«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет28/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38

319. «Айнам қалды» 

Күйші Соқыр Есжан жас кезінде көрші ауылдағы бір бай-

дың Ақбикеш деген қызына ғашық болады. Ақбикеш те Есжан-

ды ұнатқанымен екі жастың қосылуына әлеуметтік жағдай 

кеселін тигізеді. Ақбикеш—өнер иесі, өз ауылындағы белгілі 

домбырашылардың бірі. ол Есжанмен ойын-тойда кездескенде 

бір-біріне домбырамен ғана сыр шертіседі екен. 

Арада екі жыл өтіп, түрменің уақытын бітіріп, еліне қайт қан 

Есжан жолшыбай Ақбикештің ауылына соғады. онда үлкен той 

болып жатады. Бұл Ақбикештің ұзатылар тойы екенін Есжан 

білмейді. 

Есжан бір үйде жиналып отырған ауыл жастары мен қарт-

тарының үстіне барады. Бұлар—«Ақбикеш аулымыздағы он 


304

305


күй және күйшілер туралы аңыздар

саусағынан өнері төгілген домбырашымыз еді, енді ол бізден 

кетіп, сіздерге барғалы отыр, ең болмаса, соңғы рет Ақбикеш тің 

тартқан күйін тыңдап қалалық, қызымызға рұқсат етіңіз»,—

деп, құдалардан рұқсат алып, оңаша үйде Ақбикешке күй тарт-

тыру үшін жиналып отырғандар екен. 

Ақбикеш біраз күй тартып, домбырасын тізесіне сүйеп, қол 

орамалымен маңдай терін сүртеді. осы кезде Есжан да үйге 

кіріп, босағадан отыра кетеді. Ақбикеш тағы да күй тартуға 

ыңғайланып, үйдегілерді көзбен бір шолып өткенде есік ал дын-

да отырған Есжанға көзі түседі. Есжанның жүдеу сиқына қапа-

ланып, мұңайған Ақбикеш: 

—Келесі күй «Айнам қалды» аталады,—деп домбырасын 

тарта беріпті. Күйді беріле тыңдап отырғандардың бірі: 

—Мына домбыраның үні шынында да «айнам қалды, ай-

нам қалды» деп қақсап тұрған сияқты. осыншама көп жасау 

дайындағанда қол ұшындай айнаны сандықтың бұрышы на 

тас тай салуға болмады ма екен?—дейді жанында отырған екін-

ші бір кісінің құлағына сыбырлап. Сонда Ақбикештің әлгін дегі 

қимылын сезіп қалған екінші қарт: 

—Жоқ, олай болмас. Менімше, осы отырғандардың ішінде 

Ақбикештің ұнатқан жігіті, айнасы қалып бара жатқан болар. 

Қыздың соған арнап, домбырамен айтып отырған назы шы-

ғар,—дейді. 

Шынында да, бұл күй Ақбикештің Есжанды көріп мұңайып 

тартқан, ескерткіш есебіндегі «Айнам қалды» атты күйі екен 

дейді халық арасында. 

СЕЙТЕК /XIX ғ. II жартысы/

320. «Бұлбұл Айша»

(І нұсқа)

Сейтек Элиста маңындағы қалмақ ауылдарында да болып, 

күйшінің өзі айтпақшы, бірнеше би күйлерін үйреніп қайта ды. 

Астрахань губерниясынан қайтар жолда екеуі бір ауылға тап 

болады. Төбелері көрінгеннен алдарынан шығып, бұларды ат-

тан түсіріп, аяқтарын жерге тигізбей оқшау тігілген айдынды 

ақ отауға алып келеді. Жұрт абыр-сабыр, гу-гу, қошемет. Сақа-

ман күліп Сейтекке: «Әй, осылар дәу де болса бізді біреумен 

20-136


306

күй аңыздар

шатастырды» деп еді, ол жайбарақат: «Саспа, әліптің артын 

бағайық, біздің неміз кетіп барады?» деп жауап береді. Әлден 

уақытта ең үлкен ақ отаудың иесі Құмар келеді. Ат үстінен 

түспей жатып, ауылдастарынан: «Не болды, құда мен күйеу 

бала келді ме?» деп сұрап жатыр. «Қайдам, екі кісі келді, жік-

жапар боп қарсы алдық. Бірақ қайсысы күйеу екенін біле алмай 

отырмыз»,—десті жұрт. Бұлардың айтуына қарағанда, ауылға 

әкеп түсіргендері кездейсоқ бір жолаушылар боп шықты. Ша-

малы уақыт өткен соң шын қонақтардың өздері де келді. олар-

ды қол қусырып күтіп ап, Сейтек пен Сақаманнан жоғары 

отырғызады. Құмар енді Сейтек пен оның серігіне көңіл ауда-

руды қойып, біресе құдасымен, біресе күйеу баласымен әжін-

гүжің әңгімелесіп кеткен еді. Мұнысын көңіліне дық алған 

Сейтек өзін танытудың бір орайын іздеп отырды. Күн кешкіріп 

ойын-сауық басталды. Сейтек домбырасын алып, бірнеше күй 

тартып өтті. Жұрт назары енді бұған ауды. үй иесі менсінбеген 

сыңаймен: «Сейтек деген осы сен емессің бе? Домбыра тар туың 

аз-мұз соған ұқсайды екен»,—деп ернінің ұшымен сұрай сал-

ды. Сейтек «менмін» деп басын изеді де қойды. Құмар әуелі сыр 

білдірмесе де, «өзі бір тентек деуші еді, қара басым ды қадір-

лемедің деп сойқан салып жүрер» деп артынан сескеніп қалды. 

Сол арада қалыңдықтың домбырашы екені де анықталды. 

Қыз домбырасын алып күй тарта жөнелді. Сейтек оның домбы-

ра шертісін ұнатып қалды да, «қарағым, домбыраң бұлбұлдай 

сайрайды екен» деп сол Айша атты қызға арнап табанда бір күй 

тартады. Ел арасына ол күй «Бұлбұл Айша» деген атпен тарап 

кетеді.

321. «Бұлбұл Айша»

(IІ нұсқа)

Жайық бойында отыратын дәулеті шалқып, ырысы артқан 

Байғұмар деген кісінің домбыра шертіп, күй шығарып аты 

шыққан ақылы мен сымбаты сәйкескен Айша деген өзі зерек, 

өзі сұлу қызы болған екен. 

Айшаның атын естіген күйші Сейітбек деген жігіт оны іздеп 

барып, қызбен өнер сынасып көңіл береді, бірақ Байғұмар қо-

лында қу домбырасынан басқа ештеңесі жоқ Сейітбекті жақ-

тырмайды. Бұл қорлықпен өртенген Сейітбек қос ішектен мың 


306

307


күй және күйшілер туралы аңыздар

түрлі құбылтып сайраған бұлбұлдың әуенін шығарып, «Бұлбұл 

Айша» деп атап күй шерткен екен.

322. «Бес қыз»

(І нұсқа) 

Сейтек қалмақ елін аралап жүріп, бір үйге түседі. үй ішінде 

бес қыз үйді басына көтеріп, әңгіме-дүкен құрып отыр екен. 

Келген қонақтың домбырасы бар екенін көргенде: «Сіз күй 

тартыңыз, біз билейік» деп қолқа салады. Сейтек бұл кезде 

қалмақ жұртының музыкасымен недәуір танысып қалған еді. 

Сол жерде би ырғағына келтіріп бір күйді тарта жөнеледі. «Бұл 

қандай музыка?» деп қалмақ қыздары таңқалады. Сонда Сей-

тек бұл күйді сендерге арнағаным болсын, аты «Бес қыз» деп 

жауап айтады. 



323. «Бес қыз»

(ІІ нұсқа)

...Сейтек нағашысы Дәулетиярдың сыйға берген іңгенше-

сіне мініп ауылына қайтқанда, жолшыбай жанында бір топ 

шабармандары бар Арсыланкерей кездесіп, Сейтектің астын-

дағы іңгеншені тартып алады. Соны кек сақтап қалған Сейтек 

жанына Сахаманды ертіп барымтаға аттанады. Төре Арсылан-

ке рейдің жайылыста жүрген бір үйір жылқысынан екі семіз 

атты алып келеді де, іңгеншенің құны үшін деп кедейлерге сой-

ып береді. осыны сылтау еткен төрелер енді Сейтектің со ңы на 

шырақ алып түседі. 

«Аңдушыны алушы жеңеді» деп халық айтқандай, ізге 

түскен төрелер ақыры қалмай жүріп, Сейтекті қапылыста 

ұстап, орданың түрмесіне жабады. Бірақ Сейтек түрмеде көп 

жатпай қашып шығады... осы бетімен үйіне соқпастан Нарын 

құмына кетеді. Еділ бойын, Қалмақ қырын түгел аралайды, 

делінген еді. 

Сейтек қалмақ жерінде жүргенде бір үйге келсе, үйде 

бес қыз іс тігіп отыр екен. Бірақ Сейтек бұларға шөлдеп, су-

сын ішуге келгенін айтады. Сол кезде, отырған қыздардың 

біреуі орнынан тұрып, шалап бермекші болып жүре бергенде 

Сейтектің қолындағы домбырасын көріп: «Сіз бізге саз тартып 


308

күй аңыздар

бермесеңіз, үйден шығармаймыз»,—деп қалжыңдайды. Мұн-

дай қалжыңның талайын көрген Сейтек, сусынға қанып алған-

нан кейін, тамағын кенеп: «Егер сендер билейтін болсаңдар, 

мен саз тартайын»,—дейді. 

осыны естуі-ақ мұң екен, қыздар орындарынан ұшып тұ-

рып, билеуге дайындалады. Бұл жағдайды көрген Сейтек, киіз 

қап тан домбыраны шығарып алып, бір күйді тартып жібереді. 

Күй дің әсем сазына бес қыз ұршықтай үйіріліп билей жөнеледі. 

Күй дің музыкалық үнінде қалмақ сазына жақын келетін эле-

мент тер мол болғандықта ба, әйтеуір, осы бір күйдің сазы қыз-

дарға қатты ұнап қалады. Сейтек домбырасын құйқылжы тып, 

біраз тартып-тартып тоқтаған кезде қыздар Сейтекті ортаға 

алып: «Бұл не деген күй, аты қалай?»—деп сұрайды. Аяқ асты-

нан қойылған мұндай сауалға бірден не дерін білмей қалған Сей-

тек, сәл кідіреді де: «осы отырған бесеуіңе арнаған «Бес қыз» 

атты күйім болсын»,—деп үйден шығып кетеді...



324. «Шәрипа» 

Қанша қиындық көріп, тауқымет тартса да, Сейтек салы 

суға кететін жан емес-тін. Жасы алпысқа таянса да бойында 

күші мол, қайратты, әжуалағысы келгендерге ақысын жібере 

қоймайтын. осы сөзімді тірілтейік. Бір күндері Сейтектің ау-

лына аузында бейпіл сөз, қолында жалаңдаған пышағы бар, 

елді үркітіп, қорқытып бір есерсоқ жас жігіт келе қалады. 

Сейтек бір досының үйінде шай ішіп отырған. Бабымен шай 

ішіп, балқып отырғанда біреу-міреу келіп мазасын алса, он-

дай адамның сыбағасын беретін. Әлгі жігіт те үйге дәл осындай 

сәтте баса көктеп кіріп келіп еді. Көзінің еті өскен көргенсіз, 

келе «алжыған қақбас» деп Сейтекті жерден алып, жерге сал-

ды. Сейтек әуелі үндемей, жайбарақат шайын ұрттап отыра 

берген. Жігіттің одан сайын жыны келеді. Енді үйдегілерді 

түгел сыпыртып шығып, шай құйып отырған осы үйдің келіні 

Шәрипаға тиісе бергенде, Сейтек ақырын ғана оған: «Қарағым, 

шайыңды іш, суып қалды. Шамасы жоқ шалдар мен әлжуаз 

әйелдерге ұрынып не қыласың, өзің қайратты бала көріне-

сің, шырағым»,—дейді. ұр да жық, алаңғасар жігіт сөз аста-

рын түсіне ме, орнынан атып тұрып, «ә, сайтан шал, сен маған 

ақыл үйретпекшімісің?!» деп атасындай Сейтекке дүрсе қоя 


308

309


күй және күйшілер туралы аңыздар

беріп, пышақ ала ұмтылған. Сейтек көз ілеспес шапшаңдықпен 

пышақ ұстаған қолын шап беріп, қайырып жібереді де, пы ша-

ғын жұлып алады. Сосын әкіреңдеген немені аяғының асты-

на басып отырып, асықпай шайын іше береді. Шайын ішіп 

болған соң Сейтек әлгі жігітті тұрғызып, бір нұқып қалып 

еді, қаңбақтай ұшып барып есіктің аржағына топ ете түсті. 

Сол жатқаннан ол тырп етпей біраз жатты. Жүрген жерінде 

жұрт 

тың берекесін қашырып, зәресін ұшыратын жетесіздің 



бұл үйге де кіріп келіп сойқан салмақ болған түрін көргенде 

жүрегі тас төбесіне шыққан Шәрипа оның ақ сайтанын қағып 

алған Сейтектің ерлігіне қайран қап, алғысын білдіреді. Әйтсе 

де, «дастарханның шырқы бұзылмасын, тентек те болса қонақ 

қой, шай ішсін, рұқсат етіңіз»,—деп келіншек Сейтекке қиыла 

тілек айтты. Шәрипаның мына ақылдығы мен қайырымды лы-

ғына риза болған күйші сол жерде Шәрипаға арнап бір күй тар-

тады. Ел арасына да сол атпен тарап кеткен. 



325. «Сексен ер» 

ордада құралған атты әскер полкінің қатары күн санап кө-

бейе берді. Полкке жаңа келген қазақ жастарынан құралған жүз 

отыз адамнан тұратын бөлімшені Бейсен Жәнекешев басқар ған 

болатын. осы бөлімше 1919 жылы 15 желтоқсанда ордаға келіп 

аялдайды. Ал бұл кезде ішкі жаулар мен бандылардың жа-

сырын әрекеттері әлі де тоқталмаған кезі еді. Қолдарында қаруы 

жетіспеген, әрі әскери тәжірибесі жоқ, жаңадан ұйымдас қан 

осы бөлімшенің ордаға келгенін елін сатқан жексұрын Мыл-

қайдар деген біліп қойып, Анохиннің бастауындағы бан ды лар-

ға хабарлайды. Түн ортасы ауа Анохиннің бандылары бейқам 

жатқан жүз отыз жігітті қоршап алады. Тірідей жау қолына 

түсуді ар көрген қызыл әскерлер қарулы жаумен арпалысады. 

осы соғыста елу адам тірі қалады да, сексен жігіт қаза болады. 

осындай халықтың азаттығы мен бостандығы жолында 

құрбан болған сексен жігіттің өліміне Бейсен Жәнекешев: 

Аттанып Нарынқұмға баралық та, 

Қылышты қызыл қанға малалық та. 

Кешегі құрбан болған сексен жігіт 

Жолына Мылқайдарды шалалық та!—



310

күй аңыздар

деп, қалған сарбаздарын ертіп Нарын құмына аттанады. Құм-

дағы шағыл арасында жасырынып, қашып жүрген Мылқайдар-

дың басын кесіп алады. 

Сексен жігіттің өліміне қатты қайғырған Сейтек: 

«Қайран, қапыда кеткен ерлерім-ай!»—деп, «Сексен ер» 

атты күйін тебірене отырып шығарды. 



КӘДІРӘЛІ ЕРЖАНОВ/1885-1968/

326. «Қасқа-ау, ана арада—қасқа-ау, мына арада» 

Кәдірәлінің ұстазы атақты күйші Қазанғап қасына ерген 

шә кірттеріне тек күй үйретіп қана қоймайды, оларды басқа 

ауылдың домбырашыларымен тартысқа шығарып, қандай 

жағдайларда қарсыласын жеңуге болатынын айтып, үнемі 

бау 


лып отырады. Бір жылы Кәдірәлі Қазанғаптың қасында 

жүр генде Табын руының Тасыбай, Қонақбай сияқты белгілі 

дом 

бы 


ра 

шыларымен тартысып оларды жеңеді. Кәдірәлінің 

олар ды жеңу себептері былай болыпты: Тасыбай мен Қонақбай 

ауылындағы жасы жетпістер шамасындағы бір бай төрт әйелдің 

үстіне бесінші етіп, көрші ауылдағы бір кедейдің жас қызын 

малға сатып алыпты. Қыз байдың үйінде бір жұма болғанда, 

елде қалған сүйген жігіті артынан іздеп келіп, бір түнде алып 

қашып кетеді. Түн ортасында бай жас «жұбайын» іздеп, шырт 

ұйқыда жатқан ауылды бөрліктіріп оятады. 

Қыздың қашуына көмектескен сол ауылдың қу жігіттері 

байды мазақтап, қыз бен жігіт ауылдан ұзағанша оны ал дар-

қа 


тып ауыл маңындағы қарабарақтың арасынан іздеген бо-

лып, «ана арада, мына арада» деп, түн ішінде қарауытып кө-

рінген қарабарақтың арасын байға аралатып, әбден сілесін 

қатырыпты. осы оқиғаны естіген Кәдірәлі Тасыбай, Қонақбай 

ауылының байларын мазақтап, «Қасқа-ау, ана арада—қасқа-

ау, мына арада» деп күй шығарғанда, Тасыбай мен Қонақбай: 

«Сараң байдың қырсығы бүкіл елге, ел намысына тиді»,—деп, 

өздерінің жеңілгендіктерін мойындапты. Сөйтіп, Кәдірәлінің 

«Қасқа-ау, ана арада—қасқа-ау, мына арада» деген күйі, осы 

оқиғаға байланысты шыққан екен. 



310

311


күй және күйшілер туралы аңыздар

МҮКЕЙ ӘБІЛҚАЙЫРҰЛЫ /1884-1916/

327. «Қосбасқан»

(ІІ нұсқа)

Мүкей мен Жайыр жортуылда жүріп бір байдың қыз ұзату 

тойына қатынасып қалады. олар өздерінің атын-жөнін құпия 

сақтап, отау үйінде болып жатқан жастардың сауығына кіреді.

олар жастар арасында біреулердің Мүкейдің «Телқоңыр» 

күйін бұзып шертіп отырғанын көреді де, оның домбырасын 

сұрап алып, «бұл күй менің білуімде былай еді»,—деп шертіп 

береді. Құрбыларының қалауынша күйші жалғасты бір қауым 

күйлерді орындайды. Қыза түскен домбыра сауығының бұл сал-

ты үлкендердің де құлағына шалынып, той иесі оларды ауыл 

ақсақалдары отырған шаңыраққа шақыртып күй шерткізеді. 

Топ арасында отырған орта жастардан асқан бір тақыс сау-

дагер сауда істеп жүріп Мүкей ауылдарына қонып кеткені есіне 

түсіп, Мүкейді таниды да:

—ой, інім, сен әлгі жортуылшы, күйші Мүкей екенсің ғой! 

Ауыл-аймағың аман ба?—деп суырыла амандасады. Мүкей ша-

расыздан саудагердің тануын мойындайды. Той иесі Мүкейді 

құрметтеп қонақ етеді. Ертеңінде аттанар алдында Мүкейге ел 

ақсақалдары ақыл айтып:

—Алаштың өнерлі азаматы екенсің, мұныңа жұрт риза. 

Атыңды сырттай естушы едік, бүгін көзімізбен көрдік. Ал жор-

тып жүріп жылқы қуатын өнерің де бар екен, мұныңа жанымыз 

қас. Екі аяғыңды егіз баспа, алдыңғы өнеріңді алға сүйре, соң-

ғыңды су түбіне таста,—деп шапан кигізіп, ақ тілекпен аттанды-

рыпты. Мүкей осыдан соң ел тілегін жөн көріп, жортуылын да 

қойыпты. Еліне оралғаннан кейін «Қос басқан» күйін жасапты. 



328. «Терісқақпай» 

Айсыз түн, қызыл іңір. үштас жайлауының төрінде отырған 

Қара оспан бидің сегіз қанат ордасының жанынан жалғыз өтіп 

бара жатқан Мүкей, үй ішінде шертіліп жатқан күйді құлағы 

шалады да, атын қалтарысқа бекітіп қойып, үй іргесіне таяу 

келіп күй тыңдайды. оны сай тазанына ат қойып келе жатқан 

екі жігіт шалып қалады да, «баспалап жүрген ұры»,—деп ұстап 

алып, Қара оспанның алдына апарады. өзінің үй іргесіне не 



312

күй аңыздар

үшін келгендігін сендіре алмаған Мүкей Қара оспанды мойын-

дату үшін, өнерін паш етіп күй шертеді. Қара оспан да күмән -

нан айығып, оның күйшілік өнерін қадір тұтады. Қара оспан-

ның өзі де Мүкеймен күй шертіседі, қонақ етеді. Ертеңінде 

Мүкей мал дауымен Қара оспанға келген екі адамның әңгіме сін 

тыңдайды. оның біреуі жоқ-жітік еді. Бұл дауға Қара оспан-

ның дұрыс қазылық етпей, бардамға жан басып, кедейді айып-

ты еткенін көреді де, бидің әділетсіздігіне төзе алмаған Мүкей, 

Қара оспанның үйінде отырып қолма-қол «Теріс қақпай» күйін 

шығарып шертеді. Күйдің сол кездегі аты «Қақпай» болып, 

кейін «Теріс қақпай» деп аталып кеткен.

329. «Күзетші қыз» 

Көгілдір ай сәулесі түсіп тұр. Жайлаудың жалпақ беткейін-

дегі ұйқыға батқан ауылдың солтүстік астырты теріскейлі 

бүргені қалың болып, осы шытырманның арасын жарып өткен 

жан жолмен екі жүргінші келе жатты. олар күзеттегі қыздар-

дың «Екі-ай жирен» әнін құмарта тыңдап, Шоқпар тас түбегін-

дегі самырсынға аттарын бекітті де, ойға алып келген байекең-

нің ақбоз жүйрігін алып кетуді ойлайды. Күзетші қыздар бір 

мезет айтқан әндерін тоқтатып, күй шертеді. Бұл күй Мүкейдің 

«Жетім торы ат» күйі еді. Қыздардың күйдің ырғағын толық 

түсіре алмай отырғанын аңғарған Мүкей, қасындағы жолдасы-

на: «Мен жолаушы бейнесімен қыздарға барып, күй шертіп ай-

налдыра тұрайын, сен осы орайда ақбоз жүйрікті алып кет»,—

дейді. 


Кәперсіз аттан түсіп жатқан жігітті көрген қыздар үркер дей 

боп орындарынан тұрды. олар жігіттің аман-сәлемін қымсы на 

алғандай болды. Мүкей қыздарға: 

—Жолаушы едім, шерткен күйлеріңізді тыңдап сауық бар 

екен деп әдейі бұрылдым. Мен де өздеріңіз сияқты күйқұмар 

жан едім. Қане шертіңіздер, күйлеріңізді тыңдап көрелік,— 

дейді. үш қыздың екеуі бұйығылау болса керек, бірін-бірі құ-

шақ тап, сұңғақтау, ересек қыздың артын ала ығыстап тұр.

үкілі құндыз бөрік, қос етек көйлек, шынтақ жең камзол ки-

ген қыз тіл қатты: 

—Ағай, біз сізден «қараңғыда не қылған кісі?» деп қорқып 

қалсақ, онда жақсы болды ғой. Келіңіз, отырыңыз,—деп үстіне 



312

313


күй және күйшілер туралы аңыздар

алаша жабылып, ішіне сырмақ төселген күркені нұсқады. Әлгі 

сұңғақтау қыз наздана сөйлеп:

—Ағай, сіз Мүкей деген күйшінің «Жетім торы ат» деген 

күйін білесіз бе?—деді. Тұнық құлын даусына күміс шолпысы 

да үн қосқандай сыңғыр етті. оның ай нұрына шағылған ақ-

ша бетінен еркелік пен өткірліктің, талап пен талғамның таң-

ғы самалы есіп тұрғандай. Қыздың қылықты сипатына жүрегі 

жылыған жігіт: 

—Қарындас Мүкей дегеніңізді танымасам да, «Жетім торы 

ат» деген күйінен хабарым бар еді. Домбыраңызды беріңіз, шер-

тіп көрейін,—деп еді, қыз домбыраны ұсынды. Майысқан, кү-

міс сақиналы, сүйрік саусақтардың салалы уысынан сүйкімді 

қыздың үкілі домбырасын алды да, Мүкей «Жетім торы ат» 

күйін бебеулетіп жіберді. Жалынды күйшінің саусағынан күй 

сезімінің саф алтыны төгілгендей болып, балауса қыздың бал-

ғын көңілін балбыратып бара жатқан сияқты. 

—Бәсе, осылай шертілетін сияқты еді,—деп қайта-қайта 

шерткізіп тыңдай береді. 

Ақшарбы бұлттардың арасынан ақ сәулесін шашыратып, 

сұлу Шолпан да сығалай бастады. Жігіт күйді тоқта тып, ат та-

нуға ыңғайланып еді, күзетші қыз қиыла сөйлеп:

—Ағай, сізге рахмет! Біз үшін жолыңыздан бөгелдіңіз. 

Ауылыңыз шалғай болмаса, бұдан кейін де өнеріңізге ортақ 

бол ғым келеді,—деп қимас досынан айырылғандай мұңайып 

ор нынан  тұрды. 

—Ақжарқын қарындас, сіз де сау болыңыз! өнер құмар 

жаныңыздан айналдым! Тәлейым болса, тағы да көрісерміз...

Жігітті қолтықтап аттандырған қыздың қызулы алақаны, 

оның жүрегіне сөнбестей от ұшқынын тұтатып жібергендей еді. 

«осындай бір кінәдан пәк періштені қалайша алдауға қи дым» 

дейтін өкінішті ой жігіт жүрегінде кете берді...

Сәресіден тұрған байекең жүйрікті жоқтайды. Күзетші 

қыздар ешкімді көрмегенін айтып, болған істі жасырып қа-

лады. ұл орнына ұл, қыз орнына қыз болып жүрген жалғыз 

ерке сі нің сырын білетін байекең онан ары қузап айттыруға ба-

та алмайды. Күндер өтіп жатты... Қыз үйінен ұрланып, қалың 

қара ғай дың арасында домбыра шертіп отырған жерінде әкесі 

абай сыз дан үстінен түсіп қалады. Қыздың шертіп отырғаны 

Мүкей дің «Жетім торы ат» күйі еді. «Қалқам-ау, сол жоғалған 



314

күй аңыздар

хайуан сенің үйренген өнеріңнен садаға, Мүкейдің күйін үйре-

ніп сің ғой»,—деп әкесі қызының маңдайынан искейді. Ат тың 

жоғалуы Мүкейден екендігі деректен еді. Қызы да болған іс ті 

жасырмай айта салады.

Бірнеше жылдан соң, ат иесі бір үлкен аста күй шертіп 

отырған Мүкейге кезігіп: «Менің жүйрік көгімді алғандығың 

шүбәсіз. Бірақ қайтармай-ақ қой, сен оның бодауына, менің 

балама «Жетім торыңды» ерттеп мінгізіп кетіпсің. Менің ақ-

бо зым сол «Жетім торыңның» ауыздығына байлаған баламның 

тілашары болсын»,—деп кешіріпті. Күйші аталы сөз алдын-

да басын иіп, сол ас үстінде «сіздің балаңызға арнауым» деп 

«Күзетші қыз» күйін шығарыпты.



330. «Телқоңыр»

(ІV нұсқа)

Мүкей бас болған он бес жортуылшы солтүстік Алтай сі-

лем дерін мекендейтін дөртуыл елінен 300 жылқы айдап келіп, 

Қаба ауданының батысындағы Қара жиде, Бүркеу дейтін жерде 

жылқыны бөліске салады. Мүкей жолдастарына талап қойып:

—Маған осы жылқыдан көп бөлістің керегі жоқ, небары 

ойға алған үш жылқым бар, соны беріңдер?—депті. ондағысы 

екі қара биені тел еміп келе жатқан қоңыр құнаншығарға көзі 

түседі. оның қолмен жасап қойғандай жұп-жұмыр сүйек біті-

мі, су төгілмес майталман жорғасы мен ат шаптыратын желісі 

ерекше көзге түседі. Қоңыр құнан екі енесінің белінен елікше 

секіріп түсіп ойнайды екен. жолдастары сұрағанын беріп, 

Мүкей арманына жетеді. Қоңыр құнан екі енені кезек-кезек 

тел еміп келгендігінен «Телқоңыр» деп аталады. ол не үшін 

екі енені емгендігін жылқының түпкі иесі болмаса, кім білсін? 

Мүкей қоңыр құнанды дөненінде үйретіп қолға бағады. оны 

ат ағашқа байласа, жұлып тоқтатпайды. үйге байласа, төбеге 

шапшиды. Сондықтан ұзын шылбыр тағып, түскен жерінде бос 

қойып үйретеді екен. Жануар шылбырды тартып, түлкі құсап 

бұлаңдап ойнап тұрады екен. Телқоңыр қуса, құсты тістеп 

жететін, қашса, шаңын да көрсетпей құтылатын «айтақалсын» 

ат болыпты. 

Телқоңырдың екі енесі екі жылдан соң, мекеніне қашып 

кетіпті. Бір күні Мүкей мал көздемек боп, биік құмның басы-



314

315


күй және күйшілер туралы аңыздар

на шығып, екінті намазын оқып жатады. Жанында дағдысы 

бойынша бос тұрған Телқоңыр тегі енесі есіне түсті ме екен, 

кенет кісінеп, ішін тартып аунайды да, сілкініп ап, бұрынғы 

келген жағын бетке алып қаша жөнеледі. Намаздың қаза 

болмауына әрең шыдаған ат иесі қара тер боп түтігіп жақын 

маңдағы ауылдарға барып аттан сап, адам топтап, үш күн, үш 

түн қуса да, телқоңыр жеткізбей, қарасын үзеді. Сөйтіп, орны 

толмас өкінішке батқан Мүкей «Телқоңыр» күйін жасайды. 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет