«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.

бет26/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38

296. «Кіші Қаратөс»

Ел арасында Қаратөс атанған Аймағамбет деген атақты дом-

бырашы болыпты. Қаратөстің жасы Қазанғаптан үлкен екен. 

Қазанғап Қаратөспен кездесіп, күй тартысады. Бірақ бірін-бірі 



282

283


күй және күйшілер туралы аңыздар

жеңе алмайды. Қазанғаптың домбырашылық өнерін көрген 

Қаратөс оған: 

—Мен ауылда домбырашы Қаратөс атанған едім, енді сені 

көріп, ізімді басар іні барына қуанып отырмын. Сен әлі жассың, 

талабың алда. Менен кейін сені көрген адамдар «мынау екінші 

Қаратөс» екен дейтіні анық. Мен саған шын ниеттен батамды 

бердім, өнерің өрлеп, өсе берсін,—деп риза болыпты. 

Қаратөстің өнерін бағалағанына, ағалық тілегіне разы бол-

ған Қазанғап сол жерде бір күй тартып, «атын өзіңіз қойыңыз» 

деп Қаратөске қолқа салыпты. Сонда ол аз ойланып: 

—«Ізіңді басар іні болса, еңбегіңнің жанғаны» деген екен 

бұрынғылар. Бұл күйдің аты «Кіші Қаратөс» болсын,—дейді. 

—Ал, жарайды, бұл тартқаным «Кіші Қаратөс» болса, мына 

күйдің аты «үлкен Қаратөс» болсын,—деп Қазанғап Қаратөске 

арнап күй тартады. Інісінің мұндай құрметіне аса разы болған 

Қаратөс домбырасын жас күйшіге сыйлапты. 

ЕРАЛЫҰЛЫ МӘМЕН /1859-1931/

297. «Ақшолпан» 

(І нұсқа)

Мәмен «Ақшолпан» күйін өткен заманның атадан балаға 

жеткен бір аңыз әңгімесін естігенде шығарып еді дейді. 

Қазақтың бүйіріне шаншудай қадалған қалмақ заманы бол-

са керек. ол кезде әйгілі Төле, Әйтеке билер тірі екен. Күндердің 

бір күнінде ұлы жүз бен Кіші жүздің жапсарындағы ауылдар-

дың арасында кикілжің болып, Кіші жүз жағының жігіті жа-

зым болады. Содан, арада біраз уақыт өтсе де, ұлы жүздің ауы-

лы теңдік бермей, өлген жігіттің арты «бір арысымыздың құны 

сұраусыз қалды-ау» деп, пұшайман болып жүреді екен. 

осы жағдай Кіші жүздің Әйтеке биінің құлағына шалына ды 

да, «қой, ағайын елдің арасында көлеңке болмасын, бітіс ті ріп 

қайтайын» деп жолға шығады. 

«Тура бидің дүбірі күншілік жерден естіледі» деген сөз рас 

болу керек, бір күні ұлы жүздің Төле биіне «Әйтеке би құн дау-

лап келе жатыр» деген хабар жетеді. Биге деген құрмет—елге 

деген құрмет. Төле би ауылы жұртын жаңғыртып, көк майсаға 

арнайы үй тіктіріп, Әйтеке биді құрметпен қарсы алады. 



284

күй аңыздар

Әйтеке би әбден жайғасып, бірер күн тыныққан соң, сөз 

орайы келгенде Төле би: «иә, Әйтеке, жолаушының көргені көп 

болады, көргені көптің айтары көп болады, сөйлеп отыр»,—

дейді. 


Сонда Әйтеке де осы сөзді күткендей: «Е, Төке, иісі қазақтың 

қамын жеген ағасысың, еліңе алтын тонның жағасысың. Көпті 

көргеннің айтарының да көп болатыны рас. Көргенімізді айту 

бізден болсын. Көргеннің бәрін айту шарт емес, түйгенді ғана 

айтқанға не жетсін. Менің түйгенім, ел болудың кепілі—тірімен 

танысып, өліге болысып отыру екен»,—депті. 

Қашанда жөн сөздің жағында болатын Төле би ризалық 

білдіріп: «уа, Әйтеке, біздің басымыз бір жағаның, білегіміз 

бір жеңнің ішінде емес пе?! Қызметіңе дайынбыз, артық-ауыс 

іс болса оған да қайылымыз. Қолыңды қағып, жолыңды шалар 

ешкім жоқ. Қылышың болса, мойын басық, құшағың болса, 

қойын ашық»,—дейді. 

Би ағасының ұлағат сөзіне риза болған Әйтеке де жадырап, 

жылы шыраймен: «Би аға, сөзіңізден садаға, бұйрық сізден бол-

са, жабдық бізден болсын!»—деп сөзін түйіндейді. 

осымен әңгіме бітеді. Әйтеке бидің жанындағылар ештеңе 

түсінбей аңтарылып қалады. Содан бой жазуға сыртқа шық-

қан бір сәтте Әйтеке биден жанындағылардың біреуі: «Келген 

шаруамыздың сөз болмағаны қалай?» деп сұраса керек. 

Сонда Әйтеке би: «Келген шаруамыз сөз болып қана қойған 

жоқ, шешімі де айтылды. Төле би бізге жасаулы қыз беретін 

болады»,—дейді. 

Айтса айтқандай, Әйтеке би осы жолы ұлы жүзге қадірі 

артқан Назар деген кісінің Ақшолпан есімді қызын жасауымен 

алып қайтады. Кейін осы Ақшолпаннан әйгілі өтебас би туып-

ты дейді. 

Міне, ілгері буынның осы сияқты ірі істерін естіген Мәмен 

қатты тебіреніп отырып «Ақшолпан» күйін шығарған екен. 



298. «Ақшолпан» 

(ІІ нұсқа)

Бірде Мәмен күйші жолаушылап келе жатып, Шолпан 

атты қыздың ұзатылу тойына тап болады. Шолпан атына заты 

сай, төңірегіне ақыл көркімен ұнаған аяулы ару болса керек. 



284

285


күй және күйшілер туралы аңыздар

Сонсоң да ел-жұртқа еркін, ерке болып бой жетіп еді дейді. Той 

үстінде, бір жағы сол еркелігі бар, бір жағы қимастық сезімі 

бар, Шолпан қыз төңірегіндегі құрбы-құрдастарына бір ба-

зына айтады: «Қадірлі көз көрген құрбы-құрдастарым, қыз 

дәурені қызғалдақтай келте екен, бауыр басып, бой жеткен 

ел-жұртымды қимай, көңілім алабұртып отыр. Менің осы бір 

көңіл-күйімді күй тілінде сөйлетер кім бар?!»—депті. 

ойын-тойдың өнерпазсыз болмайтыны қашанғы әдеті емес 

пе, сол жерде аққу мойын домбыра қолдан-қолға көшіп, небір 

әсем күй күмбірлей тартылады. Бірақ бұл күйлердің ешқайсысы 

Шолпанның көңілінен шықпайды. Бәрі де бұрын талай тарты-

лып, талай естіліп жүрген күй болса керек. Шолпанның нәзік 

жүрегі жаңа саз, тың сарын тілеп, қазіргі көңіл-күйіне үндесер 

күй іздейді. 

осы кезде домбыраға Мәмен қол созады. отырғандар 

алғашқыда көлденеңді көк аттының үйреншікті қонақкәдесі 

бо лар деп мән бере қоймайды. Бірақ Мәмен домбыраны баптап 

алып, лекіте қағып жөнелгенде үйдің іші сілтідей тынады. Күй 

сұ лу сазына қоса мұңды сырымен жан тербейді. Сол қалпында 

қызуы басылмастан лекілдеп келіп тынады. Шолпан қыздың 

жанарына таңғы шықтай мөлдіреп жас іркіледі. ризашылы ғы-

ның белгісіндей, Шолпан орнынан тұрып, өз қолымен Мәмен-

нің иығына шапан жабады. 

осы жолы тартылған күй ел ішіне «Ақшолпан» деген атпен 

тараған екен. 



ЕРНАЗАРҰЛЫ ДАЙРАБАЙ /1860-1937/

299. «Дайрабай»

(І нұсқа)

Дайрабайдың жамағайыны Көбен деген бай жалғыз ұлына 

Қанжығалы жағынан қыз айттырса керек. Ата салтында құда 

мен құданың бастары сай келіп, сөздері жарасқан соң, болашақ 

күйеу бала жөн-жоралғысымен қыз көруге барады. Сол салтпен 

Көбен байдың баласы да қыз көруге шығады ғой. Бұл өзі, ата 

дәулетімен алшаңдап өскен, өмірдің ыстық-суығын көрмеген 

бос белбеу, боркемік жігіт болса керек. Сонсоң да, Көбен бай 

сырмінез баласының жанына сол кездің өзінде-ақ өнерімен ел-


286

күй аңыздар

жұртқа мойын бұрғызып, сал-серілігімен танылған Дайрабай-

ды қосады. 

Көбен байдың баласы мен Дайрабай Ереймен тауын ен жайла-

ған Қанжығалы еліне келіп түседі. Көруге келген қызы сол елдің 

қадірлі бір байының мәпелеп өсірген жалғызы екен. Есімі Ажар 

болса керек. Ажар десе дегендей, атына заты сай ару еді дейді. 

Мұндайда қыз беруші жақтың да, қыз алушы жақтың да 

бір-біріне сын көзбен қарайтын әдеті. «Қоянның түрін көріп, 

қалжасынан түңіл» дегендей, Көбен байдың баласын алғаш 

көргеннен-ақ Ажардың көңілі толмайды. Бас қосқан отырыс-

тарда әрі-бері сөйлесіп, қылық-қасиеттерін байқаған соң, тіп-

тен түңіле түседі. оның есесіне, күйеу жолдас болып келген 

Дай рабай өзінің түр-тұлғасымен, ақыл-парасатымен Ажар дың 

ықыласын аударады. Әсіресе аста-төк арқалы өнерін көрген де 

Ажардың нәзік жүрегі бұлқына соғып, жастық сезімнің жа-

лынына шарпылады. Дайрабайға қарап жүзі нұрланса, Көбен 

байдың баласына қарап мұңаяды. Іштей тағдырына налып, 

оңашада көз жасына ерік береді. 

Ажар қыздың жан бұлқынысын Дайрабай жазбай таниды. 

Жай танып қана қоймайды, бұл да Ажардың ақыл-көркіне 

сүйсініп, сұлу сезімге бой алдырады. Әсіресе Ажар қыздың жан 

жадыратар әзіл-назы, жүрек елжіретер ерке қылығы, енді бір-

дегі қиялға қанат бітірер сыршыл сұхбаты Дайрабайды ай рық-

ша арқаландырып, шабыт тұғырына қондырғандай болады. 

Міне, осындай бір шақта Дайрабай өзінің сезім күйі мен 

Ажар қыздың қылық-қасиетін домбыраға салып еді дейді. Бұл 

күйі ел ішінде «Дайрабай» деген атпен тарайды. 

300. «Дайрабай»

(ІІ нұсқа)

Дайрабай мен Көбен деген жамағайын байдың арасы жақсы 

болмапты дейді. Мұндай қырбайлыққа себепші Көбеннің шол-

жың болып өскен жалғыз баласы болса керек. Көбен бай өзімен 

иықтас Қанжығалы байының Ажар дейтін қызын баласына 

алып берген. Қыз аларда болатын жөн-жоралғыда Дайрабай 

күйеу жолдас болып барады. Көбен байдың бос белбеу, болбыр 

ұлындай емес, еті тірі Дайрабайдың Ажар қызбен әзіл-қалжыңы 

жарасса керек. оның үстіне Ажар өнерге іңкәр, сезімтал қыз 


286

287


күй және күйшілер туралы аңыздар

екен. Дайрабайдың әсем сазды күйлеріне ынтығып, жанынан 

шықпай қояды. Кейін, келін болып түскен соң да, Дайрабайды 

аузынан тастамай, орайы келсе, арнайы шақыртып, өнерін та-

машалап жүреді. 

осының бәріне Көбен байдың баласы іштей қызғаныш жа-

сап жүреді екен, бір күні Дайрабайдың көзінше Ажарды таяққа 

жығады. Мұндайға шыдайтын Дайрабай ма, әрі-бері ара түсіп, 

басу айтқан екен, болмаған соң мытып-мытып жібереді ғой. 

Бұған қорланған бай баласы байбалам салып, «өз үйімде сабап 

кетті» деп даурығып, онымен қоймай, «Ажар мен Дайрабай 

ашына екен» дегендей қауесет таратады. 

Көбен бай баласының жайын біледі. Бірақ өз қолын өзі 

кессін бе, ашу үстінде заң орындарына жүгініп, іс жүргізіп, 

қаттатып-шоттатып дегендей, ұлықтарға малын шашып, Дай-

рабайды Ақмоланың түрмесіне түсіреді. Мұнымен де тын-

байды, Дайрабайдың өзі баптап, құлын кезінен бауыр басқан 

жүйрік көк аты болады екен, Көбен бай оны да иемденеді. 

Дайрабайдың інісі Шақабай ағасының көк атына таласып, 

қарсылық көрсеткен екен, Көбен бай кеудемен қағып, жеңістік 

бермейді. «Айыбын жуып, түрмеден шыққан соң, өз қолымнан 

алады» дейді. 

Сөйтіп жүргенде Нұра бойында үш жүздің басы қосылған 

бір әйдіңгер ас болып, Дайрабайдың көк аты бірінші келеді. 

Бірақ Дайрабайдың есімі ауызға алынбайды. Жұрт «Бәйгеден 

Көбеннің көк аты келді» деп біледі. Шақабай «жарайды, атағы 

ауылға ортақ қой» деп, дау шығармайды. Мұның қадірін бі-

летін Көбен бай бар ма, көк аттың бәйгесіне алған қыруар сый-

сияпаттан Шақабайға сабақты жіп бұйырмайды. 

Міне, осы оқиғаның бәрі жіп-шырғасы шықпастан түрме де-

гі Дайрабайға жетіп жатады. Дайрабай болса ызаға булығып, 

шыдай алмай, ақыры есебін тауып түрмеден қашып шығады. 

Сол бетінде бой тасалап інісі Шақабайдың үйіне жетеді. Сонсоң, 

ес жиып, өзіне-өзі келіп алған соң, Көбен байдың иелігіне 

айналған көк атын түнделетіп ұрланып барып мінеді де, Тоқы-

рауын бойын да Тобықты Құбылтай деген үлкен нағашысы /Дай-

рабайдың әкесінің нағашы жұрты/ болады екен, солай қарай 

тартып отырады ғой. Жолай қалың Қаракесекке қоныс болған 

Қызылтаудың сай-саласын қуалап жүріп отырып, бір бұлақты 

алқапқа келгенде тізгін тартады. Сол жерде Қызылтаудың 



288

күй аңыздар

қалың қыртыс сай-саласында жол баққан ұрыларға тап болып, 

Дайрабай аяулы көк атынан айырылады. Содан шыбын жанын 

олжа көріп, жүдеп-жадап, нағашысы Құбылтайдың ауылына 

жетеді. 


Нағашы жұрттың көңілінде көлеңке бола ма, бейнет шегіп, 

қорлық көріп жеткен Дайрабайды алақандарына салып қарсы 

алады. Есін жиып, өзіне-өзі келген Дайрабай кешікпей-ақ 

өнерімен төңірегіне жағып, Тоқырауын бойындағы елдің қадір-

лі қонағына айналады. оның үстіне бұл өңірдегі Қыздарбек, 

итаяқ бастаған дәулескер күйшілермен танысып, небір шер 

тарқатар сұлу сұхбаттар құрады. Қанатты өнерлерін ортаға са-

лып, күйқұмар қауымның құлақ құрышын қандырады. 

осындай бір, шабытқа тұғыр болған бас қосуда Дайрабай 

өзінің арттағы өмірін есіне алып, іштей шамырқана толғанып 

бір күй тартады. Бұрын естімеген, әсем сазды тың сарынға 

елең еткен тыңдаушы жұрт «Бұл не күй?» дегенде, Дайрабай: 

«Бұл менің басымдағы гәп қой, күйдің атын «Дайрабай» десе де 

болар»,—депті. 

Тоқырауынның құйма құлақ домбырашылары сол жерде 

«Дайрабай» күйін қағып алып, қолдан-қолға тарата тартып 

кетіп еді дейді. 

Дайрабай осы жолы Тобықты ішіндегі Кәмшат деген 

қобызшы қызбен көңіл жарастырып, бас құрайды. Содан ауы-

лы іргелес жатқан Көбен байдан сескеніп, бой тасалау үшін оң-

түстікке қарай кеткен. Дайрабайдың қалған өмірінің Қаратау 

өңірінде, Шу алабы мен Сыр бойына өтуінің себебі осы еді дейді 

көне көз қарттар. 

301. «Дайрабай»

(ІІІ нұсқа)

Көбен байдың қиянат-зорлығымен түрмеге түскен Дайра бай 

бір күні орайын тауып, қашып шығады ғой. Сол бетінде, бой 

тасалау үшін Қорғалжын көлінің қалың қамысын паналайды. 

Ну қамысқа бойлай еніп, аралап келе жатып, бір қасқалдақтың 

ұясына тап болады. ұяға үңіліп қараса, екі-үш сары үрпек ба-

лапан аузын ашады дейді. Дайрабай осынау қорғансыз тірші-

лік иесін ес көріп, сол жердің құрағына тізе бүгеді. Суылдаған 

қамыс, шырылдаған балапан үні, шет-шегі жоқ кең дүние, 


288

289


күй және күйшілер туралы аңыздар

алды-артының ұшығы жеткізбес уақыт... Балапандар үстін 

көлеңке шалса болды, шырылдап аузын ашады. Анасынан жем 

күтеді... Ал көкте жалпылдап жапалақ ұшады, жалтылдап 

тұрымтай қалықтайды. Қарайғанның бәрінен қайырым күт кен 

балапандардың кез келген сәтте жапалақ пен тұрымтайға жем 

болуы оңай... 

Сонда бұл балапандар осынау жарық жалған, кең дүниеге 

не үшін келді?! Не көрді?! Не тындырды?! Дайрабай өз өмірін 

ұядағы сары үрпек балапандармен салғастырады. Панасыз 

бейбақ балапандарға мұңдасындай елжіреп қарап, жан дүниесі 

құлази толғанады... 

Кейін осы көрініс, осы бір сезім Дайрабайдың есіне қайта-

қайта оралып, ақыры күй тіліне түсіп еді дейді. 



302. «Дайрабай»

(ІV нұсқа)

Дайрабай—әңгімеге шебер, әзілге ұста, ашық-жарқын адам 

болыпты. өзі әнші, күйші, сері атанған, жалғыз атты кедей 

екен. Бір күні Дайрабайды Алтайдағы Тобықты Құбылтай де-

ген нағашысы шақырады. Бірақ ел арасына өзінің өнерімен аты 

шыққан Дайрабай, қолы тимей, бұл шақыруға бара алмайды. 

Сөйтіп жүргенде елде үлкен той болып, сол жердегі Көбен де-

ген бай ағайыншылап, Дайрабайдың жалғыз Көкбесті атын 

өзімсініп, бәйгіге қосады. Ал Дайрабайды күреске шығарады. 

Досбай, Көлбай еліндегі тойдың осы ат шыбыс жарысын-

да Дайрабайдың көкбестісі бірінші болып келеді. Дайрабай 

белдескенін жығады. Бірақ бұл бәйгінің бәрін Көбен бай өзі 

алып, Дайрабайға ештеңе бермейді. Той бітіп, ауылға келген 

соң, Көбен Дайрабайдың көкбестісін тартып алып, өзін елден 

қууға әмір етеді. 

Көбен Көкбестіні кісендеп, қасына төрт кісі қарауыл қояды. 

Дайрабай—өз атын қалай да қайтарып алу үшін күнде кісенде 

тұрған атты аңдумен болады. Ақыры сәті түсіп, бір күні Дай-

рабай ат күзеткен қарауылдардың үшеуін ұрып жығып, атқа 

ұмтылғанда басқа адамдар келіп қалып, ол өз басы зорға қашып 

құтылады. Мұнан кейін Дайрабайдың соңына қуғыншылар 

түсіп, жан-жақтан іздейді. олар қанша іздегенімен, халық 

өздері сүйген өнер иесін ұстап бермейді, қайта жасыра түседі. 

19-136


290

күй аңыздар

Аттан айырылып қаламын ба деп қорыққан Көбен бай енді 

көкбестіні қараңғы түнекке құлыптап ұстайды. Сол ауылдағы 

Дайрабайдың тілеулестері Көбен байдың атты жасырған же-

рін Дайрабайға хабарлап, оған көмектесуге әзір екендіктерін 

білдіреді. Бір күні Дайрабай жігіттердің жәрдемімен үйдің 

төбесінен түсіп, аттың аяғындағы кісенді сындырып, үйдің 

қабырғасын бұзып, көкбестіні алып қашып кетеді. 

Дайрабай сол кеткеннен Алтайға асып, баяғы өзін шақырып 

жүрген Құбылтай нағашысына бет алады. Жолшыбай бір ауыл-

да болып жатқан тойдың үстінен шығып, осы тойда Кәмшат 

деген қобызшы қызбен танысады. ол қыз да Тобықтыға жиен 

екен. 


Тойда Кәмшат қобызбен, Дайрабай домбырамен өз мұңда-

рын шертеді. Бұлардың тартысын халық қызыға тыңдайды. Бі-

рақ не айтып, қандай сыр шертіп отырғандарын жете түсін  бей-

ді. Сол күні Дайрабай—өзінің жалғыз екендігін, кедейлік  тің 

салдарынан байлардың қысымына шыдамай осы жаққа кетіп 

қалғанын баяндаса, Кәмшат—өз әкесінің жоқтығын, жетім-

дік өмірін айтады. осылайша, екеуі музыка тілімен бір-бірін 

ұғысып отырғанда, бозарып таң да атады. Ертемен Кәмшат тың 

өгей әкесі сауда істеуге базарға кетеді. 

Сол күні Дайрабай Кәмшатты алып нағашысының ауы лына 

қарай қашады. Бұлардың артынан қуғыншылар шығады. Ал-

тай жеріне жете бергенде Дайрабай мен Кәмшатты қарақшылар 

ұстап алады. ұрылар бәрі жабылып Дайрабайды ұрып-соғып, 

үлкен қара тасқа матап байлап, Кәмшатты алып кетеді. 

Дайрабай сол жерде екі күндей байлаулы жатып, әрең деген-

де ретін тауып босанып, жаяулап нағашысының үйіне жете ді. 

Нағашысы жиенін көріп қуанып, елін жинап той жасайды. осы 

жиында Дайрабай бастан кешкен оқиғасын түгел баяндай оты-

рып, домбырамен бір күйді екпіндете тарта беріпті. Күйді бері ле 

тыңдаған Алтай елінің адамдарының ішінен бір қарт: 

—Шырағым-ай! Адамның жан-дүниесін қозғаған мына тарт-

қан сазыңның аты не еді?—дегенде, Дайрабай: 

—өздеріңіз де сезіп отырсыздар ғой Дайрабайдың жайын, 

бұл күйді «Дайрабай» десеңдер де болады,—депті. 

Сөйтіп «Дайрабай» күйі дүниеге осылай келген екен деседі. 


290

291


күй және күйшілер туралы аңыздар

303. «Дайрабай»

(V нұсқа)

...Дайрабай Алтай руынан Сармантай елінен екені рас, ол аса 

мықты балуан жігіт болған. Әрі әнші, әрі домбырашы, бірақ өте 

кедей болған. оның жамағайыны Көбен деген бай кісі болады. 

ол әрі мақтаншақ, атқұмар сараң да болады. Дайрабайдың жал-

ғыз биесінен туған Қара көк бестісі аса жүйрік болады. оны Кө-

бен толық құнын бермей алып бәйгеге қосады. Көк бесті алдына 

жылқы салмаған жүйрік болып, бүкіл Арқа елін адақтағандай, 

үздік аты шыққан жүйрік болады. Арқада бір үлкен ас болып, 

көк ат бәйге алады. Сол жолы Дайрабай бас балуанға түсіп жыға-

ды. Бар бәйгені Көбен жиып алады. Дайрабайға түк бермейді де, 

Дайрабай алыс бір елде нағашысы бар екен, соған барамын деп 

Көбеннен ат сұрайды. Көбен бермейді, соған өкпелеп Дайрабай 

бір күні көк атты ұрлап алып шөлге қашады. 

Алтай ішінен шығып Қаракесек ішінде Карсон, Керней 

ауыл дарына келеді. Сонда бірнеше күн жатып, аса бір жақсы 

күй тартады. Бұл күй ер жігіт елімен, туысы өскен жерімен 

қоштасуындай өте мұңды да, өршеленген ерлікте түйдектеліп 

айтылып жатқандай болады. 

ӨСКЕНБАЙ ҚАЛМАМБЕТҰЛЫ /1860-1925/

304. «Жаңылтпаш» 

өскенбайдың өскен ортасы қашаннан түркімен ағайындар-

мен жапсар жатқан соң да, дос көңілді аралас-құраластық 

үзілмеген. Әсіресе, ер азаматтар арасында біліштік-тамыр лас -

тық қарым-қатынас орнығып, оның өзі алыс-берісі, әзіл-қал-

жыңы жарасқан дәстүрге айналған. 

Ер жігіт елдің елдік дәстүрінен шет бола ма, өскенбай 

күй 


шінің де түркімендер ішінде Құлыбай, Сапар-Мәмбет, 

өдеулі сияқты күйші достары, Сейіт-Мұрат, Қош-Мұрат деген 

ағайынды біліш-тамыры бар екен. бірде жанына ерткен бір топ 

жолдастары бар өскенбай аң аулап жүріп, жолы болып, екі 

құлан атып алады. Құлан атқан жері біліш-тамырлары қоныс 

еткен ұлықұдық, Сауқұдық деген жерлерден алыс болмаса ке-

рек. өскенбай «неде болса тамырларымды бір қуантайын» деп 

қос құланды жетегіндегі атына теңдеп, Сейіт-Мұрат пен Қош-

Мұраттың ауылына ат басын бұрады. 


292

күй аңыздар

Сол бетінде ауылға келсе, үй сыртында сіресіп бірнеше ат 

кермеде тұр. үй ішінен гу-гу дауыс естіледі дейді. өскенбай ды-

быс берген екен, ішінен Қош-Мұрат тамыры жүгіріп шығып, 

шұрқыраса амандасады. Сылқ еткізіп құланды түсіріп мәз бо-

лып қалады. 

—Ау, неғып дуылдасып жатырсыңдар? Мына аттыларың 

кімдер?—деп өскенбай жөн сұрайды.

—Пай-пай несін сұрайсың! өзіңнің жездең Мәмбет-Пана бо-

лыс, Нәубет старшын, үдімбет-Салық бастаған игі жақсылар 

бүкіл Хиуаны ауызына қаратқан Құлыбай бақшының өнерін 

тамашалап, ду-ду болып жатыр!—дейді Қош Мұрат тамыры. 

өскенбай сыртынан даңқын білетін Құлыбай-бақшының 

атын естігенде «апыр-ай, қалай болар екен!»—деп сәл бөгеледі 

де, тамырынан:

—Құлыбайды сырттай естігенім болмаса, көрмеп едім, дом-

быра тартысы қалай екен?—деп сұрайды. 

—ойбой, несін айтасың! оның жанында сен домбыра ұстау-

ға ұяласың!—деп Қош-Мұрат тамыры өскенбайдың намысына 

шоқ тастап жібереді. 

Айтқандай үйге кірсе, Мәмбет-Пана бастаған жақсы-жай-

саңдар төрге жайғасқан. орталарында Құлыбай-бақшы ұзын 

мойын домбырасының пернелерін құлаштай қуалап, күй төгіп 

отыр дейді. 

—Ә, балдыз екен ғой, кел төрлет!—деп Мәмбет-Пана басын кө-

теріп отырады,—Кел балдыз, сенің де бірдеңе тыңқыл дата ты ның 

бар еді ғой, мына Құлыбай-бақшыдан өнеге үйрене тін болдың!

Мәмбет-Пананың жездесініп айтқан әзіл сөздері өскен-

байдың жаңағы сырттағы сезімін одан сайын қоздырып, намыс 

буа түскендей болады. Бірақ сабыр сақтаған қалпы төрге озып 

жайғасқан соң:

—Біздің қазақ «жақсы күй—жан азығы», «жақсыны көр-

мек үшін» дейді. Құлыбай-бақшының даңқын сыртынан есту-

ші едім, енді, міне, көз көргенге қуаныштамын!—деп сұлу, сы-

пайы тіл қатады. 

Бірақ жездесініп отырған Мәмбет-Пана иықтап қоймайды:

—Ау, балдыз, сен өйтіп сынықсыма, бұл жерде саған бұйы-

ратындай қыз жоқ, онан да Құлыбай-бақшының мысы басып, 

жауыр аттай маймаңдап отырмын десейші!—деп қусыра түседі. 

Сонда өскенбай, мұнан ары шыдай алмай:


292

293


күй және күйшілер туралы аңыздар

—Апыр-ай, жездеке-ай, болмадыңыз ғой! Тәуекел, қазақ 

пен түркіменге бірде жеңіп, бірде жеңіліп, бірде жығып, 

бірде жығылып жүрген қашаннан жарасушы еді. Азар болса, 

Құлыбай-бақшы Хиуаны ауызына қаратқан шығар. Ал Кіші 

жүздің үш тақтасын ауызына қаратқан алты науайының бірі 

мен боламын! Бері бер дутарыңды!—дегенде өскенбайдың жо-

ны шымырлап, арқасы қозып, өңі алабұртып кетсе керек. Құ-

лы бай-бақшы дутарын ұстата берген екен. Сол жерде дутардың 

үнін де құбылтып, өзінің қимылын да құбылтып, бұрын-соңды 

қазақ, түркімен естімеген ойнақы сазды құйқылжыта тартып 

шығады да, дутарды Құлыбай-бақшыға тастай салады. өскен-

бай да іркілмейді, тура алғашқы өз күйінің сыңарындай, қитұр-

қы қағысы мол екінші күйін бұлаңдата қағып шығады. осы 

кезде Мәмбет-Пана:

—Ал, ағайын менен бір сауға болсын! Бұл жолы біреудің 

жеңуін көруді мұрат тұтпай-ақ қоялық. Екеуі де шалғыш екен, 

төрелік тең болсын!—деп күй айтысын тоқтатқан екен.

өскенбайдың осы жолы тартқан екі күйі де ел ішіне «Жа-

ңылтпаш» деген атпен тараған.




1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал