«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.

бет27/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38

БӘЗҒАЛАМ /1860-1932/

305. «Молқоңыр» 

өткен XIX ғасырдың соңғы жылдары болса керек, арғын, 

найман, керей, уақ елдеріне сауын айтқан төре Мамырбек 

үкірдайұлы Тұрысбекке және көзінің тірісінде өзінің асын 

қосып беріп, Майлының Қоңыроба сазы жайлауында айға 

жуық сән-салтанат құрады. Сол асқа арғы бет қазақтары 

да топ-тобымен келіп, әсіресе сол жақтан Сары төре бастап 

келгендердің сән-салтанаты, күтімі айырықша болады. Жорға, 

жүйрік, балуан, шешен, шежіре, әнші, күйші өнер саңлақтары 

арқылы өзінің атақ даңқын шығарып, Сары төреден асып түсуді 

ойластырған Мамырбек төре Жайырдағы уақ еліне қос атпен кісі 

жіберіп, Бәзғаламды алдырады. Күйшілер кезекпен күй тартып 

отырғанда Сары төренің домбырашысы домбыраның құлағын 

оң бұрауға өзгертіп, өзгеше бір күй шертеді. Күй аяқтай бер-

генде Бәзғалам сол құлақ күйімен әлгі өзгеше күйді өз әйеліне 

қайта шертіп береді. Сонымен күй сайысы басталып, шет елден 



294

күй аңыздар

келген сыйлы қонақ болғандықтан, алдыңғы кезек Сары төре 

жақтан болып, Бәзғалам сол шерткен күйлерді үстінде қайта 

шертіп отырады. осылай күй шертісу бір күнге жалғасады да, 

бір мезетте Бәзғалам қисынын тауып, кезек алып күй бастай-

ды. Сары төренің домбырашысы да Бәзғалам шерткен күйлерді 

қайта шертіп беріп отырады. Бір сарынмен кете берсе, өзгеше 

өнер парқы болмайтындықтан, тың бір өнер арқылы көзге 

түспекші болған Бәзғалам домбыраның құлағын оң бұрауға 

өзгертіп алып, оң аяғындағы мәсіні шешіп тастап, бақайымен 

шертіп, қолымен перне басып, ерекше айыз қандырар бір күй 

орындайды. Дәл осы кезде қос жастықта шынтақтап жатқан 

Мамырбек басын жұлып алып: «Ау, Бәзғалам, бұл не күй? 

Ағаштан басқа баққаның бар ма сенің?» дегенде, Бәзғалам: 

«Төре тақсыр, Жайырдың жоны—Қызыл жон, Қара жон болып 

екіге бөлінеді. Қату тауынан басталып, етегі Шөгей мен орқыға 

тірелетін өңірді Молқоңыр дейді. Біздің елдің көктеу, күзеу, 

жайлау, қыстауы сол Молқоңырдың қойнауында екенін өзіңіз 

білесіз. Бұл күйдің аты сол киелі мекеніміз—«Молқоңыр». 

Арқасын жауыр, құйрығын шолақ қылмай ағаш бақтым десем 

де болады»,—деп жауап қайтарыпты. Сонымен Сары төренің 

домбырашысын жеңіп, Мамырбек үкірдай оған төтенше разы 

болып, жаға-жеңі зерлі шапан жауып, ат мінгізіп қайтарған 

екен.

306. «Жолаушы» 

Бәзғаламның әкесі Айқынбаймен бірге туысқан Қажыке 

молланың кенже ұлы Ергенбай оқытқан дін сабағына қанағат 

етпей, 1919 жылы үлкенірек ғұламадан дін оқуын оқымақ 

болып Дөрбілжін ауданына барады да, сұрастырып жүріп 

Мүсейінбай деген ұйғыр молланы тауып соған жалданады. 

оқып жүргенде Тұрпаннан бір топ саудагерлер келеді. Ерген-

бай олардан «Тұрпанда жеті әулие» деген үлкен медіресе бар 

екендігін ұғады да, қожайынымен келісіп, сол медіреседен оқу 

үшін соларға ілесіп жолға шығады. Туыстарының жібермей 

қоюынан алаңдап, елден ұзап кеткен соң, Дәм өңірінен өткенде 

кезіккен бір ел адамынан ағасы Ерданға хат жазып, өзінің оқу 

іздеп Тұрпанға кеткенін хабарлайды. Содан үш жыл өткенде 

оқуы бітіп, сол жерге мұғалім болып қалғандығын хабарлап 



294

295


күй және күйшілер туралы аңыздар

хат жазады. өтеп руынан шыққан лақ рубасы бұдан хабар та-

уып, игі жақсылар бас қосқан бір жиында бұл жайды айтып, 

уақ елінің зәңгісі Темірхан бастаған ел ағалары Ергенбайды 

елге алып келуге ағасы Ердан молланы аттандырады. ол нау-

рыз айында аттанып, үш-бес күн дегенде Тұрпанға жетеді. Інісі 

атын омар қариға өзгертіп, үйленіп алған екен. Сол медіресені 

басқаратын Нияз деген шаңяға жалынып жүріп, әйелінен ажы-

ратып алып қайтады. Жолай Сауан ауданына жеткенде оларға 

Нұрпай батыр кезігеді. Батыр таныса келе екеуіне екі ат мінгізіп 

қайтарады. Екеуі Шөгей өңірінде рақадыл деген ауқатты 

ауылдың қорасында етік тігіп, өрімшілік істеп отырған неме-

ре туысы Бәзғаламның үйіне келеді. Бәзғалам әңгіме үстінде: 

«Біздің туыстардың ішінде сен екеуіңдей ұзақ әрі киелі жол 

басқан жолаушы жоқ, сондықтан көптен бері ойлаған бір күйім 

бар еді»,—деп «Жолаушы» күйін арнайы шертіп берген екен. 



307. «Сабазым-ай» 

1917 жылдар уақ елі екі зәңгі ел болып, Дөрбілжін ауданы-

на қарайды екен. Қату тауындағы Дәрбіті өзенінің бойында-

ғы Кеңтүбек деген қойнауға біреулер апиын егіп кеткендігі 

байқалып, сол кездегі өкімет адамдары Шәуешектегі дутыңға 

мәлімдейді. Дутың: «сол өңірге жауапты мәнсаптыны ұстап 

әкеліңдер» деп бұйрық түсіреді. ол уақ алты қасымның бірі 

өтептің бес ұлының Қожаннан тараған Бөрібайдың немересі 

ел ауызына ілініп жүрген Жайырбай Ботақанұлы еді. үкімет 

адамдары бұйрық бойынша Жайырбайды Шәуешекке апарып 

қамап тастайды. Бұл істен хабар тапқан мәмбет елінің үкірдайы 

Жалбағай, дөртуілдің үкірдайы Көксеген, мәметек қошқарбай 

елінің үкірдайы Еңселер ел жиып кеңес құрып, дутыңға арыз-

данады. Жайырбайдың күнәсіз екеніне елден факт жияды. 

Сонымен бұған мойынсал болған дутың Жайырбайға ақ зоң 

шапан кигізіп, қасына жеті шерік ертіп жақын туысы Ер-

генбайды хатшылыққа тағайындап, төрт үкірдай елді арала-

тады. Жайырбайдың аталмыш қылмысын естіген жамағат 

оның ақ зоң шапанына «жазықсыз адам жазаланбасын» деп 

қолдарын қояды. Сонымен, ол ақталып аман қалады. Бәзғалам 

Жайырбайға арнап «Сабазым-ай» деген күйін шығарады. 


296

күй аңыздар



НҰРПЕЙІС КЕЛІНІ ДИНА /1861-1955/

308. «Бұлбұл»

(II нұсқа)

Ел іші ойын-тойдан, қызықты бас қосудан құр алақан бол-

майтын әдеті. Ерулік, сыбаға, соғым басы, қымызмұрындық, 

шашыратқы, сіргежияр, уызқағанақ, ұйқы ашар, бастаңғы, 

сірне, ұлыстың ұлы күні, асар, шілдехана, бесікке салар, тұсау 

кесер, сүндет тойы, тоқым қағар, қыз ұзату, келін түсіру, ас 

беру, міне, мұның бәрі де—адам өмірі, тек қана адамның мейір 

шуағына бөлену арқылы бақытты болатынын білген елдің өмір 

салты. осындай бас қосулардың бірінде Дина өзі қатарлы Ба-

лым атты бір қызбен танысады. Табиғаттың жомарттығында 

шек бар ма, Балымның ақылына көркі сай, аяулы ару болса 

керек. Әсіресе сызылтып айтқан әндері, сылқылдатып тартқан 

күйлері Динаға ерекше әсер етеді. «япырай, бір адамның бойы-

на осынша қасиет біте береді екен-ау!» деп қайран қалады. 

осы бір, жалғыз сәт қана бас қосып, дәмдес болған Балым 

қыз көпке дейін Динаның есінен кетпей жүреді. Қыз баланың 

өрісі алыстан бұйырған соң ба, жоқ әлде жыл құсындай ша-

шырай көшіп-қонып жүрген ел болған соң ба, әйтеуір, Балым 

қызға Дина қайтып кездесе алмай жүреді. 

уақыт сырғып өтіп жатады. Бұл кезде толықсып бой жет-

кен Балым қыз бір төреге тұрмысқа шығады. Балым болашақ 

күйеуіне құлықсыздау болған екен, бірақ төре төрелік мысы-

мен, малының күшімен алса керек. 

«Жібекті түте алмаған жүн етеді, аруды күте алмаған күң 

етеді» дегендей, төре Балымға жайсыз болады. Балымды бұлт-

тың көлеңкесінен қызғанып, басынан таяқ айырмайды. Әсіресе 

ән айтып, күй тартуына тыйым салады. өнерді өмі рі не серік 

етіп өскен Балымды мұндай жағдай құсалыққа ұрындырады. 

Бір күні күйеуі үйде жоқта Балым көршіден домбыра ал-

дырып, күй тартады. Көптен аңсаған сырласына іштегі шерін 

ақтарғандай, домбыраны беріле тартып отырады. Қас қылған-

дай, осы жағдайдың үстіне күйеуі кіріп келеді. Мұндайға төзе-

тін төре ме, шаңырағымды жынның ұясына айналдырдың деп, 

Балымды оңдырмай сабайды. осы оқиғадан кейін булығып жы-

лаудан болды ма, жоқ әлде, төренің шолтаңдаған қамшысы ти ді 

ме, әйтеуір Балымның екі көзіне бірдей ақ түседі. Жалған ның 



296

297


күй және күйшілер туралы аңыздар

шырағындай жанарынан айырылып, аяқ жолын тауып жүру 

мұң болады. 

Балымды ару кезінде қадірлей алмаған төре, енді көзіне ақ 

түсіп, кіріптар болғанда тіптен керексіз етеді. Ақыры, күндер-

дің бір күнінде, тотыдай тарантып алып келген Балымды 

тоқымдай сүйретіп, төркініне апарып тастайды. осыдан кейін 

Балым өмір бойы тағдырына налып, Тәңіріге мұңын шағып 

өтеді. Көкірегінен небір зарлы әндер ақтарылып, төңірегіне 

«Соқыр қыздың әні» деп таралып жатады. 

Бұл өнердің сарыны, ән мен күйге құлағы түрік жүретін 

Динаға да жетіп жатады. Бірақ «Соқыр қыздың» бір кездегі, 

ауыл-аймақты аузына қаратқан Балым екенін білмейді. «япыр-

ай, әні қандай мұңды еді, сазы қандай есті еді» деп, таң қалып 

жүреді. 

Бір күні ауыл-аймақтың әдеттегідей бас қосуында Дина 

сырттай ынтығып жүрген «Соқыр қыздың» өзін көреді. Мұн-

дайда сырттай мүсіркеп қоя салатын Дина ма, бақытсыз бей-

бақ тың көңілін аулау үшін жанына барып, қолын алып, күйін 

тартып, сырласады. Әңгіме үстінде «Соқыр қыздың» баяғы Ба-

лым қыз екенін біледі. Мұнан соң Дина тіптен тебіреніп, өз ба-

сына түскен нәубеттей күйзеледі. 

Әрине, қанша тебіреніп, күйзелгенмен күйректікке са-

лыну Динаның табиғатында жоқ. Сол жерде есін жиып, бой-

ын бекітіп, замандас құрбысы Балымға тіл қатады: «Балым, 

шүкірлік еткенің жөн, ата-анаңның әлпештеген бұлбұлы бо-

лып өсіп едің, енді, міне халқыңның ардақтаған бұлбұлы болып 

жүрсің»,—дейді. Жай ғана сөзбен жұбатып қоймайды, кейін 

Балымға арнап «Бұлбұл» атты күй шығарады. 

309. «Кербез» 

Бұл күйді Дина «Кербез» деп атайды. Динаның абысыны 

шынында да сұлу, өткір, ашық адам болғандықтан туысқан-

дар арасында беделді болады. Дина сияқты ол да феодалдық 

ауылдың салт-санасынан жоғары адам екен, оның даусы күшті 

болмаса да, нәзік, құлаққа жағымды болыпты. Жаздың кешкі 

майдақоңыр самалында, ауылдың у-шуы басылған кезде, абы-

сыны Динаға келіп, оның тамаша тартатын домбырасын, ұлы 

ұстазы Құрманғазының өмір оқиғаларын, анасы Алқа жөнін де-


298

күй аңыздар

гі әңгімелерін тыңдайды. Ал Кербез қазақ қыздарының мал ға 

сатылатыны, бақытсыздығы жөніндегі қайғылы әндерді ақы-

рын сызылта айтады. ол өлеңмен Динаға мұңын шағып, шерін 

тарқатады, ал соңында жастықтың, ғашықтықтың серпілінді 

әндерін айтып, Динаның көңілін көтереді. Кербездің күйеуі ол 

келіншек болып атасының босағасын аттаған соң, бірнеше ай-

дан кейін өледі. Жесір қалған Кербез екінші күйеуге шыққысы 

келмейді. Кербездің едәуір малы болады. Бірақ ол мал-дүниеге 

жанын салмай, күн көруге жетерлік мөлшерінде ғана шаруа-

сына қарайды. 



310. «Көгентүн» 

Ауылда қозыны алғаш рет көгендегенде балаларға енші 

береді, соны көгентүн дейтін. 

«Менің Бапас абысыным—Кербездің бір қора қойы бола-

тын, ол қозылардың ізінде жылқышының кішкентай баласы 

жүретін. Бірде, көктемде қой жаңа қоздап, қозыны жаңа ғана 

көгендеп жатқан кезде, салт бойынша Кербез жас балалардың 

біреуіне арнап бір қозыға ен салуы керек еді, қозышы бала 

үнемейін сызылтып, бір мұңды әнді айтып жүреді дегенді ес-

тігенмін. Кербез менің айтқанымды істейді. Бала менің айт-

қанымды сезгендей, алдымен маған, сонан кейін барып Кер-

безге алғыс айтты. Баладан мен жалғыз жүргенде айтатын 

өлеңін айтып беруді өтіндім. Аз ғана уақыт ұялып тұрды да, 

бала өлеңін айтуға кірісті. ол бала жақында қайтыс болған 

шешесінен өткен жылы естіген «Ақ қозы» деген әнді айтып 

жү реді екен. өлеңнің аты мазмұнымен жымдасып жатыр. Бұл 

өлеңде шешесін қасқыр жеген жетім қозы жайлы айтылады 

екен. Бала өзін сол ақ қозыдай, ал байларды қасқырдай көріп, 

өлеңді ерекше сезіммен айтты. Баланың әні көкейімде қалды. 

Мен кедей балаға арнаған «Көгентүн» деген күй шығардым». 



311. «Қара қасқа ат» 

Кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда қызының басқа жа-

сауларына қоса, үш болысқа аты шыққан, «Қарақасқа» деген 

жүйрік ат береді. Кенже сияқты, Нұралының атқа құмарлығы 

болмаса да, атасының берген киітін құрметтеп, баптап бағады. 


298

299


күй және күйшілер туралы аңыздар

Ал Динаға Қарақасқа ат өзінің жас кезін, бақытты шағын 

еске түсіретін ескерткіш сияқты болады. Кенже Динаны 

Нұрпейістің үйіне ұзатқан соң, бірнеше жылдан кейін қайтыс 

болады. Динаға Қарақасқа ат та тұтқынға түскендей, өз ауылын 

сағынып тұрғандай болып көрінеді. Ат Динаға сүйікті әкесі-

нің көзіндей көрінетін. Кенже қызының ерлердің ісін істеге нін 

(домбырашы болғанын) қуаттаушы еді. Бірде Қарақасқа ат ауы-

рады да өліп қалады. Дина өзінің бақытты жастығының тіл сіз 

куәсіндей Қарақасқа аттан айырылғанына қайғырып, оған ар-

нап күй шығарады. Күйдің басынан аяғына дейін ерекше жақ-

сы көргендік, жан жылылығы айқын суреттеледі...



312. Композитор Дина мен өнерпаздар

Ертеректе белгілі ақын, өнер иесі Динаның үйіне екі-үш жас 

жігіттер келіпті. ойлары Динаның алдында күй тартып, өнер 

сайыспақ. Аман-саулықтан кейін Динаның ілулі тұрған домбы-

расын алып тартуға лұқсат сұрапты. Дина: 

—Алыңыз, жаным, тартыңыз!—деп ризашылық білдіріпті. 

Қайткенде де, өнер адамының жаңалыққа жаны құмар емес пе? 

Сонда жігіттер бар өнерін салып екі-үш күй тартыпты. Ке зек 

Динаға келгенде Дина сол күйлерді қайта тартып беріпті. Ша-

масы орындау техникасы шебер болса керек, жігіттер Дина дан: 

«Не күй тарттыңыз?»—деп сұрапты. Сонда Дина: 

—Ал, сендердің тартқандарың қандай күй?—деп қайтара 

сұрағанда, жігіттер: 

—Біздің тартқанымыз «Бозмұнай», «Бозшолақ» деген күй-

лер!—депті. Дина: 

—Сендердің тартқандарың «Бозшолақ» болса, менің тарт-

қаным «өз шолағым» деген екен. 

СЫБАНҚҰЛ ҚАЛБАСҰЛЫ /1865-1945/

313. «Аққу»

(IV нұсқа)

Баяғы өткен заманда Қазығұрт тауының етегінде айдын 

көл болыпты. Сол көлге бір аққу келіп амалсыз тұрақтап қа-

ла ды да, жыл сайын балапандайды. Балапандарының қанаты 



300

күй аңыздар

қатая бастағанда ерінбей-жалықпай сонау аспанмен таласқан 

Қазығұрт тауының басына шығарып, аққуларды өздерінің 

атамекеніне қарай ұшырып жібере береді екен. Жас аққулар 

сөйтіп атамекеніне қайтатын көрінеді. 

Балапандарын ұшырып жіберген аққу Қазығұртта біраз 

әл жинау үшін аялдап қалады. Көп ұзамай атамекенін, бала-

пандарын сағынады. Сол сағынышпен елге оралып ұшып келе 

жатқанда, жол торып жүрген бидайық құс қуа жөнеледі. 

Бірақ бидайық құс қанша қуса да, аққуға жете алмапты. 

Жолда бар қиыншылықты көріп, арып-ашып еліне оралып, өз 

балапандарын аймалапты. 

314. «Қос келіншек» 

(III нұсқа)

Ел жайлауға шыққанда бір өзеннің екі жағында екі келін-

шек өмір сүріпті. Екеуінің де аты Шәрипа, екеуі де домбырашы 

екен. Екеуі өзеннің екі жағында отырып күйімен амандасып, 

сырласады екен. Содан біреуі «Күнгей Шәрипа», біреуі «Те-

ріс кей Шәрипа» аталып кетіпті. Бір жылы жайлаудан түскен-

де екеуі де бір мезгілде қайтыс болыпты. Сол оқиғаға орай, қос 

келіншекке арнап домбыраны тел бұрауға салып тартқаны. 



315. «Тәжінің Бозайғыры» 

Бекмырзаның Тәжісі жылқылы бай екен. Желісінен құ лын, 

кермесінен тұлпар, қысы-жазы сабасынан қымыз арыл май тын 

көрінеді. Сол жылқылардың төлбасы Бозайғыр екен. 

өзі бай, өзі жомарт, саятшы, құсбегі, мәрт, елге істеген 

жақ сылығы көп, мектеп, медресе аштырған парасатты Тәжі 

бір күні Сыбанқұлды арнайы ат жіберіп алдыртады. Неше күн 

күй тартқызып, сый-сияпат көрсетеді. Замандасының көңілін 

тапқан Сыбанқұлды ауыл адамдары бірінен соң бірі шақыр-

тып қонақ етеді. Тәжі қасына ертіп аң, құс аулауға апарады. 

Аңшылықта жүріп те Сыбанқұлға неше түрлі сиқырлы күй 

тартқызады. 

Сондай көңілді бір сәттерде Тәжі: 

—Сыбанқұл, сенің атыңды күй шығарады, ал менің атым ды 

не шығарады?—дейді. 


300

301


күй және күйшілер туралы аңыздар

Сонда Сыбанқұл: 

—Сенің атыңды мың жылқының басы Бозайғыр шы ға ра-

ды,—депті. Шындығында, мойнына құрық салдырмай өт кен 

Бозайғырдан мың құлын тарайды. Кәртайғанда алжып, үйі-

рі нен айырылып, көрінген жылқы сай-сайға қуалап тастаса

ашын ған Бозайғыр айдалада тұрып азынайды екен. 

Соны көрген Сыбанқұл Тәжінің алдында тұрып күй тартады. 

—Мұның атын аташы,—дейді Тәжі. 

—Бұл—«Тәжінің Бозайғыры»,—депті Сыбанқұл. 



316. «Саңдық ашты Сарыөзен» 

Бір күні күйші Сарыөзен деген өзенді бойлай өрлеп келе 

жатады. өзен тасып, толқындары төңкеріліп, тынбай тулап, 

тасқа тигенде қайта қайырылып, сандықтың аузын ашқандай 

ақтарылып жатады. осы көрініске қызыға қарап келе жат-

қанда, артынан атпен бір жігіт жақындап: 

—Ассалаумағалейкүм!—дейді. 

Сыбанқұл үндемей жүре-жүре бір кезеңді асқанда барып 

жігітке бұрылып: 

—уәликсалам,—депті. 

—ой, ата мен сізге сайдың аяғында сәлем беріп едім, басы на 

келгенде жауап қатқаныңыз қалай?—деп сұрайды жігіт. 

Сонда Сыбанқұл күйші: 

—Сен, балам, ренжіме. Мен бағанадан бері «Сандық ашты 

Сарыөзен» деген күй тартып келе жатыр едім,—деп домбыра-

сын қоржынынан алып, сол жерде әлгі күйін тартқан екен. 



ТАУДАНБЕКҰЛЫ ДӘУІТБАЙ /1873-1937/

317. «Арна» 

Қиын кезде ел қамын ойлап, түрлі амалын қарастырып, ат 

үстінен түспейтін азаматтың бірі күйші Тауданбекұлы Дәуіт-

бай болған. Бір жылы ерте көктемде Боғда үкіметінің жандай-

шаптары қимылын ширатып, елді дүрліктіре бастайды. осын-

дай қиын шақта Дәуітбай күйші жанына бір жолдасын ертіп, 

Қобда сыртындағы елге хабар беруге келе жатса, өзеннің қы зыл 

суы жүріп, сең бұзыла бастапты дейді. Қамсыз отырған ел ге 



302

күй аңыздар

қалайда хабар беру шарт. Сәт сайын сарқырап-күркіреп ағасын 

күшейтіп бара жатқан Қобданың асау мінезі тіптен асық-

тыра түскендей болады. Сонда Дәуітбай: «Әй, мұндайда аяған 

жан кімге шікірә!»—дейді де, астындағы атты тартып-тар тып 

жіберіп өзенге қойып кетеді. «Дәуітбайдан жаным ардақты ма!» 

деп, жанындағы жолдасы да күмп береді. 

Содан Қобданың ақ көбік шашқан асау ағысы екі жігітті 

жанқадай қалтылдатып ала жөнеледі. Тақымға басқан атта-

ры иектерін көтеріп, парылдай жүзіп жан таласады. Бірақ 

дүлей күш туырлықтай сеңдерімен соғып, келесі жағалауға 

маңайлатпай қояды. Дәуітбайдың аты бір-екі рет су қауып, 

өзінің де бойынан қауқар кеткендей көзі қарауытады... 

...Әлден уақытта, ес кетіп, жан шықты дегенде бірдеңе 

сарт етіп иығына тигендей болады. Сөйтсе, жағалауға бұрын 

шыққан жолдасы қыл арқан лақтырған екен. «Суға кеткен тал 

қармайды» деген, жан-дәрмен арқанға қолы тиіп, аман-есен 

Дәуітбай да жағалауға шығады-ау. 

Сол күні ауылға келіп, ағайынның ықыласына бөленіп оты-

рып, Дәуітбай әлгінде ғана көрген азабын күй тіліне түсі ріп еді 

дейді. 


Бұл күй ел ішіне «Арна» деген атпен тараған. 

СОҚЫР ЕСЖАН /XIX ғ. II жартысы/

318. «Соқыр Есжан» 

өткен ғасырда Есжан деген атақты күйші болыпты. Есжан 

бала жасынан әділетті, бірбеткей болып өскен. Кішкентайы-

нан өзінің еңбегімен күн көріп, азаптың ауыр жүгін арқа лай-

ды. Бірақ он саусағынан өнері тамған домбырашы-жігіт ха лық 

алдында қадірлі болады. 

Бір күні Есжан байдың ауылына келіп, одан еңбегінің 

ақысын сұрайды. Әңгімеге құлақ қою былай тұрсын, бай сөзге 

келместен, нөкерлерін шақырып, Есжанды қызыл жон етіп 

сабатады. Таяқ етінен өтіп, салы суға кетіп қайтқан Есжан 

қалайда кегін қайтаруға бел байлайды. Араға біраз айлар са-

лып, бір күні жаңағы байдың жылқысынан бір жақсы атты 

ұстап мініп кетеді. Бұл қылығы үшін бай Есжанды ұстатып, екі 

жылға соттатады. 



302

303


күй және күйшілер туралы аңыздар

Екі жылдан соң Есжан еліне қайтады. Жаздың аңызағында 

тілі аузына сыймай, сусап келе жатқан жаяудың алдынан бір 

ауыл кездеседі. Бір ақ үйдің есігін ашып кіріп келсе, үйде жан 

жоқ екен, сабадан өзі бір зерең қымызды құйып алып ішеді. Кеп-

кен таңдай жұмсап, көзі шырадай ашылған кезде жан-жа ғына 

қараса, керегенің басында ілулі тұрған домбыраға көзі тү се ді. 

Есжан домбыраны алып бірнеше күй шертеді. «Би келіп қал ған 

екен» деп даладан асып-сасып үйге бәйбіше мен бикеш кел се, на-

шар киімді бөгде адамның домбыра тартып отырға нын көреді... 

—Бидің домбырасын рұқсатсыз неге аласыз, қандай адам 

едіңіз, енді ол мына бізді де, сізді де жазалайды,—деп екі әйел 

зар қағады. Есжан үнсіз ғана «жаздым-жаңылдым» дегендей 

ишарат білдіріп, үйден шығып кетеді. Көп ұзамай үйіне орал-

ған би домбырасының бұрынғы орнынан қозғалғанын сезіп, 

қолына алып қағып көреді де: 

—Мына домбыраны кім ұстады, әлде бөтен біреу келді ме?—

дейді. 


Бәйбіше мен қыз оқиғаның шынын айтады. Би дереу шауып-

келдерін жіберіп, ауыл шетіндегі қараша үйде отыр ған Есжан-

ды сүйрелеп алып келеді. Жолшыбай Есжанды қам 

шы 


ның 

асты на алып сабаумен болады. Бірге-бір келгенде есесін жібер-

мей тін Есжан, бұл жолы да шабарманның біреуін қағып жібе-

реді. Бірақ осы арпалыстың кезінде бидің екі сойыл соғары ның 

сілтеген қамшыларының ұшы Есжанның бір көзіне тиіп, со дан 

көрмей қалады. Би де кәріне мініп отыр екен, Есжанды көр-

ген соң бұрынғыдан жаман қатуланады. Есжан өзінің белгілі 

домбырашы екенін, бір жаламен екі жыл түрмеде болып, содан 

күні бітіп шығып келе жатқанын, онда домбыраны, әнді, күйді 

сағынғанын айтып, бидің домбырасын байқаусыз ұстаға нына 

кешірім сұрайды. Би бұрынғысынан босағандай болып: 

—осы айтқандарың бәрі рас болса, маған бірнеше күй тартып 

бер, сонда ғана сенемін,—деп домбырасын Есжанға ұсынады... 

Домбыраны сағынған саусақтар перне бойлап жорғалайды. 

Қаншама қатулы болғанымен, күйді түсінетін би, мына 

домбырашының тартысының ерекше екенін сезеді. Домбы-

рашы жаңа күйге көшкен сайын ол екі көзі Есжанда, құлағы 

күйде болып, басқа дүниені ұмытқандай болады. 

Есжан өнер иесі адам екенін би білген соң, оған өзінің іс-

те ген озбырлығы үшін кешірім сұрайды. Есжанды қонақ етіп 



304

күй аңыздар

сый көрсетеді. оны өз қарауына қалдырғысы келеді. Бірақ би 

қаншама жалынғанмен, күйші байдың ауылында қалғысы 

келмейді. Қанша жібиін дегенімен, мына бір түскен өмірлік 

таңба, оны келісімге келтірмейді, бидің құл домбырашысы бо-

лып жүруді ар көреді. Есжан соқыр көзін бидің қызының бер-

ген жібек орамалымен таңып, қош айтысып, Жайыққа қарай 

жол тартады... 

Есжан сол жүргеннен жүріп отырып Жайыққа жетіп, ар-

дақ ты анасы, сүйікті қарындасымен көріседі. Күйшінің еліне 

оралуы бұл аймаққа тез тарайды. Халық бұрынғысындай жи на-

лып, оның күйін тыңдайды. Алыс сапардан, ауыр жолдан қайт-

қан Есжан енді бұрынғы күйінің үстіне күй қосады. Ай дау, түр-

ме, байдан жеген таяқ, биден көрген қорлық, туған жер, ұш қан 

ұяны сағынған жүрек—бәрі қосылып, домбыра ның көмейі нен 

күй болып төгіледі. Қаумалап отырған әлеуме тіне Есжан: 

—Елге аман-есен оралғаныма қуанамын, сендерді көріп, 

алдарыңа күй тартқаныма мақтанамын, өмірдің талай тас өт-

келін кештім, талай ауыртпалықты да бастан өткіздім, сендер-

ден кеткенде Есжан едім, енді бір көзді бидің ашуы алып, 

«Соқыр Есжан» болдым, оған налымаймын, халқым тұрғанда

он саусақтың өнері тұрғанда Есжан әлі де Сіздермен бірге бо-

лады, болаттай бір күй шығып та қалып еді, соны тыңдаңыз-

дар,—деп домбырасын тарта жөнеледі. Сондағы Есжанның сол 

са парда шығарғаны—«Соқыр Есжан» күйі екен деседі. 




1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал