«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет29/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38

331. «Бұлбұл торғай» 

(ІІ нұсқа)

Тамылжыған көктемнің май айы еді. Құлын жарғақпен қап-

талған домбырасын мойнына асып алған Мүкей, Білезік өзенін 

құлдап, Кеңтөренің ауылын бетке алып бара жатты. Жылан-

дай жосылып аққан Білезік өзенінің бойы бүрлеген орман. 

Күйші көңілін табиғат дүниесінің осы бір көрікті шағы баурай-

ды. оның құлағына қайыңның бұтағына қонып сайраған бұл-

бұлдың әсем сазы шалынады. Мүкей атынан түсіп, байыздап 

әлгі сайраған бұлбұл құстың әнін қызыға тыңдайды. Секем шіл, 

сезімшіл әнші бұлбұл бұтақтан-бұтаққа қонып құйқылжи ды, 

тамылжыған сыр шертеді....

Күйші домбыра тілімен бұлбұл торғайдың артынан еріп жү-

ріп әуеніне әуен қосып, жол бойында ет асым ерулеп «Бұлбұл 

торғай» күйін жасап шығады да, қоналқыда Кеңтөренің үйіне 

келеді. Күй ырғағын ұмытып қалмау үшін шай соңынан кейін 

қайталай шертіп отырады. 

Қазақ тұрмысы мен өнеріне қанық Кеңтөре: 

—Мынау күйіңізді бұрын-соңды естімеген екем, аты не?—

деп сұрайды. Мүкей күйдің бүгін жол бойында шығарылған ды-

ғын айта келіп, күйдің аты «Бұлбұл торғай» деп еді, Кетөре:

—онда сенің ұстап алғаның менің түбегімнің бұлбұл тор-

ғайы болды ғой,—деп қағытпалы қалжың айтады. Мүкей: 

—оныңыз рас төрем, Қабаның елі де, жері де сенікі ғой, 

«төресіз ел, төбесіз жер жоқ». Төреміз жарлық берсе, немізді 

аяйық... өзіңізге бір арызым болып шыққан бетім еді, көктем-

нің жаршысы тіл қатты. Жолым болар деп ойладым,—дейді. 

Кетөре мақтаныңқырап, қарқылдап күледі де:

—Арызыңды айт,—дейді.



316

күй аңыздар

—Тақсыр, бірнеше жылдың алдында немере қарындасым 

Нұрғайшаны Сауыр тауының арғы бетіндегі Жайыр дейтін 

өнерлі азаматқа қалыңсыз үйлендірген едім. Жайыр өткен 

қыста «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген 

ауыл кәрілерінің пікірі бойынша екі ат, екі бие әкеп беріп кет-

кен. Жуықта осы малдың артынан торғауыттан екі жоқшы 

келіп екі атының көзін танып қайтарып алды. Қалған екі бие-

сіне екі құнажын байтал қайтарсам, олар: «сендер биелерімді 

құлындатып, тығып отырсыңдар, малымның көзін аламын»,—

деп жанжал тудырып отыр. оның биесін қыста соғымға жы ғып 

алған едік, осыны бітім қып берсеңіз,—дейді. Кетөре:

—Жегенің рас болса, айып тоғызсыз-ақ екі байталды орны-

на салып бітіруге болар. Ертең даугерді маған алып кел,—деп 

кесімді жауап айтады. риза болған Мүкей тағы да күйін шер тіп 

отырады да: 

—Жолым болды, күй сіздікі болсын,—деп аттанып кетеді. 

Сөйтіп, «Бұлбұл торғай» күйі «Кетөренің бұлбұл торғайы» деп 

те жұрт арасына тараған екен.



332. «Ой, дүние-ай!»

(ІІ нұсқа)

Қыраулы күз. Ән салып, қош айтып жыл құстары да қайтып 

жатты. 

...Қазалы болғандарды жаназаласып, жерлескен Мүкей 



Шұң 

қыршидегі киіз үйімен отырған семиясына келіп сал-

ғырт тау аттан түсті. оның денесі жер тартып, желке жүйесі 

шақ қылап, көңілі айнып ауырғанына бірнеше күн болған. ол 

бір сәт төр алдында шынтақтай жатып, қоңырқай киіз үйдің 

жарты лай ашылған шаңырағынан алыс биікке көз тігіп, аспан 

әлеміне үңіліп еді, бір топ тізбекті тырналар тыраулап төбесі-

нен бір айналып ұшқандай болды да, аздан соң көзден қарасы 

үзіліп, құлақтан даусы тынды. Көктен естілген осы бір тырна-

лар әні оның құлағынан көпке шейін кетпеді...

Күйші ауыр күрсінді де басын көтерді. Кешкі шай қамымен 

жүрген соңғы—жас жұбайы Көкежанға қарап:

—Ажалдың жер қармағы маған да ілінгелі тұрған сияқ ты. 

Халыққа келген зобалаңнан кім қашып құтылар дейсің! Кім-

нен артықпын! Бірақ амал не, ұрпақсыз кеткеніме өкінем! Көке-


316

317


күй және күйшілер туралы аңыздар

жан, домбырамды әперші?—деді. Көптен бері қазалы болған-

дар дың батақор қайғысымен қам көңілді жүрген Көкежан ның 

әжім сіз сары қызыл жүзіне алауы өшкен әлдебір күңгірт кө-

лең ке қонақтаған сияқты. Жарының әлгі айтқан сөзінен оның 

жүрегі зу етіп төбесіне шыққандай болды. 

Көкежан көзіне жас іркіп, үлкен абдыраның қақпағын 

ашып, домбырасын алып берді де:

—Қайдағыны айтпаңызшы, қорқам, «жақсы лепес—жарым 

ырыс» қой! Кеңшілігі бар Құдайым сақтар өзі,—деді кейісті 

үнмен тіл қатып.

Мүкей домбырасының құлақ күйін теңшеп алды да, бір саз ды 

ырғақты қоңыраулата қағып келіп, сәл тыныстағандай күбірлеп:

—ой, дүние-ай десеңші! Қайран өмір зымырап өттің ғой!... 

Сайранды шағым—ұстаспас сағым,—деп ауыр күрсінді. оның 

жын буған бақсыдай дірілдеп, қалтырап тұрған тұла бойын 

өз еркінен тыс бір қысым күш кернеп тұрған тәрізді. Соңғы 

сазды ырғақты қайталап шерте береді. Бұл осы бір тұңғиық 

түннің соңғы толғанысынан туған күй—«ой, дүние-ай» еді. 

Жарық дүниені—тіршілік күресін қимастықтан туған асқақ 

армандарға толы күйші жүрегі осылайша ақырғы рет өмірімен 

қош айтысты. Күйші өмірден кетті. онан ұрпақ қалмады. Бірақ 

оның артында өлмейтін күй мұрасы қалды. 

333. «Үш күйдің аңызы» 

Алқабекте деген бір бай болған екен. Байдың мәпелеп бақ қан 

екі енеге телі бір қоңыр құлыны болыпты. оның жүрісі жай лы, 

жалы майда, өзі суреттей көркем екен. Байдың осындай әдемі 

тағы да бір аты бар екен. Бай аттарды ұрыдан қорқып түнде киіз 

үйде бағатын бопты. Бұл аттарды байдың Сәулем деген қы зы 

күзетеді екен. Сәулем домбырашы әрі әнші болыпты да, дом-

быра мен әнге қатты құмар екен. 

Күндердің бірінде Боғданың Қаратауын мекендеген Мүкей 

деген ұры байдың аттарын торып, жанына екі адамды ертіп, 

осы ауылға келеді. Бірақ олар қанша торыуылдаса да, лажын 

таба алмай бірнеше күн өтеді. Ақыры маңайдағы елден аттар-

ды түнде байдың қызы күзететінін, Сәулемнің домбырашы әрі 

әнші екенін, домбыра шертілсе, құлақ түріп қалатынын естиді. 

Сонымен қыздың қапысын таптым деп есептеген Мүкей жол-

дастарына:



318

күй аңыздар

—Қызды мен домбыра шертіп айналдырам, сендер сол орай-

да аттарды қайтсеңдер де алып шығыңдар!—дейді де, кеште 

қыз отырған киіз үйге барып:

—Бикеш, күйіңді шерт, естиін деп келдім,—дейді. Бұл 

ұсынысты қабылдаған қыз домбырасын шертеді. Бірақ бей-

таныс кісіден тартынып, шабыттанып шерте алмайды. Сон-

да Мүкей қыздың домбырасын сұрап алып, «Қос қағу» деген 

күйді безілдетіп ала жөнеледі. Ершіммен еркін шертілген күй 

сазы қызды бірден баурап, өзінің ат күзетіп отырғаны мүлде 

есінен шығып кетеді. Күйді бір ауық шертіп серіктері аттарды 

шығарып болды-ау дегенде, Мүкей қызға қош айтып жөніне 

кете береді. Қыз күйші жігіттің аты-жөнін сұрап қалмағанына 

өкініп қалыпты. Бір кезде аттың жоғалғанын білген қыз, ата-

анасына айтудан қорқып, қасындағы қыздарға да: «Адам келді 

деп айтпайық, ұйықтап қалыппыз деңдер»,—деп үйретіп 

қояды. Көр заман жер-көкті шарлап таба алмай күдерін үзген 

бай торығып отырғанда, қыз баяғыда жігіт шерткен күйді 

шертеді екен. Әкесі бұрын қызының мұндай күйді шерткенін 

естіп көрмегендіктен таңырқап: «Мұны қайдан үйрендің?» деп 

қузай бастайды. Қыз шынын айтады. Сонда бай:

—Балам-ау, бұрын неге айтпайсың, аттар табылды емес 

пе?!—дейді қуанып. Сонан ол Ертісті өрлей біткен домбыра-

шыны іздепті. Күйін тыңдайды. Бір күні Шақабай Мақатжан 

дегеннің үйінен әлгі қызы шерткен күйді естиді. Бай бұл күй-

дің жайын сұрағанда, ол:

—Қаратаудағы Мүкей дегеннің «Қос қағуы» осы,—депті. Со-

нан бай Мүкейді іздеп Еренқабырғаға барса, екі аты кермесінде 

байлаулы тұр екен. келген адамның бұйымтайын сезген Мүкей 

алдынан шығып қарсы алып, қонақ қылыпты, қонақ әбден 

тыныққан соң, Мүкей домбырасын алып:

Телқоңырыңызды міндім, жүрісі мынау екен, Майда жа лы-

ңызды міндім, жүрісі мынау екен, сізді осында алып келген қос 

қағуым мынау,—деп үш күйді шертіп берген екен. 

334. «Әттең, жалған, тұл дүние» 

Қараңғылық пен надандық жайлаған өткен заманда күн 

сайын үдеген сары ауру, елді өрттей шарпып, өлім көбейіп

ауыл адамдары көмуге үлгермей қарбаластаныпты. Бұл дерт 



318

319


күй және күйшілер туралы аңыздар

Мүкейдің де бауырын жалап, үрім-бұтағын жалмапты. Сонда 

қасіретті күйші, дауылды күні зәр күйіне келген қыран құстай 

шарқ ұрып, «әттең, жалған, тұл дүние-ай» деп домбырада күй 

төгіпті. 

ӘШІМ ДҮҢШЕҰЛЫ /1896-1962/

335. «Ақ ерке, Ақ толқын, Жай толқын» 

Халық ішінде мынадай бір аңыз бар екен: ертеде атақты бір 

домбырашы жігіт жолдастарымен жолаушылап келе жатып, 

сусындап алу үшін жол-жөнекей бір үйге түседі. Бұлардың ал-

дынан бір қабаған ит шығып үйге кіргізбейді. Сонда үйден бір 

бойжеткен қыз шығады. Жігіт қасындағы жолдасына: «Мынау 

неткен көргенсіз еді, келген қонақтың атын байламақ түгіл, 

итті де қорымады-ау!» дейді. Жігіттер үйге кірсе, қыз оларға 

көз салмай, төсек үстінде кесте тігіп отырады. Домбырашы 

жігіт төсектің бас жағында тұрған күмістеулі домбыраны алып, 

шертпекші бола бергенде қыз:

—Домбыраны бері әкеліңіз, бұзып қоясыз,—дейді. Жігіт 

ашумен домбыраны қызға лақтырады. Қыз домбыраның құ лақ 

күйін бұзып тастап:

—Шерткіш болсаңыз, енді шертіңіз,—деп жігітке қайта 

береді. Жігіт құлақ күйі бұзылған домбырамен ұзақ бір күй 

шерте бастайды. Жігіт күйі қыздың көңіл-күйін тебірентіп 

жібереді. 

Қыз кергішті сүйеп қойып, жігітке қарай жылжи түседі. 

Жігіт:


—Ауылымызға айта барайық, сізде бір күй шертіп беріңіз,—

деп домбыраны қызға береді. Қыз да бір күй шертіп, домбыра-

ны жігітке қайта ұсынады. Жігіт тағы ағытылып бір күй шер-

те жөнеледі. Жігіттің өнеріне риза болған қыз қымыз құюға 

ыңғайлана бергенде, қолында саумал құйған көнегі бар шешесі 

үйге кіріп: 

—Бұларың кім, иен үйде дүрілдеген?—деп ашуланады. Қыз:

—Апа, жолаушы екен, сусын ішкелі келіпті,—деп ана 

ашуы на басу айтып, қымыз құя бастайды. Қыз домбырашы 

жігітке бір кесе қымыз ұсынып: «Күйіңіздің аты не?»—деп 

сұрайды. Сонда жігіт: Бұл—«Ақ ерке» деген күй, ал мынау «Ақ 


320

күй аңыздар

толқын», мынау «Жай толқын»,—деп оған қоса тағы екі күй 

шерткен екен.

Әшім осы әңгімені естігеннен кейін, бұл күйдің дерегін көп 

іздеп таба алмайды, ақыры сол әңгіме желісі бойынша өз алдына 

қызға арнап, «Ақ ерке», «Ақ толқын» деген екі күй, кешігіп ой-

ланатын шешесіне арнап, «Жай толқын» деп бір күй шертеді.



336. «Қазақ-қырғыз достығы» 

Бір жолы Әшімнің Құлжадағы қазақ-қырғыз ұйымшасында 

тұрған кезі екен. Әшімнің жақын досы, қырғыздың атақты 

күйшісі Асанәлі екеуі бір қырғыз семясында қонақ болса ке рек. 

Бозаға қызған соң Әшім мен Асанәлі жұрт тілегі бойынша күй 

шертеді. Сонда Әшім өзіне деген қырғыз халқының дос пейі лін 

бейнелеп осы күйді шертеді. Жұрт: «Бұл не күй?»—деп сұра ған-

да, Әшім: «Бұл—«Қазақ-қырғыз достығы» деген күй» дейді.



337. «Бөктергі» 

Ел ішінде мынадай аңыз бар: тегінде бөктергі деген аса 

қыран құс болыпты. ол көзіне көрінген құстың бәрін алып жей 

беріп, құс тұқымы азайып кетіпті. Құстар жиналып құс пат-

шасына арыз қылыпты. Құс патшасы да бөктергіге шара таба 

алмай, барлық құсты жиып, оған қарғыс жаудырыпты. Бөк тер-

гіге қарғыс тиіп, күніне жүзді қағып, бірді ілетін болып қа лып-

ты. Әшім осы аңыз бойынша «Бөктергі» күйін шығарған.



338. «Самұрықтың зары» 

Ертеде самұрық атты құс болыпты. оның жан-жануар біт-

кенге қастығы жоқ екен. Бұл өңірге жазда келіп балапандап, ба-

лапанын ұшырғаннан кейін, басқа бір өңірге қыстап келуге кетіп 

қалады екен. Зәулім ағаш басына немесе жақпар тасқа ұялап, 

әр жылы екі жұмыртқа табады екен. ол бір жылы шыңырау 

құздың басына ұя салып екі жұмыртқа басып, онысы балапан 

болады. Бір күні ұрғашысы да, еркегі де жем іздеп шығып кетіп 

қайтып келсе, жыртқыш құстың бір балапанын өлтіріп шоқып 

жеп отырғанын көреді. «Әттеген-ай, уағында жем әкеліп бере 

алмағанымыздан болды-ау!»—деп қайғыланған самұрық енді 


320

321


күй және күйшілер туралы аңыздар

жалғызының тілеуін тілеп, оны бағып-қағып ұшатын күйге 

жеткізеді. Бір күні балапанын ұядан ұшырып шықса, балапа ны 

шыңырау құзға түсіп кетеді. «Енді жалғызым да қарамай кет-

ті-ау!»—деп зарлап, налып мекеніне кетіп қалады. Келесі жы-

лы және келіп ұялап, екі жұмыртқа табады. Бір күні ұрғашысы 

жұмыртқаны шайнап ұядан ұшып шығып, қасындағы ағаш-

тың саясына қонақтап, ұяға қарап отырса, аспаннан бір қара 

құс екі аяғын салбыратып ұшып келіп ұяға түседі де, қайта тік 

ұшып шығып кетеді. Самұрық құс бұған таң қалып, «бұл тегін 

емес, мұнда бір сыр бар», деп түйеді. Сөйтсе, айтқандай, аспан-

нан ұшып түскен құс жыртқыш, қасыкөй құс екен. өзінің бір 

жұмыртқасын әкеліп, самұрықтың бір жұмыртқасын алып 

кетеді екен. Мұны білген самұрық балапанына зар жылап 

қысқы мекеніне қайтады екен. Сол момын құстың зарына зар 

қосып, «Самұрықтың зары» деп шерткен күй еді. 



339. «Желмаяның желісі» 

Ерте заманда бір батыр болыпты, ол елі десе жанын үзеді 

екен. Бір күні елін ұры шауып кетіпті. ол қасына қалың қол 

ертіп жауын қуалап, шауып кеткен малын қайтарып әке лу-

ге жол тартыпты. Батыр желмаяны баптап мінеді екен. Жау 

ұзап кеткендіктен тізгін үшімен жүруге тура келіпті. осы кезде 

қасындағылар желмаяның желісіне жете алмай кейіндеп қала 

беріпті. оларға қарайын десе, жау ұзап кететін болыпты.

Сонымен батыр жалғыз өзі желмаяның бар желісімен ағы-

тылып келе жатса, Іле өзені сияқты өзеннің Жаманты сияқ ты 

бір білек жеріне кез болыпты. Батыр желмаяның ек пі німен 

келіп іркілмей өзеннен аттағанда, желмаяның артқы аяғының 

өкшесі суды шалып еткізіп қалыпты. Сонда әлгі батыр «бізден 

кейінгі балалар ойлай-ойлай өтетін бұлақ екен»,—деп артына 

бұрылып бір қарап қойып, желмаяға қамшы басып жүріп кет-

кен екен. 

Ертеден қалған осы әңгімеде жүйрікті таңғаларлық етіп 

суреттеумен бірге, үлкен өзеннен өткеннен кейінгі батырдың 

сөзі, кейінгілер үшін бірер іске кезіккенде алдымен ойлану жөн 

екенін ескертеді. Желмая сияқты жүйріктің желісінен шабыт 

ала отырып, Әшім «Желмаяның желісі», «Сұр толғау», «өрелі 

шабдар» т.б. күйлерді шерткен екен.

21-136


322

күй аңыздар



340. «Таң бұлбұлы» 

Күй қуалап, ізденіп жүрген жас Әшім, бір жылы Көкқамыр 

баурайын аралай келіп Қайшы, Шірке жайлауында болады. 

Барған жегжатының Әшіммен шамалас бір ұлы бар екен. Екеуі 

кешқұрым сауындағы биені өрістетіп жіберіп, кешкі айтыс 

өлеңге барып, таңға жақын қайтады да, өрістегі жылқының 

маңына, бұлақ бойындағы бітік бозтал арасына келіп көз шы-

рымын алады. Таң рауандап келе жатқанда Әшім ояна кетеді. 

Тал арасынан бір бұлбұлдың сайрап тұрған үні құлағына шалы-

нады. Әшім сан әуенді бұлбұл үніне қатты қызығып ұйып тың-

дай ды. Бұлбұл үні тоқтаған кезде Әшім домбырасын қолына ала 

салып, әсем саз шығарып, бұлбұлға дыбыс береді де, қайтадан 

тоқтата қояды. Бұлбұл қайта сайрай жөнеледі. Бұл тұста Әшім 

домбыра үнін көтеріп әсем күйге басады. Мұны естіген бұлбұл 

сайрауын тоқтата қояды. Жайлаудың жайлы таңы, табиғат тың 

ерке, шешен құсы мен өнер қуған жас домбырашы Әшім әрі 

өнер жарысында отырғандай әрі тәтті әуенмен сырлас қан дай 

болады. 


—Мен бұл іске қатты таңырқадым,—деуші еді Әшім, осы 

жай 


лы сөйлегенде,—бұлбұлдың сайрағанына назар аударға-

ным да сол екен. Бұлбұл ұшып жақындап келеді де, тағы сай-

райды. Бұлбұлдың әсем әніне берілгендігімнен қасымдағы 

жігітті де оятпаппын, күн қыза келе бұлбұл ғайып болды, қалың 

бозтал ішінен оның бойын да көре алмадым. Табиғаттың осы бір 

еркесімен «сырласып» отырып, биені де кеш жиып қайттық. 

Адам сезіміне осындай ерекше ықпал жасалмаса, шабыт қайдан 

келсін! Мен «Таң бұлбұлы» деген күйді осылай шығардым.



ҮСЕН ТӨРЕ /шамамен XIX-XX ғғ./

341. «Шамшырақ тас» 

ол заманда, жазда, қазақ ауылдары мал жайылымын өз-

гертіп, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып отырған. Сондай 

бір көште Тананың әкесі Тілеміс би үлкен ұлы Тананың киіз 

үйін ең алдымен көшіріп, жайлауға апарып қондырып қояды. 

Қалған ауылдар біртіндеп, өз кезегімен соңынан көшетін бола-

ды. Тананың отауы тігілген жасыл жайлау Ертіс өзенінің дәл 

жағасына таяу екен. Тана мырза күндіз киіз үйдің ішінде дем 



322

323


күй және күйшілер туралы аңыздар

алып ұйықтап жатса керек. Әлден уақыттан соң бір нәрсенің 

ыңылдаған дауысынан оянып кетіп, көзін ашып қараса, киіз 

үйдің ішінде есіктен төрге дейін қаптап, толып отырған бір 

түрлі мақұлықтарды көреді, не екенін біле алмайды. Бұрын 

мұндайды көрмеген жас жігіт есікті сырттан жауып, далаға 

шығып, біреуді «келесі ауылдағы Ертісбай қарияны тез ертіп 

әкел» деп аттандырып жібереді.

Ертісбай қария Ертіс өзені бойында туып-өскен кемеңгер 

қарт болса керек. Қария келіп ғажапты көзімен көреді. 

—Бұл дарияны мекендейтін терісі аса қымбат ақ бас құн-

дыздар. Бұлардың сенің үйіңе өздерінің келіп кіруі ғажап, өте 

сирек кездесетін құбылыс. Шырағым, саған Алла рахым етіп 

бақ-дәулет қонады екен,—депті Ертісбай. Жас жігіт Тана: 

—Бұларды енді қайтеміз?—деп сұрапты қариядан. 

Бұлар дарияның жоғарғы ағысына қарай серуендеп кетіп 

бара жатыр екен. Күн ыстықта көлеңкелеп, сенің үйіңе келіп 

кірген көрінеді. Бұлар да даланың аңдары, сойып, терілерін сы-

пырып алу керек. Бұл ақ бас құндыздардың терісі аса қымбат 

саналады. Бір ғана жаға болатын төрт елі құндыз терісінің 

құны қос ат тұрады немесе екі ту бие болады. Сонда бұлар 

қанша байлық екенін өздерің ойлап көріңдер. Ала жаздай да-

рияны кезген балықшы осының біреуін ұстап алса, үлкен олжа 

көреді,—деп Ертісбай қария төрде отырған үлкен құндызды өзі 

соғып өлтіріп, Тана мырзадан рұқсат сұрап, осының ұртын да-

ғы нәрсені мен алсам депті. оның не нәрсе екенін Ертісбай өзі 

айтқан соң ғана басқалары біліпті. ол—«Шамшырақ тас» екен. 

Құндыздар тобын басқарушы қараңғы түнде шамшырақты 

тісіне тістеп алып, маңайын жарқыратып басқаларына жол 

көрсетеді екен. Сол тасты түнде қағаздың үстіне қойса, соның 

жарығымен қағазды оқуға да, оған жазуға да болады. Кейін нен 

ел біліпті: Ертісбай сұрап алған сол шамшырақ тастың құны он 

екі атқа бағаланыпты дейді.

ТҮРКЕШ

342. «Қоңыр ала» 

Түркештің тұсында Жолдыбай деген кедей болыпты. 

Жолдыбайдың мал дегенде, маңдайына біткен жалғыз қоңыр 


324

күй аңыздар

ала аты бар екен. ол шапса, алдына қара салмайтын жүйрік 

болса керек. Талай ат шабыс бәйгісінің жүлдесін жеңіп алып-

ты. Бұған іштері күйген байлар мен билер, қалай да осы атты 

өздерінің қолдарына түсіруге, тіпті болмаған күнде Қоңыр 

аланың көзін құртуға тырысады. Жолдыбайдан қолқа салып 

Қоңыр аланы сұрайды. Бірақ Жолдыбай оған көнбейді. Ақыры 

болмайтынын білген соң, би өзінің шабармандарына: 

—Қоңыр аланы ұстап алып келіңдер!—деп бұйырады. Ша-

бармандар жайылыста жүрген Қоңыр аланы жан-жақтан қор-

шап ұстамақшы болады. Бұл келгендердің бөтен адамдар еке нін 

сезген Қоңыр ала қоршаудың бір шетінен бұзып өтіп, ауыл ға 

қарай қашады... 

Қуғанмен ұстатпайтынын сезген шабармандар Қоңыр ала-

ны атып мертіктіреді. Жануар жаралы жанын қинай-қинай 

қуғыншылардың қолына түспей, үйіне жетеді. Атының ая-

нышты халін көрген Жолдыбай маңдайына біткен қимас жал-

ғыз атының мерт болғанына қатты қайғырады. өзіне қастан дық 

ойлаған билерге лағынет айтады. 

Жолдыбайдың осы жағдайын көрген Түркеш «Қапыда кеткен 

қайран, қоңырым-ай» деп, «Қоңыр ала» атты күй шығарады. 



ХАНЫМ

343. «Айнам қалды»

(ІІ нұсқа)

өткен ғасырда, Батыс Қазақстандағы төрелердің ауылын-

да елге қадірлі, шебер домбырашы атанған Ханым деген қыз 

болыпты. Сол ауылда Ханымның жасынан сүйген оспан атты 

жігіті бар екен. оспан сіңірі шыққан кедей болады. 

Бір ауылда жүрсе де, бұл екі жас ата заңынан аттап, бір-

бірі не қосыла алмайды. Сөйтіп жүргенде Ханымды бір байдың 

ба ласына ұзатады. оспан болса, елдегі бір кедейдің қы зы на 

үйленеді. Жалшылықта жүрген оспан орынбор, ойыл жәр мең-

келеріне байдың малын айдап жиі барады екен. Сондай сапар-

ларының бірінде оспан орынбордан Ханымға арнап ескерткіш 

ретінде бір әдемі айна әкеліп, көзімдей көріп жүр деп сыйға тар-

тыпты. Арада бірнеше жыл өтіп, Ханым елде қалған оспанды 

ойлап, есіне түсіру үшін айнаға қарайын десе, айна жоқ болып 



324

325


күй және күйшілер туралы аңыздар

шығады. Сонда Ханым домбырасын алып, «Көшкен жұртта 

айнам қалды» деп күй тартыпты. Сөйтіп, халық арасында 

Ханымның бұл күйі «Айнам қалды» атанып кеткен. 



БАЛБИКЕ

344. «Бал бұрауың» 

Ертеде Маңғыстау түбегінде бір байдың Балбике деген әйелі 

болыпты. Балбике—әрі ақылды, әрі ел-жұртына беделді бол ған 

екен. Бірақ ол бала көтермей, бай Балбикенің үстіне жас әйел 

алыпты. Екінші әйелден бір бала болып, байдың көңілі жас 

әйелі мен балаға ауады. Баланың жоқтығы Балбикенің жа ны на 

қатты батады. ол қамығып, қайғырып домбырасын алып күй 

тартып өзін-өзі жұбатады. 

Бір күні ауылда той болып, тойда Балбике домбыра тарта-

ды. ол тартқан күйлерді халық құмарта тыңдайды. Әсіресе, 

Балбикенің соңғы тартқан күйіндегі мұңды сазды сезген бір 

қарт: 


—Е, шырағым-ай! он саусақтан шыққан екі шекті бал бұ-

рауың, болып тұр ғой сайраған мұңды жырауың,—деп күр-

сініпті. Сол жерде отырған басқа тыңдаушылар да: 

—я, бұл жәй бұрау емес, бал бұраудан шыққан зарлы күй 

болды,—десіпті. Сөйтіп, Балбике тартқан осы күй ел арасында 

«Бал бұрауың» аталып кетіпті. 



ЖАҢҒАРА

345. «Жанғара күйші»

Бір күні мастанған бай атақты Жанғара күйшіні шақырып 

алып: 

—Менің кіші тоқалымды күйіңмен ұйытып, ісінен жа-



ңылдырсаң, астыңа ат мінгіземін, жетегіңе түйе беремін. Бұл 

шартымды орындай алмасаң, бұдан былай домбыраны қолыңа 

ұстауды қоясың,—дейді. 

—Мақұл,—дейді күйші. 

—Ендеше, қазір ол үйге келіп қамыр илейді. Сол кезде 

күйіңді бастайсың. 



326

күй аңыздар

Сөйтіп, келіншек қамыр илеуге кірісе бергенде, Жаңғара да 

бір күйді тарта жөнеледі. Бір күйден соң екінші күйге басады. 

Бір кезде күйге ұйыған келіншектің қолы керсеннен шығып 

кетіп, жер сипап отырғанын байқайды. Қараса, байдың қабағы 

түсіп кетіпті. Жаңғара домбыраны қасына сүйеп қойып: 

—Байеке, енді кезек сіздікі,—дейді. 

Бай лажсыздан орнынан тұрып, әлгі айтқан уәдесін орын дау 

үшін, етегін бір қағып, тысқа шығып кетеді. 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет