тұс келді. Асан қайғы қазақ халқының 

ұсақ хандарының басын біріктіріп, іргелі ел етпек болған Ке-

рей, Жәнібек сұлтандарды жақтады. Шу мен Арал аралығында 

Қазақ ордасы құрылған кезде Асан қайғы жаңа мемлекеттің 

ұраншысына айналды. 

ол іздеген «Жерұйық» шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұр-

тын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғам ның үлгісі, 

қазақ халқын тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы еді. 

Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып, тол-

ған ған абызды халық «Асан қайғы» деп атаған. Жаңа хандық-

қа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа 

жетуін көздеген. осы мақсатты көздеп, ол осы хандыққа қазақ 

руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған. 



Әбілқайыр хан  /1693—12.08.1748/—қазақ ханы, қол-

бас шы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны—өсектің ұрпағы, 

Қажы сұлтанның ұлы. Тарихи жырларда әз-Тәукенің баласы 

деп көрсетілген. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, 

ша буыл дарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, Кіші жүздің 

ханы болған. Қазақ-қалмақ қарым-қатынасы шиеленісіп кет-

кендіктен ресей империясынан көмек сұрап Сібір губерна-

торы М.П.гагаринге хат жазған. 1726 жылғы ордабасыдағы 

Құрылтайда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайла-

нады. Қазақ хандары мен сұлтандары арасында алауыздық 

өршіп, сыртқы жаулардың қаупі артқан кезде Әбілқайыр орыс 

билеушілеріне арқа сүйеуді ойлап, 1731 жылы қазан айында 

ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант бе-

реді. 1748 жылы ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр 

ханды орта жүздің сұлтаны Барақ өлтіреді. Сүйегі Қабырға 

өзенінің өлкейекке құятын тұсында жерленген. 



Әйтеке би Байбекұлы  /1644-1700/—қазақтың атақты үш 

биінің бірі. Кіші жүз Әлім тайпасының төртқара руынан шық-

қан. Атақты Жалаңтөс батырдың немере туысы. Тәуке хан 

құрған «Хан кеңесіне» Кіші жүз жұртының атынан мүше бо-

лып сайланған, «Жеті жарғының» өмірге келуіне айрықша 

еңбек сіңірді. Халық биді «Айыр тілді Әйтеке» деп те атаған. 



Әлімұлы—қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Ше-

жіре бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Әлімнің атасы—



350

күй аңыздар

Қаракесек. Әлімнің алты тармағы болғанына қарай, ел ішінде 

«Алты ата Әлім» деп те аталғаны мәлім. Белгілі ақын Көлдейбек-

ұлы Ерімбет (1850-1911) шежіресінде Әлімұлына жаманақты 

(шекті), қарамашақты (төртқара), айнықты (қарасақал), ұла-

нақты (қаракесек), тегінболатты (қарасақал), тойқожаны (ақ 

кете) жатқызады. Мұны тарихшылар С.Толыбеков, Х.Маданов, 

зерттеуші Қ.Салғараұлы, шежіреші ө.Ахметов те қостайды. 

Әлімнің тармағы алтау болғанымен, ұранға шыққаны—төртеу. 

олар: жаманақ, ұланақ, қарамашақ, айнық.

 

Әшім Дүңшеұлы /1896-1962/—күйші. ҚХр, Іле Қазақ 

обылысының Күнес ауданында өмірге келген. Әкесі Дүңше 

ағаштан түйін түйген шебер болған, домбыра да шерткен. Әшім 

домбыра тартуды жас кезінен үйренеді. Шығыс Түркістанға 

аты әйгілі күйші атанады. Шыңжаңның көп жерін, Қытай дың 

ішкі өлкелерін аралап, өнер көрсетеді. өзі де «Ақ ерке», «Ақ 

толқын», «Таң бұлбұлы», «Сыбызғы үні», «Аққу келді», «Күй 

қайтарма», «Арман-ай» т.б. күйлерін шығарған.



Байбақты—қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре 

бойынша, байұлынан таратылады. Байжиен, Батақ аталары-

на бөлінеді. Ертеде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығын қо-

ныстаған. Байбақты руынан атақты Жауғашты, Мәлке, Күш-

пен, Дәуімшар, Жомарт, Шолан, Сырым т.б. билер мен батыр лар 

шыққан. ұраны—Дәуқара, таңбасы—бақан. 



Байғозы Наймантайұлы /1705-1803/—батыр. руы—та-

рақты. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Көктің көлі ауылында 

туылған. Әкесі Наймантай Тәуке ханның бас батырларының бі-

рі болған. Әкелі-балалы батырлар есімі жоңғар шапқыншылы-

ғы на қарсы азаттық күресте қатар шыққан. Байғозы жоңғар-

мен арада болған Қарасире, Аңырақай, Хан тауы, Қызылтау, 

ыстықкөл, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы төңірегіндегі 

шайқастарда ерлік көрсеткен. Байғозының қызы Қойсанадан 

Шұбыртпалы Ағыбай батыр, немере қызы Шәкіден әйгілі күй-

ші ықылас Дүкенұлы туған.



Байжігіт /1705-1795/—күйші, композитор, бостандық жо-

лындағы күрескер. Сары Нияз төренің шәкірті. Байжігіт өмірі 

ат үстінде, қалмақ басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күрес 

кезеңінде өткен. Сол жорықтар әсерімен «Нарын», «Қы лау ба-

тыр», «Алмажай» сияқты күйлерін шығарған. Эпика лық са-

рында тартылатын күйлерінде ел қорғаны болған жаужү рек 



350

351


ғылыми қосымшалар

батырлардың бітім-келбеті музыканың тілімен өрнектел 

ген. 

оның «Секіртпе», «Бұлғын-Сусар», «Тоғыз тоты», «Қос оба», 



«Ақтабан», «Аңшының зары», «Беласар», «Қашқан қалмақ» 

т.б. күйлері бар.



Байсерке  Құлышұлы  /1841-1906/—күйші, домбырашы, 

Жетісу күйшілік мектебін салушылардың бірі. Жамбыл облы-

сының Шу өзені бойында өмірге келген. Байсерке ұлы жүз ішін-

де дулат. Атақты мүйізді өтеген батырдың тікелей ұрпағы бо  лып 

келеді. Байсеркенің әкесі Құлыш он саусағынан өнері төгіл  ген 

ісмәр, халық музыкасының парқын білетін сергек жан бол  ған. 

Байсерке домбыраны бала жасынан меңгеріп, Жетісу алабы 

мен көрші қырғыз елінің күйлерін 16-17 жасында-ақ меңгер-

ген. Алқалы бас қосуларда дәулескер күйшілермен дом быра 

тар тысып, алыс-жақынға таныла бастаған. оның алғашқы күй-

лері «Ат ойны», «Жекпе-жек» күйлерімен қатар, «Келін шек», 

сондай-ақ баласы өлгендегі «Солқылдақ», қазақ даласын дағы 

жұтқа арналған «Төрт қарға», ресей отаршылдығына қарсы 

«ұранкүй» т.б. күйлері бар.



Байұлы—қазақ халқын құрған тайпалардың бірі. Шежіре 

бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Байұлына байланысты 

ежелгі Қытай деректері мен кейінгі жазба деректерде бірқатар 

мәліметтер ұшырасады. Мәселен, орхон-Енесей жазбаларын-

да Байырқу, ал Таң империясының жылнамасында Байегу 

делінеді. Байұлы алғашында Теле бірлестігінің құрамында бол-

ған. Түркі қағандығы оларды бағындырған соң, әуелі Шығыс 

Түркі қағандығының, кейіннен Батыс Түркі қағандығының 

құрамына енеді. Қытай деректері олардың Канганьхэ өзенінің 

бойын мекендегенін айта келіп: «Бәрі де ауқатты, 60 мың адам-

дары бар, 10 000 әскер шығара алады» деп жазды. Билеуші ле-

рін «Елтебер» деп атаған. 



Барақ Сатыбалдыұлы /1743-1840/—батыр, Кіші жүз 

қа 


зақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. 

Ба  рақтың батыр атағы 18 жасында торғауыт батыры Ала кө-

бекті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шықты. 18 ғасыр 

дың 


70 жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастап, Еділ мен 

Жайық арасында қалмақтармен соғысты. 1785-1792 жыл-

дары Сырым Датұлы бастаған ресей отаршылдығына қарсы 

күрес басшыларының қатарында болды. Батырдың тегеу рін-

ді қарсылық әрекеттері орыс отаршыларының зорлық-зом-


352

күй аңыздар

былығын шектеп, Жайықтың оң жағалауындағы қазақ жер-

лерін сақтап қалуға септігін тигізді. Батыс Қазақстанның 

отарлануын тежеді, әскери бекіністердің көптеп салынуына 

жол бермеді.



Бейсенбі Дөненбайұлы /1803-1872/—күйші. Қазіргі ҚХр, 

Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағына қарасты Буыршын ау-

данында туып-өскен. Әділ билігімен, дәулескер күйшілігмен 

танылған Бейсенбіні халық қастерлеп, «Бежең» атаған. Әкесі 

Дөненбай Бейсенбінің 14 жасында қаза тауып, осы оқиғаның 

әсерінен «Жеке батыр» күйін шығарған, туысы Маман бидің 

тәрбиесінде өскен. Жас та болса зерделі баланы Маман би ел 

ішінің жай-жапсарына көз қанықтырсын, байламды билік 

айтудың жөн-жобасын үйренсін деп ертіп жүреді. Маман биге 

атқосшы болып керей, найман, уақ рулары бас қосқан жиынға 

барғанында аға сұлтан Құнанбайдың батасын алып, жиынның 

төбе биі ретінде билік айтқан. 1840 жылы үштас жайлауында 

Ажы төре басқарған жиында төрт бидің бірі болып сайланған. 

Алтай, Тарбағатай, Баян өлгий аймағындағы қазақтардың 

саяси-әлеуметтік тағдырын шешкен келелі істердің басы-қа-

сын да болған. Бейсенбінің «Ажар», «Ақ жол, Кәрі боз», «Ала 

кү зен», «Арман», «Бейсенбі-Көкен», «Қара ала ат», «Құс қаш-

қан», «Көк шұбар ат», «Майда қоңыр», «Төрт бидің кеңесі» т.б. 

күйлері болған.

Беріш—қазақ халқын құрған тайпалардың бірі. Шежіре 

бойынша, Кіші жүздегі байұлы бірлестігі құрамына енеді. 

Есенқұл, Қаратоқай, Жайық, Жаңбыршы, Себек, Бегіс, Есен 

аталарына таратылады. Беріш тайпалық бірлестігінің тарихы 

тым ертеден бастау алатыны тарихи деректерде айтылады. иса-

тай, Махамбет…



Берке хан /1209-1226/—1255-1266 жылдары билік құрған 

Алтын орда ханы. Жошының үшінші ұлы, Батудың інісі. Әкесі 

тірі кезінде-ақ Дешті Қыпшақ пен Түркістанның әміршісі бо-

лып тағайындалған. Хан боп сайланғаннан кейін, исламды 

қабылдап, Алтын орданың ресми діні ретінде бекітеді. Ахту-

бада Сарай-Берке қаласын салдырып, мемлекет астанасы етті. 

Мысырдағы мәмлүк сұлтандарымен одақтасып, Византия мен 

Хулагу иеліктеріне қарсы шығады. 1266 жылы Кавказға жа-

саған жорығы кезінде қайтыс болып, өзі салдырған Сарай-

Беркеге жерленеді. 



352

353


ғылыми қосымшалар

Боғда /лақап аты, шамамен 1765-1845/—күйші, компози-

тор. Абылдың күйшілік дәстүрін жалғастырушы. оның күй-

лері Ақтөбе, орал, Маңғыстау өңіріне кеңінен таралған. Боғда 

Абыл, Соқыр Есжанның күйлерін шебер орындаумен қатар, 

«Алпыс екі Ақжелеңді» түгел тарта білген күйші. ол исатай 

бастаған шаруалар көтерілісін қолдап, Махамбетпен жақсы 

қарым-қатынаста болған. Боғданың кең тараған «Боз төбе», 

«Жем суының тасқыны», «Екіндіде ел іздеген», «Боғда», «Қара 

жаяу» күйлері—терең философиялық ойға толы лирикалық 

толғаулар.



 

Бөгенбай /шамамен 1680-1778/—атақты қазақ батыры. Ба-

тыс Сібірдегі Шетқурай деген жерде дүниеге келген. орта жүз—

арғынның қанжығалы руынан шыққан. Әз-Тәуке заманында 

қазақ, қарақалпақ, ноғайдың біріккен әскерлерін басқарып, 

1668 жылы ордабасы сайланған. Бөгенбай қазақ жерін жоңғар 

басқыншыларынан азат ету жолындағы бірқатар шайқастар ды 

басынан кешіріп, Сібір татарларын Еділ бойы қалмақтары ның 

шапқыншылығынан қорғауда үлкен үлес қосқан. 1688 жы лы 

қалмақтардың шабуылына тойтарыс беріп, өзі осы соғыста жа-

раланады. Батыр алғырлығымен, жеңімпаздығымен көзге түс-

кенде Абылай хан оған «хан» атағын да береді. Қазақ әскерінің 

тарихындағы даңқты қолбасшылардың бірі.




Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет