«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет3/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

13. «Ақсақ қаз»

(І нұсқа)

Көктем туа жер ананың тас емшегі жібіп, төс емшегі иіген 

кезде жыл құсының шұбап келіп, дала төсін думанға бөлейтін 

әдеті. Салқын сабат көлге, жасыл жайлау белге ынтыға жеткен 

мың сан құс кешікпей-ақ ұя салып, жұмыртқа төгеді. ұрпағын 

өргізіп, табиғаттың аялы алақанында мәре-сәре күй кешеді. 

осы әдетпен, жыл сайын қалың шеру құс керуеніне ілесіп 

келіп-кетіп жүретін қос қоңыр қаз болады екен. Әрине, оның 

бірі—ата қаз, екіншісі—ене қаз. Келер жолына көзі қанық 

қос қаздың аңсап келіп қанат бүгетін айна көлі болса керек. 



30

31

халық күйлерінің аңыздары



Сол көлдің көк майса құрағын орып жеп, салқын шымына 

бауырын төсеп, ерке самалына қанатын керіп рақаттанады. 

Әсіресе, ақ үрпек балапандары апыл-тапыл аяқ басып, үпір-

шүпір үйіріліп, құлдыраңдап соңдарынан ергенде қос қаздың 

көкірегін шаттық кернеп, қоңыр үнін қосарлай созып өмір 

әніне салады екен. Мұндайда қос қаздың саңқ-саңқ еткен әсем 

үні сай-саланы қыдыра жаңғыртып, дүние дидарына құлақ 

түргізгендей ерекше естіледі. Жел тынып, көл беті айнадай 

жалтырап, гүлқұлақтар сыбдырын қойып—қос қаздың әсем 

үніне маужырап мүлгігендей қалып танытады. 

Күндердің бір күнінде қос қоңыр қаздың шаттық күйі, 

өмір әні дала кезген сұр мергеннің құлағына шалынады. Тіс 

қаққан сұрмерген сайды сағалап, көлді жағалап, қамысты па-

налап келеді де, қаннен қаперсіз жүрген қос қазға садақ тар-

тады. Қапысыз тартылған садақтан жұлқына шыққан жебе 

жолындағы гүлқұлақтың басын шала заулап келіп, ене қаздың 

қақ жілігін шорт үзеді. Шошына шыққан ащы үні маужыр 

көлді селк еткізгендей, қанат біткен дүрлігіп көкке көтеріледі. 

Ақ қанат балапандар үрпиісіп, жаралы анасының бауырына 

тығылады. Сонда жаралы қаз ақ үрпек балапандарын құтқа-

ру үшін қанатымен жер сабап, жалғыз аяғын жанталаса сер-

піп, бауырлай жылжып келеді де суға ілігеді. Сол бетінде қа-

нын шұбыртып көл ортасындағы аралға балапандарын бастап 

жөнеледі. Мысы құрып, санын соққан сұр мерген жағалауда 

қалады. 

Жалғыз аяқ-жарым жан болып қалған қоңыр қаздың ендігі 

өмірі қасіретке толады. Бұрынғыдай балапандарын өргізіп, 

отын қандырып мамырлап қайтар күн жоқ. Жаз жайлаудың 

ең бір қызықты күндерін сұлық жатумен өткізеді. Аштан өліп 

бара жатқан соң, мойыны жетер шөбін орған болады. Суға 

түсіп сыланбаған соң, желге желпініп таранбаған соң бой жүні 

қобырап, қауырсыны ыдырай бастайды. 

ол да ештеңе емес екен. Күн өткен сайын балапандары қара 

қанат болып, сирақтары серейіп, мойындары сорайып ата қаз-

бен бірге ұзап жайылатынды шығарады. Қоңыр қаз төсімен жер 

сүзе жылжып, балапандарына ілеспек болады. Бірақ дәрмен 

жоқ. Мұндайда көкірегі шерге толып, көлдің аясын күңіренте 

зар төгеді. Ене қаздың сұңқылдаған қайғылы үні төңірегін 

мұңға бөлеп, көл беті уайымнан қабаршып жатқандай болады. 


32

күй аңыздар

осымен күндер заулап өтіп жатады. Көлдің суы салқындап, 

қоңыр күз түседі. Құстар сап түзеп, топтаса ұшып, жылы жақ-

қа қайтуға қамданады. Бұл кезде ене қаздың балапандары да 

ұлы дүрмекке ілесіп, анасына қош-қош айтқандай айнала ұша-

ды. Сонда, қанатымен жер сабап, ақсаңдай ұмтылған ене қаз 

бауы рын көтере алмай, үйірінен айырылып қала береді. Жай 

қалмайды, өксігін баса алмай сұңқылдап, қасірет шерін төгеді. 

Ақсақ қаздың осы халі күйге айналған. 



14. «Сау қаз» 

Бұл күйдің аңызы «Ақсақ қаз» күйінің аңызына жалғас ай-

тылып, күйдің өзі де жалғас тартылады. 

...Сонымен, сұр мергеннің оғынан жаралы болып, үйірімен 

бірге жылы жаққа ұшып кете алмай, ене қаз иесіз аралда зар-

лап жалғыз қалады. Бауырына басқан балапандарынан айы ры-

лып, қанаттас серігі ата қаздан көз жазып, қасірет шерін тө ге ді. 

Сап түзеп, моншақтай тізілген ұялас қаздардың соңынан тел-

міре қарайды. Қос қанатын кере серпіп ұшпақ болады. Бі рақ 

бауырымен жер соғып, дәрмені таусыла сұңқылдайды. 

осындай шақта ту сыртынан саңқ еткен ата қаздың үні ес-

тіледі. Балапандарын қалың құстың легіне қосқан ата қаз қа-

наттас серігін қимай қайта оралған екен. Ене қаздың ет жү ре гі 

елжіреп, сыңсып жылағандай үн шығарады. Ата қазға жұп-

жұмыр мойнын созып, иығына иек сүйейді. 

Ата қаз болса кеудесімен демеп, қанатымен желпіп, өзіне 

ілестірмек болып әлек. Амал қанша, ақсақ қазда дәрмен жоқ. 

Қанатымен жер сабап, қамыға сұңқылдайды. 

Дәрмені таусылған ата қаз да аһ ұрып, қош-қошын айтуға 

мәжбүр болады. өмірлік серігінен тірідей айырылып, зар төге 

алыстай береді... 

осы көріністі күйші домбыраға түсіріп, қос қаздың сезім 

күйін, тағдыр талайын қос ішекпен сөйлеткен екен. 

15. «Бөкен жарғақ» 

(І нұсқа)

Ертеде ағайынды екі жігіт болыпты. Әкелерінен жастай айы-

рылып, шешесі үшеуі өмір сүреді екен. Алаңдары болмай өс кен 


32

33

халық күйлерінің аңыздары



ағайынды екі жігіт жастайынан аң аулауды кәсіп етіпті. Бой-

лары өсіп, бұғаналары қата бастаған кезде бұлардың аңшы лы-

ғы төңірегін тәнті ететін болыпты. Әсіресе түздің бөкен сияқ ты 

көп кездесетін аңын аулауға машықтанғаны сонша—үсті ле рі не 

бөкен терісінен тіккен жарғақтарын киіп алып, түз тағы сы мен 

араласып жүріп қалағанын атады екен. 

Күндердің бір күнінде ағайынды екі жігіт тізе қосып, әдет-

тегідей бөкен аулауға шығады. Ен далада сынаптай сырғып 

жүрген бөкеннің бұрылып келіп су ішер орындарының болаты-

ны белгілі. Сондай бір бұлақтың басына ертерек келген екі жігіт 

атуға ұрымтал орынға бекінбек болады. Сонда ағасы інісіне 

ақыл береді: «Екеуміз бұлақтың екі қабағын ала жайғасайық. 

Қаталап келіп суға бас қойған бөкенді екі жағынан қақпалап 

атсақ қарық боламыз»,—дейді. Інісі ағасының айтқанына кө-

ніп, көрсеткен жеріне бекінеді. 

Түс мезгілі болып, күн тас төбеге көтеріліп, тірі жанның 

аңқасын кептіргендей ыстық көтерілген кезде мүйізі жарқ 

етіп, бөкеннің шолғыншы текесі көрінеді. Іле даланың шаңын 

шүйкедей созып, артынан кимелей кеуделеген ешкі-лақтары 

жетеді. Сол бетінде қалың киік айналы астаудай жарқырап 

жатқан бұлаққа бас қояды ғой. осы кезде, ұрымтал сәт кел-

ген шығар деп, ағасы садақ тартады. Дүр етіп кері серпілген 

бөкеннің келесі шетінен уәде бойынша інісі де оқ жаудырады. 

Талай бөкен оққа ұшады. Аң қызығы ағайынды екі жігіттің 

делебесін қоздырып, одан сайын құныға атады. 

Сөйтіп, екі ортада ұйлыға жөңкілген бөкеннің тұяғынан 

қалың шаң көтеріледі. Әлден уақытта аман қалған бөкендер 

шаң арасынан сытылып шығып, түзге бет алады. Әлі де болса 

шаң арасында ұйлыққан бірер бөкенді атып алып қалмақшы 

болған ағайынды екі жігіт қалың киікті өкшелей қуып, садақ 

тартады. 

Бір мезгілде ағайынды жігіттердің үлкені шаң арасынан 

бөкеннің ойқастаған сүлдерін көргендей болады. Қылт еткенді 

құтқармай атып машықтанған жігіт садағын құлаштай керіп 

тартып жібереді. Бұл жолы да атқаны қапы кетпейді, көздеге-

нін мұрттай ұшырады. Сол бетінде бауыздап ала қояйын деп 

жүгіріп келсе, бөкен деп атқаны өзінің жалғыз інісі екен дейді. 

Сол жерде бауырының басын құшып жылаған жігіттің зары 

кейін ел ішінде «Бөкен жарғақ» деген күй болып тараса керек. 

3-136


34

күй аңыздар



16. «Жамал-ай!» 

Ертеде бір байдың қызына есігінде жүрген қойшының бала-

сы ғашық болыпты. Жастайынан бірге өскен жарлының бала-

сын байдың қызы да ұнатады екен. Ер жетіп, бой жете келе екі 

жастың бір-біріне деген сезімі тіптен арта түседі. 

Бұл жағдай бір күні байға белгілі болып, бай тас-талқаны 

шыға ашуланады да, кедейді басқа жаққа көшіріп жібереді. 

Енді қайтып ауылының маңынан жүрсе, жазаламақшы бола-

ды. 

Сонда жүрек сезімін жасыра алмаған қойшының баласы: 



Қасың сұлу қағаздың сиясындай, 

Мойның ұзын тоғайдың миясындай. 

Қайтсем саған қолымды жеткіземін, 

Жатқан жерің сұңқардың ұясындай. 

Жамал-ай, Жамал-ай, 

Болар ма екен амал-ай! 

деп өлең етіп әнге салып, күй етіп сыбызғыға салған екен.

 

17. «Тепеңкөк» 



(І нұсқа)

Тепеңкөк әу баста бір байдың қойға салған шабан аты екен. 

Мың салса бір баспайтын шабандығына бола Тепеңкөк атанса 

керек. 


Күндердің бір күнінде тақымында жүрген Тепеңкөкке жұрт-

тан асқан бір сыншының көзі түседі. Сыншы Тепеңкөктің ал ды-

артына шығып, сұқтана қарап тұрып: «Апыр-ай, осы за ман ның 

жылқысы азды ма деп жүрсем, жоқ, менің көзім тозған екен 

ғой. Мына жануар бүйірімді қыздырсаң, бәйгеден келем деп тұр 

ғой!»—дейді. 

Бұл сөзді естіген қойшы: «Бәрекелді, қойға да жете алмай-

тын Тепеңкөкке қайдағы бәйге!»—деп күледі. 

Сыншы сол бетінде ат басын байдың үйіне тірейді. Сөз ара-

сында сыншы: «Байеке, қырық жылда бір туатын ерен жүйрікті 

қор қылып, қойға салып қойғаныңыз қалай?»—деп сұрайды 

байдан. 


Бай бұл сөзді көңіліне алып, сыншы келеке етіп отыр-ау 

деген оймен: «Шын жүйріктің қырық жылда бір туатыны рас 

болса, сол қырық жылда ортаймайтын дәулетім бар. Менен 


34

35

халық күйлерінің аңыздары



жүй рік жылқы көргің келсе, қырық жылдан кейін кел!»—деп 

қырыс қабақ танытады. Сонда сыншы: «Байеке, көңіліңізге 

алмаңыз, мен шынымды айтып отырмын. Шыққыр көзім шық-

паса, қойшының астындағы Тепеңкөк алдына қара салмас жүй-

ріктің өзі. Тек, бабын білмей жүрсіздер. Тепеңкөк бүйірі қыз-

бай шаппайтын, арқасы қозбай арындамайтын ат. Сол үшін, 

бәйгеге қосарда екі қоржын басы құм теңдеп алу керек. Әрі-бері 

шапқан соң құлағының түбінен тер білінер. Тер білінген соң-ақ 

Тепеңкөктің бауыры жазылып, созыла шабуға тиіс. Сол кез де 

қоржын түбін өткір кездікпен тіліп жіберіп, құмын төксе, со-

нан соң аруағын көтере ұрандап, айқайға салып отырса, Те пең-

көк сақпанның оғындай заулар еді!»—дейді. 

Сыншының айтқан сөзіне бай құлақ асып, бәйгеге қосады. 

Жай қоспайды, аяққаптай ала қоржынға құм теңдеп қосады. 

Айтқанындай, сол жолы Тепеңкөк небір желаяқ жүйріктерге 

шаң қаптырып, жалғыз қара болып бәйгеден келіпті. осыдан 

кейін бабы табылған Тепеңкөк бәйгенің алдын бермейтін бо-

лыпты дейді. 

Мына күй сол Тепеңкөктің шабысын келтірген, арасында ат 

үстіндегі баланың ұрандаған айқайын білдіретін күй екен. 



18. «Хан жұбату» 

Ертеде халқына қайырымды бір хан болыпты. Халқына 

қайырымды болған соң, ханға төңірегіндегілер де құрметпен 

қарайды екен. 

Ханның бар үміт-тілегіндей жалғыз ұлы болса керек. Сол 

жалғыз ұлы енді есейіп, ат жалын тартып міне бастаған шағын-

да қайтыс болады. Жалғыз ұлдың мезгілсіз қазасы ханды қатты 

қайғыға батырып, көз жасы көкірегін жуады. Ақылы құмдай 

шашылып, қасірет шеккен ханды жұбату үшін аяқ жетер жер-

ден небір ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен келіп, көңіл ай-

тады. Қайғыны ақылға жеңдіруін өтініп, сабырға шақырады. 

Бірақ хан қайғыдан езіліп, тірідей солып, басын көтермей жа-

тып алады. 

Сол кезде, ел ішінде жұрттан асқан бір сыбызғышы бо-

лады екен. Ханның басындағы азалы халді естіп, арнайы 

ордаға келеді. Ел болып иіліп, жұрт болып жиылып, ханның 

қайғысына ортақтасып жатқанда мен де шет қалмайын деп ой-


36

күй аңыздар

лайды. Сөйтіп, ханға келіп, сәлем беріп, басу сөз айтады. Хан 

сол қалпы, сәлемге жауап қатпастан, іштей мүжіліп, өзімен-

өзі болып, меңірейіп жатып алады. Сыбызғышы сәлемінің 

өтпегенін көңіліне алмайды. Төмендеу жайғасып отырады да, 

құтысынан сыбызғысын шығарып, асықпай сарната жөнеледі. 

Бұрын-соңды тартылмаған тың сарын естір құлақты елеңдетіп, 

ғажайып сазымен баурай жөнеледі. 

Сыбызғы үні ұзақ сарнап, уілдей өксіп, уһілей күрсініп, шер-

шеменнің бәрін дыбысқа айналдырып жібергендей боздап ке ліп 

тоқтайды. Сонда хан төсектен басын көтеріп, сыбызғы шы мен 

амандасып, жоғары шығып отыруын өтініп еді дейді. 

Сыбызғышы төрге шығып жайғасқанда, ханның қас-қаба-

ғын бағып жүргендер күйшінің иығына шапан жабады. 

Міне, ханның қайғысын серпіп, басын көтерткен осынау күй 

ел ішінде «Хан жұбату» болып тараған екен. 

19. «Кербез қыз» 

(І нұсқа)

Ертеректе бір өнерпаз жігіт болса керек. ол кезде жігіттің 

жақсысы жылқы бағып, жүйрік мінеді. Күндердің бір күнінде, 

сол өнерпаз жігіт саяқ шыққан жылқыларын іздеп жүріп, бір 

ауылға кез болады. Сол ауылда шеткерірек тігілген ақ боз үй 

бар екен. үй сыртынан ат байлар мама ағаш көзге шалынған 

соң, кісі түсетін «қонағуар үй» боларсың деп ат басын бұрады. 

Жігіттің ойлағанындай, үй төңірегі тап-тұйнақтай, аяққа ша-

лынып жатқан мүлкі жоқ. оймышталған сықырлауықты жара 

ашып үйге кіріп келсе оң жақта бір бойжеткен кесте тігіп отыр-

са керек. Жігіт сәлем береді. Қыз лып етіп орнынан тұрып, сы-

пайы ғана амандасып, төрге көрпе салады. Жігіт төрге озып, 

қамшысын сыртына тастап, жайғасқан соң, қысқа-қайырым 

тілмен жөнін айтады. Қыз: «Е, жоқ іздеп шаршаған екенсіз ғой, 

сусын, дәм қамдайын, жайғасып отыра беріңіз»,—дейді де, 

шығып кетеді. 

Жігіт үй ішіне бажайлап көз салса, жүк аяққа сүйеулі бір 

сары домбыра тұр дейді. Құлықсыздау қол созып, жай ғана 

дыңғырлата бастайды. Жол соқты болып келген жігіттің құ-

нығып тартуға зауқы жоқ, әшейін ермек еткен сыңайы бай-

қалады. Мұны сол үйдің бойжеткені біресе қымыз әкеліп, бі-


36

37

халық күйлерінің аңыздары



ресе жастық тастап жүріп байқайды. Жай байқап қоймайды 

«домбыраның берекесін кетірді-ау» дегендей жымиып өтеді. 

—Құрбым күлкі шақырардай қандай қылығымды бай қа-

дың?—деп жігіт сыр тарта сауал қояды. 

Қыз күлкісін тыйып, кербез қалпымен: 

—Жоға, сіздей, елдің шеті, желдің өтінде жүрген жігіттен 

мін іздеу үйде отырған бізге жараспас. Мін іздегенмен табыл-

мас. Жәй әшейін, сайрап тұрған домбыраның тілінің күрме ліп 

қалғанына күлгенім ғой,—деп сөзінің соңын әзілге бұрады. 

Кербез қыздың қылығына сай есті сөзі, күмістей сыңғырла-

ған үні бей-жай отырған жігіттің жан дүниесін баурап, дүр 

сілкінткендей болады. «Аталы сөзге арсыз ғана дау айтады» де-

ген бар. Есті жігіт қыз сөзіне іштей ұйып, еңсесін түзейді де: 

—Ә, домбыра тілін түсінер құлақ болса, сөйлетіп көрейін,—

дейді де бір күйді бастай жөнеледі. 

Қыз сыпайы ғана тізе бүгіп, қос жанары мөлдіреп, кірпік 

қақпай күйге ден қояды. уыз өңі құбылып, ақ маңдайы кері ліп, 

күйді беріле тыңдаған сыңай байқалады. 

Күй тартылып бітеді. Қыздың мамық төсі дірілдеп, жеңіл 

ғана күрсінеді де: 

—Апыр-ай, бұрын естімеген сыры мол күй екен,—дейді. 

Сонда жігіт: 

—Құрбым, күйді тартушы мен болғанмен, тартқызған өзің, 

сенің кербез қылығың. осы дидарласуымыздың бір белгісі деп 

біл. Күйдің аты «Кербез қыз» болсын,—деген екен. Сөйтіп, екі 

жастың көңілін жарастырған күй «Кербез қыз» деген атпен 

жұртқа жайылған. 

20. «Кербез қыз»

(ІІ нұсқа)

Бір байдың алақанына салып аялап өсірген жалғыз қызы 

болыпты. Жалғыз да болса жүзге татитындай ақылына көркі 

сай болып өскен екен. «Қыз өссе, елдің көркі» деген рас, бай 

қы зының ақыл-көркі аңызға айналып, төңірегіндегі аяқ же тер 

жерден арнайы ат сабылтып келушілер көбейді. Малына сен-

ген байлар, әліне сенген батырлар сөз салады. Жалғыз перзен-

ті болған соң, бай қызының қас-қабағына қарап, өмірлік жар 

таңдау еркін өзіне береді. Ал қыз болса анау-мынауға көңілі 


38

күй аңыздар

толмаған сыңай танытып, «теңім емес» деген жауаппен тойта-

рып тастай береді. 

Сонымен, күндер зулап, жылдар жылжып өтіп жатады. 

«Кербез қыз» атанған бай қызының көңілінен шығар ешкім 

кезіге қоймайды. 

Әрине, бұл жағдай алдымен ата-анасын алаңдатып, кер-

без қыздан жеңгелері арқылы шешесі «не ойлағаны бар екен?» 

деп сыр тартады. Сонда қыз: «Ертеңімді ойламай кергіп жүрген 

жайым жоқ. Бірақ көрінгеннің етегінен ұстамай, көңілім құ ла-

ған біреуге тағдырымды тапсырсам ба деп едім. Ата-анама риза-

мын, жарық дүние сыйлады, әлпештеп өсірді, еркімді өзіме бер ді

соның арқасында ел ішіне «Кербез қыз» атым жайылды. Ен дігі 

ойым, менің осы кербездігімді кімде-кім сыбызғы тілінде жет кізе 

алса, жанымды түсінетініне көзім жетіп, соған барар едім» дейді. 

Қыз ниеті ел ішінде тез тарайды. осыдан кейін-ақ бай ауы-

лына жорға мінген бай да емес, найза ұстаған батыр да емес, 

енді небір нәнталап сыбызғышылар ағылып келе бастайды. Кер-

без қызға көпке дейін бірде-бір сыбызғышы ұнамайды. «Жай 

тақпақ, белгілі сарын» деп жақтырмай қайтара береді. 

Содан күндердің күнінде кедейқолдылау киінген қарапайым 

бір жігіт келіп, «Кербез қыздың көңілін өсірейін, кербездігін 

сыбызғыма көшірейін» деп күй тартады. Кедей жігіттің күйі 

қыз көңілінен шығып, екеуі көңіл қосады. Бұған қыздың ата-

анасы да риза болып, ұлан асыр той жасайды. 

Сонда тартылған осы «Кербез қыз» күйі еді дейді. 

21. «Кербез қыз»

(ІІІ нұсқа)

Бір байдың үш ұлының ортасында бұлғақтап өскен жалғыз 

қызы болыпты. Қыздың бір аяғының туа біткен сылтымасы 

болса керек. Бірақ әке дәулетіне шалқып, үш ағасына ар қа 

сүйеп өскен қыз көкірегін көтеріңкі ұстайды екен дейді. Тіп-

тен, аяғының сылтымасын білдірткісі келмей, кербезсінген қы-

лығына қарап, төңірегі «кербез қыз» деп атап кеткен екен. 

Кербез қыздың басы жас, бойы жеңіл кезінде қыз «теңім 

емес» деп талай жігіттің меселін қайтарады. осыменен жүр-

ген де қыз біраз уақыттың өткенін байқамай да қалады. Қыз 

ғұмыры қызғалдақтай келте ғой, қатарының көбі бас құрап, 


38

39

халық күйлерінің аңыздары



шаңырақ құрып кеткенде, байдың қызы енді оң жақта отырып 

қалған кәрі қыз атана бастайды. 

Арада тағы да біраз жыл өтеді. Күндердің бір күнінде бұл 

ауылға бір жігіт келеді. Ауыл-аймақты сөз етіп отырып, байдың 

кербез қызының әлі ұзатылмағанын естиді. Сөйтсе, бұл жігіт-

тің де бір кездері кербез қызға көңілі кетіп, сөз айтқан екен ғой. 

ол кезде көкірегін көтеріп жүретін байдың қызы бұ жігітті «те-

ңім емес» деп, маңына жолатпай жіберіпті. 

Сол кезде қыздың әлі оң жақта отырғанын естіген жігіт ойға 

қалады: «Апыр-ай, бір кездері жастық сезімімді өзіне ауда рып, 

түн ұйқымды қашырған ғашығым еді. Бірақ менің дәуле тім-

ді қорашсынып, меселімді қайтарып еді. Шын бақыттың кіл-

ті байлықта емес екенін енді білді ме екен?»—деп толғана ды. 

Толғаныс үстінде отырып, сол сезімін күйге түсіреді. Күйдің 

бас-аяғын тиянақтап қолын жаттықтырған соң, ауылдың бір 

өнерпаз жігітіне қолқа салады: «осы күйімді кербез қызға ай-

нытпай жеткізгейсің. Күйді түсініп, мән-жайыңды сұрай жат-

са, жасырмай айтарсың»,—дейді. 

уәдеге берік өнерпаз жігіт кешікпей-ақ кербез қыздың алды-

на барып, сәлем күйді тартады. Күй құлыншақтай құлдыраңдап 

мұңсыз-қамсыз әуенмен басталады да, келесі бір орамында қос 

ішектің асты-үсті қатар үн қатып, қайнаған өмірдің бір қуаныш, 

бір қайғы сарынына ойысқандай болады. Мұнан әрі күйшінің 

қолы сағақтан қайтып, бел буынға жеткенде әлде бір өкінішті 

өксік алқымнан алып, сығымдап тұрып алғандай әсер береді... 

осы кезде кербез қыз «болды, тоқтат» дегендей белгі беріп, 

күйді үзіп тастайды. Сәлем күйді кімнің жолдағанын сұрап 

біледі. Сонан соң, өңі бұзылып, қамыға жүдеп көз жасын мөл-

діретіп сығып-сығып алады. Әлден уақытта бойын жинап, ең-

сесін түзеп: «Қайтейін, тағдырдың жазуы сол да, мен кер безсіп 

жүріп, қадірімді білетін нағыз азаматты байқамай қа лыппын, 

бағалай алмаппын»,—деп өкінішін білдірген екен. 

Кейін осы күй ел ішіне «Кербез қыз» деген атпен тарап кетсе 

керек. 


22. «Сал жігіт» 

Бұл күйдің аңызы «Кербез қыз» күйінің бірінші аңызына 

жалғаса айтылады. 


40

күй аңыздар

ол аңыз бойынша, қыз қылығы мен ақыл-парасатына риза 

болған жігіт «өзіңе бір белгі болсын» деп «Кербез қыз» күйін 

тартады ғой. Сөйтсе, кербез қыз өзінің ақыл-парасаты мен көз 

тартар көркіне қоса дәулескер күйші де екен дейді. Сол жерде 

өнерпаз жігіттің ықыласын аяқсыз қалдырғысы келмеген қыз: 

«ықыласыңа дән ризамын. Халқымыз «Сыйға—сый, сыраға—

бал» деуші еді ғой. Менен де бір белгі болсын, «Кербез қыз» 

күйінің жауабы»,—деп, «Сал жігіт» күйін тартқан екен. 



23. «Қос келіншек» 

(I нұсқа)

Бір байдың мәпелеп өсірген егіз ұлы болады. Ата-ананың 

тілегіне сай егіз ұлдың екеуі де жұрт аузына іліккендей аза мат 

болып өссе керек. Қай істе де екеуінің жұбы жазылмай, бірі не-

бірі сүйеу болып, бірін-бірі толықтырып, көрер көзді қуан тып 

жүреді екен. 

Бір күні бай отырып: «Бұл екеуінің кіндігін Құдай бір етіп 

жаратқанда, менің айырғаным болмас, екеуіне егіз қызы бар 

үйге құда түсейін»,—дейді. Сол оймен бойжеткен егіз қызы бар 

үй іздеп құлағдар болып жүреді. 

Ел іші болған соң әртүрлі гәп кездесе бермей ме, бір үйден 

егіз ұл туғанда келесі үйден егіз қыз неге тумасын? Кешікпей-

ақ, бойжеткен егіз қызы бар үй белгілі болады да, бай құлшына 

қимылдап құда түседі. Екі жақтың да ықылас-ниеттері жара-

сып, құйрық-бауыр жесісіп, төс қағыстырған құда болысады. 

Содан уәделі мерзім жетіп, қос келіншек ақ тілеумен босаға 

аттайды, келін болып түседі. Бір басы екеу болып, екі басы төр-

теу болып, тілегі орындалған бай неден аянсын, аяқ жетер жер-

ге жар салып, ұлан-асыр той жасайды. 

Бірақ, бәрі де жазудан ғой, той қызып, ел мәре-сәре болып 

жатқанда «аттандай» шауып жаушы келеді. Ел шетіне қа ра-

құрым қаскөй жаудың киліге кіргенін хабарлайды. 

Сонда отау үйде мәз-мейрам болып отырған егіз жігіт жұбын 

жазбастан атқа қонады. Тас-түйін болып бекініп, қатыгез жау-

дың алдын алу үшін ағайынға ұран салып, қол бастап шығады. 

Ал қос келіншек болса әлгінде ғана шырқап отырған шат-

тық әнін мұңды зарға ұластырып, Тәңірге жалбарынады. Ақ 

тілеумен қосылған асыл азаматтарының аман-есен оралуын, 



40

41

халық күйлерінің аңыздары



жаудың беті қайтып, ел ішіне қайтадан тыныштық орнауын 

тілек етеді. 

Естіген жанның жүрегін елжіреткен қос келіншектің осы-

нау зарлы тілегін кейін бір өнерпаз домбыра тіліне түсірген 

екен. Сол күйі «Қос келіншек» деген атпен жұртқа жайылған. 

«Қос келіншек» күйі—тел бұраумен тартылатын санаулы 

ға на күйлердің бірі. Домбыраның астыңғы және үстіңгі ішекте-

рі бір дыбысқа келтіріліп тартылғанда, шынында да үміт-тілегі 

бір егіз келіншектің қатар шыққан мұң-сырындай әсер береді. 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет