«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.

бет30/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38

346. «Аллам жар»

Аспантайда ұрпақ болмаған екен. Әулие-әмбиелердің ба сы-

на қонып, ел аралап, Алла Тағаладан нәресте тілейді. «ұрпақ-

сыз қаламын ба?» деп қатты қиналады. Бір күні Аспантай биік 

төбеге барып түнейді. Түсінде ақ киімді ақсақал: «Алла Тағала 

ниетіңізді қабыл етті, көп ұзамай нәрестелі боласыз, атағы жер 

тарапқа тарайды»,—дейді. Көп ұзамай дүниеге ұл бала келеді. 

Алладан тілеп алған баласына Тілеп деген есім беріледі. Бала 

жыламай, емшек ембей, денесінде құр жаны бар болып ерек-

ше туылады. «иә, Алла, тілеуімізді бердің, бірақ баламыз аш-

тан өледі ғой» деп зарлап отырған кезде, Марал ишан деген 

көріпкел-бақсы баласына дем салып: «Балаларың бұл өмірге 

әулие болып туылған, бесігінде Алланың жіберген көмекші лері 

жанашыр болады»,—дейді. 



ЫБЫРАЙ

347. «Делдал күйі» 

өткен ғасырда арғы бет керейдегі төрт тайжының бірі—

Жайырдың асы болып, асқа сауыр Сайқан, Қаба, Алтайдан, 

бұл жағы Еренқабырға, Боғдадан адам шақырылады. Аты жер 

жарған асқа игі жақсылар, өз елінің небір өнер иесі болған ән-

ші-күйшілерін, атан жілік арыс азаматтарын алып келеді. 

Біріне-бірі жалғанып айтылып жатқан ән, жығысып жат қан 

палуан, шертіліп жатқан күй ішінде жалпақ жұрттың жү рек 

пернесін басқан «Делдал» күйі болады. 

он саусағынан өнер тамған қарт ыбырай қолына дом-

бырасын алысымен өзінің күй орындау өнерінің ерекшелігін 


326

327


күй және күйшілер туралы аңыздар

танытып, бірінің артынан бірін шерте отырып, әлден уақытта 

белгісіз бір күйді мың түрлендіре жөнелгенде, көзінің жасы са-

лалы сақалынан сорғалайды. Бұған отырған елдің де сай сүйегі 

сырқырайды. Қарт бұл күйін өзінің үлкен келіні қаза болғанда 

«Делдал» атты күйі екенін айтады. Әңгіме былай екен:

ұлы Наумел жайлауға көшерде қалыңдығының сырқат 

қалғанын көріп, ел жайлауға барған соң көңілі орнықпай дел-

сал жүреді. Жайын біліп келейін десе, қырық көш төр жай-

лаудан ойға түсу оңай болмай, күндері өте береді. ұлының бұл 

халін ұғып, түсінген ыбырай, ақыры ұлын барып хабарласуға 

жөнелтеді. 

Наумел күн жүріп, түн жүріп қайын жұртына таяғанда 

тобыр адамның зиратқа беттеп бара жатқанын көріп, жүрегі 

аласатып, ат басын тарта қалады. Жігіт ең соңында кетіп бара 

жатқан жалғыз адамнан жай ұғысса, жерлегелі әкетіп бара 

жатқан өз қалыңдығы болып шығады. Сонда Наумел төбесінен 

жасыл түскендей аттан құлап қалады. Ел де күйеу баланы та-

ниды, ес жидырып топырақ салуын айтады. Көз жасын көл ет-

кен Наумел күзде алғалы отырған қалыңдығын жерге көміп, 

сүлдерсіз жайлаудағы үйіне оралады. Неше күн нәр татпай, 

әкесінің ақылымен әрең есін жияды. Ақыры әкесі: «Ал, ба-

лам, өтер адам өтті ғой, сонда осы өлімде саған қатты батқаны 

қандай іс болды, айтшы?!»—дегенде, Наумел: «Маған бәрінен 

батқаны—зиратқа беттеп бара жатқан адамдарды көргенде, 

алуан түрлі оймен, делдал күйге түскенім» дейді. Әкесі ыбырай 

осы бір аянышты халден тудырып, «Делдал» күйін жаратқан 

екен. 


Күйді тыңдаған тамам жұрт: «ойпырым-ай, нағыз өнер ғой, 

осындай өнерлі қолдар да кәртейіп, бір күні топырақ астында 

саудырап қалады-ау»,—деп қимастық аңғартқан екен. 

САЙМАҚ

348. «Сары өзен»

(ІІ нұсқа)

Ертеде, қалмақтардың жаугершілік заманында, қалмақтар 

қазақ ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын тұтқындап, мал-

дарын айдап кетіпті. Сол тұтқынның ішінде жылқышы Саймақ 



328

күй аңыздар

та бар екен. Қалмақ елінде Саймақ үш жыл тұтқында болып, 

олардың малын бағады. 

Бір күні қалмақтың ханы үлкен той жасап, елдегі барлық 

өнерпаздарды жинайды. Той қызып, әншілер, күйшілер, жыр-

шылар өз білгендерін сыншыға сынатып алдынан өтіп жат-

қанда, орда сыртынан сайраған сыбызғының үні естіледі. Хан 

да, сыншылар да, халық та елең етіп, бәрі де мына бір тосын-

нан естілген сыбызғы үніне таңырқай құлақтарын түре қалады. 

Сыбызғышы бір сазын аяқтап, жаңа күйге көшкен кезде, хан 

уәзірлерінің бірін шақырып: 

—Бұл кім болды екен? Барып біл де, осында алып кел!—

дейді. Ханның айтқанын екі етпейтін уәзір ордадан шығып ай-

нала іздеп жүрсе, бір үйдің көлеңкесінде екі көзін тас жұмып, 

сыбызғының сазына әбден беріле тартып отырған, өздерінде 

тұтқында жүрген Саймақты көреді. уәзір Саймақтың қасына 

келіп: 


—Жүр, соңымнен ер!—деп, ханның алдына алып келеді. 

Хан Саймақты қарсы алдына отырғызып: 

—Сенің мұндай өнерің бар ма еді? Мына тойға неге кел ме-

дің?—дейді. Сонда Саймақ қолын кеудесіне апарып: 

—Тақсыр! Ел-жұртынан айырылып, қаңғып жүрген мен-

де той тойлайтын не көңіл бар, оған қоса мені ешкім тойға 

шақырған жоқ,—депті. Саймақтың бұл сөзін естіген хан: 

—Жә! Арызыңды кейін айтарсың! Кәзір өнеріңді көрсет!—

дейді. 

Саймақ сыбызғысымен бір күйді күңіренте тартқанда ха-



лық ұйып тыңдайды. ол сыбызғысын той біткенше тартады. 

Халық Саймаққа дән разы болып, алғысын айтыпты. Хан да 

Саймақтың өнеріне бас иіп: 

—Сен өнерің бар адам екенсің, мұнан былай менің құл шы-

лығымда жүрмей-ақ қой, еліңе барып өнеріңді шыңда, рұқсат 

етемін,—депті. 

Бұл сөзге Саймақ қуанып, ауылына қайтуға әзірленіп жат-

қанда қасында уәзірлері бар хан келіп: 

Ат үйірін сағынса, 

Артқы аяғын тебінер. 

Ер ел-жұртын сағынса, 

Ер-тұрманын тағынар,—



328

329


күй және күйшілер туралы аңыздар

дегендей, елге жүруге даярланып жатыр екенсің, жаяу қайтпа

анау жылқыдан өзіңе ұнаған бір атты ұстап мін,—депті. Хан ат 

мінуге рұқсат берген соң Саймақтың есіне—өзінің құлынынан 

үйретіп өсірген Саржорға аты түседі. осыдан үш жыл бұрын 

Саржорғаны Саймақтан қалмақтар тартып алған екен, енді 

топ жылқының ішінен Саймақ Саржорғаны ұстап мініп, еліне 

тартады. Ауылға жақындағанда Сары өзеннен өтіп, ат шалды-

рып, біраз тынығып, туған жердің топырағына бір аунап алуды 

армандаған Саймақ өзеннен өткенде астындағы Саржорға аты, 

алдыңғы аяғын тарпып, оқыранып, кісінеп қоя береді. Мұны 

көрген Саймақ: 

—Шіркін, жануарым-ай! Елін, жерін, суын бұл да сағынған 

екен ғой. Пысқырынып амандасып жатқанын қарашы,—деп, 

біраз айналаға қарап тұрды да, «қой, жануар ат та өз жеріне 

келгенін білдіріп, қуанышты үнін шығарғанда, менің үнсіз 

қалғаным жарамас»,—деп сыбызғыдан бір күйді тебіренте тар-

та беріпті. Күйін ойнап біткен соң, аман-есен ауылына келіпті. 

Ел-жұрты Саймақты көріп қуанып, оны ортаға алып, көрген-

білгендерін сұрайды. Саймақ қалмақ ханының құлшылығын да 

болғанын, одан сыбызғы тартып босағанын, елге жақында ған да 

Саржорғаның пысқырғанын айта келіп: «Сары өзеннен өт кен-

де мен де сыбызғыдан бір күй шығарып едім, енді сол сазым ды 

домбыраға салып тартайын, оның аты «Сары өзен» бол сын»,—

деген екен. 

НАУМЕЛ

349. «Төрт жаяу күйі» 

Кешегі үкіметтен зорлық, жаулық көрген аласапыран заман-

да Алтайдан ауып босқан ел қайда тыныштық, қайда бостан дық 

бар деп, Мори, Баркөл, гансуға ағылған. осындай босқан елдің 

соңынан қуған үкімет әскері жазықсыз елді қырғындап, қа зақ 

көшінің соңын мал мен адамның сүйегіне толтырады. 

осындай астаң-кестеңде он бір жігіт елден бөлініп кетіп, 

жаудан қуғын көреді. Басы ауған жаққа қашқан жігіттер, 

өздері нің елсіз құмды далаға шығып кеткенін бір-ақ біліп, 

аштық пен шөлден астындағы аттарын сойып жеп жаяу 

қалады. Ақы ры күн сайын қатары азайып, Баркөл маңында 


330

күй аңыздар

отырған елдің үстіне төрт жігіт қана келеді. Төрттің бірі 

ыбырайұлы Наумел екен, неше күн ел-жұртпен аманда-

сып, сағыныш мауқын бас қан соң, Наумел ертелі-кеш белгі-

сіз әуенмен, қолына домбыра алып толғанып, ақыры «Төрт 

жаяу» күйін шығарған екен. 

ЖАНЖІГІТ

350. «Салкүрең» 

Ертеде өнері елге таңсық, өлеңіне қауым ғашық, күйімен 

ессізге ес бітіріп, естінің делебесін қоздыратын атақты Жан-

жігіт дейтін сал болған екен.

Жанжігіттің бір күрең, бір қоңыр аты болған екен. осы 

күреңнің жүрісі, жорғасы, шабысы, сұлу тұлғасы Жанжігіт 

салға жарасымды болғандықтан «Салкүрең» десе, қоңыр аттың 

сүйек бітімінің ірілігіне қарап «Молқоңыр» дейді екен. осы 

екі атының жүрісін Жанжігіт домбыраға салып күй ғып шер-

те ді екен. Бара-бара ол «Салкүрең», «Молқоңыр» деген халық 

күйіне айналыпты.

РАҚЫМ

351. «Рақымның өмір толғауы» 

Еренқабырға өңірінде он саусағы түгел өнер рақым деген 

шебер өткен. ол қазақ халқының мәдени өмірі мен заттық 

тұрмысына қажетті бұйымдарды өнер өресіне көтерген, 

өнермен қалың қауымға танылған шебер еді. рақым тіккен 

саптама етікті, көксауыр кебісті, ою басқан мәсі мен күміс 

белбеуді жұрт қадыр тұтқан. рақымның таутекенің мүйізінен 

жезбен оюлап жасаған сары ала шақшасы, сол заманның 

қолы жеткендері мақтанышпен алып жүретін зіннат бұйымы 

бол 


ған, десе де рақымның шеберлігін елге айырықша 

танытқан өнері—оның жасаған домбырасының көркемдігі 

мен шешендігі екен. рақым шеберлік өнерінің сыртында, 

асқан домбырашы да болған кісі. оның мұндай қасиетіне 

өз қолымен жасаған домбырасының ойдағыдай шешен де, 

көркем болуы негіз болатын. Сондықтан ол домбыраның 



330

331


күй және күйшілер туралы аңыздар

құлағынан тиегіне дейін өзі орналастырып, әрбір пернені ор-

нын тауып байлап қолынан бір-ақ шығарған. Домбыра алуға 

келгендерге рақым алдымен өз күйі «өмір толғауын» тартады 

екен. «Әзір аттанамын» деп отырған жүргіншілер рақымның 

күйін қимай, ақыры атының ерін алуға мәжбүр болады 

екен. Міне, осылай «өмір толғауы» жұрттың жүрек қылын 

тербететін күйге айналған. рақымның көптеген шәкірті, не-

месе рақым қолынан шыққан домбыра ны ұстайтын домбыра-

шылар қашан, қай жерде болсын өздері нің күйін рақымның 

«өмір толғауымен» бастайтын болған.

ӘМІРЕ

352. «Әміренің арманы» 

Әміре—Алтайда туып, кейінірек Еренқабырғаға көшіп 

келіп мекендеген. Күйші, қолөнершілікпен жан бағып, етікші, 

ағашшы, темірші болған. Жас ортасында әйелі қайтыс бо-

лып, жалғыз ұлынан басқасын ауру жалмап кетеді. Бұл соққы 

оған қатты батады. уайым-қайғы бұлты басынан айналып 

шықпайды. Жалғыз ұлы азамат болып қалса да, аяғын қол 

қысқалықтан шырмай алмайды. өстіп жүргенде сол жалғызы 

да өліп, қу басы ғана қалады. Жалғызының қызығын көре ал-

май, одан айырылып қалғанына қатты назаланып, есінен тана 

жаздайды. Халық жиылып, қабір басынан қайта оралғаннан 

кейін, ел ішіндегі тілді, жақты адамдар Әміренің көңілін аулап 

жақсы сөздерін айтып оны жұбатады.

осы кезде домбырашы Әміре, ашада ілулі домбырасын 

қолына алып, бір мұңлы күйді:

ой, жалған, жалған ай!

Жалғаннан көңіл қалған ай!

Жалбарынып өткен Алламның,

Жалғызымды да алғаны-ай!

Көкірегіме шер боп байланды,

Таусылмайтын мына арман-ай!деп күңірентіп 

шерте жөнелген екен. Содан бастап қалған өмірінің әр күні на-

мазын өтегеннен кейін қолына домбырасын алып, баласының 

өліміне арнаған осы «Арман» күйін шертіп өткізген екен.



332

күй аңыздар



АҚЫМЖАН 

353. «Ақымжанның қоңыр күйі» 

Ақымжан—Алтай өңірінде жасаған атақты күйші, сы-

быз ғышы өнерімен елге танылған адам екен. Сол тұста оның 

өнеріне таңдай қаққан үкірдай, билер қайда барса да, Ақым-

жанды қастарынан тастамай ертіп жүріп, сыбызғы тарттырып 

қызықтайтын болған. Ақымжанның «Қоңыр күйі» сол кез-

де Еренқабырғаға дейін кең таралған күй басы еді. Ақымжан 

сыбызғы тартқанда басындағы кепеші бірде желкесіне кетсе, 

бірде маңайына келіп жүріп тұрады екен. Күйші өзі жылқы 

бағуды ұнатыпты, Естіген құлаққа қарағанда, Ақымжан жыл-

қыны сыбызғымен жусатады екен. ол сыбызғы тартқанда, 

жылқы құлағын қайшылап, еріні жыбырлап, мүлігіп тыңдап 

қалады екен. Бірде бір байдың жылқысын жортуылшылар қуа 

қашып бара жатқанда, Ақымжан сыбызғы тартқан екен. Сонда 

айдаудағы жылқы тоқтап, қайта желісіне оралыпты.

Қазақтың көптеген сыбызғы күйін Ақымжан ақсақал кейін-

гі ұрпаққа жалғастырып, танытып, мұра етіп қалдырып кет-

кен. Қай жерде ойын-сауық, топ болса, той басын «Ақымжан-

ның қоңыр күйімен» бастау әдетке айналған.

ОРАЗБАЙ

354. «Оразбайдың ақ белбеу аты» 

Еренқабырғада аты шыққан атақты сыбызғышы Құрыш 

деген адам өткен. оның «оразбайдың ақ белбеуі аты» деген өз 

туындысын көп тартып, халық күйі етіп қалдырған. Ақ белбеу 

бір кедейдің жүйріктігімен, жорғасы мен аяңына ат желіп ілесе 

алмайтын, топпен жүргенде қырындай ойнақтап, әсем басатын 

көркімен елді таңқалтқан ат болыпты. Сондықтан өнерпаздар 

оны күй етіп, аттың әсем жүрісін күй тілі арқылы бейнеле ген. 

Қысы-жазы арқасынан ер кетпейтін кедейдің жалғыз ке рігі 

болғандықтан, ат айыл қиып, ақ айыл болып қалады. Сон дық-

тан ел оны ақ белбеу ат деп атап кеткен.


332

333


күй және күйшілер туралы аңыздар

МҰХИТ БИТЕНОВ

355. «Үш балам» 

Мұхит Битеновтың күйі. «үш балам» күйін 1962 жылы ав-

тордың өзі орындап, оның шығу тарихын да айтып берді. 

1941 жылы Битенов Мұхит отан соғысына аттанғанда оның 

үйінде Марат, Мар, Майдан деген үш ұл баласы қалған еді. 

1945 жылы Совет Армиясы фашистерді өз жерінде талқандады. 

Жеңіспен елге оралған Мұхит үйіне оралғанда алдынан шы-

ғатын үш баласының бірі де болмай, бәрінің де қайтыс болға-

нын естіп, қатты қайғырады. ол өзіне жұбаныш болар ештеңе 

таппай, төрде ілулі тұрған домбырасын алып көзден жасын 

ағыза, толғана, тебірене отырып бір күй тартады. Күйді тыңдап 

отырғандардың бірі: 

—Мұхит, мына тартқаныңыз бұрын естілмеген саз ғой, аты 

қалай?—дегенде: 

—я, дұрыс айтасыз! Бұл үш баланың қайғысына арнаған 

«үш балам» атты күйім,—депті әрі күйші, әрі жауынгер Мұхит 

Битенов. 

МЕРУЕРТ МЕРХАДИН

356. «Аққу»

(V нұсқа)

Меруерт Мерхадиннің күйі. Бұл күйді 1962 жылы Меруерт 

өзі орындап, шығу тарихын да әңгімелеп берген еді. 

1930 жылы жаздың бір шуақ күнінде Меруерт Сарытау 

етегіндегі көлге құс аулауға барыпты. Көлдің ортасындағы 

шағын аралды айналып төрт аққудың жүзіп жүргенін көреді. 

Толқыны тербеліп, жартасқа соғып жатқан судың жағасы-

на киімдерін тастап, мылтығын алып, Меруерт әлгі аралға 

малтып өтеді. онда аққулардың ұясы бар екен. ұядағы сегіз 

жұмыртаның алтауын алып, екеуін қалдырады. Меруерттен 

бір пәленің келгенін сезген аққулар, судан көтеріліп, ұясының 

үстінен айналып шығады да, жағада тұрған Меруертке қарай 

жалынышты үнмен сұңқылдап ұшады. Мұны көрген Меруерт: 

—осы жерден алып кете алар ма екен, соны көрейінші,—

деп, әкелген жұмыртқаларын жағаға қойып, өзі бұғып, тасадан 


334

күй аңыздар

қарап отырады. Аққулар жұмыртқаға әлденеше рет жақын дап, 

қанатымен қағып, аяғымен іліп кетпекші болды да, ала ал май 

төрт-бес дүркін айналып ұшып, мұңды үнмен көлді жаңғыр тып 

кетіп қалады. Меруерт сол аққулардың жұмыртқасын іздеп 

ұшқанын көріп, олардың жалынышты үнмен сыңқылда ға нын 

естиді... 

үйіне келген соң далада көрген оқиғасын, табиғат көрініс-

терін көз алдына елестетіп, аққулардың сыңқылдаған дыбы сын 

домбыраға салып, Меруерт «Аққу» деп күй шығарады. 


334

336

336

ТоМҒА ЕНгЕН МӘТІНДЕргЕ  ТүСІНІКТЕМЕ

Қазақтың халық аңыздары—ұлттық фольклорымыздың ең 

бір көне де көлемді жанрларының бірі. Жалпы, аңыздардың 

тақырып аясы өте кең, сюжеті де сан алуан болғанмен, фольк-

лортанушы ғалымдар оларды екі тақырыптық түрге бө леді. 

Ал ғашқы топқа тарихи аңыздар, ал екіншісіне мекендік (то-

по 


нимдік) аңыздар жатқызылады. Қазақ аңыздарын алғаш 

сөз етуші ғалымдар қатарында Ш.уәлиханов, г.Н.Потаниндер-

дің есімі аталады. М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Б.Адамбаев сынды 

ғалымдардың Кеңес дәуіріндегі еңбектерінде аңыз жанрының 

табиғаты туралы бағалы пікірлер кездеседі. Шынтуайтында, 

қазақтың күй аңыздарына терең мән беріп, маңызды мәселе 

көтерген академик-жазушы М.о.Әуезов болды. «Бірінші топқа 

жататындар,—деп жазады Мұқаң,—Қорқыт, Асан, Алдар көсе 

сияқты тарихи адамдар жайындағы аңыздар және Қожанасыр 

жайындағы аңыз-анекдоттардың қазақша нұсқалары. Екінші 

топқа күй аңыздары жатады. Домбыра мен қобызда, сыбызғыда 

тартылған күйлер арқылы әр аңыздың мазмұны баяндалады. 

Қазақта күй жүздеп саналады. Солардың әрқайсысының да 

ауызша айтылатын кіріспесі болады»

1



Қазақтың халық прозасын арнайы зерттеуші академик 



С.А.Қасқабасов күй аңыздарының синкретті сипаттарына на-

зар аудара келе, былайша тұжырымдайды: «Ал, күй аңызына 

келсек, онда әртүрлі жанр тоғысқан: миф, аңыз, әпсана-хикаят, 

ертегі, жыр. Күй түрінде орындалатын аңызды айтар болсақ, 

олардың басым көпшілігі тарихи оқиғаларға байланысты бо-

лып келеді»

2

. расында да, күй аңыздары фольклордың өзге 



1

 Әуезов М. уақыт және әдебиет. — А. 1962. —55-б.

2

 Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. —А., 1984. —131-б.



22-136

338

күй аңыздар

жанрларымен де, өзімен тектес, өзектес мекендік немесе тари-

хи аңыздармен де тақырыптық, сюжеттік сарындар жағынан 

сабақтасып жатады. Зерттеуші сондай шығармалардың қа-

та рында «Сарыөзен» күйін атайды

3

. Бұдан күй өнерінің ғана 



емес, күй аңыздарының да синкретті табиғатын, алуан та қы-

рыптылығын айқын аңғарамыз.

Қазақтың күй аңыздары туралы зерттеу жұмыстары кеші-

рек қолға алынғанымен, бірқатар құнды еңбектер жарық көрді. 

Солардың арасында белгілі этнограф-ғалым А.Сейдімбектің 

«Күй шежіре» атты кітабы айрықша атауға лайық. Ғалым ның 

жазуынша, күй тартылмас бұрын білікті домбырашы сол күйдің 

шығарушысы, шығу себебі, күйдің тартылу ерекшелігі, күйді 

кімдердің жеткізгені және қазіргі тағдыры жайында мағлұ-

мат беретін әңгімесін айтып алатын болған... яғни, осы күймен 

қосарлана айтылатын әңгімені халқымыз «күй аңызы» деп 

атайды».


4

 Зерттеуші күй аңыздарының туу себептері жайын-

да сөз қозғай келе төмендегідей пікір сабақтайды: «Қазақта 

неше мың күй болса, оның қосарлана айтылатын сонша аңыз-

әңгімесі бар. Қобыз, домбыра, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, 

сазсырнай сияқты музыкалық аспаптарымызда тартылатын 

мың сан күйдің бірде-бірі себепсіз шықпаған. Бұл аңыз әңгі-

мелер тартылатын күйдің музыкалық мән-мағынасын, әуендік 

ерекшелігін, иірім қағыстарын дұрыс түсінуге себепші болумен 

бірге халқымыздың тарихи-әлеуметтік өмірінен мол мағлұмат 

береді. Күй аңыздары өзінің нақтылығымен, шынайы өмірді 

арқау етуімен халық тарихының ең бір жанды шежіресі болып 

табылады»

5

.



Әрине, күй аңыздарының ұлттық фольклорымыздың осы 

жанрындағы өзге екі түрінен елеулі айырмашылықтары бары 

күмәнсіз. Бұл құбылысты зерттеушілердің өздері де түр лі ше 

түсіндіреді. Мәселен, күйдің тарихы, жеткізушілер туралы 

мәліметтер, мұрағаттық яки кітаби деректер, күйдің музы-

калық табиғаты мен семантикасы, таралу аймағы мен вариант-

тары сияқты толып жатқан кәсіби сипаттары да күй аңызда-

рының өзіне хас жанрлық ерекшелігін аңғартады. Алайда таза 

фольклорлық, иә болмаса, халықтық туындыларға қойылатын 

3

 Сонда. —149-б.



4

 Тарақты Ақселеу. Күй шежіре. —А., 1992. —24-б.

5

 Сонда. —26-б.



338

339


ғылыми қосымшалар

шарт бұдан өзгерек. өйткені фольклоршы үшін күйдің қалай 

тартылуы, саздық сипаттары немесе күйшінің шәкірттері ту-

ралы кәсіби нақты деректерден гөрі, сол күйдің шығу тарихы, 

халық аузында айтылатын сюжеттік сарыны қамтылатын ілкі 

аңыздаулар бағалырақ болып саналады. өкінішке қарай, күй 

аңыздарының басым көпшілігі кезінде хатқа түспегендіктен, 

мамандардың аздығынан және қарапайым салғырттықтың 

кесірінен мәтіндік, мазмұндық тұрғыда көп өзгеріске ұшы-

ра ған. Айталық, күй аңыздарын алғаш ел арасынан жазып 

алушылардың бірі академик А.Жұбанов та, одан соңғы күй та-

биғатын зерттеуші ғалымдар да, ең алдымен, оларға фольк лор 

мұрасы ретінде емес, музыкалық шығарма деп қарағандығы 

еш кімді таң қалдырмаса керек-ті. оның үстіне көптеген күйлер 

же 

ке орындаушылардан жазылып алынып, нотаға түсірілу-



мен шектелді. Сол сияқты ертеректе А.В. Затаевич секілді та-

лай музыка зерттеушілері жинаған, түрлі мұрағат қорларында 

сақталған күйтаспалар жөнінде де осыны айтуға болады. 

Бұдан бәрі болмаса да, бірқатар күй аңыздарының жасан-

ды жолмен—тақырыптық, сюжеттік мазмұнына қарап, енді 

біресе күйді тыңдап отырып сипаттау негізінде кейінгі музыка 

мамандарының қолымен жазылғанын аңғару қиын емес. Де-

сек те, күй аңыздарын жинау, зерттеу, жариялау бағытында 

қазақ зерттеушілерінің атқарған қызметі аз емес. Әсіресе қа-

зақ музыкатану ғылымының атасы академик А.Қ.Жұбанов тың 

сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап жазған 

зерделі зерттеулері, Құрманғазы, Дәулеткерей, Боғда, Түркеш, 

Абыл, Дина т.б. атақты күйшілер жайындағы іргелі еңбектері 

өз алдына бір төбе. Ғалымның ұзақ жылғы ізденістерінен 

соң жазылған «Ғасырлар пернесі» атты көлемді кітабы күй 

аңыздары мен олардың жанрлық табиғатын бағамдау бағы  тын-

да сара жол ашқан алғашқы құнды еңбек болды

6

. осы кітап-



та «Қазақтың күй аңыздары қалай туған?» дейтін маңызды 

сауалдарға салиқалы жауап беріліп, салмақты деректер, ойлы 

тұжырымдар келтіріледі. «Қазақтың домбырашы-күйшілері 

шаршы топ алдында шығып, күй орындамастан бұрын, шы-

ғарманың мазмұны мен тарихын ауызша айта кететін-ді. Дом-

бырашылар күйдің мән-жайын өз сөздерімен айта отырып, 

6

 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. (Қазақтың халық композиторларының өмірі 



мен творчествосы туралы очерктер). —А., 1975.

340

күй аңыздар

мұндай әдісті кейде тыңдаушыларға өз ойын ұқтыру үшін 

қолданатын. Көптеген халық күйшілері ащыны да, тұщыны 

да өз жұртымен бірге көріп жүрген соң, күй тарихына орай, 

әңгіме-хикаялары көптің көкейіндегі арман-мұңына дөп түсіп, 

қарайлас жататын»

7

,—дейді зерттеуші. Ғалымның «Халықтың 



өнерге құштар махаббаты мен құрметін кей аңыздардан аңға-

ру қиын емес, оларда музыканың елдің сана-сезіміне, тіршілі-

гі не, табиғат-болмысына тигізетін елеулі әсері сөз етіледі»

8

 де-



ген пікірі де күй аңыздарының мәдени, этнопсихологиялық әрі 

әлеуметтік маңызының тереңдігіне дәлел.

Күй аңыздары этнограф-ғалым А. Сейдімбек еңбектерінде 

де жан-жақты талданғаны мәлім. Зерттеуші академик 

А.Жұбановтың жұртшылыққа мәлім келелі ой-пікірлеріне 

сүйене отырып, күй аңыздарын былайша жіктеуді ұсынады:

1. Тарихи оқиғаларға арналған күй аңыздары.

2. Күйші-композиторлар өміріне қатысты күй аңыздары.

3. Қоршаған орта, табиғат туралы күй аңыздары. 

4. Тұрмыс-салтқа байланысты туған күй-аңыздары.

5. Арнау-күйлерінің аңыз-әңгімелері.

6. Жан-жануарлар туралы күй-аңыздары.

9

 

Сондай-ақ музыка зерттеушісі Ә.Мұхамбетова күй мен күй 



аңызының арасындағы сюжетті және синкретті тұтастықты аң-

ғартатын төрт түрлі сипатын атап көрсеткен. оның бірін ші сі—

аңыз аясындағы күй. Екіншісі—аңызға айналған күй. үшін-

шісі—төл аңызы бар күй болса, төртіншісі—күй мен аңыз

10

.

Қазақтың күй аңыздары жайында музыка зерттеушісі 



Т. Мерғалиевтің арнайы еңбегінде жақсы қамтылған. Бір 

ерекшелігі—онда А. Жұбанов еңбегіндегідей күйшілердің шы-

ғармашылық өмірбаянына емес, күйлердің нотасын кескін-

деу ге көп тер төккен. Зерттеуші қазақ күйлерін: аңыз күйлер, 

тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, жануарларға 

арналған күйлер, лирикалық күйлер деп тақырыптық-сю-

жет тік мазмұнына қарай жүйелей отырып, кітаптың соңында 

күйлердің тарихы, олардың авторы мен орындаушылары ту-

7

 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. —А.,2002. —15-16-бб.



8

 Сонда. —17-б.

9

 Тарақты Ақселеу. Күй шежіре. —А., 1992. —29-б.



10

 Сонда. —30-б.



340

341


ғылыми қосымшалар

ралы мәліметтер келтіреді. осы қосымша тарауда автор Асан 

қайғы, Боғда, Құрманғазы, Түркеш, Есбай, Саймақ, Есжан, 

Құлшар, Ақбикеш, Сейтек, Балбике, Дайрабай, Қазанғап, Дина 

т.б. белгілі күйшілердің туындыларының шығу тарихы тура лы 

кейбір аңыздық деректерді көпшілік назарына ұсынған. «Ба-

балар сөзі» жүз томдық басылымының кезекті томын әзір леу 

барысында бірқатар күй аңыздары жоғарыда айтылған кі тап-

тан алынды

11

.



Күй аңыздарының мәтіндері музыка мамандары—А.райым-

бергенов пен С.Аманова әзірлеген «Күй қайнары» (1990) атты 

жинаққа да енгізілген. Аталған кітапта авторлар әр күйдің 

нотасымен бірге олардың орыс және қазақ тілдеріндегі аңыз 

мәтіндерін де қатар жариялаған. онда күйлердің өзі аспапта 

орындалу ерекшеліктеріне қарай топтастырылып, қобыз, дом-

быра, сыбызғы күйлерінің тарихы кезең-кезеңімен және халық 

аңыздарының негізінде жүйелі баяндалады

12

. Жинаққа енген 



халық күйлерінің («Хан жұбату», «Тепеңкөк»; «Жүндібайдың 

сазы», «Жорға аю», «Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Ел айы-

рылған», «Ноғайлының зары» т.б.) аңыз әңгімелері өзінің шы-

найылылығымен әрі нақтылығымен ерекшеленеді.

Күй аңыздарын жинап, жүйелеуде А.Есенұлы мен 

г. Елеусізқызы дайындаған «Күй керуені» деген кітапқа ен-

ген мәтіндер де назарға алынды. Атап өтер жайт—осы кітапта 

ха лық күйлеріне баса көңіл бөлінген және Құлшар, Тәттімбет, 

Сүгір, Боғда, Тоқа т.б. дәулескер күйшілердің күрделі күйле-

ріне орын берілген

13

. Күйлердің көп варианттылығы, соған 



сәйкес сан алуан күй аңыздарының нұсқалары пайда болуы 

күмәнсіз. Мысалы, осы жинақта «Ақсақ құлан» күйінің—6, 

«Кеңес» күйінің—4, «Қосбасардың»—6 нұсқасы берілген.

Сондай-ақ күй аңыздарын қарастыруда музыка және фольк-

лор маманы Б.Жүсіповтың зерттеу еңбектері де қаперге алын-

ды. Автордың Сыр бойы күйшілік мектебі дарынды өкіл де-

рінің шығармашылық мұрасын арнайы сөз еткен кітабында 

Құрманай, Төремұрат, Домақ Тәппет, Құрақ Досжан, үсен төре, 

Қазанғап, Шал Мырза, бастаған бірқатар халық күйшілерінің 

11

 Мерғалиев Т. Домбыра сазы. (Музыкалық—этнографиялық жинақ). —А., 



1972. —288-313-бб.

12

 раймыбергенов А., Аманова С. Күй қайнары. 



13

 Есенұлы А., Елеусізқызы г. Күй керуені. —А., 1997. —160-б.



342

күй аңыздар

өмірі мен өнеріне қатысты аңыздық тұрпаттағы көнелік әң-

гімелер қамтылады

14

. Біз бұл материалдарды қажетіне қарай 



пайдаланып, кейбір халық аңыздарын осы томға ұсынып отыр-

мыз. Соңғы кездері Қытайда тұратын қазақ фольклоршыла-

ры да күй аңыздарының екі томын баспадан шығарды

15

. Бұл 



бағалы басылымның алғашқы томына халық күйлері енгізілсе, 

екінші том халық күйшілері шығармашылығына арналған. 

«Бабалар сөзі» сериясының осы томына енген күй аңыздары-

ның бірқатары аталған қос томдық бойынша әзірленді.

Күй аңыздарын жинақтау барысында музыка зерттеушісі 

у.Бекеновтың еңбектері кеңінен пайдаланылды.

16

 Автордың 



шертпе күй шеберлеріне, олардың өмірі мен күй мұрасына бай-

ланысты жариялаған бірнеше аңыздары да қаперге алынды. 

Сондай-ақ бірен-саран күй аңыздарының мәтіндері жекелеген 

ауыз әдебиеті және көпшілікке арналған ғылыми-танымдық 

басылымдардан алынғанын атап өту парыз

17

. Бірсыпыра фольк-



лорлық аңыздар М.о.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

институтының музыкатану бөлімі қызметкерлері дайын 

да-

ған 5 томдық қазақ музыкасының антологиясынан алынды



18

олардың арасында кейбір күй аңыздарының бұрын жария-



ланбаған нұсқалары да ұшырасады.

Әрине, жоғарыда аталған кітаптарға енген күй аңыздары-

ның көпшілігі ішінара өңделіп, кейінгі кезеңдегі саяси-қоғам-

дық идеология аясында мазмұндық, мәтіндік өзгерістерге 

ұшырағаны байқалады. Мәтіндерді жүйелеу барысында күй 

аңыздарының нұсқалары мұқият салыстырылып, олардың ха-

лықтық, фольклорлық сипаттарына баса назар аударылды. 

Бұл орайда Қр БҒМ М.о. Әуезов атындағы Әөи сирек қорында 

сақталған күй аңыздарының қолжазба материалдары да (ӘӨИ, 

ҚҚ: № 241, 296, 1066-бумалар) кеңінен қамтылды. Қысқаша 

айтқанда, «Бабалар сөзі» 100 томдық топтамасының кезекті 

84-томына ұсынылған қазақ күй аңыздарының мәтіндері атал-

ған серияның ұстанымдарын және фольклорлық жинақтарға 

14

 Жүсіпов Б. Жиделі Байсын күйлері. —А., 2000.—288-б. 



15

 Күй аңыздары (құрастырған: г. Қуанбекқызы). 1, 2—кітаптар. —үрімжі: 

Шинжаң халық баспасы, 2009.—261-б.

16

 Бекенов у. Шертпе күй шеберлері.—Алматы: «Жалын», 1977.—92-б. 



17

 Шарапат (Құрастырған: М. Сатыбалдиев). —Алматы, 1973.—208-б; өлген 

қазан: Аңыздар (Құрастырған: К. Сейдеханов). —Алматы, 1973.—336-б.

18

 Қазақ музыкасы. Антология: 5 томдық. 1-5 томдар.—Алматы, 2005-2006. 



342

343


ғылыми қосымшалар

қойылатын ғылыми талаптарды толықтай сақтай отырып дай-

ындалды. Жоғарыда аталған әртүрлі жинақтар мен қолжазба 

қорынан алынған күй аңыздары мәтіндерінің 84-томдағы орна-

ласу тәртібі мен реттік саны төмендегідей: 



1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал